Р/С
|
Атқарылатын жұмыстар
|
Орындалу мерзімі
|
Аяқталу
нысаны
|
Тасбөгет кенті
|
| «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында, Тасбөгет кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдау |
2016 жылғы
мамыр
|
Мерзімі бар.
|
|
Жаңадан салынып жатқан №172 мектептің құрылыс жұмыстарының мерзімінде әрі сапалы аяқталуын қатаң бақылауға алу
|
2016 жылғы қыркүйек
|
Мерзімі бар.
|
|
Жазғы мезгілдерде кент тұрғындарына тұрақты түрде аяқ су жеткізу мақсатында, көше бойы орналасқан арналар мен арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізу
|
2016 жылғы
наурыз
|
Кентті аяқ сумен қамтамасыз ету бағытында қазіргі таңда Қалалық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан «елді мекендерді абаттандыру, көркейту және көгалдандыру» бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарына құжаттар дайындалуда. Дегенмен, кент әкімшілігінің ұйымдастыруымен кенттегі орталық аяқсу арнасына сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілуде.
|
Белкөл кенті
|
|
Бірқазан елді мекенінің 10 кВ әуе желісі мен 2 қосалқы электр станциясын күрделі жөндеуден өткізу
|
2016 жылғы
қыркүйек
|
Мерзімі бар.
|
|
Белкөл кентін көгілдір отынмен қаматамасыз ету жөнінде тиісті жұмыстар атқару
|
тұрақты түрде
|
«Қызылорда қаласындағы АГТС Қызылорда 2-ден газ жеткізу құбырымен Белкөл кентін газбен жабдықтау» жобасының құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 2014 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Осыған орай, аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында ҚР Ұлттық Экономика Министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне «Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» арқылы 2016, 2017-ші жылдарға бюджеттік өтінім жолданды. Алайда, 2016 жылға жолданған өтінім қолдау таппады.
Алдағы уақытты, 2017 жылға жолданған бюджеттік өтінім қолдау тапқан жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.
|
Қосшыңырау ауылдық округі
|
|
Досан ауылында орналасқан «Казрис» негізгі мектебінің маңына жол қауіпсіздік белгілерін орналастыру
|
2016 жылғы мамыр
|
Мерзімі бар.
|
|
Ауылдық округтегі мал ұрлығын болдырмау және жол қауіпсіздігін сақтауда арнайы рейдтер ұйымдастыру, заңсыздықтарды жою жөнінде нақты шаралар қабылдау
|
тұрақты түрде
|
Қосшыңырау ауылдық округінің әкімдігі учаскелік полиция инспектормен бірігіп мал ұрлығын алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында ауылдық округтен 4 бағытта пада құрылу және сол паданы бағатын бақташы және оның жалақысы талқыланды. Қазіргі таңда, мал бағатын бақташылар іздестірілуде. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
|
Қарауылтөбе ауылдық округі
|
|
Ауылдық округтегі жаңадан бой көтерген аумаққа қосалқы электр станцияларын қою бойынша қаржысын нақтылап, тиісті шаралар қабылдау
|
2016 жылғы мамыр
|
Мерзімі бар.
|
|
Ауылдық округтегі Амангелді көшесі мен Желтоқсан тұйығына түнгі жарық бағандарын орналастыру жұмыстарын жүргізу
|
2016 жылғы қыркүйек
|
Мерзімі бар.
|
Ақжарма ауылдық округі
|
|
Ақжарма ауылдық округінде орналасқан №218 орта мектепке жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының сапалы болуын және уақытылы аяқталуын қатаң бақылауға алу
|
2016 жылғы қыркүйек
|
Мерзімі бар.
|
|
Ақжарма ауылдық округіндегі Ә.Молдағұлова көшесіне түнгі жарық бағандарын орналастыру жұмыстарын жүргізу
|
2016 жылғы
қыркүйек
|
Мерзімі бар.
|
Ақсуат ауылдық округі
|
|
Ауылдық округтегі ұзындығы 29,9 шақырымды құрайтын әуе желісі мен 1 қосалқы электр станциясына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
2016 жылғы
қыркүйек
|
Мерзімі бар.
|
|
«Наурыз» саяжайына кіретін басты жолға тас төсеу жұмыстарын жүргізу
|
2016 жылғы қыркүйек
|
Мерзімі бар.
|
Қызылөзек ауылдық округі
|
|
Қараөзек ауылының орталығында орналасқан қорымды қоршау жұмыстарын жүргізу
|
2016 жылғы қыркүйек
|
Мерзімі бар.
|
|
Ауылдық округ аумағындағы каналдарды тазалау жұмыстарын жүргізу және егін науқанында аяқ су тапшылығын болдырмау
|
тұрақты түрде
|
Қызылөзек ауылдық округ аумағында «Қызылордасушар» өндірістік учаскесінің теңгеріміндегі «Көксу» коллекторы, «Сауранбай», «Левая ветка» және осы каналдардан тарайтын 5 каналдар бар. 2014 жылы иесіз «Райхан», «Айнакөл», «Гажденбек», «Орталық», «Ақ канал» каналдары сот шешіміміен коммуналдық меншікке алынып, ауылдық округ әкімінің аппаратына берілген. 2015 жылы аталған каналдардың техникалық құжаттарын әзірлеп, тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында, әзірленген есептемелері бойынша (963 мың тенге) «Айнакөл», «Гажденбек», «Ақ канал» каналдарының жер актілерін рәсімдеуге бюджеттік өтінім беріліп, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына байланысты қаржы бөлінеді деп күтілуде.
Ағымдағы жылы Қараөзек елді мекенін аяқ сумен қамтитын 2 дана электронасосты күтіп ұстауға қалалық бюджеттен 117 мың теңге берілді.
Егін науқанында аяқ су тапшылығын болдырмау мақсатында Сырдария өзенінің деңгейін көтеру арқылы «Сауранбай» каналына берілетін су көлемін арттыру бойынша «Қызылордасушар» өндірістік учаскесімен бірлесіп жұмыс жасалып, ағымдағы жылдың 1 – 10 наурызы аралығында және 14 сәуірден бастап, «Сауранбай» каналына су берілуде.
«Қызылордасушар» өндірістік учаскесі мамандарының болжамына сәйкес, алдағы егін маусымында аяқ су жылдағы деңгейден төмен болатындығы жөнінде хабарланып, тұрғындарға аяқ су тапшылығы орын алу мүмкін екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ауылдық округінің тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ету үшін «Сауранбай» каналының сағасына СНП-500/10 электр-насосын орнату жұмыстарының сметалық есептемелері әзірленіп, қаржы бөлу жөнінде (15,6 млн.тг) бағдарлама әкімшілеріне бюджеттік өтінім берілді.
|
Талсуат ауылдық округі
|
|
Елді мекенге жаңадан подстанциялар қою, бұрынғы пайдаланудағы электр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу, жаңадан бой көтерген аумақ тұрғындарына электр желілерін тарту
|
2016 жылғы қыркүйек
|
Мерзімі бар.
|
|
Ауылдық округті және елді мекендегі әлеуметтік нысандарды табиғи газбен қамтамасыз ету
|
2016 жылғы қазан
|
Мерзімі бар.
|
Қызылжарма ауылдық округі
|
|
Қызылжарма ауылдық округін аяқ сумен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар атқару
|
2016 жылғы мамыр
|
Мерзімі бар.
|
|
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Ә. Әлімов тұйығы, Ә. Әлімов көшесінің 2- жартысы, Абай тұйығы, Д. Қарабалаев 1- тұйығына тас төсеу жұмыстарын жүргізу
|
2016 жылғы қыркүйек
|
Мерзімі бар.
|