Халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференция
«Тау-кен металлургия кешендерінің
инновациялық дамуы»
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті илемдеу
өндірісінің теориясы мен тәжірибесіне үлкен үлес қосқан, Жоғары мектептің
Халықаралық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы,
профессор Давильбеков Нариман Халбековичтің туылғанына 80-жыл толуына орай «Тау-
кен металлургия кешенінің инновациялық дамуы» тақырыбына Халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты тау-кен металлургия саласының қазіргі жай-күйіне және
даму болашағына талдау жасау,
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге
қабілеттілік»
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын
жүзеге асыру.
Өткізу мерзімі: 18-19 мамыр 2017 ж.
Өткізу орны: Қазақстан, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Қ.И. Сәтбаев
атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.
Конференция жұмысының бағыттары:
Тау-кен металлургия саласын дамытудағы инновациялық технологиялар;
Илемдеу өндірісінің проблемалары және оларды шешу жолдары;
Тау-кен және металлургия машиналары мен жабдықтары;
Мұнайды барлау, өндіру және тасымалдау технологиялары мен техникалары;
Наноғылымдар және нанотехнологиялардың дамуы;
Материалтану және металл өңдеу;
Экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік;
Математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар;
Тау-кен металлургия және мұнай-газ секторларының әлеуметтік-экономикалық
проблемалары және мамандар даярлау мәселелері.
Негізгі даталар:
03 мамыр – тапсырыстар мен материалдар қабылдаудың моңғы күні
17 мамыр - қатысушылардың келуі және оларды орналастыру күні
18 мамыр - қатысушыларды тіркеу, форумның ашылу және бірінші жұмыс күні
19 мамыр - конференция жұмысы; жабылуы.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақша, орысша, ағылшынша.
Материалдардың жариялануы
Талап бойынша рәсімделген баяндамалардың мәтіндерін мына электрондық мекен-
жайға: konferenctmio@gmail.com «Тау-кен металлургия кешенінің инновациялық дамуы»
атты конференцияны ұйымдастыру комитетіне» белгісімен жіберулеріңізге болады.
Ұйымдастыру комитеті баяндаманы тоқтатуды өз міндетінде қалдырады, ол туралы
қатысушыға қосымша хабарланады.
Қатысушыларды тіркеу
Конференцияға тіркелу төлемі «Тау-кен металлургия кешенінің инновациялық
дамуы» конференциясына қатысу үшін тіркеу ақысы» және қатысушының аты-жөні
көрсетіліп, ҚазҰТPУ-дsң есеп шотына аударылады. Төлем тапсырмасының көшірмесін
Ұйымдастыру комитетіне жіберу керек.
Қатысушылар тамақтануға, тұратын жері мен жолақыларын өз қаражаттарынан
төлейді. Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың қалауымен, тапсырыстары бойынша
қонақ үйден орын алып қоя алады.
Конференцияның қатысушыларына еңбектер жинағын және конференцияның
бағдарламасын алу үшін тіркеу ақысы - 3000 тенге. Магистранттар мен докторнаттар
тіркелу төлемінен босатылады.
Тіркеу ақысын аударуға арналған банк реквизиттері:
«Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ ЖОО: Алматы қаласы, 050013, Сәтбаев
көшесі, 22
е/ш: KZ628560000006968618, КБЕ: 16, Банк: АГФ АО Банк Центр Кредит, БИК:
KCJBKZKX, БИН: 150140008602
Баяндама материалдарын рәсімдеу
Конференцияға ұсынылған баяндама мәтінінің көлемі толық 3-5 беттен тұрады.
Мәтін WinWord, «Times New Roman» қарпі, 12 кеглмен жазылады. Жоларалық
арақашықтық – бір жол. Азат жол – 0,75. Парақтың барлық жиектері (поля) – 2,0 см.
1 немесе 1-2 жолда баяндама атауы бас әріппен, қою қаріппен (2 жолдан аспайтын!)
басылады, келесі жолда – авторлардың тегі мен қысқаша аты-жөні көлбеу қаріппен
(баяндамашының тегі айрықша көрсетілуі тиіс), келесі жолда – толық ұйым атауы, қала,
ел және электрондық мекен-жайы (көлбеу қаріппен), бір жол қалдырылып, баяндама
мәтіні жазылады. Соңында әдебиетке сілтеме жасалады, сілтеме нөмірі шаршы жақшаға
жазылады. Сілтеме саны мүмкіндігінше аз болуы тиіс (3-4-тен аспауы керек).
Формулалары Microsoft Equation формуласы редакторында орындалып, суреттері
300 dpi рұқсатымен * .jpeg форматта сканерленуі тиіс. Мәтінде сурет немесе кестеге
сілтеме болуы тиіс. Сурет пен кесте - ортада; кестені нөмірлеу - оң жағында, атауы
ортасында, атауы мен сурет астындағы жазу суреттен төменірек орналасуы тиіс.
Әдебиеттер тізімі (үлгі): 1. Петров И.В. Роторлық машиналарды зерттеу. К.: КПИ,
1997. – 123с. 2. Иванов А.Н. Автоматтарды жобалау. – М.: Машиностроение, 1998. – 256.
Файл атауы – бірінші автордың тегі.
Материал мәтіні түпнұсқа болып табылады және редакцияланбайды.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі,22, Тау-кен металлургия ғимараты,
«Технологиялық машиналар және жабдықтар».
Байланыс телефондары:
«Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының меңгерушісі
Елемесов Касым Коптлеуевич
Конт. тел: 8(727) 257 70 67, 8(727) 257 70 69
Электрондық мекен-жай: konferenctmio@gmail.com