Сабаќтыѕ таќырыбы: Ою-ґрнекті сызып ќию негізгі бґлшекке



жүктеу 134,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі134,5 Kb.
#23168
түріСабақ

ОҚО Түркістан қаласы Жаңа Иқан ауылы
«Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Технология Пән мұғалімі
Шарифжан Нурметов

87777940473
Пәні: Технология. Сыныбы Өтетін күні


Сабақтынң тақырыбы: Тұрмыстық электр аспаптарының ақаулығын анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды тұрмыстағы электр аспаптарының ақаулығы және оның тұрмыста қолданылуы жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік: Электротехникалық жұмыстарды орындағанда ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру,теориялық білімін іс жүзінде қолдана білуге,өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Қарапайым тұрмыстық электр құралдарын ақауларын жөндеуге дағдыландыру.



Сабақтын түрі: аралас.

Сабақтын әдісі: алған білімін практікада қалыптастыру.

Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер.

Көрнекілігі: слайдтар, тұрмыстық электр аспаптары, теледидар, электр плита, үтік, электр шәйнектер т. б.

Құрал - жабдықтар: Түрлі электромонтаждық құрал-саймандар.

Пәнаралық байланыс: физика, химия, сызу

Пайдаланған әдебиет: Технология 8 сынып Физика 5-6-7 сыныптар Сызу 9 сынып

Сабақ жоспары: Ұйымдастыру кезеңі.

Өткен сабақты қайталау.

Жаңа сабақ.

Оқушылардың өзіндік жұмысы.

Қорытынды бөлім.

1.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Кабінетті, тақтаны сабаққа дайындау;

2. Оқушылармен амандасу.

3.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

4.Арнаулы киімін тексеру;

5.Құрал-жабдықтар мен материалдарды тарату;

6 Өткен сабақта жүргізілген жұмыстарға талдау жасау;

7.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

8.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;




2.Өткен сабақтағы материалды пысықтау.
Оқушылармен өткен сабақтағы материалды пәтер электр жабдықтары және еске түсіру және пысықтау үшін сұрақтар мен тапсырмалар беру.
1. Пәтер электржабдықтары қандай аспаптардан түрады

2.Пакеттік ажыратқыштын атқаратын қызметі қандай



3.Қалқандағы автоматтың рөлі қандай

4.Электр торабындағы болатын қандай ақаулықтарды білесіндер

5.Бақылау шамы не үшін керек

6.Бақылау шамымен жай ажыратқыштың ақаулығын анықтауға болам ма

7.Қысқа тұйықталуды қалай білуге болады

8.Қалқан санаушындағы автомат ажыратқыштың ақаулығын қалай анықтауға болады



Үй тапсырмасын бекіту


«Кім біледі?» ойыны. Шартты белгілер түрлерін слайд арқылы сұрау (8 шартты белгі) «беске» білетін оқушы 1 сұраққа жауап беріп, қалғаның оқушылардан «кім біледі?» деп сұрайды.

Электр схемасы дегеніміз?


Электрсұқпа шанышқы Ажыратқыш Гальваникалық элементтер батареясы немесе аккумулятор



Электрсұқпа резетка Гальваникалық элемент немесе ак






Электр шамы Сымдарды қосу Сымдардың қиылысуы






3.Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың барысы: Түсіндірме баяндау. Тұрмыстағы электр аспаптары - теледидар, радиоқабылдағыш, электр плита, үтік, электр шайнек т. б. мен таныстырп, аспаптарды өздері жөндеп алу тәсілдерін үйрету.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Әрбір үйде тұрмыстық электр аспаптары бар – теледідар, радиоқабылдағыш, кіржуғыш машина, электр плита, үтік, электр шайнек, шаңсорғыш, т. б. Осылардың барлығы да жұмыс істемей қалуы мүмкін. Олардың себептері де әр түрлі болады – бір жерден екінші жерге тасымалдаудан немесе құрылымына байланысты.

Кейбір жеңіл-желпі ақаулықтарды арнайы мастерлердің көмегінсіз өздерің қолдан жөндеп алуларыңа болады.

Әрбір электр аспапты сатып алғанда инструкциясы болады, мұнда құрастыру, пайдалану және күту туралы жазылады, сол сияқты болуы мүмкін ақаулықтар және олардың жою жолдары беріледі.

Егер электраспап жұмыс істемей қалса, электр тораптан ажыратып, бақылау шамымен тексереді, штепсель розеткасында токтың бар-жоқтығын анықтайды. Егер розетка дұрыс болса, онда ақаулықты электр аспаптың өзінен іздеуге болады.

Теледидар, радиоқабылдағыштарда сақтандырғышты тексереді, олметалл ұштықты шыны түтікшені еске түсіреді. Түтікше ішінде жеңіл балқымалы металдан талшық тартылған. Егер ол балқып кетпеген болса, ақаулықты ток өткізуші баудан іздеу керек. Бұлар өте жиі болып тұратын ақаулықтар. Бау ішіндегі қапталған екі талшықтың біреуі сынып кеткен болуы мүмкін (көбіне аспапқа қосылатын жері немесе штепсель ашаға жалғасқан жері(. Үзілген жерді баудың сыртынан қолыңмен ұстап көріп отырып табуға болады, әсіресе бүгілген жерлерді мұқият қарау керек. Бірақ бақылау шамымен тексерген сенімді, анық болады. Бауды торапқа қосып, бақылау шамының сымдарын аспап бауның қыспағына тігізеді. Егер шам жанса, бауда ақаулық жоқ болғаны. Онда басқа ақауларды мастер ғана тауып жоя алады.

Электроплитаны, үтікті, шәйнектерді өздеріңнің жөндеп алуларыңа болады. Олардағы негізгі қыздыратын элемент нихроннан немесефехральдан жасалған. Қыздыратын элемент-тер шиыршықты немесе таспа сияқты болады. Аспаптың металл бөліктерінен олар берік және жылуға төзімді оқшаулағыш материалдармен бөлінген, ондай материалдарға.. шамот, фарфор, асбест, слюда жатады.

Қыздыратын элементтердің ұшы түйіспелі штифтармен, сомындармен бекітіледі. Көбіне осы жерде ақаулық пайда болады. Нашар түйіспенің салдарынан тізбек осы жерінен жиі-жиі ажырап, от ұшқыны шығып, түбінде түйіспелер жанып кетеді.

Мұндай жағдайда шиыршық ұшын жылтырағанша тазалап, сақына тәрізді орап, түйіспе штифтіне кигізіп, сомынмен екі тығыршықтың арасында қысады.


Жұмыс үстінде еңбек кауіпсіздік ережелерін есте сақта:


  1. Токтың қанша мөлшері адам денесі арқылы өтсе, адам үшін соншалықты қауіпті.

  2. Егер электр өткізгішке саусағыңның ұшымен емес, түгелдей қолыңды тигізсең, токтан алатын зақым да көп болады, әсіресе байқамай дымқып қолыңмен тиіп кетсең, тіпті қауіпті.

  3. Тораптағы ток күші жоғары болса, одан алатын зақымдану да жоғары болады.

  4. Электр тогымен зақымданудың дәрежесі оның адам денесіне өткен жолымен байланысты. Егер ток бас, жүрек, тыныс жолдары арқылы өтсе, ол өте қауіпті.

  5. Организмге ток қаншалықты ұзақ әсер етсе, соншалықты нәтижесі ауыр болады.

  6. Шаршанқы, әлсіз адамды ток көбірек зақымдайды.

  7. Кез келген тартылымдағы сымдар ақаусыз және жақсы оқшауланған болуы керек.

  8. Электр шамын алмастырғанда қолыңмен шам цаколасына тиіп кетпеу керек. Аяқ астының құрғақ болғаны және құрғақ резеңке плащтар киген дұрыс. Жылытқыш жүйесіне мініп тұруға немесе ұстауға тыйым салынады.

  9. Шам ілініп тұрған сымдарды тартуға болмайды. Кейде шамды бір орыннан екінші орынға әкелу үшін жаланғаш қолмен қозғап ауыстырады, бұл дұрыс емес. Мұндай жағдайда байқаусызда оқшаулағышқа тиіп кетіп, қысқа тұйықталу болуы немесе адамды ток соғуы мүмкін.

  10. Көшірмелі немесе бақылау шамдарын қолданбастан бұрын сымдарының ақаусыздағына көз жеткізу керек. Жиі-жиі бүгілуден сым жалаңаштанып қалған болса, байқамай жалаңаш сымға тиіп кетсеңдер, ток соғуы әбден мүмкін.

  11. Торапқа қосылып тұрған электр аспаптардың шаңын сүртуге, ылғап шүберекпен шаңын алуға, салқындауға болмайды, өйткені ол өте қауіпті.

  12. Жанып жатқан электр сымын су құйып өшіруге болмайды. Адамның өзін ток соғады.



4. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Тұрмыстық электр аспаптарын пайдалана отырып жұмыс істемей қалу ақаулығын анықтап жұмысты бастау.

Сарамандық жұмыс
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап

Жұмысқа қажет материалдар: құрастыруға қажетті тұрмыстық электр аспаптары.т.б. электр патрондары

Жұмыстың мақсаты: Тұрмыста қолданылатын электр аспаптарының құрылысымен танысып, оларды құрастырып үйрену.

Кім тапқыр.

« құралдардың атқаратын қызметін түсіндіру»

1. Амперметр.

2.Штанген циркуль

3.Электраскоп

4.Микраскоп

5.Вольтметр

6.Микрометр



Жаңа сабақты пысықтау.

Жаңа тақырыпқа сай оқушылардың біліктілігін және іскерлігін тексеру.



  1. Егер электр аспаптар істемей қалса не істеу керек

  2. Сақтандырғыш дегеніміз не ол қай жерлерде қолданылады

  3. Электр аспаптарының ток өткізетін талшықтары көбіне қай жерден үзіледі

  4. Электр бауының ақаулығы бақылау шамымен қалай тексеруге болады

  5. Электрқыздырғыш аспап (шиыршық қандай металдан жасалады

  6. Электрқыздырғыш аспаптарда қандайоқшаулағыш материалдар қолданылады

  7. Түйіспе ұштарында от ұшқыны не себептен пайда болады және мұндай ақаулықтарды қалай жоюға болады

  8. Электр бүрғы шаңсорғыш т. б. аспаптарының қозғалтқышындағы щетканың желініп кету себептерін ретімен айтып беріңдер

Үйге тапсырма беру.
Түрлі электро шамдарының эскизін

салып келу.

«Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бекітемін

Мектеп директоры

А. Құрманбеков.


Ашық сабақ.
Технология.

Сыныбы 8 «А»

Мерзімі.
Тақырыбы Тұрмыстық электр аспаптарының ақаулығын анықтау.

Мұғалімі Ш. Нурметов.
2014-2015 оқу жылы.


жүктеу 134,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау