Шыѓыс ќазаќстан облысы тарбаѓатай ауданыныњ экономика б¤лімі



жүктеу 37,57 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі37,57 Kb.
#16256


Тарбағатай ауданының

2014 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық

даму қортындылары туралы ақпарат

Өнеркәсіп саласы бойынша ауданда есепті мерзім ішінде 690,5 млн (934,2) теңгенің өнімі шығарылып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 136,9 пайыз болды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі аудан бойынша 5727,6 млн теңгені құрап, табиғи индекс көлемі 104,0 % болды.

Есепті мерзім ішінде барлық өндірілген ет тірі салмақта 6381,2 тоннаны, сауылған сүт 30779,1 тоннаны, алынған жұмыртқа 1771,8 мың. дананы құрап, ет өндіру 3,4 пайызға, сүт өндіру 4,5 пайызға, жұмыртқа өндіру 8,7 пайызға орындалды.

Шаруашылықтың барлық санаттарында мал басы мен құс санының өсу қарқыны қамтамасыз етіліп, Ірі қара саны 126,5 мың басқа (2,1%), қой-ешкі 481,7 мың басқа (өсім 2,3%), жылқы – 25,0 мың басқа (өсім 2,6%), құс – 29,3 мың басқа (өсім 4,9%) жеткізілді.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 1952,4 млн теңге немесе өсу қарқыны 204,6 пайызды құрап, нақты көлем индексі 200 пайыз болды.

Қаржыландыру көздері бойынша жеке тұлғалар мен кәсіпорындардың меншік қаражаттары 819,2 млн теңгені , республикалық бюджет қаражаттары 364,8 млн теңгені, жергілікті бюджет қаражат есебінен 718,4 млн теңгені құрады.

Оның ішінде экономиканың нақты секторына жеке меншік қаражат есебінен тартылған инвестиция көлемі 819,2 млн теңгеге немесе өсу қарқыны 155,8 пайызға орындалды.

Есепті мерзім ішінде 1256,3 млн теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда (376 млн теңге) 3,3 есеге ұлғайды.

Тұрғын үйді пайдалануға енгізу 2013 жылмен салыстырғанда 124,3 пайызға орындалып, 2625 шаршы метрді құрады.

Шағын бизнес субъектілері бойынша ауданда шағын бизнестің 55 кәсіпорыны тіркелді. Оның ішінде белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 39 болып, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 7 кәсіпорынға көбейіп, өсу қарқыны 121,9 пайызға орындалды.

Бөлшек тауар айналымы. Аудан бойынша бөлшек тауар айналымы бойынша тоқсан сайын есеп беретін 4 кәсіпорын тіркелген. Бөлшек тауар айналымының салыстырмалы бағада 1623,6 млн теңгені құрап, өсу қарқыны 113,2 пайызды құрады.

Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 394,9 млн. теңгені құрап, болжам (353,3 млн. теңге) 41,6 млн теңгеге немесе 111,8 % артық орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны – 109,7 % құрады.

Меншікті кірістер бойынша аудан бюджетінің болжамы 306,0 млн теңгеге орындалып, (немесе 9,7 % артық орындалып), аудан бюджетіне жоспардан тыс қосымша 27,1 млн теңгенің салық түсімдері түсірілді. Өткен жылмен (279,1 млн. теңге) салыстырғанда өсу қарқыны – 109,6 % құрады.

Қосымша кіріс көздерін іздестіру алгоритмі бойынша 4910,9 мың теңгенің салық түсімдері бюджетке қосымша түсірілді. Өткен жылмен (4120,5 мың теңге) салыстырғанда өсу қарқыны – 119,2 % құрады.

Әлеуметтік қорғау саласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ресми тіркелген жұмыссыздар 27 адамға азайып, 165 адам болды. Тұрғын үй көмегін алушылар – 3 алушы отбасына немесе 4,2 пайызға көбейіп(73-70), мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 139 адамға немесе 81,8 пайызға (627-766), балалар жәрдемақысын алушылар – 725 балаға немесе 89,7 пайызға азайған (6321-7046).



Мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту бойынша 16 бала бақша 79 шағын орталық жұмыс істейді. Онда аудандағы мектеп жасына дейінгі тіркелген 2740 баланың 97,4 пайызы немесе 2671 бала қамтылған.

Мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтылған балалардың өсу қарқыны былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 114,6 % құрады.



Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Есепті мерзім ішінде 386 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда (406 бала) 20 балаға азайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда қайтыс болу көрсеткіші 19 адамға азайып, қайтыс болғандар саны 149 адам болды.

2014 жылдың қаңтар-маусым айында аудан бойынша туберкулезбен алғаш ауырған 8 адам тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен алғаш ауырған адамдар саны 80 % болды.

Қылмыстылық.

Есепті мерзім ішінде 87 қылмыс тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыс саны 19 бірлікке азайған.



10 мың халыққа шаққандағы қылмыстың ашылу деңгейінің өзгеруі былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 65,7 пайызды құрады.
жүктеу 37,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау