Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды желімдеу технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету



жүктеу 45,65 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі45,65 Kb.
#15845
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Желімдеу технологиясы
Сыныбы: 9
Пәні: Технология
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды желімдеу технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы желімдеу технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабаққа қолданылатын көрнекіліктер: СТО әдістері: слайдтар, ағаш, желім, ара, т.б.
Құралдары: ара, бұрандалы қысқыш, егеу, сүргі т.б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Желім түрлері
Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез келген жерінен тоқтатылып, әрі қарай басқа оқушының жауап берілуі сұралады. Бұл әдіс оқушылардың зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға байланысты.
Желімнің жасалу жолдары қандай?
Қандай желімнің түрлерін білесіңдер?
ІІІ.Жаңа сабақ
Желімдеу технологиясы. Ең алдымен желім деген не екенін атап айтсақ:

Желім — әр түрлі материалдарды бір-бірімен байланыстыратын зат. Желім материалдардың беткі қабаты мен желімдік қабаттың арасында адгезиялық байланыс түзеді. Желім құрамына әр түрлі толықтырғыштар, еріткіштер, стабилизаторлар, пластификаторлар, эластификаторлар, т.б. кіреді. Желім органикалық зат органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді. Органикалық желімге табиғи желім және жасанды желім жатады. Табиғи желімнің екі түрі бар:

  1. түрлі жануартектес өнімді (сүйек, тері, т.б.) қайта өңдеу арқылы алынатын жануар желімі (казеиндік, альбуминдік, т.б.);

  2. крахмал, табиғи каучук, т.б. заттардан дайындалатын өсімдік желімі. Жасанды желім (мономер, олигомер, полимер және олардың қоспасы негізіндегі) термореактивті желім және термопластикалық желім, резина желімі болып бөлінеді. Бейорганикалық желімге минералды желім (фосфатты, керамикалық, силикатты) және металдық желім (Hg, Ga сияқты сұйық металдар негізіндегі) жатады. Желім сұйық (ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар), қатты (ұнтақтар) Желімдер табиги және жасанды бо лып бөлінеді.

Табиғи желімдер өте ерте уақыттан белгілі. Адамзат оларды өсімдіктер мен жануарлар майынан (сіңір, сүйек, сүт, т.б.) жасаған. Желімдеуге крахмал, каучук, целлюлоза, казеин, коллагенді ерте кезден-ақ пайдалана білген. Ал жасанды желімдер, көбінесе, полимерлер негізінде жасалады. Табиғи желімдерді 3 топқа бөледі: жануар текті, өсімдік текті минералдық. Олардың кемшілігі: ылғал әсеріне төзімсіз, тез шіриді және жабыстырғыш касиетін ұзақ уақыт сақтай алмайды.

Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөліктеріне сіңіп, таралу процесі жатады. Желім жіңішке жіп тәрізді талшықтарымен үстіңгі қабаттарды бір-бірімен берік байланыстырады. Желімдеудің сапалы болуына көптеген факторлар әсер етеді. Солардың қатарында желімнің тиісті бөлшектерге неғұрлым терең әрі біркелкі сіңуін, желімделетін үстіңгі қабаттардың бір-бірімен өте тығыз байланысуын, ағаш материалдарының қаншалықты дәрежеде дымқыл екендігін, желімнің нақты кездегі жағдайын және сапасын, преске салған кездегі қысым күшін, сондай-ақ престен шыққаннан кейінгі төзімділік уақытын айтуға болады.


Сонымен бірге желімдеудің сапасына әсер ететін фактор ретінде желімнің қаншалықты дәрежеде қоюлану керектігін де естен шығармау керек. Оған қосымша айтарымыз – желім қабатының қалыңдығы шамаммен 0,1 мм болуы тиіс.
Желімдеп құрастырудың беріктігі мен сапасы ағаш материалдарының дымқылдығы 12-15 пайыздан аспайтын кезде жоғары болады. Ағаш материалдарының дымқылдығы 8-10 % болған кезде өте жақсы, берік желімделеді. Өйткені ол желімнің құрамындағы суды өз бойына тартып алады.
Желімдеп жапсырылатын үстіңгі беттердің жағдайына келетін болсақ, олардың аздаған кедір-бұдырлау болғаны, жете өңделмегені мақұл. Өйткені бұл жапсырылатын үстіңгі қабаттардың желіммен жапсырылатын аумағын арттыра түседі.
Желімдеу технологиясымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Керекті жеріне аздап қана жақ .
2. Көлемді нәрсе желімдегенде, желімді әуелі оның ортасына жақ, сосын оны таяқшамен тарат.
3. Жолақша немесе майда нәрсе желімдегенде абайла.
4. Желімдеген бөліктің үстінен таза қағаз жауып, сыртынан қолыңмен сипап бас.
5. 5-10 минут салмақтылау, тегіс затпен бастыр.
6. Желімдеп болған соң міндетті түрде қолыңды сабындап жу.
Тәжірибелік жұмысын жүргізу:
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмысқа қажет материалдар: ағаш өңдеуге қажетті құралдар
Жұмыстың мақсаты: шарбақты, кертікті-тиекті материалдарды құрастырып-бекітуді үйрену.
Шарбақты, кертікті-тиекті материалдарды құрастырып-бекіту кезінде олардың жартысы дерлік өздері кигізілетін ойықтар мен тесіктерден шығып, көрініп тұруы тиіс. Оларды желім жағылып болғаннан кейін тиісті орындарына қағып кіргізіп, престің астына бастырып қояды. Бірақ бұл кезде бөлшектердің дұрыс құрастырылып бекітілгеніне толық көз жеткізіп алу қажет.
Престің астына алып, бастыра желімдеу былай жүргізіледі.
1. Әуелі жақсы жонып, қиюластырылған тақталарды таңдап, іріктеп аллыңдар.
2. Олар қалқанда қалай тұруы керектігіне қарай рет-ретімен орналастырыңдар.
3. Тиісті жақтарына желім жағыңдар.
4. Бұрандама қысқыштың көмегімен жақсылап бекітіңдер.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Желім қабатының қалыңдығы неше мм болуы тиіс?
(0,1мм)
Ағаш материалдарының дымқылдығы неше пайыз болған кезде өте жақсы, берік желімделеді?
(8-10%)
Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөлшектерге сіңіп, таралу процесі не деп аталады?
(Желімдеу технологиясы)
Ағашты желімдегенде бөлменің температурасы қанша градус болуы керек?
(18-25°)
Құрал-саймандармен жұмыс істеу барысындағы қауіпсіздік ережесі.
(Құрал-саймандардың дұрыстығын тексеру.)
Желімді жапсыратын қабатқа біртегіс етіп жағу үшін қандай құралды пайдаланады?
(Қылқалам)
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма беру
Әр оқушы қосымша дерек жинап, сурет салып, бұйым жасау қажет.
жүктеу 45,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау