Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 1-бөлім. Магистратура



жүктеу 175,04 Kb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата19.11.2018
өлшемі175,04 Kb.
#20565
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің       

2012 жылғы 23 тамыздағы

№ 1080 қаулысымен    

бекітілген      

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1-бөлім. Магистратура

1 Жалпы ережелер

1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

(бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының

негізінде әзірленді және магистратураның білім беру бағдарламаларының мазмұнына,

магистранттардың білім траекториясына, білім беру құрылымы мен мазмұнына, магистранттардың

дайындық деңгейін және академиялық дәрежені бағалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

      Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) магистратура – тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып:

      ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша кемінде 2 жыл нормативті оқу мерзімімен теориялық

оқытудың кемінде 42 кредитін, кәсіптік практиканының кемінде 6 кредитін және ғылыми-зерттеу

жұмысының кемінде 7 кредитін міндетті түрде меңгерту;

      бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен теориялық оқытудың кемінде




18 кредитін, кәсіптік практиканың кемінде 2 кредитін және эксперименттік-зерттеу жұмысының

кемінде 4 кредитін міндетті түрде меңгерту арқылы ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушы

кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу

бағдарламасы;

      2) магистрант – магистратурада білім алушы тұлға;

      3) магистрлік диссертация – тиiстi ғылым саласының нақты мамандығының өзекті

проблемаларының бірін магистранттың өз бетінше ғылыми зерттеуінің нәтижелерін жинақтау болып

табылатын бітіру жұмысы.

      2. Магистратура бағдарламаларын ведомостволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан

магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін

лицензиясы бар жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары магистрлер даярлауды:

      1) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының

жіктеуішіне;

      2) осы стандартқа және магистратура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;

      3) оқу жұмыс жоспарларына;

      4) академиялық күнтізбеге;

      5) магистранттардың жеке оқу жоспарларына;

      6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына;

      7) магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

      4. Ғылыми, педагог және басқарушы кадрларды магистратурада даярлау екі бағытта:

      1) 2 жылдық оқу мерзімімен ғылыми және педагогикалық;

      2) кемінде бір жыл оқу мерзімімен бейіндік бағыттарда жүзеге асырылады.

      Жоғары оқу орны магистратурада оқу мерзімін алдыңғы дайындық деңгейінің білім беру

бағдарламасының бейініне сәйкес келуіне және пререквизиттердің болуына байланысты өзгерте алады.

      5. Бейіндік магистратура экономика, медицина, құқық, білім, өнер, қызмет көрсету және

бизнес салалары үшін кәсіптік даярлығы терең басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу

орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.

      Бизнес ортасы үшін мамандар даярлау мақсатында жоғары оқу орны MBA бағдарламасын іске

асыра алады. MBA кәсіптік білім беру бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлау мазмұны мен

деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      6. Ғылыми және педагогикалық магистратура жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

жүйесі және ғылым саласы үшін ғылыми-педагогикалық даярлығы терең ғылыми және педагогикалық

мамандарды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын

іске асырады.

      7. Магистратурада білім алу тек күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылады.

      8. Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертациясын

көпшілік алдында қорғаған тұлғаға «магистр» академиялық дәрежесі беріледі.

      9. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді көздейді:

      1) магистранттардың даярлық деңгейiне және жоғары оқу орындарының бiлiм беру қызметiне

міндетті талаптар қою есебінен бiлiм сапасына кепiлділікті қамтамасыз ету;

      2) білім беру қызметі субъектілерінің құқықтарын реттеу;

      3) магистранттардың даярлығын және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудың

объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;

      4) магистранттардың академиялық оралымдылығы үшін жағдай жасау;

      5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      6) «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау туралы Қазақстан Республикасы құжаттарының

халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.

      10. Магистратура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарлары осы стандарттың ережелеріне сәйкес

келуі және білім беру бағдарламаларының құрылымына, көлемі мен мазмұнына, нормативті оқу

мерзімдеріне және магистранттарды даярлау деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын айқындауы

тиіс.


      11. Жоғары оқу орнының магистратура мамандықтарының тізбесі Қазақстан Республикасының

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының бекітілген жіктеуішіне сәйкес болуы




тиіс.

      12. Магистратура мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары 

Ұлттық біліктілік шегіне



 сәйкес, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шегімен

кәсіптік стандарттарға

келісілген білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.

      Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижесіне бағдарлануы тиіс.

      13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әрбір деңгейінің білім беру

бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттердің алған білімінің деңгейі мен көлемін, біліктілігі,

дағдысы мен құзыреттерін сипаттайтын Дублин дескрипторлары оқу нәтижелеріне, қалыптасқан

құзыреттерге, сондай-ақ ЕСТS кредит (сынақ) бірліктерінің жалпы санына негізделеді.



2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

      14. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім мазмұнын анықтайтын оқу және

ғылыми жұмыстардың түрлерінен тұрады және олардың ара қатынасын, өлшемін және есебін көрсетеді.

      15. Магистратураның білім беру бағдарламасында:

      1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруді қамтитын теориялық оқыту;

      2) магистранттардың практикалық даярлығы: практика, кәсіптік тағылымдама түрлері;

      3) ғылыми және педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуын

қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы;

      4) бейіндік магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын

эксперименталды-зерттеу жұмысы;

      5) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.

      16. Білім беру бағдарламалары мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің

негізінде жүзеге асырылады. Мамандық пен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерінің нысаны, құрылымы

және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы өзі анықтайды.

      17. Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген материалдың көлемі

бойынша жүзеге асады және оқудың нақты нәтижесіне жетуге қажетті магистранттар мен оқытушылардың

еңбек шығындарының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.

      Бұл ретте алдыңғы білім деңгейлерінде игерілген кредиттерді ескеретін жинақтаушы кредиттік

жүйе қолданылады.

      18. Магистранттың магистратураға түсер алдында магистратураның тиісті кәсіптік оқу

бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер

тізбесін жоғары оқу орны өзі анықтайды.

      Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы түрде меңгеруге рұқсат

етіледі. Бұл жағдайда магистратурада білім алу магистрант пререквизиттерді толық меңгергеннен

кейін басталады.

      19. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің

көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде 2 немесе 3 кредит

көлемімен бағаланады.

      20. Магистратураның оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу пәндерін кодтаудың бірыңғай

жүйесі қолданылады.

      21. Әрбiр оқу пәнінің қайталанбайтын бір атауы болуы тиіс. Ол бiр академиялық кезеңде

меңгеріліп, аяқталған соң магистрант емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады, ал

кәсіптік практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар), магистранттардың ғылыми-зерттеу

(эксперименталдық-зерттеу) жұмыстары бойынша дифференциалды сынақ тапсырады.

      22. Магистратураның білім беру бағдарламалары пәндерді оқудың модульді жүйесі негізінде

жобаланады.

      23. Базалық пәндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті пәндерінен тұрады.

      24. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі үлгілік оқу

жоспарының жалпы көлемінің 48%-ын құрайды, оның ішінде 40% міндетті компонент пәндеріне, ал 60%

таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.

      Бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы

көлемінің 44%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және 28%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды, оның ішінде 62%




жүктеу 175,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау