Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (6-шығарылым) 1-тарау. Кіріспе


Параграф 9. Қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі оператор, 3-разряд



жүктеу 0,64 Mb.
бет5/8
Дата27.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#27424
1   2   3   4   5   6   7   8

Параграф 9. Қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі оператор, 3-разряд
112. Жұмыс сипаттамасы:

10 мегапаскальға дейінгі (шаршы сантиметрге 100 килограмм-күшке дейін) қысым кезінде жұмыс істейтін және тәулігіне 3600 куб метрге дейінгі көлемде су айдайтын айдау ұңғымалары жабдығына қызмет көрсету;

конденсатты ылғал бөлгіштен түсіру, айдау ұңғымалары сағалық жабдығының, ылғал бөлгіштің жарамдылығын қадағалау және оларды жөндеуге қатысу;

таратып бөлу будкаларындағы батарея байламдарының жарамдылық жай-күйін қадағалау;

магистральдық және жұмыс трубаларын жүйелі аралап қарау, олардың жарамдылығы жай-күйін қадағалау мен жөндеуге қатысу;

ұңғымалардың қабылдауыштығын арттыру жұмыстарына қатысу;

тіркеуші құралдардың көрсеткіштерін қадағалау және көрсеткіштер есебін жүргізу;

труба құбырларын монтаждау және демонтаждау жұмыстарына қатысу;

айдау ұңғымалары мен су арналарынан сынама алу;

қабатқа жұмысшы агентті сіңірудің вахталық журналын жүргізу.

113. Білуге тиіс:

игерілетін кен орнының сипаттамасы мен оны пайдалану тәсілдерін;

қабат қысымын ұстап түру әдістерін, айдау ұңғымаларының магистральді су арналары жабдығын пайдалану қағидалары мен нысанын;

қабатқа сіңірілетін судың, газ бен ауаның сапасына қойылатын негізгі талаптарды;

трубаларды қосу схемасын, таратып бөлу батареяларының құрылысын, бақылау-өлшеу аспаптарының (шығын өлшеуіштердің, су өлшеуіштерінің, манометрлер мен өзге де) құрылысы мен нысаны туралы негізгі мәліметтерді.

Параграф 10. Қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі

оператор, 4-разряд
114. Жұмыс сипаттамасы:

10 мегапаскальдан 12,5 мегапаскальға дейін және одан жоғары (шаршы сантиметрге 100-125 килограмм-күшке дейін және одан жоғары) қысым кезінде жұмыс істейтін және тәулігіне 3600 куб метрден 7200 куб метрге дейінгі көлемде су айдайтын айдау ұңғымалары жабдығына қызмет көрсету;

ұңғымалардың қабылдауыштығын қалпына келтіру және ұстап тұру

жұмыстарын жүргізуге қатысу;

қабатқа жұмысшы агенттің берілуін реттеу;

айдау ұңғымаларының жердегі жабдығын монтаждауға, демонтаждауға және жөндеуге қатысу;

айдау ұңғымаларының, таратып бөлу құрылғыларының режимін белгілеу жұмыстарына қатысу;

қорғау автоматикасы мен таратып бөлу пункттеріндегі бақылау-өлшеу аспаптарының ұсақ ақауларын жою.

115. Білуге тиіс:

мұнай мен газ, газ конденсатын өндірудің технологиялық процесін;

айдау ұңғымаларын зерттеудің негізгі әдістерін;

трубаларды қосудың бөлшектік схемасын;

айдау ұңғымалары мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, нысанын, пайдалану қағидаларын.

Параграф 11. Қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі оператор, 5-разряд
116. Жұмыс сипаттамасы:

12,5 мегапаскаль (шаршы сантиметрге 125 килограмм-күш) қысым кезінде жұмыс істейтін және тәулігіне 7200 куб метрден жоғары көлемде су айдайтын айдау ұңғымалары жабдығына қызмет көрсету;

ұңғымалардың қабылдауыштығын қалпына келтіру және ұстап тұру жұмыстарын жүргізу;

айдауды есептеу пункттерінде бақылау-өлшеу және баптау жұмыстарын орындау;

труба құбырларын қорғау құралдары мен ұңғыманы коррозиядан қорғау жабдығының жұмысын бақылау;

айдау ұңғымаларын күрделі және ағымдағы жөндеуге дайындау жұмыстарына қатысу;

айдау ұңғымаларын жөндеуден қабылдап алу және оларды игеру, пайдалануға қосу;

автоматика, телемеханика және бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын бақылау;

вахта журналын және жұмысшы агентті сіңіру есебінің алғашқы құжаттамасын жүргізу;

вахта жұмысына басшылық ету.

117. Білуге тиіс:

игерілетін кен орнының сипаттамасын;

мұнай шөгіндісіне әсер ету жүйелерін, жердің бетіндегі және астындағы жабдықтардың нысанын, құрылысын;

насос станциясының, таратып бөлу құрылғысының, айдау ұңғымасының байламы схемасын;

айдау ұңғымасын ағымдағы және күрделі жөндеу түрлерін;

ұңғыманың қабылдауыштығын көбейту, айдау ұңғымаларын игеру және зерттеу әдістерін;

автоматика, телемеханика, бағдарламалық құрылғылар жүйелерінің нысанын, құрылымын, пайдалану қағидаларын.

Параграф 12. Қабаттарды гидравликалық үзу жөніндегі

оператор, 5-разряд
118. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары қабаттарды гидравликалық үзу жөніндегі оператордың басшылығымен гидравликалық үзу және гидроқұм ағынды перфорациялау процесін жүргізу;

70 мегапаскальға дейінгі (шаршы сантиметрге 700 килограмм-күшке дейін) қысым кезінде жабдықты гидравликалық үзуді жүргізуге дайындау;

жоғары қысым желілерін құрастыру және бөлшектеу;

айдалатын сұйық көлемін өлшеуді жүргізу;

сұйық пен құмның агрегат насосына берілуін реттеу;

аспаптарды ұңғыма сағасына орнату, оларды сағалық арматурамен қосу, қабатты гидро үзу кезінде аспаптардың жұмысын қадағалау, аспаптар мен жабдықтарға қызмет көрсету және оларды алдын ала жөндеу;

жабдықты гидроқұм ағынды перфорациялауға дайындау.

119. Білуге тиіс:

ұңғыманың, жоғары қысыммен жұмыс істейтін сағалық жабдықтың, қолданылатын механизмдердің, құрал мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, пайдалану қағидаларын;

ұңғымалардың конструкциясын, қабатты гидроүзудің технологиялық процесін;

қабаттың физикалық қасиеттерін, мұнай мен газдың ұңғыма забойларына қарай жылжуы туралы негізгі мәліметтерді;

мұнай және газ кен орындары режимін, қабатқа әсер ету әдістерін, ұңғыма сағасының байламын, гидро үзу сұйықтарын дайындауды.

Параграф 13. Қабаттарды гидравликалық үзу жөніндегі

оператор, 6-разряд
120. Жұмыс сипаттамасы:

70 мегапаскальдан жоғары (шаршы сантиметрге 700 килограмм-күштен жоғары) қысым кезінде гидравликалық үзу және гидроқұм ағынды перфорациялау процесін жүргізу;

картограмманы орнату және тіркеуші электронды шығыстарды өлшеуіш пен манометрдің көрсеткіштерін қадағалау;

ұңғыма сағасының байламына қызмет көрсету және оны жөндеу.

121. Білуге тиіс:

гидравликалық үзу және гидроқұм ағынды перфорациялаудың әртүрлі технологиялық схемалары кезінде жабдықтың және ұңғыма сағасы байламының схемасын;

айдалатын сұйықтар мен құм жеткізгіштердің құрамын және дайындау тәсілдерін;

сұйық пен құмның қажетті көлемін есептеуді, гидравликалық үзу кезінде қолданылатын жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық сипаттамасын.



Параграф 14. Мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығына қызмет көрсететін агрегаттардың машинисі, 5-разряд
122. Жұмыс сипаттамасы:

жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі автомобиль шассиіне немесе қозғағышының қоса алғандағы қуаты 73,5 киловаттқа (100 ат күші) дейінгі трактор базасында жабдықталған мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығына қызмет көрсететін агрегатқа қызмет көрсету, агрегатта жабдықталған барлық механизмдер мен жабдықтарға қызмет көрсету және жердегі мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығын жөндеу;

тығыздау және май құю желілерін, жоғары қысым пистолетін, ауыстырғыштар мен олардың насос шықпасына қоспаларын, солидол тығыздауышты монтаждау және демонтажтау;

муфта қоспаларының сенімді бекітілуін тексеру;

агрегаттың электр жабдығын кәсіпшілік электр желісіне қосу және ажырату, агрегат электр жабдығының контактілері мен жерге қосудың сенімділігін тексеру;

редукторды жұмысталған майдан механикаландырылған босату жөніндегі жабдыққа қызмет көрсету, картер редукторын жуу, редукторға жаңа машина майын құю және мойынтірек тораптарына контактілік май құю;

компрессорлық қондырғының және солидол тығыздауыштың жұмысын қадағалау;

агрегаттың барлық тораптары мен механизмдерін жұмыс қалпында ұстау;

автомобильді, тракторды басқару;

автомобильді, тракторды және агрегат механизмдеріне ағымдағы жөндеу жүргізу.

123. Білуге тиіс:

автомобильдің, трактордың, жүк көтеру механизмдерінің, сұйық және консистенциялық майлауға арналған механикаландырылған жабдықтың, электр жабдығына және мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығына қызмет көрсететін агрегатқа жабдықталған газбен кесу және пісіру жабдығының конструкциясы мен пайдалану қағидаларын;

жуудың технологиялық процесін, қолданылатын майлау материалдарын, автомобильді, тракторды техникалық пайдалану қағидаларын, автомобильдің, трактордың және соларда орнатылған арнаулы жабдық пен механизмдер ақауларының белгілерін, себептерін және оларды анықтау мен жою тәсілдерін, слесарь ісін орындалатын жұмыс шегінде.

Жүк көтергіштігі 5 тоннадан жоғары автомобиль шассиіне немесе қозғағышының қоса алғандағы қуаты 73,5 киловатт (100 ат күші) жоғары трактор базасында жабдықталған мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығына қызмет көрсететін агрегатқа қызмет көрсету кезінде – 6-разряд.

124. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

Параграф 15. Мұнай қабаттарына бу жіберу бу генераторы қондырғысының машинисі, 5-разряд
125. Жұмыс сипаттамасы:

буды генерациялау және оны қабаттарға сіңірудің технологиялық процесін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша жүргізу, сондай-ақ автоматты реттеу және қорғау жүйесінің жұмысын бақылауды жүзеге асыру;

мұнай қабаттарына бу жіберу бу генераторы қондырғысына қызмет көрсету;

қондырғыны стационарлық жағдайдан динамикалық жағдайға ауыстыруға, ұңғымаларға бу трубаларын тарту, сағалық арматура мен ұңғыма ішіндегі жабдықты монтаждау жұмыстарына басшылық жасау;

мұнай құбырының отын жүйесіне және қоректендіру құбырының химия су тазарту блогына дұрыс жалғануын тексеру;

отын жүйесінің жұмысына: химия су тазарту, суды деаэраторға беру, бустерлік және бас қоректендіру насостарын қосу;

отынның жануын, химиялық су тазарту мен ауыз суды термиялық деаэрациялауды бақылау және реттеу;

мұнай қабаттарына бу сіңіру жөніндегі бу генераторы қондырғысын алдын ала жөндеу жұмыстарын орындау, қондырғы жабдығын орташа жөндеуге қатысу;

қондырғы жұмысының есебі журналын жүргізу.

126. Білуге тиіс:

мұнай қабаттарына бу сіңіру жөніндегі бу генераторы қондырғысының жылу схемасын;

барлық жабдықты автоматты реттеу және қорғау жүйесін;

бу генератордың, деаэратордың, отын жүйесінің, насостардың қоректендіру және бустер насостарының, химия су тазарту және жабдықтың өзге де тораптарының құрылымын;

бу генераторын қосу, пайдалану және тоқтату қағидаларын;

сағалық арматура мен ұңғыма ішіндегі жабдықтың конструкциясын, оларды орнату және пайдалану ережесін, жабдықтың жұмысы кезінде техникалық пайдалану қағидаларын және мұнай қабаттарына жылулық әсер етудің технологиялық режимдерін;

слесарь ісін орындалатын жұмыс көлемінде, мұнай кен орны туралы және оны пайдалану туралы негізгі мәліметтерді;

мұнайдың физикалық қасиеттерін, мұнайды өндірудің қайталама әдістерін, мұнай ұңғымаларының өнімділігін арттыру, ұңғымаларды жер астында жөндеу тәсілдерін, кәсіпшілік шаруашылығын, кәсіпшілікте мұнай мен газды тасымалдау түрлерін.

Біліктілігі анағұрлым жоғары мұнай қабаттарына бу жіберу бу генераторы қондырғысы машинисінің басшылығымен жұмыс істеу кезінде – 4-разряд.



Параграф 16. Мұнай мен газ өндірудегі басқару пультінің операторы
127. Жұмыс сипаттамасы:

кәсіпшілікте мұнай, газ және газ конденсатын өндірудің технологиялық процесін бақылау және автоматика мен телемеханика құралдарының көмегімен мұнай, газ және газ конденсатын өндіруді өлшеудің технологиялық процесін қашықтықтан басқару;

қондырғылар мен механизмдерді қосу және ажырату;

ұңғымалар мен топтық өлшеу құралдарынан ақпарат жинауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыру;

басқару пульті мен қызмет көрсетуші операторлардың ақпараты арқылы жұмыс істеп тұрған ұңғымалар қорының жұмысын бақылау;

кәсіпшілік пен орталық технологиялық қызметтегі апаттық жағдайлардағы жұмыстың орындалғаны туралы ақпаратты дайындау және беру;

орталық инженерлік-технологиялық қызметке қажетті арнаулы техника

мен көлікке өтінім беру;

ұңғыманың жұмысы мен өнімді тапсыру, ұңғыманы жер астында және күрделі жөндеу бригадасының қозғалысы туралы мәліметті жасау;

кәсіпшіліктің инженерлік-технологиялық қызметінің басшылығымен жұмысты жүзеге асыру және мұнай-газ өндіруші басқарманың орталық инженерлік-технологиялық қызметінен жедел нұсқаулар алу;

ұңғыманың жұмыс режимін өзгерту және мұнай кәсіпшілігі нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыс жөніндегі вахталық құжаттаманы жүргізу;

мұнай және газ өндіру, ұңғымаларды қосу және тоқтату операторларының жұмысына басшылық ету.

128. Білуге тиіс:

игерілетін кен орнының сипаттамасын;

мұнай, газ және газ конденсатын өндірудің технологиялық процесін;

ұңғымаларды игеру және мұнай, газ және газ конденсатын өндіруді интенсивтендіру әдістерін, жердің бетіндегі және астындағы жабдықтың нысаны мен сипаттамасын;

ұңғыманы күрделі және жер астында жөндеу түрлері мен ұңғымаларды зерттеу әдістерін;

мұнай, газ және газ конденсатын жинаудың, тасымалдаудың, есепке алу мен дайындаудың технологиялық схемасын;

қызмет көрсетілетін аппаратураның, автоматика мен телемеханика құралдарының принциптік және монтаждау схемасын, телебақылау мен телебасқару, телемеханика мен бағдарламалық құрылғылар негіздерін;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын;

электр техникасы негіздерін.

Автоматтандырылмаған кәсіпшіліктердегі жұмыс кезінде – 4-разряд;

автоматтандырылған кәсіпшіліктердегі жұмыс кезінде – 5-разряд.

Параграф 17. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор, 3-разряд
129. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымалардың, газды кешенді дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор станцияларының, газды жерасты сақтау станцияларының берілген жұмыс режимін ұстауға және жүзеге асыруға және түрлі пайдалану тәсілдерімен мұнай, газ, газ конденсатын өндіру технологиясымен байланысты өзге де жұмыстарға қатысу;

мұнай кәсіпшілігі жабдығына, қондырғылар мен трубаларына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына қатысу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін алу;

талдау жасау үшін сынама іріктеу;

топтық өлшеу құрылғылары, сығатын насос станциясының есеп тораптары арқылы мұнай мен суды өлшеуге қатысу.

130. Білуге тиіс:

мұнай мен газ ұңғымаларының конструкциясын;

ұңғыманың жердегі жабдығының, қолданылатын құралдың, құрылғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және оларға қызмет көрсету қағидаларын;

мұнай, газ, газ конденсатын өндіру, жинау және тасымалдау, газды іріктеу мен айдау технологиялық процесі туралы негізгі мәліметтерді, қолданылатын реагенттердің негізгі химиялық қасиеттерін, жеке қорғану құралдарының жұмыс қағидатын.



Параграф 18. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор, 4-разряд
131. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператордың басшылығымен мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі технологиялық процесті жүргізу, жабдыққа қызмет көрсету, монтаждау және демонтаждау;

ұңғыманың, кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор станцияларының, газды және газ конденсатын жер астында сақтау станциялары мен мұнай, газ, газ конденсатын өндірумен және газды жер астында сақтау технологиясымен байланысты өзге де объектілердің берілген жұмыс режимін қолдау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;

қарапайым мұнай кәсіпшілігі жабдығының жекелеген тораптары мен механизмдері мен арматураны бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;

ұңғымадағы насос-компрессор трубаларды механикалық және автоматты қырғылармен және реагенттерді, еріткіштерді, ыстық мұнай мен буды қолдана отырып парафин мен шайырдан тазарту;

ұңғыманың жерасты және жер бетіндегі жабдықтары мен шықпа желілерді жоғары қысымды бумен өңдеу;

ұңғыма дебитін автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысында өлшеу;

бақылау және автоматика аспаптарының көрсеткіштерін шешу;

ұңғыма мен өзге де мұнай кәсіпшілігі жабдығының жұмысындағы барлық ақаулар туралы жұмыс басшысы мен операторға ақпарат ұсыну;

біліктілігі анағұрлым жоғары мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператордың басшылығымен газ лифт коммуникацияларына (газ манифольдтарына, газ сепараторларына, жылуды ауыстырғыштарға) техникалық қызмет көрсету;

газ құбыры жұмысының параметрлерін өлшейтін аспаптардың

көрсеткіштерін жазып алу, газ бен сұйық шығысын есептеу, газды кешенді дайындау құрылғылары, цех жұмысының режимдік парақтарын жүргізу.

132. Білуге тиіс:

мұнай, газ кен орындары туралы негізгі мәліметтерді;

ұңғыманың жердегі жабдығы мен қондырғыларына, қолданылатын құрал мен құрылғыларға, бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету және оларды пайдалану қағидаларын;

мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің, жинаудың, тасымалдаудың, газды іріктеу мен айдаудың технологиялық процесін, қызмет көрсетілетін учаскедегі мұнайды, газ, газ конденсатын жинау, тасымалдау схемасын;

қызмет көрсетілетін бақылау-өлшеу аспаптарының, аппаратураның, автоматика және телемеханика құралдарының құрылысын.

Параграф 19. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор, 5-разряд
133. Жұмыс сипаттамасы:

мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі газды іріктеу және айдау технологиялық процесін жүргізу және ұңғымалардың, кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор станцияларының, жерасты газ сақтау станциялары мен өзге де мұнай кәсіпшілігі қондырғылары мен жабдығының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

ұңғымаларды игеру, оларды берілген режимге шығару жұмыстарына қатысу, труба құбырларын, технологиялық жабдықты престемелеу;

жердегі кәсіпшілік жабдықтарын, қондырғыларды, механизмдер мен коммуникацияларды монтаждау, демонтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

гидрат құрылымдардың, парафин, шайыр, тұз шөгінділерінің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүргізу және осы жұмыстарды жүргізу үшін реагенттерді есептеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен әртүрлі технологиялық параметрлердің шамасын өлшеу;

ұңғыма жұмысының параметрлерін алу және беру, автоматика мен телемеханика құралдарының жұмысын бақылау;

ұңғымаларды зерттеу жұмыстарына қатысу;

газ лифті ұңғымаларының коммуникацияларына (газ манифольдыларына, газ сепараторларына, жылу ауыстырғыштарға) техникалық қызмет көрсету;

насос жабдығына ағымдағы қызмет көрсету.

134. Білуге тиіс:

мұнай, газ кен орындары, шөгінді режимі туралы негізгі мәліметтерді;

мұнайдың, газдың, газ конденсатының физикалық-химиялық

қасиеттерін;

қызмет көрсетілетін ұңғыманың технологиялық режимін, кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының;

мұнай, газ, конденсатты жинау және тасымалдау, газды толтыру және іріктеу жүйелерінің, қызмет көрсетілетін бақылау-өлшеу аспаптарының;

аппаратураның, автоматика және телемеханика құралдарының құрылысы мен жұмыс қағидатын, техникалық сипаттамасын;

жер үстіндегі кәсіпшілік жабдығының, қондырғылардың, труба құбырларының және аспаптардың құрылысы мен оларды пайдалану қағидаларын;

мұнай, газ өндіруді интенсивтендіру, ұңғымаларды зерттеу, мұнай және газ кен орындарын дайындау, ұңғымаларды жерасты (ағымдағы) және күрделі жөндеу әдістері туралы негізгі мәліметтерді;

бұрғылау және мұнай және газ ұңғымаларын игеру техникасы мен технологиясы негіздерін;

кәсіпшілік электр жабдығын пайдалану және электр техникалық қондырғыларда жұмыс істеу қағидаларын.

Параграф 20. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор, 6-разряд
135. Жұмыс сипаттамасы:

мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі газды іріктеу және айдау технологиялық процесін жүргізу және ұңғымалардың режимін қолдау және жақсарту жөніндегі геологиялық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру;

ұңғымаларды, өнімділігі тәулігіне 500 куб метрге дейінгі электр тиеу ортадан тепкіш насостарды игеру, оларды берілген режимге шығару жұмыстарын жүзеге асыру;

факел жүйелерінің құрылғыларын баптау, кешенді газ дайындау, газды тазарту және кептіру кешенді қондырғыларына, жұмыс қысымы 15 мегапаскальға дейінгі (шаршы сантиметрге 150 килограмм-күшке дейін) айдаушы ұңғымаларға қызмет көрсету;

қарапайым және күрделілігі орташа мұнай кәсіпшілігі жабдығын, қондырғыларын, механизмдерін, бақылау-өлшеу аспаптары мен коммуникацияларды монтаждау және демонтаждау жұмыстарына басшылық ету;

ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеуге дайындау және оларды жөндеуден кейін қабылдап алу жұмыстарына қатысу;

ұңғымаларды зерттеуге, игеруге және пайдалануға енгізуге дайындау;

жер бетіндегі және астындағы жабдықтағы, автоматика және телемеханика құралдары жұмысындағы ақаулардың сипатын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен анықтау;

жергілікті автоматиканың жарамсыз блоктарын ауыстыру, ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу;

күштік және жарық беру желісіндегі, қосуды реттеу аппаратурасы мен

электр қозғағыштарындағы ақаулардың себебін анықтау және қарапайым

зақымдарды жою;

газ лифті ұңғымаларының коммуникацияларына (газ манифольдтарына, газ сепараторларына, жылу ауыстырғыштарға) техникалық қызмет көрсету жұмыстарына қатысу және басшылық ету;

біліктілігі анағұрлым төмен газ және мұнай өндіру операторларына басшылық жасау.

136. Білуге тиіс:

мұнай мен газ, газ конденсатын өндірудің, газды іріктеу мен айдаудың технологиялық процесін;

жер бетіндегі және астындағы жабдықтардың құрылысын, техникалық сипаттамасын;

ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеудің түрлерін;

мұнай, газ өндіруді интенсивтендіру, ұңғымаларды зерттеу әдістерін;

қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылысын және оларды пайдалану қағидаларын, монтаждау және принципті схемаларды;

қызмет көрсетілетін аппаратураны, автоматика мен телемеханиканы пайдалану қағидаларын, радиотехника, электр техникасы, автоматика және телемеханика негіздерін.

137. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.



Параграф 21. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор, 7-разряд
138. Жұмыс сипаттамасы:

мұнай, газ, газ конденсатын түрлі тәсілдермен өндірудің технологиялық процесін жүргізу және ұңғымалардың, кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, сығу насос және компрессор станцияларының үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды және ұңғымалардың жұмыс режимін қолдау мен жақсарту жөніндегі геологиялық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру;

мұнай және газ ұңғымаларын пайдаланудың берілген коэффициентін қамтамасыз ету;

өнімділігі тәулігіне 500 куб метрден жоғары электр тиеу ортадан тепкіш насостарды, редукциялау тораптарына метанолды беруге арналған дозалаушы насостарды, газлифті мен бірнеше рет түсірілетін және басқару станциясының көмегімен ажыратылатын штангалы насостармен әрі өзінің режиміне сәйкес ұңғыма өнімі алынғанға дейін айдап шығарылатын сұйықтың параметрлерін бақылауды жүргізумен жабдықталған ұңғымаларды берілген режимге шығару;

қысымы 15 мегапаскальдан жоғары (шаршы сантиметрге 150 килограмм-күштен жоғары) газды айдай отырып, қабат қысымын ұстап тұру әдісін пайдалану кезінде тығыздаушы ұңғымаларға қызмет көрсету;

күрделі технологиялық жабдықты, электрмен тиеу ортадан тепкіш

қондырғыларды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғыларын монтаждау және демонтаждау жұмыстарына басшылық ету;

объектілерді жерасты (ағымдағы) және күрделі жөндеуге дайындау жұмыстарына қатысу;

объектілерді жөндеуден қабылдау, оларды жөндеуден кейін баптауға және іске қосуға қатысу;

іске қосылатын электр жабдығын, басқару станцияларын, автоматика және телемеханика блоктарын монтаждауға қатысу, автоматика және телемеханика жүйелерінде бақылау-өлшеу және баптау жұмыстарын орындау;

бригадалық мұнай есебі тораптарының жұмысын бақылау;

технологиялық мұнай трубаларын, алаң ішіндегі газ трубаларын, газ манифольдтарды жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру;

ұңғыма лифтінің герметикалылығын сынау, ұңғыма камераларын газбен үрлеу жұмыстарына қатысу;

газ манифольдтарын жоспарлы-алдын ала жөндеу (диафрагмаларды, ершіктерді, шар клапандарын ауыстыру және өзге) жұмыстарына қатысу;

учаскеге қызмет көрсету жөніндегі вахталық құжаттаманы жүргізу;

біліктілігі анағұрлым төмен газ және мұнай өндіру операторына басшылық жасау.

139. Білуге тиіс:

игерілетін кен орнының сипаттамасын, жердің бетіндегі және астындағы жабдықтардың техникалық сипаттамасын және құрылысын;

ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеудің түрлерін;

ұңғымаларды игеру және зерттеу, мұнай, газ өндіруді интенсивтендіру әдістерін;

кәсіпшіліктерді кешенді автоматтандыру кезінде қолданылатын автоматика, телемеханика және бағдарламалық құрылғылардың құрылысын және пайдалану қағидаларын;

автоматика және телемеханика негіздерін.

140. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау