Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 2,08 Mb.
бет7/11
Дата14.05.2018
өлшемі2,08 Mb.
#12615
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

53. Қайталайтын агрегаттың машинисі
Параграф 1. Қайталайтын агрегаттың машинисі, 2-разряд
299. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі жоғары машинисің басшылығымен негізгі поливинилхлоридті линолеумнің төсенішін көпіртілген поливинилхлоридтан кеуекті негізбен қайталау және көпіртілген массаны сұйықтату. Бобинды линопормен құрылғыға тасып жеткізу, бобиндарды орау, төсемнің пішімін жуандық бойынша бірлестіру, бобиндарды кронштейнге тиеу және төсемді тиейтін құрылғының тетігіне тиеу.

300. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмыс мақсаты, жұмыс тәсілдері, линопор өндірісі бойынша құрылығыны дайындау ережесі, сұйықтату технологиялық процесін, жабдықтардың жұмыс принципін, қондырғыларды жөңдеу ережелерін.

Параграф 2. Қайталайтын агрегаттың машинисі, 3-разряд
301. Жұмыс сипаттамасы:

Жартылай фабрикаттарды қайталау процессін жүргізу - біліктілігі жоғары машинисің басшылығымен толассыз қайталайтын агрегаттарда көпқабатты поливинилхлоридті линолеумының монолитті төсемін астыңғы, ортанғы, үстінгі пленкаларын.

Қосалқы жабдықты дайындау және жұмысқа икемдеу: тиейтін, илейтің және орайтын құрылғыларды, көлдеңен және тігінен кесетін механизмді, көлік құралдары және жабдықтары. Илеу, дубляждау, суыту және орау топартарына қызмет көрсету. Металды сетканы ауыстыру, барабанды және тросты торшаны тазартуға және көлік лентасын дубльдауға қатысу.

302. Білуі тиіс:

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы, қайталау, жатқан пленкаларды таңбалау технологиялық процесі және олардың құрамы, өнделіп жатқан материалдардың түрі және олардың белгіленуі, дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар.

Параграф 3. Қайталайтын агрегаттың машинисі, 4-разряд


303. Жұмыс сипаттамасы:

Жартылай фабрикаттарды қайталау процессін жүргізу - астыңғы, ортанғы және үстінгі қабаттағы пленкаларды толассыз қайталайтын агрегаттарда. Қысатын лентаның агрегатын икемдеу, қайталайтын барабанның, гидрожүйе, салқындататын құрылғы және бақылау-өлшеу аппаратурасын жұмысқа дайындау. Тетікті калибрлеу, температураны, қысымды және жылдамдықты дайын өнімнің және қайталап жатқан пленканың маркасы мен түріне байланысты таңдау. Жабдықтың ілеспелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Пленканы тиеудің ілеспелілігін және оларды толассыз агрегаттың тетігіне жіберілуін қадағалау. Қайталайтын барабанның және салқындататын құрылғының қайталайтын температурасын, қысатын лентаның жұмыс қысымын, дубльдайтын барабанның айналу жылдамдығын, бақылау-өлшеу құрылғыларының көрсеткіші бойынша циклдың жалғасуы процессін бақылау және реттеу. Метал сетканы ауыстыру, барабанды тазарту және көлік лентасын қайталау.

304. Білуі тиіс:

қайталайтын агрегаттың және бақылау-өлшеу аппараттарының құрылымы және дайындау ережесі, қайталаудың технологиялық процесі, өнімнің әртүріне арналған агрегаттың технологиялық жұмыс режимі, дайын өнім сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 4. Қайталайтын агрегаттың машинисі, 5-разряд
305. Жұмыс сипаттамасы:

Жылы негізсіз және баслым пленкасыз негізсіз линолеумді қайталау немесе жартылай қатты поливинилхлоридті пленкаларды толассыз қайталайтын агрегатта қайталау процессін жүргізу. Рулондардың шеттерін болып жатқан процесстің толассыздандыруын қамтамасыз ету үшін мерзімді қосып тұру. Валдардың жылу температурасын, қайталайтын барабанның қысымен, линолеумнің төсемдерінің жылдамдығын және тартылуын пультпен басқарылатын бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен бақылау және реттеу. Агрегирлайтын жабдықтың ілеспелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Шығарылып жатқан өнімнің сапасын анықтау үшін сынамаларды іріктеп алу. Өндіріс журналында жазба жасау.

306. Білуі тиіс:

конструктивті ерекшеліктері, агрегаттың және бақылау-өлшеу аппаратының құрылысы және икемдеу ережесі, қайталаудың технологиялық режимі, қайталайтын материалдардың түрлері, маркалары және құрылымы және олардың технологиялы процесстің параметрлеріне тигізер әсері, өнімнің сапасын анықтау тәсілі, механизмдердің жұмысындағы ақаулықтың себептері және олардың алдын-алу.

54. Иондаушы машинаның машинисі
Параграф 1. Иондаушы машинаның машинисі, 3-разряд
307. Жұмыс сипаттамасы:

Разряді жоғары машинисің басшылығымен иондаушы машинда пленканы өңдеу технологиясын жүргізу. Разряді жоғары машиниспен біреге машинаға пленканы салу. Бақылау-реттеу құралдарының көрсеткіштерін бақылау, пленканы жапсыру. Пленканы рулонға біркелкі оралуын тексеру. Разряді жоғары машиниспен бірге машинадан роликті шешу.

308. Білуі тиіс:

пленканы өңдеудің технологиялық процесі, иондаушы машинаның құрылымы, бақылау-реттеу құрылғыларын пайдалану ретін, пленканы өңдеуге қойылатын талаптар.

Параграф 2. Иондаушы машинаның машинисі, 4-разряд
309. Жұмыс сипаттамасы:

Иондау машинасында пленканы өңдеу процессін жүргізу. Бақылау-реттеу құрылғыларын бақылау. Өңдеудің сапасын тексеру және оның белгіленген пленка сапасымен сәйкес болуын тексеру. Талдауға сынама іріктеу. Пленканы жапсыру. Машинадан пленканы роликпен бірге ағыту.

310. Білуі тиіс:

пленканы өңдеудің технологиялы процессі және оны реттеу ережесі, иондаушы машинаның құрылымы, бақылау-реттеу құралдарымен пайдалану ережесі.

55. Микструдердің машинисі
Параграф 1. Микструдердің машинисі, 3-разряд
311. Жұмыс сипаттамасы:

Микструдерда поливинилхлоридты пленканы өңдеу үшін ертінді дайындау. Біліктілігі жоғары машиниспен бірге жабдықтың техникалы түзулігін және оның жұмысқа дайындығын тексеру. Каландрды ертіндімен уақытылы сіңірілуін, оның біліктің тетіктерінде жайылуын бақылау. Микструдердің сыртқы және ішкі бөлшектерін тазарту және майлау.

312. Білуі тиіс:

ертіндіні дайындаудың технологиялы режимі, устройство микструдердің, бақылау-реттеу құралының құрылымы, дайын өнімнің сапасына қойлатын талаптар.

Параграф 2. Микструдердің машинисі, 4-разряд
313. Жұмыс сипаттамасы:

Микструдерда поливинилхлоридты пленоканы дайындау үшін ертінді дайындау. Жабдықтың техникалы дұрыстығын тексеру, картердағы майдың барын тексеру. Микструдерді аймақтар бойынша технологиялы режимге сәйкес қажетті температураға жеткізіп жіберу. Ертіндіні дайындау процессі. Жабдықтың жұмыс істеуін, құрылғылардың көрсеткіштерін, температуралы режимді, микструдердің астыңғы шнегіне ертіндінінің біркелкі жетуін, филерден шығу және каландрға білікшені жіберу барысында ертіндінің сапасын тексеру. Технологиялы процестің жүру барысын бақылау. Мөлшерлеуішке ертіндіні беруді, ассортименттің, рецептураның өзгеруінде микструдердің параметрлерін реттеу. Жабдықты майлауда және жөңдеу жұмыстарын жасауға қатысу.

314. Білуі тиіс:

ертіндіні дайындау технологиялы режимі, жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы және жұмыс мақсаты, ерітінді сапасына қойылатын талаптар.

56. Өзі жабысатын пленка құрылғысының машинисі
Параграф 1. Өзі жабысатын пленка құрылғысының машинисі, 4-разряд
315. Жұмыс сипаттамасы:

Желім қабатын жұмсақ поливинилхлоридті пленкаға жағу, қағазды силикондау және дубльдау немесе қатты поливинилхлоридті қатты өрнектелеген пленка-төс етегін пленкамен арнайы құрылғыда біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен технологиялы процеске кіріспе. Желімді жағу, қағазды силикондау және дубльдау режиміне немесе пленка-төс етегін пленкамен электрнды және басқада бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін бақылау. Пленканы және қағазды тарту, силикон ертіндісінің желімнің емкосттағы қалыпты мөлшерін, силиконның қағазға және желімнің пленкаға біркелкі жағылуын, кептіру камерасының температурасына, қағазды дәл дубльдау немесе пленка-төс етегін жабысқақ пленкамен, өзі жабысатын пленканы рулонға оралуын тексеру.

316. Білуі тиіс:

әртүрлі маркалы желімнің жағылуын және қағазды силикондау технологиялы процессі, электрнды және басқада бақылау-өлшеу жабдығтарының құрылымы, орнатылуын, кептіретін камерадағы температураны реттеу ережесі, өзі жабысатын пленка сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Өзі жабысатын пленка құрылғысының машинисі, 5-разряд
317. Жұмыс сипаттамасы:

Өзі жабысатын пленканы өндіретін жабдықта қызмет көрсететін жұмыскерлердің жұмысын белгілеу, басшылық жасау, процесті өткізу. Пленканың әртүріне оңтайлы режимді іріктеп алу. Желімді жағу, қағазды силикондау және дубльдау немесе пленка-төс етегін пленкамен бақылау-өлшеу жабдығының көрсеткіштері ьойынша бақылау және реттеу. Журналда жазба жүргізу.

318. Білуі тиіс:

өзі жабысатын пленка дайындау процесінің технологиясын, жабдықтар құрылғысы мен жұмыс принципін, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережелерін, қағаз, пленка, желім және силиконды ерітінді қасиеттерін, дайын өнім сапасына қойылатын талаптар.

57. Экструдер машинисі
Параграф 1. Экструдер машинисі, 2-разряд
319. Жұмыс сипаттамасы:

Разрядсе жоғары экструдер машинисінің басшылығымен ППО-12, ППО-29, ППО-30, ППО-31 орташа күрделікті профильдерді дайындау. Экструдерді жөнге салу. Құрылымды дайындау. Экструдерлеу технологиялы режимін реттеу. Дайындалған материалдарды опалау үшін сода немесе тальк дайындау. Экструзия процессінде пленканы опалау. Белгіленген орынға дайын материалдарды тасымалдау. Экструдер механизмін тазарту және майлау.

320. Білуі тиіс:

экструдирлеу процессінің негізі және оны реттеудің ережесі, негізгі және қосалқы жабдықтың құрылысы және жұмыс мақсаты, көтеру-тасымалдау механизмдерімен жұмыс істеу ережесі, қарапайым профильдер сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Экструдер машинисі, 3-разряд
321. Жұмыс сипаттамасы:

Экструдерлерде орташа күрделі профильді ППО-10, ППО-11, ППО-16, ППО-27 немесе пленка құбырын және қабатты материалдарды дайындау, жасанды жіпті және полихлорвинилды, полистирольды, полиэтиленды және басқада қосылыстардан талшықтарды разрядсі жоғары экструдер машинисінің басшылығымен дайындау. Экструдерді жөнге келтіру. Құрылымды дайындау. Экструдерлеу технологиялы режимін реттеу. Дайындалған материалдарды опалау үшін сода немесе тальк дайындау. Экструзия процесінде пленканы опалау. Сода және тальк (диірмен, кептіретін шкаф) дайындайтын жабдықты қызмет көрсету. Орайтын барабанды, шатнгті ауыстыру. Белгіленген орынға дайын материалдарды тасымалдау. Өлшеу. Затбелгілерін безендіру. Экструдер механизмін тазарту және майлау, технологиялық журналға жазу.

322. Білуі тиіс:

экструдирлеу процессінің негізі және оны реттеудің ережесі, негізгі және қосалқы жабдықтың құрылысы және жұмыс мақсаты, қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау ережесі, көтеру-тасымалдау механизмдерімен жұмыс істеу ережесі, өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 3. Экструдер машинисі, 4-разряд
323. Жұмыс сипаттамасы:

Экструдер және экструзиялы автоматты роторлы желіден полихлорвинилді, полистиролды, полиэтиленді және тағы басқа қосылыстардан күрделі қималы (қуыс, монолитті, жалпақ, гофрирлі ППО-4, ППО-21, ППО-23, ППО-24, ППО-25) профиль, декоративті жапсырма, табандар, пленка және одан парақ, жасанды жіп және талшық, 110 мм диметрге дейін құбыр және тағы басқа да өнімдер жасау. Экструзияға материал дайындау және оны экструдерға мерзімді салып тұру. Экструдерді жұмысқа дайындау: тазарту, қалпақшасын жәнен филерын орнату, тетеіктің қалпақшасын жөнге салу, цилиндрдің аймағын және қалпақшаны қажет температураға дейін қыздыру.

Біліктілігі жоғары машинисің басшылығымен экструдер агрегаттын белгіленген параметрлерге келтіру: экструдерді, үрлейтін, кесетін және қабылдап-орайтын құрылғыға, салқындату жүйесіне, бақылау-өлшеу аппараттары. Құрылғы мен құралдарды дайындау.

Біліктілігі жоғары машинисің басшылығымен экструдер агрегаты мен экструзионды роторлы жүйені ілеспелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету: шнектің айналымын реттеу, үрленуін, материалдың қалыңдығын, қабылдау-орау және кесетін материалдың жұмысын реттеу.

Бақылау-өлшеу құрылғыларының белгіленген технологиялы режимін бақылау. Дайындалып жатқан материалдың сызба және үлгіге сай екендігін мерзімді тексеру. Бобин сызбасы орайтын құрылғы мен дайын бұйым және дайын өніммен. Өлшеу. Таңбалау. Қоймаға немесе ақаулы деп тануға, сорттауға және орауға тапсыру.

324. Білуі тиіс:

экструзияның технологиялы режимі, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және конструктивті ерекшелігі, қосалқы жабдықтың, әмбебап және арнайы құрылғының белгіленуі, бақылау-өлшеу жабдығы және құралдарының белгіленуі және пайдалану ережесі, етріндіге қойылатын талаптар, өнделіп жатқан ертіндінің физико-химиялы құрамы, шығарылатын материал мен өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 4. Экструдер машинисі, 5-разряд


325. Жұмыс сипаттамасы:

Әртүрлі конструкциялы Экструдер және экструзиялы автоматты роторлы желіден полихлорвинилді, полистиролды, полиэтиленді, полиамидті және тағы басқа қосылыстардан, өте күрделі қималы ППО-1, ППО-3, ППО-17, ППО-20 тектес профильдер (қуыс, монолитті, жалпақ, гофрирлі) профиль пленкаларынан , 110 мм-ден жоғары 500 мм диаметрге дейін құбыр және күрделі профильденген өнімдер, қалыңдығы 1 – 5.0 мм виниплас парақтарын, көркем бұйымдар, 50 ден 200 мк дейін қалыңдықта электрнды басқарумен автоматты жүйеде поливинилхлоридтан, полистиролдан жасанды талшық жасау. Білікілігі төмен машинисердің жұмысын басқару және жұмысты үйлестіру. Экструдердің агрегатын, экструзиялы роторлы автоматты желілерді берілген технологиялы режимге салу. Агрегатты қосу және сөндіру. Агрегаттың механизмдерін ілеспелі жұмыс істеуге ыңғайлау. Экструзияның термоөңдеуінің биоксалды бағдарлы процесін және пленкадан өнім өндіруін басқару пультімен басқару. Өнделіп жатқан өнімнің сапасына қойлатын талаптар. Дайындалған материал мен өнімнің партиясына паспорт толтыру.

326. Білуі тиіс:

әртүрлі қосылыстағы әртүрлі материалды экструзиялау технологиясы, агрегатқа кіретін барлық механизмдерді эксплуатациялау ережесі және құрылымы, конструктивті ерекшеліктері, агрегатқа қуат беру сызбасы, берілген параметрлерге механизмдерді келтіру ережесі, дайын өнімге техникалы жағдай.

Параграф 5. Экструдер машинисі, 6-разряд
327. Жұмыс сипаттамасы:

Изотопты жуандықөлшеуішпен және теледидарлы құрылғымен жабдықталған автоматтандырылған экструдерларда 30 дан 200 мк дейін жуан пленка, димаетрі 500 мм асатын құбырларды дайындау. Біліктілігі төмен машинисердің жұмысын үйлестіру және басшылық жасау. Экструдер агрегатын белгіленген технологиялы режимге қосу. Агрегатты қосу және сөндіру. Агрегаттың механизмдерін ілеспелі жұмыс істеуге ыңғайлау. Экструция процесін басқару пультімен басқару. Өндіріліп жатқан өнімнің сапасын тексеру. Өндіріліп жатқан өнімнің партиясына паспорт толтыру.

328. Білуі тиіс:

әртүрлі қосылыстағы әртүрлі материалды экструзиялау технологиясы, агрегатқа кіретін барлық механизмдерді эксплуатациялау ережесі және құрылымы, конструктивті ерекшеліктері, агрегатқа қуат беру сызбасы, берілген параметрлерге механизмдерді келтіру ережесі, дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандартар мен техникалық талаптар.

329. Орта кәсіби білім талап етіледі.

58. Мәтін құйма қалыптарын теруші


Параграф 1. Мәтін құйма қалыптарын теруші, 2-разряд
330. Жұмысқа сипаттама:

Біліктілігі жоғары терушінің басшылығымен мәтін құйма қалыптарын теру бөлек операцияларын орындау. Автоматты дайындау-автоматтың (шпинделдің қозғалысында, айналатын механизмдер және тағы басқа) бөлек тораптарына дұрыстығын құр жүрісте байқап тексеру. Лента, мата, кассета және құралдарды дайындау. Машинаға мата летасын салу. Кассетаны мөр ұясына салу, кассетаны тіреуішке дейін көтеру, айналуды есептеуіш құралға қосу. Шеңберлерді теру процесін жүргізу. Теру аяқталғаннан кейін машинаны тоқтату, кассетаны түсіру ұядан мөрді алу. Келесі операцияға дайындау. Автоматтың сүртуге келетін бөліктерін тазарту және майлау.

331. Білуі тиіс:

лентаны салу тәсілі және мөрге лентаны беру жылдамдығын реттеу, автоматтың құрылысы және дайын өнімге техникалы шарттар.

Параграф 2. Мәтін құйма қалыптарын теруші, 3-разряд
332. Жұмыс сипаттамасы:

Мәтін құйма қалыптарын автоматта теру процесін жүргізу. Автоматты дайындау - автоматтың (шпинделдің қозғалысында, айналатын механизмдер және тағы басқа) бөлек тораптарына дұрыстығын құр жүрісте байқап тексеру. Лентаны мөрге жіберу режимін реттеу. Кассетаның дұрыс айналуын, гуммирланған білекке лентаны жіберу және есептеуіш құралдың көрсеткішін бақылау. Таразыда шеңберлерін теру қалыңдығын тексеру.

333. Білуі тиіс:

лентаны салу тәсілі және мөрге лентаны беру жылдамдығын реттеу, есептеуіш құралдың айналымынан терудің қалыңдығын анықтау, автоматтың құрылысы және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды.

59. Машинаны және пластмассадан өнім жасайтын автоматты

жүйелерді реттеуші


Параграф 1. Машинаны және пластмассадан өнім жасайтын

автоматты жүйелерді реттеуші, 4-разряд


334. Жұмыс сипаттамасы:

Үрлеу циклы кезінде өнімнің қабырғаларының қалыңдығын реттемей 9 литрға дейін қуыс өнімдерді өндіру үшін және облойды автоматты үзбейтін үрлейтін машиналардың жұмысын жөңдеу және дайындау; қарапайым және орташа күрделі бөлшектер мен пластикалы массалар өнімдерін ыстық пресстеу үшін престердің жұмыстарын жөңдеу және реттеу, әртүрлі көнструкциялы орташа және ірі модельді бірбұрымды экструзионды машинаның жұмысын жөңдеу және реттеу; пластикалы массадан өнім өндіретін роторлы желісінің бөлек агрегатына реттеу және ұсақ жөңдеу жұмыстарын жасау; литті машинаға (көлдеңен, тік, бұрышты) электрмеханикалы, гидравликалы немесе гидромеханикалы жетекпен орташа күрделі, астыңғы немесе үстіңгі итеру формасымен көпұялы форма орнату. Қалпақша қалыптастыратын және құрал қалыптастыратын формаларды ауыстыру және орнату. Жаңа қалыптарды сынау, қарау, байқау және жұмысқа қосу. Автоматты роторлы желінің бөлек агрегаттарының жұмысының технологиялы режимін жөңдеу. Жөңдеу жабдығында өнімді сынамалы дайындау. Қызмет көрсетілетін жабдыққа жөңдеу жұмыстарына қатысу және ұсақ ақауларды жою. Жабдықтың жұмыс бөлшектерін тазарту және жылтырату.

335. Білуі тиіс:

жабдықты жөңдеуде тәсілдердің ілеспелілігі, жұмыс шарты, технологиялы режим және қызмет көрсетіліп жатқан жабдықта өнімді өңдеу технологиясы, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және жұмыс мақсаты, қызмет көрсетелеп жатқан жыбдықты эксплуатациялау ережесі және нұсқаулығы, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың тораптарын және бөлімдерін реттеу және жинау-бөдшектеу, өнделіп жатқан материалдың құрамы мен құрылымы, бақылау-өлшеу құралдарының, темір ұстасының жұмысының, рұқсат және тігу жүйесінің белгіленуі және конструкциясы, тазалық және туралық классы, электртехника, механика, гидравлика негізі, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.

Параграф 2. Машинаны және пластмассадан өнім жасайтын

автоматты жүйелерді реттеуші, 5-разряд


336. Жұмыс сипаттамасы:

Үрлеу циклы кезінде өнімнің қабырғаларының қалыңдығын реттеумен 9- дан 60 литр дейін қуыс өнімдерді өндіру үшін және шеңберді автоматты үзбейтін үрлейтін машиналардың жұмысын жөңдеу және дайындау;

күрделі бөлшектер мен пластикалы массалар өнімдерін ыстық престеу үшін престердің жұмыстарын жөңдеу және реттеу;

пластикация, грануляция және әртүрлі өнімді экструзиялауға арналған көпбұрымды экструзионды (екі немесе төрт бұрымды) машинаның жұмысын жөңдеу және реттеу;

пластикалы массадан өнім өндіретін роторлы желісінің барлық агрегатына реттеу;

әртүрлі жетекті әртүрлі конструкциялы литті машинада күрделі жөңдеуді талап ететін, күрделі конфигурациялы ірі күрделі формалы лит өнімдері үшін форма орнату;

Қалпақша қалыптастыратын және құрал қалыптастыратын формаларды ауыстыру және орнату;

Электр жабдықты және жылыту автоматикасыны реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөңдеуден кейін сынамалы өнім дайындау. Қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың ағымдағыф жөңдеу жұмысына қатысу.

337. Білуі тиіс:

жабдықты жөңдеуде тәсілдердің ілеспелілігі, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты жинау және бөлшектеу тәртібі, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және жұмыс қағидасы, киноматикалы сызбасын және автоматты желінің барлық торабының өзара қарым-қатынасын, қызмет көрсетелеп жатқан жыбдықты эксплуатациялау ережесі және нұсқаулығы, шикізатқа және дайын өнімге техникалы жағдайы, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықта өнімді дайындаудың технологиялы режимі, физико-химиялы құрамы және өнделіп жатқан материалдардың құрылысы, бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі және конструкциясы, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың барлық бөлімдерін реттеу және жөңдеу тәртібі, темір ұстасы жұмысы, рұқсат және тігу жүйесі, тазалық және туралық классы, электртехника, механика, гидравлика негізі, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.

Параграф 3. Машинаны және пластмассадан өнім жасайтын

автоматты жүйелерді реттеуші, 6-разряд


338. Жұмыс сипаттамасы:

45000 кг жоғары форманы жабуды күшейтумен және электрнды құрылғылардың көмегімен өнімнің қалыңдығын реттеумен 60 литрдан жоғары емкость өнімдерін өндіру үшін үрлейтін машиналардың жұмысын реттеу және жөңдеу;

жөңдеу, реттеу және әртүрлі конструкциялы құбыр желілерін тегіс, гофрирлы құбыр және әртүрлі кескінді профильдердірінде сынау;

әртүрлі пленкалы шығару үшін күрделі конструкциялы пленкалы автоматтарды, станоктарды, агрегаттарды реттеу және жөңдеу;

күрделі конфигурациялы өнімді өңдеу үшін экструзиялы машинаны реттеу және жөңдеу;

екі түсті құйма машинасы және қуаты күшті машинада күрделі жөңдеуді талап ететін, ірі габаритті құйма формаларында бірнеше ажырайтын жалпақтықпен күрделі конфигурациялы құйма өнімі үшін форманы бегіту. Әртүрлі конструкциялы агрегатқа күрделі жөңдеуді талап ететін, ірі күрделі формаларды және қалыптастыратын қалпақшаларды орнату. Ысыту аймағын, қалпақшаларды қалыптастыратын температураны автоматты бақылайтын жүйені және салқындату жүйесін.

Пневмокөлік және басқада тасымалдайтын тораптардың жүйесін реттеу және жөңдеу; жаңа форманы әртүрлі машина түрлеріне сынау, талап етілетін дәлдікке форманы жеткізу, машинаны тексету, сынау және жұмысқа қосу, берілген өлшем, салмақтағы өнімді дайындау үшін машинаны дайындау және қайта дайындау. жабдықтардың кез келген жөңдеуіне қатысу.

339. Білуі тиіс:

машинаның секцияларын, агрегаттың және машинаның бөлек бөлшектерін реттеу және дайындау тәртібі, автоматталған сызықтың барлық тораптары өндірілетін материалдардың құрамы және құрылымы, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықта өнімді дайындау технологиялы режимі, бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі және конструкциясы, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою тәсілдері, шикізат пен дайын бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.

340. Орта кәсіби білім талап етіледі.

60. Пластмасс өнімдерін өңдеуші
Параграф 1. Пластмасс өнімдерін өңдеуші, 1-разряд
341. Жұмыс сипаттамасы:

Пластмасс өнімдерін жұмыс орнына жеткізу. Құйма қалдықтарын алдын-ала қысқышпен немесе пышақпен алу. Үгінді, үскір кромдарды тазарту, артық жиектерді, дәл мөлшерлерді талап етпейтін тік контурларды қолдан егеумен, пышақпен, зұмпарамен тазарту. Тарақтар мен ойыншықтардың бірігіп кеткен планшеттерін қол тәсілдері арқылы ажырату. Бұйымдарда тесіктерді тесу.

342. Білуі тиіс:

жұмыс тәсілдері, сыртқы түріне байланысты өндірілетін өнімдерге қойылатын талаптар.

Параграф 2. Пластмасс өнімдерін өңдеуші, 2-разряд
343. Жұмыс сипаттамасы:

Өнімді өңдеу, литниктарды жою, берілген өлшемге дейін кесу, фастарды шешу, сәйкес келетін жабдықты пайдаланып өнімді торовка бойынша кесу немесе өнімдерді станоктарда сызба және эскиз бойынша механикалы өңдеу (егеу, аршу, үгіту, тесу). Күрделі емес конфигурацияны үстіңгі бетіне ақау қалдырмай үлгі бойынша өнімді өңдеу.

Тесу және артық жиектерді, гратты, тұтқаларын, тесіктерді айқары ашу, сәйкес жабдықты (арнайы токарлы, тесетін, фрезерлі станктарды «Бодей») пайдаланып заттың үстіңгі бетін өңдеу, галтавты барабанда артық жиектерді жиектеу, зұмпара дөгелегінде немесе металды тұтас шайбада өнімнің үскір кромок тазарту, кедір-бұдырды және қиықтарды қолдан зұмпара қағазымен немесе тегістеуішпен түзету және жылтырататын паста немесе әртүрлі тегістеу ұнтағын пайдаланып тері, фетровты, мауытты, мақталы шайбаның көмегімен өнделіп жатқан өнімнің үстің жылтырату немесе целлулоидты пластинаны қорапқа жинау, қорапты преске салу және целлулоидты сорттап бөліп сүрту. Өнімді сынау үшін үлгілерді қию. Кесу режимін және технологиялы процессті таңдау. Станоктарды жөңдеу және реттеу, кесетін және өлшейтін құралды дайындау. Дайындаманы орнату және бегіту. Заттың өңделіп жатқан бетінің сапасын және өнімнің конфигурациясын бақылау. Станоктарға ұсақ жөңдеу жұмыстарын жасау.


жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау