391. Білуі тиіс:
сурет басу процесінің ережесі мен технологиясын, құрылғыларды, жұмыс принциптерін, олардағы ақаулықтарды жою тәсілдерін, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережелерін, материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін, басылым сапасына қойылатын талаптарды.
Параграф 4. Линолеумда таңба басушы, 6-разряд
392. Жұмыс сипаттамасы:
Линолеумді төсемде басқару пульті көмегі арқылы сурет басу технологиялық процесін жүргізу. Басу машинасының тораптарын координациялау. Насостар мен қысу білікшелерінің жұмысын реттеу. Басу білікшелерін орнату мен орталықтандыру. Линолеум еніне сай қысу білікшелерін ауыстыру. Көпсекциялы басу машинасының жұмыс параметрлерін компьютерге енгізу: кептіру температурасы, бояу тұтқырлығы, білікше шеңбер ұзындығы, ракелді пышақ пен қысу білікшелерінің қысымы. Компьютер көмегімен басу машинасының өзгерген параметрлерін түзеу. Компьютерге кептіру камераларындағы температура көрсеткіштерін шығару. Сурет регистрін компьютердің көмегі арқылы баптау. Сурет колерлерінің түсі мен реңкін насос, ракельді пышақ пен қысу білікшелерін реттеу арқылы бектілген эталонға жеткізу. Технологиялық журналға жазу. Басу машинасының ақаулықтары пайда болған кезде жедел шешімдерді қабылдау.
393. Білуі тиіс:
сурет басу технологиялық процесін, басу машинасының автоматты жабдығының жұмыс принципін, компьютерлік құрылғыларды және бағдарламалау негіздерін, технологиялық параметрлерді реттеу ережелерін, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережелерін, басу бояуларының қасиеттері мен оларға қойылатын талаптарды, жабдық ақаулықтарын жою мен оларды ескерту тәсілдерін.
71. Пресс-материалдарды сұрыптаушы
Параграф 1. Пресс-материалдарды сұрыптаушы, 3-разряд
394. Жұмыс сипаттамасы:
Пресстеуші және құйылатын материалдарды, материалдардың сынақ партиасының химиялы құрамы жайлы талдау мәліметтері бойынша және партия материалдарын тиісті өнімге бегіту үшін сынамасының нәтижесі бойынша іріктеу. Сынамалы таблеткалау, пресстеу немесе сынақ партиясының материалдарынан өнімді құю. Дайын болған үлгіні өнім эталондарымен салыстыру. Сынамалы престеу, құю және таблеткалау нәтижесі бойынша өнделіп жатқан өнімге қойылатын талаптар партия бойынша престеу және құю материалдарының құрамының сәйкес келетінің анықтау. Алынған өнімдер үлгілерін техникалы бақылау бөліміне тексеріске жіберу. Материал партияларын тиісті өнімдерге бегіту. Құйылған матеиалдарды учаскелерге тапсыру. Өндіріс журналында жазба жүргізу.
395. Білуі тиіс:
іріктелген материал партияларынан өнімді дайындау кезінде пресстеу немесе құю режимі, материалдардың физико-химиялы құрамы және сапалы көрсеткіштері, материалдарды сынау ережесін.
72. Сутекті жалынмен жылтыратушы
Параграф 1. Сутекті жалынмен жылтыратушы, 3-разряд
396. Жұмыс сипаттамасы:
Органикалы шыныдан жасалған өнімді сутекті жалынмен күйдіру (отты жылтырату). Сутекті аппаратты күкіртті қышқылмен және темір жоңқамен толтыру. Оттекті баллонды, редукторды, жалынды жалтыратқыш станокты, редукциялы клапанды, газды коммуникацияны, жылытқыштарды, мундштуктарды және сақтану құралдарын жұмысқа дайындау. Жабдықтың түзу жұмыс істеуін тексеру. Күйдірудің режимін орнату. Ұсақ және профилактикалы жөңдеу жұмыстарын жасау.
397. Білуі тиіс:
аппараттың құрылымын және метанды-сутекті қоспаны алуда компоненттердің өзара әрекеттесуінің негізі, күйдірудің режимі (отты жылтырату), оргшынының физико-химиялы құрамы, жылтыратылған органикалық шыны өнімдеріне қойылатын талаптарды.
73. Целлулоид блогының престеушісі
Параграф 1. Целлулоид блогының престеушісі, 2-разряд
398. Жұмыс сипаттамасы:
Престі целлулоидты массамен арту. Целлулоид блогын престеу бегітілген режимін бақылау. Белгіленген температура және қысым режимінің сақталуын бақылау. Престелген блоктарды шығару. Блоктарды бегітілген орынға тасымалдау.
399. Білуі тиіс:
целлулоид блоктарын престеу технологиялық процесін, жабдықтардың құрылғылары мен жұмыс принциптерін, шикізат пен престелген целлулоид блоктарына қойылатын талаптарды.
Параграф 2. Целлулоид блогының престеушісі, 3-разряд
400. Жұмыс сипаттамасы:
Блок-престерде целлулоид блогын престеу. Матрицаның қысымын, жылытуын және суытылуын реттеу. Престелудің технологиялы режимін сақтау. Матрицаны тазарту және майлау. Кезектегі престеуге блок-престі дайындау.
401. Білуі тиіс:
целлулоидты өңдеу технологиясы, блокты целлулоидқа қойылатын негізгі техникалы талаптар, прес-форманы орнату ережесі, көтеру-тасымалдау жабдығымен пайдалану ережесі, блокты целлулоидқа қойылатын талаптарды.
Параграф 3. Целлулоид блогының престеушісі, 4-разряд
402. Жұмыс сипаттамасы:
Целлулоид блогын және әртүрлі сортты целлулоид массасын блок-престе престеу процессін жүргізу. Престеу технологиялы режимін престеліп жатқан целлулоид массасының сапасына байланысты реттеу. Матрицаны дайындау және орнату. Өнделген целлулоид блогының сапасын сыртқы пішініне қарап анықтау. Өндіріс журналында жазба жүргізу. Жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою. Технологиялық журналға жазу.
403. Білуі тиіс:
целлулоидтың блогын престеу технологиялы процесін, целлулоид блогына техникалы талаптар, сорт бойынша целлулоидтың физико-химиялы құрамы, целлулоидты блоктың сапасына блок-пресстерде престеу процесінің бөлек параметрлерінің әсері, қызмет көрсетеліп жатқан жабдықтың құрылымы, жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою тәсілдері, целлулоидты массаны рационалды шығындау ережесі, престелген целлулоид блоктарына қойылатын талаптар.
74. Пластмасса өнімдерін престеуші
Параграф 1. Пластмасса өнімдерін престеуші, 2-разряд
404. Жұмыс сипаттамасы:
Престерде каболитті және бакелитті ұнтақтардан, оргшыныдан және тағы басқа материалдардан әртүрлі қарапайым бөлшектерді (ұсақ шайбалар, төсемшелер, шәйнек тұтқалары, кофе қайнататын ыдыс, планка, рамка, жазба үстелдерінің кронштейндері және тағы басқа) қарапайым көпұялы пресс-форманы пайдаланып престеу. Қол престерінде нитропленкалы қақпақтар және тіс протездеу үшін өнімдерді престеу. Престеу режимін бақылау. Прес-формаларды тазалау және майлау қызметтерін көрсету.
405. Білуі тиіс:
престе престеу тәсілдері, престің құрылымы және олардың жұмыс істеу мақсаты жайлы жаңа мәліметтерді, жабдықта қызмет көрсету ережесі, пресс-материалдарды ілу ережесі, манометр, термометр және тағы басқа пайдалану ережесі, престелген өнімдерге қойылатын талаптар, престеудің технологиялы режимі, престелген өнімдерге қойылатын технологиялы талаптар.
406. Жұмыс үлгілері:
1) ұсақ шайбалар, төсемшелер, шәйнек және кофе қайнататын ыдыс тұтқалары, планка, рамка, жазу үстелінің кронштейны - престеу.
Параграф 2. Пластмасса өнімдерін престеуші, 3-разряд
407. Жұмыс сипаттамасы:
Әртүрлі пластмассадан 5-тен аса 10-ға дейін металды бөлшектермен престелген орташа күрделі прес-форманы, ажыратқаш құралды пайдаланып орташа күрделі өнімдерді престеу. Соратын, үрлейтін, пішіндейтін және аралас мөрлерді пайдаланып гидравликалы және эксцентрикалы престерде целлулоидтан әртүрлі қалыңдықтағы ойыншықтарды мөрлеу. Престеу барысында прес-форманы ысыту. Престеу режимін реттеу. Пресс-материалдарды түсі және басқада белгілері бойынша анықтау. Жабдықты бос жүрісте байқап көру.
408. Білуі тиіс:
бақылау-өлшеу құралдарымен престеу режимін реттеу ережесі, престердің құрылымын, ысытатын пресс-формалармен жұмыс істеу ережесі, шикізатқа қойылатын талаптар, пресс-материалдарды мөлшерлеу ережесі, пресс-материалдың сипатына және өнімнің түріне байланысты қолданылатын қысымға тәуелділігі, престелген өнімдерге қойылатын талаптар, әмбебап картелді құралмен пайдалану ережесі.
409. Жұмыс үлгілері:
Престеу:
Дөңгелек қалпақшалар, декелді пластиналар, оргшыныдан пластиналар, жарық түсіру үшін патрондар, шаруашылық падностар, түйіспелер, күл салғыштар, каюталы және әжетханалы үстелдердің ілетін жәшіктері;
Бұрандалы ажырайтын матрица бөлшектері, пластмассалы автоқалам бөлшектері, кабельұстайтын тұтқалар;
Көркем кәде сыйлар опа сауыт, туалет құралдары, иіссуға арналған флакондар;
Шеңберді қаптауға арналған таблеткалар және автомашинаның штурвалдарының шабақтары.
Параграф 3. Пластмасса өнімдерін престеуші, 4-разряд
410. Жұмыс сипаттамасы:
Сыртқы түріне, өлшеміне, физико-механикалы көрсеткіштеріне ерекше талап қойып күрделі өнімдерді гидравликалы престе немесе күрделі пресс-формаларды, ажырайтын құрылғыларды пайдаланып 10 металды бөлшектерді астам престпен престеу. Аминопластан биік жұқа қабырғалы престеу. Әртүрлі пластикалы материалдардан жасалған өнімдерді көпұялы пресс-формаларда престеу. Жоғары жиілікті тоқ жабдақтарында әзірлемені алдын-ала дайындау. Жабдықты, құрылығыларды және құралдарды жұмысқа дайындау. Оны жұмыста сынау. Арматура мен түсіретін белгілерді дайындау. Престеу режимін анықтау. Бұранданы безендіретін белгілерді қолдан немесе механикалы жабдықтардың көмегімен бұрау.
411. Білуі тиіс:
престеу технологиялы режимі, әртүрлі пресс-материадың құрамы, құрылысы, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықта жұмыс істеу ережесі, әртүрлі пресстердің құрылымы, оларды бақылау жүйесін, пресс-формалардың түрлері, өнімдерді жылыту және салқындатуы плитасымен жабдықталған гидравликалы прессттерде престеу тәсілі, дайын өнімге техникалы шарттар.
412. Жұмыс үлгілері:
Аккумулятор бактары, фторпласт - 4-тен жасалған өнімдер, медицина және тісті протездеуге арналған өнімдер - пресстеу;
Түрлі-түсті құрамдары және толықтырғыштар бар монолитті көркем өнімдер - пресстеу;
Машина жасауға корпустар және маховиктер, оргшыныдан пластиналар, пенопласт плиталар, кереует, кресла, үстелдердің арқалықтары, диванды және каюталы үстелдер - пресстеу;
Целлулоидты трубкалар, радиоқұрылығыға арналған тораптар мен бөлшектер - пресстеу;
Декоративті күрделі фигуралар, электресептегіш цоколдар, корпустар, автомобильді штурвалдар - пресстеу.
Параграф 4. Пластмасса өнімдерін пресстеуші, 5-разряд
413. Жұмыс сипаттамасы:
Ерекше прес-формаларды пайдаланып көп мөлшердегі алдын-ала өнделген жіңішке және күрделі арматураларды (арнайы желімденген және лактанған тағы сол сияқты) пресстеумен өте күрделі конфигурациялы өнімдерді гидравликалы пресстерде пресстеу. Престеу режимін басқару бағдарламасымен жабдықталған гидравликалы прессте түрлі-түрлі прес-материалдар өнімдерін престеу. Прес-материалды алдын-ала ысыту үшін жоғары жиілікті тоқтар құрылғысын басқару және жөнге салу. Престеу процессіне дайындау. Престеу режимін басқару бағдарламасы үшін түзетулерді есептеу. Престеу режимін түзету. Престелген өнімдердің сапасын бақылау. Жабдықты жөңдеу жұмыстарына қатысу. Технологиялық журналда жазба жасау.
414. Білуі тиіс:
престеудің технологиялы режимі, әртүрлі престерді жөнге келтіру ережесі және прес-формаларды дайындау, бақылау-өлшеу жабдығын жылытуға арналған жабдықта қызмет көрсету және жөнге салу ережесі, технологиялы процесстің әртүрлі параметрлерінің және әртүрлі прес-материалдардың сапалы көрсеткіштерінің пресстеу сапасына тигізер әсері, жабдықтың жұмысындағы олқылықтардың себептері және оларды жою тәсілдері, дайын өнімге қойылатын талаптар.
415. Жұмыс үлгілері:
Престеу:
1) арматураның күрделі орналасқан және қисық қабырғалы түрлі-түсті өнімдер;
2) номенклатуралы каркас, 16 өрнекті белгілермен және 16 секциялы моноблоктар, 3,0 кг салмақты арматуралы шкифтар.
75. Қаңылтыр материалдарын престеуші
Параграф 1. Қаңылтыр материалдарын престеуші, 2-разряд
416. Жұмыс сипаттамасы:
Жинау коэффициенті бойынша белгіленген қалыңдықтағы қаңылтырларды престеу үшін пакеттер жинау. Жиналған пакеттерді әкелу. Жиналған пакеттерді төсейтін тақта арасына төсеу. Бекітілген қаңылтыр материалдарын пресстеу режимін бақылау. Престелген қаңылтырларды тиеу.
417. Білуі тиіс:
қызмет көрсетеліп жатқан жабдықтың жұмыс мақсаты, көтеру-тасымал механизмдерін пайдалану ережесі, дайын өнімге қойылатын талаптарды.
Параграф 2. Қаңылтыр материалдарын престеуші, 3-разряд
418. Жұмыс сипаттамасы:
Төменгі қысымды қабатты престерде гетинакс, лигнофолядан жасалған қаңылтырларды престеу. Престі, материалдарды дайындау. Престеу барысында пресстің плиталарының жылыту және салқындатуын реттеу. Прес механизмдеріне күтім жасау.
419. Білуі тиіс:
престеліп жатқан қаңылтырлардың номенклатурасына байланысты престеудің технологиялы режимі, престеліп жатқан материалдардың құрамы, пакеттерді жинау ережесі, қызмет көрсетіліп жатқан престің құрылымы, плиталарды жылыту және суыту ережесі, коммуникацияның орналасуы, вентиль мен клапандардың белгіленуі.
Параграф 3. Қаңылтыр материалдарын престеуші, 4-разряд
420. Жұмыс сипаттамасы:
Қабатты гидравликалы пресстерде виниплас, винипроз, армирланған виниплас, сополимер СНП-20 қаңылтырын, арнайы рецепті пластикатты престеу, төменгі қысымды қабатты престерде текстолит, шынытекстолит және асботекстолит қаңылтырын біліктілігі жоғары пресстеушінің басшылығымен немесе өз бетімен қабатты гидравликалы пресстерде декоративті поливинихлоридтті плитканың әзірлемелерін престеу. Разряді жоғары престеушімен бірге пленкаларды және қаңылтырларды пакетке жинау. Ысытып жылытатын пластиналарды, перфорирлі қаңылтырларды еріткішпен майсыздандыру. Ысытып жылытатын пластиналарды спиртпен жуу. Нығайтқыштарды түсімен таңдау және үгітетін станокта декоративті плитканы дайындауға жіберілетін үгіндіні ұсату. Формалайтын үстелде плитканың, негіздің, төсемшенің және нығайтқыштарды әзірлемесін жинақтау. Формалайтын плитаға оларды салу. Престі, көтеру-тиеу жабдықтарды жұмысқа дайындау. Тиелген формалы плиталарды немесе жиналған пакеттерді преске салу. Престі жұмысқа қосу. Жоғары және төмен қысымды носостарда қызмет көрсету. Өнімдерді престен түсіру, плиталарды ажырату. Престелген өнімдерді түсіру.
421. Білуі тиіс:
пресстеудің технологиялы режимі, престеліп жатқан өнімдердің құрамы және құрылысы, престеліп жатқан өнімдерді өңдеу үшін қолданылатын компоненттердің құрамы, көтеру-тасымалдау жабдығын эксплуатациялау ережесі, әртүрлі конструкциялы қабатты пресстердің құрылымы, жоғары және төмен қысымды насостарда қызмет көрсету ережесі, пленканы пакеттерге жинау ережесі, плитканың әзірлемесін формалау ережесі, майсыздандыратын материалдардың құрамы, бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі және қолданылу ережесі, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар.
Параграф 4. Қаңылтыр материалдарын престеуші, 5-разряд
422. Жұмыс сипаттамасы:
Әртүрлі конструкциялы қабатты престерде виниплас, винипроза, армирланған винипласты, текстолиттің арнайы рецептурасының пластикатын, шынытекстолоит, асботекстолоит қағазын престеу процессін басқару. Берілген ассортиментке байланысты престеу режимін таңдау. Төсейтін плиталардың суыту және жылыту процессін реттеу. Өлшейтің құралдардың көрсеткіштері бойынша престеу режимін бақылау. Престелген қаңылтырларды (плита) өлшеу және қарау. Бағыныңқы жұмыскерлерге басшылық жасау. Престің жөңдеу жұмыстарына қатысу.
423. Білуі тиіс:
әртүрлі материалдарды престеудің технологиялы режимі, әртүрлі конструкциялы қабатты пресстердің құрылымы, пресстеліп жатқан материалдың құрамы, дайын өнімге техникалы талаптар.
Параграф 5. Қаңылтыр материалдарын престеуші, 6-разряд
424. Жұмыс сипаттамасы:
20-этажды прессте 3150х1750 мм размерлі плитамен және 5000 тонна күшейткішпен бағдарламалы басқарумен әртүрлі массалы қағаз материалдарын престеу технологиялы процессін жүргізу. Материалды тиеу және алу автоматтандырылған жүйесін басқару. Престеудің режимін алынған қаңылтырдың саны және сапасына байланысты пресстеу. Технологиялы режимнің барысына байланысты престеудің режимін реттеу. Плитаны суыту және жылыту режимін реттеу. Электрнды бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялы процессті бақылау және өзгерту. Престелген плиталарды алдын-ала қарау. Престе қызмет көрсететін бригадаға басшылық жасау. Престі жөңдеу жұмыстарына қатысу.
425. Білуі тиіс:
әртүрлі қаңылтырлы материалдарды престеу технологиялық режимі, жабдық құрылғылары мен жұмыс принциптері, бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі және қолданылу ережесі пресстеліп жатқан материалдардың құрамы, дайын өнімге техникалы талаптар.
76. Пленкалы материалды пресс-рулон тәсілімен престеуші
Параграф 1. Пленкалы материалды пресс-рулон
тәсілімен престеуші, 5-разряд
426. Жұмыс сипаттамасы:
Біліктілігі жоғары аппатаршының басшылығымен көпқабатты материалдарды пресс-рулонды тәсілмен өңдеу технологиялы процессіне кіріспе. Алғашқы материалдарды пресстеуге дайындау. Технологиялы процесстерді автоматика, бақылау-өлшеу құралдары және талдаудың нәтижесі бойынша бақылау және реттеу. Процесті және жабдақты реттеу және жөңдеу.
427. Білуі тиіс:
технологиялы процесстер, агрегатта қызмет көрсету регламентін және сызбасын, престі жүргізудің оңтайлы режимдерін анықтау тәсілі, шикізаттың, жартылайфаврикаттардың және дайын өнімнің физико-химиялы және технологиялы құрамы, көпқабатты пленкалы материалдарға қойылатын талаптарды.
Параграф 2. Пленкалы материалды пресс-рулон
тәсілімен престеуші, 6-разряд
428. Жұмыс сипаттамасы:
Біліктілігі төмен аппаратшыларды басқару және рулонды пресстеу технологиялы процессінің барлық жұмыс сатысын үйлестіру. Пленка материалдарының барлық түрін пресс-рулонды тәсілмен шығару. Технологиялы процессті автоматика құралдары, бақылау-өлшеу құрылғылары және талдаудың нәтижесі бойынша бақылау және реттеу.
429. Білуі тиіс:
технологиялы процессті, агрегатта қызмет көрсету регламентін және сызбасын, процессті жүргізудің оңтайлы режимін анықтау тәсілі, шикізаттың, жартылайфаврикаттардың және дайын өнімнің физико-химиялы және технологиялы құрамы, жабдықтың, автоматика құралдарының және бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы, көпқабатты пленкалы материалдарға қойылатын талаптарды.
77. Түтікті және сұлбаларды престеуші
Параграф 1. Түтікті және сұлбаларды пресстеуші, 3-разряд
430. Жұмыс сипаттамасы:
Біліктілігі жоғары пресстеушінің басшылығымен түтікті және сұлбаларды штранг-престерде престеу. Жабдықтың, коммуникацияның, бақылау-өлшеу жабдықтарының, құрылғылардың, құралдардың жағдайын тексеру. Қалпақшаны өнімге қажет өлшемді штранг-престе іріктеу және қондыру. Материалды цилиндрдің қабырғаларын, қалпақшасын және өзекшесін жылыту. Свальцталған массаны цилиндрдың материалы бөлігіне тиеу. Майлы насосты қосу. Престеу режимін (температур, қысым, пресс-формадан өнімнің шығу жылдамдығы) бақылау және реттеу. Престеу режимін бақылау және реттеу. Біркелкі қалың қабырғалы өнімді алу мақсатымен қалпақшаның өзекшесін орталықтандыру. Белгіленген өлшемге дейін түтіктерді кесу және оларды тегістеу үстеліне кептіру үшін салу. Циркулды арада кесу. Дайын өнімдерді өлшеу және салу.
431. Білуі тиіс:
престеу технологиялы режимі және оны реттеу, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты, коммуникацияны, бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы және жұмыс мақсаты, қолданылып жатқан шикізаттың құрамы және престеу құбырлары мен профильдерге қойылатын талаптарды.
Параграф 2. Түтікті және сұлбаларды пресстеуші, 4-разряд
432. Жұмыс сипаттамасы:
Түтік пен сұлбаларды штанг-пресстерде престеу. Жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдарының, құрылғылардың, құралдардың жағдайын тексеру. Технологиялық процесс параметрлерін бақылау және реттеу. Қалпақшаның өзекшесін орталықтандыру. Дайын өнімнің сапасын сыртқы пішіні және өлшейтін құралдармен анықтау. Технологиялық журналға жазу.
433. Білуі тиіс:
пресстеудің технологиялы режимі және оны реттеу, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты, коммуникацияны, бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы және жұмыс мақсаты, қолданылып жатқан шикізаттың құрамы және оларға қойылатын талаптар.
78. Мақталы целлюлозаны және целлулоид қалдықтарын престеуші
Параграф 1. Мақталы целлюлозаны және целлулоид
қалдықтарын престеуші, 3-разряд
434. Жұмыс сипаттамасы:
Мақталы целлюлозаны және целлулоидты қалдықтарды брикетирлы пресстерде пресстеу. Шикізатты немесе қалдықтарды пресстеуге алдын-ала дайындау. Жабдықты жұмысқа дайындау. Материалды пресске тиеу. Пресстеу процессін қадағалау. Бақылау-өлшеу құрылығыларының және пресстеліп жатқан өнімнің сыртқы пішініне қарап процессті реттеу өлшеу, орау және таңбалау. Берілген форма бойынша есеп жүргізу.
435. Білуі тиіс:
пресстеудің технологиялы режимі, материалды пресске тиеудің ережесі, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмыс қағидасы, алынатын шикізатқа және пресстеу сапасына қойылатын талаптарды.
79. Целлулоидты өнімдерді престеуші-үрлеуші, 3-разряд
436. Жұмыс сипаттамасы:
Целлулоид әзірлемесін жұмыс орнына әкелу. Пресс-форманы ысыту. Пресс-формаға сабынды ертіндіні жағу. Жылыту және жиектерге ацетонды жағу. Әзірлемені пресс-формаға салу. Әзірлемелердің арасына емзік мен айырды қою. Прессті индикатор бойынша белгіленген тетікке дейін қабыстыру. Үрлеу процессін жүргізу және реттеу. Булы-ауалы ертіндіні әкелу, пресс- форманы толық қабыстыру, ұстап тұру, суыту, булыауалы ертіндіні шығару. Өнімді алу. Пресс-формаларды және әзірлемелерді келесі престеуге дайындау. Өнделген өнімнің сапасын көзбен анықтау. Булы өнімдердің жапсырма орындарын кесу. Өнімдерді тароға жинау.
437. Білуі тиіс:
үрлеу режимі және оларды реттеу ережесі, целлулоидтты параққа қойылатын техникалы талаптар, әзірлемелді дайындау тәртібі және ережесі, дайын өнімдердің техникалы талаптары, дайын өнімнің сапасын анықтау тәсілі, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар.
80. Органикалық шынының түйіршігін дайындаушы
Параграф 1. Органикалық шынының түйіршігін дайындаушы, 2-разряд
438. Жұмыс сипаттамасы:
Органикалық шынының қалдықтарын түсі және маркасы бойынша іріктеу. Оларды кіші форматтарға аралау. Тазалығын тексеру және бөгде бөлшектерді жою, қалдықтарды түйіршік дайындайтын станокқа тиеу, илеу және термоөңдеу. Түйіршіктерді тазалау, өлшеу және таңбалау, мәліметтерді журналға жазу.
439. Білуі тиіс:
түйіршікті дайындау процесі,
жабдықтың құрылымы және жұмыс мақсаты.
Параграф 2. Органикалық шынының түйіршігін дайындаушы, 3-разряд
440. Жұмыс сипаттамасы:
Органикалық шыныдан түйіршікті дайындаумен қоса өзбетімен түйіршіктердің молекулярлы салмағын анықтау және ерітуге сынамаларды іріктеу, өндіріс журналына мәліметтерді жазу. Шикізатты және дайын өнімді есептеу. Органикалық шыныны үгітуге арналған станоктарды, термошкафтарды, циркульді және ленталы араларды, илеуіштерді, сыдыратын дискте қызмет көрсету. Технологиялық журналға жазу.
441. Білуі тиіс:
жарманы дайындау процесі, оргшынның құрамы, жарманы дайындау сапасына қойылатын талаптар, станоктың немесе басқада оргшынны үгітуге арналған жабдықтың құрылымы.
81. Пленканы илемдеуші
Параграф 1. Пленканы илемдеуші, 3-разряд
442. Жұмыс сипаттамасы:
Дәл илемдейтің станоктарда қалыңдығы 0,006 мм фотопласттан жасалған пленканы илемдеу. Илемдейтің станоктарды дайындау-двигательді механизмдердің дұрыстығын, біліктердің тетіктерін жөңдеу және белгіленген үлкендікке керетін құрылғыны жөнге келтіру. Жабдықтар мен құрылғыны дайындау. Пленканы станокка әкелу. Белгіленген температураға дейін станоктардың білігін жылыту. Станоктарды жұмысқа қосу, әзірлемені салу. Илемдеу және алынған пленканың қалыңдығның біркелкілігін бақылау. Пленканы илемдеудің сапасын көзбен анықтау. Дайын өнімді түсіру, қою және тапсыру. Станоктың механизмдерін майлау және тазарту. Өндіріс журналында жазба жасау.
443. Білуі тиіс:
станокты жұмысқа қосуға дайындау ережесі, пленкаға қойылатын техникалы талаптар, әртүрлі қалыңдықтағы пленканы илемдеу режимі, илемдеу режиміннің ережесі және тәсілі, пленканың қалыңдығының біркелкілігін қамтамасыз ету тәсілі, дайын өнімге техникалы талаптар.
Параграф 2. Пленканы илемдеуші, 4-разряд
444. Жұмыс сипаттамасы:
Дәл илемдейтің станоктарда қалыңдығы 0,006 мм фотопласттан жасалған пленканы илемдеу. Илемдейтің станоктарды дайындау-двигательді механизмдердің дұрыстығын, біліктердің тетіктерін жөңдеу және белгіленген үлкендікке керетін құрылғыны жөнге келтіру. Жабдық пен құрылғыны дайындау. Пленканы станокка әкелу. Белгіленген температураға дейін станоктардың білігін жылыту. Станоктарды жұмысқа қосу, әзірлемені салу. Илемдеу және алынған пленканың қалыңдығның біркелкілігін бақылау. Пленканы илемдеудің сапасын көзбен анықтау. Дайын өнімді түсіру, қою және тапсыру. Станоктың механизмдерін майлау және тазарту. Өндіріс журналында жазба жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |