139. Жұмыс сипаттамасы:
Полистеролдан және басқада көбіктентін материалдан пресс-формада өнімдерді дайындау. Көбіктенетін материалдарды дайындау (түйіршектерді илеу, оларды бояу, алдын-ала көпірту, кептіру, мөлшерлеп бөлу). Пресс-форманы көпіртуге дайындау, пресс-форманы ысыту. Алдын ала бумен көбіктендірілген гранулалар мен пресс-формаларын салу және бұйымдарды дайындау. Үзіндінің температурасы мен уақытын байқау мен бақылау. Пресс-формаларын жіктеу. Дайын бұйымдарды пресс-формадан шешу.
140. Білуі тиіс:
көбіктендіру тәртібін бақылау әдістері, дайын бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар, материалдарды пресс-формаға салу әдістері мен даыйн бұйымдарды шешіп алу, көбіктендірілген материалдардың химиялық құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттерін, дайын өнімдерге қойылатын технкалық талаптар.
141. Жұмыс мысалдары:
Дайындау:
жылу оқшаулағыш блоктар;
жүзу тақтайлары;
жүзу қабілеті көлемі;
қалқалар;
құтқару белдемелері.
Параграф 2. Көбіктенетін материалдан бұйымдар жасаушы, 3-разряд
142. Жұмыс сипаттамасы:
Автоматты формалаушы машинадағы пресс-формаларда ыстық формалау әдісімен көбіктенетін материалдан өнімдерді жасау процесін жүргізу. Ыстық пресстеу әдісі арқылы блокты пеноплостиролдан декоративті дайындама бетін формалау технологиялық процесін жүргізу. Декорды дайындама үстіне декорациялаушы қыздырылған плита көмегімен түсіру. Сапа бақылауы, сұрыптама, дайын өнімді орау. Декорге сәйкес орамаларды маркирлеу.
143. Білуі тиіс:
көбіктенетін материалдан өнім даярлау технологиясын, декорды дайындама үстіне жағу технологиясын, формалаушы машина құрылғылары мен жұмыс принциптерін, дайын өнім сапасына қойылатын техникалық талаптарды, дайын өнімдерді орау мен сұрыптау ережелерін.
144. Жұмыс мысалдары:
Дайындау:
Пенополистиролдан жасалатын декоративті бұйымдар;
Пенополистиролдан жасалатын декоративті плиталар.
Органикалық шыныдан бұйымдар жасаушы
Параграф 1. Органикалық шыныдан бұйымдар жасаушы, 4-разряд
145. Жұмыс сипаттамасы:
Пресс-формада ауаны қысу әдісі арқылы органикалық шыныдан орта күрделіліктегі және күрделі конфигурациялы бұйымдарды әзірлеу. Электрпеште органикалық шыныдан дайындамаларды қыздыру. Абразивті құрал-сайманды қолдану арқылы кесінділерді тазарту, пресстеу. Бұйым үсті механикалық ақаулықтарды жою. Органикалық шыныдан бұйымдарды станокта немесе қолмен істеу арқылы жылтырату.
146. Білуі тиіс:
престің, электрпешінің, станок пен басқа да жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принциптерін, компрессорлы қондырғының тағайындылығын, органикалық шынының физикалық-химиялық қасиеттерін.
Қарапайым конфигурациялы органикалық шыныдан жасалған бұйымдарды пресстеу мен жылтыратуда немесе тек жылтырату жұмысын жасауда - 3-разряд.
Фторпластан бұйымдар әзірлеуші
Параграф 1. Фторпластан бұйымдар әзірлеуші, 3-разряд
147. Жұмыс сипаттамасы:
Термошкафтардағы экстрагирлеу майлауынан кейін фторпласт таспасын кептіру. Термоөңдеуден кейін фторпласт бұйымдарын тазалау, айналасы мен жанын жиектеу. Асбест материалын пішу, фторпласт суспензиясын сіңдіру.
148. Білуі тиіс:
жабдық жұмыс принципін, фторпласт таспасының, фторпласт бұйымдарының негізгі қасиеттерін.
Параграф 2. Фторпласттан бұйымдар әзірлеуші, 4-разряд
149. Жұмыс сипаттамасы:
Фторпласт таспасын орау және гидростатикалық престеу әдісі арқылы фторпласттан қарапайым конфигурациялы бұйымдарды әзірлеу. Гидравликалық престерде престеу арқылы бұйымдарды әзірлеу. Экстарзионды машиналарда кескінделген термо-өңделмеген бұйымдарды әзірлеу, бұйымдарды майлау. Шауып түсіру престерінде фторпласттан бұйымдарды кесу.
Өңдеуге фторпластарды дайындау:
бұйымға сай партия бойынша ұнтақ таңдап жинақтау, арнайы бұйым түрлеріне қоспа әзірлеу (күдіргі, труба, түтік, тағы басқа). Арнайы агрегатта фторпласт таспасын кептіру. Түрлі өңдеудегі фторпласттарды, оның қалдықтарын, композицияларын пластмасты роторлы ұсақтағыштарды ұсату. Жабдық ақаулықтарын жою. Қалдықтарды қайта өңдеуге дайындау.
150. Білуі тиіс:
прес, агрегат, экструзионды машиналардың жұмыс принципін, бақылау-өлшеу аспаптарының тағайындылығын, фторпласттарды басу арқылы өңдеудің ерекшеліктерін, органикалық химия негіздерін.
Параграф 3. Фторпласттан бұйымдар әзірлеуші, 5-разряд
151. Жұмыс сипаттамасы:
Құю машиналарында фторпластан, плунжерлі экструзия әдісі арқылы гидравликалық пресстердің көпорынды пресс-формалардағы фторпластты композициялардан қарапайым бұйымдарды әзірлеу. Фторпласт таспасын орау және гидростатикалық пресстеу әдісі арқылы фторпласттан күрделі бұйымдарды ыстық және суық қалыптау негізінде әзірлеу.
Жаншып үгіткіштерде фторпласт пластиналарын жаншып қақтау. Қалдықтарды роторлы ұсақтағыштарда және жіңішке ұнтақтау диірмендерінде қайта өңдеу. Қоспалауыш қондырғыларында фторпласт пленкасы үшін фторпласт композициялары мен қоспаларын даярлау. Экструзионды машинада қоспалардан күйдіргі дайындау. Қосбілікшелі илемді станокта күйдіргіден фторпласт таспасын дайындау. Фторпласт таспасынан вазелин майының экстрагирленуі, перхлорэтиленнің қалпына келуі. Таспаны қайта орау машинасында қайта орау. Қарапайым бұйымдарды блокка пресс-формаларда және пакеттерде дайындау. Стационарлы пресс-формаларды орнату және қондыру. Диаметрі 400 мм дейінгі түрлі бұйымдар мен бөлшектерді жиектеу.
152. Білуі тиіс:
жабдық құрылғылары мен реттеу ережелерін, бақылау-өлшеу аспаптарының тағайындылығын, фторпласт қасиеттері мен оларды өңдеу ерекшеліктерін, шикізатқа қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын, органикалық химия негіздерін.
Параграф 4. Фторпласттан бұйымдар әзірлеуші, 6-разряд
153. Жұмыс сипаттамасы:
Үрлеуіш агрегатта, микропроцессормен жабдықталған құю машиналарында фторпласт бұйымдарын әзірлеу. Плунжерлі экструзия әдісі арқылы жоғары дәлдікті бұйымдарды әзірлеу. Гидростатикалық пресстеу арқылы металликалық арматурасы бар көпқабатты бұйымдарды әзірлеу. Кесу машиналарында фторпласт таспасын кесу. Істеліп аяқталған перхлорэтиленді айдау. Ыстық қалыптау үшін қалыпты орнату мен жөңдеу. Кең, ауқымды бұйымдар (диаметрі 400 мм аса) мен күрделі конфигурациялы бұйымдарды жиектеу. Суыту жүйесімен жабдықталған қоспалауышта фторпласт композицияларын әзірлеу. Активация қондырғысында фторпласт композициясының таспасын разряд арқылы өңдеу. Жіңішке ұсақтау қондырғысында фторпласттан ұнтақ даярлау. Компьютерді қолдана пештерде термоөңдеу режимін жүргізу.
154. Білуі тиіс:
жабдық құрылғысы мен кинематикалық сызбасын, фторпластты қайтаөңдеу әдістерін, пластмасс бөлшектерді өңдеу параметрлері жөнінде негізгі мәліметтерді, сызбаларды оқу ережелерін, бйорганикалық химия негіздерін, шикізатқа қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
Параграф 5. Фторпласттан бұйымдар әзірлеуші, 7-разряд
155. Жұмыс сипаттамасы:
Жұмысқа тиімді жағдай туғызу мақсатында, фторпластан бұйым дайындау процесін реттеу мен жабдықтарды жөңдеу. Көзбен шолу арқылы өнім даярлығын анықтау. Фторпласт бұйымдарын даярлау технологиялық процесін одан әрі жетілдіру. Бұйымдардың жаңа түрлерін жасау технологиялық процесс ерекшеліктерін технологиялық журналға белгілеп отыру және зерттеу. Шикізат шығыны мен дайын өнім шығарылымын есепке алу. Тәжірибелі өндіріс қондырғысының монтажы мен демонтажына қатысу.
156. Білуі тиіс:
жабдықтардың конструктивті ерекшеліктерін, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматиканың жұмыс принциптерін, массаларды өңдеудің технологиялық ерекшеліктерін, қажетті көлемде органикалық химияны.
Орау әдісімен бұйымдарды әзірлеуші
Параграф 1. Орау әдісімен бұйымдарды әзірлеуші, 2-разряд
157. Жұмыс сипаттамасы:
Әр түрлі сіңдірілген материалдардан құбырлар мен турбоайналдыру машинасында цилиндрларын дайындау процессін жүргізу дайындық жұмыстарын атқару;
Машинаны дайындау және жұмысқа арналған қосымша бейімдеулер.
Айландыру процессін жүргізу:
машинаны бумен немесе білікше электр энергиясымен жылыту;
айналдырылатын материалдың тартылуын бақылау;
айналып тұрған білікшенің айналыс санын бақылау.
158. Білуі тиіс:
орау әдісінің негізгі кезеңдерін, орау машинасының құрылғылары мен жұмыс принциптерін, бам бен цилиндрлерді даярлауға қойылатын талаптар.
Параграф 2. Орау әдісімен бұйымдарды әзірлеуші, 3-разряд
159. Жұмыс сипаттамасы:
Әр түрлі сіңдірілген материалдардан турбоорауыш машинада орауыш әдісімен қышқыл берік және электрлік оқшаланған құбырларын дайындау. Машина мен қосымша бейімдеулерді жөнге келтіру. Орауыш процессін байқау.
160. Білуі тиіс:
турбоорауыш машинасының құрылымы және бақылау-өлшеу құралдарын, технологиялық процесстер негіздерін, негізгі және көмекші материалдардың физикалық - химиялық қасиеттерін, қызмет көрсетілетін механизмдерінің жөнге келтіру ережелері.
Параграф 3. Орау әдісімен бұйымдарды әзірлеуші, 4-разряд
161. Жұмыс сипаттамасы:
Турбоорауыш машинасында әр түрлі сіңдірілген материалдардан цилиндрлар дайындау. әр түрлі диаметрлі, әр түрлі артикулды сіңдірілген матадан үлгілі станокта мәтін құюшы төлкеге орау. Орау процессін байқау және температурасын, жылдамдыған, тартылымын, әдібін бақылау. Гидравликалық пресстарда оралған дайындамаларды престеу. Құралдар бойынша престеу процессін жүргізу. Кабестаннан бұйымдарды шешу. Құрал-жабдықтардың пресс-формасы қосылатын жерде төлке тігісі бойынша стаканды тазарту. Технологиялық журналдарын толтыру.
162. Білуі тиіс:
әр түрлі құрылымны машиналарда бұйымдардың барлық түрлерін орау, құрал-жабдықтар құрылысын және жұмыс істеу қағидасын, даярланған бұйымдарға қойылатын талаптары мен белгілулер, бастапқы материалдарға қойылатын талаптар.
Фторпласт таспасын әзірлеуші
Параграф 1. Фторпласт таспасын әзірлеуші, 2-разряд
163. Жұмыс сипаттамасы:
Жанышқышта дөңгелетіп кеңейту экструзиясы тәсілімен фторпласт таспасын дайындау барысында жеке операцияларын атқару. қоспаны дайындау, ұнтақты елеу. Оны вазелин майымен араластыру. Құрал-жабдықтарды таблеткалау мен экструзияға дайындау . Жанышқыштарға бауын жіберу. Жаю және таспаны алу. Таспаны кеспе машинасына жіберу. Оны бекітілген жолақтарға кесу.
164. Білуі тиіс:
таспаны дайындау барысында операциялардың жүйелігі мен құрал-жабдықтарды жөңдеу тәртібі, қоспаны дайындау барысында фторпласт ұнтағы мен вазелин майы компоненттерін есептеу, құрал-жабдықтардың құралымы – гидропресстердің, жанышқыштардың, кеспе машинасының және олардың жұмыс істеу қағидалары, дайын өнімге қойылған техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
Параграф 2. Фторпласт таспасын әзірлеуші, 3-разряд
165. Жұмыс сипаттамасы:
Жанышкышта дөңгелектеп кеңейту экструзия тәсілімен нығыздатылған материалдан фторпласт таспасын дайындау. Құрал-жабдықтарды таблеткалау мен экструзияға дайындау. Таблеткаларды дайындау. Экструзия мен бауын дайындау технологиялық процесін дайындау - құрал-жабдықтардың жұмыс тәртібін бақылау. Жанышқыштарға бауын жеткізу. Жаю және таспаны алу. Таспаны кеспе машинасына жіберу, оны бекітілген жолақтарына кесу. Дайын өнім шығару есебі.
166. Білуі тиіс:
фторпласттан таспа дайындаудың технологиялық процесін, жабдық құрылғылары мен жұмы принциптерін, қоспа дярлаудағы вазелин майы мен фторпласт ұнтақ компоненттерін есептеу әдістемесін,дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
Көпқабатты панельдерді әзірлеуші
Параграф 1. Көпқабатты панельдерді әзірлеуші, 3-разряд
167. Жұмыс сипаттамасы:
Біліктілігі жоғары әзірлеушінің басшылығымен көпқабатты панельдерді дайындау бөлек операциялау процессін жүргізу. Құбырларды, көбіту агрегатының құбарлы арматурасында қызмет көрсету. Агрегаттың желдеткіш құрылғыларында қызмет көрсету. Алғашқы компоненттерді тиеуге дайындау. Агрегаттың жүйесін ацетонмен жуу. Үлгілерді алу үшін тароны дайындау. Блоктарды жасақтау үшін ажыратқыш қабаттарды жағу. Қолдан құю жұмыстарына қатысу.
168. Білуі тиіс:
агрегаттың жұмыс қағидасы, құбырдың сызбасын, негізіг құбыр тораптарының конструкциясын, құбыр жүйесін қоспадан тазарту тәсілін, жасалатын өнімдерге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
Параграф 2. Көпқабатты панельдерді әзірлеуші, 4-разряд
169. Жұмыс сипаттамасы:
Біліктілігі жоғары әзірлеушінің басшылығымен құятын машинада көпқабатты панельдерді өндіру технологиялы процессін жүргізу. Құятын машинаны, кептіру станцияларын, жылуалмастыратын аппараттарды және қалыптарды жұмысқа дайындау. Қоспа жіберетін насостың, араластырғыштың, қоспа қалпақшаның жұмысының дұрыстығын тексеру.
Реакциялы қоспаны дайындау: жылыту және компоненттерді араластыру. Араластырғыштың және қоспа жібергіш насосты жұмысқа қосу және тоқтату. Реакциялы қоспаларды формаға құю және оны көпірту. Талдау үшін үлгілерді іріктеу. Құятын машинаны бөлшектеу, жуу, құрау және дайындау.
170. Білуі тиіс:
көпқабатты панельдерді дайындау процессінің негізі, құятын машинаның құрылымының технологиялы режимі, бақылау-өлшеу құралдырының белгіленуі, панельдер дайындау үшін қолданылатын шикізаттың құрамы, құятын машинаны белгіленген параметрлерге икемдеу ережесі, қуат беретін насостың өндірістігін есептеу, үлгілерді таңдау мысалы, құятын машинаны құрау және бөлшектеу ережесі, пенопластпен жұмыс істеуде қысыммен ыдыстарды, электржабдықтарды эксплуатациялау ережесі, пенопластың құрамын анықтау тәсілі.
79. Көпқабатты панельдерді әзірлеуші, 5-разряд
171. Жұмыс сипаттамасы:
Көпқабатты панельдерді дайындау технологиялы процессін жүргізу. Әртүрлі қалыңдықтағы пенопластың және полиэфирактиваторлы қоспаның рецептурасын есептеу. Қоспа жіберетін насостың өндірістілігін есептеу. Бақылау-өлшеу құралдырының көмегімен құятын машинаның жұмыс режимін реттеу. Берілген парамерлерге агрегатты дайындау. Негізгі және қосалқы жабдықта қызмет көрсету. Алғашқы материалдарды техникалы талаптарға және онымен конструкцияның көлемін толтыру сапасын, ақаулардың алдын-алу және жоюға сәйкестігін тексеру.
172. Білуі тиіс:
көпқабатты панельді әртүрлі тәсілмен өндіру технологиялы процессі, жабдықтың және бақылау-өлшеу құрылғыларының сызбасын, мөлшерлеп жатқан компоненттердің әдістемесін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
Пластмасса аппаратурасын әзірлеуші
Параграф 1. Пластмасса аппаратурасын әзірлеуші, 3-разряд
173. Жұмыс сипаттамасы:
Қарапайым және пластмассадан шағын жауапкершілік жеке бөлшектерін және полимерлік композициялық материалдарды қолдан үлгілер бойынша немесе әр түрлі құрал-жабдықтарда дайындау. Дайындамаларды пішe, таңбалау және бөлшектерді пішіндеу. Бекітілген температура бойынша дайындамаларды қыздыру. Дәнекерлеу, желімдеу немесе бөлшектер мен тораптарды тойтару. Бөлшекткрді жинақтау. Жинақталған торапты, аппаратты, бөлшектерді термиялық өңдеу. Бөлшектердің, тораптар мен аппараттардың сыртын әр түрлі құрал-жабдықтармен механикалық өңдеу.
174. Білуі тиіс:
пластмасса аппаратурасы мен полимерлі композициялық материалдарды дайындау технологиялық процессін, пластмассадан жасалған аппаратураға қойылатын техникалық талаптарды, аппаратура дайындауға қолданатын пластмассадан жасалған материалдардың физикалық - химиялық қасиеттері мен арнауы.
175. Жұмыс мысалдары:
Вентильге арналған пластмасса бөлшектері,қышқыл цилиндрға арналған бөлшектер, бурттар мен құбырлар - дайындау;
Люк қақпақтары қақпақтары, шағын габаритті жалпақ қабырғалықтар – қолдан салу;
Шасси тіреулерінің цилиндрлерін - қолмен орау.
Параграф 2. Пластмасса аппаратурасын әзірлеуші, 4-разряд
176. Жұмыс сипаттамасы:
Пластмассалардан және полимерлі композициялық материалдан үлгілер, эскиздер, сызулар бойынша орта күрделі аппараттар мен арматураны дайындау. Пластмасса аппаратурасын дайындау үшін материалдың қажетті көлемін есептеу. Дайындалған аппартураны герметикалыққа, ұшқынберік және басқа көрсеткіштерге тексеру.
177. Білуі тиіс:
пластмасса аппаратурасы мен полимерлі композициялық материалын дайындау технологиялық процессін пластмассадан жасалған аппаратураға қойылатын техникалық талаптарды, пластмасса материалдарының физикалық - химиялық қасиеттері мен белгіленуін, материалдың қажетті көлемін есептеу тәсілін, дайындалған аппаратурасының, рецептердің және желім дайындау әдісінің сынау ережелері мен әдістері, пішінді кеспені жасау ережелері.
178. Жұмыс мысалдары:
Винипластік банкілер, қаңқасы бар және қаңқасыз қоспаны ванналар, келтек құбырымен коллекторды – дайындау және сынау;
Бұрама қалағын - орау;
Бұру, гидравликалық тораптың жапқышы, тостағандар-дайындау;
Шасси айнала ағу қабырғалығы – қолмен орау;
Екі есе қисық шасси жармалары – жинақтау-желімдеу.
Параграф 3. Пластмасса аппаратурасын әзілеуші, 5-разряд
179. Жұмыс сипаттамасы:
Пластмассалардан және полимерлі композициялық материалдан үлгілер, эскиздер, сызулар бойынша күрделі, ерекше күрделі аппараттар мен арматураны дайындау. Қиын дайындаулары белгілеу, пішу. Қиын бөлшктер мен тораптарлы дәнекерлеу, желімдеп жапсыру. Жиналған торапты, аппаратты термиялық өңдеу. Бөлшектердің, тораптар мен аппараттардың беттерін механикалық өңдеу. Пластмасса аппаратурасын дайындау үшін материалдың қажетті көлемін есептеу. Дайындалған аппартураны герметикалыққа, ұшқынберік және басқа көрсеткіштерге тексеру.
180. Білуі тиіс:
пластмассалық аппаратураны және полимерлі композициялық материалдарды дайындаудың технологиялық процесін, пластмассалардан аппаратураға қойылатын техникалық талаптарды, материалдың қажетті көлемін есептеу тәсілін, дайындалған аппаратураны дайындау ережесі мен тәсілдерін.
181. Жұмыс мысалдары:
1) Винипластан ауаағарлар, фаолиттен барботажды қолшатырлар, фаолитты бейтараптандырғыштар, қақпандар, реакторлар - дайындау және сынау;
2) Фаолиттен адсорбциялық бағаналар, тұғырықтар - дайындау;
3) Радиолокациялық станциялардың айнала аққыштары- есептеу;
4) Қос қисықты, ірі габаритті жүк машиналардың жармасы - құрастыру - жабыстыру.
Сығымдау материалдарын әзірлеуші
Параграф 1. Сығымдау материалдарын әзірлеуші, 4-разряд
182. Жұмыс сипаттамасы:
Неғұрлым жоғары білікті әзірлеушінің басқаруымен үздіксіз әрекет ететін аппараттарда жекелеген операцияларды немесе кезеңдік әрекеттегі машиналарда сығымдау материалдарын әзірлеудің технологиялық процесін жүргізу. Құрал-жабдықтарды жұмысқа дайындау. Шнек-машинаның механизмдерін бос жүріспен байқау. Компоненттерді тиеу. Алынатын сығымдалатын материалдың маркасына байланысты шнектеу режимдерін байқау. Шнектеу технологиялық режимін бақылау және реттеу. Диірмендерде дайын өнімді ұсату, дайын пресс- материалды себу әдісімен жіктеу және түйіршіктеу. Құрал-жабдықтардың жұмысын және күйін қадағалау. Талдауға сынамалар алу. Шнектеудің сапасын сөзбен анықтау. Құрал-жабдықтарды жұмыс режиміне шығару. Құрал-жабдықтарды. Коммуникациялар жүйесін жұмысқа дайындау. Құрал-жабдықтар мен коммуникацияларды ұсақ жөңдеу. Өндірістік журналда жазу жүргізу.
183. Білуі тиіс:
қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын, процестің технологиялық режимі мен реттеу ережесін, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау - өлшеу құралдарының құрылысын. Жұмыс істеу қағидасы мен пайдалану ережесін, арматура мен коммуникациялар сызбасын, процесті фазамен бақылауды жүргізу әдістемесін, талдауға сынамалар алу ережесін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
Параграф 2. Сығымдау материалдарын әзірлеуші, 5-разряд
184. Жұмыс сипаттамасы:
Басшылық етумен үздіксіз әрекеттегі аппараттарда сығымдау материалдау дайындау технологиялық процесін жүргізу немесе кезеңдік әрекеттегі машиналарда процесті жүргізу және басқару. Төгілетін компоненттерімен фенолформальдегидті байланыстырушылардың балқымаларын араластыру, гомогендеу және алдын ала қатайту. Фенопласттар өндірісінің газды қалдықтарын каталитикалық зиянсыздандыру. Дайын прес - материалды себу әдісімен жіктеу және тұйіршіктеу. Процес параметрлерін бақылау және реттеу. Қажет болса, құрал - жабдықтарды тоқтату, оны қалыпты технологиялық тәртіпке дейін жеткізумен тоқтатқаннан кейін жұмысқа қосу. Бақылау- өлшеу құралдарына және автоматика құралдарына қызмет көрсету, технологиялық режим нормаларынан себептердің алдын алдын алу және ескерту. Каталитикалық залалсыздандыру қондырғысын жұмысқа дайындау, катализаторды тиеу, катализаторды адсорбциялау және регенерациялау процесін жүргізу. Бақылау - өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдаулардың нәтижелері бойынша компоненттердің арақатынасын, газды берулерді және іріктеулерді, скрубберлерде және реактор- адсорберлерде температураны және деңгейлерді реттеу. Скрубберлерге, реакторларға- араластырғыштарға, реактор- адсорберлерге, электрқыздырғыштарға, сорғыларға, турбогазағарларға және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету.
185. Білуі тиіс:
өндірістің технологиялыөқ сызбасын, қызмет көрсетілетін процестің мәнісін, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын, алынатын сығымдалатын материалдың маркасына байланысты шнектеу режимдерін, технологиялық режимді, процесті фаза бойынша бақылау әдістемесін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
Параграф 3. Сығымдау материалдарын әзірлеуші, 6-разряд
186. Жұмыс сипаттамасы:
Үздіксіз әрекеттегі аппараттарда сығымдау материалдау дайындау технологиялық процесін жүргізу. Тармақтарды, автоматика жүйелерін, коммуникациялар жүйелерін жұмысқа дайындау. Технологиялық процесті қашықтан басқару пультынан реттеу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқушылықтарды анықтау және жою, құрал-жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Қажетті шикізаттың мөлшері мен дайын өнімнің шығымын есептеу. Құрал-жабдықтар мен коммуникацияларды ұсақ жөңдеу. Технологиялық журналда жазу жүргізу.
187. Білуі тиіс:
пресс-материалдарды өндірудің технологиялық процесін, негізгі шикізатты қабылдау және мөлшерлеу ережесін, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын, арматуралар мен коммуникациялар сызбасын, процесті фаза бойынша бақылау әдістемесін, шикізат пен дайын өнімді есептеу әдістерін, шикізат пен дайын өнімге мемлекеттік стандарттарды.
Органикалық шыныдан түтіктер дайындаушы
Параграф 1. Органикалық шыныдан түтіктер дайындаушы, 3-разряд
188. Жұмыс сипаттамасы:
Созу тәсілімен органикалық шыныдан түтіктер дайындау. Органикалық шыныны циркульді плитаға апару, органикалық шынының қағаздарын таңбалау және органикалық шыныны әзірлемеге кесу. Әзірлеменің тиейтін жиектерін ленталы арада үгіту және аралаудың іздерін жетілдіру. Әзірлемені жылыту, оны конусқа нығайту, конусты және әзірлемені лебедканың көмегімен қалыптастыратын түтікті созу. Дәнекерлейтін роликті орнату және әзірлемені созуды және тігістерді полимерлеу процесін бақылау. Салқындататын құбырларға судың түсуін реттеу. Құбырды шығару, оны конустан арылту, белгіленген өлшемдер бойынша ленталы плитада аралау және дайын құбырларды жәшіктерге салу.
189. Білуі тиіс:
құбырды және органикалық шыныны дайындаудың технологиялы процесі, ленталы және циркулды плиталардың және лебедканың құрылымы, тігісті полимерлеу және әзірлемені жылыту процесінің режимін реттеу ережесі, бақылау-өлшеу құрылығыларының жұмыс мақсаты, органикалық шынының физико-механикалы құрылымы, жоғары жиілікті тоқпен жұмыс істеу ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: |