Өсімдік - тірі организм
Сабақтың мақсаты: оқушыларды өсімдіктердің алуан түрлілігімен таныстыру; өсімдіктерді топқа бөлуді үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: «Жапырақты, қылқан жапырақты өсімдіктер, пальмалар» атты кесте, әртүрлі өсімдіктердің жапырақтары.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдістері: Түсіндіру,сұрақ-жауап,Оқулықпен жұмыс,
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
Жұмбақ
Үйі де жоқ,
Күйі де жоқ.
Бірақ
Жауыннан да,
Дауылдан да
Қымсынбайды.
Ыстыққа да,
Суыққа да
Шын шыдайды.
Шешуін айта ғой,
Балалар білсін жайды.
Жұмбақта үйі де, күйі де жоқ қандай тіршілік иесі туралы айтылған?
Жұмбақтың шешуі: өсімдік.
Өсімдік қандай жерлерде өседі?
Өсімдік барлық жерде де өседі: шөлде де, суда да, тіпті суық жерлерде де.
Жаңа материалмен жұмыс.
1. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтін бөлік бойынша оқытылады.
ө) Мәтіннің мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі.
б) Оқушылар жапырақты, қылқан жапырақты ағаштардың жапырақтарын, қылқандарын (суреттерін керсетуге де болады) және суреттен пальманың жапырағын қарап, өз пікірлерін білдіреді.
Өсімдіктер неліктен жапырақты және қылқан жапырақты деп аталады?
Пальма несімен ерекшеленеді?
Жапырақтар бір-бірінен қалай ерекшеленеді? (Мөлшері, пішіні, түсі).
Жапырақтарды көрсетіп, олардың қандай ағаштардың жапырақтары екені анықталады. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1-топ - жапырақты өсімдіктер; 2-топ - қылқан жапырақты өсімдіктер; 3-топ - пальмалар.
1-топтың тапсырмасы мен сұрақтары:
1. Жапырақтардың қандай болатынын еске түсіріп баяндау.
Барлық өсімдіктерге не ортақ?
Өсімдіктің тіршілігіне, өсіп-өнуіне не қажет?
2-топтың тапсырмасы мен сұрақтары:
1. Қылқан жапырақты ағаштардың жапырағы қалай аталады?
а) тікенек ә) ине б) қылқан
2. Қандай қылқан жапырақты ағаш жапырағын қысқа қарай түсіреді?
а) қарағай ә) балқарағай б) шырша
3. Қылқан жапырақты ағаштар туралы жұмбақтарды еске түсіріңдер.
Мысалы:
Дауылға да, аязға да,
Шыдап бағар мізбақпай.
Тау етегі тұрағы,
Жап-жасыл боп тұрады.
(Қарағай)
Қысы-жазы шешпейтін,
Көйлегі бар жасылдан.
Өзгертпейді еш кейпін,
Жаралғандай асылдан.
(Шырша)
3-топтың сұрақтары:
Пальманың жапырақтары қандай болады?
Пальма басқа өсімдіктерден несімен ерекшеленеді?
Пальма қайда өседі?
Әр топтың оқушылары жауаптарын дәлелді айтуға тырысады. Бір-бірінің жауаптарын толықтырып отырады.
Дәптермен жұмыс.
Әр топтағы өсімдіктерде не ортақ?
Өсімдіктің өсуіне не қажет?
Сабақты қорытындылау.
- Өсімдіктер - тірі организм. Олар өздеріне қажетті қоректі табиғат заттарынан алады. Су, топырақ, ауа, күннің жылуы, жарық өсімдіктердің өсіп-өнуіне көмектеседі.
Үйге тапсырма беру.
Достарыңызбен бөлісу: |