251. Білуі тиіс:
құюдын технологиялы режимі, құятын материалдарға қойылатын талаптар, құятын машиналардың құрылымы және жұмыс қағидасы, құюдын режимін анықтау тәсілдері, бақылау-өлшеу құралдарымен пайдалану ережесі, құю материалдары мен дайын өнімдерге қойылатын техникалық талаптарды.
252. Жұмыс үлгілері:
Құю:
Ірі және күрделі пішін: тығын, гайка, шкаф және полкалар есіктері, педальді шелек корпусы, қақпақ, себеттер, пышақ пен айырға арналған тартпа, плафон, душ шілтерлері;
Музыка құралдарының бөлшектері (гриф, резонаторлар, басовые жапсырмалар, кларнеттің және саксофонның мундштуктар және тағы басқа);
Үстелді-тұрмыстық және декоративті мүсіндер, көркем кәдесыйлар, мүсіндер, фурнитура (түймелер, тоқымалар, әшекейлер);
Техникалық бұйымдар:
басқару білікшелері, ұстағыш, шағылдырғыш.
Параграф 3. Пластмассаларды құюшы, 4-разряд
253. Жұмыс сипаттамасы:
Қысыммен құятын машиналарда (термопласавтоматты) әртүрлі ірі габаритті өнімдерді немесе пластмассадан бөлшектерді, күрделі конфигурациялы бөлшектерді және өнімдерді күрделі көпұялы немесе азұялы пресс-формаларды пайдаланып арматураны пресстеп, түсірілім белгілермен, сонымен қоса қысыммен құятын машиналарда көркем өнімдерді және декоративті-қолданбалы өнердің туындысын, күрделі формалы портретті мүсінді, суретшінің эскизі немесе моделімен түсті таңдауда және өте күрделі шебер өнделген композициялы бөлшекті шұғыл қозғалыстағы адамдар мүсінің құю. Берілген рецепт бойынша құятын материалдарды дайындау. Құюдын берілген режиміне машинаның барлық механизмдерін икемдеу. Машинаны аймақтар бойынша қыздыру. Технологиялы карта бойынша құюдыңрежимін және технологиялы бірізділігін бегіту. Сынама үлгілерді дайындау және машинаны автоматты режимге қосу. Бақылау-өлшеу құралдары арқылы құюдың бегітілген режимін бақылау. Арматураның пресс-формаларын және көркемдеуші белгілерді ұяларына қою. Формаларды бөлшектеу, өнімдерді шешу, раковиналарды істеу. Құятын машинаның жұмысындағы ақауларды жою. Пресс-формаларды тазарту және майлау.
254. Білуі тиіс:
құюдың технологиялы режимі, әртүрлі құятын машиналардың құрылымы және жұмыс мақсаты, пресс-формалардың барлық түрімен жұмыс істеу ережесі, құятын машиналардың құрылымы және белгіленуі, электржылытқыштың, коммуникацияның сызбасы, түстанудың негіздері, пресс-формаларды құру және бөлшектеу ережесі және тәсілдері, материалдардың шөгу себептері, дайын өнімдерге қойылатын талаптар.
255. Жұмыс үлгілері:
Декоративті күрделі вазалар (бес не оданда көп бөлшектен) - құю;
Ажыратқыш дайындау үшін қажет бөлшектер, магнитофон таспалары үшін счетчиктерді, қалақша тектес армирленген бұйымдар;
Бөлетін жол бөгеттері, көлемдері 12 литр, 15 литр және 30 литр шелектер мен шаралар, қоқыс контейнерлері, шаруашылық қораптары;
Күрделі мүсіндер, фурнитура, әшекейлер (түймелер, тоқымалар, әшекейлер, сәнді түйреуіш)- құю;
Үстелдер, орындықтар, сәкілер.
Параграф 4. Пластмассаларды құюшы, 5-разряд
256. Жұмыс сипаттамасы:
Қысыммен құятын машиналарда немесе шрифтоқұятын машиналарда ірікегельді әртүрлі күрделі ( титулды, афишалы, плакатты) орыс тіліндегі және латын-грек графиялы негізінде типорафиялы шрифтерді құю. Сызба және бақылау жетегімен барлық өлшемдер (ұзындық, литер, кегель, ұпайдың кемдігін, шрифтің сызбасын) бойынша 0,01 мм дәлдіктегі типографиялы шрифттерді жетегінің операциясын орындау. Құйылымның қалыңдығын құйылатын әріптің еніне байланысты бегіту, құйылымның қалыңдығын тексеру, көздердің үстің және құйғыштардың тазалығын бақылау-өлшеу құрылығыларының көмегімен сақтау: микрометрлер, индикаторлар, лекальды жетекті сызғыштың, ұзындықты плаштардың, ұзындықты анықтаушы литерлер, кегельді өлшейтін калибрлерді. Арнайы құрылығымен матрицалардың тығыздығын анықтау. Машиналарды жұмысқа дайындау. Технологиялы карта бойынша құюдың режимін анықтау. Қысымды, температураны, литті қалыпты және материалды, материалды жіберуді бақылау және реттеу. бегітілген техникалы режимнен ауытқуларды жою және алдын-алу. Өнімнің сапасын тексеру. Машинаны икемдеу, тазарту және майлау.
257. Білуі тиіс:
қысыммен құюдын технологиясын және режимін, типографиялы өлшеудің жүйесін, типографиялы шрифттердің стандарты, орыс, латын алфавиты, пластмасстың физико-химиялы және технологиялы құрылымы, құятын машинаның, пресс-форманың және бақылау-өлшеу құрылғыларының барлық тораптарын эксплуатациялау ережесі, типографиялы шрифттерді келтіру ережесі.
258. Жұмыс үлгілері:
Құю:
Балалар ваннасы, бақша жиһаз жиынтығы, көкөніс қораптары;
Газ құбырлары үшін диметрлері 32-ден 315 мм дейінгі фитингтер; канализациялық жүйелерге арналған фитингтер (үштіктер, бұрмалар, потрубкілер, бұрыштық, фланец тығындары);
Тұрмыстық электртехникалық бұйымдар үшін корпусты бөлшектер (кофе ұнтақтағышы, фен, кір жуғыш машина, тоңазытқыш және тағы басқа).
Параграф 5. Пластмассаларды құюшы, 6-разряд
259. Жұмыс сипаттамасы:
Аса күрделі пресс-формаларды қолдану арқылы ірі габаритті бұйымдарды микропроцессормен жабдықтармен жабдықталған техника жүйелерімен ротациалық құю мен құю машиналарындағы қысым арқылы (термопластавтоматтарында) құю. Суретшінің бастапқы үлгісіне немесе моделіне сәйкес аса күрделі композицияларды, адам фигурасын, портретті мүсіндер, аса күрделі пішінді декоративті-қолданбалы көркем бұйымдарды құю машиналарының қысымында құю. Пресс-формаларды дайындау және орнату. Берілген рецепттер бойынша, құю материалын дайындау. Құю машинасының механизмдерін баптау. Бағдарламалаушы бақылағышты, микро-,мини-электронды –есептеуіш машиналарды қажетті параметрлерге шығару. Арнайы тесттік бағдарламалар арқылы электрмеханикалық, гидравликалық және басқару жүйесінің жабдықтарын диагностикалау. Технологиялық бағдарламаларды түзету. Құю процесінің параметрлерін бақылау және реттеу: қысымды, температура, формасын және материал санын. Параметрлер ауытқушылықтарын алдын ала ескерту. Жабдық ақаулықтарын жою.
260. Білуі тиіс:
қысым астындағы құю процесінің технологиясын, әр типті құю машиналары мен микропроцессорлы техникадағы басқару жүйелерін пайдалану ережелерін, шикізат пен материалдардың физикалақ - химиялық және технологиялық қасиеттерін, бағдарламалау негіздерін, тесттік және технологиялық бағдарламаларды жүргізу тәсілдерін.
Пленканы аршушы
Параграф 1. Пленканы аршушы, 4-разряд
261. Жұмыс сипаттамасы:
Қалыңдығы бойынша +0,005 мм дәлдіктегі пленканың лентасын целлулоидттың цилиндрлі әзірлемелерін (блоктардың) аршумен немесе фторпластты - 4 және тағы басқа әртүрлі конструкциялы токарлы-аршушы станоктарда алу. Әзірлемелерді (блоктардың) жұмыс орнына әкелу. Станоктың ортасына блоктарды қысу. Пленканың беліленген қалыңдығына және дөңгелетудің коэффициентіне байланысты аршудың режимін бекіту және іріктеу.
Пленканы аршу: кесудің тұрақты желілі жылдамдығын қамтамасыз ету, арнайы барабанға кескішпен кесілетін пленканың лентасын ілеспелі оралуын қамтамасыз ету. Пышақ кескіштерді ауыстыру және орнату. Пышақтың кескіштерін қайрау. Алынған пленкадан сынама алу талдау үшін. Жабдықты қызмет көрсету. Өнімді дайындауды және қалдықтарды өлшеу және есептеу. Пленканы қоймаға тапсыру.
262. Білуі тиіс:
Сүргілеуді (лущения) режимі, өнделіп жатқан пластмасстың құрамы, әзірлемелерге (блоктарға) техникалы талаптар, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және жұмыс мақсаты, әмбебап және арнайы өлшейтін құралдармен пайдалану ережесі, дайын өнімге қойылатын техникалы талаптар, қалдықты және дайын өнімді есептеу ережесі, сынамаларды алу ережесі.
Полимерден контейнер өндіру бойынша
автоматты желінің машинисі
Параграф 1. Полимерден контейнер өндіру бойынша
автоматты желінің машинисі, 4-разряд
263. Жұмыс сипаттамасы:
Біліктілігі жоғары машинисің басшылығымен полимерден қапшықтарды және контейнерлерді автоматты желіде өндіру технологиялы процессін жүргізу. Автоматты желіні дайындау. Пленка және көшіретін матамен рулондарды ауыстыру. Пленканы және желім құрамды тиеу. Ораудың жылдамдығын бақылау, созудың разрядсін және жағылған желімнің қалыңдығын, желімді кептірудің температуралы режимі, түбін және клапанның калыптасуын бақылау. Желінің агрегатын икемдеу.
264. Білуі тиіс:
полимерден қапшық және контейнер өндіру процессінің технологиялы сызбасын, негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы, қолданылып жатқан материалдардың физико-химиялы құрамы, желінің тиісті тораптарына пленканы салу және орнату ережесі, алынатын шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптар.
Параграф 2. Полимерден контейнер өндіру бойынша
автоматты желінің машинисі, 5-разряд
265. Жұмыс сипаттамасы:
Автоматты желіде капшықтарды және контейнерлерді полимерден дайындау технологиялы процессін жүргізу. Процесті жүргізудің оңтайлы режимдерін таңдау. Технологиялы процестің параметрлерін және дайын өнімнің сапасын бақылау және реттеу. Бақылау талдауларының нәтижесі бойынша және бақылау-өлшеу құрылғыларының көрсеткіші бойынша автоматты желінің технологиялы процесін реттеу. Автоматты желінің жабдықтарының ілеспелі ұмыс істеуін қамтамасыз ету. Шикізаттың және дайын өнімнің шығының есептеу.
266. Білуі тиіс:
полимерден қапшық және контейнер өндіру процессінің технологиялы режимі және негіздері, жабдықтың және бақылау-өлшеу жабдықтарының құрылымы және белгіленуі, жабдықты икемдеу және барлық технологиялы режимдерді ілестіру, шикізатты және материалдарды үнемдеутәсілі және жұмыстың оңтайлы тәсілдері, дайын өнімге және қолданылатын материалдарға қойылатын техникалы талаптар.
50. Вакуумды-қалыптастыратын машинаның машинисі
Параграф 1. Вакуумды-қалыптастыратын
машинаның машинисі, 2-разряд
267. Жұмыс сипаттамасы:
Қаңылтыр немесе рулонды материалдардан сәл терең сығынды өнімдерді өндіретін вакуумды-қалыптастыру машинаны басқару. Машинаны дайындау және жұмысқа қосу. Бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен вакуум-қалыптастыру технологиялы режимін реттеу. Жабдықтың жұмыс істеуін және технологиялы процестің жұмыс барысын қадағалау. Керек жағдайда қалыптастырылған өнімдерді кесу. Өнімнің сапасын сыртқы түріне қарап анықтау. Өнімді салу.
268. Білуі тиіс:
вакуум-қалыптастыру технологиялы процесін, вакуум-қалыптастыру машинасының құрылымы және жұмыс қағидасы, шикізаттың құрылымы, ақаулардың түрлері оларды жоюдың тәсілдері, дайын өнімге қойылатын талаптар.
269. Жұмыс үлгілері:
Тұрмыстық банкаға арналған қақпақ - вакуум-қалыптастыру;
Кеңсе керек-жарағына және ас үй жабдықтарына арналған науа - вакуум-қалыптастыру.
Параграф 2. Вакуумды-қалыптастыратын
машинаның машинисі, 3-разряд
270. Жұмыс сипаттамасы:
Қаңылтыр немесе рулонды материалдардан орташа терең сығынды өнімдерді өндіретін вакуумды-қалыптастыру машинаны басқару. Бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен вакуум-қалыптастыру технологиялы режимін реттеу. Өнімнің сапасан тексеру. Жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.
271. Білуі тиіс:
вакуум-қалыптастыру технологиялы процесін, вакуум-қалыптастыру машинасының құрылымы және жұмыс қағидасы, вакуум-қалыптастыруда қолданылатын материалдардың құрылымы, бақылау-өлшеу құралдарымен пайдалану ережесі, қалыптастырылған өнімдердегі ақаулардың түрлері және оларды жою тәсілдері.
272. Жұмыс үлгілері:
«Радио- және электрконструкторлерге» панелдеріне арналған - вакуум қалыптастыру;
«Жас химик» панеліне арналған - вакуум-қалыптастыру.
Параграф 3. Вакуумды-қалыптастыратын
машинаның машинисі, 4-разряд
273. Жұмыс сипаттамасы:
Қаңылтыр немесе рулонды материалдардан үлкен терең сығынды өнімдерді өндіретін вакуумды-қалыптастыру машинаны басқару. Бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен вакуум-қалыптастыру технологиялы режимін реттеу және бақылау, өнімнің өлшемінің дәлдігін сақтау. Өнімнің сапасан тексеру. Жабдықтың жөңдеу жұмыстарына қатысу.
274. Білуі тиіс:
вакуум-қалыптастыру технологиялы процесін, вакуум-қалыптастыру машинасының құрылымы және жұмыс қағидасы, пресс-форманы орнату және ауыстыру, электржылытқыш және коммуникацияның сызбасы, өнделіп жатқан материалдардың құрылымы және белгіленуі, ақаулардың түрлері және оларды жою тәсілдері.
275. Жұмыс үлгілері:
Поливинилхлоридтты пленкадан қапталаған әзірлеме, қалыптасқан көбікполиуретантан өнімді өңдеуде жапсырма ретінеде пайдаланылатын - вакуум-қалыптастыру;
Ванна бөлмесінің жабдықтарына арналған шкафтың корпусы - вакуум-қалыптастыру;
Тоназытқыш есіктеріне арналған панель - вакуум-қалыптастыру.
Параграф 4. Вакуумды-қалыптастыратын
машинаның машинисі, 5-разряд
276. Жұмыс сипаттамасы:
Табақтық, рулонды материалдардан, сонымен қатар қатты поливинилді көпқабатты табақтардан қатты терең сорғыштықты ірігабаритті бұйымдарды әзірлейтін вакуумды-қалыптастыратын машинаны басқару. Арнайы компьютерлік бағдарламалар мен бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қолдана, вакуум қалыптастырудың технологиялық режимдерін бақылау және реттеу. Екі панельді жылыту процесін керамикалық инфрақызыл таратушы көмегімен реттеу. Дайын өнім сапасын бақылау. Жабдық ақаулықтарын жою.
277. Білуі тиіс:
ірі габаритті бұйымдарды вакуум қалыптау процесінің технологиясын, машиналар құрылғылары мен жұмыс принциптерін, электржылыту сызбасы мен коммуникациялардың орналасуын, пресс-формалар ауысымы мен орнату ережелерін, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережелерін, бағдарламалау негіздерін, компьютерде жұмыс жасау ережелерін, материал қасиеттері мен пайдалану ережелерін.
278. Жұмыс үлгісі:
Вакуум қалыптау:
шатыр үшін атша;
шатырды қаптау үшін қаңқаша.
51. Үрлейтін машинаның машинисі
Параграф 1. Үрлейтін машинаның машинисі, 2-разряд
279. Жұмыс сипаттамасы:
Пластикалы массадан қарапайым өнімдерді дайындау бойынша үрлейтін машиналарды басқару. Қарапайым үрленген қалыптарды орнату, шикізатты апару және бункерге тиеу. Бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен вакуум-қалыптастыру технологиялы режимін реттеу. жабдықтың жұмысын және технологиялы процестің жұмыс барысын қадағалау. Әзірленген өнімдерді алғашқы қолдан өңдеу. Өнімнің сапасын сыртқы түріне қарап бақылау.
280. Білуі тиіс:
үрлейтін машиналардың жұмыс мақсаты, жабдықты жұмысқа дайындау ережесі, ақаулардың түрлері және оны жоюдың тәсілдері.
281. Жұмыс үлгілері:
Әзірлеу:
велосипед май сауытының корпусы;
0,5 л ден сыйымды ыдыс.
Параграф 2. Үрлейтін машинаның машинисі, 3-разряд
282. Жұмыс сипаттамасы:
Пластикалы массалардан орташа күрделі өнімдерді әзірлеу бойынша үрлейтін машиналарды басқару. Орташа күрделі үрлейтін қалыптарды орнату. Қалыптардың тығыздығын тексеру. Бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен вакуум-қалыптастыру технологиялы режимін бақылау және реттеу. Өнімнің сапасын бақылау, жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.
283. Білуі тиіс:
режимдерді реттеу тәсілдері, үрленген қалыптарды орнату және ауыстыру ережесі, үрлейтін машиналардың құрылымы, бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі, өнімдерге қойылатын техникалы талаптар.
284. Жұмыс үлгілері:
Әзірлеу:
станоктарда механикалық өңдеуді қажет ететін бұйымдар (құты, өағаздар үшін себет, шашыратқыш бөшкесі);
бұрандасы немесе арматурасы бар цилиндрлі не өзге формалы бұйымдар;
сыйымдылығы 0,5 ден 2 литрге дейін күрделі сурет салынған ыдыс.
Параграф 3. Үрлейтін машинаның машинисі, 4-разряд
285. Жұмыс сипаттамасы:
Пластмасстан әртүрлі күрделі өнімді өндіру бойынша үрлейтін машиналарды басқару. Күрделі көпұялы қалыптарды орнату және ауыстыру. Берілген рецепт бойынша материалдарды дайындау. Берілген технологиялы режимге машиналарды икемдеу.
286. Білуі тиіс:
технологиялы режимдер, коммуникация сызбалары, әртүрлі үрлейтін машиналардың құрылымы және жұмыс мақсаты, қолданылатын материалдардың құрылымы және белгіленуі, ақаулардың себебі және оларды жою.
287. Жұмыс үлгілері:
Әзірлеу:
Жан тұтқалары, бұранда немесе арматурасы бар кез келген бұйымдар;
Механикалық өңдеуді қажет ететін бұйымдар: канистр, ауасүзгіш корпусы, бөшке;
Сыйымдылығы 2 ден 10 литрге дейін ыдыс.
Параграф 4. Үрлейтін машинаның машинисі, 5-разряд
288. Жұмыс сипаттамасы:
Пластмассадан өте күрделі өнімерді дайындау бойынша үрлейтін машинаны басқару және өнімнің қабырғаларының қалыңдығын электрнды құрылғылармен реттеу. Әртүрлі маркалы шикізаттың қоспасынан өнімдерді дайындау. Үрлеудің технологиялы режимін өзбетімен орнату. Берілген технологиялы режимге машинаның барлық тораптарын икедеу. Берілген рецепт бойынша шикізатты дайындау. Ағымдағы машинаның жөңдеу жұмысында бөлек операцияларды орындау. Техникалы процесстің картасына сәйкес өнімнің сапасын бақылау.
289. Білуі тиіс:
үрлеудің технологиялы процесі, машиналарды үрлеудің кинематикалы сызбасы, шикізатқа және өнімдерге қойылатын техникалы талаптар, бақылау-өлшеу құрылығылары және құралдармен пайдалану ережесі, қалыптарды эксплуатациялау ережесі, қызмет көсетіліп жатқан жабдықтың ақауларының себептері, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысындағы негізгі бұзылушылықтарды жоюдың тәсілі және түрлері, өнделіп жатқан материалдардың шөгу себептері, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды.
290. Жұмыс үлгілері:
Әзірлеу:
жан тұтқалары, бұрандасы, жанында тесіктері бар немесе шөркелі бұйымдар мен механикалық өңдеуді қажет ететін бұйымдар;
сыйымдылығы 10 литрден астам ыдыс.
52. Түйіршектелген пластикалы массаның машинисі
Параграф 1. Түйіршектелген пластикалы
массаның машинисі, 3-разряд
291. Жұмыс сипаттамасы:
Пластикалы массаларды (термопластарды) экструзионды шнек-машиналарда, түйіршіктеуіштерде, кесетін станоктарда түйіршіктеу технологиялы процесіне жүргізу. Біліктілігі жоғары машинисің басшылығымен шнек-машиналарды, түйіршіктеуіштерді және т.б.механизмдерді иекемдеу және жұмысқа қосуға дайындау. Моторларды, созылатын білікшелерді, кесетін станоктарды, вариаторларды тексеру және қадағалау. Тиейтін бункерге материалдарды дайындау және тиеу. Тиеліп жатқан материалдың саның реттеу. Суыту аймағына жіптердің біркелкі шығуын қадағалау. Жіптердің және түйіршіктердің салқындауын бақылау және реттеу. жіптердің үзілуін ликвидациялау. Жіптерді түйіршіктегішке салу және оларды созу. Технологиялы режимді жүргізу және реттеу: аймақтағы температуралар, шнектің, созатын валдардың айналу саны, пышақтардың айналу жылдамдығы, үрлеу үшін ауа берілу, лентаның температурасы. Түйіршіктелген пластмассты өлшеу және қаптарға өлшеп орау, тиеу. Механизмдерді тазарту және майлау. Жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою. Өндіріс журналында жазба жүргізу.
292. Білуі тиіс:
технологиялық процесс кезеңдерін, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылмы және жұмыс мақсаты, бақылау-өлшеу құрылғыларымен пайдалану ережесі, шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттар.
Параграф 2. Түйіршектелген пластикалы
массаның машинисі, 4-разряд
293. Жұмыс сипаттамасы:
Біліктілігі жоғары машинисің бсшылығымен екішнекті экструдерде түйіршіктелген пластикалық массаларды дайындау бойынша бөлек операцияларды орындау. Түйіршіктелген пластикалы массаларды (араластырғыш, диірмен, шнек-машина, түйіршектегіш, жылыту және салқындату жүйесі, алып беретін білікшелер және тағы басқа) дайындау бойынша технологиялы тізбекке кіретін барлық агрегаттарды икемдеу.
294. Білуі тиіс:
әртүрлі термопласты түйіршіктеу технологиялы процесі, әртүрлі термопласты түйіршіктеу, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және жұмыс мақсаты, бақылау-өлшеу құралдарымен пайдалану ережесі, шикізаттың технологиялы құрамы, шикізатқа және дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар және техникалық талаптар.
Параграф 3. Түйіршектелген пластикалы
массаның машинисі, 5-разряд
295. Жұмыс сипаттамасы:
Біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен сағатына 2 тонна немесе одан да көп пластикалы массаларды түйіршіктейтін екішнекті экструдерде технологиялы процессті жүргізу. Жабдықты жұмысқа дайындау. Ауаүрлегіштердің, желдеткіштердің, торшалардың, толқындатқыштардың дұрыстығын тексеру. Пышақтарды орнату және оларды берілген өлшемдегі түйіршіктерді дайындауға икемдеу. Бункерді шнекке ұнтақ беруге дайындау, мөлшерлеуіштердің дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Түйіршіктелген пластикалы массаларды дайындау технологиялы процессін жүргізу. Аймақтардағы температура режимін,экструзия жылдамдығын, толқындатқыш торларының түйіршіктеу және толқындатуын реттеу. Су, ауа, майларды берудің жылдамдығын және вакуумды-насосты реттеу. Шнекқа толассыз және біркелкі ұнтақты беруді қадағалау, пышақтардың жұмысын, майдың температурасын және қысымын және қосалқы механизмдердің (ауаүрлегіштердің, вакуумды және сулы насостардың және т.б.) жұмысын қадағалау. Дайын болған түйіршіктің сапасын көзбен тексеру. Түйіршіктеу кезінде негізгі тораптардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Тораптарды тазарту және тікендерді майлау. Дайын өнімді қоймаға тапсыру. Өндіріс журналында жазба жүргізу.
296. Білуі тиіс:
пластикалы массаларды түйіршіктеу технологиялы процессіне кіріспе, экструдер тораптарының және қосалқы механизмдердің құрылымы және белгіленуі, бөлек тораптарды реттеу режимдері және олардың жұмыс істеу ілеспелілігі, алғашқы алынатын материалдың және дайын өнімнің құрамы, әзірленген түйіршіктердің сапасы, алғашқы материалдардың және дайын өнімнің физико-химиялық құрамы, дайын өнім сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 4. Түйіршектелген пластикалы
массаның машинисі, 6-разряд
297. Жұмыс сипаттамасы:
Пролипропиленнің пластикалы массасын сағатына 2 тоннадан астам өндіріс беретін екішнекті экструдерлердің тобына жататын түйіршіктеу технологиялы процессіне кіріспе. Жабдықты, автоматика жүйесін және коммуникация жүйесін жұмысқа дайындау. Кесетін пышақтарды жөнге салу, орнату, түйіршіктің белгіленген өлшеміне сәйкес пышақтың жетегінің айналу ретін жөнге келтіру. Инертті газдың атмосферасында мұнара бункерына ұнтақтың берілу сызбасы, газжіберушінің, қуат беретін шнектін, мөлшерлеушінің, дайындығын тексеру, пневмотранспорт жүйесін азотпен сіңіру жүйесін жөнге келтіру. Аймақ бойынша температура режимін реттеу, экструдерлерді тиеу, түйіршікметрлеушінің құрамын бақылау, ценрифуганың, тербелушінің жұмысын тексеру. Ұнтақ пен стабилизаторлардың тоқтамай, біркелкі беруін, эжұмысты, пышақтарды, майдың температурасы мен қысымын, қосалқы механизмдердің (газжіберуші, ауаүрлегіш, вакуумды және сулы насотарды, қуат беретін шнектарды және басқасын) жұмысын бақылау. Технологиялы режимді нормасынан ауытқуын анықтау және жою. Жабдықтарды, автоматика жүйесін және коммуникацияда қызмет көрсету. Түйіршіктің дайындалған сапасын көзбен тексеру. Түйіршіктеу кезінде негізгі тораптардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Технологиялы журналда жазба жүргізу.
298. Білуі тиіс:
техникалы режимнің параметрлары және оларды реттеу ережесі, экструдердің тораптарының және қосалқы механизмнің құрылымы және белгіленуі, арматура және коммуникация сызбасы, ақауларды жоюдың тәсілдері, берілген рецептура және мөлшер бойынша пластикалы түйіршіктелген массаны дайындауға пышақтардың икемделуі және орнату ережесі, машинаны іске қосқанда операцияның ілеспелілігі,электрқызуының сызбасы және машинаның берілген температураға дейін қызуы, бөлек тораптарды режимдерін реттеу, жөнге келтіру тәсілі және олардың ілеспелі жұмыс істеуі, дайындалған түйіршіктердің сапасы, алғашқы материалдың физико-химиялы құрамы, өнімді қосу және дайындау, дайын түйіршіктер сапасын анықтау тәсілдерін.
Достарыңызбен бөлісу: |