Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы 51-шығарылым



жүктеу 4,95 Mb.
бет4/20
Дата27.11.2017
өлшемі4,95 Mb.
#1990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


«Кондитерлік өндіріс» БӨЛІМІ

§ 1. ИНВЕРТ ШӘРБАТЫН ДАЙЫНДАЙТЫН АППАРАТШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Инвертаторда сахарозаны инвертеудің технологиялық процесін жүргізу. Инвертаторды қант шәрбатымен толтыру. Бу қаптамаға суық су толтыру. Талап етілетін температураға дейін қант шәрбатын салқындату. Процестің температуралық режимін бақылау және реттеу. арнайы өлшегіште қышқылды белгі концентрацияға дейін еріту. Инвертаторлардың араластырғыштарын қосу және қышқыл ерітіндісін құю. Сахарозаны инвертеу процесінің барысын бақылау. Редукцияланатын заттардың құрамын зертханалық талдауға арналған сынамаларды үзбей алу, олардың құрамын қышқылдың қосымша ерітіндісін немесе құрамында аз көлемде редукцияланатын заттар бар инвертті қантты қосу арқылы реттеу. Өлшегіште, белгіленген концентрацияны қатаң сақтай отырып, екі көмірқышқыл натрий ерітіндісін дайындау. Инвертті шәрбатты сілті ерітіндісімен бейтараптандыру процесін жүргізу. Сынамаларды таңдау. Дайын инвертті шәрбатта құрғақ заттардың құрамын рефрактометрдің көмегімен айқындау. Инвертті шәрбатты сүзіп, жинағыштарға құю. Жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: инвертті сироптың құрамы мен қасиеті, олардың температуралық режимге тәуелділігі, жылудың әсер ету ұзақтығының шамасы; инверттелетін ерітіндідегі қоспалардың болуы (сахарозаны инверттеу өнімдері), қант ерітіндісінің концентрациясы; инверттеуге қолданылатын ас қышқылының қасиеті және концентрациясының шамасы; құбырлар мен жабдықтардың схемасы және орналасуы; бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен пайдалану ережесі; технологиялық процестің параметрлері және сахарозаны инверттеудің технологиясы; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі.


§ 2. ГЛАЗУРЛАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Конфетті немесе басқа да кондитерлік өнімдерді, сурет салмай, дайын глазурьмен жабу. Ақау болған кондитерлік өнімдерді бракқа шығару. Глазурланған өнімдерді тоңазытқыш шкафтарға салу. Салқындатқаннан кейін бұйымдарды таразылауға немесе келесі операцияларға беру.

Білуге тиіс: кондитерлік өнімдерді, сурет салмай глазурлаудың ережесі мен амалдары.

§ 3. ГЛАЗУРЛАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Белгіленген суретті сала отырып, кондитерлік өнімдерді қолмен глазурлау. Белгіленген температураға дейін қыздыру және глазурды араластыру, оны қажетті консистенцияға жеткізу, қантсықпа глазурына эссенция мен бояу қосу. Глазурланған өнімдерді тоңазытқыш шкафқа тиеу. Салқындатылған өнімдерді таразылауға немесе одан кейінгі операцияларға беру. Өнім корпустарын қолмен глазурлау машинасының төсеміне тасымалдау, стандартқа сай келмейтін корпустарды бракқа шығару.

Білуге тиіс: сурет сала отырып, кондитерлік өнімдерді қолмен глазурлау технологиясының негіздері; глазурь мен өнім корпустарының сапасына қойылатын талаптар; глазурь дайындаудың ережесі, оның құрамы.

§ 4. ГЛАЗУРЛАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті глазурлаушының басшылығымен түрлі жүйедегі агрегаттар мен машиналарда әр түрлі кондитерлік өнімдерді глазурлау процесін жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықты жұмысқа дайындауға қатысу. Глазурлар мен өнім корпустарын машинаға үзбеу берілуін, өздігінен орналасу жұмысын, корпустардың тасымалдағыш ленталарына тығыз төселуін, өнімдердің глазурлау механизмі және салқындатқыш шкаф арқылы өтуін қадағалау. Ауа механизмдерінің жұмысын реттеу.

Білуге тиіс: түрлі кондитерлік өнімдерді агрегаттар мен машиналарда глазурлау технологиясы; глазурлауға түсетін өнімдерге және дайын өнімдерге қойылатын талаптар; қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципі.

§ 5. ГЛАЗУРЛАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүйедегі агрегаттар мен машиналарда әр түрлі кондитерлік өнімдерді глазурлау және безендіру процесін жүргізу. Бір және екі қатпарлы конфеттерді безендіру процесін басқару. Басқару пультінен безендіру машинасының суретін таңдау, темперленген массаны шағын темперден безендіру машинасына беру. Декарматикті қосу, оның жұмысын қадағалау. Тасымалдағыштың жүрісін, глазурлау механизациясын және салқындатқыш құрылғыларды тексеру. Глазурды темперлеу және глазурлау машиналарына тиеу. Қоректендіргіш сорғыларды қосу және тоқтату. Глазурдың созылымдылығын қадағалау. Бөлгіш, торлы және салқындатқыш тасымалдағыштардың қозғалыс жылдамдығын реттеу. Белгілі қалыңдықта шоколад глазурын және беті толқын тәрізді өнімдерді алу үшін ауа механизмдерін реттеу. Конфеттегі глазурь процентін белгіленген стандарттарға сәйкестігін айқындау.

Білуге тиіс: агрегаттар мен машиналарда түрлі кондитерлік өнімдерді глазурлаудың технологиясы; глазурь суретінің сапасына және т дайын кондитерлік өнімдерге қойылатын талаптар; глазурланатын өнім түрлеріне қарай глазурь шығынының нормалары; глазурлау агрегаты мен безендіру машинасының құрылғысы және оларды пайдалану ережесі; тасымалдағыштардың жылдамдығын және қызмет көрсететін механизмдердің жұмысын реттеу ережесі.
§ 6. ДРАЖЕ ЖАСАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Драженің қант секілді түрлерін домалату және өңдеу. Дражелейтін қазандықтарға драже корпустарын тиеу, шәрбат құю, қант опасын себу. Қазандықтардың айналу жылдамдығын және драже корпустарын өңдеудің ұзақтығын реттеу. Қант қабықшасы қабатының бірқалыпты пайда болуын қадағалау, оны тегістеу және ажарлау. Дайын өнімді түсіру.

Білуге тиіс: түрлі драже мен карамелдерді домалату және өңдеу амалдары мен ережесі; дражелейтін қазандықтардың жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі.

§ 7. ДРАЖЕ ЖАСАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті драже жасаушының басшылығымен драженің ликер-тоңбасы түрлерін немесе құрамында дәрі-дәрмек, дәрумендер, бактериялық, вирустық, эндокринді немесе басқа да препараттар бар емдік мақсатқа арналған дражелерді жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Дражелеу массасы үшін материалдар дайындау. Берілген рецептура бойынша қант шәрбатын дайындау. Драже корпустарын қазандықтарға тиеу. Қажетті өлшемдегі, салмақтағы, формадағы дражені алу мақсатында дражелеу процесін және бетін қадағалау. Шикізатты, жартылай дайын өнімнің шығындалуын және дайын өнімнің сапасын бақылау. Дражелейтін қазандықтардың жұмысындағы кінәраттарды анықтау.

Білуге тиіс: шығарылатын драженің ассортименті; шикізаттың, жартылай дайын өнім мен дайын өнімнің қасиеті; түрлі дражені жасау рецептурасы және жасау технологиясы; түрлі дражеге қойылатын талаптар; құрамында дәрі-дәрмек, дәрумендер, бактериялық, вирустық, эндокринді немесе басқа да препараттар бар емдік мақсатқа арналған дражелердің қасиеті.

§ 8. ДРАЖЕ ЖАСАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түсті, шоколад дражелер мен емдік мақсатқа арналған дражелерді жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Машинамен немесе қолмен түрлі драже: ликер, қантсықпа, желе сияқты, жеміс-жидек, карамел, жаңғақ корпустарын дайындау. Қант, ликер шәрбаттарын, жылтырату массаларын, шоколад глазурын, қантсықпа немесе құрамында дәрі-дәрмек, дәрумендер, бактериялық, вирустық, эндокринді немесе басқа да препараттар бар дражелеу массасын дайындау. Қант опасымен домалату (өңдеу) арқылы бетін жақсылап тегістеп, дражелейтін қазандықтарда драже корпустарына талап етілетін форма мен өлшемде жартылай дайын өнімдерді жасау. Емдік мақсатқа арналған дражелерді жасау кезінде талдаулар үшін сынамалар іріктеу. Корпустарды, жартылай дайын өнімдер мен шәрбаттарды жасау сапасын бақылау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: шикізаттың, материалдардың, жартылай дайын өнімнің және дайын өнімнің физикалық және химиялық қасиеті; рецептуралар, шәрбаттарды пісіру технологиясы және тәсілдері, әр түрлі драже үшін дражелеу және жылтырату массаларын дайындау; шикізаттың, жартылай дайын өнімнің және дайын өнімінің сапасына қойылатын талаптар; жабдықтың жұмыс істеу принципі, жұмыста болған кінәраттарды анықтау және жою тәсілдері.

§ 9. БИСКВИТТЕР ЖАСАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті бисквиттер жасаушының басшылығымен штампылау машинасына қызмет көрсету операцияларын орындау. Ұн себу және штампылау машинасының жанышқысы арасындағы қамыр лентасын толтыру. Қамырдың жанышқы арасынан өтуін қадағалау. Дайын өнімдердің жәшіктерінің немесе қораптарының толуын қадағалау. Дайын өнім салынған жәшіктер мен қораптарды салу орнына апару. Өнімді бракқа шығару.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыстың ережесі мен амалдары; штамп-машина жұмысының принциптері; дайын өнімнің сыртқы түріне қойылатын талаптар.


§ 10. БИСКВИТТЕР ЖАСАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті бисквиттер жасаушының басшылығымен қолмен созылмалы, қантты, иленген печенье мен тоқаштарды формалау процесін жүргізу. Қол жанғыштарда және қолмен қамырды есу. Қамырды белгіленген қалыңдыққа дейін илеу, ұн себу. Қамырды кесу, бұқтыру немесе штампылау. Қамырды ротациялық, штампылау немесе қамыр есетін (қамыр басатын) машинаға тиеу. Табақтарды майлау.табақтарды формалайтын машиналарға немесе пештерге беру. Түсетін қамырдың сапасын бақылау. Қамырды бөлу және машинада кесу. Дайын өнімді стеккерде қатарлау. Барабандарда немесе қазандықтарда тоқаштарды тираждау.тоқаштарды тиеу, оларға шәрбат құю, түсіру және кептіргіш шкафтарда немесе камераларда кептіру.

Білуге тиіс: қолмен печенье мен тоқаш жасау технологиясының негіздері; орындалатын жұмыстың ережесі мен амалдары; қамырды өңдеудің механикаландырылған процесіне қызмет көрсету ережесі; қамырдың сапасы мен консистенциясына қойылатын талаптар; тоқаштарды тираждау тәсілдері мен ережесі; тоқаштардың сапасын органолептикалық бағалау әдісі және оларды өңдеу ережесі.

§ 11. БИСКВИТТЕР ЖАСАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ротациялық, штампылаушы немесе қамыр есетін машиналарда механикаландырылған тәсілмен қамырды формалау процесін жүргізу. Жазылатын қамырдың қалыңдығын реттеу. қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын қадағалау. Жартылай механикаландырылған тәсілмен түрлі майқоспа печеньелерді жасаудың процесін жүргізу. Қамыр илейтін машиналарда қамыр илеу. Бекітілген рецептураға сәйкес шикізатты өлшеу және оларды қамыр илейтін машиналарға тиеу. Дайын қамырды түсіру. Үстелдерде қолмен қамырды технологиялық режимде белгіленген қалыңдықта жазу. Печеньелерді табақтарға салу. Үздіксіз жұмыс істейтін барабандарда тоқаштарды тираждау процесін жүргізу.

Білуге тиіс: жартылай механикаландырылған тәсілмен печенье мен тоқаштың түрлерін жасау технологиясы, оларды жасау рецептурасы; орындалатын жұмыстың ережесі мен амалдары; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы және пайдалану ережесі.

§ 12. БИСКВИТТЕР ЖАСАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолмен печенье мен тоқаштардың түрлерін жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Шикізат пен материалдарды дайындау. Берілген рецептура бойынша қамыр илеу. Әр түрлі өнімдер үшін қамырларды бөлу. Қамырды формалау және өнімдерді пісіру. Дайын өнімді орау машиналарына дұрыс берілуін және дұрыс оралуын қадағалау. Печеньеге арналған салма, пироженое мен тортқа арналған крем түрлерін жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Белгіленген рецептура бойынша бұлғағыш машиналарға шикізат тиеу. Кремдерді бұлғау процесін қадағалау. Бұлғау процесінің аяқталу сәтін айқындау. Темперлеу машинасында түрлі салмаларды илеуді қадағалау. Темперлеу машинасындағы температуралық режимді реттеу.

Білуге тиіс: қолмен печенье мен тоқаш түрлерін жасаудың, кремдер мен салмаларды дайындаудың технологиясы; тоқаштар мен печеньелердің түрлерінің рецептурасы; қамыр мен дайын өнімдерге қойылатын талаптар; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы және пайдалану ережесі.

§ 13. БИСКВИТТЕР ЖАСАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Формалаушы агрегатта печеньелерді, тоқаштар мен майқоспа өнімдерді жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Агрегатты жұмысқа дайындау. Илеу бөлімшесінен түсетін қамыр сапасын бақылау және оны біліктеу. Формалаушы агрегатты қосу және тоқтату. Үздіксіз қамыр лентасының пайда болу процесін қадағалау. Қамырдың берілуін, конвейер жүйесі бойынша қамырдың қозғалу жылдамдығын, қамыр лентасының қалыңдығын реттеу. Штампылау механизмінің жұмысын, формаланған (кесілген) өнімдерді қатарлауды және формалайтын агрегаттың төсемінен табақтарға (трафареттерге) немесе тікелей пештің болат ленталарына көшіруді реттеу. Ағынды-механикаландырылған желіде печенье жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Желіні жұмысқа дайындау. Келіп түсетін шикізаттың сапасын тексеру. Берілген рецептура бойынша шикізатты илейтін машиналарға тиеудің мөлшерін және жүйелілігін қамтамасыз ету. Үздіксіз илеу, қамырды басу, формалау және пісіру процесін қадағалау әрі реттеу. Пісірудің температуралық режимін қадағалау. Желінің барлық жабдықтарының тоқтаусыз және ырғақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: формалаушы агрегатта печеньелерді, тоқаштар мен майқоспа өнімдердің рецептурасы және дайындау технологиясы; ағынды-механикаландырылған желілерде печенье жасау режимінің параметрлері және технологиялық схемасы; шикізаттың, жартыдай дайын өнім мен дайын өнімнің сапасын айқындау әдістері; формалаушы агрегаттардың, илегіш машиналардың, пештердің, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптардың, қызмет көрсететін ағынды-механикаландырылған желілердің құрылғысы және пайдалану ережесі.

§ 14. ВАФЛИ ЖАСАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Вафли табақтарына салмаларды жағу және оны қолмен жабыстыру. Тұндырма қаптарына салмаларды толтыру. салмаларды фигуралық вафлилерге тұндыру. Вафлилерді жабыстыру және кесу.

Білуге тиіс: қолмен салмаларды вафли табақтарына салу, салмаларды бұқтыру, вафлилерді жабыстыру және кесу амалдары және тәсілдері.

§ 15. ВАФЛИ ЖАСАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Вафлилерді машиналарда жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Салмаларды вафли табақтарына жағу және оларды машинада жабыстыру. Машина бункерін салмамен толтыру. Машина біліктегіші арасына вафли табақтарын беру. Салманың берілуін реттеу. Біліктер арасында талап етілетін саңылауларды орнату. Тасымалдағыштардан вафли пласттарын қабылдау және сауыттарға қатарлау.

Білуге тиіс: вафли салмаларының түрлері; вафли табақтарына салма қабатын жағу тәсілдері және оларды машинада жабыстыру; қызмет көрсететін машиналардың жұмыс істеу принциптері және пайдалану ережесі.

§ 16. ВАФЛИ ЖАСАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағынды-механикаландырылған желілерде салмасы бар вафлилерді жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Вафли табақтарының саны мен сапасын және салма мен табақтардың ара қатынасының берілген рецептураға сәйкестігін бақылау. Салмаларды жасау процесін қадағалау. Салманың дайын болғандығын және сапасын айқындау. Салмаларды жағатын машиналардың жұмысын реттеу, салма қалыңдығын белгілеу. Пласт салмағын тексеру. Тоңазытқыш камерада пласттарды салқындатуды (ұзақтығын) қадағалау.

Білуге тиіс: ағынды-механикаландырылған желілерде вафли жасаудың рецептурасы мен технологиясы; салма және вафли табақтарының сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсететін жабдықтарды пайдалану ережесі.

§ 17. ВАФЛИ ЖАСАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ағынды-механикаландырылған желіде мол ассортиментте салмалары бар вафли жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Вафли табақтарын қабылдау, оларды салмаларды жағатын машиналарға беру. Тоңазытқыш камерада вафли табақтарын салқындатудың температуралық режимін бақылау.

Білуге тиіс: вафлилердің ассортименті, рецептурасы және ағынды-механикаландырылған желіде түрлі вафли жасау технологиясы; дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар; ағынды-механикаландырылған желіде қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы және пайдалану ережесі.
§ 18. КАРАМЕЛДЕР ЖАСАУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті карамелдер жасаушының басшылығымен штампылау немесе кескіш машиналарда түрлі операцияларды орындау. Салқындатылған карамелдерді машинадан түсіру және лотоктарға қатарлау. Лотоктарды салу орындарына тасымалдау.

Білуге тиіс: карамельдің негізгі қасиеті және ерекше белгілері; дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; салқындатылған карамелдерді машинадан түсіру амалдары және оларды лотоктарға қатарлау ережесі.

§ 19. КАРАМЕЛДЕР ЖАСАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Карамель массасын салқындатқыш үстелге тасымалдау. Карамель массасына бояғыштар, қышқылдар мен эссенциялар қосу. Массаны араластыру және бөлуге беру. Бракқа шығару.

Білуге тиіс: карамель массаларының, бояғыштардың, қышқылдар мен эссенциялардың негізгі қасиеті және ерекше белгілері; карамель массаларына бояғыштарды, қышқылдарды, эссенцияларды қосудың және массаны араластырудың ережесі мен амалдары.

§ 20. КАРАМЕЛДЕР ЖАСАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолмен екі есе немесе қою салмалары бар карамелдерді жасауға арналған карамель массасын проминка, бөлу. Карамель массаларын үстел үстінде салқындату, жаю. Созу машиналарында массаны созу. Таптау салма салу машиналарында пласттарды салу және өңдеу. Салмалардың түсуін реттеу және карамель батонын безендіру, калибрлеу-тарту механизмдерде батонды жгутқа тарту және оны карамельді формалау агрегаттарына беру. Калибрлеу-тарту механизмі мен карамельді формалаушы агрегаттардың жұмысын реттеу, оның жұмысындағы кінәраттарды жою.

Білуге тиіс: екі салмасы бар карамелдерді жасау, батондарды, жгуттарды формалау үшін карамель массасын бөлудің технологиясы, ережесі мен амалдары; қызмет көрсететін машиналар мен механизмдердің құрылғысы, жұмыс істеу принципі, пайдалану ережесі және реттеу тәсілдері; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптардың міндеті және пайдалану ережесі.

§ 21. КАРАМЕЛДЕР ЖАСАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Карамель формалаушы агрегатта тас кәмпит карамельдерді жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Карамель массасын проминкалау, бөлу және салқындату режимін реттеу, оны формалауға дайын болғандығын айқындау. Монпансейн біліктерде штампылау немесе кесетін тізбектері бар машиналарда карамелдерді формалау. Ағынды- механикаландырылған желіде тас кәмпит карамелдерін дайындау кезінде - карамель массаларын пісіру, хош иістендіру, салқындату процесін қадағалау және реттеу, формаланған карамельді орау және өлшеп орау, сапасын тексеру. Қызмет көрсету жабдықтарының жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: тас кәмпит карамелдерін жасау үшін карамель массасын қасиеті; тас кәмпит карамелдерінің технологиялық процесін бақылау және реттеу әдістері; қызмет көрсететін жабдықтың және ағынды-механикаландырылған желінің құрылғысы және пайдалану ережесі; тас кәмпит карамелдерінің сапасына қойылатын талаптар.

§ 22. КАРАМЕЛДЕР ЖАСАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Карамель формалаушы агрегаттарда салмасы бар карамелдерді жасаудың технологиялық процесін жүргізу. Машина және агрегат механизмдерінің жұмысын тексеру және реттеу. Карамель массалары мен салмаларды формалауға уақытында дайындалуды және беруді қамтамасыз ету. Карамель массасын проминкалау машиналарында немесе қолмен жою. Карамель пластасын дайындау, таптау машинасының салма салғыш түтіктерге беру. Салмаларды темперлеу және механикаландырылған тәсілмен немесе қолмен салма толтырғыштарға беру. Салмаларды түтік арқылы карамель батондарға салу. Калибрлеу-тарту механизмдері арқылы батонды жіберу. Штампылау немесе кескіш тізбектері бар машиналарда карамелдерді формалау процесін қадағалау. Екі қою салмасы бар карамельдерді жасау кезінде - карамель "конвертін" жасау, "конвертті" жабу және тарту, одан әрі формалау үшін таптау машинасына салу. Бояу қабыршықта карамелді жасау кезінде - түрлі түсті карамель массаларын көп еселеп салу және оюлы пласттарға тарту және оған самасы бар "конвертті" салу. Ағынды-механикаландырылған желіде салмасы бар карамелдерді жасау процесін жүргізу. Технологиялық режимдердің сақталуын бақылау және карамель өндірісінің барлық фазалары жұмысында кінәраттарды жою. Бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын қадағалау. Карамель формалаушы агрегаттардың жұмысымен байланысты барлық желі жабдықтарының өзара қатынасын қамтамасыз ету. Тиеу, режимді және пісіру аппараттарының, мөлшерлегіштердің, салқындатқыш құрылғылардың, проминалдың, таптау салма салу және темперлеу машиналарының, формалау агрегаттарының, тегістеуге арналған аппараттың, өлшеу-орау автоматтың, орау машиналары мен тасымалдағыштардың жұмыс істеу ырғағын реттеу.

Білуге тиіс: әр түрлі салмасы бар карамелдерді жасаудың технологиясы, рецептурасы мен тәсілдері; карамель массалары мен салмалардың ассортименті мен қасиеті; салмасы бар карамелдердің сапасына қойылатын талаптар; түрлі карамелдерді жасауға арналған жабдықтардың конструктивтік ерекшеліктері және пайдалану ережесі әрі жұмысын реттеу.

§ 23. Кәмпиттер жасаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұндырғаннан кейін крахмалдан кәмпит корпустарын іріктеу. Тазартылған корпустарды таразыларға беру. Тасымалдағыштан дайын өнімді түсіру. Жедел тұндырып, ағынды-механикаландырылған желіде камераға кіргізу кезінде лотоктардың қалпын тексеру. Дайын массадан қолмен марципті, майлы және басқа да кәмпиттердің корпустарын сықпалау тәсілімен формалау процесін жүргізу. Қантсықпа, пралинді, марципті массалар мен кремдерді қыздыру және араластыру. Дәм беретін, бояйтын және хош иістендіретін заттарды қосу. Шприцтеу қапшықтарын кәмпит массасымен толтыру, өнімдерді тұндыру-формалау, бояу.

Білуге тиіс: жұмысты орындау үшін қажетті көлемде операцияларды орындау ережесі мен амалдары.

§ 24. Кәмпиттер жасаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті кәмпиттер жасаушының басшылығымен жартылай механикаландыру тәсілімен немесе қолмен түрлі кәмпиттер мен ұлттық тәтті тағамдарды жасаудың процесін жүргізу. Шәрбаттарды пісіру, тираждау, салқындату, бұлғау, қыздыру, хош иістендіру. Қолмен немесе жартылай механикаландырылған тәсілмен кәмпит массаларын крахмалға құю және сықпалау. Крахмалды електен өткізу. Крахмалда құмаларды құю үшін ұяшықтар штампылау.кәмпит корпустарын машинада немесе қолмен крахмалдан тазалау. Кәмпит корпустарын жылғалы қатарлағыштарға үлестіру. Бояғыш конвейерге қызмет көрсету. Бояғыш конвейер қоректендіргіштеріне кәмпит массасын тиеу. Кәмпит массасының қалыңдығын реттеу. Кәмпит пласталарын аудару, салқындатылған пласттарды тұндыруға және кескіш машиналарға беру. Тасымалдағыштың күйі мен жұмысын қадағалау. Сықпа престерде немесе басқа да формалаушы агрегаттарда кәмпит батондарын престеу. Пресс құйғыштарына кәмпит массаларын тиеу. Престерді қосу және тоқтату, олардың жұмысын реттеу. Уақытылы берілуін қамтамасыз ету және белгіленген формада кәмпиттерге арналған батон жолақтарын немесе жгуттарды кесу машинасын қадағалау. Жоғары білікті кәмпиттер жасаушының басшылығымен үздіксіз ағынды желіде күмбез секілді кәмпиттерді сықпалау және какао ұнтағымен әрі вафли жармасымен себелеу. Трюфельдерді, оңтүстік жаңғағын дражирлеу қазандықтарында және басқа да аппараттарда домалату. Қазандықтарға кәмпит корпустарын тиеу, корпустарға какао массасын құю және қазандық айналған кезде какао ұнтағын себу. Какао массасының бірқалыпты таралуын бақылау, түсіру және өнімдерді електен өткізу. Стандартқа сәйкес келмейтін жабдықтардың өнімдерді бракқа шығару. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы кінәраттардың алдын алу.

Білуге тиіс: жартылай механикаландырылған тәсілмен немесе қолмен конфет түрлерін және жартылай дайын өнімдерді, ұлттық тәтті тағамдарды дайындау технологиясы; кәмпит массаларына қойылатын талаптар; түрлі кәмпиттерді тасымалдағышқа тиеу, бояу немесе қалыңдату, қалыңдығын реттеу ережесі және амалдары; трюфелдерге қойылатын техникалық талаптар және таптау тәсілдері; дражирлеу қазандықтарын пайдалану және қызмет көрсету ережесі; кәмпит батондарын дайындау технологиясы; сықпа престердің жұмыс істеу принципі және пайдалану ережесі.


жүктеу 4,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау