Балаларға ұялы телефонды қолдануға тиым салған дұрыс па?



Дата19.01.2022
өлшемі16 Kb.
#33427
Ұялы тел талданған


Балаларға ұялы телефонды қолдануға тиым салған дұрыс па?
Ұялы телефон адам өміріне байланысу құралы ретінде қолданысқа енгелі бері, барлық адамзат баласының күнделікті қажетті құралына айналды. Ұялы телефонның негізгі қызметі ақпарат алмасу болғанымен, олардың қазіргі заманауи талапқа сай жасалған түрлерінің қызметтері тым көп. Олар фотоға және бейнетаспаға түсіру, әуен тыңдау, олармен бөлісу сияқты толып жатқан көмекші құрылымдық қызметтерінің арқасында кез келген жанның жанынан тастамайтын күнделікті құралы. Сондай-ақ ол балалардың да байланыс құрылғысы болуымен қатар, олардың көңіл көтеріп, түрлі ойындар ойнатын техникалық құрылғысы болып кетті. Бірақ қазіргі кезде балалардың ұялы телефон ұстағаны дұрыс емес немесе дұрыс деген керағар пікірлер қалыптасуда.

Балалардың ұялы телефон ұстауына қарсы пікірлер негізінен ұялы телефонның балалар денсаулығына зиян екенін айтады. Бұл пікірді жақтаушылар дәрігер ғалымдардың ұялы телефондар адам денсаулығана өте зиян деген тұжырымдарын алға тартады [1]. Мысалы, ұялы телефонмен жиі сөйлесу қазіргі таңда жастар арасында жиілеп кеткен әртүрлі аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін, сол себепті кейбір адамдар ұялы телефондарды мектеп жасындағы балаларға қолдануға тиым салу қажет деп санайды. Бұл ойды қолдайтын адамдар қатарына мектеп мұғалімдерін жатқызуға болады [2]. Мектеп мұғалімдерінің пікірінше ұялы телефондар балалардың өз бетінше ойлауына кедергі келтіреді. Меселен, олар математикалық есептерді шығарғанда ұялы телефон қызметін пайдаланып оп-оңай шығарады, ал ол бұлардың өзіндік ойлау қабілетін айтарлықтай бәсеңдетеді. Сондай-ақ оқушылар кез келген ақпаратты ұялы телефон арқылы кітапханаға бармай-ақ интернеттен лезде жүктеп алуына болады [2]. Сондықтан да балаларға ұялы телефон ұстауға болмайды деген пікір білдірушілер балалардың бұл байланыс құралының қолданылуына шектеу қою немесе тиым салу қажет деген ойын білдіреді [1;2].

Дегенмен қоғам арасында ұялы телефондар бала денсаулығана ешқандай әсері жоқ және оны қолдануға шектеу жасай алмаймыз деген пікірлер де жиі кездеседі. Біріншіден, кейбір білім бөлімінің мамандары ұялы телефонның балалар денсаулығана қандайда бір зияны туралы нақты деректер мен дәлелдердің жоқ екенін алға тартады [3]. Ал телефон өндірушілердің сөзіне сенетін болсақ, қазіргі заманауи ұялы телефондардың адам ағзасына мүлдем зияны жоқ [4]. Бұл тұжырымдар, ұялы телефондардың денсаулыққа зияны бар ма деген сауалдың жауабын іздеген адамға, олардың адам ағзасына кері әсері жоқ деген ұстанымға сенуге ықпал ететін сияқты. Екіншіден, ұялы телефонды балаларға қолдануға мүлдем тиым салуға болмайды деген ойды қолдаушылардың бірден-бір дәлелі ол – Қазақстан Республикасының Заңы. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында «Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар» деп жазылған [5]. Демек, қазіргі таңда балалардың күнделікті өмір сүру қажеттіліктірінің біріне айналған ұялы телефонды заң бойынша қолдануына қандай да бір шектеу қоюға болмайды.

Қортындылай келгенде, балаларға ұялы телефонды қолдануға бола ма немесе болмайды ма деген сауалға нақты жауап беру біршама қиындық тудырады. Ұялы телефондар адам баласының күнделікті тұрмыс тіршілігіндегі маңызды құралға айналып, оны балалар да кеңінен қолдана бастады. Дегенмен мамандар тарапынан ұялы телефондарды балалардың қолдануы олардың денсаулығы мен ойлау қабілетіне кері әсерін тигізеді деген пікірлер айтады, бірақ бұл тұжырымдар әлі де толық қанды ғылыми түрде дәлелденбеген. Сондай-ақ балалардың ұялы телефондарды қолдануына тиым салу арқылы олардың құқықтарын шектеуіміз мүмкін. Сол себепті балаларға ұялы телефондарды қолдануға тиым салу немесе шектеу қоюдың орнына оларға дұрыс қолдану ережесі мен қажеттіліктері жайында көптеген түсіндіру жұмыстарын жүргізген дұрыс сияқты.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Аринова С. Ұялы телефонның зияны. http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/9409/

2. Мыңжасарқызы Д. Ұялы телефон ұстаған бала тиянақты білімге қол жеткізе ала ма? 2016 http://elana.kz

3. Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ М. Ұялы телефон қылмыскер тәрбиелей ме? 2011 http://www.aktobegazeti.kz/?p=11614

4. Шүкірәлі Е. Ұялы телефонның адам денсаулығына әсері қалай? 2014 http://blogtime.kz/ERNUR/uyaly-telefonnyn-adam-densaulygyna-aseri-kalay.html



5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының. 2002 ж. 8 тамыз №345 http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау