1
Коммерциялық емес
акционерлік
қоғам
АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА
ЖӘНЕ
БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ
Электрмен жабдықтау
және энергияның
жаңғыртылатын
көздері кафедрасы
ЭЛЕКТР АППАРАТТАРЫ
5B071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін
дәрістер жинағы
Алматы 2018
2
ҚҰРАСТЫРҒАН: М.Ж.Жантурин. Электр аппараттары. 5B071800 –
Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін
дәрістер жинағы
-
Алматы: АЭжБУ, 2018. - 63 б.
Электр аппараттары пәнінің
дәрісте
р
жинағы
нда электр аппараттардың
теориясынан,
құрылысы мен жұмыс істеу принципі туралы мәліметтер
бер
ілген.
Студенттерге электр энергиясын өндіру, жеткізу, тарату және
тұтынушыға дейінгі пайдаланылуда қолданылатын электр жабды
қтар
мен;
оның тағайындамасымен, негізгі сипаттамаларымен, сонымен бірге пайдалану
аумағы, құрылымдық орындалуымен таныстыру мақсаты қойылған.
Без.29, кесте 9, әдеб. көрсеткіш.-12 атау.
Пікір жазған: доцент Б.К.Курпенов
«Алматы энергетика және байланыс университетiның» коммерциялық
емес акционерлік қоғамының 2018 ж. баспа жоспары бойынша басылады.
© «Алматы энергетика және байланыс университеті», 2018 ж.
3
Мазмұны
1 дәріс. Кiрiспе. Электр аппараттарыны
ң классификациясы және
олар
ға қойылатын талаптар................................................................................
4
2 дәріс. Электр аппараттардағы электр динамикалық күштер........................9
3 дәріс. Электрлі құрылғылардың қызуы..........................................................12
4 дәріс. Электрлік түйіспелер.............................................................................15
5 дәріс. Аппараттардың электрмагнитт
і
к механизмдер
і................................. 18
6 дәріс. Электрлік доға........................................................................................ 21
7 дәріс. Автоматты емес және
автоматты ажырат
қыштар.............................. 25
8
дәріс.
Са
қтандырғыштар. Резисторлар, реостаттар және
контроллерлер…...................................................................................................30
9 дәріс. Контакторлар мен
қ
ос
қ
ыштар..............................................................36
10 дәріс. Реле........................................................................................................39
11 дәріс. Жоғары вольтты ажыратқыштар........................................................44
12 дәріс. Айырғыштар.
Қысқа тұйықтағыштар мен
бөлгіштер.......................49
13 дәріс. Ток шектеуіш реакторлар. Разрядниктер...........................................54
14 дәріс. Ток және кернеу трансформаторлары................................................58
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................63
4
1 дәріс. Кiрiспе. Электр аппараттарының классификациясы және
оларға қойылатын талаптар
Д
әрicтi
ң мақсаты: электр аппараттардың қолданатын саласын,
арналуын, классификациясын және оларға қойылатын талаптарын
студенттерге жеткiзу.
Электр аппараттары – бұл электр
тұтынушыларды
және
қуат көздерді
басқару үшін,
сондай-ақ
электр энергияны
пайдалану арқылы электрлілік
процестерiн басқару үшін
арналған
электротехникалық құрылғы.
Басқаша айтқанда - бұл электр тізбектерді қосу және өшіру үшін, электр
энергияны
беруге, түрлендіруге, бөлуге және тұтынуға арналған электр
қондыр
ғыларды
бақылау, өлшеу, қорғау, басқару мен реттеуге
арналған
электротехникалық құрылғы.
Электротехникалық құрылғылардың
жұмыс тәртібі:
- номиналды жұмыс тәртібі параметрлері - бұл ретте электр тізбек
элементі жұмыс істеген кезінде оны
ң
ток, кернеу, қуат мәндері техникалық
паспортында көрсетілген мәндеріне сәйкес келеді. Ол дегенiмiз, үнемділік
және
сенімділік бойынша е
ң
тиімді жұмыс істеу жағдайына сәйкес;
-
қалыпты жұмыс тәртібі – жұмыс тәртібі номинады жұмыс
тәртібінен шамалы айырмашылығы болу.
Апаттық режим -
бұл ретте ток, кернеу, қуат параметрлері
номиналды
параметрлері
нен екi есе және одан жоғары болуы. Бұл жағдайда объект
ажыратылуы тиіс.
Электр аппараттарының классификациясы.
Зерттеуге ыңғайлы болу үшін электр аппараттары әртүрлі белгілері
бойынша классификацияланған:
а) қолданысына байланысты электр аппараттары келесі топтарға
жіктеледі:
- коммутациялық – электр тізбектерін қосуға және өшіруге арналған;
- қорғағыш - электр тізбектерін қысқа тұйықталудан және басқа
қалыпты емес тәртіптерден, асқын жүктемелерден қорғауға және ажыратуға
арналған;
- іске қосуды реттеуші – электр машиналарының жылдамдығын
қадағалауға және іске қосуға арналған.
- бақылаушы (реле) - электр тізбектерінің берілген параметрлерін
бақылауды іске асыруға арналған;
- реттеуші - электр тізбектерінің немесе жүйелерінің берілген
параметрлерін үзіліссіз қадағалау және тұрақтандыру үшін арналған;
б) жұмыс істеу принципіне қарай аппараттар түйіспелі және түйіспелі
емес болып бөлінеді.
Біріншілерінің жылжымалы түйіспе бөлігі болады және басқарушы
тізбекке әсер ету осы аппараттардың тұйықталуы және ажырауы арқылы іске
асады.