Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (6-шығарылым) 1-тарау. Кіріспе



жүктеу 0,64 Mb.
бет3/8
Дата27.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#27424
1   2   3   4   5   6   7   8

Параграф 19. Мұнара монтаждаушы, 4-разряд
48. Жұмыс сипаттамасы:

бұрғылау мұнараларын, мұнара жанындағы құрылғыларды, мұнараларды көтеру және түсіру механизмдерін, бұрғы ерітіндісін циркуляциялық тазарту жүйесі жабдықтарын, қосалқы сыйымдылық блоктарын, энергоблок пен механикаландыру және автоматтандыру құралдарын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау;

бұрғылау жабдығы мен мұнара жанындағы құрылғылардың негіз іргетасының орналасатын жерін белгілеу;

дизельге арналған коллекторларды салу және орамалау, біліктілігі

анағұрлым жоғары мұнара монтаждаушының басшылығымен серпігіш желілер мен манифольдтарды құрастыруға және престемелеуге қатысу;

бұрғылау мұнарасын, бұрғылау, күштік жабдықты және бұрғылау қондырғысының жекелеген блоктарын орталандыру;

геологиялық-барлау жабдығында қолданылатын барлық үлгідегі және конструкциялардағы мұнарасы бар геологиялық-барлауға арналған бұрғылау қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу кезінде мұнара монтаждау бригадасын басқару.

49. Білуге тиіс:

бұрғылау қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу әдістері мен қағидаларын, механикаландыру және автоматтандыру кешенінің конструкциясын;

түсіру-көтеру операциялары механизмдерінің, циркуляциялық желі механизмдерінің, сумен, бумен жабдықтау коммуникацияларының, электрмен жабдықтау, пневможүйе мен жұмыс орындарын жылыту кешенінің нысаны мен техникалық сипаттамасын;

жүк көтеру механизмдері қолданылатын ілмектеу, такелаж жұмыстары өндірісі қағидаларын.

Параграф 20. Мұнара монтаждаушы, 5-разряд
50. Жұмыс сипаттамасы:

негізгі технологиялық жабдықты, бұрғылау процесін басқару пультін, бұрма крандарды,бұрғылау қондырғысы блоктарын жабуға арналған металды каркастарды, бұрғылау құралын түсіру және көтеру автоматтарын, автоматтандыру құралдарын, шина пневматикалық муфталарды, «А»-үлгілік мұнаралар мен биіктігі 45 метрге дейінгі мұнара үлгісіндегі мұнараларды монтаждау және бөлшектеу;

бұрғылау қондырғысының, бұрғылау, күштік жабдықтың жекелеген блоктарын іргетасқа көтеру және орнату;

көтеру-тасымалдау құралдарын қолдана отырып блоктарды түйістіру;

серпігіш желілер мен қысымы 15 мегапаскаль (шаршы сантиметрге 15 килограм-күшке дейін) дейінгі манифольдтарды құрастыру және престемелеу;

күштік өткізгіштерді орталандыру;

бұрғылау жабдығы мен бұрғылау мұнараларын қайта қосу және сынау;

номиналдық жүк көтергіштігі 100 тоннаға дейінгі бұрғылау қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу кезінде мұнара монтаждау бригадасын басқару.

51. Білуге тиіс:

барлық үлгідегі бұрғылау қондырғыларын құрудың индустриялдық әдістерін;

бұрғылау қондырғыларының, бұрғылау жабдығының, оларды монтаждау

және бөлшектеу кезінде қолданылатын механизмдердің конструкциясын;

жоғары және төмен қысымды трубалар коммуникацияларының, отын жүйесінің, бақылау-өлшеу аспаптары мен аппараттарының схемаларын;

шина пневматикалық муфталарды монтаждау және бөлшектеу тәсілдерін;

қолданылатын жабдық пен бұрғылау мұнарасын орталандыру және сынау әдістерін;

электрмен пісіру, электромонтаж, ілмектеу және такелаж жұмыстары өндірісінің негізгі қағидаларын;

гидроциклондық және дегазациялық қондырғылардың нысанын, ірі блоктарды тасымалдауға арналған тасымалдау құралдарының түрлерін.

Параграф 21. Мұнара монтаждаушы, 6-разряд
52. Жұмыс сипаттамасы:

бұрғылау қондырғысын монтаждауға қабылдау және монтаждаудан кейін пайдалануға тапсыру;

«А»-үлгілік мұнаралар мен мұнара үлгісіндегі мұнараларды монтаждау және бөлшектеу;

серпігіш желілер мен қысымы 15 мегапаскальдан 30 мегапаскальға (шаршы сантиметрге 150 килограмм-күштен жоғары және шаршы сантиметрге 300 килограмм-күшке дейін) дейінгі манифольдтарды құрастыру және престемелеу;

бұрғылау қондырғысының жабдығын орналастырудың үлгілік схемасын жергілікті жағдайларға байланыстыру;

бұрғылау қондырғысының блоктарын тасымалдау трассасын таңдау;

бұрғылау қондырғысын, көтеру-тасымалдау құралдары мен материалдарын схема бойынша орналастыру;

тальдық жүйені жабдықтау;

бұрғылау қондырғысын қорытынды қосу;

бұрғылау қондырғысының тиісті құжаттамасын ресімдеу;

номиналдық жүк көтергіштігі 100 тоннадан 200 тоннаға дейінгі бұрғылау қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу кезінде мұнара монтаждау бригадасын басқару.

53. Білуге тиіс:

бұрғылау қондырғысын монтаждауға қабылдау және монтаждаудан кейін пайдалануға тапсыру тәртібін;

бұрғылау қондырғысы жабдығын орналастыру, құрылыс монтаж жабдығын құрылыс алаңыңда ұтымды орналастыру схемасын;

жер жағдайлары мен жергілікті рельефтің трасса таңдауға әсерін және бұрғылау мұнарасын жылжыту тәсілдерін;

бұрғылау қондырғыларының гидравликалық жүйесін, жұмыс орындарын ұйымдастырудың үлгілік жобалары мен бұрғылау

қондырғысын құру кезіндегі желілік жоспарлауды;

ірі блоктарды тасымалдауға арналған тасымалдау құралдарының нысанын, құрылымы мен түрлерін.

54. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

Параграф 22. Мұнара монтаждаушы, 7-разряд
55. Жұмыс сипаттамасы:

бұрғылау қондырғысын монтаждауға қабылдау және монтаждаудан кейін пайдалануға тапсыру;

«А»-үлгілік мұнаралар мен мұнара үлгісіндегі және биіктігі 45 метрге жоғары күрделі конструкциялы мұнараларды монтаждау және бөлшектеу;

серпігіш желілер мен қысымы 30 мегапаскаль (шаршы сантиметрге 3000 килограмм күшке дейінгі) жоғары манифольдтарды құрастыру және престемелеу;

бұрғылау қондырғысының жабдығын орналастырудың үлгілік схемасын жергілікті жағдайларға байланыстыру;

бұрғылау қондырғысының блоктарын тасымалдау трассасын таңдау;

бұрғылау қондырғысын, көтеру-тасымалдау құралдары мен материалдарын схема бойынша орналастыру;

тальдық жүйені жабдықтау;

бұрғылау қондырғысын қорытынды қосу;

бұрғылау қондырғысының тиісті құжаттамасын ресімдеу;

жүк көтергіштігі 200 тоннадан 250 тоннаға дейінгі бұрғылау қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу кезінде мұнара монтаждау бригадасын басқару.

56. Білуге тиіс:

бұрғылау қондырғысын монтаждауға қабылдау және монтаждаудан кейін пайдалануға тапсыру тәртібін;

бұрғылау қондырғысы жабдығын орналастыру, құрылыс монтаж жабдығын құрылыс алаңыңда ұтымды орналастыру схемасын;

бұрғылау қондырғыларының гидравликалық жүйесін, жер жағдайлары мен жергілікті рельефтің трасса таңдауға әсерін және бұрғылау мұнарасын жылжыту тәсілдерін;

жұмыс орындарын ұйымдастырудың үлгілік жобалары мен бұрғылау қондырғысын құру кезіндегі желілік жоспарлауды;

көлік пен материалдарды пайдалану жөніндегі есепті жүргізу және есептемені жасау тәртібін;

ірі блоктарды тасымалдауға арналған тасымалдау құралдарының нысанын, құрылымы мен пайдалану қағидаларын.

Номинальдық жүк көтергіштігі 250 тоннадан жоғары бұрғылау қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу кезінде – 8-разряд.

56. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап

етіледі.

Параграф 23. Мұнара монтаждаушы-пісіруші, 3-разряд
58. Жұмыс сипаттамасы:

бұрғылау және күштік жабдықтарды, өтпелі алаңдарды, бұрғылау қондырғысының металды төсемдерін, науа жүйелерін, қаптаманы, ауа трубалары төсемдерінің кронштейндерін, май трубаларын және труба құбырларын монтаждау және бөлшектеу кезіндегі электрмен және газбен пісіру жұмыстары;

профильді және сұрыптық металдан төбені, рамаларды, қақпақ бүйірлерін газбен кесу;

басқару пульттерінің каркастары мен айналма бөлігінің қаптауларын пісірмелеу;

суға, сеппелі материалдар реагенттеріне арналған қысымсыз трубаларды төсеу;

электрмен, газбен пісіру аппараттарына қызмет көрсету;

бұрғылау қондырғыларын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау.

59. Білуге тиіс:

металдың негізгі қасиеттерін;

электрмен, газбен пісіру жұмыстарын жүргізу қағидаларын;

қолданылатын электрмен, газбен пісіру аппараттарының типтері мен құрылымын;

олардың жұмыс қағидатын, пайдалану қағидаларын, пісіру кезінде қолданылатын құрылғылар мен материалдарды;

бұрғылау және күштік жабдықтың орналасу схемасын, қолданылатын бұрғылау жабдығы мен қондырғысының нысанын және техникалық сипаттамасын;

электр техникасы негіздерін, бұрғылау қондырғысын монтаждау және бөлшектеу әдістерін, көлемі шағын жүктерді ілмектеу, көтеру және орнын ауыстыру қағидаларын.



Параграф 24. Мұнара монтаждаушы-пісіруші, 4-разряд
60. Жұмыс сипаттамасы:

бұрғылау пісірме жіктің барлық кеңісті жағдайларында, ыдыстарды, болаттың түрлі маркасынан жасалған труба құбырларын монтаждау және бөлшектеу кезінде электрмен және газбен пісіру жұмыстары;

болаттың әртүрлі маркаларынан жасалған бұрғылау қондырғыларын, сыйымдылықтар мен трубаларды монтаждау және бөлшектеу кезінде пісірме жіктің барлық кеңістік жағдайларында электрмен және газбен пісіру жұмыстары;

дизельдерге арналған коллекторларды, трубалардың, тасымалдау арбаларының газбен жабдықтау және жылу беру сыртқы және ішкі желілеріне арналған бекітпелері мен тіреулерін пісіру;

шойын рамалар мен бұйымдарды газбен кесу;

профильді прокаттан жасалған бұрғылау мұнараларын пісіру;

шойын рамалар мен тақталардағы раковиналар мен жарықтарды пісіру;

бұрғылау қондырғысын алғашқы монтаждау кезінде күрделі пісірме металды конструкциялардың сызбаларын оқу;

бұрғылау қондырғысын құру, қосалқы сыйымдылық блоктарын мұнараны көтеру және түсіру механизмдерін монтаждау кезінде және өзге де ұқсас жұмыстарда монтаждау және бөлшектеу жұмыстарын орындау.

61. Білуге тиіс:

қолданылатын электрмен, газбен пісіру аппараттарының құрылымын;

пісірме жіктерді сынау тәсілдерін, пісірме жіктердегі ақаудың түрлерін мен оларды жою әдістерін;

пісіру режимін, күрделі конструкциялардың сызбаларын оқудың тәртібін;

қолданылатын жабдықтар мен коммуникациялардың орналасу схемасын бұрғылау қондырғысын монтаждау және демонтаждаудың тәртібі мен қағидаларын;

бумен, сумен жабдықтау коммуникацияларының схемасын.

Параграф 25. Мұнара монтаждаушы-пісіруші, 5-разряд
62. Жұмыс сипаттамасы:

бұрғылау қондырғылары мен қазандықтарды, бұрғылау мұнарасы мен негіздеменің жүк көтеруші тораптарын, үлкен динамикалық және вибрациялық жүктемемен жұмыс істейтін, болаттың әртүрлі маркаларынан жасалған трубалар мен қысымы 15 мегапаскаль (шаршы сантиметрге 150 килограмм-күшке дейін) дейінгі манифольдтарды, сыйымдылық асты негіздемелерді, балшық араластырғыштарды, циркуляциялық жүйелерді, ерітінді дайындау блоктарын монтаждау және бөлшектеу кезінде пісірме жіктің барлық кеңістік жағдайларында электрмен және газбен пісіру жұмыстары;

шойыннан жасалған бұрғылау насостары мен корпустарының гидравликалық бөлігіндегі жарықтарды пісірмелеу;

электр жеткізу желілері тіреулерін орнату кезіндегі пісіру жұмыстары өндірісі;

манифольдтарды салу және орамалау;

көтеру-тасымалдау құралдарын қолдана отырып блоктарды түйістіру және өзге де ұқсас жұмыстарды орындау.

63. Білуге тиіс:

қолданылатын пісіру агрегаттары мен машиналарының электр схемалары мен конструкцияларын;

жоғары легирленген болатты қоса алғанда, пісірілетін материалдардың технологиялық қасиеттерін;

пісірме жіктерді салудың технологиялық кезектілігін және пісіру режимін;

бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамасы мен олардың нысанын бұрғылау блоктары мен жабдықтарын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдауға арналған құралдарды;

бұрғылау қондырғысын орнату және орамалау схемаларын, бұрғылау қондырғысын құрудың индустриалдық әдістерін.



Параграф 26. Мұнара монтаждаушы-пісіруші, 6-разряд
64. Жұмыс сипаттамасы:

бұрғылау қондырғысының үлкен қысыммен және вибрациялық жүктемемен жұмыс істейтін, технологиялық желілерін (манифольдар, стояктар), жоғары динамикалық жүктемемен жұмыс істейтін мұнара тораптарын, бұрғылау қондырғыларының күштік жетектеріне арналған газ магистральдық трубаларды, трубалар және қысымы 15 мегапаскаль (шаршы сантиметрге 150 килограмм-күш) трубалар мен жоғары манифольдтарды, ауыр дизельді қозғалтқыштар мен ауа жинағыштардың корпустарын монтаждау және бөлшектеу кезінде пісірме жіктің барлық кеңістік жағдайларында электрмен және газбен пісіру жұмыстары;

бұрғылау қондырғысын құру кезіндегі монтаждау және бөлшектеу жұмыстарын орындау.

65. Білуге тиіс:

электрмен және газбен пісіру жұмыстары технологиясын,

пісірме жіктерді термиялық өңдеу түрлерін, пісірме жіктердің металлографиясы жөніндегі негізгі мәліметтерді;

пісіруге өңдеу түрлерін және ауа райы жағдайының пісірме жік сапасына әсерін, коррозия түрлерін, оларды туындататын факторларды және одан қорғау әдістерін;

бұрғылау және күштік жабдықтың орналасу мен орамалау схемасын;

жүк көтеруші конструкцияларды бұрғы мұнарасы жағдайында сынау әдістерін;

бұрғылау қондырғысын құру кезіндегі монтаждау және бөлшектеу

жұмыстары технологиясын.

66. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.



Параграф 27. Мұнара монтаждаушы-электр монтері, 3-разряд
67. Жұмыс сипаттамасы:

қуаты 100 киловатт дейінгі тұрақты және ауыспалы ток жабдығын монтаждау, құрастыру, реттеу және тапсыру;

таратып бөлу щиттері мен электр шкафтарды, шина жиынтықтарын, реостаттарды, жерге қосу желілерін, қосу контроллерлерін монтаждау және бөлшектеу;

бұрғылау қондырғысын бекітілген схема бойынша жарықтандыруға арналған шамдарды зарядтау және орнату;

электр қозғалтқыштардағы мойынтіректерді ауыстыру;

қуаты 100 киловатт жоғары электр жабдығын біліктілігі анағұрлым жоғары мұнара монтаждаушы-электр жөндеушінің басшылығымен монтаждау, құрастыру, реттеу және тапсыру;

бұрғылау қондырғысы блоктарын монтаждау және бөлшектеу, бұрғылау жабдығын тасымалдау және өзге де ұқсас жұмыстарды орындау.

68. Білуге тиіс:

электр техникасы негіздерін орындалатын жұмыс шегінде, қуаты 100 киловаттқа дейінгі бұрғылау қондырғылары электр жабдықтарының, қолданылатын бақылау-өлшеу аппаратурасының негізгі түрлерінің нысанын және техникалық сипаттамасын;

бұрғылау қондырғысындағы электр аспаптары мен электр жабдығының орналасу схемасын;

электр жабдығын монтаждау кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттерін;

электр беру мен электр жарығы желілерін монтаждау және бөлшектеу қағидаларын;

бұрғылау қондырғысын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау әдістерін.

Параграф 28. Мұнара монтаждаушы-электр монтері, 4-разряд
69. Жұмыс сипаттамасы:

қуаты 100 киловаттан жоғары тұрақты және ауыспалы ток жабдығын монтаждау, құрастыру, реттеу және тапсыру;

бұрғылау қондырғысына жоғары вольтты таратып бөлу құрылғылары жинақтарын орнату;

шығыр жетегінің асинхронды және насос жетегінің синхронды қозғағыштарын монтаждау, бөлшектеу және реттеу;

дизель электр агрегаттарының таратып бөлу щитіндегі ауыспалы үш жолақты автоматтарды, қосалқы шығырдың электр қозғағышын басқаратын контроллерлерді, электр тізбегіндегі ток коммутациялауды басқару блогын орнату және реттеу;

желіні таңбалау және бақылау кабельдерін тарту;

бақылау кабельдері желісін қосуға арналған жиынтық клемдерді орнату;

кабельдерді науалар мен блоктар бойынша желілік ұштық муфталар мен клемм қораптарымен жалғастырып монтаждай отырып тарту;

ток, уақыт және температура релесін реттеу;

бұрмалы кран электр жабдығын, релелі-контактілі басқарылатын қайтала коммутация схемасын монтаждау;

бұрғылау мұнараларын, бұрғы жанындағы құрылғыларды, мұнараны түсіру және көтеру механизмдерін монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау;

70. Білуге тиіс:

монтаждалатын қуаты 100 киловаттан жоғары электр жабдығының құрылымын, нысанын және техникалық сипаттамасын;

электр жабдығын қосу схемасын, бұрғылау қондырғысын энергиямен қамтамасыз ету схемасын;

электр жабдығын, бақылау-өлшеу және қосуды реттеу аппаратурасын, электр жабдығы коммутациясын монтаждаудың кезектілігін;

электр схемаларын қосудың дұрыстығын тексеру әдістерін;

бұрғылау қондырғысын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау әдістері мен қағидаларын.

Параграф 29. Мұнара монтаждаушы-электр монтері, 5-разряд
71. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары вольтты жабдықты монтаждау, бөлшектеу, құрастыру және сынау;

бұрғылау процесін бақылау станцияларындағы қайталама коммутация және реле қорғанысы электр тізбектерін, долотты беру реттеуіштерін, көтеру-түсіру автоматтары мен тағы өзге құрастыру және бөлшектеу;

шығырдың бас жетегі тежегіш жүйесінің тізбегіндегі қосуды реттеу аппаратурасын, соңғы ажыратқыштар мен магнитті қосқыштарды орнату;

асинхронды және синхронды электр қозғағыштарды, күштік және бақылау кабельдерін схема бойынша қосу және қайталама коммутация схемасын реле-контактілі және тиристорлық басқарумен монтаждау;

қашықтықтан басқару схемасын монтаждау және сынамалау;

күштік трансформаторларды, көтеру-түсіру операциялары автоматтарын, асинхронды және синхронды қозғағыштарды монтаждау;

монтаж жұмыстары процесінде электр жабдығы схемаларындағы ақаулар мен зақымдарды анықтау;

электр жабдығын обкаткадан өткізу және оны пайдалануға тапсыру;

бұрғылау процесін басқару пульттерін монтаждау және бөлшектеу, электр жабдығын қайта консервациялау және сынау.

72. Білуге тиіс:

жоғары вольтты электр жабдығын қосу, қосу схемасы күрделі тұрақты және ауыспалы ток аппаратурасы мен аспаптарының схемаларын, бұрғылау қондырғысы электр жабдығының техникалық сипаттамасын;

жабдықты орналастыру кезінде электр схемалары мен сызбаларды оқуды, қарсыласу және оқшаулау шамасын өлшеу тәсілдерін;

бұрғылауда жабдықталған жерге қосу контурының және бұрғыдан тыс жабдықталған жеке жабдықтың есебін;

кабельдерді және жоғары қуатты муфталарды жалғау әдістерін;

бұрғылау қондырғысының, жабдығының құрылымын.



Параграф 30. Свабирлеуші агрегат машинисі
73. Жұмыс сипаттамасы:

жаңа өндіруші ұңғымаларды және консервациядан немесе жоюдан шығарылған ұңғымаларды игеру кезінде, сондай-ақ қолданыстағы ұңғымалар дебитін ұлғайту кезінде флюидтер ағынын шақыру мен интенсификациялау процесінде свабирлеуші агрегатқа қызмет көрсету;

свабирлеуші агрегатты жұмысқа дайындау;

свабирлеуші агрегатты дайындау, монтаждау және бұзу жұмыстарына, таль жүйесін жабдықтауға, қосалқы механизмдерді монтаждау мен қызмет көрсетуге қатысу;

жүк түсіру-көтеру операциялары кезінде жүкшығырды басқару;

свабирлеуші агрегатта орналастырылған күштік электр генераторын басқару, автомобильдің және энергетикалық блоктың және свабирлеуші агрегатты қалыптастырудың өзге де жүйелері жұмысының режимдерін бақылау және басқару;

ұңғыма сағасын жабдықтау бойынша жұмыстарға қатысу;

свабирлеуші агрегат механизмдерінің ақаусыздығын бақылау, свабирлеуші агрегат жұмысын есепке алу журналын жүргізу;

автомобильді немесе тракторды басқару, оларға жанар-жағармай материалдарын және салқындатқыш сұйықтық құю;

жұмыс ауысымы басында қондырғының техникалық жай-күйін тексеру және оны қабылдау;

қондырғының механизмдерін, автомобильді, тракторды ағымдағы жөндеу өндірісі;

қондырғы жұмыс істеп тұрған кезде туындаған, механизмдерді бөлшектеуді талап етпейтін ұсақ ақауларды жою.

74. Білуге тиіс:

мұнай және газ, өзге де пайдалы қазбалар өндірудің технологиялық процесін;

ұңғымалардың конструкциясын, ұңғымаларды игеру бойынша технологиялық процесті және жұмыс түрлерін;

трактор-жүк көтергішті, жылжымалы агрегатты, қолданылатын механизмдерді, құрылғыларды, таль жүйелерінің техникалық сипаттамасы мен оларды пайдалану қағидаларын;

жанар-жағармай материалдарының маркалары мен сұрыптарын;

электр техникасы негіздері мен орындалатын жұмыс көлемінде слесарлық істі;

қозғалтқыш, трансмиссия және жүк көтеретін механизмдердің жүріс бөлігін жөндеу тәсілдерін;

жол қозғалысы қағидаларын;

қондырғыға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік және жүк көтеретін механизмдерді қауіпсіз пайдалану талаптарын.

Тереңдігі 1500 метрді қоса ұңғымаларды свабирлеу кезінде – 5-разряд;

Тереңдігі 1500 метрден асатын ұңғымаларды күрделігі тереңдігіне қарамастан еңістік-бағыттық ұңғымаларды және күрделі геологиялық жағдайдағы ұңғымаларды свабирлеу кезінде – 6-разряд.

75. Техникалық және кәсіптік орта (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.


Параграф 31. Ұңғымаларды пайдалану және барлау мақсатымен

электрлі бұрғылау кезіндегі бұрғылаушының көмекшісі
76. Жұмыс сипаттамасы:

мұнай, газ, термальдық, йод бромды сулар мен өзге де пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылау кезінде ұңғыманы бұрғылауды телебақылау мен өзге де электр жабдығы түрлеріне, бұрғылау қондырғыларындағы электр жабдығына, секциялық кабельді электр сымын, телеметриялық жүйе қолданылатын электр бұрғыға қызмет көрсету;

электр бұрғыны, ток қабылдауышты, ток жеткізгішті қарау және тексеру, олардың ақауларын жою;

забойға долот беруді автоматты реттеуішті және электр бұрғыны басқару станциясын баптау;

бұрғы трубаларындағы, жұмыс штангасындағы, тиеу электр магнитті контактордағы, сақтандыру жұмыс ауыстырғышындағы кабель секцияларын ауыстыру;

ток жеткізгішті, телеметриялық жүйе қолданылатын электр бұрғының, ток қабылдауыштың, микросхема қолданылатын электр бұрғыны пайдаланылуын қорғау құрылғысы мен өзге де арнаулы жердегі электр жабдығының техникалық дұрыс пайдаланылуын қадағалау;

электр бұрғы изоляциясының шамасын өлшеу, май қысымын бақылау;

майды электр бұрғыға айдау;

бұрғылау құралын түсіру кезінде контакті қосылыстарын тазалау және ток жеткізгіш изоляциясын өлшеу;

жұмыс істеп тұрған забой қозғағышының (электр бұрғының) қуатын ұңғыманың тереңдігіне қарай трансформатордың көмегімен реттеу;

вахталық журналды және электр бұрғымен бұрғылау кезінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін арнаулы материалдардың жұмсалу есебін жүргізу;

электр бұрғыны, изоляцияны бақылау құралы құрылғысын және сақиналы электр қабылдауыштың ауыстырылуына, бұрғы қондырғыларына қызмет көрсету және жөндеу, телеметриялық жүйе мен микросхема қолданылатын электр бұрғымен ұңғыманы бұрғылайтын арнаулы электр жабдығын қоса алғанда, электр жабдығын монтаждау және демонтаждау жөніндегі электр жөндеушінің жұмысына басшылық ету.

77. Білуге тиіс:

мұнай, газ, термальдық, йод бромды сулар мен өзге де пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесін;

электр техникасы негіздерін, тұрақты және ауыспалы ток электр қозғалтқыштарының, трансформаторлардың, электр бұрғылардың барлық түрлерінің, ток жеткізгіштің және барлық арнаулы электр жабдығының құрылымын;

қызмет көрсетілетін қондырғылар мен механизмдердің электр схемалары мен техникалық сипаттамаларын;

электр бұрғы мен долотты беру автоматын басқару схемасын;

электрмен қамтамасыз ету және бұрғылауды жарықтандыру схемасын, электр бұрғы мен ток жеткізгішті пайдалану нұсқаулығын, еңісті ұңғымаларды бұрғылау үшін қойылған бағдарлау аппаратының құрылымы мен жұмыс принципін және осы аппаратты пайдалану мен оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты, бұрғылау электр жабдығын, ауа және кабель желілерін монтаждау, жөндеу, түгендеу және пайдалану жөніндегі техникалық қағидаларды, жерге қосу құрылғысын мен оның нысанын;

қуат коэффициентін арттыру тәсілдерін және электр энергиясын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді.

1500 метрді қоса алғанға дейінгі ұңғыманы бұрғылау кезінде – 4-разряд;

1500 метрден жоғары ұңғыманы бұрғылау кезінде – 5-разряд.

Параграф 32. Ұңғымаларды сынамалау (сынау) жөніндегі

оператор, 4-разряд
78. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды сынамалау (сынау) процесін біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды сынамалау (сынау) жөніндегі оператордың басшылығымен жүргізу;

әрбір операциядан кейін қабат сынағышты бөлшектеу, жуу;

резбалы қосындылардың, бөліктердің өзара әрекеті мен сальникті тығыздауыштың жай-күйін тексеру;

сальникті тығыздауыштарды жөндеу немесе бөлшектерін ауыстыру және қалпына келтіру;

қабат сынағыштарды құрастыру және престемелеу;

пакерлерді тексеру, пакеровканың герметикалығын тексеру;

сынау құралы жиынтығын құрастыру, бұрғылау трубаларын іріктеу;

отырғызу интервалдарынан өту кезінде қабат сынағыштың түсірілуі мен көтерілуін қадағалау;

сынама сұйығын іріктеу;

ұңғыма сағасында шығарындыға қарсы жабдықты монтаждауға қатысу.

79. Білуге тиіс:

кен орны геологиясын, мұнай, газ және өзге де пайдалы қазбалар ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесін және ұңғымаларды сынамалауды;

қабат сынағыш пен сынама іріктеуіштің нысанын, құрылымын, техникалық сипаттамасын, оларды құрастыру мен бөлшектеу тәртібін;

ұңғыма сағасында шығарындыға қарсы жабдықты монтаждау схемасын;

бұрғы трубалары мен насос-компрессор трубаларының типтері мен мөлшерлерін, пакерлердің типтері мен мөлшерлерін, мұнай, газ, су көрінісі себептерін, слесарь ісін.



жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау