Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 2,08 Mb.
бет8/11
Дата14.05.2018
өлшемі2,08 Mb.
#12615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

344. Білуге тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықта жұмыс істеу ережесі, құралды, құрылғыны ауыстыру және орнату ережесі, өнімнің сапасына қойылатын талаптар, өнделіп жатқан материалдың физико-механикалы құрамы және оларды өңдеу режимі, өңделген өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарын.

345. Жұмыс үлгілері:

а) полистиролдан, этроладан, полиэтиленнене өнімдер, ПОВ-30, ПОВ-50, стеклопластиктар, органикалық шыны, аминопласт, фенопласт, полиамид, АБС-6 пластиктер, полипропилен, поливинихлорид және басқа пластмасс өнімдерін - өңдеу.

Параграф 3. Пластмасс өнімдерін өңдеуші, 3-разряд


346. Жұмыс сипаттамасы:

Өнделіп жатқан өнімнің үстің тегістеу және жылтырату және артық жиектерді және литниктарды жоятын орындарды механикалы тегістейтін және жылтырататын шеңберде әртүрлі тегістеу және жылтырату ұнтағын пайдаланып тегістеу немесе ыстық ірігабаритті өнімнің үстінен қабатын шешу. Қажет болған жағдайда өнімге күңгірт рең беру, қара дақтарды кетіру, пластиналардың кедір-бұдырлығын кесу. Күрделі конфигурациялы кескінделген өнімді үстіңдегі ақауларын бітеп өңдеу.

347. Білуі тиіс:

әмбебап өлшейтін құралмен (штангциркульмен, микрометрмен) пайдалану ережесі, өнделіп жатқан материалдардың негізгі физико-химиялы құрамы, құралды ауыстыру ережесі, тегістейтін және жылтырататын шеңберлердің құрылымы, жылтырататын және тегістейтін патаның негізі, өнімдерді өңдеу сапасына қойылатын талаптар.

348. Жұмыс үлгілері:


  1. бидондар, құйғыш, полиэтиленді сыйымдылығы 5-20 л құтылар - облойды ыстық күйде шешу;

  2. аминопласттан, фенопласттан, полиэтилен, полиамид, АВС пластиктерінен, поливинилхлорид, полипропиленнен жасалған өнімдер - өңдеу;

  3. төртконтакты қалыптар, медицина өнімдері, автомобиль штурвалдары, полистиролдан, этролдан, полиэтилен, шыныпластиктерінен жасалған өнімдер - тегістеу және жылтырату;

  4. целлулоидты парақтар – жылтырату және түзету;

  5. сантехникалық бұйымдар: раковина, унитаз, бөшкелер – өңдеу.

Параграф 4. Пластмасс өнімдерін өңдеуші, 4-разряд


349. Жұмыс сипаттамасы:

Іліспелі немесе біруақытта біренеше операцияны орындайтын арнайы жабдықтарған жартылай автомат немесе автоматтарда өнімдерді өңдеу немесе монументті көркем шығарманы және декоративті-қолданбалы көркемөнерідің бұйымын электоүстелді және қол кескішпен өңдеу. Ерекше, өте күрделі көркем шығарманы дайындау кезінде байланыс орындарынан толықтай қуаттылыққа жету. Әртүрлі тегістейтін және жылтырататын жабдық пен құрылғыны пайдаланып өнімнен сызық, тырнақ ізін, сынықты тегістеп және жылтыратып кетіру, сонымен қоса тоғысқан жар мен аралықты тегістеу және жылтырату. Құралды және құрылғыны орнату және ауыстыру. Құйылған көркем шығарманы эскиз бен автор оригиналына әбден ұқсағанға дейін жеткізу.

350. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан механикалы жабдықтың құрылым қағидасын, өңдеудің сапасына қойылатын техникалы талаптар, материалжүргізу, тегістейтін және жылтырататын материалдарды және пасталарды таңдап алу ережесі, көркем бұйымдарды өңдеуге арналған түрлі құралдармен жұмыс істеу ережесі, өнделіп жатқан пластмассаның физико-химиялы құрамы, пластамасс өнімдерін өңдеуге қойылатын талаптарды.

351. Жұмыс үлгілері:

Пластмасс өнімдері:



  1. Тарақтар – арқасын тегістеу, қайрау;

  2. Көзілідірік оправасы – автоматтарда өңдеу;

  3. Көркем шығарма-қолдан көркем безендіру өрнек салу, механикалық шеңбермен тегістеу және жылтырату.

61. Сепараторларды өңдеуші

Параграф 1. Сепараторларды өңдеуші, 3-разряд
352. Жұмыс сипаттамасы:

Сепараторларды сұйық шынымен және қышқылмен (сірке суы, күкірт қышқылы), сілті, цикдогексанмен химиялы өңдеу процессінжүргізу. Өнімдерді әкелу. Өнімді өңдеу үшін емкостьті (ванна) дайындау. Ертіндіні дайындау. Мөлшерленген компоненттерді емкостьқа құю. Оларды арластыру. Ертіндіні корректрлеу. Өнімді ваннаға салу. Өнімді емкостьтан (ваннадан) алу. Тасымалдау және кептіретін шкофқа тиеу. Өнделген өнімді кептіру: түсетін жылуды ауаға реттеу. Өндіріс журналына жазба жүргізу.

353. Білуі тиіс:

өңдеу және кептіру режимі, сепараторды өңдеуге ертіндіні концентрациялау, компоненттердің ертіндіде келісулері, өнделген өнімге қойылдатын технологиялық талаптарды.

62. Органикалық шыныны жапсырушы
Параграф 1. Органикалық шыныны жапсырушы, 2-разряд
354. Жұмыс сипаттамасы:

Органикалық шыныны қағазбен жапсыру. Желімді дайындау, органикалық шыныны жапсыратын станокқа орнату. Үлгілерді кептіру, конверттеу және жапсыру.

355. Білуі тиіс:

кептіру режимі, органикалық шыныны қағазбен жапсыру ережесі, қағаздың сорттары, жапсыруға қолданылатын шынылар және үлгілер, тігісті дайындау ережесі.

Параграф 2. Органикалық шыныны жапсырушы, 3-разряд
356. Жұмыс сипаттамасы:

Жапсыратын қағазды арнайы станокта кесу. Кесілмеген қағзды, тігісті келесі операцияға дайындау. Араластырғышта арнайы желімдейтін ертіндіні дайындау. Желімдейтін ертіндіні қағазға жағу. Органикалық шыныны жапсыратын станокқа орнату. Органикалық шынының қағазынан қалдық желімді алып тастау. Жапсырылғанан кейін органикалық шынының жапсырмасын жапсыратын станоктан түсіру. Айналатын көтергіштің көмегімен жапсырылған органикалық шыныны тіркеме транспортерға ілу. Органикалық шыныны кептіретін камерада кептіру және бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен кептірудің температуралы режимін сақтау. Желімдейтін ертіндіні дайындауға арналған араластырғышты, айналмалы пневмокөтергішті, қағаз кесетін станокты, кептіретін камераны және бақылау-өлшеу құралдарында қызмет көрсету.

357. Білуі тиіс:

қағаздың әзірлемелерінің өлшемін, желімдейтін ертіндіні дайындау рецепті және режимі, органикалық шыныны қағазбен жапсыру ережесі, жапсыратын машиналардың және тіркеме транспортерлердің жұмыс мақсаты, органикалық шыныны жапсырудың талаптары және жеке тұтынушыларға арналған органикалық шыныны жапсыруға арнайы талаптар, кептіретін камерадағы температураны реттеу режимі және сызбасы, жапсыратын қағазға қойылатын талаптар, айналмалы көтергішті басқару пневматикалы сызбасы және жұмыс мақсаты.

63. Поливинилхлоридті пленканы өндіру

вальды-каландрлы желінің операторы


Параграф 1. Поливинилхлоридті пленканы өндіру

вальды-каландрлы желінің операторы, 6-разряд


358. Жұмыс сипаттамасы:

Поливинилхлоридті пленканы алу технологиялы процесін басқару пультімен жүргізу. Каландр және басқада агрегаттарды жұмысқа дайындау. Шикізаттың және шығарылып жатқан өнімнің талап етілген түріне байланысты каландрирлеу, жаншу, экструзия, стиндеу, өрнек салу, суыту және пленканы орау режиміне іріктеу. Каландрирлеу, сору, сатиндеу, өрнек салу, пленканы суыту, ішкі кернеуді алу және статистикалы электрді, пленканың рулоның орау автоматтандырылған және ілестірілген жүйелерді басқару. Жабдыққа жөңдеу жұмыстарын жасау. Электрнды және басқада бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша пленканы алу технологиялы процесін бақылау және реттеу.

359. Білуі тиіс:

поливинилхлоридті пленканы алу технологиялы процесі, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және кинематикалы сызбасы, жабдықтарды жөңдеу және барлық технологиялы параметрлерді синхронизациялау ережесі, каландрлы ертіндінің, ертіндінің барлық түрінің компоненттерінің физико-химиялы құрамы, олардың каландрдың жұмысына әсері және дайын өнімнің құрамы, дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалы талаптар, ертінділер мен қолданылатын материалдарды.

64. Поливинилхлоридты композицияларды алудың операторы
Параграф 1. Поливинилхлоридты композицияларды

алудың операторы, 6-разряд


360. Жұмыс сипаттамасы:

Поливинилхлоридті композицияларды линолеум үшін алу және өнімдерді автоматты орталық басқару пультімен алу технологиялы процессін жүргізу. Берілген технологиялы режимді перфокат көмегімен бегіту. Әзірлейтін бөлімде және өндіріс залында шығын бункерлеріндегі материалдың саның, бақылау-өлшеу құрылғылары және автоматиканың көмегімен бояйтын концентраттардың және мәрмәр гранулянттың таразы мөлшерлеуіштердің тиегіштерінде және процесстің басқада көрсеткіштерін бақылау. Барлық өзара байланысатын өндіріс бөлімшелерінің үркіліссіз жұмыс істеуін үйлестіру және қамтамасыз ету. Жабдықтардың жұмысындағы барлық ақаулықтарды және пневмоэлектрлі дабылды құрылғылардың технологиялы процессінің бұзылуларын жою. Қажет болған жағдайда автоматты орталықтандырылған басқару процессінен механикалы процесске ауысу. Бақылау-өлшеу тіркеу және реттейтін құралдардың және пультта орнатылған автоматты жүйеде қызмет көрсету. Құралдарды дайындау және құралдардың және автоматика жүйесінің жөңдеу жұмыстарына қатысу.

361. Білуі тиіс:

поливинилхлоридті композицияны алу технологиялы процессінің негізі, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және кинематикалы сызбасы, аппаратура мен коммуникацияның сызбасын, шикізаттың есептеудің және өнімнің шығуының әдістемесі, шикізатқа және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды.

65. Поливинилхлор негізіндегі өңдеу материалдарының өндіріс операторы
Параграф 1. Поливинилхлор негізіндегі өңдеу

материалдарының өндіріс операторы, 4-разряд


362. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі жоғары оператордың басшылығымен линолеум өңдеу бойынша техникалы процесстің бөлек операцияларын жүргізу. Негізді дайындау және дайын линолеумды орау. Негіздің байламдарына қызмет көрсету, ақаулы деп тану, негізді орау. Қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Орайтын құрылғыға негіздің бобиның орнату және негізді орның толтыратын құрылғыға беру. Негіздің және дайын өнімнің созылу разрядсін реттеу. Төсемдерді тігу прцессін, шыныпішуішті дәнекерлеу немесе басқада тәсілдермен байланыстыру. Дайын өнімнің сапасын тексеру, табылған ақауларды жою. Қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың ақауларын жою жұмыстарына қатысу.

363. Білуі тиіс:

негізді дайындау және дайын өнімді орау технологиялы процессі, желініңі қызмет көрсетіліп жатқан тораптарының және бақылау-өлшеу құрылғыларының жұмыс мақсаты және құрылымы, алғашқы шикізаттың және материалдардың түрлері және құрамдары, дайын өнімнің сапасына Мемелекеттік стандартпен талап етілетін техникалық талаптарды.

Параграф 2. Поливинилхлор негізіндегі өңдеу

материалдарының өндіріс операторы, 5-разряд


364. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі жоғары оператордың басшылығымен желіде технологиялы процессті жүргізу. Жабдықтың барлық тораптарын параметрлері бойынша, технологиялы картамен белгіленген- жылдамдық, тетік, фрикция, температуралы режим, қысымды қосу және синхронизациялау. Технологиялы процесстің параметрлерін желінің бөлек агрегаттарында бақылау және реттеу. Басқа жұмыс орнындағы жұмыскерлерге жұмыста табылған ақаулар жайлы дабыо қағу. Желінің жабдығының жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Технологиялы процесстің парамерлерін өндіріс журналына тіркеу.

365. Білуі тиіс:

линолеумді өңдеудің технологиялы процессі және оны бақылаудың тәсілдері, желінің қызмет көрсетіліп жатқан агрегаттарын, реттеу, басқару және бақылау құралдарының конструкциясы, синхронизациялау, реттеу және басқарудың оңтайлы тәсілдері.

Параграф 3. Поливинилхлор негізіндегі өңдеу

материалдарының өндіріс операторы, 6-разряд


366. Жұмыс сипаттамасы:

Технологиялы процессті басқару пультімен басқару. Желінің барлық тораптарының жұмысын үйлестіру, желіні автоматты режимге икемдеу. Өндіріліп жатқан материалдың құрамын форматтау. Желінің параметрлерінің жұмыс режимін автоматты реттеу жүйесінің жұмысын қадағалау. Желінің жұмысындағы ақаулықтар табылған кезде жедел шешеім және шұғыл шара қолдану. Желінің барлық тораптарына жөңдеу жмыстарын жасауға, ақаулықтарды жоюға, икемдеу кезінде табуға қатысу. Шикізаттың шығындалуын және дайын өнімнің өнделуін есептеу.

367. Білуі тиіс:

линолеумді өңдеу технологялы процессі, линолеум өндіру бойынша автоматтандырылған желінінің және басқару пультінің бақылау-өлшеу құрылғыларының конструкциясы және жұмыс мақсаты, реттеп және жылдамдығын ілестіріп электрдвигательдерді жіберу ілеспелілігі және ережесі, агрегаттарды, гидравликтарды және дабыл қағудың электрблоктарының сызбасын, жылдамдық реттеу ережесі.

66. Пішінді полиуретан және пенополиуретан өндірісінің операторы
Параграф 1. Пішінді полиуретан және пенополиуретан

өндірісінің операторы, 3-разряд


368. Жұмыс сипаттамасы:

Пішінді пенополиуретанды конвейрде және полиуретанды лит машиналарында алу технологиялы процесінің бөлек операцияларын орындау. Майсыздандыру және желімді бөлшектерге және арматураға арнайы құрылғыда және қолмен жағу. Форманың қабырғаларына арнайы майды жағу. Формаға қалыптасқан қаптайтын әзірлемені поливинилхлоридтті пленкадан, металды каркастан немесе өсімдік талшығынан жасалған каркастан дайын қаптаманы салу. Қалыптасқан пенополиуретанды ойып алу және ленталы конвейерге салу. Қалыптасқан өнімдерді өңдеу.

369. Білуі тиіс:

формалы пенополиуретанды және полиуретанды алу технологялы процесі, конструкциясы, өлшемі және бөлшектердің және өнімдердің белгіленуі, бөлшектер мен желімдердің сапасына қойылатын техникалы талаптар, майсыздандыру және майлау технологиясын, шикізаттың, жартылай фаврикаттың және дайын өнімнің физико-механикалы құрамы.

Параграф 2. Пішінді полиуретан және пенополиуретан

өндірісінің операторы, 4-разряд


370. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі жоғары оператордың басшылығымен пішінді пенополиуретанды конвейерде және полиуретанды құйма машиналарында алу технологиялы процесіне кіріспе. Мөлшерлейтін агрегаттың және құятын қалпақшаның негізгі тораптарын дайындау және жөңдеу. Мөлшерлейтін агрегатты жұмысқа қосу және оның дұрыс мөлшерлеуін бақылау. Ұнтақтау құрылғысының көмегімен майды формаға жағу. Үлгілерді жинау және бақылау талдауын жүргізу.

371. Білуі тиіс:

формалы пенополиуретанды және полиуретанды алу технологялы процесі, ақаулардың алдын-алу және оларды жою, жабдықтардың және бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы және жұмыс қағидасы, шикізаттың және дайын өнімнің құрамы, үлгілерді талдауға алу ережесі.

Параграф 3. Пішінді полиуретан және пенополиуретан

өндірісінің операторы, 5-разряд


372. Жұмыс сипаттамасы:

Пішінді пенополиуретанды конвейрде және полиуретанды лит машиналарында алу технологиялы процесін жүргізу. Пішіндерді бөлшектеу және жинау. Пішінді жартылай қатты пенополиуретанды алу конвейрінің пішінің құятын қалпақша арқылы сыйымдылық насостарының көмегімен әртүрлі компоненттерді мөлшерлеу. Мөлшерлейтін компонентерді технолгпен бірге есептеу. Бақылау үлгілерін алу және бақылау талдауларының нәтижесі бойынша технолгиялы процесті дайындау. Технологиялы режимнің бегітілген нормасынан ауытқудың алдын-алу және олардың себептерін жою. Өндіріс журналында тіркеу.

373. Білуі тиіс:

формалы пенополиуретанды және полиуретанды алу технологялы сызбасын, үлгілерді іріктеу ережесі және талдау бойынша жұмыс жасау, негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы және жұмыс мақсаты, мөлшерлейтін компоненттреді есептеу тәсілі, технологиялы процесті реттеу ережесі, алғашқы шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптар, сынамаларды іріктеу мен бақылау анализдерін өткізу ережелерін.

Параграф 4. Пішінді полиуретан және пенополиуретан

өндірісінің операторы, 6-разряд


374. Жұмыс сипаттамасы:

Пенополиуретаннан автоматты құрылғылардан және полиуретаннан литті машналардан пішінді өнімдерді алу технолгиялы процесін жүргізу. Линтті машинаның бөлек тораптарындағы температура режимін бақылау және реттеу, үстел мен пешті вулканизвциялау. Бағдарлама құрылғыларының көмегімен режимді оңтайлы жүргізу процесіне кіріспе. Бақылау талдауларының нәтижесі бойынша технологиялы процесті дайындау. Мөлшерлеу, тиеу және активаторлы ертіндіні дайындау станцияларында компоненттерді араластыру. Мөлшерлейтін автоматтарды реттеу. Пішіндейтін автоматтарда әзірлемені өндіру температуралы режимін бақылау және реттеу. Шикізаттың және дайын өнімнің шығының есептеу.

375. Білуі тиіс:

технологялы режим және пенополиуретанды және полиуретанан формалы өнімдерді алу процесінің негізі, жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі және құрылымы, арматура және коммуникация сызбасы, бағдарлама құрылғыларына бағдарлама жасау тәсілі, дайын өнімге және қолданылатын материалдарға қойылатын техникалы талаптар.

67. Пластикалы массадан өнім өндіру бойынша

роторлы желінің операторы


Параграф 1. Пластикалы массадан өнім өндіру бойынша

роторлы желінің операторы, 3-разряд


376. Жұмыс сипаттамасы:

Автоматты роторлы желіде пластикалы массадан өнім өндіру технологиялы поцессін жүргізу. Роторлы желіні жұмысқа дайындау. Шнекті қуат беретін бункерге престелген материлдарды тиеу. Дайын өнімді салу үшін таро дайындау. Роторлы желіні жұмысқа қосу.

Өнімді дайындау технологиялы процессін жүргізу: бақылау-өлшеу құралдары бойынша бақылау және таблетирование технологиялы режимін реттеу, пресстеу және механикалы өңдеу.

377. Білуі тиіс:

пластикалы массадан алынған өнімді роторлы желіде таблеткалау, престеу және механикалы өңдеу технологиялы процесі, престелетін материалдардың физико-механикалы құрылымы, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттар.

Параграф 2. Пластикалы массадан өнім өндіру бойынша

роторлы желінің операторы, 4-разряд
378. Жұмыс сипаттамасы:

Автоматты роторлы желіде пластикалы массадан өнім өндіру технологиялы поцесін. Роторлы желіні жұмысқа дайындау. Дайын өнімді салу үшін таро дайындау. Роторлы желіні жұмысқа қосу. Өнімді дайындау технологиялы процесіне кіріспе. бақылау-өлшеу құралдары бойынша бақылау және таблетирование технологиялы режимін реттеу, престеу және механикалы өңдеу. Таблеткаларды жоғары желідегі тоқпен ысыту температурасын жүйелі бақылау. Пресстелген материалдардың шығының есептеу және дайын өнімді шығару.

379. Білуі тиіс:

пластикалы массадан алынған өнімді роторлы желіде таблеткалау, престеу және механикалы өңдеу технологиялы процессі, таблеткалау және престеу агрегатының жұмыс режимі, престелетін материалдардың физико-механичкалы құрамы, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттар.

68. Өнімдерді балқытушы

Параграф 1. Өнімдерді балқытушы, 2-разряд


380. Жұмыс сипаттамасы:

Газжалынды пистолеттің көмегімен полиэтиленді пленкадан жасалған өнімдердің түйіндерін балқыту, балқытылған полиэтиленді арнайы электрдәнекерлегішпен пішіндеу. Өнімнің кесілгенжерлерін қаптау. Түйіндерді балқыту алдында арнайы құрылғыға салу. Өнімнің астыңғы жағын әкпен және дымқыл матамен оқшаулау.

381. Білуі тиіс:

балқытудың технологиялы процесі, электртехника негіздері, балқытудың технологиялы режимі, балқыту құрылғысының құрылысы, жұмыс мақсаты және эксплуатациялау ережесі, пленкаға қойылатын техникалы шарттар.

69. Пластикалы массадан пленканы перфораторлаушы
Параграф 1. Пластикалы массадан пленканы

перфораторлаушы, 2-разряд


382. Жұмыс сипаттамасы:

Перфоратор пленкасын дайындау бойынша бөлек операцияларды орындау. Пленка рулондарын дайындау, перфорациялы машина мен құралдардың дұрыстығын тексеру. Пленка рулонының машинаға орнату. Оларды білікшелерге салу. Машиналарды іске қосу. Пленканың қозғалу жылдамдығын және кернеу деңгейін реттеу. Рулондарды шешу және оларды орамдауға тапсыру. Дайын өнімнің және шикізаттың шығының есептеу. Технологиялы журналда тіркеу жүргізу.

383. Білуі тиіс:

перфорациялы машиналардың құрылысын және оларды эксплутациялау ережесі, перфорацияға арналған алғашқы материалдың физико-химиялы құрамы, рулондардың машинаға бекіту тәсілдері, пленканы салу ережесі, машинаның жұмысын реттеу тәсілдері, дайын өнімге техникалы талаптар.

Параграф 2. Пластикалы массадан пленканы

перфораторлаушы, 3-разряд


384. Жұмыс сипаттамасы:

Перфорациялы машинада пластикалы массадан перфорациялы пленканы дайындау технологиялы процессін жүргізу. Пленкалы рулондарды дайындау, перфорациялы машина мен құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Пленкалы рулондарды машиналарға орнату. Оларды білекшелерге салу. Перфорацияның белгіленген өлшеміне машиналарды реттеу. Пленканың қозғалу жылдамдығын және кернеу деңгейін реттеу. Рулондарды шешу және оларды орамдауға тапсыру. Дайын өнімнің және шикізаттың шығының есептеу. Технологиялы журналда тіркеу жүргізу.

385. Білуі тиіс:

перфорациялы машиналардың құрылысын және оларды эксплутациялау ережесі, перфорацияға арналған алғашқы материалдың физико-химиялы құрамы, рулондардың машинаға бекіту тәсілдері, пленканы салу ережесі, машинаның жұмысын реттеу тәсілдері, дайын өнімге техникалық талаптар.

70. Линолеумда таңба басушы
Параграф 1. Линолеумда таңба басушы, 3-разряд
386. Жұмыс сипаттамасы:

Ағаш клишенің көмегімен қолдан таңба салатын станоктарда линолеум төсеніштерін немесе жазықбасатын машиналарда терең және ротациялы теру машиналарында линолеум төсенішіне суретті басу бойынша операцияны орындау. Құралды және құрылғыны жұмысқа дайындау. Басатын пастаны және бояуды жеткізу және оларды басатын машинаның астауына құю. Терең және ротациялы баспалы баспа машинасының қабылдағыш құрылғысына линолеумнің шеттерін салу. Басу процессін бақылау және оның режимінің бұзылуы жайлы дабыл қағу. Басатын валдарды, басатын цилиндрларды, астауларды, жабдықты және құралды тазарту және жуу. Басылған кілемшелерді кептіретін камераларға апаруға, оларды қозғалатын вагонеткалардың сөрелеріне төсеу және кептіретін камераның белгіленген режиміне сәйкес кептіретін камерада вагонеткаларды қозғалтуға қатысу. Машиналы тәсілмен басу кезінде-линолеумді орталықтандыру, беткі жағын жүйелі түрде қоқыстанудан тазарту, жағатын білекшеден артық жағылған бояуды алу, кілемшенің ақаулы орның белгілеу және бақылау. Басылған линолеумді машинадан түсіруге қатысу.

387. Білуі тиіс:

ағаш клишенің көмегімен қолдан таңба салатын станоктарда линолеум төсеніштерін немесе жазықбасатын машиналарда терең және ротациялы теру машиналарында линолеум төсенішіне суретті басу технологиясының негізі, басатын бояудың құрамы, линолеумді төсемдер мен кілемдерге қойылатын талаптарды.

Параграф 2. Линолеумда таңба басушы, 4-разряд
388. Жұмыс сипаттамасы:

Жібектеу тәсілімен линолеум төсенішіне суретті басу. Басатын станокты жұмысқа дайындау және икемдеу, оюлы және раклялы раманы дайындау. Басатын бояуды фильтрлау. Орайтын құрылғыға линолеуммен бобинды орнату, төсенішті басатын үстелге тиеу және тарту. Рамаға басатын бояуды құю, оны біркелкі етіп жаю және линолеумға суреті бар жібек кілемше арқылы қолдан басу. Басылған линолеумді бағыттайтын білікшемен кептіретін камераға, залдарға кіргізу және ригельдерге жаю. Басылмның сапасын, тазалығын және тордың дұрыстығын және басу кезінде боядың басылым құрамының қайтадан қалпына келуін қадағалау. Кептіргішке тиегеннен кейін оны герметизациялау, буды жіберу және кептірудің режимін бақылау. Илегіштерді тазарту және жуу. Біліктілігі жоғары басушының басшылығымен пленканы және линолеумді терең басумен басу операциясын жүргізу. Барлық блоктайтын құрылғылардың, дабылқақыштардың, өрт сөндіру жүйеснің дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Басатын валдарды жуу, басатын бояуларды басатын секцияларға жіберу және поливинилхлорид пленкасымен бобиндарды машинаның орайтын құрылғысына жіберу және оларды орнату. Баспаның, бояуды жағудың, температуралы режимдерді, қысымды, кілемшені созудың сапасын, бөлменің ылғалдылығын бақылау. Жабдыққа күтім жасау. Терең және ротациялы баспаның машиналарын нұсқаулыққа сәйкес қызмет көрсету және жұмыса қосу, тоқтату, оның жұмысындағы ақаулықтарды табу және жою, жабдықты жөңдеу жұмыстарына дайындау және оны жөңдеу жұмыстарынан қабылдау.

389. Білуі тиіс:

пленканы басу технологиясы- басу технологиясының негіздері-терең басу тәсілімен, жабдықтардың құрылғылары мен жұмыс принциптерін, бақылау өлшеу аспаптарын қолдану ережелерін, жылытутехникасының негіздері, линолеумға басудың сапасы мен қолданылатын маетиалдарға қойылатын талаптарды.

Параграф 3. Линолеумда таңба басушы, 5-разряд
390. Жұмыс сипаттамасы:

Басатын машинаны жұмысқа дайындау: клишені орталықтандыру, линолеумнің төсемін ілеспелі қозғалу механизмдерін реттеу, клишені тиісті бояумен жағу және оларды төсемшеге белгілеу. Линолеумнің төсемін басатын машинаға толассыз тиелуін, астаулардың бояумен жүйелі толтыруларын бақылау. Машинаның жұмысындағы ақауларды жою. Олардың линолеумға жағылуының ілеспелілігіне сәйкес дөңгелететін үстелде бояулардың дұрыс жағылуын қадағалау. Ою-өрнек салу. Жүк көтеретін машинаның, жерлендірген машинаның дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Бастын машинаны икемдеу және реттеу, регламентке сәйкес технологиялы процессті жүргізу. Дайын өнімге құжаттарды дайындау, технологиялы журналды толтыру. Бригаданың мүшелерінің қауіпсіздік техникасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру және басылым өндірісінде қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету; басылған сурет сапасын бақылау. Технологиялық журналға жазу.


жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау