Параграф 33. Ұңғымаларды сынамалау (сынау) жөніндегі
оператор, 5-разряд
80. Жұмыс сипаттамасы:
қабаттарды сынамалау (сынау) процесін жүргізу;
айдаушы желінің жай-күйін тексеру;
бұрғылауда қабаттарды тексеру жұмысына қажетті құралдарды дайындау;
ұстынның жекелеген учаскелерінің герметикалылығын тексеру, цемент көпірлерін орнату жұмысына және оларды престемелеуге қатысу;
қабат сынағыш пен сынама іріктеуші аварияларын жоюға қатысу;
пайдаланылатын жабдықтың, құрал мен бақылау-өлшеу аспаптарының жай-күйін қадағалау.
81. Білуге тиіс:
кен орны геологиясын, мұнай, газ және өзге де пайдалы қазбалар ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесін;
ұңғымаларды сынамалау сынау жұмыстарын жүргізу технологиясы мен әдістерін;
ұңғыманы пакерлеуге қажетті қыспа жүктеме шамасын;
қабат сынағыштың созу жүктемесінің шекті шамасын;
ұңғыманы сынауға дайындау жөніндегі жұмысты, қабат сынағыш пен сынама іріктеуішпен жұмыс кезінде пайда болатын ақаулардың себептері мен оларды жою тәсілдерін.
Параграф 34. Ұңғыма цементажы жөніндегі оператор, 3-разряд
82. Жұмыс сипаттамасы:
цемент араластыру машинасына қызмет көрсету және цемент ерітіндісін әзірлеу мен цементаж кезінде оның жұмысын реттеу;
шнектерді орнату және бөлшектеу;
цементті сұрыптау және оны бұрғылауға жөнелту жұмыстарын ұйымдастыру.
83. Білуге тиіс:
тампонажды цементтердің физикалық-химиялық қасиеттерін;
цемент араластыру машиналарының құрылымын, техникалық сипаттамасын;
цемент араластыру машиналарының көмегімен цемент ерітіндісін дайындау технологиясын;
цемент сапасын анықтау тәсілдерін, тампонажды цементтерге, қиындықтармен күресу кезінде қолданылатын цемент негізіндегі ерітінділерге қойылатын талаптарды.
Параграф 35. Ұңғыма цементажы жөніндегі оператор, 4-разряд
84. Жұмыс сипаттамасы:
тереңдігі 4000 метрді қоса алғанға дейінгі ұңғымалар мен қабаттың гидравликалық үзігін цементтеудің технологиялық процесін жүргізуге қатысу;
айдаушы желіні агрегаттармен және арматура сағасымен құрастыру, бөлшектеу және байламдау;
төмен және жоғары қысым желілерін престемелеу;
цементтеуші ұш пен манометрлерді орнату, оның жұмысын және тіркеуші аспап көрсеткіштерін қадағлау;
цементтеуші ұшқа тығын салу;
цементтеуші ұштағы крандарды ашу және жабу, судың және сұйықтың агрегатқа берілуін реттеу;
цементті ұстау мерзімін тежейтін және жылдамдататын қосылған суды дайындау;
беру шнектерінің жұмысын, берілетін қоспа консистенциясын қадағалау;
цемент араластыру машинасын алдын алу және ағымдағы жөндеуге қатысу.
85. Білуге тиіс:
қабаттың гидравликалық үзігін цементтеудің технологиялық процесін;
цемент араластыру және цементтеуші агрегаттардың техникалық сипаттамасы мен нысанын;
цемент ерітіндісін дайындау тәсілдері мен цемент консистенциясын реттеу тәсілдерін;
қолданылатын цемент маркасына қарай құюдың ұзақтығын, ұңғыманың температурасы мен тереңдігін, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеудің сәтсіз өтуі себептерін және олардың алдын алу мен жою шараларын, слесарь ісін орындалатын жұмыс шегінде.
Тереңдігі 4000 метрден артық ұңғымалардағы жұмыс кезінде – 5-разряд.
Параграф 36. Цементажды бақылау станциясының
оператор-моторисі, 5-разряд
86. Жұмыс сипаттамасы:
цементажды бақылау станциясына қызмет көрсету;
қоймадан сәуле көзін алу және оны цементажды бақылау аспабына орнату;
фланецті қосындылардың, расходомер датчиктерінің, плотномер мен қысым датчигінің сенімді бекітілуін тексеру;
цементтеуші агрегаттар мен цемент араластыру машиналарының станциямен және манифолдімен байланыс кабельдерін қосуға қатысу;
жазылатын параметрлердің дәлдігін қамтамасыз ету;
штепсель аралықтарының сенімді бекітілуін тексеру;
кабельді цементажды бақылау аспаптарының датчиктері қорабымен қосу;
автомашинаны басқару, оған май құю, станцияны, автомашинаны ағымдағы және алдын ала жөндеуді жүргізу.
87. Білуге тиіс:
ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзіктерін цементтеудің, технологиялық процесін;
ұңғымаларды химиялық өңдеуді нысаны мен техникалық сипаттамасын;
цементажды бақылау станциясын басқару қағидаларын;
құрылғыларды, цементтеуші және цемент араластырғыш машиналарды, шығару блоктарын қосу схемасын;
радиоактивті заттармен және сәуле көздерімен жұмыстың санитариялық қағидаларын;
отынның және майлаудың түрлерін;
станция мен автомобиль жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жою тәсілдерін, станцияны ұстау қағидаларын.
Параграф 37. Цемент-құм араластыру агрегатының моторисі
88. Жұмыс сипаттамасы:
ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, гидроқұм ағынды перфорация және мұнай өндіруді интенсивтендіру және ұңғымаларды гравийлі сүзгілермен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде цемент араластыру немесе құм араластыру агрегаттарына қызмет көрсету;
ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, гидроқұм ағынды перфорация және гравийлі материалдарды жуу технологиялық процесін жүргізуге қатысу;
технологиялық сұйықты қайта айдау (қысымсыз);
цементтеуші агрегаттың жұмыс процесінде пайда болатын ақауларды жою;
агрегат қозғағыштарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету;
автомобильді басқару, май құю;
жүргізілген жұмыстарға құжаттаманы ресімдеу;
цемент тасығыш жабдыққа қызмет көрсету.
89. Білуге тиіс:
ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеудің гидроқұм ағынды перфорация және мұнай өндіруді интенсивтендірудің технологиялық процесі мен нысанын;
цемент араластыру немесе құм араластыру агрегаттарының нысанын, конструкциясын, техникалық сипаттамасын және пайдалану қағидаларын;
агрегат тораптарының қағидатын, өзара әрекетін және жұмыс принципін, агрегаттардың ықтимал ақауларының сипатын және олардың алдын алу мен жою шараларын;
цементтасығыш құрылымын, слесарь ісін, ұңғымаларды күрделі жөндеу мен игеру, ұңғымаларды забой жабдығымен жайғастыру технологиясы туралы негізгі мәліметтерді;
агрегаттарды тек құм араластыру жұмыстарында жүйелі пайдалану кезінде, цемент араластыру немесе құм араластыру агрегаттарында жұмыс істеген кезде – 5-разряд;
қабаттың гидроүзігі кезінде ерітіндіні бір мезгілде араластырып және айдай отырып, цемент араластыру немесе құм араластыру агрегаттарында жұмыс істеген кезде – 6-разряд.
90. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
Параграф 38. Цементтеуші агрегат моторисі
91. Жұмыс сипаттамасы:
Ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, ұңғымаларды химиялық өңдеу жүргізу кезінде күштік және технологиялық жабдыққа, цементтеуші агрегаттың жүру бөлігіне қызмет көрсету;
цементтеуші агрегатты объектіде жұмысқа дайындау;
жоғары және төмен қысым желілерін құрастыру, бөлшектеу, орамалау және престемелеу;
ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеу, ұңғымаларды химиялық өңдеу, жылу өңдеу, ұңғыманы өшіру және жуу, цемент көпірлерін орнату технологиялық процесін жүргізуге қатысу;
айналма және бұрғылау трубаларын, манифольдтарды престемелеуге
қатысу;
цементтеуші агрегат қозғалтқыштарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету;
цементаж сәтінің аяқталуын анықтау;
технологиялық сұйықты қайта айдау (қысымсыз);
ұңғымаға айдалатын сұйықтың жұмсалуын қадағалау;
цементтеуші агрегаттың жұмыс процесінде пайда болатын ақауларын жою;
автомобильді басқару, май құю;
цементтеуші агрегат пен автомобильге алдын ала және ағымдағы жөндеу өндірісі;
жүргізілген жұмыстарға құжаттаманы ресімдеу.
92. Білуге тиіс:
ұңғымаларды бұрғылаудың және мұнай, газ бен өзге де пайдалы қазбаларды өндірудің технологиялық процесін;
цементтеуші агрегат пен автомобильдің техникалық сипаттамасын, нысанын, конструкциясын, пайдалану қағидаларын, агрегаттардың барлық тораптарының өзара әрекеті мен жұмыс қағидатын;
ұңғымаларды, қабаттың гидравликалық үзігін цементтеудің, ұңғымаларды химиялық өңдеу, өшіру және жуудың технологиялық процесін;
цементтеуші агрегатты жөндеудің түрлерін, слесарь ісін;
ұңғымаларды күрделі жөндеу мен игеру технологиясы туралы негізгі мәліметтерді.
Қысымы 15 мегапаскальға (шаршы сантиметрге 150 килограмм-күшке дейін) дейінгі цементтеуші агрегаттарда жұмыс істеу кезінде – 5-разряд;
қысымы 15 мегапаскальдан (шаршы сантиметрге 150 килограмм-күштен жоғары) жоғары цементтеуші агрегаттарда жұмыс істеу кезінде – 6-разряд.
3-тарау. Мұнай мен газ өндіру жұмыстарының разрядтары бойынша жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
Параграф 1. Газ жинау жөніндегі оператор, 2-разряд
93. Жұмыс сипаттамасы:
біліктілігі анағұрлым жоғары газ жинау жөніндегі оператордың басшылығымен сепараторларға, газ трубаларына, газды таратып бөлу құрылғылары мен газ шаруашылығының өзге де объектілеріне қызмет көрсету;
газ шаруашылығы объектілерін аралап көру және олардың жай-күйін тексеру, жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою;
сепараторлар мен газ трубаларын үрлеу;
сепараторлардағы сұйықтың деңгейін қадағалау;
жабдықтар мен аппаратураны ағымдағы жөндеуге қатысу, жарамсыз жаппаларды ауыстыру, төсемдерді ауыстыру, сальниктерді толтыру;
газ құдықтарының техникалық жарамдылығын қамтамасыз ету;
қарапайым слесарлық жұмыстарды орындау.
94. Білуге тиіс:
мұнайды, газды және конденсатты өндіру, жинау және тасымалдау технологиясы жөніндегі негізгі мәліметтерді;
қоспалардың жарылыс қауіпті негізгі қасиеттерін, олардың улылығын;
сепараторларға, қысымы бар газ трубаларына, газ таратып бөлу құрылғыларына, жаппа құрылғыларына, сақтандырушы, кері және реттеуші клапандарға, қысым мен деңгей реттеуіштеріне, қолданылатын өзге де бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету қағидаларын, олардың құрылымы мен нысанын.
Параграф 2. Газ жинау жөніндегі оператор, 3-разряд
95. Жұмыс сипаттамасы:
сепараторларға, газ трубаларына, газды таратып бөлу құрылғылары мен газ шаруашылығының өзге де объектілеріне қызмет көрсету;
мұнайдың газ жинау желілеріне жетуінің, газ трубаларында гидратты және сұйық тығындардың пайда болуының, газ трубалары учаскелерінде қысым артуының алдын алу, газдың технологиялық шығындарын азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүргізу;
газ құрамында күкірт сутегінің болуын анықтау үшін сынама алу;
аппараттар мен газ трубалары қабырғаларын оқшаулаудың қалыңдығы мен сапасын анықтау;
телемеханиканың ауа және кабель желілерін жұмысқа жарамды жағдайда ұстау;
металл коррозиясымен күрес жұмыстары өндірісі;
газ трубаларын шурфтау;
қызмет көрсетілетін жабдықты, аппаратураны ағымдағы жөндеуді жүргізу;
жабдықтың және газ құбыры жұмысының, газды өндіру және пайдалану,
газдың технологиялық шығыны журналдарын жүргізу.
96. Білуге тиіс:
мұнай мен газды өндірудің, сепарациялаудың технологиялық
процестерін, газ жинау тораптары коммуникацияларының схемасын, газдардың, қолданылатын ингибиторлардың қасиеттерін, күкірт сутекті газды жинау мен тасымалдау ерекшеліктерін;
газ факторын, технологиялық газ шығынын анықтау әдістерін, газ жинау желілері мен газ трубаларында гидраттың пайда болуы себептерін және олармен күрес әдістерін;
газ объектілерінің, жабдығы мен аппараттарының техникалық сипаттамасын, оларға қызмет көрсету және қалыпты технологиялық жұмыс режимін ұстап тұру қағидаларын;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және телемеханика құралдарының құрылысы мен техникалық сипаттамасын.
Параграф 3. Газ жинау жөніндегі оператор, 4-разряд
97. Жұмыс сипаттамасы:
топтық қондырғыларға, станцияларына, соңғы сепарациялау сатыларына, жинау пункттері мен тауар парктеріне қызмет көрсету, автоматтандырылған жабдықты берілген технологиялық жұмыс режиміне шығару;
негізгі автоматтандыру құралдарының жұмысын бақылау;
жер бетіндегі және астындағы жабдық пен коммуникацияларды, жабу, үзуші, сақтандыру және реттеуші арматураны жөндеуді ұйымдастыру және соған қатысу;
газ және конденсат шығынын қысқарту, газды жинау, дайындау және тасымалдау технологиялық процестерін жетілдіру жөніндегі техникалық және технологиялық іс-шараларды жүзеге асыру;
ауа сынамасын алу және газ талдағыштарды пайдалана отырып оның газдылығына талдау жасау;
звеноның, бригаданың жұмысына басшылық ету.
98. Білуге тиіс:
игерілетін кен орнының сипаттамасын, жер бетіндегі жабдықтың, ұңғымалардың, мұнай мен газды сепарациялау пункттерінің нысаны мен құрылысын;
газ және газ конденсатын жинау мен тасымалдаудың технологиялық схемасын;
газ факторын, қысым мен деңгей реттеуіштерінің, мұнай үзгілерінің, бақылау-өлшеу аспаптарының, газ трубаларының изоляциясын бақылау аспаптарының жұмысын айқындау әдістерін;
сепарациялау және газ өткізу пунктерінде жану қаупі бар және газ қауіпті жұмыстарды жүргізу тәртібін;
ортадан тепкіш және винтті насостардың жұмыс қағидатын, жоғары күкіртті мұнай газын жинау мен пайдалану ерекшеліктерін, метанолдың, ингибиторлар мен газдардың қасиеттерін.
Параграф 4. Жуу агрегатының машинисі
99. Жұмыс сипаттамасы:
тракторда немесе автомобиль шассиінде жабдықталған жуу және қышқылды агрегаттарға қызмет көрсету;
жуу аппаратын объектідегі жұмысқа дайындау, агрегатты технологиялық схема бойынша ұңғыма сағасымен байламдау (қосу);
жоғары және төмен қысым желілерін монтаждау және демонтаждау, байламдау және престемелеу;
ұңғыма забойын жуу, престемелеу және дренаждау жөніндегі механизмдерге қызмет көрсету;
ұңғыманы өңдеуге қолданылатын химиялық реагенттерді, қышқылдар мен сілтілерді айдау;
ұңғыманың забой жанындағы аумағын химиялық өңдеу және тампонаж жүргізу жөніндегі технологиялық процеске қатысу;
бұрғылау ерітіндісінің, химиялық реагенттердің шығысы мен агрегат механизмдерінің жұмысын қадағалау;
автомобильді немесе тракторды басқару;
автомобильге немесе тракторға май құю;
жуу агрегатын, автомобильді немесе тракторды ағымдағы жөндеуді жүргізу.
100. Білуге тиіс:
автомобилдің немесе трактордың, жуу насосының, арматура мен ұңғыма жабдығының құрылысы мен пайдалану қағидаларын, ұңғыманы жуудың, престемелеудің және химиялық реагенттерді (қышқылдар мен сілтілерді ұңғымаға) айдаудың технологиялық процесін;
бұрғы ерітіндісінің, химиялық реагенттердің, қышқылдар мен сілтілердің физикалық-химиялық қасиеттерін;
олармен жұмыс істеу қағидаларын, слесарь ісін орындалатын жұмыс көлемінде.
Жұмыс қысымы қоса алғанда 10 мегапаскальға дейін (шаршы сантиметрге 100 килограмм-күшке дейін) жуу және қышқылды агрегаттарда жұмыс істеу кезінде – 4-разряд;
жұмыс қысымы қоса алғанда 10-нан 35 мегапаскальға дейін (шаршы сантиметрге 100-350 килограмм-күшке дейін) жуу және қышқылды агрегаттарда жұмыс істеу кезінде – 5-разряд;
жұмыс қысымы қоса алғанда 35 мегапаскальдан жоғары (шаршы сантиметрге 350 килограмм-күштен жоғары) жуу және қышқылды агрегаттарда жұмыс істеу кезінде – 6-разряд.
101. Техникалық және кәсіптік (кәсіптік орта) білім талап етіледі.
Параграф 5. Жұмысшы агентті қабатқа айдайтын насос
станциясының машинисі
102. Жұмыс сипаттамасы:
мынадай технологиялық жабдықтарға:
тораптық насос станцияларына, блоктық тораптық насос станциялары мен тұщы, жоғары минералды ағын суларды айдау жөніндегі электрлі ортадан тепкіш тиеу қондырғыларына, суды таратып бөлу құрылғыларына, суды жинау және дайындау қондырғысына, май жүйесін ауамен суыту аппараттарына, желдеткіш қондырғыларының автоматты жұмыс жүйелеріне қызмет көрсету;
насостар мен электр қозғағыштарының үздіксіз жұмысын қадағалау және ақауларды жою жөнінде қажетті шараларды қабылдау;
әр ұңғыма бойынша суды қабатқа сіңірудің берілген режимін ұстау;
жабдықты монтаждауға және демонтаждауға қатысу;
мұнай жуу және мұнай шығару қасиеттерін арттыру немесе коррозиялық белсенділікті төмендету мақсатымен технологиялық сұйықтықты немесе суды реагенттермен өңдеу;
бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын қадағалау;
қызмет көрсететін жабдықты ағымдағы жөндеу;
ұңғымалар бойынша суды сіңіру журналын, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысы мен электр энергиясының шығыс журналын жүргізу.
103. Білуге тиіс :
насостардың, ауамен суыту және автоматты желдеткіш қондырғыларының, электр қозғағыштардың, насос станциясы жабдығының, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматты құралдардың нысанын, пайдалану және қызмет көрсету қағидаларын;
әр ұңғыма бойынша суды қабатқа сіңірудің технологиялық режимін, ұңғыманы қысымды айдау трубаларына қосу схемасын;
қызмет көрсетілетін насос станциясы мен трубалар байламының схемасын, қолданылатын реагенттердің, жоғары минералды тұщы ағын сулардың негізгі химиялық қасиеттерін;
ағын суларды жинау және дайындау жүйелеріне қызмет көрсету жұмыстарын қауіпсіз жүргізу қағидаларын, жеке қорғаныш құралдарының құрылымын және оларды пайдалану қағидаларын.
Жұмыс істейтін агрегаттардың саны 4-тен кем немесе су айдау көлемі 2,7 мың метр куб тәулігіне дейінгі насос станцияларына қызмет көрсету кезінде – 3-разряд;
жұмыс істейтін агрегаттардың саны 4-тен 6-ға дейінгі немесе су айдау көлемі 2,71 мың метр куб тәулігінен 7,2 мың метр куб тәулігіне дейінгі насос станцияларына қызмет көрсету кезінде – 4-разряд;
жұмыс істейтін агрегаттардың саны 6-дан жоғары немесе су айдау көлемі 2,71 мың метр куб тәулігінен 7,2 мың метр куб тәулігіне жоғары насос станцияларына қызмет көрсету кезінде – 5-разряд.
Параграф 6. Жылжымалы парафинсіздеу бу қондырғысының
машинисі
104. Жұмыс сипаттамасы:
жылжымалы парафинсіздеу бу қондырғысын, агрегатты объектідегі жұмысқа дайындау;
мұнай ұңғымаларын, шықпа желілерді, мұнай жинау қондырғыларын, су арнасын жылытуды және өзге де кәсіпшілік технологиялық объектілерді бумен парафинсіздеу;
агрегаттарды ұңғымалармен, кәсіпшілік технологиялық қондырғыларымен байламдау;
бумен немесе ыстық мұнаймен немесе жылыту желілерін тарту;
қазанның немесе мұнай жылытқыштың, қозғағыштың, бақылау-өлшеу аспаптары мен қызмет көрсетілетін агрегаттың барлық қосалқы механизмдерінің, жылжымалы бу қондырғысының жұмыс параметрлерін қадағалау;
жабдықты, аппаратураны және бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау және демонтаждау;
жабдықты ағымдағы және алдын ала жөндеу жұмыстарын орындау, жабдықтың жұмыс есебі журналын жүргізу;
автомобильді басқару.
105. Білуге тиіс:
мұнай мен газ өндірудің технологиялық процесін;
мұнайдың, бу мен парафиннің физикалық-химиялық қасиеттерін;
мұнай ұңғымаларын пайдалану тәсілдерін, ұңғыма сағасын байламдау схемасын;
қондырғының, қызмет көрсететін жабдықтың, негізгі және қосалқы жабдықтың, аппаратураның, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, автомобильдің құрылымы мен пайдалану қағидаларын;
мұнай ұңғымаларын бумен немесе ыстық мұнаймен парафинсіздеудің технологиялық режимі мен жұмыс процесін;
слесарь ісін орындалатын жұмыс шегінде.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жылжымалы бу қондырғысы машинисінің басшылығымен қызмет көрсету кезінде – 3-разряд;
автомобиль шассиіне орнатылған, будың жұмыс қысымы 10 мегапаскальға дейінгі (шаршы сантиметрге 100 килограмм-күшке дейін) жылжымалы бу қондырғысына қызмет көрсету кезінде – 5-разряд;
будың жұмыс қысымы 10 мегапаскальдан жоғары (шаршы сантиметрге 100 килограмм-күштен жоғары) жылжымалы бу қондырғысына қызмет көрсету кезінде – 6-разряд.
106. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
Параграф 7. Жылжымалы компрессор машинисі
107. Жұмыс сипаттамасы:
жылжымалы компрессор қондырғысына қызмет көрсету, компрессорды, дизельді қосу және тоқтату;
коммуникацияларды тарту, оларды компрессор қондырғысына және ұңғыма сағасына қосу;
забойда депрессия жасау жолымен ұңғымадан сұйықтың ағуын күшейту жұмыстарын жүргізу, сұйықтың (мұнайдың) ағуын қадағалау;
ұңғыманың забой жаны аумағын термиялық өңдеу кезінде ауаның берілуін реттеу;
өнімді қабаттарды газ үлгілік агенттерді қолдана отырып ашу және бұрғылаудағы қиындықтарды жою жұмыстарына қатысу;
компрессор қондырғысы мен дизельдің жұмыс режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу;
жылжымалы компрессор қондырғысының барлық механизмдері мен жүйелерінің жұмысын қадағалау, ұңғымаларды бұрғылауға және сынауға арналған технологиялық регламентке сәйкес орнатудың негізгі параметрлерін белгілеу;
компрессор мен дизельдің жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, авариядан қорғау жүйесін қоса алғанда, компрессор қондырғысының барлық жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізу, жұмыс өндірісі құжаттарын ресімдеу және қондырғы жұмысының есебі журналын жүргізу;
автомобильді басқару.
108. Білуге тиіс:
мұнай, газ және айдаушы ұңғымаларды пайдалану тәсілдерін;
түрлі жүйедегі компрессорлардың, күштік жабдықтың, автомобильдің, бақылау-өлшеу аспаптары мен компрессор қондырғысы автоматты қорғану жүйесінің нысанын, құрылысы мен пайдалану қағидаларын;
отынның, майлаудың және суытудың түрлерін, жылжымалы компрессор қондырғысының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; коммуникацияларды компрессор қондырғысынан ұңғымаға қосу схемасын, сығымдалған ауаны дайындауға арналған пайдалану материалдарының шығыс нормасын;
жылу техникасы, электротехника, бұрғылау және пайдалану жабдығы, бұрғылау технологиясы, мұнай, газ ұңғымаларын сынау (игеру) және күрделі жөндеу туралы негізгі мәліметтерді;
слесарь ісін орындалатын жұмыс көлемінде.
Біліктілігі жоғарылау жылжымалы компрессор машинисінің басшылығымен ерекше жағдайларда (еркін күкірт қышқылын бөлетін ұңғымаларда, сағалық қысымы жоғары ұңғымаларда) тіркемелі және өздігінен жұретін компрессорда жұмыс істеу кезінде – 3-разряд;
жұмыс қысымы 10 мегапаскальға дейінгі (шаршы сантиметрге 100 килограмм-күшке дейін) тіркемелі жылжымалы компрессорда жұмыс істеу кезінде – 4-разряд;
жұмыс қысымы 10 мегапаскальдан 20 мегапаскальды қоса алғанға дейінгі (шаршы сантиметрге 100-200 килограмм-күшке дейін) тіркемелі жылжымалы компрессорда немесе жұмыс қысымы 10 мегапаскальды қоса алғанға дейінгі (шаршы сантиметрге 100 килограмм-күшке дейін) өздігінен жүретін жылжымалы компрессорда жұмыс істеу кезінде – 5-разряд;
жұмыс қысымы 20 мегапаскальдан жоғары (шаршы сантиметрге 200 килограмм-күштен жоғары) тіркемелі жылжымалы компрессорда немесе жұмыс қысымы 10 мегапаскальдан жоғары (шаршы сантиметрге 100 килограмм-күштен жоғары) өздігінен жүретін жылжымалы компрессорда жұмыс істеу кезінде – 6-разряд.
Параграф 8. Көтергіш машинисі
109. Жұмыс сипаттамасы:
ұңғымаларды күрделі, ағымдағы жөндеу және сынау жөніндегі жұмыс процесінде көтергішке (агрегатқа) қызмет көрсету;
көтергішке (агрегатқа) жұмыс процесінде қызмет көрсету;
көтергішті (агрегатты) жұмысқа дайындау;
дайындау-қорытынды жұмыстарға, көтергішті монтаждауға және демонтаждауға, таль жүйесін жарақтандыруға, ұңғымаларды күрделі жөндеу кезінде қолданылатын қосалқы құралдарды (насос блогын, машина және гидравликалық кілттерді, қондырғы гидрожүйесінің превенторы мен өзге де жабдығының гидро сымдарын) монтаждауға және қызмет көрсетуге қатысу;
барлық көтеру-түсіру операциялары кезінде шығырды басқару;
көтергіште (агрегатта) орнатылған күштік электр генераторды басқару;
ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу жұмыстарына, ұңғыма сағасын сынау және жабдықтау жұмыстарына қатысу;
көтергіш (агрегат) тіркеушісі мен механизмдерінің ақаусыз жұмыс істеуін қадағалау;
көтергіш (агрегат) жұмысының журналын жүргізу;
автомобильді немесе тракторды басқару, оларға май құю;
көтергішті (агрегатты), автомобильді немесе тракторды ағымдағы жөндеу;
қуаты 100 киловатқа дейінгі жылжымалы электр станцияларына қызмет көрсету.
110. Білуге тиіс:
мұнай мен газ, өзге де пайдалы қазбаларды өндірудің технологиялық процесін;
ұңғымалардың конструкциясын, ұңғыманы сынау жөніндегі жұмыстың түрлері мен технологиялық процесін;
көтергіш трактордың, жылжымалы агрегаттың, қолданылатын механизмдердің, құрылғылардың, таль жүйелерінің техникалық сипаттамасы мен пайдалану қағидаларын;
күрделі, ағымдағы жөндеулердің технологиялық процесі мен түрлерін, әдістерін, жанар-жағармай материалдарының сұрыптары мен түрлерін;
электр техникасы мен слесарь ісі негіздерін орындалатын жұмыс көлемінде, қозғағышты, көтеру шығырларының трансмиссиялары мен қозғалыс бөліктерін жөндеу тәсілдерін;
Күрделілігі І санатты және қоса алғандағы тереңдігі 1500 метрге дейінгі ұңғымаларда жұмыс істеу кезінде – 5-разряд;
күрделілігі ІІ санатты және қоса алғандағы тереңдігі 1500 метрден жоғары ұңғымаларда жұмыс істеу кезінде – 6-разряд;
қоса алғандағы тереңдігі 4000 метрден 6000 метрге дейінгі ұңғымаларда, сондай-ақ тереңдігі 1500 метрден жоғары көлдеу бағытталған ұңғымаларда жұмыс істеу кезінде – 7-разряд;
тереңдігі 6000 метрден жоғары ұңғымаларда жұмыс істеу кезінде – 8-разряд.
111. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап
етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |