Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 2,08 Mb.
бет5/11
Дата14.05.2018
өлшемі2,08 Mb.
#12615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




  1. Фторпласттан құбырлар әзірлеуші

Параграф 1. Фторпласттан құбырлар әзірлеуші, 4-разряд


190. Жұмыс сипаттамасы:

Неғұрлым жоғары білікті әзірлеушінің басқаруымен АТФ-100 моделінің жартылай автоматтандырылған агрегатында қалыптау әдісімен әр түрлі диаметрлі фторпласттан құбырлар дайындау. Сығымдау материалдарын дайындау.

Матрицаларды, оправаларды, дорна және басқа жабдықтарды, диірмендерді, тиейтін шұңқырларды және басқаларын дайындау. Диірменге прес - материалдарды тиеу (гидросорғыны қосу және тарту жылдамдығын реттеу). Престі жұмысқа дайындау. Шахталық пешті тиеуге дайындау - қосу, желдету. Престе құбырларды сығымдау процесін жүргізу-престелген құбырдың тарту жылдамдығы мен температурасын реттеу. Шахталық пешке престелген құбырларды тиеу жәнеқұбырларды термоөңдеу процесін жүргізу – пешті тиелген құбырлармен берілген температураға дейін қыздыру, пештегі жылу алмасуды ретеу, пешті суытуға ауыстыру. Кран- арқалықпен құбырларды пештен суыту камерасына ауыстыру. Суытылған құбырды жөнетуден алу. Құбырдың ұштарын домаладу және арнай жабдықта шөрке төсеу. Құбырларды герметикалыққа гидравликалық сынаулар. Дайын ыдыстарды өлшеу, маркалау және ыдысқа орау. Дайындалған құбыр партияларына техникалық құжаттаманы ресімдеу.

191. Білуі тиіс:

фторпласттан құбырлар дайындаудың технологиялық процесін, негізгі матеиалдар мен дайын өнімдерге техникалық талаптарды, агрегаттың барлық буындарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын, бақылау-өлшеу құралдары көрсеткіштері бойынша агрегатты басқару ережесін, көтеру- тасу құрал- жабдығымен жұмыс істеу ережесін, бастапқы материалдарға қойылатын талаптарды.

Параграф 2. Фторпласттан құбырлар әзірлеуші, 5-разряд


192. Жұмыс сипаттамасы:

АТФ-100 моделінің агрегатында төмен біліктілікті фторпласттан құбырларды әзірлеу жұмыстарына басшылық ету және үйлестіру. Материалдар мен қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтарды жұмысқа дайындау. Шахталық пешке престелген құбырларды тиеу және құбырларды термоөңдеу процесін жүргізу – пешті тиелген құбырлармен берілген температураға дейін қыздыру, пештегі жылу алмасуды ретеу, пешті суытуға ауыстыру. Кран- арқалықпен құбырларды пештен суыту камерасына ауыстыру. Суытылған құбырды жөнетуден алу. Құбырдың ұштарын домаладу және арнай жабдықта шөрке төсеу. Құбырларды герметикалыққа гидравликалық сынаулар. Дайын ыдыстарды өлшеу, маркалау және ыдысқа орау. Дайындалған құбыр партияларына техникалық құжаттаманы ресімдеу.

193. Білуі тиіс:

фторпласттан құбырлар дайындаудың технологиялық процесін, негізгі матеиалдар мен дайын өнімдерге техникалық талаптарды, агрегаттың барлық буындарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын, бақылау-өлшеу құралдары көрсеткіштері бойынша агрегатты басқару ережесін, көтеру- тасу құрал- жабдығымен жұмыс істеу ережесін, дайын өнімдердің сапасын анықтау тәсілдерін, бастапқы материалдарға қойылатын талаптарды.





  1. Қалыптарды әзірлеуші

Параграф 1. Қалыптарды әзірлеуші, 2-разряд


194. Жұмысқа сипаттама:

Қағазды силикатты шыныдан қағазынан қалыптарды дайындау. Силикатты шынылардың қағазы және дюральді спиртпен сүрту; жарыққа тексеру. Желімді қағазды кесу және стеаринирлау, силикатты шынының қағазды және дюральдің арасына төсемшелер төсеу. Қалыптарды струбциндармен қысу және шыныны қағазбен желімдеу. Желімденген қалыптады кептіретін камераларда кептіру. Жартылайавтоматты канттаушылардың, кептіру шкафтарын, рольгангтарды кептіру.

195. Білуі тиіс:

силикатты шыныдан және қосалқы материалдардан қалып дайындаудың технологиялы процесінің негізі, қолданылып жатқан қағаздарды және резеңке түтіктердің калибры, қалыптарды белгілеу және оларға техникалы талапта, кептіру режимі және қалыптарды сақтау.

Параграф 2. Қалыптарды әзіреуші, 3-разряд
196. Жұмыс сипаттамасы:

Қағазды силикатты шыныдан қалыптар дайындау. Дайындалған қалыптарды санау және оларды құрау. Қалыптардың мөлшерін санау және құйылатын сиропты. Қалыптарды дайындауға бекітілген жабдықта қызмет көрсету.

197. Білуі тиіс:

силикатты шынының физико-химиялы құрамы, қалыптардың мөлшерін санау және құятын сироптың мөлшерін есептеу тәсілі, қалыптарды белгілеу және оларға қойылатын техникалық талаптар, көлік құралдарының белгілену мақсаты.

Параграф 3. Қалыптарды әзіреуші, 4-разряд
198. Жұмыс сипаттамасы:

Қағазды силикатты қалыптан қалыптар жасау процесін жүргізу. Жуатын машинадан түсетін силикатты қағазды өңдеу. Станокта төсейтін түтікті шор, әртүрлі жуандықтағы, қаттылығына және басқада сапа көрсеткіші бойынша біруақытта ақаулаққа тексеріп орау. Стеаринды желімдейтін қағазды кесу. Сүйек желімді-глицеринді желімді дайындау. Әртүрлі жуандықтағы, эллипсносылығына, қаттылығына бойынша ақаулап резеңке төсейтін түтікті іріктеу. Резеңке түтікті сүйек желіммен қаптау, резеңке төсемдерді түйістіру. Резеңке төсемдерді целлофан және стеаринирлі желімді қағазбен қапталған резеңке төсемдерді дайындау. Силикатты шынының үстін ілікпеге, сызатқа, кірге және бұзылушылыққа тексеру. Төсемдерді әзірлеу және төсеу. Төсейтін материады қадағалау. Жабдықтарға қызмет көрсету.

199. Білуі тиіс:

қалыптары қағазды силикатты шыныдан дайындау технологиялы процесін дайындау, фермдердің құрылымы және оларға техникалы талаптар, кептіру режимі және қалыптарды сақтау, силикатты шынының физикалық-химиялық қасиеттерін.

Параграф 4. Қалыптарды әзірлеуші, 5-разряд
200. Жұмыс сипаттамасы:

Қағазды силикатты шыныдан қалыптарды дайындау процесін жүргізумен қоса біліктілігі төмен қалыптарды дайындаушылардың жұмысын басқару. Эквидитанттылықты және шыныматирицаларды бақылау жабдығымен тексеру, ығысқан бұрышты тексеру және профильденген шыныматицалардағы «қиял ойындарын» тексеру. Өлшеуіштерге монометрлерді қабылдау, қоспаларды толтыру. Ілмектерді, инициаторларды монометрдің сапасына және өнімнің түріне байланысты іріктеу. Инициаторларды еріту процесін жүргізу. Полимерлі қоспаны дайындау технологиялы процесін жүргізу. Вакуумдау процесін жүргізу. Өнімнің түріне байланысты қалыптың санының есептеу. Жиынтықты іріктеу. Қалыпты толықтай калбрлеу және жетілдіру. Жинақтау, калбрлеу және құю бойынша жұмыстарды үйлестіру. Жабдықтарға қызмет көрсету.

201. Білуі тиіс:

силикатты шыныдан форма әзірлеу технологиялық процесін, шыныматрицаның эквиваленттілігін есепке ала отырып профильді формаларды калбирлеу тәсілдері, дайын өнімге мемлекеттік стандарттар және техникалық талаптар.

40. Пластмассалардан көркем бұйымдар әзірлеуші
Параграф 1. Пластмассалардан көркем бұйымдар әзірлеуші, 1-разряд
202. Жұмыс сипаттамасы:

Таспалық және дисктік арамен үлгілер бойынша дайындауларды тура сызықты кесу. Қарапайы дайындауларды тегістеу. Шеттерін тазарту, жоңқаларын ауамен үрлеу. Ойманы қолмен шаю, сүрту, кесу,

203. Білуі тиіс:

құрал- жабдықты күту ережесін, шеттерін тазарту ережесін, сызулар мен калибрларда дәлдік пен тазалық кластарын белгілеу.

Параграф 2. Пластмассалардан көркем бұйымдар әзірлеуші, 2-разряд
204. Жұмыс сипаттамасы:

Бөлшектердің қарапайым дайындауларын сызулар мен үлгілер бойынша белгілеу. Қарапайым тура сызықты үлгілерді дайындау, қарапайым дайындауларды фрезер станогында фрезерлеу. Орнында жеке бөлшектерлі қиыстырып келтірумен металл бөлшектерді бөлшектеу және қосу. Бөлшектердің сыртқы және ішкі цилиндр беттерін тегістеу.

205. Білуі тиіс:

қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтардың құрылысын, әр түрлі түйірлі абразивті материалдардың қасиеттерін, земпара түрлерін іріктеу ережесін, тегістеу шығыршықтарын, пасталарын, мастикаларды іріктеу ережесін.

Параграф 3. Пластмассалардан көркем бұйымдар әзірлеуші, 3-разряд
206. Жұмыс сипаттамасы:

Тура сызықты беті дар немесе шығыңқы және терең жерлерімен бір қалыпта өтетін, контурды дербес сызуымен және белгілеуімен сәндік-қолөнердің көркем бұйымдарын, столға қоятын тұрмыстық мүсін мен күрделі еме формалы сувенирлерді суреттер мен эскиздер бойынша дайындау.

Полимерленген шкафтарды және ванналарды жұмысқа дайындау. Сыртқы және ішкі модалы және қисық сызықты беттерді өңдеу. Пасталардың және мастикалардың құрастыру мен дайындау, компоненттерді есептеу. Формаларды компоненттермен толтыру. Формаларды құю кезінде балқу температурасын реттеу. Бұйымдарды алу. Раковиналар мен сынықтарды арнайы массамен дайындау. Арнайы жабдықтарды қолданумен бөлшектердің серіппесін қалыптау, штамптау, ширатып орау. Электр пеште қыздыру арқылы сфералық бетімен бөлшектерді жинау. Кішкене теріні дөңгелету және жапсырманы киіз, ағаш және былғары шеңберлерге жабыстыру.

207. Білуі тиіс:

әр түрлі тегістеу станоктардың құрылысын, тегістеу материалдарының негізгі қасиеттерін, қолданылатын компоненттердің технологиялық қасиеттерін, жабыстыратын материалдарды дайындау технологиясын, күрделі конфигурациялы бұйымдарды қалыптау әдістерін, балқыманы қалыптарға құю ережесін, қалыптарды жинау және құю ережесін, доғалардың, хорда, шеңберлердің мөлшерін анытау үшін күрделі емес есептеулер тәсілдерін.

208. Жұмыс мысалдары:

Дайындау:


  1. гүлге арналған кашпо, столға қоятын тұрмыстық мүсін:

  2. жануарлардың мүсіндері, құмыралар, күрделі емес қалыптағы күл сауыттар.

Парапраф 4. Пластмассалардан көркем бұйымдар әзірлеуші, 4-разряд


209. Жұмыс сипаттамасы:

Өсімдік және геометтриялық оюлардың суреті бойынша сән өнерінің көркем бұйымдарының эскиздері, столға қоятын- тұрмыстық және бақтық мүсін және оюланған мүсіннің эскиздері бойынша конфигурацияс жағынан күрделі бөлшектерді дайындау.

210. Білуі тиіс:

көркем бұйымдарды дайындау тәсілдерін, құрал-жабдықтардың құрылысын, компоненттерді есептеу әдістемесін, қолданылатын желімдердің түрлерін, дайны бұйымдарға техникалық талаптарды, геометриялық қисықтар салу мен сызуларды сызуудың тәсілдерін, әр түрлі жабдықтардың құрылымдарын, құю жүйесін, құюға мүмкіндіктерді.

211. Жұмыс мысалдары:

Дайындау:



  1. «Сусар» секілді жұқа жасалған жабындарсыз жалпыланған қалыптардың анималистік мүсіні;

  2. «Шағала» секілді сәндік құралдар;

  3. «Жалын-құс», «Құр» секілді 2-3 түсті сувенирлер.

Параграф 5. Пластмассалардан көркем бұйымдар әзірлеуші, 5-разряд


212. Жұмыс сипаттамасы:

Авторлық даналар бойынша әр түрлі ендірмелермен безендірілген, күрделі композициялық және түстік шешімдегі сәндік- қолөнер көркем бұйымдарын әзірлеу. Суретшінің суреттері мен эскиздері бойынша полимерлеу әдісімен көркем бұйымдарды әзірлеу бойынша жұмыстар кешенін орындау. Полимерлеу процесін жүргізу. Қалыптарға сұйық шайырларды толтыру. Күрделі қалыптардағы сұйық шайырлардан бұйымдарды құйып алу. Пуансон мен матрицаның көмегімен сфераялық беттердің бұйымдары мен бөлшектерін тарту. Сфераялық беттерді және тігістерді қисық сызықты контурларымен оларды бітеумен, өңдеумен, құрастырумен және тегістеумен желімдеп жапсыру.

213. Білуі тиіс:

күрделі композициялық және түстік шешімді сәндік- қолөнер көркем бұйымдарын дайындаудың технологиялық процесін, полимерлеу технологияларын, маннасы құрау, массаға май пигменттері мен бояғыштаплы енгізу тәртібін, қалыптарды жинау және бөлшектеу ережесін, құю жүйесін, құюға мүмкіндіктерді, дайын бұйымдарға қойылатын талаптарды.

214. Жұмыс мысалдары:

Дайындау:



  1. Өңделген жабындарымен күрт қозғалыстармен анималистік мүсін;

  2. Жіңішке дайындалған фактурасымен, бетінің тән белгілерімен портреттік және сәндік мүсіндер;

  3. Сәндік, металмен пластмассамен безендірілген құмыралар дайындау;

  4. Күрделі композициялық және түстік шешімді сәндік - қолөнер көркем бұйымдары және сувенирлер, безендірілген.

Параграф 6. Пластмассалардан көркем бұйымдар әзірлеуші, 6-разряд


215. Жұмыс сипаттамасы:

Суретшінің нобайлары бойынша өте күрделі композициялық және түстік шешімді көрмелік және бірегей сәндік - қолөнер көркем бұйымдары мен туындыларын дайындау. Масса рецептурасын есептеу. Қалыптарды таңдау. Полимерлеу циклдері мен режимін есептеу. Полимерлеу процесін жүргізу. Туындыларды құрастыру және жинақтау.

216. Білуі тиіс:


  1. көрмелік және бірегей сәндік - қолөнер көркем бұйымдары мен туындыларын дайындаудың технологиялық процесін, рецептураларды есептеу әдістеполиемоелу циклдері мен қалыптарын, туындыларды жинау және құрастыру әдімтемесін.

  1. Кәсіби орта білім қажет.

  2. Жұмыс мысалдары:

Дайындау:

  1. Өңделген бөлшектерімен кеуделер және мүсіндер;

  2. Мүсін өнерінің бірегей және көрмелік көркем бұйымдарды, авторлы эскиз негізіндегі мүсін.



  1. Целлулоидты шығыршықтар әзірлеуші

Параграф 1. Целлулоидты шығыршықтар әзірлеуші, 1-разряд


219. Жұмыс сипаттамасы:

Лентаны жақындату және қыздыру. Құралдың көмегімен таспаны серіппеге ширап орау. Тапсаны арнайы жабдықта шығышықтарға кесу.

220. Білуі тиіс:

шығыршыққа техникалық талаптарды, шығыршықтар дайындау тәсілдерін.

Параграф 2. Целлулоидты шығыршықтар әзірлеуші, 2-разряд
221. Жұмыс сипаттамасы:

Жұмсартылған тспаны матрица арқылы тарту және оны барабанда бекіту. Барабанды салқын суда орамдармен суыту. Орамды барабаннан алу. Оны ыдысқа салу.

222. Білуі тиіс:

целлулоидтан шығыршықтар дайындау тәсілдерін, таспаны қыздыру режимін, орау станокқа қызмет көрсету ережесі мен құрылысын.





  1. Пластикалық массалардан құбырларды калибрлеуші

Параграф 1. Пластикалық массалардан

құбырларды калибрлеушы, 2-разряд
223. Жұмыс сипаттамасы:

Құбырларлы пластмассалардан калибрлау фильерлері арқылы белгіленген мөлшерге жеткізу мақсатымен арнайы қондырғыда тарту. Құбырларды калиьрлау фильерлеріне жақындату, диаметрлерімен іріктеу. Құбырларды сапасы жағынан мемлекеттік стандартқа сәйкес келтіру. Сыртқы түрі бойынша құбырларды көзбен бақылау. Дайын құбырларды бухталарға байлау. Өлшеу және қоймаға тапсыру.

224. Білуі тиіс:

калибрлеу құбырларына арналған қондырғының құрылысын және оларды пайдалану ережесін, дайын құбырларға техникалық шарттарды, негізгі шикізаттың физикалық - химиялық қасиеттерін, өлшек құралын пайдалану ережесін және дайындалған құбырлардың сапасын тексеру тәсілдерін, пластамасс түтіктеріне қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.

Параграф 2. Пластикалық массалардан

құбырларды калибрлеуші, 3-разряд


225. Жұмыс сипаттамасы:

Фторпласттан құбырларды калибрлеу. Құбырларды сапасы жағынан мемлекеттік стандартқа сәйкес келтіру. Сыртқы түрі бойынша құбырларды көзбен және өлшеу құралымен бақылау. Дайын құбырларды бухталарға байлау. Өлшеу және қоймаға тапсыру. Тапсырылған өнім есебін жүргізу.

226. Білуі тиіс:

калибрлеу құбырларына арналған қондырғының құрылысын және оларды пайдалану ережесін, дайын құбырларға техникалық шарттарды, негізгі шикізаттың қасиеттерін, өлшеу құралын пайдалану ережесін және дайындалған құбырлардың сапасын тексеру тәсілдерін, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.





  1. Қалыптарды калибрлеуші

Параграф 1. Қалыптарды калибрлеуші, 3-разряд


227. Жұмыс сипаттамасы:

Берілген полимердің номиналға сәйкес калибрлерді іріктеу және дайындау. Қалыптарды құйылмаған полимерлі қоспамен калибрлеу. Контейнерлер бойынша қалыптарды мөлшерлеуішке жақындату.

228. Білуі тиіс:

құйылмаған қалыптарды калибрлеу ережесі, силикатты шынының физико-механикалы құрамы, калибрлі формаларға қойылатын талапарды.

Параграф 2. Қалыптарды калибрлеуші, 4-разряд
229. Жұмыс сипаттамасы:

Полимерлі қоспа құйылған формаларды калибрдың көмегімен қалыптағы полимерлі қоспаның әртүрліқалыңдығын толықтай жою арқылы калибрлеу. Полимердің белгіленген номиналына сәйкес калибрлерді іріктеу және дайындау. Дайын қабаттарды сөреге немесе кассеталарға салу.

230. Білуі тиіс:

құйылған формаларды калибрлеу ережесі және оларға техникалы талаптар, силикатты шынының физико-химиялы құрамы, өнімдерді калибрлеудің ережесі және оларға техникалы талаптар.





  1. Клишеші

Параграф 1. Клишеші, 2-разряд


231. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі жоғары клишешінің басшылығмен ағаш клишелерді дайындау бойынша бөлек операцияларды орындау. Клишешінің тақтайшасын таңдау және дайындау. Мүсіндерді дайындау және қарапайым өрнектеу. Клишелерді тазарту.

232. Білуі тиіс:

линолеумді басу үшін клишені дайындау негізгі технологиясы, қажетті құралдарды таңдау, клишені және мүсінді дайындау үшін қолданылатын материалдар.

Параграф 2. Клишеші, 3-разряд
233. Жұмыс сипаттамасы:

Клише дайындау бойынша барлық операцияларды орындау. Клишенің тақтайшаларын өз еркімен таңдау және дайындау. Мүсіндерді дайындау және орташа күрделі өрнектерді ою. Клишені станокта және қолдан жөңдеу.

234. Білуі тиіс:

линолеумді басу үшін клишені дайындау технологиясы, техникалы талаптар және басылатын линолеумға мемлекетті талаптар, тегістеу жұмыстары.

Параграф 3. Клишеші, 4-разряд
235. Жұмыс сипаттамасы:

Есептеудің қарапайым функцияларымен қолдан басу үшін бір суретті оюды жасау. Суретті калькаға ауыстыру және калькадан клишенің тақтайшасына ауыстыру. Қолдан басу үшін толық суретті салу. Зұмпара таспен станокта үгіткішпен клишені түзету және қол баспасы үстелдерінде тықсыру. Клишенің ақауларын жою. Дайын клишені толықтай өндіру.

236. Білуі тиіс:

сызудың негіздері, бір суретті салу үшін есептеу тәсілдері.

Параграф 4. Клишеші, 5-разряд
237. Жұмыс сипаттамасы:

Линолеум төсемін машинада басу үшін және кілемді қолдан тоқу үшін ватманға саны 3-5 дейін түс таңдап өз еркімен ою өрнек-жасау. Арнайы кальканы дайындау. Түстің санына байланысты бөлек клише бойынша сурет салудың есептеу. Суретті болат стержен көмегімен түзу біркелкі ойып калькаға ауыстыру. Калькадан суретті тақтайшаға шыңдау. Негізгі клишені спирт ертіндісімен өңдеу. Ұзындығы бойынша және көлдеңен өлшемдері бойынша латунды немесе темір пішіндерді дайындау. Пішіндерді клише тақтайшасына суреттің оюына сәйкес өрнектеу. Оюдың дұрыс ойылғаның тексеру. Бұрыштарды және шойынды тіреулерді міндетті түрді бір өлшем және пішінді болуын қамтамасыз етіп қиыстырып келтіру. Клишені баспа машиналарында және қолдан басылатын станоктарға орнатуға қатысу. Біліктілігі төмен клишешілердің жұмысына басшылық жасау.

238. Білуі тиіс:

машиналы және қолдан басу үшін әртүрлі күрделіліктегі ою-өрнектерді дайындау технологиясы, клишені және фигураны дайындау рационалды тәсілдері, графика және көркем сурет негіздері, безендіру негізі, көп бояуулы басылым үшін клишеге қойылатын талаптар.





  1. Дыбыстау бойынша бақылаушы

Параграф 1. Дыбыстау бойынша бақылаушы, 4-разряд


239. Жұмыс сипаттамасы:

Жаңа баспаның түпнұсқасынан гримпластинаның дыбыстауын анықтау, дыбыстаудың ақауын анықтау. Эксцентриситетті, қалыңдықты, салмақты және гримпластиналардың өлшемін тексеру, заттаңбадағы нөмірлердің гримпластналардағы нөмірмен сәйкес келетінің анықтау. Матрицаның ақаулықтарын анықтау және олардың дыбыстауға әсерін. Матрицалардың пресстен шешу туралы қорытындыны тапсыру.

240. Білуі тиіс:

гримпластиналардың дыбыстық сапасын анықтау тәсілдері, гримпластиналарға мемелекеттік стандарттар.





  1. Полимерлі құрылыс материалдарының бақылаушысы

Параграф 1. Полимерлі құрылыс материалдарының

бақылаушысы, 3-разряд
241. Жұмыс сипаттамасы:

Басылым пленкасысыз линолеумнің және басқада полимерлі құрылыс материалдары түрінің сапасын тексеру және олардың Мемлекеттік стандарттарға сәйкес екнің анықтау. Орайтын, кесетін және көлік құралдарын, матеражды есептегішті, өлшейтін құралды және жабдықтарды жөңдеу және жұмысқа дайындау. Дайын өнімдерді желіден алу. Жиектерін кесуді реттеу. Өнімді көзбен шолып қарап шығу, ақаулы орындарын кесіп тастау, бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен дайын өнімнің өлшемін ара-арасынан таңдап өлшеу. Өнімді кесетін әртүрлі құраладардын көмегімен өлшем бойынша, мемлекеттік стандарттармен регламеттелген кесу түзулігін сақтап пішу. Тігінен жіне көлденен кесетін құрылғыда қызмет көрсету. Материалдарды таңбалау. Өңдеуді есеспке алу журналын жүргізу.

242. Білуі тиіс:

орайтын, көлікті, есептейтін және өлшйтін құралдар мен құрылғылардың конструкциясын және жөңдеу ережелерін, кесетін құралдың геометриясын және үштау ережесі, ақаулау және пішудің ережесі және тәсілі, кесуді сорттау, дайын өнімнің сыртқы пішініне байланысты мемлекеттік стандарттар бойынша қойылатын талаптар.

Параграф 2. Полимерлі құрылыс материалдарының

бақылаушысы, 4-разряд


243. Жұмыс сипаттамасы:

Линолеумнің баспа пленкасымен қабылдау және сапасын тексеру және оның мемелекеттік стандарттаға сәйкес екендігін анықтау. Басатын машинаны жөңдеу және жұмысқа дпйындау. Суреттің сапасын толықтай бағалау. Химиялық талдау үшін полимерлі құрылыс материал үлгілерін іріктеуге қатысу. Ақаулық топтамасымен жарамды және жарамсыз бұйымдар есебін жүргізу. Технологиялық процесс дұрыстығын бақылау.

244. Білуі тиіс:

басылым машинасының конструкциясы және жөңдеу ережелері, материалдар сапасын бағалау ережелерін.

Параграф 3. Полимерлі құрылыс материалдарының

бақылаушысы, 5-разряд


245. Жұмыс сипаттамасы:

Күрделі конфигурациялы резеңке, пластикалық бұйымдарды қабылдау және сапасын бақылау. Технологияқ процесс параметлерінің сақталуын тексеру. Пластикалық массадан жасалаған ұсақ бұйымдарды қабылдау және ұлғайтқыш әйнек пен микроскоп көмегі арқылы бақылау. Сынақ өткізуге қатысу (герметикалылыққа, беріктілікке және тағы басқа). Бұйымдардың геометриялық пішіндерінің және олардың өзара орналасуларының тексерісі. Ақаулықтар себептерін анықтау.

246. Білуі тиіс:

Күрделі конфигурациялы резеңке, пластикалық бұйымдарға қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарды, жабдықтар құрылғыларын, бұйымдарды қайта өңдеу мен өңдеудің технологиялық процесстерін, пластмасстың физикалық-химиялық қасиеттерін, бастапқы материалға тәуелді бұйымдар жарамсыздықтарының себептерін.

Аса күрделі конфигурациялы резеңке, пластикалық бұйымдарды қабылдау және сапасын бақылауда - 6- разряд



  1. Пластмассаларды құюшы

Параграф 1. Пластмассаларды құюшы, 2-разряд


247. Жұмыс сипаттамасы:

Қысыммен қарапайым өнімдерді және орташа күрделіліктегі бөлшектерді термопластавтоматтарында орташа күрделі пресс-формаларды пайдаланып құю, түсірілім белгісіз, қарапайым жинақталған қалыпты көркем өнімдерді құю. Пресс-формаларды орнату. Пресс-формалардың тығыз орналасқанын тексеру. Пресс-формаларды ауыстыру. Пресс-формаларды тазарту және майлау. Бұйымдар мен бөлшектерді ыдыстарына салу.

248. Білуі тиіс:

орташа күрделі өнімдерді түсірілім белгісісіз құю техногиясы, пресс-формаларды орнату және ауыстыру ережесі, құятын машиналардың құрылымы және жұмыс қағидалары, құйылымның режимін реттеу тәсілдері, өнімдерге қойылатын техникалы талаптар.

249. Жұмыс үлгілері:


  1. Кинопленканы айқындауға арналған бөшке, музыка құралдарының ұсақ және қарапайым бөлшектері (тетіктер, клавиштар және тағы басқа)- құю;

  2. Ойыншықтар (қоян, түлкі, аю және тағы басқа) және ойыншық бөлшектері, сабын сауыт және май сауыт, шәйнекке арналған тіреу, астынан тіреуге – құю және өңдеу;

  3. Әйнектен жасалған қақпақтар және бөшкеге арналған көлемі 35 и 50 л қақпақтарға - құю.

Параграф 2. Пластмассаларды құюшы, 3-разряд


250. Жұмыс сипаттамасы:

Қысыммен күрделі өнімдерді немесе пластмассадан бөлшектерді автоматты немесе жартылай автоматты әртүрлі құятын машиналарда күрделі пресс-формаларды пайдаланып құю, түсірілім белгісіз пресстелген арматурамен немесе арматурасыз құю, сонымен қоса қысыммен құятын машиналарда декоративті-қолданбалы көркем өнімдерді, бірнеше шебер өнделген бөлшектерді түсі жағынана суретшінің эскизіне немесе эталонға сәйкес келетін бірпішінді композициялы мүсіндерді құю. Автоматикаларды, қуат беретін мөлшерлейтін және қорғайтын құрылығыларды, пресс-формаларды, құрылығыларды және құралдарды икемдеу және жұмысқа дайындау. Пресс-формаларды құру. Пресс-формалардыі тығыз орналасқанын тексеру. Майлау. Өнімнің немесе бөлшектін түріне байланысты құюдын режимін реттеу. Машинаның жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Құюдын сапасын көзбен анықтау. Бұйымдар мен бөлшектерді ыдыстарына қою.


жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау