Сабақ жоспары: «Тіркемелі және жартылай тіркемелі тракторды жұмысқа дайындау»



жүктеу 66,45 Kb.
Дата30.01.2018
өлшемі66,45 Kb.
#8155
түріСабақ

Маметов Тауфик Хусаинович

«Үржар колледжі» КММ екінші біліктілік

санатты оқу-өндіріс шебері, еңбек өтілі-35 жыл

Сабақ жоспары: « Тіркемелі және жартылай тіркемелі тракторды жұмысқа дайындау»

Сабақтың мақсаты: студенттерді МТА-мен жұмысқа дайындауда, агрегаттарды жинақтау мен ретке келтіруде білім-біліктерін қалыптастыру, техника қауіпсіздігі ережелері мен агротехникалық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Пайдаланылатын әдістері: Ауызша сұрақ – жауап, көрнекілік.

Материалдық-техникалық құрал-жабдықтар:Трактор МТЗ-80-82, тіркеме (жартылай тіркеме), құрал-саймандардың 2 жиынтығы, сүртетін шүберек оқу-жоспарлау құжаттары, жанар-жағармай құю инвентары, айдағыш, медициналық қобдиша, құйғыш, арнайы киім.

Сабақ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі-2 минут.

А) сабаққа қатысуын тексеру;

Б)студенттердің сыртқы қалыптарын тексеру.

2. Кіріспе нұсқама 30 минут.

А) сабақтың тақырыбы мен мақсатын баяндау.

Б) оқушылардың тақырып бойынша теориялық білімдерін тексеру.

Сұрақтарға жаауап беру.

1.Ауылшаруашылығындағы трактор пойызының мәні?

2.Шиналардағы қысым әртүрлі мағына бергенде не болады?

3. Платформа (кузов) көтергішінің шектелген клапаны арқанының (трос) болиауы немесе бұзылуы қандай қатерге әкеледі?

Төмендегі нәрселерді пайдалануда техника қауіпсіздігі ережелеріне ерекше көңіл аудару қажет:

А)компрессор

Б)домкрат, қойғыш

В)құрал-саймандар

Г)кері серпілуге қарсы(противооткат)

Д)платформа (кузов) тірегінің сақтандырғышы



5. Үйренетін операцияның орындалу әдістері мен тәсілдерін түсіндіру және көрсету, орындалған жұмыст бақылау мен өзін-өзі бақылаудың әдістері.

6. Техникалық құраттарды қарау, ИТП техникалық талаптарын қарау.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тіркемелі және жартылай тіркемелі тракторларды МТА жұмысқа дұрыс дайындауға, тапсырманы орындауда техника қауіпсіздігін дұрыс және қатаң сақтауға үйрету.

Сабақтың материалдық жабдықтандырылуы: Құрал-саймандар жиынтығы, шүбере, құю құрал-сайманы, нұсқама карталар, плакаттар.



Жұмыс мазмұны

Техникалық талаптар

Жабдықтар

Тіркеме мен жартылай тіркемені шаң-тозаңнан тазалау үшін арнайы жабдықталған алаңқайға қою.




Трактор, тіркеме

Тіркемені шаң-тозаңнан арылтып, тығыздалған ауаны үрлеу.




Күрек,шүберек, компресс ор.

Тіркеменің ақаулығын, доңғалақтың бекіткішін, дөңгелектердің бастырығын, алдыңғы және артқы рессорлардың сатысын, тоқтатқыш бұранданы, рессордың саусақтарын, тарту-тіркелу құрылғысы мен ауа баллондарын тексеру.

Қажет болғанда бекіт- кішті қатайтады, сырттай қарау: майдың ақпауын тексереді, жалғанған жерлерді тарта түсу.

Құрал-саймандар жиынтығы, шүберек.

Кузовты аударудағы шарнирлердің істіктерінің болуын қадағалау.




Құрал-саймандар жиынтығы, шүберек.

Жабу механизмдерінің жағдайы мен қапталдағы борттардың түзу ілу механизмдерін тексеру.

Қажет болғанда механизмдерді реттейді, қапталдағы борттардың серпінді көмекшілерін жағдайын тексереді.

Құрал-саймандар жиынтығы, шүберек.




Тіркеме немесе жартылай тіркеменің осін көтеруде домкрат




7. Құрал-саймандарды, оқу-жоспарлау құжаттарын беру, студенттерді жұмыс орындарына орналастыру.

8. Өздік жұмыс. Ағымдағы нұсқаулық 270 минут.

А) шебердің мақсатты аралауы.

Б) оқушылардың тапсырманы орындауын тексеру.

В)оқушылардың ТҚ сақтауы, әдістердің орындалуы мен көрсетудің дұрыстығын бақылау.

Г)оқушыларға бақылау мен өзін-өзі бақылауда, атқарылған жұмыстарда көмек көрсету.

Д) соңғы нұсқамаға материал жинау.



9. Соңғы нұсқаулық 8 минут.

А)Қорытындылау.

Б)Технмкалық қателерді қарау.

В)Жекелеген оқушылардың жұмыстарын талдау.

Г)Қателерін айту.

Д)Үй жұмыс.



10.Жұмыс орындарын тазалау.

МТА-ны жұмысқа дайындауда техника қауіпсіздігін сақтау.



  1. Арнайы жабдықталған орынға тіркемені әкелудегі техника қауіпсіздігі.

  2. Компрессорды пайдалануда техника қауіпсіздігін сақтау.

А)арнайы киім, астарсыз былғары қолғап, етік кию.

Б)күрек пен щетканы ұқыпты пайдалану.



  1. Домкратты пайдалануда техника қауіпсіздігін сақтау.

А)Домкратты рамадағы көрсеткен орынға дәлме-дәл тік орналатыру.

Б)Домкраттың астына тегіс ағаш алаңқай салу.

В)Сенімді тіреуіштерді пайдалану. Тек қана ақаусыз құрал-саймандарды пайдалану, балғалар жарылмаған, зақымданбаған ағаш саптармен сапталуы қажет.

4. Гидрожүйені тексергенде техника қауіпсіздігін актаң сақтау, ашалған платформада (кузовта) гидроарматураны бұрамау.

5.Платформаны көтергенде кегіштегі көрсетілген орынға тіреуішті орналастыру, платформа көтергішінің сақтандырғыш шектеуінің жапқыш клапынының тұтастығы мен бекітілуін тексеру.

Нұсқама-технологиялық карта

Бөлім: МТА жұмысқа дайындау.



Тақырып:Тіркемелі және жартылай тіркемелі тракторды жұмысқа дайындау.




Пайдаланады. Осы операцияны орындауда техника қауіпсіздігін сақтау.




Тіркеме немесе жартылай тіркеменің подшипниктерін реттеу.

Тіркеме немесе жартылай тіркеменің осін көтеруде домкрат пайдаланады. Осы операцияны орындауда техника қауіпсіздігін сақтау. Реттеудің алдында міндетті түрде майлағышты ауыстыру, орналастырғанна кейін подшипниктердің сомын қатты бұрап тастау. Дөңгелектің сомын бұрауда үнемі айналдыра беру. Сомды дөңгелек қолмен итергенде нығыз айналғанша бұрайды. Сосын сомынды жұмыс істеген подшипниктерге бір жарым, екі шекке дейін, жаңаларына екі, екі жарым шеке дейін түсіреді.Күпшенің қызуы орташа болған жағдайда, реттеу дұрыс орындалды деген сөз.

Құрал-саймандар жиынтығы, шүберек, домкрат, майлағыш (солидол), жуып-шаятын материал.

Тіркеменің шиналарындағы ауа қысымнн тексеру

Тіркеменің шиналарындағы қысым өлшенеді. Дәлсіздік 0,1 кг/см болмауы керек. Тіркеме шинасы бірдей қысыммен болуы қажет.

манометр

Агрегатты жинақтау және оны басқару.

Көлік агрегатын жинақтау (бір осьті) трактор мен көлік арбасынан тұрады. Трактор мен арбаның қосылуы сенімді және берік болуы қажет. Агрегатты құрастыра отырып, жарылғыш муфтаның көмегімен трактор мен арбаның гидрожүйесін қосамын. Трактор тоқтап, тіркемешінің рұқсат берген белгісінен кейін ғана трактор мен арбаны ажырату қажет. Тежеуіш шланг пен электр сымдар жүйесіне назар аудару керек, үзіліп немесе жұлынып кетпес үшін оларды трактордың қанатына орнатуға болмайды.




Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық.

1.ЕТО операциясын көлденең алаңкайда өткізеді, орнықты қалыпты сақтау үшін дөңгелектің астына тіреу қояды.

2.ТО операциясының барлығы, двигательдің қарау мен реттеуден, тежегіштің гидрожүйесін тексеру мен реттеуден басқасы, двигателі жұмыс істемей тұрған трактор тоқтағаннан кейін жүргізіледі.

3.Жұмыс орны таза болуы тиіс. Оны кересіз бөлшектермен, құрастырылатын

бірліктермен қоқырсытуға, үйіп тастауға болмайды. Барлық операцияны тексеруде қолданылатын құрал-саймандар мен керекті жабдықтар ақаусыз болуы қажет.

4.Гидравликалық құбыршекті ажыратқанда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Қатты қысыммен ағатын майдың ағынынан жаралану қаупі бар.



5.Ыстық дизельдің радиаторындағы салқындатқыш сұйықтықтың деңгейін тексеру барысында радиатордың қақпағын қолға қолғап киіп, ық жағынан ашу керек, буды сыртқыа аз-аздап шығару ушін қақпақты ақырын ашу керек.
жүктеу 66,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау