- Жалпы түрде басқару – ұйымдасқан жүйеге нысаналы түрде ықпал жасау, оның белгіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдау. Басқарудың үш негізгі класстарын ажыратады: өлі табиғатты басқару – технологиялық процестерді басқару саяды; тірі табиғатты басқару - өндірістік ұжымдарды басқару саяды; қоғамды басқару – жасанды құрылған, ұйымдастырылған жүйелерді, соларға, мысалы, өндіріс жатады.
- Қоғамда басқару әлеуметтік болып саналады және жеке еңбек қызметін және адамдардың ұжымдық қызметін, соның ішінде, өндірісті басқаруды енгізеді.
- Өндірісті басқару мақсаты – адамдардың еңбек іс-әрекеті процесінде өзара әрекетті қамтамасыз ету.
- Егер өндірісті кейбір қызмет ететін жүйе өзіне адамдар ұжымын, жабдықтарды, технологияны енгізетін жүйе деп түсінетін болсақ, онда өндірісті басқару - өндірістік жүйеге нысаналы ықпал ететін жиынтықты дайындау және іске асыру процесі және сол жүйенің оңтайлы жұмыс істейтінін қамтамасыз ету, яғни өндірістік жүйенің алдында тұрған міндеттерді ең тиімді шешу.
- Нақты өндірістік объектіні алатын болсақ (кәсіпорын, цех, бригада және т.б.) онда басқаруды құрылған, жұмыс істеп тұрған объектіге ықпал ететін динамикалық процесс ретінде қарастыруға болады. Сол объектінің қалыптасуы өндірісті ұйымдастыруының статикалық міндеті деп санауға болады.
- Ең толық мағынасында өндірісті ұйымдастыру – бұл принциптер, шешімдер мен шаралар жиынтығы, олар өндірістік объектіні оның бөлшектер мен элементтерін өзара байланыстыру арқылы ең тиімді дайындау мен қызметін қамтамасыз ету. Басқа сөзбен айтқанда, ұйымдастыру мақсаты – объектіні іске қосу, құру ғана емес тағы оның жұмысын, өндіріс процесінде барлық операциялары мен қимылдарын өзара байланыстыруын қамтамасыз ету.
- Осы мағынада ұйымдастыру басқарудың функциясы, оның бөлігі болып табылады. Осыған қарағанда өндірісті ұйымдастыру мен басқару өзара тығыз байланыста. Кен өндірісін алсақ ұйымдастыру және басқару теориясы өзара байланысты бір ғылыми пәннің бөлімдері деп түсінуге болады.
- Кәсіпорындағы жоспарлау – кәсіпорын мен оның барлық бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің шаралары мен көрсеткіштер жүйесін жоспарлау. Жоспарлау да өндірісті басқару жүйесінің өзекті буыны.
- Ғылыми пәннің объектісін анықтайтын болсақ олардың саны үшеу: өндірістік қызметі (технологияның объектісі), қаржы-экономикалық қызметі (экономиканың объектісі), ұйымдастыру-басқарушылық қызметі (ұйымдастыру, жоспарлау және басқару объектісі). Олардың өзара байланысын жиындар теориясы атауында келтіруге болады (1 сурет).
Өндірісті басқару дегеніміз өндірістік ұжымдарға экономикалық, табиғи, техникалық және басқа заңдарды саналы түрде пайдалануға негізделген мақсатқа лайық ықпал ету болып табылады. - Өндірісті басқару дегеніміз өндірістік ұжымдарға экономикалық, табиғи, техникалық және басқа заңдарды саналы түрде пайдалануға негізделген мақсатқа лайық ықпал ету болып табылады.
- Өндіріс дегеніміз – ол күрделі динамикалық жүйе. Өндірістік жүйе ретіндегі анықтамасы оны әртүрлі өзара байланысқан элементтерден тұратын бірыңғай тұтас нәрсе деп қарауды көрсетеді. Адамдар, әртүрлі заттар мен еңбек құралдары, оның ішінде жабдықтар мен машиналар осы элементтерге жатады. Өндіріс дегеніміз барлық осы компоненттерді ерекше бір жиынтығымен өзара байланысы.
- Сонымен, жүйе дегенді компоненттердің өзара әрекеті жеке алғанда өздерінде болмайтын жаңа сапалар туғызатын олардың белгілі бір жиынтығы деп түсінуге болады.
- Өндірістің негізгі ұясы кәсіпорындар болып табылады. Өндіріс құрал-жабдықтарының жұмысшы күшімен тікелей бірігу процесі нақ осында болады.
-
Өндірістің басқарылатын және басқарушы жүйелері - Әрбір шаруашылық жүйесі мен әрбір өндірістік буын екі көмекші жүйенің: басқарылатын және басқарушы жүйелердің (басқарудың объектісі мен субъектісі) бірлігі болып табылады. Мысалы, кәсіпорын жүйесінде шахта, карьер басқармасының директорлардан бастап бүкіл басқару аппараты – басқарушы жүйеге, ал цехтар мен учаскелер – басқарылатын көмекші жүйеге жатады. Учаскеде учаске басшылары – басқарушы жүйені, ал жұмыс орындары – басқарылатын жүйені құрайды.
- Осы келтірілген жағдайлардың бәрінде де басқарылатын және басқарушы жүйелердің арасындағы қатынастар – ол ең алдымен адамдар арасындағы қатынастар.
- Жұмыс орындарында басқарудың басқа түрі – еңбек құралдарын басқару жүзеге асырылады, мұны заттарды басқару деп атайды. Қазіргі заманғы өндірісте негізгі еңбек құралы – машина. «Адам-машина» жүйесінде адам басқарудың субъектісі ретінде, ал машина оның объектісі ретінде болады. Мұнда адам тікелей немесе приборлардың жәрдемімен машинаның жұмысы жайында ақпарат алады, шешім қабылдайды және басқа жұмыстарды істейді.
- Сонымен, адам мен техниканың іс-әрекеті жүзеге асырылатын шеңбердегі өндірістік ұя жұмыс орны болып табылады.
- Заттарды басқару дегеніміз – ол керекті өнім өндіру мен қызмет көрсету мақсатында еңбек заттарына тікелей ықпал жасау процесі ретіндегі өндірістің өзі. Ол басқарылатын жүйе болып табылады. Бұдан басқарушы жүйе ретіндегі өндірісті басқаруға тек адамдарды басқаруды ғана жатқызу керек екені шығады. Басқарудың осы екі түрінің арасындағы айырмашылық 2-суретте көрсетілген.
- Сонымен, өндірісті басқару дегеніміз – ол қызметкерлерді басқару, ал олардың өзі еңбек құралдарын басқарады.
- Қызметкерлерді басқару дегеніміз – ол тек тап сондай адамдарды басқаруға ғана емес, сонымен қатар өндірістегі олардың арасындағы қатынастарды, яғни өндірістік қатынастарды басқару. «Өндірісте, - деп атап
- кетті К.Маркс, - адамдар тек табиғатпен қатынасқа түсіп қана қоймайды. Адамдар бірлесіп қызмет ету үшін және өздерінің қызметтері жөнінде өзара пікір алысу үшін белгілі бір түрде қосылмайынша, олар өнім өндіре алмайды. Өндіру үшін, адамдар белгілі бір байланыстар мен қатынастарға түседі, сөйтіп тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар шеңберінде ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады» (К.Маркс пен Ф.Энгельс, Шығармалар, 6-том, 441 бет).
- Енді өндірісті басқару – адамдарды және олардың өндірістік қатынастарын басқару деген сөз.
Ұлттық экономика, сфералар, секторлар, экономикалық қызметтер түрлері - Классикалық анықтамаға сәйкес (П.Самуэльсон) экономика – бұл пайдалы өнімдер өндіру үшін қоғам қалай белгілі, шектеулі ресурстарды пайдаланады және оларды адамдардың әр түрлі топтар арасында бөлетіні туралы ғылым.
- Ұлттық экономика дегеніміз әр елдің өзгешілігіне тән еңбектің қоғамдық бөлінісі, ғылыми-техникалық дамуы, халықаралық ынтымақтастығы нәтижесінде қалыптасқан өзара байланысты салалардың бірыңғай кешені.
- Құрылымдық жағынан ұлттық экономиканы құқықтық, салалық және кеңістік ұйымдастыру көзқарастан қарастыру болады.
- Құқықтық жағынан ұлттық экономика - заңды тұлға статусы бар ұйымдардың, кәсіпорындардың жиынтығы (коммерциялық немесе коммерциялық емес).
- Салалық жағынан ұлттық экономиканы талдау кезінде мынадай түсініктер – сфера, сектор, сала, экономикалық қызметтің түрі пайдаланылады.
- Ұлттық экономиканы сфераларға бөлуі олардың ішкі жалпы өнімді (ІЖӨ) және ұлттық табысты (ҰТ) қалыптастыруына қатысуымен байланысты. Осыған сәйкес ұлттық экономика екі сфераға бөлінеді: материалдық өндіріс сферасына және өндірістік емес сферасына.
- Материалдық өндіріс сферасы бұл салалар мен экономикалық қызметтер түрлерінің жиынтығы, олар материалдық игіліктерді жасауға немесе айналыс саласында өндіріс процесінің жалғасы функциясын орындауға бағытталған. Материалдық өндіріс сферасы – материалдық өндірісті және өндіріс процесіне қызмет көрсету мен саласын (жүктерді тасымалдау, сақтау, сұрыптау және т.б.) біріктіретін халық шаруашылығы салалары мен қызмет түрлерінің жиынтығы.
- Өндірістік емес сфера – адамдар мен халық шаруашылығына қызмет көрсетуге мамандандырылған қызмет салалары мен түрлерінің жиынтығы. Оған білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, байланыс және тағы басқалар жатады.
- Ұлттық экономиканың секторы деп экономикалық процесте орындайтын мақсаттары, қызметтері біртектілігімен және өндіріске жұмсалған шығындарды
- қаржыландыру әдістері бірқалыптығымен сипатталатын институцияылдық бірліктер жиынтығы.
- Меншік нысанына байланысты экономика секторларға бөлінеді: мемлекеттік және жеке меншік. Жеке меншік секторы мемлекетпен бақыланбайды.
- Сала деп (экономикалық қызмет түрі) қызмет сферасы, өнім түрі, өндіріс технологиясы, негізгі қорларды және қызметкерлердің кәсіби дағдысын пайдалану тұтастығымен сипатталатын кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығын айтады.
- Ұлттық экономика құрылымының өзгеруі мына екі жолдың іске асырылуымен байланысты:
- нарықтық тетігінің ықпалы арқылы;
- мемлекеттік құрылымдық саясаттың ықпалы арқылы.
Кәсіпорынды құру мен жұмыс істеу мақсаты - Экономиканың барлық даму кезеңінде кәсіпорын экономиканың негізгі басты буыны болып қалады. Кәсіпорында ғана өнім шығарылады, әр түрлі қызмет көрсетіледі, жұмыскерлер өндіріс құралдарымен тікелей байланыс жүргізеді. Дербес кәсіпорын деп өндірістік-техникалық тұтастығына, ұйымдастыру-әкімшілік және шаруашылық дербестілігіне ие болатын өндірістік бірлігін түсінуге болады. Кәсіпорын қызметін өз бетімен іске асырады, шығарылатын өнімді, салық және басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі қалған пайданы тиісті орнына жұмсайды.
- Сонымен кәсіпорын – кәсіпкермен немесе біріккен кәсіпкерлермен өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет көрсету, қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру мен пайда алу мақсатымен құрылған дербес шаруашылық субъект. Кәсіпорын қызметінің мақсаты - қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу. Ал кәсіпкерлердің негізгі мақсаты – пайда табу, бірақ қоғамдық қажеттілікті ұмытпай. Өркениетті нарықтық қатынастар осы екі мақсаттың саналы тіркесімен талап етеді. Бірақ бизнес – бұл кәсіпкерлердің экономикалық қызметі, күннен күнге көбейіп, пайда әкелетін олардың өнері мен қабілеттілігі. Сонымен қатар ашық экономика жағдайында бизнестің дамуы тұтыну нарығын толтыруға болысады, экономиканың құрылымдық қайта құруына белсендіреді, ғылыми-техникалық тетіктерді енгізуге ынталандырады, өндіріс тиімділігінің артуына себепші болады.
- Қазіргі кәсіпорын – бұл күрделі ұйымдастырушылық құрылым. Нарықтық жағдайда өнеркәсіптік кәсіпорнының үш негізгі бағыттарының маңызы артуда:
- өндірістің ғылыми ұйымдастырылуы;
- еңбекті ғылыми ұйымдастыру;
- басқаруды ғылыми ұйымдастыру.
- Өндірісті ғылыми ұйымдастыру кәсіпорында оңтайлы техника – технологиялық жүйені құруды көздейді. Мұнда өндірістік жабдықтар мен технология, жұмыскерлер өзара техника-ұйымдастырушылық байланысын тиімді пайдалану.
- Еңбекті ғылыми ұйымдастыру – жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндіріс барысында жұмыскерлерді тиісінше орналастыруды, еңбек бөлінісін, әдістерін, оны біріктіруді, нормалауды, ынталандыруды, жұмыс орындарын ұйымдастыруды, оларға қызмет көрсетуді, қажетті еңбек жағдайын қамтиды.
- Басқаруды ғылыми ұйымдастыру – кәсіпорынның материалдық және адам ішкі жүйесіне ықпалымен мақсаттылықты қамтамасыз ететін техникалық, экономикалық және гуманитарлық құралдардың жүйесі.
- Кәсіпорынды құру үшін мынадай кезеңдерді өту қажет (3 сурет).
- Осы кезде жүріп жатқан экономиқалық реформа нарықтық экономикасы субъектісінің қызметіне әсер етеді. Кәсіпорын деңгейінде өнім шығарылады, ресурстарды үнемді жұмсау мәселелері шешіледі, жоғары өнімділігі бар техника мен қазіргі күнгі технологияны пайдалану керектігі анықталады. Кәсіпорын деңгейінде әлеуметтік жағдайлар қарастырылады.
- Қазіргі кезде касіпорындарының барлық түрлері алдындағы міндет пайданы ұлғайту ғана емес, тауар тұтынушыға жоғарғы сапалы өнім немесе басқа да жаңа қасиеттері бар өнімдерді жеткізу.
- Экономиканың қызмет ету процесі күн сайын серпінді болып барады (сыртқы ортаның әсері жағынан). Осыған келесі факторлардың үш тобын ажыратуға болады:
- техника – технологиялық факторлар;
- әлеуметтік – экономикалық және жергілікті факторлар.
- Техника – экономикалық факторлардың (жаңа жабдықтарды, робототехниканы, ресурстарды сақтайтын технологияны, шикізатты кешенді өңдеуді енгізу) ықпалы еңбек өнімділігін арттыруының негізгі тетігі бола отырып, өндірісті ұйымдастыру сұлбасын жылдам ауыстыру керектігіне әкеледі, өңдірістік кәсіпорындараның жаңа түрлерін қалыптастыруға,
- шаруашылық және ғылыми- техникалық байланыстарды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
- Әлеуметтік – экономикалық факторлары (ресурстық әлует, басқару әдістері, қызмет уәждемесі, жұмыскерлердің біліктілігі және басқалары) өндірісті, еңбекті және басқаруды лайықты ұйымдастыру ғана емес, тағы өндіріс қатынастардың тұрақты дамуының керектігін анықтайды.
- Жергілікті факторлар ( табиғи – климат, құқыктық) әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымының дамуының , еңбекке ақы төлеу жүйесінің өзгеруінің , табиғатты пайдалану тене-теңдігін қамтамасыз етуінің керектігін анықтайды.
- Қызмет атқару кезінде кәсіпорын осы факторлардың барлығын қадағалайды. Әр фактор әр түрлі серпініне ие және өндіріске әсері де әр түрлі.
- Осы замандағы өндіріс өз қызметіне көтеріңкі талаптарға сәйкес келуі қажет:
- - өндірістің жоғары икемділігі керектігімен, соның арқасында өнім ассортиментін жылдам ауыстыру. Ол өнімнің өміршендік кезеңін қысқарта бастайды, ал өнім шығару көлемін өсуге бағыттайды;
- - өндіріс технологиясының күрділілігі, ол бақылаудың, ұйымдастыру және еңбек бөлінісінің жаңа нысандарын талап етеді;
- - тауар рыногында көңіл қоюды талап ететін бәсеке, ол өнім сапасына қатынасын түбегейлі өзгертті;
- - өндіріс шығындарының құрылымын кенет өзгерту;
- - сыртқа ортаның белгісіздігін есепке алу керектігін қажет ету.
- «Белгісіздік» өндіріс пен өткізудің жылдам және икемді қайта бағдарлануы деп түсінуге болады. Сонымен, осы факторлардың динамикасы мен әртүрлілігі басқару жүйесінің жаңадан құрылуын талап етеді.
- Технологияның жылдам өзгеруі, тұтынушы мен өнім сапасына күрес, бәсекенің өсуі кәсіпорынды басқарудың барлық мәселелерін жаңадан қарастыруды тілейді.
- Қазіргі күнде басқару қызметі кәсіпорындарының жұмыс істеуінің ең көкейтесті факторларының бірі болып саналады.
- Ақырғы кезде ішкі кәсіпорындық басқаруды қайта қуру барлық шаруашылық механизмінің қайта ұйымдастырудың өзегі болды.
- Басқаруда икемділік, жылдам қайта қурылуға қабілеттілік пен шеберлік, жаңа мүмкіндіктерді жібермеген қазіргі кезде басқарушылық шығынды түра үнемдеуден маңызды болып саналады.
- Тұтыну сұранысқа бағыттану, маневрлі ғылыми- техникалық, инновациялық және нарықтық саясатты жүргізу, жаңа енгізілімге ұмтылыс басқару жаңа философиясының негізгі қалаушы идеялар (ой) болады.
- Нарықтық экономикада басқарудың ерекше орны кәсіпорында экономикалық процестердің байланыстығын, интеграциясын қамтамасыз ету. Кәсіпорынды басқару олардың ішкі ресурстары мен сыртқы ортаны тұтас байланыстырады, оның аса маңызды құрыстырушылары болып экономиканы мемлекеттік реттеу мен бәсеке және әлеуметтік орта саналады. Басқару бизнестің бейімделушілігін, бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.
- Нарықтық қатынастар кәсіпорынды тиімді басқару үшін жеткілікті мүмкіндік береді, бірақ экономикадағы нақты жағдайы, өнеркәсіптік өндірістің құлдырауы, оның құрылымының негативтік өзгерістері кәсіпорынды басқару сапасын көтеру саласында барлық күш салуды жоққа шығарады.
- Қазіргі басқарудың теориясы өндірістік күштердің даму жағдайын көрсетеді, сәйкес - өндірістік қатынастардың, жоспарлаудың және қадағалаудың базалық принциптері (қағидаттары) өзгеруде, кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған адамдар саны қысқарылуда.
- «Қатал» әкімшілік басшылықты (көрсеткіштерді жоспартау, қаржы бақылау, есеп беру) басқарудың «жұмсақ» элементтерімен (кәсіпорын персоналын үлкен сенім арқасында қызметіне қатыстыру, еңбек қызметі процесінде іскерлікті ынталандыру) толықтыру кәсіпорынның пайдалылығын көтерудің айтарлықтай резервтерін ашады. Іс жүзінде осы екі элемент арасында белгілі тепе-теңдік болуы керек.
- Қазіргі жағдайда бірінші орынға кәсіпорынды басқаруда кәсіпорын жетекшісі шықты. Басқарушы – шаруашылық жетекші, оның мақсаты, қабілеттілігі персонал жігерін бірлестіру, инициативаны (бастаманы) ынталандыру, көтермелеу, сыртқы орта өзгерісіне икемді сезіну.
Басқарудың қазіргі заманға сай келетін негізгі ережелері мынадай: - 1. Бірінші орынға икемділік проблемаларды, сыртқы орта өзгеруіне бейімделуін (адаптация) көтермелеу. «Қатал» және «Жұмсақ» басқару түрлерін біріктіру.
- 2. Кәсіпорынды тұтас жұйе ретінде қарастыру. Бұл кәсіпорынды және оның бөлімшелерін, олардың сыртқы ортамен байланысын бірлік ретінде зерттеу.
- 3. Басқаруға ситуациялық көзқарасты пайдалану. Оған сәйтес кәсіпорын ішінде ұйымдастырудың барлығы сырттан әр түрлі әсерлерге реакциясы.
- 4. Кәсіпорын стратегиялық басқару жүйесін құру мен іске асырудың керектігін мойындау. Бірінші жағынан, кәсіпорында стратегиялық жоспарлау бар болуы. Екінші жағынан, кәсіпорын басқару құрылымы, оның бөлімшелерінің жұйесі мен өзара әрекет механизмі солай құрылуы керек, ұзақ мерзімді стратегияны, сол стратегияның ағымдағы өндірістік – шаруашылық жоспарларға айландыруын қамтамасыз ету.
- Бизнестің «ұйымдастырушылық мәдениетті» басқаруға көшу.
- 6. Кәсіпорын келешегі үшін инновациялық менеджментің құрылуын және іске асырылуын мойындау.
- 7. Кәсіпорынды басқару кезінде басқарушы жетекшінің маңызды рөлін сезіну.
- 8. Менеджменттің әлеуметтік жауапкершілігін мойындау.
Кәсіпорынды басқарудың негізгі ережелері - Менеджмент айқындамасы (позициясы) көзқарасынан барлық кәсіпорындар жалпы сипатқа ие-олардың барлығы ұйымдар.
- Ұйым- еңбек пен міндеттерді бөлісу, бастапқы құрымым, құрылыс, басқа да ережелер мен тәртіптер негізінде белгілі бір бағдарламаны немесе мақсатты іске асыру, әлдебір міндетті шешу үшін біріктірілген адамдардың, олардың топтарының жиынтығы. Ол кез-келген меншік нысанындағы қоғамдық бірлестік.
- Ұйымдастыру – белгілі бір жұмысты орындау үшін қажетті функциялар мен іс-қимылдарды жоспарлау, айқындау, сондай-ақ осы функциялар мен іс-қимылдарды топтың, бригаданың, бөлімнің және басқа құрылымдық бірліктің қолына біріктіру деген сөз.
- Ұйым- адамдар тобы, олардың қызметі жалпы мақсатқа (немесе мақсаттарға) жету үшін саналы түрде үйлестіріледі. Ұйымдардың барлығында жалпы сипаттамасы болады: ресурстар, сыртқы ортаға тәуелділігі, еңбектің деңгейлес және сатылас бөлінісі, бөлімше, қажеттілік, басқару.
- Осы жағынан кәсіпорын басқаруды жоспарлау, ұйымдастыру, үәждеме және бақылау процессі деп түсінуге болады, олар кәсіпорын мақсатына жету үшін керек.
- Басқарудың ортасында қайсы болсын ұйымның негізінде – адамдар (қадрлар, мамандар) тұрады.
- Жүйелік көзқарас жағынан барлық кәсіпорындар ашық жүйеге жатады, яғни сыртқы ортамен өзара әрекет жасауымен сипатталады.
- Егер басқаруды ұйымдастыруды тиімді, онда түрлендіру процесі кезінде кірістердің қосылған құны пайда болып, қосымша көп мүмкін табыс көріне бастайды (пайда, рыноктың үлесі ұлғайады, сату көлемі көбейеді). Менеджмент жағынан кәсіпорында басқару объектісі болып функцияналдық процестердің бірнеше тобы шығады: маркетинг, зерттеу және дайындау, әзірлеу, өндіріс, қаржы, қызметкерлер.
- 4-суретте ашық жүйе ретінде кәсіпорын басқару процесі келтірілген.
- Кәсіпорын қызметінің тиімділігі, оның рыноктағы жағдайы кәсіпорын таңдаған даму стратегиясымен және басқарудың стратегиялық түрлерімен (тип) байланысты.
- Стратегия - деп кәсіпорын дамуының белгілі бағытын, оның мақсатқа жету жоспарын түсінуге болады.
- Кәсіпорын дамуының негізгі стратегиялары мынадай:
- - шоғырландырылған өсу стратегиясы (рыноктағы жағдайының күшеюі, рыноктың дамуы, өнімнің дамуы);
- - біріктірілген (интеграцияланған) өсу стратегиясы (жеке меншік сатып алу, ішкі кеңею );
- - әртараптандырылған (диверсификацияланған) өсу стратегиясы (жаңа өнімдер шығару);
- - қысқарту стратегиясы (рыноктағы, экономикадағы өзгерістерге байланысты бизнесті мақсатты және теңгерілген қысқарту).
Кәсіпорынды басқарудың стратегиялық негізгі түрлері: - - қатал директивтік басқару;
- - белгіленген жағдайдан (процестен) ауытқуларға байланысты басқару;
- - мақсаттар бойынша басқару, оның ішінде жай мақсатты басқару,бағдарламалық – мақсаттық басқару, регламенттік басқару;
- - болашақ жағдайларды талдау және болжауды басқару;
- - нәтиже бойынша басқару (барлық бөлімшелердің қызметін үйлестіру және біріктіру функцияларын күшейтуге негізделген);
- - қызметті ынталандыруға негізделген басқару;
- - корпоративтік мәдениет пен әлеуметтік жауапкершілікті тиімді іске асыру негізінде басқару;
- - мүмкіндік стратегиясына бағытталған басқару, ол белгісіздік факторды кішейтеді («Роден принципі» бойынша басқару).
- Осы және кәсіпорынды басқарудың басқада түрлері қазіргі кездегі информациялық технологиялар негізінде (базасында) іске асырылуы қажет.
- Мақсатты тиімді құруының мүмкіндігін болдыру және оған жету үшін басшылық функциялар кешенін орындайды. Қайсы болсын басқару жүйесінің маңызды байланыстыратын функциялары болып шешімдерді құрау (жасау) және қабылдау, ақпаратпен алмасу саналады, солардың арқасында басшы керекті бастапқы деректер алып, шешім қабылдайды және оны қызметкерлерге жеткізеді.
Жалпы функцияларға мыналар жатады: -
- - жоспарлау, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, стратегияны орындауының ағымдағы жоспарлау;
- - ұйымдастыру, кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіруді қосқанда;
- - тиімді қызмет істеу мен бақылау үшін жұмыскерлерді ұәждемелеу, кәсіпорын қызметін есепке алу және талдауды қосқанда.
- Кәсіпорынның сыртқы ортамен және ішкі кәсіпорын қызметімен өзара әрекет белгілі құрылым рамкасында болады.
- Басқару құрылымы – кәсіпорын басқару объектілері мен субъектілерінің нақты ұйымдастырушылық нысандарында іске асырылатын және басқарудың тұтастылық пен тиімділікті қамтамасыз ететін тұрақты байланыстар жиынтығы. Басқару құрылыми функциялармен тығыз өзара байланыста болады.
Іс жүзгінде құрылымның екі түрін ажыратады: - - механикалық – құрылымның бұл түрінде формалды процедуралар мен ережелерді пайдалануымен, ұйымдастыруда қожалықтың қатал баспалдақтарымен (иерархиямен), шешім қабылдауда бір орталықтан бағындыруымен сипатталынады. Осында желілі (сызықтық), функционалдық (атқарымдық), желілі – функционалдық, рынокқа бағытталған аймақтық құрылымын және дивизионалдық құрылымын жатқызу мүмкін;
- - органикалық – құрылымның бұл түрі формалды ережелер мен процедураларды орынды пайдалануымен, орталықсызданумен, қожалықтық икемді құрылымымен, төменгі деңгейлердің басқару процесіне қатысуымен сипатталынады. Осы түріне жобалық, матрицалық, бағдарламалық- мақсаттық құрылымдарды жатқызу болады.
- Нарықтық ортаның жылдам өзгеруі кәсіпорынның тұрақтылыгын талап етеді.
Кәсіпорын тұрақтылығын көтеру үшін қолайсыз нарықтық жағдаят (конъюктура) кезінде жаңа ұйымдастырушылық нысандары құрылады: - - холдингтер (көп функционалды ұйымдар, олардың жарғылық капиталы басқа ұйымдар акцияларының бақылау пакеті арқылы қалыптасады);
- - қаржы - өнеркәсіптік топтар (ҚӨТ)- сатылас біріктірілген технологиялық құрылымдар.
- Қазіргі кезде кәсіпорын басқаруының ұйымдық құрылымының қалыптасуы пайда болған принциптері (қағидаттары) мен функцияларына толық сай болуы керек, ұйымда және оның сыртқы ортасында бар болған жағдайларға сәйкес келуі жөн.
- Құрылым түрін анықтайтын келесі ерекшеліктерді айтуға жөн: өнім түрі, технологиялық процестер, кәсіпорын қызметінің диверсификациясы (әртараптандырылуы), ұйымның өнім шығару көлемі, сыртқы ортамен қарым – қатынасы.
- Кәсіпорын қызметінің табысты жолы – ең алдымен кәсіпорынды басқаруын анық ұйымдастыру.
- Ол келесі себепті – салдар байланыстарымен сипатталынады (5-сурет).
- Менеджмент жөніндегі мамандар кәсіпорынның ең тиімді мезеті (момент) болып оның басшыларының өнерлі, ақыл – ойға салынған іс - әрекеті.
- Басшылардың біліктілік іс - әрекеті мынадай мүмкіндік береді:
- - қызметкерлердің мінез-құлығын керекті арнаға бағыттау;
- - керекті өндірістік бағдар құру;
- - еңбек уәждемесін іске асыру;
- - тиімді жұмыс істеуге жағдай жасау.
- Осындай шаралардың арқасында коллективтің (ұжымның) өндірістік қызметі қажетті мақсаттылыққа, ұйымшылдыққа және өнімділікке ие болады.
Қазіргі замандағы басқару қызметінің үш негізгі түрін ажыратуға болады: - - өндірісте ілгерішіл (прогрессивтік) материалдар, техника, технология түрлерін жасап шығару, құру, игеру және пайдалану бойынша техникалық қызмет. Бұл қызметте ең басшысы – техникалық ойды (идеяны) шеберлікпен
- тудыру. Менеджердің мақсаты – қолынан іс келетін адамдарды іздеу, оларға жұмысты жақсы істейтін барлық жағдайлармен қамтамасыз ету;
- - басқару қызметі – іс-қыймылдарды үйлестіру, өндірістік процестің ретке келтіруін және технологияға сай келушілігін қамтамасыз ету. Басқарушылық қызметте жетістікке негіз болатын бағынушы қызметкерлер жігері арқылы нәтиже алуға қол жеткізу (дұрысын айтқанда менеджмент - өндірістің ішкі факторларын басқару);
- - тауар және қызмет көрсету рыногында кәсіпорын іс-әрекетін ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық қызмет – бұл стратегиялық басқару жүйесі және рыноктағы кәсіпорын қызметінің тактикасы. Оның ерекше аталуы – маркетинглік басқарушылық қызмет (сыртқы факторларды есепке алған негізінде кәсіпорынды басқару).
- Маркетинг және менеджмент кәсіпорын басқарудың екі үздіксіз жағаларын көрсетеді, біріншісі идеялардың (ойлардың) генераторы ретінде болса, екіншісі сол идеяларды іске асыруды қамтамасыз етеді.
- Кәсіпорын басқаратын адам қажет:
- 1.Кәсіпорын қызметімен байланысты деректерді білу, зерттеу және талдау.
- 2.Ағымдағы және болашақ мақсаттарды белгілеу және оларды тұрақты бақылап тұру, стратегиялық тужырымдаманы тудыру, іс - әрекеттің бәсекеге қабілетті стратегияны зерттеп дайындау.
- 3.Алдына қойылған мақсатқа жету үшін ресурстарды, құрал – жабдықтар мен қаражатты біріктіру, ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Өндірістік бағдарламалар жалпы ресурстармен қалай қамтамасыз ету жағын үйлестіру және келісу. Сметалар бойынша ресурстар жұмсаудың мұмкін көлемін анықтау, маңызды ресурстарды пайдалауын ерекше бақылау.
- 4.Әсершіл атқарушы құрылымдарды жаңадан шығару. Бағдарламалық басқару құрылымдарды пайдалану.
- 5.Адамдарды таңдау білу, уақытында талапты, қолынан іс келетін мамандарды жоғарылату. Кәсіпорын ұжымын басқарудың мақсаттары мен міндеттері туралы хабарландыру.
- 6.Кәсіпорынның барлық бөлімшелері мен мамандардың үлестіруін және біріктіруін қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде басқарудың мынадай жүйелері пайда болады: - 1.Бағдарды анықтаумен байланысты жүйелер (өзгерістер болжам негізінде басқару). Басқарудың осы түріне кіреді:
- - ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлау;
- - стратегиялық бағдарларды таңдау.
- 2.Қоршаған ортада жылдам және күтпеген өзгерістерге жауап беретін және уақытында шешім қабылдаумен байланысты жүйелер (икемді және шұғыл шешім негізіндегі басқару). Осы түрі енгізеді:
- - стратегиялық міндеттерді саралау негізінде басқару;
- - күшті және болымсыз дабыл (сигнал) жөнінде басқару;
- - стратегиялық күтпегендік жағдайында басқару.
- Басқарудың керекті жүйесін таңдау міндет пен мақсаттың жаңалығы мен күрделілігімен байланысты.
Ішкі кәсіпорын басқару дамуының бағыттары - Өндірістік дамыған елдерің тәжірибесін талдау бір жақты мамандандырудан интеграцияға көшетін болса сол елдерде басқарушылық қызметтің мазмұны мен сипаты өзгеретінін дәлелдейді. Қоғамдық өндірістің даму беталысын зерттеу өндірістік технолдогиясының, іске асырылатын әлеуметтік-экономикалық мақсаттардың құрылымы тоқтаусыз күрделендіруін, меншіктің жаңа нысандарының пайда болуын, сол беталыс салдарынан өндеріс ұйымдарының ішкі және сыртқы байланыстар көлемінің өсіре беруін көрсетеді. Осыған сәйкес басқарудың өндірістік – технологиялық және әлеуметтік-экономикалық міндеттер шешу кезінде «тораптар» көлемі мен әртүрлілігі артады. Осындай әр «торап»- жүйенің барлық элементтерінің біріктіруін талап ететін басқарушылық жағдайдың потенциалды дереккөзі.
- XXI ғасырдың басы – бәсекенің серпінді жағдайларының уақыты. Нарық тауашасына, жаңашылықтарды жылдамдатуына, өте жоғары біліктілікті мамандарды іздестіруге компаниялардың күш салуы көбейеді.
- Кәсіпорындарының «белсенді әсер заманы» кезінде нарықта төменгі талаптарды орындайтындары ғана үлкен табыстарға жете алады:
- өз қызметін басшы бағыттарына шоғырландыру;
- осы заманға кәсіпкерлік өктем (императив) бар болуы;
- - жаңа енгізім мен идеялардың жылдам өсуімен байланысты өз уақытын тиімді пайдалану;
- - ақпараттық қоғамдағы жұмыс тәртіптемесін ұйымдастырудың икемді нысандарының және ресурстардың әртүрлі комбинациялардың кемеліне жетуін есепке алу;
- - өндіріске қатысатын жұмыскерлердің біріккен еңбегі тек қана қанағаттандыру әкелуге тиістігін тану;
- - жаңалықтарды енгізу, пайдалылық, жауапкершілік көзқарастан басқарудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Кәсіпорын басқару дамуының негізгі бағыттары мынадай: - 1.Бұрынғы жетістерді есепке алу- қазіргі өндірістің материалдық, технологиялық базасының маңызын ұғыну. Бұл жағдай өндірістік процесті басқаруды компьютерлендіру ғана емес, тағы ұйым мақсаттарына жетуге техникалық жетістіктің әсер етуінің жалпы артуымен, өнімділік және өнім сапасы ролінің күшеюмен байланысты.
- 2.Басқарушылық мәдениетке көңіл бөлу ғана емес, тағы басқару демократизацияларының әр түрлі нысандарына, жай жұмыскерлерінің пайда табуға қатысуына, басқарушылық функцияларды орындауға жұмыстарды күшейту.
- 3.Менеджменттің ұйымдастырушылық нысандарын іздестіру. Мұнда құрылымдық шешімдердің әр алуандылығы көрініп тұр:
- «Торлық» ұйымдастырушылық нысандары мен топтық жұмысты басқарудан бөлімшелердің, тәуекелдік « жаңашылық командалардың» (пайда мен зиянға толық жауап беретін) барынша жоғары шаруашылық дербестікке дейін.
- 4.Басқарудың үйлестіру функциясы ерекше мәнге ие болады, аймақтар мен ел масштабында кәсіпорындардың өзара экономикалық байланыстары өте жоғарлайды.
Үйлестіруде ең тиімді түрлері өріс алады: - - алдын алу үйлестіру, мұнда проблемалар, қиыншылықтар және оларды жеңу жолдары болжауланады;
- - жоқ қылатын үйлестіру, шаруашылық қызметте іркілістерді жоюға бағытталған;
- - реттейтін үйлестіру, шаруашылық субъекттердің өзара іс- әрекетінің белгіленген тәрбібін (схемасын) қолдау үшін арналған;
- - ынталандыратын (жағдай жасайтын) үйлестіру, кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғырылатын;
- 5.Басқарушылық жүйе жеке адамдардың бастамасын және тәуекелдігін қолдауға дайындығы. Бұл бағыт кәсіпорын қызметінің барлық тарауларында тиімділікті көтеруге көзделенеді.
- 6.Кәсіпорын ішінде және оның сыртында басқарушылық қызметінің барлық сапасында интегрциялық процесстердің интенсивті дамуы. Нарықтық қатынастық күрделі жағдайында кәсіпорын қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігін жоғарлатуының басты резерві болып интеграциялық саясат болатыны белгілі.
1.3. Өндірісті басқаруды ұйымдастыру - Өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы – бұл басқару қызметтері мен міндеттерін қамтамыз ететін әр түрлі өзара байланысты буындарының жиынтығы.
- Басқарудың ұйымдық құрылымының негізіне өндірістің өзі жатады. Сонымен қатар өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы басқару еңбегінің жіктелуін, басқарудың әр түрлі қызметтерін сипаттайды. Сөйтіп, басқарудың объектілері мен қызметтері оның ұйымдық құрылымын айқындайды.
- Өндірісті басқару объектілері мейлінше сан алуан. Олар тұтас алғанда өндірістік ұяларға, өндірістік сатылары мен факторларына бөлінуі мүмкін.
- Өндірістік ұяларға жұмыс орындары, бригадалар, учаскелер, цехтар, кәсіпорындар, концерндер, консорциумдар жатады. Бұл сатылас бойымен алғандағы бөліністер. Кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, кооперативтер, өндіріс саласы еліміздің бірыңғай шаруашылық жүйесінің буындары болып табылады.
- Қазіргі жағдайда «ғылым-техника-өндіріс» жүйесі қалыптасуда.
- Өндіріс факторларына еңбек, материалдық және қаржы ресурстары, сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпарат жатады.
- Қандай да бір өндіріс ұясын, өндіріс сатысын немесе өндіріс факторын басқару жалпы басқару жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады.
- Басқару жүйесі дегенді бір-бірімен өзара байланысты, бір-біріне өзара әсер етуші басқару буындарының ретке келтірілген жиынтығы деп ұсынуға болады. Бұл басқару жүйесі басқару органдарының құрамы мен олардың бір-біріне бағыныштылық тәртібі, әрбір басқару буынның құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың өзара қарым-қатынастарын айқындау, ақпарат барысы сияқты басқарудың ұйымдастыру элементтерін қамтиды.
- Өндірісті басқару жүйесі иерархиялық (баспалдақ) сипатта болады. Бұл жүйе әр түрлі дәрежелерге бөлінуі мүмкін.
Өндіріс құрылымы және кәсіпорын құрылымы - Кәсіпорындағы басқаруды ұйымдастырудың түпкілікті және анықтаушы кезеңі - өндірістік процесс. Ол өзара байланысты негізігі, көмекші, қосалқы, жанама және қызмет көрсету процестердің жиынтығынан тұрады, олардың нәтижесінде өнім өндіріледі, жұмыс орындалады және қызмет көрсетіледі.
- Өндірістік процесс қызметкерлер ұжымдары арасында еңбек бөлінісін және олардың арасында құрал-жабдықтың, жұмыс машиналардың, үйлердің, құрылыстардың және тағы басқа тиісті бөлінісін қажет етеді. Осының бәрі бірқатар бөлімшелерді: цехтарды, учаскелерді, қызмет түрлерін құру қажеттілігін тудырады. Олардың құрамы, мөлшері, үлес салмағы, жоспарлауды, өндірістік процесті ұйымдастыру нысанын сипаттайды. Бөлімшелер жиынтығын, олардың құрамы мен нысанынан, өзара байланысынан өнеркәсіп кәсіпорнының өндірістік құрылымы құралады.
- Әрбір өндірістік бөлімшенің өндірістік процесте өзінің айқын белгіленген міндеттері болады. Бөлімше қызметкерлері өздеріне бекітіліп берілген негізгі қорлар мен айналым қаражаттарын пайдалана отырып, өндірістік циклді орындайды.
- Ұйымдық жағынан оқшауланған өндірістік бөлімшелер кәсіпорнының өндірістік құрылым буындары болып табылады.
- Әр кәсіпорнының өзіне тән өндірістік құрылымы болады, олар көптеген факторларға: өндіріс мөлшеріне, автоматтандыру және механикаландыру дәрежесіне, материалдық-техникалық жабдықтау жағдайына, өндірістің сипатына, өнімдердің түріне байланысты.
- Өндірістік құрылым цехтық, цехтық емес, корпустық және филиалдық болуы мүмкін. Шағын кәсіпорындарында цехтық құрылымы мүмкін. Мұндай жағдайда тиісті басшының басқаруымен үштен алтыға дейін басқару сатылары құрылады: директор –цех бастығы – бөлім бастығы – учаске бастығы – аусым бастығы – мастер. Цехтық емес құрылым жағдайда цехтардың орнына өндірістік учаскелер болады.
- Кейбір кәсіпорындарда, бірнеше цехтен немесе өндірістік учаскелерден корпус (өндіріс) құрылған кезде өндірістің корпустық құрылымы болады. Оның бастығы тікелей кәсіпорнының директорына немесе оның орынбасарына бағынады.
- Өндірістің филиалдық құрылымын құру кәсіпорны қызметі көлемінің территориялық жағынан кеңейту арқылы жұмыс тиімділігін арттыру, өндірісті кен өндіретін көздеріне, өнім тұтынушыға жақындату қажеттілігінен туады. Кәсіпорын филиалдарының әр түрлі мамандыру сатысы болады және олар белгілі бір шаруашылық дербестікке ие болады. Олар дайындаушы өндіріс немесе құрастырушы алаңдар да болуы мүмкін. Олардың шаруашылық қызметі ішкі өндірістік шаруашылық есеп негізінде жүзеге асырылады. Филиалдардың басқару аппараты, әдетте, үлкен болмайды, негізгі басқару міндеттерінің барлығын кәсіпорнының басқару аппараты атқарады.
- Нарықтық экономикасы жағдайында әрбір кәсіпорны ішкі құрлымдық бөлімшелердің әр қайсысының өндіріс процесіндегі орны мен қызметтерін негізге алып, мақсаттарын, құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Кәсіпорнын басқару құрылымы - Кәсіпорнының басқару жүйесін басқару аппараты көрсетеді, ол біршама оқшауланған бөлімдерге-басқару органдарына бөлінеді.
- Кәсіпорындарының ішкі басқаруы өндіріс ұйымдары сатыларына сәйкес келетін басқару сатыларының болуын көздейді. Әр саты келесі жоғары сатыға бағынады: өзінің «баспалдақтардан» тұратын басқару жүйесі осылай құрылады. Сөйтіп, кәсіпорындарды басқару құрылымы дегеніміз басқару жүйесінің әр түрлі сатыларында орналасқан және өндіріс жүйесі ретінде кәсіпорнының міндеттерін атқаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты басқару органдарының жиынтығы деген сөз.
- Кәсіпорындарды басқарудың мынадай негізгі ұйымдық жүйелері белгілі:
- желілі (сызықтық);
- желілі – штабтық;
- атқарымдық (функционалдық);
- желілі – атқарымдық;
- жобалық;
- матрицалық.
- Бұл басқару құрылымдардың әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
- Желілі басқару ең қарапайым ұйымдық құрылым болып табылады. Бұл ретте басқарудың барлық міндеттері бөлімше басшысының қолына жиналған және барлық төменгі өндірістік сатылар оған бағындырылған. Басқарудың сатылас (вертикальды) бірыңғай жолы және бағынушыларға тікелей әсер ететін тура жолы құрылады, мұның өзі қарама-қайшы және қисынсыз тапсырмалардың болу мүмкіндігін азайтады, дара басшылық пен жеке жауапкершілікті күшейтеді.
- Құрлымның мұндай түрінің артықшылығы оның қарапайымдылығы мен тиімділігінде. Алайда, оның үлкен кемшілігі бар, ол кемшіліктің мәні мынада: басшы жан-жақты маман болуы тиіс, оның бай тәжірибесі болып, істің барлық жағын қамтуы тиіс, өйткені ол белгілі міндеттерді атқару үшін арнаулы мамандықтағы бөлімдердің көмегін пайдаланбайды.
- Өндірістің өскелең күрделілігі және оның көлемінің өсуі басқару міндеттерінің саралауын талап етеді.
- Желілі басшылар өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық мәселелерін түгел қамти алмайтындықтан, басқарма бөлімшелері-бөлімдер, бюролар және т.б. құрылады, өндіріс барысын жоспарлау, есептеу және бақылау үшін, істің жағдайын зерттеп, шешімдер даярлау үшін мамандар тартылады. Алайда, бұл мамандар қабылдаған шешімдер үшін және өндіріс нәтижелеріне тікелей жауап бермейді. Желілі-штабтық жүйе жоспарлау, есеп және бақылау мәселелерін жақсы шешуге мүмкіндік береді, бірақ та шешімдер қабылдау процесінде желілі басшылардың ісіне қол сұғу қаупін тудырады.
- Атқарымдық жүйе жағдайында әр басшы белгілі қызмет саласына маманданып, тиісті міндетті жүзеге асыруға жауап береді. Функционалдық бөлімдер бастықтарының әр қайсысы өзінің міндетіне жататын мәселелер жөнінде өндірістік бөлімшелерге тікелей жарық береді. Мамандардың білімі мен қабілетін, басқаруды мамандандырудың жоғары дәрежесін неғұрлым кең пайдалану және қабылданатын шешімдерді неғұрлым терең жасап, дәлелді ету-бұл жүйенің артықшылықтары. Басқару сатысы неғұрлым жоғары болған сайын, атқарымдық басқару рөлі де соғұрлым маңызды болады. Функционалдық жүйенің басты кемшілігі-жарықтар беретін сан алуан бөлімдер, көптеген желілер мен арналардың болуын көздейді.
- Іс жүзінде сызықтық, желілі-штабтық және атқарымдық жүйені ұштастыратын басқару атқарымдық жүйені кең пайдаланады. Тау-кен өнеркәсібінде қазіргі уақытта басқарудың сызықтық-атқарымдық құрлымы анағұрлым кең өріс алған жүйе болып табылады. Құрылымның бұл түрлі желілі және атқарымдық жүйелердің барлық жақсы жағдайларының синтезі ретінде туады.
- Желілі-атқарымдық жүйе басқарма қызметінің мамандандырылуын дамытуды қамтамасыз етеді, сонымен бірге, өндіріс нәтижелеріне жауап беретін деңгейлес басшылықтың беделін сақтайды.
- Кәсіпорындарды басқару құрлымы өндіріс ерекшеліктерін, оның түрін, мамандыру сипатын, кәсіпорнының ішкі және сыртқы байланыстарын, басқарудың жинақталған тәжірибе формалары мен әдістерін бейнелейді.
1.4. Өндірістік учаскелерді басқаруды ұйымдастыру - Өндірістік учаске кәсіпорнының маңызды өндірістік бөлігі болып табылады. Ол бір тұрпатты өнім шығаратын немесе технологиялық жағынан текті жұмыс процестерін жүргізілетін, оқшау территоряға орналасқан белгілі жұмыс орындарының санын көрсетеді. Учаскелердің құрамы, көлемі және олардың өзара қарым-қатынастары тұтас алғанда кәсіпорнының шешетін міндеттеріне байланысты белгіленеді.
- Өндіріс құрылымының ең бірінші элементі жұмыс орны болып табылады. Бұл осы жұмыс орнында орындалатын жұмыс сипатына лайықты бар құралдар мен басқа құрал-жабдықтарды қоса алғанда бір жұмысшыға немесе жұмысшы бригадасына бекітіліп берілген өндірістік алаңының бір бөлігі.
- Өндірістік учаскені сызықты дара басшы болып саналатын учаске бастығы басқарады, ол цех бастығына бағынуы мүмкін немесе тікелей кәсіпорын директорына бағынады.
- Мастер өндіріс пен еңбектің толық құқылы басшы және тікелей ұйымдастырушы. Ол өз учаскесінде өндіріс жоспарының орындалуына және өнім сапасына жауап береді.
- Мастер учаскенің шаруашылық қызметінің негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштерін, оның ішінде еңбек өнімділігін, жалақы шығынның, өнімнің өзіндік құнын, өнімнің еңбек сайымдылығын, ақаудан пайда болатын шығынды және басқаларын жақсы білуге міндетті.
- Нарықтық экономика жағдайда мастерге қойылатын талаптар едәуір өсті. Ол техника мен экономиканы, адамдардың мінез-құлығын білуі, ұжымды топтастыра білуі тиіс.
- Мастердің басқару міндетіне адамдарды жұмыс орындарына бөлу, оларға разрядтар мен нормалар белгілеу, бүкіл ауысым бойынша жұмысшылардың еңбек өнімділігі мен қарқынына бақылау жасау ісі кіреді. Оперативтік басқару ісін жүзеге асыра отырып, мастер жұмыс бөледі, жоспардың орындалуын бақылайды, жұмыс орындарын дайындау, материалдарымен және жабдықтардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қадағалайды, техникалық нұсқау жұмысын жүргізеді, жұмысшыларға еңбек операцияларын орындау тәртібі мен тәсілін түсіндіреді, қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау ережелерінің сақталуын бақылап отырады.
- Мастер өндірістік қуаттардың барынша толық пайдалануын, олардың толық жұмыс істеуін және жабдықтардың дұрыс іске қосылуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол белгіленген технологияның, өндірістік және еңбек тәртібінің, іс ретінің, жұмыссыз тоқтап тұрушылық пен материалдар мен энергия шығындарынан сақтандырады.
- Мастердің құқықтары сан алуан, бұл құқықтар оған басқарудың барлық әдістерін, оның ішінде материалдық және моральдық жағынан көтермелеудің әр түрлі нысандарын пайдалануына мүмкіндік береді.
- Өндіріс процестегі жедел өзгерістер басқару процесі мен басқару құрылымын үнемі жетілдірудің қажеттігіне себепті болады. Өндіріс процесінің ұйымдастырылуы өзгереді және басқару буындары бойынша міндеттер бөлісу жайы ескеруі мүмкін. Мұндай жағдайда кейбір қызмет лауазымдары жойылып, жаңа лауазымдар туады, басшылардың өзара бағынушылығы өзгереді.
-
- 1.5. Басқару әдістері.
- Басқарудағы экономикалық әдістері
- Басқару дегеніміз – алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс. Өндірісті басқаруда жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесінің маңызы зор. Басқару субъектінің басқарылатын объектіге ықпал жасау әдістері деп түсініледі.
- Басқару әдістері дегеніміз - басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың жаңа әдістерінің болуы, олардың іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімділігінің алғышарты болып табылады.
- Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекше етеді.
- Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.
- Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.
- Жалпы түрде алғанда, басқару әдістерін мынадай екі үлкен топқа бөлуге болады:
- а) бүкіл басқару жүйесіне жататындар (жалпы әдістер);
- ә) басқару жүйесінің жекеленген бөліктеріне жататындар (шағын ауқымды әдістер).
- Басқарудың жалпы әдістері:
- -кәсіпорын, бірлестік, корпорация деңгейідегі басқару қызметінің неғұрлым нақты тәсілдеріне;
- -министірліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет әдістеріне;
- -түрлі деңгейдегі басшылардың өз қызметінде қолданылатын әдістеріне;
- -белгілі бір басқару функцияларын іске асыру әдістеріне бөлінеді.
- Нақты әдістер немесе жұмыс стилі деп аталатын бұл әдістердің бәрі шағын сипатта болады, өйткені олар қайсыбір жекелеген басқару органына, қызметкерге қатысты.
- Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың практикасы үшін ең алдымен басқару әдісінің проблемасына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын жалпылама түрде талдау жасау маңызды.
- Іс жүзінде басқару әдістерінің:
- -өзінің мазмұнымен (олар қандай басқару қатынастарын білдіреді);
- -мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы екендігімен);
- -қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысын білдіреді);
- -қолдану формалармен (дара, алқалық, ұжымдық) ерекшеленетін сан алуан түрлері қолданылады.
- Осы жүйеде ұжымдарға, жекеленген қызметкерлерге, тұтас экономикалық жүйелерге белгілі бір басқару буынының алдына қойылған міндеттерді, соның ішінде:
- -экономикалық;
- -ұйымдық-әкімшілік;
- -әлеуметтік-психологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін ықпал жасауды мақсат ететін әдістер маңызды орын алады.
- Басқару әдістері оқшау емес, бірге пайдаланады. Барлық басқару әдістері бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен бірге әдістердің әрбір тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну формалары мен қолдану шеңбер болады.
- Басқару әдістеріне талдау жасау кешенді көзқарасты, әдістің мазмұны, оның бағытын және ұйымдық формасын бөліп көрсетуді талап етеді.
- Басқару әдістері дегеніміз-объективті заңды талаптарын іске асырудың әдісі. Басқару әдісінің мазмұны объективті заңдардың мазмұнына байланысты.
- Сонымен бірге мақсатқа жету үшін әдістің жай ғана объективті заңдардың талаптарына сай келуі жеткіліксіз.Осы талаптарды өндіріс қызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет, өйткені экономикалық процестер өзінен өзі, өндіріс процесіне қатысушылардың қызметінен тыс өмір сұрмейді. Сондықтан басқару әдісі оған түрткі болатын әдістің мазмұнымен ғана емес, бағытымен де сипатталады.
- Басқару әдісі орындау жүйесі арқылы іске асырылады және белгілі бір ұйымдық форма алмай қоймайды.
- Ықпал ету жағынан барлық басқару әдістерін 3 топқа:
- а) материалдық есеп әдістеріне;
- ә) әлеуметтік есеп әдістеріне;
- б) билік ету себептері әдістеріне бөлуге болады.
- Осы топтардың әрқайсысы:
- -оңды себепті (ынталандыру);
- -теріс себепті (жазалау, мәжбүр ету) қамтиды.
- Материалдық қажеттерді қанағаттандыру әлеуметтік себептер үшін база жасайды. Бірақ бұл ықпалдарды бөліп алып, жеке-жеке қарауға болады
- Материалдық себептер мынадай үш түрде:
- -қоғамдық;
- -ұжымдық;
- -жеке түрде көрінеді.
- Материалдық себептерге:
- -материалдық жағынан ынталандыру;
- -күштеу шаралары: айып салу, өсім алу және басқа да материалдық жазалар қолдану жатады.
- Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр. Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижеге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады.
- Өндірістік ұжымдар мен жекеленген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқарларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материалдық көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсініледі.Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдалануын көздейді.
- Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты-кәсіпорынның ұжымына және жекеленген қызметкерлерге барынша белсендік көрсетуге ұмтылатындай экономикалақ жағдайларды қамтамасыз ету.
- Экономикалық әдістерінің бірнеше тобын көрсетуге болады. Олар:
- 1.шаруашылық механизмі және оның құрылымы;
- 2.әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқару;
- 3.экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану;
- 4.мемлекеттік реттеудің әдістері.
- Шаруашылық механизмі-шаруашылық жүргізудің қағидаларына негізделген әдісі. Бұл шаруашылық механизмі ұғымы кез келген кәсіпорындарының залалсыз қызмет істеуінің мәнін ашып көрсетеді. Шаруашылық механизмі ұғымына мұндай көзқарас кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңберде жұмыс істеу үшін жағдай жасауды білдіреді. Шаруашылық механизмі ең алдымен өндірушілердің сонан соң тұтынушылардың және жалпы қоғамның экономикалық мүдделерін ескере отырып, әр түрлі өндіріс процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
- Экономикамыздың нарықтық қатынастарға бет алуы іс жүзінде ең алдымен жаңа шаруашылық механизмінің енгізілуіне байланысты. Бұл орайда мыналарға:
- -кәсіпорындардың заласыз жұмыс істеуіне;
- -басқалармен салыстырғанда, ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін енгізетін кәсіпорындардың экономикалық айқындамаларын күшейтуге;
- -өндіруші жөнінді де, тұтынушы жөнінде де экономикалық мүдде категорияларының пайдалануына;
- -кәсіпорындардың шын мәнінде нәтижелі жұмыс істейтін ұжымдарының тұрмыс деңгейін күрт көтеруіне және т.б. қол жеткізуге болады.
- Басқару құрылымы элементтерімен және олардың байланыстарымен сипатталады.
- Элементтерге:
- -басқару қызметкерлері;
- -басқару техникасы;
- -басқару органдары жатады.
- Шаруашылық механизмі нарықтағы белгілі бір талаптарға сай келуге тиіс. Олар:
- -шаруашылық қызметінің ғылыми негізділігі;
- -механизмнің іске асырылуы экономикалық мүдделер негізінде жүргізілуі тиіс;
- -барлық деңгейдегі басқару объектілерінің мүдделерін біріктіру және үйлестіру.
- Әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқару біздің республикамызда жаңадан дамып келе жатқан экономикалық әдістер тобына жатады. Мемлекеттік реттеу-басқарудың экономикалық әдістеріне жатады.
- Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері
- Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері дегеніміз-өндіріс процесінде қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға тікелей басқарушылық ықпал жасау тәсілдері мен жолдары құралдарының жиынтығы болып табылады.
- Ұйымдық-әкімшілік ықпал үш бағыт бойынша жасалды:
- 1.Басқарылатын жүйе элементтерінің арасындағы, яғни техника, технология және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, еңбек заттары, еңбек құралдары мен жұмыс күші арасындағы, сондай-ақ біртұтас өндіріс және еңбек процесінде әр түрлі функциялар атқаратын қызметкерлердің еңбектегі, іс-қимылдары арасындағы байланыстар мен арақатынастарды реттеу үшін.
- 2.Басқарушы жүйе ішіндегі байланыстар, атап айтқанда: бөлу ұйымдық-әкімшілік ықпалға ұшырайды.
- 3.Ұйымдық-әкімшілік әдістерін және басқарылатын кіші жүйелер арасындағы өзара іс-қимыл формалары болып табылады.
- Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістерін және экономикалық мүдделерінің нақты ықпалы және пайдаланатын әдістердің ерекшеліктерін ескеруін айқындайды.
- Басқаруда шешілетін міндеттердің мақсаттары мен сипаты, ұйымда қалыптасқан дәстүрлер, ұйымның ұйымдық, әлеуметтік және экономикалық мүдделерінің нақты ықпалы және әдістердің ерекшеліктерін ескеру керек.
- Әлеуметтік-психологиялық әдістер
- Басшының өндірістегі аса маңызды функциясы – шешім қабылдау, ол шешімдерге жеке адамдардың стильдері ықпал жасайды.
- Қабылдаған шешімдердің тиімділігі олардың объективті жағдайда қаншалықты сай келетіндігіне ғана емес, сонымен қатар, олардың орындалуын ұйымдастыруға, адамдарды іріктеп алуға, бағыныштылар арасында міндеттерді бөлуге, оларға қажетті ресурстар беруге, орындалуын бақылауға байланысты.
- Кезкелген басқарушылық шешім ең алдымен адам факторының рөлін арттыруға байланысты болады.
- Қазіргі жағдайда басшылар негізінен экономикалық көрсеткіштер мен психологиялық процестеріне көп көңіл бөледі.
- Адам психологиясын және ұжым дамуының әлеуметтік-технологиялық заңдылықтарын ескермейінше, өз қабілетін толық ашу, жемісті еңбек ету және өндірістік ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану мүмкін емес тәрізді.
-
- 1.6. Басқару функциялары
-
- Басқару функцияларының жүйелі жиынтығы басқару процесін құрайды. Бұл-мақсатқа жету барысында қажетті шешімдерді әзірлеп қабылдауды және қабылдаған шешімдердің орындалу барысын үйлестіру мен бақылауды бірізділікпен жүзеге асыруды білдіреді.
- Ф.Тейлор-ғылыми басқару саласының көрнекті өкілі басқару функциялары қатарына:
- мақсатты анықтау;
- құралдарды таңдау және әзірлеу;
- нәтижені бақылау әрекеттерін енгізген.
- Ал А.Файоль-әкімшілік басқару мектебінің өкілі-басқаруды «болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру және бақылау» деп тұжырымдаған болатын. Сонымен қатар, А.Файоль кәсіпорында орын алатын операциялар жиынтығы турасынан төмендегідей функцияларды анықтаған:
- -техникалық функция (өндіріс);
- -сауда-саттық функциясы (сатып алу және өткізу);
- -есеп жүргізу функциясы;
- -қаржылық функциясы;
- -қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функциясы (қызметкер мен материалдық игіліктердің сақталынуы);
- -әкімшілік функциясы (басшылық, үйлестіру, бақылау).
- Операциялық басқару теориясына сәйкес басқару функциялары мынадай: жоспарлау;
- ұйымдастыру;
- кадрлармен жұмыс жасау;
- басшылық және лидерлік;
- бақылау.
- Дамыған нарықтық қатынастар мен бәсеке жағдайында кәсіпкерлік басқарудың функциялары болып дамыту, маркетинг, өндіру және шаруашылықты басқару табылады.
- Осы орайда басқару процесінің схемасын қарастырып өтейік.
- Жоспарлау-басқарудың жалпы функциясы деп бұрын айтқамыз. Ол басқарудың объектісінің де, субъектісінің де қоса алғандағы болашақтағы жай-күйін белгілейді. Жоспар сайып келгенде:
- 1)неге қол жеткізу қажеттілігін;
- 2)мұны қалай істеу керектігін;
- 3)жоспардың негізгі көрсеткіштері қандай;
- 4)оны орындау уақыт пен кеңістік бойынша қалай өрістетілуі тиіс екенін көрсетеді.
- Сонымен, жоспарлау ұйым алдындағы мақсаттар мен оларды тиімді жүзеге асырудың жолдарын анықтайтын басқару әрекеті болып табылады.
- Ұйымдастыру функциясы жоспардың орындалуын қамтамасыз етуге асырады. Аталған функцияның мақсаты - басқару және басқарылушы жүйелерді, сондай-ақ, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру. Осы мақсатта басшылық өкілеттіліктер мен жауапкершілікті қолданады.
- Басқарудың басты міндеттерінің бірі-ұйым мақсатына жету барысында адамдық ресурстарды тиімді пайдалану.
- Басшылық көзделген нәтижеге тиімді жету үшін жұмысты дұрыс үйлестіріп, адамдарға жүктелген міндетін орындата білуі тиіс. Өз шешімін жүзеге асыру үшін басшы мотивацияның негізгі қағидаларын қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |