ҰСАҚ Қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар



жүктеу 142,01 Kb.
Дата17.01.2022
өлшемі142,01 Kb.
#33160
Ата-аналарға кеңес


ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР мен ОЙЫНДАР

Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар мен ойындарға көшпес бұрын бала жасына байланысты ұсақ моториканың ерекшеліктерін атап көрсеткенді жөн көрдік:


3-6 айда
o Бала қолын аузына апарады.
o Қолдың қимылын көзбен қадағалайды.
o Көрген затына қолын созады және алады.
6-12 айда
o Бір қолындағы затты екінші қолына ауыстыра алады.
o Қасықты ыдысқа, текшелерді қорапқа сала алады.
1-2 жаста
o Шимайлар мен сызықтар сала алады.
o Ыдысты қолына алып, көтеріп іше алады.
o Төртбұрышты төртбұрышқа, домалақты домалақ тесікке сала алады.
o Кітаптарды парақтай алады.
o 5-6 текшені бірінің үстіне бірін қоя алады.
2-3 жаста
o Үлгіге қарап қарапайым пішіндер сала алады.
o Қайшымен қиюды біледі. Қақпақтарды аша алады.
o Ірі моншақтар тізе алады.
3-4 жаста
o Қаламды дұрыс ұстай алады.
o Нүктеленген суреттерді бастыра алады.
o Өзіне домалап бара жатырған допты ұстай алады.
o Қағазды бүктей алады.
4-5 жаста
o Қарапайым пішіндерді бояй алады.
o Негізгі әріптердің баспа түрін жаза алады.
o Адамның негізгі мүшелері бар суретін сала алады.
o Қалтаның ішіндегі заттарды сипап сезу арқылы не екенін айта алады.
o Ермексазбен жұмыс жасай алады.
o Бау байлай алады.
5-6 жаста
- Суреттерді жиектеп ұқыпты қия алады.
- Әріптер мен сандарды жаза алады.
- Балғамен шегені ұра алады.
- Геометриялық пішіндердің суретін сала алады.
Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар өте көп. Олар шартты түрде топтарға бөлінеді. Қол, қолдың білезік және саусақтарының қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындар, яғни ойыншықтармен, кез-келген заттармен өткізіледі. «Мозайкалар», «конструкторлар» − аталған материалдар саусақтардың белсенді қозғалысына әсер етеді. Мозайкада ұсақ бөліктерден толық сурет құрап шығару мақсаты тұрады. Ойын барысында бала бөлшектермен қозғалыс жасайды, байқағыштық, төзімділік, табандылық пайда болады.
Моншақтармен ойын
Екі қолдың да бағдарлауын арттырады. Балаға тізуге арналған бау және әр түрлі теңдіктегі, әр түрлі диаметрлі моншақтар беріледі. «Көз-қол» бағдарлауын жетілдіреді. Бұл ойында тек қол ісмерлігі ғана емес, сенсорлық (түс, көлем, пішін) қабілетті дамиды.
Баулармен ойындар
Сенсомоторлық бағдарлауды, ұсақ моториканы, жазықтықта бағдарлауды, «жоғары», «төмен», «оң», «сол» ұғымдарын игеруіне жәрдемдеседі, тілді дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін арттырып, қолды босаңсытады.
Қысқыштармен ойындар
Қысқыштармен ойналатын ойындар өте нәтижелі. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің дамуына зор ықпал етеді. Түрлі-түсті қатты қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер пайда болады.
Сурет салу
Сурет салу – Барлық балалар жақсы көретін, әрі пайдалы ісі. Қарындаш, қылқаламмен парақта, қатты қағазда сурет салу қатып қалған қағида емес. Қарда, құмда, терлеген терезе бетіне, асфальтта сурет салуға болады. Алақанмен, мақталы таяқшалармен, көкөністер бастырмаларымен және т.б. әдістермен, яғни бейнелеудің дәстүрлі емес техникалары арқылы сурет салу өте пайдалы, әрі қызықты. Балаға әр түрлі пішіндерді тік сызықпен салуға, суреттің үзік сызық бойымен жүргізу, үлгімен сурет салу, суреттің аяқталмаған екінші бөлігін салу − шығармашылық қабілетті, есте сақтау қабілетін, түсті қабылдауды дамытады.
Ермексазбен ойын
Ермексаз баланы жалпы дамытатын әр түрлі қызықты ойындар өткізуге мүмкіндік береді. Балалар ермексазды қолмен жібітеді, саусақпен бөліп алады, домалатады, ширатады, ермексазды қалауынша қалыпқа келтіреді және кез-келген уақытта ермексазды бүлдіріп алам деп қорықпастан жұмысына өзгеріс енгізеді, ол өз ісіне деген сенімділік тудырады.
Қазіргі дамыған технологиялар арқасында, ермексаздың жетілдірілген түрі хендгам шықты. Ермексаздан айырмашылығы, қолға, үстелге жағылмайды, пішінді сақтамайды. Ұсақ саусақ моторикасының дамытады, агрессияны басады, шығармашылық қабілетін, тілін дамытады, қолдың бұлшықеттерін бекітеді. Өте пайдалы құрал.
Қағазбен жұмыс.
Жай қағаз үлкен мүмкіндіктерге ие. Қағазды кішкентай бөлшектерге жыртып, бөлшектерден сурет салуға болады. Қағазды умаждап, допқа айналдыруға болады, қағазды қырқуға болады. Оригами өнерінің пайдасы ұшан теңіз.
жүктеу 142,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау