Параграф 22. Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы
141. Жұмыс сипаттамасы:
қондырғылардың технологиялық регламентіне сәйкес жеңіл
көмірқышқылдардың кең фракциясын іріктей отырып, мұнайды
сусыздандыру, тұзсыздандыру және тұрақтандыру процесін жүргізу;
технологиялық параметрлерді:
технологиялық аппараттардағы температураны, қысымды, шығыстарды, фазааралық деңгейлерді реттеу және бақылау;
деэмульгаторлар мен сілті ерітінділерін дайындау, тұщы суды дозалау;
тұрақсыз бензинді сілтілендіру;
тұрақсыз бензинді тұтынушыға тапсыру;
дайындалған мұнайдың, тұрақсыз бензин санының және химиялық реагенттер шығысының есебін жүргізу;
насостар мен технологиялық жабдыққа қызмет көрсету, сақтандыру құрылғыларының жұмысын тексеру, мұнай пеш-қыздырмаларына қызмет көрсету;
технологиялық аппараттарды жөндеуге дайындау, аппараттарды жөндеуге және жөндеуден қабылдап алуға қатысу.
142. Білуге тиіс:
мұнайдың, газдың, химиялық реагенттердің, бензиннің физикалық-химиялық қасиеттерін;
сусыздандырушы және тұзсыздандырушы қондырғының, аппаратураның, жабдықтың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын, техникалық сипаттамасын және пайдалану қағидаларын;
су мен тұздың мұнайды одан әрі өңдеуге әсерін;
зертханалық бақылау әдістерін, эмульсияны бұзудың негізгі әдістерін;
қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану қағидаларын;
қондырғыдағы ықтимал аварияларды жою қағидаларын, слесарь ісін орындалатын жұмыс көлемінде.
Біліктілігі анағұрлым жоғары сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысы операторының басшылығымен сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысында жұмыс істеу кезінде – 3-разряд;
біліктілігі анағұрлым жоғары сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысы операторының басшылығымен сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысында немесе электрмен тұзсыздандыру және орнықтыру қондырғыларында жұмыс істеу кезінде – 4-разряд;
электрмен тұзсыздандыру және орнықтыру қондырғыларында жұмыс істеу кезінде – 5-разряд.
Параграф 23. Теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерін монтаждау және жөндеу жөніндегі слесарь, 2-разряд
143. Жұмыс сипаттамасы:
теңіз мұнай кәсіпшілігі құрылғыларының жекелеген тораптарын жөндеуге байланысты қарапайым монтаждау, демонтаждау және ұсталық жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерін монтаждау және жөндеу жөніндегі слесарьдің басшылығымен орындау;
жұмыс орнын жөндеу жұмыстары өндірісіне дайындау;
теңіз эстакадаларында, тротуарларда, доңғалақ ұрғыш брусьялар мен қоршамаларда тар табанды жолдарды ағымдағы жөндеу;
эстакада мен теңіз негіздемелеріндегі жұмыс және қорғану төсемін ішінара бөлшектеу және олардың құрылысын;
қада қағу агрегатын құрастыруға, бөлшектеуге, жарақтандыруға және жұмысқа дайындауға қатысу;
«Электр газбен пісірушіге» бұрғылау құрылғыларында жөндеу жұмыстарын орындауда көмек көрсету.
144. Білуге тиіс:
теңіз мұнай кәсіпшілігі құрылғыларын жөндеу кезіндегі операциялардың технологиялық кезектілігін;
қарапайым ұсталық және слесарлық жұмыстарды, қолданылатын ұсталық және слесарлық құралдарды;
қада қағу жұмыстарының негізгі жолдарын;
конструкциялар мен жүктерді ілмектеу және орнын ауыстыру қағидаларын.
Параграф 24. Теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерін
монтаждау және жөндеу жөніндегі слесарь, 3-разряд
145. Жұмыс сипаттамасы:
теңіз мұнай кәсіпшілігі құрылғыларын жөндеуге байланысты күрделілігі орташа монтаждау, демонтаждау, қада қағу, бұрғы құю және ұсталық жұмыстарды орындау;
теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерінің ағаш құрылғыларын жөндеу;
қарапайым теңіз байламдарын байлау;
металды конструкцияларды ілмектеу және ілмектен босату;
теңіздің тереңдігі мен қадалардың ұзындығын өлшеу;
қада қағу және бұрғылау агрегатын құрастыруға, бөлшектеуге, жарақтандыруға және жұмысқа дайындауға қатысу;
понтонды-аспалы алаңшалар мен өзге де құрылғыларды құрастыру және суға түсіру;
эстакадада тар табанды жолдарды салу және жөндеу;
катодты және протекторлық қорғанудың анодты құрылғыларын, теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерінің су астындағы бөлігін жөндеу және орнату;
газбен кесу жұмыстарын орындау.
146. Білуге тиіс:
теңіз бұрғылары мен эстакадаларын монтаждау, демонтаждау және жөндеу, теңіз түбінде шурфтарды бұрғылау, қадаларды қағу және жөнделетін тораптар мен ағаш құрылғыларды бекіту жөніндегі жұмыстардың технологиялық кезектілігін;
бұрғылау, қадаларды қағу механизмдерінің, теңіз бұрғылары мен эстакадаларын монтаждау, демонтаждау және жөндеу кезінде қолданылатын құралдың құрылысын;
қада қағу, бұрғы толтыру, слесарлық және ұста жұмыстарын орындаудың негізгі жолдарын, теңіз бұрғылары мен эстакадаларын жөндеу кезінде қолданылатын жүктер мен материалдарды ілмектеудің, орнын ауыстырудың тәсілдерін.
Параграф 25. Теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерін
монтаждау және жөндеу жөніндегі слесарь, 4-разряд
147.Жұмыс сипаттамасы:
теңіз мұнай кәсіпшілігі құрылғыларын жөндеуге байланысты монтаждау, демонтаждау, қада қағу, бұрғы құю және ұсталық жұмыстарды орындау;
секциялардың, отырғызу алаңдарының және жаяу жүргіншілер көпірлерінің секцияларын орталандыру және орнату;
су үстіндегі және астындағы құбыр желілері мен қатаңдық бұрыштарының орнын белгілеу және дайындау;
еденді төсеу және жөндеу жұмыстары өндірісі;
пісіру агрегатына қызмет көрсету;
газбен кесу жұмыстарын орындау.
148. Білуге тиіс:
негіздемелердің конструкциясын, блоктардың, секциялардың, су үстіндегі және астындағы байланыстардың типтері мен мөлшерін және олардың техникалық сипаттамасын;
қада қағу және бұрғы толтыру агрегаттарының құрылымын мен техникалық сипаттамасын, қада қағу және бұрғы толтыру процестерінің мәнін, трубалар сұрпын;
болат тростар мен канаттардың типтері мен сипаттамаларын, қарапайым слесарь және ұсталық жұмыстарды орындаудың негізгі жолдарын, цемент ерітіндісін дайындау үшін су мен цементтің салмақтық және көлемдік ара қатынасын;
қада қағу және бұрғы толтыру жұмыстары кезіндегі жоғарыдағы жұмыс өндірісінің тәсілдері, пісіру агрегаттарының жұмыс қағидаты және пайдалану қағидалары.
Параграф 26. Теңіз бұрғылары мен эстакадалары негіздемелерін
монтаждау және жөндеу жөніндегі слесарь, 5-разряд
149. Жұмыс сипаттамасы:
теңіз бұрғысы мен эстакада негіздемелерін жөндеу кезіндегі бригаданың жұмысын орындау және үйлестіру;
қадаларды дайындауға және сіңіруге, теңіз түбіндегі шурфты бұрғылауға, бұрғылау құралын, құю трубаларын, құбыр арматурасын түсіруге және көтеруге, шурфты цемент ерітіндісімен толтыруға қатысу;
кесу үшін шаблондар бойынша белгі салу;
секцияларды, фермаларды, отырғызу алаңдарын, жаяу жүргінші көпіршелерін цементтеуге, су үстіндегі және астындағы байламдарды, блоктар мен секцияларды, теңіз бұрғысы мен эстакада негіздемелерінің фермалары мен ригельдерін орнатуға және бекітуге қатысу;
брустар мен еден төсемін салуға, ұзартуға және бекітуге қатысу;
күрделі шаблондарды жасау;
вахта журналын жүргізу.
150. Білуге тиіс:
жөндеу жұмыстары кезінде қолданылатын құрылыс механизмдері мен жабдықтардың конструкциясы мен техникалық сипаттамасын;
оларды пайдалану қағидаларын, жұмысындағы ықтимал ақауларды және оларды жою тәсілдерін;
негіздемелерді, іргетас брустарын және өзге де бекітуге арналған құбыр қосындыларының орналасу схемасын.
Параграф 27. Теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегаты бұрғылаушысының көмекшісі, 3-разряд
151. Жұмыс сипаттамасы:
теңізде жүзбелі бұрғылау агрегатын орнатуға, агрегатты жұмысқа дайындауға, бұрғылау құралын түсіруге және көтеруге қатысу;
құралды, шығырды, насосты тексеру және дайындау;
жекелеген тораптарды майлау және бекіту.
152. Білуге тиіс:
теңізде тік шурфты бұрғылау, құрал мен арматураны түсіру және көтеру,
шурфтар мен қадаларды цемент қоспасымен толтыру жөніндегі технологиялық процесті және операциялардың кезектілігін;
қолданылатын құралдың құрылысын, қарапайым теңіз тораптарын шешу тәсілдерін.
Параграф 28. Теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегаты бұрғылаушысының көмекшісі, 4-разряд
153. Жұмыс сипаттамасы:
теңізде бұрғылау процесін біліктілігі анағұрлым жоғары теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегаты бұрғылаушысының көмекшісінің басшылығымен жүргізу;
барлық типтегі тіреулерді, полотноларды, секцияларды орнату және оларды бекіту;
насос агрегатының жұмысын қадағалау және оны басқару;
цемент ерітіндісін дайындау;
шурфтар мен қадаларды толтыру;
қолданылатын құралдың жарамдылығын қадағалау.
154. Білуге тиіс:
теңізде бұрғылаудың технологиялық процесін, авариялардың себептерін және олардың алдын алу мен жою әдістерін;
бұрғылау жабдығы мен құралының құрылысы мен жұмыс қағидатын;
теңіз бұрғылары негіздемелері блоктарының, секциялары мен полотноларының типтері мен мөлшерлерін;
таль жүйесінің, кронблоктардың, вертлюгтер мен канаттардың конструкциясы мен нысанын;
қолданылатын болат және трос, канаттардың түрлерін, жүзбелі бұрғылау агрегатында орнатылған бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен пайдалану қағидаларын.
Параграф 29. Теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегатының
бұрғылаушысы, 5-разряд
155. Жұмыс сипаттамасы:
теңіздегі бұрғылау қондырғыларының негіздеме діңгегінің астындағы шурфтарды бұрғылау;
бұрғылау құралын, құю трубалары мен арматураны түсіру және көтеру;
шурфтар мен діңгектерге цемент ерітіндісін құю;
бұрғылау құралын тексеру және долоттардың тозу дәрежесін анықтау;
долот жұмысы бойынша өтпелі жыныстардың қасиеттерін анықтау;
теңіз түбінің топырақ сипатына қарай бұрғылаудың оңтайлы режимін іріктеу;
ұстап қалу жұмыстарын жүргізу;
цемент ерітіндісін дайындау;
бұрғылау құралы мен бұрғылау агрегатын ұсақ жөндеу;
бұрғылау вахтасының жұмысына басшылық ету және орындалған жұмыстың есебін жүргізу.
156. Білуге тиіс:
теңізде тік шурфтарды роторлық тәсілмен бұрғылаудың технологиялық процесі мен қағидаларын;
жылжымалы жүзбелі бұрғылау агрегатының, теңіз бұрғылау қондырғысына арналған ірі блокты негіздеменің конструкциясын;
техникалық сипаттамасын;
фунт жынысының геологиялық сипаттамасына қарай бұрғылаудың оңтайлы режимін іріктеу әдісін;
берілген бағдар мен параметрлер бойынша бұрғылау нүктесін анықтау қағидаларын, арматура дайындау үшін қолданылатын трубалардың сортаментін;
қолданылатын болат тростардың, канаттардың типтері мен оларды пайдалану қағидаларын, қолданылатын жабдықты, құралды, құрылғыларды қауіпсіз ілмектеу әдістерін.
Параграф 30. Теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегатының дизельшісі,
4-разряд
157. Жұмыс сипаттамасы:
теңіздегі жылжымалы бұрғылау агрегаты қозғалтқышына қызмет көрсету және оның жұмысын басқару;
қозғалтқыш жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жою;
аккумуляторларды зарядтау;
теңіздегі бұрғылау қондырғылары мен эстакадаларының негіздемелерін жөндеуге байланысты жұмысты орындауға қатысу;
қозғалтқыш жұмысының журналын және жанар-жағармай шығысының есебін жүргізу;
қозғалтқышты техникалық қарау және жөндеу.
158. Білуге тиіс:
теңізде тік шурфтарды роторлық тәсілмен бұрғылаудың технологиялық процесі мен қағидаларын;
жылжымалы жүзбелі бұрғылау агрегатында орнатылған іштен жану қозғалтқышының құрылысын, жұмыс қағидатын;
қозғалтқыштарды қоректендіру жүйесін, оларды майлау, қосу, тоқтату және суыту қағидаларын;
қолданылатын жабдықтың жетегі мен қосу және қайта қосу механизмінің құрылысын;
аккумуляторлардың құрылысын және оларды зарядтау қағидаларын, іштен жану қозғалтқышына қолданылатын жанар-жағармай материалдарының құрамы мен қасиеттерін, қозғалтқышқа қызмет көрсету және оны жөндеу кезінде қолданылатын құралдар мен аспаптарды және оларды қолдану қағидаларын;
орындалатын жұмыс көлемінде слесарь ісін.
Параграф 31. Ұңғыма дебиттерін өлшеуші, 2-разряд
159. Жұмыс сипаттамасы:
өлшеуіштердегі, сепараторлардағы, траптардағы мұнай мен суды өлшеу;
ұңғымалар мен сыйымдылықтардың шықпа желілерінен сұйық сынамасын алу;
дебитті өлшегеннен кейін мерниктен (сыйымдылықтан) мұнайды айдап шығару.
160. Білуге тиіс:
мұнай өндіру және мұнай ұңғымаларын пайдалану тәсілдерін;
мұнай мен газды кәсіпшілік ішінде жинау схемасын;
жеке және топтық өлшеу қондырғыларының, траптардың, дебитөлшеуіштер мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын, техникалық сипаттамасын, құрылысын, сұйықтардың физикалық қасиеттері туралы негізгі мәліметтерді.
Параграф 32. Ұңғыма дебиттерін өлшеуші, 3-разряд
161. Жұмыс сипаттамасы:
өндірілетін газды өлшеу, газ факторын анықтау;
автоматты топтық өлшеу қондырғысындағы ұңғыма дебитін соңғы өлшеуді жүзеге асыру;
өлшеу кезінде топтық өлшеу қондырғысының жұмысын қадағалау, оны қашықтықтан қолмен басқаруға көшіру;
ұңғымаларды топтық қондырғылардың тарағына қайта қосу;
топтық өлшеу қондырғысындағы сынаманы іріктеу;
өлшеу журналын жүргізу.
162. Білуге тиіс:
мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану тәсілдерін;
топтық өлшеу қондырғысының құрылымы мен техникалық сипаттамасын;
мұнай мен газды кәсіпшілік ішінде жинау схемасын;
су мен мұнайдың мазмұнын, мұнайдың үлес салмағын анықтау тәсілдерін, дебитөлшеуіштердің, қолданылатын автоматика және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс қағидатын.
Параграф 33. Ұңғымаларды жер астында жөндеу операторы
163. Жұмыс сипаттамасы:
ұңғымаларды жер астында жөндеу жұмыстарын орындау;
бір қатарлы және екі қатарлы лифтілерді, парафинделген трубаларды, тереңдік насостарын, бөліп пайдалану жабдығын, газлифті клапандарын ауыстыру;
тереңдік насостарын батыруды өзгерту, үзіктерді, штанга қайырмаларын жою, құралдар мен сымдарды алып шығу жұмыстары;
тереңдік насосы мен плунжердің төменгі клапанын жуу;
құм зәкірлерді бөлшектеу және тазалау;
ұңғымаларды құм тығындардан, балшықты ерітіндіден жуу, тазалау, ұңғымаларды ыстық мұнаймен және өзге де химиялық реагенттермен жуу;
ұңғыма оқпанындағы гидратты тығындарды жою, пайдалану ұстыны мен насос-компрессор трубаларын парафиннен, тұз бен шайыр шөгінділерінен тазарту;
забойды уата отырып ұңғымаларды шаблондау;
ұңғыманы пайдаланудың бір тәсілінен екіншісіне ауыстыру;
ұңғымаларды ату жұмыстары мен геофизикалық зерттеулерге дайындау;
қабылдау клапандары мен кескілерді орнату және алып тастау;
циркуляциялық механикалық клапандарды ашу және жабу, ұңғыманың жерасты жабдығын престемелеу;
түрлі пайдалану тәсілдері кезінде ұңғыманың сағалық жабдығын құрастыру және бөлшектеу;
жабдықты, құралды, салмақ индикаторын профилактикалық күтуді жүзеге асыру;
ұңғыманы жер астында жөндеуге байланысты тиеу-түсіру жұмыстарына қатысу;
айдау ұңғымаларының қабылдауыштығын қалпына келтіру және ұстап тұру жұмыстарын жүргізу айдаушы;
жылжымалы агрегаттарды, құрылғылар мен канат техникасын орнату және бекіту;
дайындау бригадалары жоқ кәсіпшіліктерде көтеру құрылғыларын орнатумен және қосалқы-көмекші жұмыстарды атқарумен байланысты барлық жұмыстарды (ұңғыманы жөндеуге дайындау, ұңғымаларды тұншықтыру және өзге) орындау;
ұңғымалардағы, штепсель ажыратқыларымен жабдықталған электр жабдығы мен жарық беру аппаратураларын қосу және ажырату;
канат техникасын басқару.
164. Білуге тиіс:
ұңғыманы пайдалану тәсілдерін, газ, мұнай және айдау ұңғымаларының конструкциясын;
түрлі пайдалану тәсілдері кезінде ұңғыманы жер астында жөндеу, игеру және тұншықтыру өндірісі технологиясын;
ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде қолданылатын көтеру құрылғыларын (мұнараны, мачтаны), таль жүйесі мен оның элементтерін, тереңдік насостарын, газлифт клапандарын, канат техникасын пайдалану қағидаларын, олардың құрылысы мен нысанын;
насос-компрессор трубалары мен штангаларын, кабель орағышты, салмақ индикаторын механикалық бұрау және бұрап алуға арналған автоматтардың құрылысы мен жұмыс қағидатын;
көтеру-түсіру операцияларын механикаландыру және автоматтандыру құралдарының нысаны мен құрылысын, гидро- және пневможүйелер туралы негізгі мәліметтерді;
көтерілетін жүгіне қарай таль жүйесін пайдалану тәсілдерін және оларды жарақтандыру есебін, канат жұмыстарын орындау кезіндегі шекті жүктемені және жылдамдықты;
шығарындыға қарсы жабдықтың (шағын габаритті превенторлардың) құрылысын және орнату қағидаларын;
гидравликалық терең шығыр мен тюбинг қондырғысының құрылысын, оған қызмет көрсетуді және оны басқару тәсілдерін;
газ-құм зәкірлердің түрлерін және оларды қолдану қағидаларын, ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде қолданылатын құралдардың түрлері мен оларды пайдалану қағидаларын;
түрлі жарақтандыру мен түрліше ұңғыма жабдығы кезінде трубалар мен штангаларды көтеріп түсірудің шекті жылдамдығын;
құм тығынын жуу процесінің есебін, еңбекті ұйымдастырудың қолданыстағы нұсқаулық карталарын;
станок-качалканы, жарық беру аппаратурасын қосу қағидаларын.
Күрделілігі І санаттағы ұңғыманы біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды жер астында жөндеу операторының басшылығымен жер астында жөндеу кезінде – 4-разряд;
күрделілігі І санаттағы немесе ІІ санаттағы ұңғыманы біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды жер астында жөндеу операторының басшылығымен жер астында жөндеу кезінде – 5-разряд;
күрделілігі ІІ санаттағы ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде – 6-разряд;
тереңдігі 3000 метрден астам ұңғыманы, тереңдігі 2000 метрден астам жазық ұңғымаларды немесе газлифт әдісімен пайдаланылатын ұңғыманы жер астында жөндеу кезінде – 7-разряд.
6 және 7 – разрядтағы ұңғымаларды жер астында жөндеу операторлары үшін техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
Параграф 34. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор, 3-разряд
165. Жұмыс сипаттамасы:
ұңғыма тереңдігін, сұйықтың және су бөлімінің деңгейін терең шығырдың көмегімен өлшеу, ұңғымаларды забойды шыңдай отырып шаблондау;
забойдың тереңдігін, сұйықтың деңгейін, дебит өлшемін дебитөлшеуішпен өлшеу;
мұнай мен газ дебитін дебитөлшеуішпен өлшеуге, ұңғымаларды динамометрлеуге, ұңғымаларды тереңдік аспаптарымен зерттеуге қатысу, зерттеу аспаптары мен тереңдік шығырларын алдын ала қарау;
дайындық-қорытынды операцияларын жүргізу.
166. Білуге тиіс:
игерілетін кен орнының сипаттамасын;
ұңғымаларды пайдалану тәсілдері мен оларды зерттеу әдістерін;
ұңғыманың шығырлардың, динамографтардың, қашықтықтан тіркейтін аспаптардың сағалық жабдығының нысанын, құрылысын және пайдалану қағидаларын;
өлшеу аспаптарын күштік және жарық беру желісіне қосу қағидаларын.
Параграф 35. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор, 4-разряд
167. Жұмыс сипаттамасы:
ұңғымаларды забойды шыңдай отырып шаблондау, пайдалану және айдау ұңғымаларындағы забойлы және қабаттық қысымды өлшеу;
ұңғымадағы сұйықтың деңгейін эхолот пен толқын өлшегіштің көмегімен өлшеу, сұйық деңгейінің қалпына келуін (түсуін) қадағалау;
мұнай мен газ дебитін өлшеу және газ факторын анықтау;
қашықтықтан өлшеу аспаптарымен (дебит өлшегіш, шығыс өлшегіш, термометр, ылғал өлшегіш, манометр, газоанализатор) зерттеулер жүргізуге қатысу;
зерттеу жұмыстарының нәтижелерін анықтау;
автомобильді немесе тракторды басқару;
аппаратура мен жабдықты ағымдағы жөндеу.
168. Білуге тиіс:
мұнай мен газ өндірудің технологиялық процесін;
ұңғымаларды зерттеу әдістерін;
ұңғыманың жер бетіндегі жабдығының және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық сипаттамасы мен нысанын;
тереңдік аспаптарын, мұнай-газ дебитін өлшеу және газ факторын
анықтау аспаптарын пайдалану қағидаларын;
өлшеу аспаптарын күштік және жарық беру желілеріне қосу қағидаларын.
Параграф 36. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор, 5-разряд
169. Жұмыс сипаттамасы:
ұңғымаларды тереңдік, қашықтықтан және тіркеуші аспаптармен зерттеу түрлерін жүзеге асыру;
индикаторлық қисық пен қысымды қалпына келтіру қисықтарын түсіріп алу;
насос-компрессор трубаларын шаблондау, забойды және ұңғымалардағы сұйықтың деңгейін майыстырылған оқпанмен шыңдау;
газ факторын өлшеу, жоғары қысымды фонтан және компрессор ұңғымаларын арнаулы лубрикаторлар мен трап-сепараторлар арқылы, сұйықтың, газдың және газ конденсаты қоспаларының сынамасын ала отырып өлшеу;
қабаттарды гидротыңдау жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізу;
сынама алғышпен мұнай мен судың терең сынамаларын алу;
зерттеу материалдары бойынша алдын ала қорытындылар дайындау;
ұңғымаларды зерттеу материалдарын өңдеу;
автомобильді немесе тракторды басқару;
зерттеу аппараттарын, аспаптар мен тереңдік шығырын ағымдағы жөндеу.
170. Білуге тиіс:
игерілетін кен орнының сипаттамасын;
мұнайдың, судың және газдың физикалық-химиялық қасиеттерін;
қабат қысымын ұстап тұру әдістерін;
ұңғыманың жердің бетіндегі және астындағы жабдығы мен зерттеу аппаратурасының нысаны мен техникалық сипаттамасын;
зерттеу материалдарын өңдеу әдістемесін, қисықтар мен графиктерді жасау техникасын;
ұңғымалардың өнімділік коэффициентін анықтау әдісін.
171. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
Параграф 37. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор, 6-разряд
172. Жұмыс сипаттамасы:
жоғары біліктілікті талап ететін күрделі зерттеу жабдығын монтаждау және демонтаждау жұмыстарына басшылық ету және қатысу;
қысыммен жұмыс істейтін ыдыстармен жұмыс істеу;
нысандарды жөндеуден қабылдап алу және оларды жөндеуден кейін
баптауға және қосуға қатысу;
микропроцессорлық блоктармен жабдықталған жабдықтарда зерттеу жұмыстарын жүргізу және дербес электр есептеу машинасын пайдалана отырып зерттеу нәтижелерін өңдеу;
қабаттардағы жол берілетін шекті депрессияларды анықтау үшін арнайы зерттеулер жүргізу;
түрлі күрделі қиындықтармен жұмыс істейтін ұңғыма жұмысының оңтайлы технологиялық режимін таңдау;
мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын бақылау жөніндегі оперативтік карталарды жасау.
173. Білуге тиіс:
игерілетін кен орнының сипаттамасын;
забой жанындағы аумақ қабатын интенсивтендірудің негізгі әдістерін;
кен орнын игеру жобасының негізгі ережелерін;
қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың нысанын, құрылысы мен пайдалану қағидаларын;
информатика және есептеу техникасы негіздерін.
174. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
Параграф 38. Ұңғымалары күрделі және жер астында жөндеуге
дайындау жөніндегі оператор, 3-разряд
175. Жұмыс сипаттамасы:
ұңғымалары жөндеуге дайындау;
таль жүйесін жарақтау және жарақсыздандыру жұмыстарын орындау, таль блогын, ілмені ілу және босату;
тарта таспаларды, кронблок таспаларын, тартқыларды ауыстыру;
трубаларды ластан және парафиннен тазарту және жуу, забой жаны аумағын өңдеу процесіне дайындау жұмыстарын орындау;
еденді, көпіршелер мен марш баспалдақтарын жөндеу;
трубалар мен штангаларды сұрыптау, муфталарды, сақиналар мен ниппельдерді бұрау және бұрап алу;
трубалар мен штангаларды төсеу;
қажетті реагенттерді, ерітінділерді, сұйықтарды жасауға қатысу;
ұңғымаларды жөндеуге дайындау жөніндегі такелаж, ағаш ұстасы, слесарлық және топырақ жұмыстарын орындау;
жылжымалы көтеру құрылғылары (мұнараларды, мачталарды) мен агрегаттардың орнын ауыстыруға, орнатуға, ұңғымаларды тексеруге және орталандыруға, ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу алдында тұншықтыруға қатысу.
176. Білуге тиіс:
ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу кезінде қолданылатын жабдықтың, агрегаттардың, материалдардың, құралдар мен реагенттердің нысаны мен түрлерін;
таль жүйесінің жарақтары түрлерін, көтеру құрылғыларын (мұнараларды, мачталарды) және оларды бекіту қағидаларын;
такелаж, ағаш ұстасы және слесарлық жұмыстардың негізгі түрлерін;
тиеу-түсіру жұмыстары кезінде қолданылатын негізгі құрылғыларды, ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу түрлерін.
Біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымаларды күрделі және жер астында жөндеуге дайындау жөніндегі оператордың басшылығымен жұмыс кезінде – 2-разряд.
Достарыңызбен бөлісу: |