С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Факультеті: Химия және химиялық технологиялар
Кафедрасы: Биотехнология және жалпы химия кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қазіргі қоғамдағы ұлттық құндылықтардың ролі»
Оқытушы:Турсунбаева С.Д
Студент: Есімқұл А.С
Тобы: ТФП21-024
Алматы, 2023 ж.
Құдылық
Адам өмірін қоғамсыз елестету қиын. Өркениетті қоғамда кез келген жеке тұлға өзін қоршаған ортаның талаптары мен тәртіптерін сақтай отырып, түрлі игіліктерге қол жеткізе алады. Сондықтан адамдар бірлігі қоғамды ұдайы алға жетелеп отыратын, даму мен табыстың негізі саналатын құндылықтар болады. Біздің қоғамда қандай құндылықтар қозғаушы күшке ие?
Басты құндылық – отбасы
Бір мақсат, бір мүдде үшін адамдардың бірлесіп өмір сүруі, яғни қоғам болып үйлесуі рухани және материалдық құндылықтарға негізделеді. Адамгершіліктің өлшемі саналатын рухани құндылықтарға отбасы, махаббат, достық, өзін өзі тану, дін, дәстүр жатады. Ал үй, жақсы жұмыс, қаржылық еркіндік сияқты материалдық игіліктер тұлғаның әлеуметтік мәртебесін қалыптастырады. Сондай-ақ бостандық, адамның қадір-қасиеті, теңдік және ынтымақтастық, демократия және заңның үстемдігі – қоғамның маңызды құндылықтары.
Отбасы
тұлғаның қалыптасуында ең маңызды құндылық. Бұл құндылық дәстүр мен ұстанымдарын сақтай отырып, екінші жағынан жаңғырту үдерістеріне үйлесу керек-ақ. Қазір қоғамда отбасының жаңа форматы, ерлер мен әйелдердің жаңа рөлі, жаңа нормалар мен ережелер қызу талқыланып жатыр. Отбасы институтының болашағы қалай болмақ, қоғамның қандай форматтары өзгермейді, қазіргі қоғамға қалай бейімделу керек, қандай дәстүрлі құндылықтарды сақтау маңызды? Осы сұрақтарға жауап іздеу бүгінгі таңда өте өзекті болып тұр.
Жастар материалдық игілікке ұмтылады
Заман өзгерген сайын адамдардың қажеттілігіне қарай жалпы құндылықтар да ауысып жатыр. Қазір жұрттың көбінің бақытты өмірдің мәні материалдық игіліктерге қол жеткізу деп білетіні белгілі. Әсіресе мұндай көзқарастағы жастар көптеп кездеседі. Олар өз денсаулығына, қоршаған ортаның бүтіндігіне, әлеуметтік мәселелерге аса бас қатыра бермейді. Жастардың дені байлыққа жетелер жолды басты бағдары етіп алған. Бұл ойды «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші сарапшысы Аида Сыздықованың келтірген деректері нақтылай түсті.
Аталған орталық арнайы зерттеу жүргізіп, жастар арасында «Өзіңізді болашақта қалай елестетесіз?» сұраққа жауап іздеген. Сауалдаманың нәтижесі жастар үшін материалдық құндылықтар алдыңғы қатарда екенін көрсетті. Респонденттердің 44,5%-ы ең алдымен материалдық тұрғыда тәуелсіз болғысы келетінін айтқан. Тек 37,8%-ы ғана болашақта жақсы отағасы-ошақбасы болуды қалайды екен. Яғни, жастардың басым бөлігі бірінші орынға материалдық құндылықтарды қойып отыр дегенді аңғартады.
Достарыңызбен бөлісу: |