Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (6-шығарылым) 1-тарау. Кіріспе


Параграф 39. Ұңғымалары күрделі және жер астында жөндеуге



жүктеу 0,64 Mb.
бет7/8
Дата27.01.2020
өлшемі0,64 Mb.
#27424
1   2   3   4   5   6   7   8

Параграф 39. Ұңғымалары күрделі және жер астында жөндеуге

дайындау жөніндегі оператор, 4-разряд
177. Жұмыс сипаттамасы:

жылжымалы құрылғылар (мұнаралар, мачталар) мен агрегаттарды орнату, тексеру және орталандыру;

штангаларды ілуге арналған жабдықты және балансир ұшын бұруға арналған құрылғыларды тексеру және монтаждау, ақауларын жою;

ұңғымаларды өшіруге арналған түрлі ерітінділерді жасау;

ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу алдында өшіру және разрядтау процесіне қатысу, жөндеуден кейінгі қорытынды жұмыстар.

178. Білуге тиіс:

ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу технологиясын;

жер астында және күрделі жөндеу кезінде қолданылатын жабдықтың, агрегаттардың нысанын, түрлері мен техникалық сипаттамасын;

ұңғыма сағасындағы көтеру құрылғыларын орнату және орталандыру қағидаларын;

мұнара монтаждау жұмыстарын жүргізу қағидаларын.



Параграф 40. Ұңғымалары күрделі және жер астында жөндеуге

дайындау жөніндегі оператор, 5-разряд
179. Жұмыс сипаттамасы:

жылжымалы құрылғылар (мұнаралар, мачталар) мен агрегаттардың орнын ауыстыру, олардың ұңғымаға орнатылуы мен орталандырылуын бақылау;

ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу алдында өшіру және разрядтау, жөндеуден кейін жуу;

күштік және жел тартылымдарының орналасуын анықтау және орнату;

жабдықты, жылжымалы құрылғылар мен агрегаттарды ұңғыманы жөндеудің берілген технологиялық процесіне орай орнату және монтаждау;

біліктілігі анағұрлым төмен операторларға басшылық жасау.

180. Білуге тиіс:

көтеру құрылғыларының орнын ауыстыру қағидаларын;

мұнараның қосындылары мен бөліктеріндегі ауытқуларды жою тәсілдерін;

ұңғымаларды түрлі ерітінділермен тұншықтыру тәсілдерін;

көтеру құрылғыларын (мұнараларды, мачталарды) орнынан ауыстыру бағытының схемасын;

ерітінділерді дайындау тәсілдері мен оларды қолдану әдістерін.



Параграф 41. Ұңғыманы күрделі жөндеу бұрғылаушысы
181. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды тракторға немесе автомашина шассиіне жабдықталған агрегаттармен және көтергіштермен күрделі жөндеу технологиялық процесін жүргізу;

көтеру агрегатының, жабдықтың, құрылғылардың, құралдардың техникалық жай-күйін тексеру және оларды жұмысқа дайындау;

мачтаны көтеру және орталандыру, зәкірлерді сынау;

таль желісін жарақтандыру мен бөлшектеу және оны ұңғыманы жөндеу процесінде қайта жарақтандыру;

әртүрлі пайдалану кезінде ұңғыманың сағалық жабдығын құрастыру және бөлшектеу;

айналма, бұрғылау және насос-компрессор трубалары мен штангаларды түсіру және көтеру;

бұрғылау және ұстап қалу құралдарын құрастыру және бөлшектеу;

ұңғымаларды сыртқы және конустық мөрлермен және шаблондармен зерттеу;

газ, газ-конденсат және мұнай ұңғымаларының сүзгілерін орнату және жуу, «койл тюбинг» типтес қондырғыларды пайдалана отырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясын қолдану, агрессивті және қышқылды газдарды ашқан әрі пайдаланушы ұңғымаларды (күкіртті сутегі, көмірқышқылды газ және өзге) жою, «ескі ұңғымаларды» 2 оқпанмен қалпына келтіру;

цемент көпірлерді орнату және бұрғылау;

ортадан тепкіш насос қондырғысы астында және кондукторлардың

бойымен шурфтарды бұрғылау, пайдалану колонналарын қажетті интервалмен бұрап алу және бұрап тастау;

мұнай, газ және айдау ұңғымаларында дайындық-қорытынды, күрделі изоляциялық және ұстап қалу жұмыстарын орындау;

құм тығындарын, тұз шөгінділерін жуу және бұрғылау;

түсіру-көтеру операциялары процесінде ұңғымадағы сұйықтың деңгейін бақылау;

ұңғымадағы авариялар мен қиындықтардың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

мыналар: ұңғыма ұстынында жаңа оқпан кесу, ұңғыманың жаңа оқпанын еңісті-бағыттық бұрғылау және кеңейту, пайдалану колонналарын түсіру, ұңғыма забойын қышқылды және термиялық өңдеу, ұңғыманы тереңдету, ұстынды пайдалану учаскелерін кесу, суды оқшаулау жұмыстары, пакерлер мен тірек зәкірлерді орнату және көтеру, ұңғымада қалдырылған заттарды фрезерлеу және оларды алып шығу, забой жанындағы қабатқа блоктаушы құрамды айдау үшін әртүрлі көп компонентті ерітінділер мен тұйықтау сұйықтарының қажетті параметрлерін дайындау және ұстап тұру, ұңғымадағы тампонаж жұмыстарын дайындау және жүргізу, ұңғымаларды, шығару және айдау желілерін, ұстынды престемелеуге дайындау, мұнай, газ, айдаушы ұңғымаларын сынау;

шағын габаритті шығарындыға қарсы жабдықты (превенторды), вертлюгтерді, жұмыс трубаларын, жуу насостарын монтаждау және бөлшектеу жөніндегі технологиялық процестерді жүргізу;

жабдық пен құралды ағымдағы жөндеуді тікелей ұңғымада жүргізу, жарық беру механизмдерін, аппаратурасын қосу және ажырату, штепсель ажыратуы болса, трубаларды бұрау және бұрап алу;

қабатты гидроүзу және гидроқұм ағынды перфорациялау, пайдалану ұстынының герметиксыздығын түрлі әдістермен жою, ұстынаралық ағындарды жою, сағалық пакерлерді тексеру және ауыстыру, ұңғымаларды гравийлі забой сүзгілерімен жабдықтау процесін жүргізу;

пайдалану ұстынының герметикалығын престемелеумен, деңгейін төмендетумен және гидравликалық паркер көмегімен тексеру;

забойдың ішкі қабатын сілтілермен, қышқылдармен өңдеу әдісімен ашпалау, ұңғымаларды азот-бустерлі кешендерді пайдалана отырып игеру;

дайындалған бригада болмаған кезде, көтеру құрылғыларын орнатумен және ұңғыманы жөндеуге дайындаумен байланысты барлық жұмыстарды (қосалқы-көмекші жұмыстар, тұйықтау және өзгелері) орындау;

тікелей мұнай, газ,су көрінген кезде ұңғыма сағасын герметизациялау, вахта мүшелерінің «Шықпа» сигналы және мұнайгазсудың көрінуі жою бойынша іс-әрекеттерінің дұрыстығы мен шұғылдығы;

шығарындыға қарсы жабдықтар мен құрылғыларды ұдайы дайындықта ұстау;

қабат ұқсастығын сынама айдау әдісімен айқындау жұмыстарын жүргізу;

геофизикалық жұмыстар жүргізу үшін ұңғыма оқпанын дайындау және жабдық сағасын орнату;

картограмма жасау және тіркеуші шығынды өлшеуіш пен манометр көрсеткіштерін қадағалау;

ұңғыма сағасын байламдау арматурасына қызмет көрсету және жөндеу;

ұңғымаларды әртүрлі пайдалану әдістерімен игеру кезінде зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ұңғыманы жөндеудің канатты әдістерін жүргізуге қатысу.

182. Білуге тиіс:

ұңғымалардың конструкциясын, жүргізілетін жөндеу жұмыстарының сипаты мен ерекшеліктерін және олардың орындалу тәртібін;

ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарының технологиясын, ұңғымаларды бұрғылау және игеру, мұнай, газ өндіру процестері технологиясының негіздерін;

мұнай өндіруді интенсивтендіру әдістерін;

оқшаулау және ұстап қалу жұмыстарын жүргізу қағидаларын;

жұмыс орындарын ұйымдастырудың және еңбектің озық және қауіпсіз жолдары картасының үлгі жобаларын, көтеру құрылғылары мен механизмдерінің конструкциясын, жұмыс қағидатын, техникалық сипаттамасы мен пайдалану қағидаларын;

негізгі және қосалқы бұрғылау жабдығының типтерін, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын, шығырындыға қарсы жабдықтың (превенторлардың) шағын механикаландыру элементтерін;

ұңғымалардағы мұнай-газ шығарындыларымен және қиындықтармен күресудің тәсілдері мен әдістерін, ұңғымаларды игеруге арналған блоктаушы және ашпалаушы көп компонентті ерітінділерді дайындау тәсілдерін, пайдалану ұстыны мен ұстынаралық ағындардың герметикасыздығын жою технологиясын, сондай-ақ бұл жерде қолданылатын жабдықтың жұмыс қағидатын, пайдалану пакерлерінің конструкциясын, олардың типтері мен алу әдістерін, су ағындарын жою кезінде жабдықты пайдалану мен механикалық қоспаны шығару әдістерін;

балшықты ерітіндіні, тампондаушы қоспалар мен химиялық реагенттерді дайындау, ұңғымадағы құмды және тұзды тығындарды тазалау және бұрғылау тәсілдерін;

бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы мен су қайтарымдылығын анықтау әдістерін, ұңғыманы тұйықтау кезіндегі сұйықтың параметрлерін іріктеуді, штангалы және ортадан тепкіш насостар конструкциясының типтерін, күрделі жөндеу кезінде қолданылатын ұңғыманың, трубалардың, жабдықтың негізгі мөлшерін, шекті тозуы мен беріктік коэффициентін, ұңғыманың жаңа оқпанын кесудің, еңісті-бағытты бұрғылаудың және бұрғылау жабдығы мен итергіні түсіру технологиясын;

құрал мен итергінің забойға орналастыруды анықтау әдістерін;

ұңғыма забойын қышқылды және термиялық өңдеу қағидаларын, қолданылатын резьба қосындыларының стандарттарын;

мөрдің таңбасы бойынша ұстының және ұңғымадағы өзге де заттардың жай-күйін айқындау тәсілдерін, гидроүзік пен гидроқұмды ағынды перфорациялау технологиялық схемасы кезінде жабдық пен ұңғыма сағасын байламдау схемасын, айдалатын сұйықтар мен құм жеткізгіштердің құрамын және дайындау тәсілдерін, сұйық пен құмның қажетті көлемі есебін, гидроүзік кезінде қолданылатын жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық сипаттамасын, ұңғыманы игеру әдістерін;

бұрғы жабдығын байламдау схемасын.

183. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

Күрделілігі I санаттағы және қоса алғандағы тереңдігі 1500 метрге дейінгі ұңғымада жұмыс істеу кезінде – 5-разряд;

Күрделілігі I санаттағы және қоса алғандағы тереңдігі 1500 метрден 4000 метрге дейінгі ұңғымада жұмыс істеу кезінде – 6-разряд;

Тереңдігі 4000 метрден 6000 метрге дейінгі, сондай-ақ тереңдігі 1500 метрден жоғары еңісті-бағытты және жазық ұңғымаларда жұмыс істеу кезінде – 7-разряд;

Тереңдігі 6000 метрден жоғары ұңғымаларда жұмыс істеу кезінде – 8-разряд.



Параграф 42. Ұңғымаларды күрделі жөндеу бұрғылаушысының көмекшісі
184. Жұмыс сипаттамасы:

насос-компрессор трубаларын және бұрғылау трубаларын салуға арналған қабылдау көпірлерінде жұмыс істеу кезінде көтергіш қондырғыларды монтаждау мен бұзуға қатысу;

ұңғымаларды күрделі жөндеу кезінде дайындық-қорытынды жұмыстарға қатысу;

циркуляциялық жүйені бақылау және оны шламнан тазарту;

жабдық пен құралдарды майлауды тексеру мен жүргізуге қатысу;

таль жүйесін жабдықтау мен қайта жабдықтау жұмыстарына қатысу;

трубалар мен насостық штангілердің ұзындығын өлшеу және санын есептеу;

трубалар мен насостық штангілерді тиеу мен түсіруге қатысу;

трубалар мен насостық штангілерді баптау және түсіру-көтеру операциялары кезінде өткелдерден беру;

өткелдерде трубалар мен насостық штангілерді сұрыптау;

трубалар мен насостық штангілердің төменгі бұрандамалы ұшынан

сақтандыру қалпақшасын бұрап ашу және бұрап жабу;

трубалар мен насостық штангілердің бұрандамалы бөлігіне қорғаныс жақпа май жағу;

насос-компрессор трубалары мен бұрғылау трубаларын беруге арналған жұмыс алаңында жұмыс істеу кезінде жоғары және төменгі қысым желілерін монтаждауға, бұзуға және байламдау мен баспақтауға қатысу;

тікелей ұңғымада жабдық пен құралдарды ағымдағы жөндеу;

ұңғымада штепселдік ажырату кезінде электр жабдығы мен жарықтандыру аппаратурасын қосу және ажырату;

ұңғымаларды күрделі жөндеудің технологиялық процесін жүргізуге қатысу;

ұңғымаларды күрделі жөндеуді жүргізу жөніндегі дайындық жұмыстарына қатысу;

насос-компрессор және бұрғылау трубаларын орнату жөніндегі жоғарыдағы жұмыстарды орындау;

жуу насостары жұмысының параметрлерін қадағалау, машина кілттерін ілу және автоматты кілттерді орнату;

құралды тексеруге және майлауға қатысу;

таль жүйесін жарақтандыруға және қайта жарақтандыруға қатысу;

трубаны саусақтарға орнату немесе оларды бұрғылау және насос-компрессор трубаларын түсіру және көтеру кезінде көпіршеге салу жұмыстарын орындау;

трубаларды өлшеуге қатысу;

таль жүйесінің жарамдылығын қадағалау;

кілттерді, элеваторларды, трубалар мен штангаларды бұрау және бұрап алу автоматтарын түсіру-көтеру операцияларына дайындау;

марш баспалдақтары мен полаттердің жарамдылығын қадағалау;

тампондаушы қоспалар мен химиялық реагенттерді дайындауға, ұңғымаларды қышқылды және гидротермиялық өңдеуге, ұстап қалу, зерттеу және ату жұмыстарын жүргізуге ұңғымаларды игеруге, канат әдісімен ұңғыма жөндеуді жүргізуге, турбобұрғылар мен забой қозғағыштарын құрастыруға, бөлшектеуге және сынамалуға қатысу;

металды пластырьлерді, эксплуатациялық және престелетін пакерлерді, ұстағыш және кескіш құралдарды, забой жабдықтарын, сүзгіштерді, саға байламдарын, атқыма арматураларды, шығарындыға қарсы жабдықтар мен өрт сөндіру құралдарын құрастыруға, бөлшектеуге және орнатуға, саға пакерлерін ауыстыруға, жоғары және төмен қысымды желілерді монтаждауға, демонтаждауға, байлауға және престеуге қатысу;

жетекті ротордың жарамдылық жағдайын, сұйықтардың, тампондаушы қоспалар мен химиялық реагенттердің параметрлерін бақылау.

185. Білуге тиіс:

ұңғымаларды күрделі жөндеу технологиясын;

жабдықты, механизмдерді және ұңғымаларды күрделі жөндеу кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын белгілеу және оларды пайдалану қағидаларын;

жабдық байламдау схемасын;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс қағидатын;

көтергіш құрылыстар мен механизмдердің құрылысын;

трубалар мен штангілерді түсіру-көтеру және құралды ұзарту кезіндегі операциялардың кезектілігін;

қолданылатын құралдарды және оларды пайдалану қағидаларын;

марш баспалдақтарының, полаттардың, шам орнатуға арналған кронблок астындағы алаңдар мен саусақтардың құрылысын;

жұмыс орындарын жоспарлаудың үлгілік жобалары мен еңбектің озық және қауіпсіз жолдары картасын;

жуу насостарын қосу тәртібін, олардың конструкциясы мен жөндеу технологиясын;

қолданылатын тампондаушы сұйықтар, тұншықтыру қоспалары, көп компонентті ерітінділер, бұғаттайтын су оқшаулау құрамдары, химиялық реагенттер, балшықты ерітінділер туралы және оларды дайындау тәсілдері туралы мәліметтерді;

ұңғымаларды игеру әдістерін;

қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу қағидаларын, ұңғымаларды игеру әдістерін, ұңғымаларды аспаптармен («Надым», «Дикт» және өзге де) зерттеу әдістерін;

элеваторлардың, көтеру ілмектерінің, таль блоктарының, кронблоктардың, вертлюгтер мен канаттардың типтері мен мөлшерлерін;

шығарындыға қарсы құрылғыны басқару қағидаларын.

186. Насос-компрессор трубалары мен бұрғылау трубаларын салуға арналған қабылдау көпірлерінде жұмыс істеу кезінде:

күрделілігі I санаттағы ұңғымаларды жөндеу кезінде – 3-разряд;

күрделілігі IІ санаттағы ұңғымаларды жөндеу кезінде – 4-разряд;

тереңдігі 4000 м астам ұңғымалардағы жөндеу кезінде – 5-разряд.

187. Насос-компрессор трубалары мен бұрғылау трубаларын беруге арналған жұмыс алаңында жұмыс істеу кезінде:

күрделілігі I санаттағы ұңғымаларды жөндеу кезінде – 4-разряд;

күрделілігі IІ санаттағы ұңғымалардағы жөндеу кезінде – 5-разряд;

тереңдігі 4000 м астам ұңғымалардағы жөндеу кезінде – 6-разряд.

6-разрядты ұңғымаларды күрделі жөндеу бұрғылаушысының көмекшісі үшін техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

Параграф 43. Ұңғымаларды парафинсіздеуге арналған жылжымалы агрегат машинисі
188. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды парафинсіздеуге арналған жылжымалы агрегатты объектіде жұмысқа дайындау;

мұнай ұңғымаларын, траптарды, өлшегіштер мен өзге де технологиялық жабдықты ыстық мұнаймен парафинсіздеу бойынша технологиялық процесті жүргізу;

қысу, жуып-шаю және өзге жұмыстарды қыздырмай және ұңғымаларды парафинсіздеуге арналған жылжымалы агрегаттың шығу бөлігіне технологиялық сұйықтықты жібере отырып, қыздырушы арқылы өтпей жүргізу;

техникалық мақсаттарда ыстық сумен жабдықтау үшін суды қыздыру және айдату;

ұңғымаларды парафинсіздеуге арналған жылжымалы агрегатты автоцистерналармен, кәсіпшілік технологиялық кондырғылармен, ұңғыма сағасымен орау;

ұңғымаларды парафинсіздеуге арналған жылжымалы агрегатты ұңғымаларды парафинсіздеу кезіндегі жабдықтың орналасу схемасына сай ұңғыманың сағасында орнату;

ыстық мұнаймен парафинсіздеу, жуып-шаю жұмыстарына арналған, техникалық мақсаттарда ыстық суда қыздыру мен айдатуға арналған желілерді төсеу;

мұнай қыздырушы, қозғалтқыш, бақылау-өлшеу құралдары мен ұңғымаларды парафинсіздеуге арналған жылжымалы агрегаттың барлық қосалқы механизмдері жұмысының параметрлерін қадағалау, қондырғының жабдығын, аппаратурасын және бақылау-өлшеу құрылғыларын монтаждау және демонтаждау, агрегат пен автомобиль жабдығына профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізу, ұңғымаларды парафинсіздеуге арналған жылжымалы агрегаттың жұмысын есепке алу журналын жүргізу;

автомобильді басқару.

189. Білуге тиіс:

мұнай мен газ өндірудің технологиялық процесін;

мұнай, су, газ және парафиннің физикалық-химиялық қасиеттерін;

мұнай ұңғымаларын пайдалану тәсілдерін;

ұңғыма сағасын байламдау схемасын;

қызмет көрсетілетін ұңғымаларды парафинсіздеуге арналған жылжымалы агрегаттың, негізгі және қосалқы жабдықтың, аппаратураның, бақылау-өлшеу аспаптарының, автомобильдің құрылысы мен пайдалану қағидаларын;

мұнай ұңғымаларын ыстық мұнаймен парафинсіздеу жөніндегі, тастанды желілер мен мұнай құрастыру қондырғылары жұмысының технологиялық режимі мен процесін;

слесарь ісін орындалатын жұмыс көлемінде.

Ыстық мұнайдың жұмыс қысымы 10 мегапаскальді қоса алғанға дейінгі (шаршы сантиметрге 100 килограм-күшке дейін), автомобиль шассиінде құрастырылған ұңғымаларды парафинсіздеуге арналған жылжымалы компрессорға қызмет көрсету кезінде – 5-разряд;

ыстық мұнайдың жұмыс қысымы 10 мегапаскальдан жоғары (шаршы сантиметрге 100 килограм-күштен жоғары) ұңғымаларды парафинсіздеуге арналған жылжымалы агрегатқа қызмет көрсету кезінде – 6-разряд.

190. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

Параграф 44. Ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі оператор,

3-разряд
191. Жұмыс сипаттамасы:

химиялық реагенттер мен жабдықты дайындау;

ұңғыма жанына жабдық орнату кезінде жоғары және төмен қысым желілерін, икемді шлангілерді құрастыру және бөлшектеу;

айдалатын сұйықтың көлемін өлшеу;

тұзды қышқыл концентрациясын анықтау және химиялық реагенттерді дозалау;

ұңғыманы термоөңдеу жұмыстарына қатысу;

қолданылатын жабдықты ұсақ жөндеу.

192. Білуге тиіс:

мұнай мен газ өндіру технологиясы;

мұнай мен газ кен орындары, мұнай өндіруді интенсивтендіру әдістері жөніндегі негізгі мәліметтерді;

ұңғымаларды химиялық және термиялық өңдеу нысанын;

қолданылатын жабдықтың құрылысы мен жұмыс қағидатын;

химиялық реагенттерді дайындау тәсілдерін және оларды сақтау қағидаларын, химиялық реагенттерді тиеу және түсіру қағидаларын.

Біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі оператордың басшылығымен жұмыс істеу кезінде – 2-разряд.



Параграф 45. Ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі оператор,

4-разряд
193. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды химиялық өңдеудің технологиялық процесін жүргізу;

картограмманы орнату және тіркеуші бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;

химиялық реагенттерді дозалау жұмыстарына басшылық ету;

100 атмосфераға дейінгі қысым кезінде желіні монтаждау және демонтаждау, химиялық реагенттерді айдау;

забой жанындағы қабатты блоктан шығару және игеру;

термоөңдеу процесін қадағалау;

параметрлерді тіркеу.

194. Білуге тиіс:

ұңғымаларды химиялық және термиялық өңдеу технологиясын;

қызмет көрсетілетін жабдықтың, қышқыл концентрациясын анықтау, ұңғымаларды химиялық және термиялық өңдеу аспаптарының, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және жұмыс принципін, техникалық сипаттамасын.

Параграф 46. Ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі оператор,

5-разряд
195. Жұмыс сипаттамасы:

ұңғымаларды химиялық өңдеу жөніндегі технологиялық процесті жүргізу және жұмысты үйлестіру;

айдалатын сұйықтың параметрлерін есептеу;

желілердің герметикалығын престемелеу, ұңғымалардың қабылдауыштығын анықтау;

100 атмосфераға дейінгі қысым кезінде химиялық реагенттерді айдау;

сұйықтың агрегат насосына берілуін реттеу;

аспаптарды ұңғыма сағасына орнату, оларды сағалық арматурамен қосу;

ұңғымаларды динамометрлеу;

автоматика және телемеханика құралдарын жөндеуге, бастапқы элементтерді баптауға қатысу;

вахталық құжаттаманы жүргізу;

бригаданы басқару;

вахтаны қабылдау және тапсыру.

196. Білуге тиіс:

мұнай мен газ өндіру технологиясын;

ұңғымаларды химиялық өңдеу технологиясын;

қызмет көрсетілетін жабдықтың, химиялық реагенттердің концентрациясын анықтау, ұңғымаларды химиялық өңдеу аспаптарының, бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық сипаттамасын, конструкциясы мен пайдалану қағидаларын;

ерітінділерді дайындаудың рецептурасы мен технологиясын;

химиялық реагенттерді дайындау, тасымалдау және сақтау тәсілдерін, қызмет көрсетілетін аппаратураның, автоматиканың, диспетчерлеу схемасын, төмен вольтты және электротехникалық қондырғыларда жұмыс істеу қағидаларын.



4-тарау. Ұңғыма жөндеуді күрделілік санатына жатқызудың

үлгілік көрсеткіштері

I бөлім. Ұңғымаларды жер астында жөндеу
Параграф 1. Ұңғымаларды жер астында жөндеудің I санаты
197. Аспаның тереңдігі 1300 м дейінгі кезде трубаларды сұйықсыз көтере отырып тереңдік насосын ауыстыру;

тереңдік насосын ауыстыру трубаларды көтермей ауыстыру немесе насос плунжерін жөндеу, аспаның тереңдігі 700 м дейінгі кезде трубаларды сұйықпен көтере отырып тереңдік насосының батуын өзгерту;

1400 м дейінгі тереңдікте штанганың үзілуін немесе ағытылуын жою;

насос аспасының тереңдігі 1400 метрге дейінгі пайдаланудың барлық тәсілдері кезінде оның жай-күйін тексеріп және жөндей отырып плунжерді алу және сорғыш клапанды ұстау;

тереңдік насосын жуу, жылтыратылған шток үзіндісін жою, забойдан су мен балшықты әкету, бір қатарлы және екі қатарлы лифтілердегі көтергіш трубаларды ауыстыру;

көтергіш трубалардың 1600 метрге дейінгі тереңдігімен кезе келген пайдалану тәсілі кезінде бір қатарлы лифтіде парафинделген трубаларды ауыстыру, трубаларды батыру тереңдігін өзгерту;

екі қатарлы лифтінің компрессорлық трубаларын ауыстыру немесе сыртқытрубалар аспасының тереңдігі 100 метрге дейін болған кезде аспаның тереңдңгңн өзгерту;

забойдың тереңдігі 1200 метрге дейін болған кезде ұңғымаларды құм тығынынан, балшықты ерітіндіден жуу, ұңғыманы ыстық мұнаймен жуу;

статикалық қысымы сұйық бағынының қысымынан төмен ұңғыма оқпанындағы гидратты тығындарды ұңғыма сағасын гидратты тығынға дейін жою;

трубаны 1300 метр тереңдікке дейін біртіндеп түсіре отырып ұңғыманы шөгінділерден сумен жуу;

аспаның тереңдігі 1200 метрге дейін болған кезде ұңғыманы бір пайдалану тәсілінен басқасына ауыстыру;

насосты 1300 метрге дейінгі аспадан ауыстыру.



Параграф 2. Ұңғымаларды жер астында жөндеудің II санаты
198. Аспаның тереңдігі 1300 метрден астам болған кезде трубаларды сұйықсыз көтере отырып, тереңдік насосын ауыстыру;

аспаның тереңдігі 1500 метрден астам болған кезде трубаларды сұйықпен көтере отырып, тереңдік насосының батуын өзгерту, насосты трубаларды көтермей ауыстыру немесе насос плунжерін жөндеу;

аспаның тереңдігі 700 метрден астам болған кезде трубаларды сұйықпен көтере отырып, тереңдік насосын ауыстыру;

1400 метрден астам тереңдікте штанганың үзілуін немесе ағытылуын жою;

насос аспасының тереңдігі 1400 метрден астам болған кезде оның жай-күйін тексере және жөндей отырып, плунжерді алу және сорғыш клапанды ұстау;

бір қатарлы және екі қатарлы лифтілердің көтергіш трубаларын ауыстыру;

көтергіш трубалардың 1600 метрге дейінгі тереңдігімен кезе келген пайдалану тәсілі кезінде бір қатарлы лифтіде парафинделген трубаларды ауыстыру, трубаларды батыру тереңдігін өзгерту;

екі қатарлы лифтідегі компрессор трубаларын ауыстыру немесе сыртқы труба аспаларының тереңдігі 1000 метрден астам болған кезде аспаның тереңдігін өзгерту;

забойдың тереңдігі 1200 метрден астам болған кезде ұңғымаларды құм тығынынан, балшықты ерітіндіден жу;

пайдалану колоннасын парафиннен тазарту, түсіру және көтеру, ұңғыманы электр тиеу насостарының түрлі маркаларымен, гидропоршеньді насостармен, алмастыру лифтілерімен, екі немесе одан да горизонттарды бөлек және бір мезгілде көп гидробулы тәсілмен пайдалану кезінде насос-компрессор трубаларын түсіру және көтеру;

құбырсыз насос орнату, статикалық қысымы сұйық бағынның қысымынан төмен ұңғыма оқпанындағы гидратты тығындарды ұңғыма сағасынын гидратты тығынға дейін жою;

құбырды 1300 метрден астам тереңдікке біртіндеп түсіре отырып ұңғыманы шөгінділерден сумен жуу;

забойдың тереңдігі 1200 метрден астам болған кезде ұңғыманы ыстық мұнаймен жуу;

насос-компрессор трубаларының немесе штангаларының үзігін немесе қайтармасын насос-компрессор трубаларын сұйықпен көтере отырып жою, аспаның тереңдігі 1200 метр болған кезде ұңғыманы бір пайдалану тәсілінен басқасына ауыстыру;

насос аспасының тереңдігіне қарамастан, ұңғыма забойын термо-газ-химиялық өңдеу, аспаның тереңдігіне қарамастан, түрлі маркадағы тереңдік кесте пакерлерін көтеру және түсіру, өнімді қабаттарды ашу.

Жұмысты арнаулы лубрикатор мен шағын габаритті превентор арқылы (L = 7 м, m = 500 кг) қысыммен канатты техниканың көмегімен орындау:

1) забойлық клапан-кескіштерді, плунжерлік газлифт, газлифтілік, кері және тұйық тығын жабдығын орнату және алу;

2) насос-компрессор трубаларын шаблондау, забойды қағу, құралдың өтпеу сипатын анықтау үшін печаттарды түсіру;

3) механикалық циркуляциялық клапандарды жабу және ашу;

4) цемент көпірді желонкамен орнату;

5) қырғы сымды, тросты, бөгде заттарды ұстап қалу жұмыстары;

6) насос-компрессор трубаларын парафиннен тазарту үшін қырғыны түсіру;

7) ұңғыманы құм тығындардан тазарту;

8) ұңғыманы свабпен свабирлеу;

9) насос-компрессор трубаларының башмағын анықтау.


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау