Параграф 14. Мұнай мен газға ұңғымаларды пайдалану және барлау мақсатымен бұрғылаушы
36. Жұмыс сипаттамасы:
вахта жұмысын басқару;
бұрғылау басталғанға дейін дайындық жұмыстарын атқару;
мұнайды, газды, термальдық, йод бромды сулар мен өзге де пайдалы қазбаларды терең бұрғылау қондырғыларымен бұрғылау технологиялық процесін және солармен байланысты өзге де жұмыстарды геологиялық-техникалық наряд, режимдік-техникалық карта мен технологиялық регламенттер бойынша жүргізу;
бұрғылау құралын салу және құрастыру;
түсіру-көтеру операцияларын автоматты механизмдердің көмегімен орындау;
бағдарлы бұрғылау жұмыстарын орындау;
бұрғылау ерітінділерін дайындау, ауырлату және химиялық өңдеу жөніндегі жұмыстарға басшылық ету;
бұрғылау ерітінділері параметрлерінің сақталуы мен бұрғылау процесінде бұрғылау ерітіндісінің тазалау жүйесінің жұмысын бақылау;
ұңғыманың сағасын шығарындыға қарсы жабдықпен жабдықтау, авариялық жағдайда шығарындыға қарсы жабдықты қолдану;
газ, су, мұнай көрінуін тұншықтыру жөніндегі жұмысты орындау, ұңғыма сағасын герметизациялау;
газ, су, мұнай көрінуі кезінде ұңғыманы басқару;
жер бетіндегі және жер астындағы бұрғылау жабдығының техникалық жағдайын шұғыл бақылау;
бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматтар мен сақтандыру құрылғыларының жұмысын, шығарындыға қарсы жабдықтың жай-күйін тексеру;
ұңғымаларды геофизикалық зерттеулерге әзірлеу және оларды орындауға қатысу;
ұңғыманы бұрғылау кезіндегі күрделі жағдайлар мен аварияларды жою;
ұңғыманы сынама қабаттарды түсіруге дайындау және қабаттарды дайындау жұмыстарына қатысу;
керн іріктеу снарядтарының барлық түрлерімен берілген режиммен керн іріктеу;
ұңғымалар мен жабдықты айналма трубаларды түсіруге дайындау;
айналма трубаларды төсеу және шаблондау жұмыстарына басшылық ету, айналма трубаларды ұңғымаға түсіру;
айналма колонналарды цементтеу, цемент көпірлерді орнату, колонналардың герметикалығын сынау жұмыстарына қатысу;
пайдалану ұңғымаларын игеру, барлау ұңғымаларын сынау жұмыстарын орындау;
ұңғымалардағы соңғы жұмыстарды атқару;
бұрғылау жабдығын тасымалдауға дайындау;
бригада өз станогымен жылжыған кезде бұрғылау жабдығын профилактикалық жөндеуге, монтаждауға, бөлшектеуге, тасымалдауға қатысу;
бұрғылау режимі мен бұрғылау ерітіндісінің параметрлері жөніндегі алғашқы құжаттаманы жүргізу;
жүзбелі бұрғылау қондырғыларынан теңіз ұңғымаларын өткізу кезінде су астындағы шығарындыға қарсы жабдық кешенін монтаждауға және пайдалануға қатысу:
су астындағы шығарындыға қарсы жабдық кешенін жіберу алдында немесе су астындағы шығарындыға қарсы жабдықты - бас басқару пульті бар гидрокүшті қондырғыны ұңғыма сағасына түсіру алдында, бұрғылаушының басқару пультін, қашықтықтан басқару пультін, көп арналы шланг барабандарын басқару щитін, көмекші шланг барабандарын басқару щитін, штуцерлік манифольдіні басқару пультін, дроссельді қашықтықтан басқару пультін, превенторларды акустикалық апаттық басқару жүйесінің кеме блогін, сағалық қосу блогін, теңіз стоягын тарту жүйесінің «ОП540х210», «ОП350x700» шығарындыға қарсы жабдық кешенін, бағыттаушы канаттарды басқару жүйесін, диверторды дайындау;
су астындағы шығарындыға қарсы жабдық кешенін сынама тумбаларында орналасқан кезде, ол шахта тесігі жаппаларынан өткен кезде оның құрамдас бөліктерінің герметикалылылғын сынауға, су астындағы шығарындыға қарсы жабдықты стендіде жұмыс қысымына престеуге, су астындағы шығарындыға қарсы жабдықты стендіде функционалдық тексеруге қатысу: I кезең – бұрғылаушы пультінен басқарудың екі жүйесі бойынша барлық функцияларының жұмыс істеуін тексеру, II кезең – бұрғылаушы шебердің посты орынжайындағы көмекші пульттен, III кезең – превентатор блогындағы іске қосылатын функциялардың сәйкестігін көп арналы шлангі барабандарының басқару пультінен тексере отырып, IV кезең – акустикалық жүйені кемелік басқару блогынан және жылжымалы датчиктен превенторды басқарудың апаттық акустикалық жүйесінің барлық функцияларын тексеру;
су астындағы шығарындыға қарсы жабдықты ұңғыма сағасына түсіру;
айналма ұсынды цементтегеннен кейін, превентор ұстын ұшымен түйіскеннен соң су астындағы шығарындыға қарсы жабдықты гидравликалық сынауға қатысу;
штуцерлік манифольдінің және реттемелі штуцерлдердің жаппаларының, дроссельді қашықтықтан басқару пультінің жай-күйін ай сайынғы тексеру, сондай-ақ, бұрғылаушының су астындағы шығарындыға қарсы жабдықты басқару пультінде тұйықтау және дроссельдеу желілері жаппаларының, превенторларды тексеру, аккумулятор зарядкаларының қысымын, ауа қысымын, пилоттық қысым мен плашкалы және әмбебап превенторлардың қысымын, телескопиялық компенсатор тығыздамаларын, жарық және дыбыстық сигнализацияны басқару қысымын бақылау;
төтенше жағдайларда (гидрометеорологиялық, техникалық) ұңғыма сағасынан ажырату:
оқпанның ашық бөлігін ұзақ тұруға (консервацияға) дайындау, ұңғыма сағасын бұрғылау трубаларынан босату, теңіз стоягын тарту жүйесін ұңғыма сағасынан ажыратуға дайындау, девенторды, теңіз стоягының телескопиялық компенсаторын бөлшектеу;
«Авариялық ажырату» дабылы бойынша ұңғыма сағасынан ажырату;
ұңғымаларды геофизикалық зерттеулерге дайындау және оларды орындауға қатысу;
жүзбелі бұрғылау қондырғыларынан ұңғыма сағасы үстіндегі жай-күйі мен динамикалық позициондау қызметімен байланысты бақылау;
жобалық құжаттамаға қатысты проводка технологиясын, «Тастама» дабылы бойынша вахта мүшелерінің әрекеттерін, вахта мүшелерінің мұнай, газ, су көрінуін жою кезіндегі нұсқамаларды орындауын, су астындағы шығарындыға қарсы жабдық пен тиісті құрылғылардың ұдайы дайындықта ұсталуын бақылау;
геологиялық-техникалық бақылау қызметінің ұңғыманы тұйықтау есебіне қажетті технологиялық параметрлерді түсіру жөніндегі талаптарын орындау және мұнай, газ, су көрінуі анықталған кезде және геологиялық-техникалық бақылау қызметі хабарлаған кезде ұңғыма сағасын герметизациялау шараларын қабылдау;
бұрғылау кемесінің әрбір шторм кезде тоқтап тұруынан кейін бұрғылау мұнарасын кейін профилактикалық қарауға қатысу;
таль канатының жұмысын бақылау.
37. Білуге тиіс:
технология, техника және өндірісті ұйымдастыру жөніндегі қолданыстағы қағидалар мен нұсқаулықтарды;
кен орындарының геологиясы мен мұнай, газ, термальдық және йод бромды суларды және тағы өзге пайдалы қазбаларды өндіру технологиясы жөніндегі негізгі мәліметтерді;
геологиялық-техникалық нарядты және режимдік-технологиялық картаны, бұрғыланатын аумақтың геологиялық разрезін, ұңғыма құрылымы туралы мәліметтерді;
теңіз жағдайына бұрғылау жұмысын жүргізудің режимін, бұрғылау және күштік жабдықтардың, су астындағы шығарындыға қарсы жабдықтың, автоматты механизмдердің, сақтандыру құрылғыларының нысаны мен құрылысын, техникалық сипаттамасын, электр бұрғы мен турбобұрғы құрылысын;
электр бұрғы мен турбобұрғының, ток жеткізгіштің ықтимал ақауларын жою тәсілдерін, қолданылатын құралдар мен құрылғылардың құрылымы мен нысанын;
ұңғымаларды еңістік-бағытты және жазық бұрғылау кезінде ауытқышты трубаларды, электр бұрғы мен турбобұрғыларды түсіру және бағдарлау әдістерін;
қолданылатын шағын механикаландыру құрылғыларының, бақылау-өлшеу аспаптарының, бұрғылау ерітіндісін тазарту жүйесінің құрылысын, бұрғылау ерітіндісін дайындауға және өңдеуге арналған бұрғылау ерітінділері мен химиялық реагенттердің физикалық-химиялық қасиеттерін, оны дайындау, қалпына келтіру және қайталап пайдалану әдістерін, ауырлатқыштар мен химиялық реагенттердің параметрлерін бақылау және олардың жұмсалуын төмендету жолдарын, қолданылатын долоттардың үлгілік мөлшерлерін және ұтымды пайдалану принциптерін, ұңғыманы бұрғылау кезіндегі авариялар мен қиындықтардың себептерін, олардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды, қолданылатын жабдыққа арналған шекті жүктемені, ұстағыш құралдардың конструкциясын, нысаны мен қолданылуын, типін, мөлшерін, маркировкасын, айналма, бұрғылау және насос-компрессор трубаларының беріктік сипаттамасын, ұңғыманы айналма құбырды түсіруге және цементтеуге дайындауға қойылатын талаптарды;
бұрғылау және колонналарды цементтеу кезінде өнімдік көкжиекті ластанудан қорғаудың әдістері мен құралдарын, ұңғымаларды цементтеу технологиясын және айналма колонналарды цементтеудің сапасы мен герметикалылығын қамтамасыз ету шарттарын;
қолданылатын материалдардың шығыс нормаларын, қабаттарды, түрлі конструкциядағы пакер сынаушылардың нысанын, құрылымын, ұңғымаларды қабаттарды сынауыштарды түсіруге және геофизикалық зерттеулер жүргізуге дайындауға қойылатын техникалық талаптарды, герметикаландыратын құрылғылардың байламдары мен құрылымының схемасын;
пайдаланылатын ұңғымаларды игеру және барлау ұңғымаларын сынау жөніндегі жұмыстарды жүргізу технологиясы мен әдістерін, фонтан және насос ұңғымаларының жердегі жабдығының құрылымын және оларды пайдалануды, акваторийдегі жұмыс жағдайында штормдар басталған кезде қолданылатын су бетіндегі және су астындағы жабдықтарды, шараларды, жұмыс құралын;
жұмыс құрал-сайманын қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен сақтандыру аспаптарын бракқа шығару қағидаларын, күкіртті сутегі бар кен орындарындағы жұмыс кезіндегі арнаулы қауіпсіздік қағидаларын, ұңғыманы бұрғылау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бұйрықтарды, өкімдерді және өзге де құжаттарды;
теңіз кемелеріндегі қызмет жарғысын.
38. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі:
тереңдігі 1500 метрді қоса алған ұңғыманы бұрғылау кезінде – 5-разряд,
тереңдігі 1500 метрді қоса алған ұңғыманы бұрғылау кезінде, сондай-ақ, тереңдігі 1500 метрден жоғары және 4000 метрге дейінгі еңістік-бағытты ұңғымаларды бұрғылау кезінде – 6-разряд;
бұрғылау процесінде шаю ерітіндісінің сіңіп кетуінің, кен құламасының, ұңғыма оқпанының тарылуының, газ, мұнай, су көрінуінің алдын алу техникалық іс-шаралары қолданылатын, тереңдігі 4000 метрден жоғары және 5000 метрге дейінгі ұңғымаларды, тереңдігі 2000 метрге дейінгі жазық ұңғымаларды, тереңдігі 1500 метр жоғары, геологиялық күрделі жағдайдағы еңістік-бағытты ұңғымаларды, тығыздығы 1,6 грамының сантиметр куб және одан жоғары ауырлатылған бұрғылау ерітіндісі қолданылған жағдайда – 7-разряд;
тереңдігі 5000 метрден жоғары ұңғымаларды, тереңдігі 2000 метрден жоғары жазық ұңғымаларды немесе жүзбелі бұрғылау қондырғылары бар ұңғымаларды бұрғылау кезінде – 8-разряд.
Параграф 15. Мұнай мен газға ұңғымаларды пайдалану және барлау мақсатымен бұрғылаушының көмекшісі (бірінші)
39. Жұмыс сипаттамасы:
мұнай, газ, термальдық, йод бромды сулар мен өзге де пайдалы қазба ұңғымаларын бұрғылаудың технологиялық процесінің жекелеген жұмыс түрлерін мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау мақсатымен бұрғылаушының басшылығымен орындау;
бұрғылау қондырғысын қосуға дайындау және түсіру-көтеру операциялары кезіндегі жұмыс бұрғылау және айналма трубаларды төсеу, бұрғылау трубаларын жинақтау және престемелеу жұмыстарына қатысу;
колонналарды бекіту және түсіру-көтеру операциялары кезінде автоматты және машина кілттерінің жұмысын басқару;
бұрғылау ерітіндісін дайындау және өңдеу;
резервтік сыйымдылықтарды бұрғылау ерітіндісімен толтыру, қабылдауыштағы ерітінді деңгейінің өзгеруін қадағалау;
ұңғыманың толуын бақылау;
бұрғылау насостарын қосу, тоқтату және олардың жұмысын бақылау;
бұрғылау насостарыныңжұмысындағы ақауларды анықтау және жою;
бұрғылау насостарыныңтозған бөліктерін ауыстыру;
қиындықтар мен аварияларды жою жұмыстарына, ұңғымадағы, бұрғылау қондырғысындағы айналма колонналарды цементтеу жұмысына және ұңғыма сағасын жабдықтауға, пайдаланылатын ұңғымаларды игеруге және барлау ұңғымаларын сынауға қатысу;
ерекше жағдайларда, бұрғылаушының орнына шығырда жұмыс істеу;
ұңғымада қорытынды жұмыстарды жүргізу, бұрғылау жабдығын алдын ала жөндеу, бригада блокпен жылжыған кезде бұрғылау жабдығын монтаждауға, бөлшектеуге және тасымалдауға қатысу;
теңіз ұңғымаларын жүзбелі бұрғылау қондырғыларымен бұрғылау кезінде су астындағы шығарындыға қарсы жабдықты қауіпсіз пайдалануды бақылау, су астындағы шығарындыға қарсы жабдық кешенін монтаждау, демонтаждау және пайдалануға қатысу;
төтенше жағдайларда (гидрометеорологиялық, техникалық) ұңғыма сағасынан ағыту, ұңғыма сағасын бұрғылау трубаларынан босату, теңіз стоягының тарту жүйесін ұңғыма сағасынан ажыратуға дайындау;
«Авариялық ажырату» дабылы бойынша ұңғыма сағасын босату;
тальді блоктың, кронблоктың, таль канатының, элеваторлардың, ретрактордың, машина кілттері ілмесінің таспалары мен көмекші шығыр канаттарының жай-күйін бақылау.
40. Білуге тиіс:
кен орны геологиясын, мұнай, газ, термальдық, йод бромды сулар мен өзге де пайдалы қазбаларды өндірудің технологиялық процесін;
пайдаланылатын ұңғымаларды игеру және барлау ұңғымаларын сынау жөніндегі жұмыстың түрлері мен технологиялық процесін;
қолданылатын жабдықтың, механизмдердің, құралдардың нысанын, құрылымы мен техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану қағидаларын;
таль жүйесін жабдықтау әдістерін, марш баспалдақтарының, полаттердің, кронблокасты алаңының майшамдарын орнатуға арналған құрылғының құрылымын, бұрғылау жабдығын майлау мерзімінің картасы мен қағидаларын;
еңіс бағытты және жазық ұңғымаларды жүргізуге қолданылатын құрал мен құрылғының нысаны мен құрылымын, бұрғылау және айналма трубалардың типтерін, мөлшерлерін, айналма трубаларды түсіруге дайындау қағидаларын;
бұрғылау ерітіндісінің параметрлерін анықтау аспаптарының нысаны мен құрылымын, бұрғылау ерітіндісін дайындау блогының конструкциясын;
циркуляциялық жүйелер мен жоғары қысым желілерін байламдау схемасын, бұрғылау ерітіндісін дайындау, тазалау және регенерациялау тәсілдерін, бұрғылау ерітінділері мен химиялық реагенттердің негізгі
физикалық-химиялық қасиеттерін;
шығарындыға қарсы жабдықты орнату схемасын және қолданылатын шағын механикаландыру мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын.
жүзбелі бұрғылау қондырғыларынан бұрғылау кезінде теңіз ұңғымаларын сынау және игеру технологиясын, жүзбелі бұрғылау қондырғыларын бұрғылау кешені жабдығын алдын ала және ағымдағы жөндеуді, бұрғылау және айналма трубалардың, теңіз ұңғымаларын салу кезінде қолданылатын құралдың, құрылғылар мен жабдықтың нысаны мен техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану қағидаларын, су астындағы шығарындыға қарсы жабдықтарды, райзер мен өзге жүйелерді түсіру және көтеру технологиясын, жүзбелі бұрғылау қондырғыларынан бұрғылау кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұйрықтарды, өкімдерді және өзге де басшылыққа алынатын құжаттарды;
теңіз кемелерінде қызмет ету жарғысын.
Тереңдігі 1500 метрге дейінгі ұңғымаларды бұрғылау кезінде – 4-разряд;
тереңдігі 1500 метрден жоғары және 4000 метрді қоса алғанға дейінгі ұңғымаларды, сондай-ақ еңіс бағытты және жазық ұңғымаларды бұрғылау кезінде тереңдігіне қарамастан – 5-разряд;
тереңдігі 4000 метрден 5000 метрді қоса алғанға дейінгі ұңғымаларды бұрғылау кезінде – 6-разряд;
тереңдігі 5000 метрден жоғары ұңғымаларды жүзбелі бұрғылау қондырғысынан бұрғылау кезінде – 7-разряд.
41. 5, 6 және 7-разрядты мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау мақсатымен бұрғылаушының көмекшісі (бірінші) үшін техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
Параграф 16. Мұнай мен газға ұңғымаларды пайдалану және барлау мақсатымен бұрғылаушының көмекшісі (екінші)
41. Жұмыс сипаттамасы:
мұнай, газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылаушысының басшылығымен бұрғылау қондырғысын қосу (екінші);
түсіру-көтеру операциялары кезінде үстіңгі жұмыстарды орындау;
бұрғылау ерітіндісін дайындау және өңдеу;
бұрғылау насостарын қосу, тоқтату және олардың жұмысын, шаятын сұйықтық деңгейінің өзгеруін бақылау;
бұрғылау насостарының жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, бұрғылау насостарының тозған бөліктерін ауыстыру;
қиындықтар мен аварияларды жою, ұңғымадағы айналма колонналарды цементтеу, цемент көпірлерді, ұңғыма сағасының жабдығын орнату мен бұрғылау, пайдалану ұңғымаларын игеру және барлау ұңғымаларын сынақтан өткізу бойынша жұмыстарға қатысу;
бұрғылау жабдығын профилактикалық жөндеуге, ұңғымада қорытынды жұмыстарды жүргізуге қатысу;
жүзбелі бұрғылау қондырғыларынан теңіз ұңғымаларын бұрғылау кезінде – төтенше жағдайларда (гидрометеорологиялық, техникалық) ұңғыма сағасынан ағыту жұмысына қатысу.
43. Білуге тиіс:
ұңғымаларды бұрғылаудың технологиялық регламентін, өндірісті ұйымдастыруды;
кен орны геологиясы жөніндегі негізгі мәліметтерді, мұнай, газ, термальдық, йод бромды сулар мен өзге де пайдалы қазбаларды өндірудің технологиялық процесін;
пайдаланылатын ұңғымаларды игеруге және барлау ұңғымаларын сынау жөніндегі жұмыстың технологиялық процесі мен түрлерін;
қолданылатын жабдықтың, механизмдердің, құралдардың нысанын, құрылымы мен техникалық сипаттамасын, оларды пайдалану қағидаларын;
жүзбелі бұрғылау қондырғыларын бұрғылау кезінде – теңіз ұңғымаларын бұрғылауға қолданылатын су үстіндегі және су астындағы жабдықтың құрылымын, теңіз ұңғымаларын сынау және игеру технологиясын, жүзбелі бұрғылау қондырғылары бұрғылау кешені жабдығының құрылғысы және техникалық сипаттамасын, таль жүйесін жарақтандыру әдістерін, бұрғылау жабдығын майлау қағидалары мен картасын, еңісті-бағытты ұңғымалардың сымдарына арналған құрал-сайман мен құрылғыны;
долоттардың, бұрғылайтын, отырғызылатын және насос-компрессорлы трубалардың типтік өлшемдері, отырғызылатын трубаларды ұңғымаға түсіруді дайындау қағидаларын, аспаптардың құрылғысын және бұрғылау ерітінділерінің параметрлерін айқындау әдісін, бұрғылау ерітінділерін дайындау, өңдеу және тазалау тәсілдерін, бұрғылау ерітінділері мен химиялық реагенттердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін, бұрғылау қондырғыларының схемасын және шығарындыға қарсы жабдықты пайдалану қағидаларын, шағын механикаландырылған және бақылау-өлшеу аспаптарының қолданылатын құрылғыларының мақсатын;
фонтан және насос ұңғымалардың жер үстіндегі жабдықтарын, ұңғыманы бұрғылау кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұйрықтарды, өкімдерді және өзге де басшылық құжаттарын;
теңіз кемелерінде қызмет көрсету жарғысын.
Тереңдігі 1500 метрді қоса алғанға дейінгі ұңғымаларды бұрғылау кезінде – 4 -разряд;
тереңдігі 1500 метрден жоғары және 4000 метрді қоса алғанға дейінгі ұңғымаларды, бұрғылау кезінде – 5-разряд;
тереңдігі 4000 метрден жоғары ұңғымаларды немесе жүзбелі бұрғылау қондырғыларын бұрғылау кезінде – 6-разряд.
5 және 6-разрядты мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау бұрғылаушысының көмекшісі (екінші) үшін техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.
Параграф 17. Мұнай мен газға ұңғымаларды пайдалану және барлау мақсатымен бұрғылаушының көмекшісі (үшінші), 3-разряд
44. Жұмыс сипаттамасы:
ұңғымаларды мұнайға, газға, термалдық, йод бромды суға және өзге де пайдалы қазбаларға терең бұрғылау қондырғыларымен бұрғылаудың технологиялық процесіне қатысу;
пайдалану және барлау мақсатымен бұрғылаушының басшылығымен бұрғылау қондырғысын бұзуға және монтаждауға дайындау;
өткелде бұрғылау және айналма трубаларды босату, баптау жұмыстарына, бұрғылау колоннасының төменгі жағын құрастыруға, бұрғылау трубаларын баспақтауға қатысу;
элеваторлардың, сыналардың, кілттердің, гидравликалық кілттердің, шағын механикаландыру құралдарының ақаусыздығын ай сайын тексеру;
бұрғылау ерітіндісін дайындау мен өңдеуге қатысу, ерітінді циркуляциясын және өлшегіштердегі ерітінді деңгейін бақылау;
науа жүйесін, виброситті бұрғыланған жыныстан және бітеліп қалудан тазарту;
өлшегіштерді, технологиялық сыйымдылықтарды және тұндырғыштарды шлам мен бітеліп қалудан тазарту;
мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау мақсатымен бұрғылаушының басшылығымен шығарындыға қарсы жабдықты монтаждауға, бұзуға және қызмет көрсетуге ұңғыманың сағасын баулау жұмыстарына, ұңғыма сағасын герметикалаушы құрылғылармен жабдықтауға қатысу;
айналма трубаларды өлшеу мен үлгілеу, құбыр бұрандамасын бітеліп қатудан тазарту;
пайдалану және барлау мақсатымен бұрғышының басшылығымен пайдалану және барлау ұңғымаларын игеруге, барлау ұңғымаларын сынауға, түрлі пасталар мен сұйықтықтарды дайындауға, айналма трубаларды цементтеуде қиындықтарды, аварияларды жоюға, цементтелген көпірлерді орнату мен бұрғылауға қатысу;
мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау мақсатымен бұрғылаушының басшылығымен құрал дайындауға қатысу, сондай-ақ айналма колоннаны түсірген кезде роторлық алаңға колоннаны беру;
мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау мақсатымен бұрғылаушының басшылығымен өздерінің блогымен бригада қозғалысы кезінде бұрғылау жабдығын монтаждауға, бұзуға және тасымалдауға қатысу;
бұрғылау қондырғысының «еденінде» долот алаңында және бұрғылау қондырғысының технологиялық жабдығында тазалықты сақтау;
қабылдау көпірінің жабындысын, төсесін және қоршауларын, бұрғылау қондырғысының еденін, циркуляциялық жүйені, культбудкаларды және бұрғылау қондырғысының қосалқы құрылыстарын ұсақ жөндеуге қатысу;
мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану және барлау мақсатымен бұрғылаушының басшылығымен ұңғыма салуды аяқтау бойынша жұмыстарға, сондай-ақ бұрғылау жабдығын алдын ала жөндеуге қатысу;
қосымша жұмыстарды (жабдықты тазарту мен жинау, механизмдерді майлау және өзге де жұмыстар) орындайды.
45. Білуге тиіс:
мұнай және газ, термалдық, йод бромды су және өзге де пайдалы қазбалар өндірудің технологиялық процесі және пайдалану ұңғымаларын игеру және бұрғылау ұңғымаларын сынау бойынша жұмыс түрлері туралы жалпы мәліметтерді;
қолданылатын жабдық, механизмдер, құралдардың мақсатын, құрылымын орнату және техникалық сипаттамаларын, пайдалану қағидаларын;
таль жүйесін жабдықтау әдістерін;
бұрғылау жабдығын майлау қағидалары мен картасын;
айналма трубаларды ұңғымаға түсіруге дайындау қағидаларын;
бұрғылау жұмыстарын жүргізудің бірыңғай техникалық қағидаларын;
жылжымалы жарықтандыру генераторларын пайдалану қағидаларын;
қолданылатын шағын механикаландырылған құрылғылардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, фонтан және насос ұңғымаларының жер бетіндегі жабдығын;
бұрғылау ерітінділері мен химиялық реагенттердің негізгі физикалық-химиялық қасиеттері;
бұрғылау ерітінділерін дайындау, өңдеу және тазарту тәсілдері;
құрылғылардың құрылымын және бұрғылау ерітінділерінің өлшемдерін анықтау әдістерін;
бұрғылау қондырғысының схемасы мен шығарындыға қарсы жабдықты пайдалану қағидаларын;
ұңғымаларды бұрғылау кезінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұйрықтар, өкімдер және өзге де басшылық құжаттарды.
Параграф 18. Мұнара монтаждаушы, 3-разряд
46. Жұмыс сипаттамасы:
бұрғылау қондырғысы блоктарын, қазандық қондырғыларын, су насос қондырғыларын, отын-май қондырғыларын, электр бұрғымен бұрғылау жабдығын, металдан жасалған өтпе алаңдарды, сатыларды, күштік, насос, энергетикалық, мұнара-шығыр блоктары мен бұрғылау ерітіндісін тазарту жүйелеріндегі траптар мен қоршауларды монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау;
бұрғылау қондырғысының астына бетон жабын, қосалқы ыдыстар мен балшық араластырғыштарға негізде мен алаңдар, механизмдердің жылжымалы бөліктеріне арналған қоршауларды құру;
мұнаралар мен мұнара жанындағы құрылғыларды құрастыру және бөлшектеу кезінде топырақ, бетон, слесарлық, ұсталық және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау;
мұнараны бекітуге және орталандыруға арналған зәкірлерді орнату;
бұрғылау жабдығы мен мұнара жанындағы құрылғылардың негізді іргетасының орналасатын жерін біліктілігі анағұрлым жоғары мұнара монтаждаушының басшылығымен белгілеу;
бу және су желілерін салу және орамалау;
бұрғылау және технологиялық жабдықтарды майлау;
қосалқы жабдықты тасымалдауға дайындау;
барлық үлгідегі және конструкциялардағы мұнарасы бар геологиялық-барлауға арналған бұрғылау қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу.
47. Білуге тиіс:
бұрғылау қондырғыларының, қолданылатын механизмдер мен жабдықтың нысанын;
мұнара бөлшектері мен негіздемелердің, іргетастар мен мұнара жанындағы құрылғылардың нысанын, амбарларға, жұмыс алаңдарына арналған қоршаулардың көлемін;
бұрғылау қондырғыларын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау әдістерін, бұрғылау жабдығы мен коммуникациялардың орналасу схемасын;
мұнара салуда қолданылатын механизмдердің техникалық сипаттамаларын, бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыруды;
слесарлық және ұста құралдарын пайдалану қағидаларын;
көлемі шағын жүктерді ілмектеу, көтеру және орнын ауыстыру қағидаларын, кран машинистерінің шартты сигнализациясын.
Достарыңызбен бөлісу: |