Ғылыми жетекші және магистранттың зерттеу тақырыбы ғылыми
кеңес шешімінің негізінде ЖОО
ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дәрежесінің болуы және ғылымның осы саласында
(магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді түрде шұғылдануы тиіс. Қажет
болған жағдайда ұқсас ғылым саласы бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады.
89. ЖОО магистранттың зерттеу нәтижелерін жариялауға көмек көрсетеді.
4. Білім алушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
90. Оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының 2-деңгейі (магистратура) негізінде
анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде
де, модульдің, жеке пәннің деңгейінде де сипатталады.
Екінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) жоғары бiлiм деңгейінде меңгерген, ғылыми зерттеулер контексiнде идеяларды қолдану
немесе өзіндік дамыту үшiн негiз немесе мүмкiндiк болып табылатын, дамытылып отыратын бiлiмі мен
түсiнігін көрсете білу;
2) зерттеп отырған саламен байланысты контекстер мен одан да кеңірек (немесе пәнаралық)
салаларда жаңа немесе белгісіз жағдайлардағы проблемаларды шешуде бiлiмін, түсінігін және
қабілетін қолдана алу;
3) бiлiмдi интеграциялау, қиындықтарды жеңе білу және толық емес немесе шектеулі ақпарат
негізінде тұжырымдамалар жасау, осы тұжырымдамалар мен білімін этикалық және әлеуметтік
жауапкершілікті ескере отырып қолдана білу;
4) өз қорытындыларын және бiлiмін, олардың негіздемесiн мамандарға және маман еместерге
айқын және ашық хабарлау;
5) білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.
91. Бейіндік магистратураны бiтiрушiлердің негізгі құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:
1) мынадай:
ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;
жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының әдіснамалық және
философиялық өзекті проблемалары туралы;
жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы;
әлемдік бизнес серіктестiктің экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық
ортасының қазiргi жай-күйі туралы;
кәсiпорынды стратегиялық басқаруды ұйымдастыру, инновациялық менеджмент, көшбасшылық
теориялары туралы;
кәсiпорынның жұмыс істеуінің негiзгi қаржылық-шаруашылық проблемалары туралы түсінігі
болуы тиіс.
2) мыналарды:
ғылыми танымның әдiснамасын;
экономика құрылымын өзгертетін негiзгi қозғаушы күштерді;
инвестициялық ынтымақтастықтың ерекшелiктері мен ережелерiн;
ғылыми зерттеулер мен практикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкiндiк беретін кемінде бір
шет тiлiн кәсiптік деңгейде білуі қажет;
3) мыналарды:
кәсiптік қызметте танымның ғылыми әдiстерiн қолдана білуі;
процестер мен құбылыстарды зерттеудiң қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориясы мен
әдістерін сын-көзбен талдай білуі;
әртүрлi пәндер бойынша меңгерген бiлiмді интеграциялауы, оларды жаңа белгісіз жағдайларда
аналитикалық және басқарушылық мәселелерді шешуде қолдана білуі;
кәсiпорынның шаруашылық жұмысына микроэкономикалық талдау жүргiзе алуы және оның
нәтижелерiн кәсiпорынды басқаруда қолдана білуі;
маркетинг пен менеджменттi ұйымдастырудың жаңа әдістерін практикада қолдана алуы;
кәсiпорынның (фирманың) шаруашылық жұмысын ұйымдастыру мен басқарудағы қиын және қалыптан
тыс жағдайларда шешiм қабылдай білуі;
экономикалық қатынастарды реттеудегi Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын
практикада қолдана білуі;
жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы және шығармашылықпен қарауы;
ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысты қазiргi ақпараттық
технологияларды қолданып жүргізуі;
диссертация, мақала, есеп, аналитикалық жазбалар және т.б. түрінде эксперименталды-зерттеу
және аналитикалық жұмыс нәтижелерін жалпылай білуі тиіс.
4) мынадай:
қалыпты ғылыми және кәсiптік міндеттерді шешу;
ұйымдар мен кәсiпорындардың экономикалық қызметiн ұйымдастыруда және басқаруда ғылыми
талдау және практикалық мәселелерді шешу;
менеджмент және маркетинг саласында проблемаларды зерттеу және алынған нәтижелерді
кәсiпорынды басқару әдiстерiн жетiлдiру үшiн қолдану;
кәсiптік қарым-қатынас және мәдениетаралық байланыс;
шешендік өнер, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық ресiмдеу;
күнделiктi кәсiптік қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін қажет бiлiмін
кеңейту және тереңдету;
кәсiптік қызмет саласында ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану
дағдысының болуы тиіс.
5) мынадай:
мамандық бойынша зерттеу әдіснамасы саласында;
қазiргi әлемдiк экономика проблемалары және әлемдік шаруашылық процестердегі ұлттық
экономикалардың қатысуы саласында;
кәсiпорын қызметiн ұйымдастыру мен басқаруда;
әртүрлi ұйымдармен, оның ішінде мемлекеттiк қызмет органдарымен өндiрiстiк байланыстарды
жүзеге асыруда;
бiлiмнің үнемі жаңаруын қамтамасыз ету, кәсiптік дағдыны және біліктілікті тереңдету
тәсілдерінде құзыретті болуы қажет.
92. Ғылыми және педагогикалық магистратура бiтiрушiлерінің негізгі құзыреттіліктеріне
қойылатын талаптар:
1) мынадай:
қоғамдық өмiрдегi ғылым және бiлiмнiң рөлі туралы;
ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы;
жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының әдіснамалық және
философиялық өзекті проблемалары туралы;
жоғары мектеп оқытушысының кәсiби құзыреттілігі туралы;
жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы
түсінігі болуы керек;
2) мыналарды:
ғылыми танымның әдiснамасын;
ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен құрылымын;
оқыту процесінде студенттердің танымдық қызметінің психологиясын;
білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарын
білуі тиіс;
3) мыналарды:
алған білімін ғылыми зерттеулер контекстiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн
қолдана білуі;
процестер мен құбылыстарды зерттеудiң қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориясы мен
әдістерін сын-көзбен талдай алуы;
әртүрлі пәндер аясында алған білімін жаңа таныс емес жағдайларда зерттеу мәселелерін
шешуде интеграциялауы;
бiлiмді интеграциялау жолымен, толық емес немесе шектеулі ақпараттар негiзiнде тұжырымдама
жасап, шешiм қабылдай алуы;