445. Білуі тиіс:
әртүрлі қалыңдықтағы пленканы илемдеу режимі, станокты жұмысқа дайындау, пленкаға қойылатын техникалы талаптар, илемдеудің ережесі және реттеу тәсілі, пленканың қалыңдығының біркелкілігін қамтамасыз ету тәсілі, дайын өнімге қойылатын техникалы талаптар.
82. Өнімдерді сүртуші
Параграф 1. Өнімдерді сүртуші, 2-разряд
446. Жұмыс сипаттамасы:
Оргшыныдан жасалған жылтыратылған өнімдерді механикалы станокта сүрту. Сүртудің сапасын, станоктың жұмыс істеуін, қоршаудың жағдайын және шайбаны қадағалау.
447. Білуі тиіс:
оргшынының құрамы және сүртудің режимі, сүртетін станоктың конструкциясы, статистикалы электрден қорғау құралдары.
83. Кальций стеаратын үгітуші
Параграф 1. Кальций стеаратын үгітуші, 3-разряд
448. Жұмыс сипаттамасы:
Үгітетін машинада кальций стеаратын үгіту. Жабдықты дайындау- тасымалдайтын механизмдердің және үгітуші машинаның дұрыстығын тексеру. Сыйымдылыққа кальций стеаратын вакуум-насоспен тасымалдау. Үгітетін машинаның щеткасы мен торшаның арасындағы тетіктерді жөнгесалу. Машинаны іске қосу, өнімді әкелу. Үгіту процессін жүргізу – өнімнің жету жылдамдығын, тетеіктің үлкендігін реттеу. Дайын өнімді вакуум-насоспен сыйымдылыққа тасымалдау.
449. Білуі тиіс:
технологиялы режим және үгіту процессінің негізі, жабдықтың құрылымы, белгіленуі, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды.
84. Штурвалдарды созушы
Параграф 1. Штурвалдарды созушы, 3-разряд
450. Жұмыс сипаттамасы:
Штурвалдардың шлиц көпшектерін арнайы станокта созу. Станокты созу үшін дайындау – гидравликалы клапандардың жұмысын жұмыс және айналым цилиндрларында тексеру. Штурвалдарды станокка жеткізу броньдарды штурвалмен қысқышқа бекіту. Созу процессін жүргізу. Штурвалды алу және құрылғыға кигізу. Шлицтың сапасын калибрмен тексеру. Ағымдағы жөңдеу жұмысы және станокты жөңдеу.
451. Білуі тиіс:
станоктың дұрыс жұмыс істеуін тексеру, станокты жөңдеу тәсілдері, өлшейтің құралмен шлицтеу сапасын анықтау, дайын өнімдердің техникалы талаптары.
85. Өнімдерді бояушы
Параграф 1. Өнімдерді бояушы, 1-разряд
452. Жұмыс сипаттамасы:
Әртүрлі бояйтын құрылғылардың көмегімен өнімнің әртүрлі бөлшектерін бір түске бояу: бояу жаққыш, пульверизатор және тағы басқа заттың үстіңгі жағын бояу үшін дайындау. Қарапайым бояуларды құрау және іріктеу.
453. Білуі тиіс:
өнімді бояудың қарапайым түрі, бояу үшін құралды пайдалану ережесі, қарапайым бояудың, сылағыштың түрлері және сылайтың материалдардың құрамы.
Параграф 2. Өнімдерді бояушы, 2-разряд
454. Жұмыс сипаттамасы:
Өнімнің әртүрлі бөлшектерін бояу жаққышпен, пульверизатормен әртүрлі бояумен әртүрлі түстерге берілген эскизге сәйкес бояу. Қарапайым кодерлерден бояу және лак жасау. Пластмассадан жасалған өнімдердің бетін түрлі-түсті бояуға дайындау. Қарапайым трафарет пен шаблон дайындау. Әрт.рлі құрылғылар мен механизмдермен қарапайым трафарет бойынша өнімнің бетіне қарапайым бояу және лакты жағу. Майсыздандыру үшін әртүрлі қоспалар дайындау.
455. Білуі тиіс:
әртүрлі материалдардан жасалған өнімдерге түрлі бояуларды жағу тәсілі, түстану бойынша негізгі мәліметтер, қарапайым бояу мен лактарды істеу рецепті, берілген рецептура бойынша қажетті колерді алу үшін бояуларды араластыру тәсілі, бояуға қолданылатын бояу мен, лактардың сапасын анықтау тәсілі, еріткіш, лак, бояу және эмальді сақтау ережесі, бояу үшін қолданылатын негізгі механизм және құрылғылар, бояу жүргізудің негіздерін.
Параграф 3. Өнімдерді бояушы, 3-разряд
456. Жұмыс сипаттамасы:
Өнімнің үстіңгі бетін бояйтын жерді (майсыздандыру, жерден және тағы басқа) алдын-ала өндегеннен кейін әртүрлі бояумен және лактармен бірнеше тоға қолдан бояу жаққышпен безендіріп бояу. Заттың үстіңгі бетін мрамор, малахит және ағаштың әртүрлі сортына ұқсатып бояу. Әртүрлі механизм және құрылғы арқылы күрделі трафарет бойынша әртүрлі бояуды жағу. Боялған үстіңгі беттерді тегістеу және жылтырату. Орташа күрделі трафарет пен шаблондар дайындау. Күрделі колерлі бояу және лактарды жасау. Бояу кезінде қолданылатын механизм мен құрылғыны жөңдеу.
457. Білуі тиіс:
әртүрлі материалдан жасалған өнімдерді бояу және лактау тәсілі, заттың үстіңгі бетін ағаштың құнды сорттарына, мраморға және тасқа ұқсатып жасау процессі, деорациялы және изоляциялы лак және эмальдардың құрамы, оларды дайындау рецепті, өнімді дайындауға қойылатын талаптар, түстану.
458. Жұмыс үлгілері:
1) Бояуды жағу;
2) Қуыршақтар – эскиз бойынша толықтай бояу;
3) Өрнектер – трафарет бойынша жағу.
Параграф 4. Өнімдерді бояушы, 4-разряд
459. Жұмыс сипаттамасы:
Өнімдердің үстіңгі беттерін қолдан әртүрлі бояулармен безендіріп бояу, лактау және жылтырату. Көлемді көркем суретті, көркем жазбаны және күрделі суреттерді эскиз бойынша жасау, сонымен қоса эскиздарды өзбетімен орындау. Күрделі трафареттерді орындау. Пластмасстың жаңа түрін ендіру кезінде өнімді эксперимен ретінде бояу. Өнімдерді жоғары сапалы айнадай бетті болғанша жылтырату.
460. Білуі тиіс:
сурет өнері, түстану, рецептура, әртүрлі материалдардың физико-химиялы құрамы және жабысқақ деңгейі және көркем безендіру үшін жасау, оларды дайындау тәсілі, эскиздарды жасау тәсілі, бояуға қолданылатын механизм және құрылғылардың конструкциясы.
461. Жұмыс үлгілері:
1) Елтаңба, өрнек, күрделі жазбалар, әртүрлі пейзаждар – эскиз бойынша көркем безендіру.
86. Қаңылтыр материалын пішуші
Параграф 1. Қаңылтыр материалын пішуші, 3-разряд
462. Жұмыс сипаттамасы:
Ақаулы орындарын кесіп алып тастайтын панельдерді пішу бойынша жартылайавтоматты желінің бөлек тораптарында қызмет көрсету. Біліктілігі жоғары пішушінің басшылығымен қаңылтыр материалды сызба немесе тапсырыстың үлгісі бойынша пішу. Құрылғыларды, кесетін және өлшейтін құралдарды жұмысқа дайындау. Сызбалармен танысу. Біркелкі әзірлемелерді түсі, қалыңдығы және ұзындығы бойынша іріктеу. Қаңылтыр материалдар әзірлемелерін кипқа жинау, пішу үстеліне жіберу. Іріктеліп алынған әзірлемелерді кесу және қиыстырып келтіру және біліктілігі жоғары пішушінің басшылығымен материалдың экономикалы шығының есептелуін сақтай отырып оларды белгіленленген өлшем және конфигурация бойынша өнімдерді пінідерге пішу. Пішілген материалдарды есептеу.
463. Білуі тиіс:
кесетін, өлшейтін құралдар мен құрылғыларды ұштау ережесі, пішудің оңтайлы тәсілдері, сызбаларды оқу ережесі, пішінді өнімнің сыртқы түріне және сапасына қойылатын талаптарды.
Параграф 2. Қаңылтыр материалын пішуші, 4-разряд
464. Жұмыс сипаттамасы:
Панельдерді пішу бойынша жартылайавтоматты технологиялы тораптарда қызмет көрсету. Ақаулыққа тексеру, кесетін автоматтың рольгангалы транспортерін жұмысқа дайындау және икемдеу және оны блоктау, кесетін автоматтың жұмысын бақылау және оны блоктау. Кесетін автоматтың жұмысын қадағалау. Пішілген панельдерді мерзімді өлшеу. Режимді бақылау және оның бұзылғандығы жайлы дабыл қағулар.
465. Білуі тиіс:
қызмет көсетіліп жатқан машинаның, қуат беретін құрылғылрдың және бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы және жұмыс мақсаты, машинаны икемдеу ережесі, машинаны электрблоктау ережесі, автоматика және электртехника негіздері.
Параграф 3. Қаңылтыр материалын пішуші, 5-разряд
466. Жұмыс сипаттамасы:
Автоматты жүйелерге қызған шекпен блоктарды пішу технологиялық процесін жүргізу. Кесу жылдамдығы, ұзындығы, ені сияқты параметрлерді компьютер жадына енгізу. Басқару пульті арқылы плита салу, қолмен және автоматты режимде полиэтилен пакеттерге жинақтау мен маркирлеу. Жабдық ақаулықтарын жою жұмысына қатысу.
467. Білуі тиіс:
қызған шектермен блоктарды кесу технологиялық процесін, автоматты жүйе жұмыс принципін, жылдамдықтарды реттей, қозғалтқыштарды іске қосудың жүйелілігі мен ережелерін, компьютерде жұмыс істеу ережелерін, автоматика және электртехника негіздері.
Параграф 4. Қаңылтыр материалын пішуші, 6-разряд
468. Жұмыс сипаттамасы:
Плиталарға блоктарды пішу технологиялық процесін жүргізу.
Блоктарды пішу параметрлерін: кесу жылдамдығы, дайын өнім көлемдері мен конфигурациялары, контурлы кесудің графикалық құрылған геометриялық фигуралары, шектер сандарын компьютер жадына енгізу. Сапалы кесу үшін шектердің тартылу разрядін реттеу. Технологиялық параметрлерді бақылау. Жабдық ақаулықтарын жою.
469. Білуі тиіс:
блоктарды кесу процесінің технологиясын, автоматты жүйе жұмыс принциптерін, жабдықтардың біруақытты іске қосылуларының тәртібін (рольганг, кантельдеуші, көлденең және бойлық кесу тораптырының, жиектердің), басқару пультінің бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принциптерін, бағдарламалау негіздерін, жабдықтарды электрблоктау сызбасын, автоматика және электртехника негіздерін.
87. Целлулоидты пластиналарды тегістеуші
Параграф 1. Целлулоидты пластиналарды тегістеуші, 1-разряд
470. Жұмыс сипаттамасы:
Булы плиталарда целлулоидты пластиналарды тегістеу. Жұмыс орнына әкелу. Пластиналарды булы плиталарға қойып түзету. Оларды ағаш үтікпен жабу. Пластинаны жылығаннан кейін салқын плитаға қою.
471. Білуі тиіс:
целлулоидты жылту режимін, пластинаның өлшемі мен түсі, дайын өнімге қойылатын техникалы талаптар.
Параграф 2. Целлулоидты пластиналарды тегістеуші, 2-разряд
472. Жұмыс сипаттамасы:
Ванналарда целлулоид пластиналарын тегістеу. Пластинаны жұмыс орнына әкелу. Партияға бөліп санау және партияларды түсі бойынша байлау. Ваннадағы суды дайындау. Пластинаны ыстық су толтырылған ваннаға салу. Ыстық суда қызғаннан кейін пластиналарды салқын сутолтырылған ваннаға салу. Ваннадан алу. Ваннаны жуу.
473. Білуі тиіс:
целлулоидты жылыту режимі,
пластинаның өлшемі және түсі,
дайын өнімге техникалы режим.
88. Синтетикалық жіптерді ажыратушы
Параграф 1. Синтетикалық жіптерді ажыратушы, 3-разряд
474. Жұмыс сипаттамасы:
Синтетика жіптерін шоқтарын, талшықтарын технологияға сәйкес ажыратуға дайындау. Машинаның ажырататын тораптарын тексеру. Жалауша жасайтын ажырататын тарақтардың арасындағы арақатынасты бегіту. Шоқтарды жақсы бегіту үшін пневматикалы манжетқа ауа жіберуді реттеу. Ажырататын тарақтан қажетті арақашықтыққа шоқты отырғызу. Жіптің қылдарын ажырату технологиялы режимін орындау. Жалаушаның қажетті тереңдігіне жету үшін қосымша ілмекті тіреуішке дейін мерзімді жылжыту. Шоқтардың шеттерін ажырату үшін қосымша аймақ жасау. Берілген температураның ықпалынан шоқтардың шетін балқып кетуінен сақтау үшін су беруді реттеу. Ажырататын тарақтарды(пышақтарды) тазарту және үшкірлеу. Жабдықты жөңдеу жұмыстарына дайындау, жөңдеу жұмыстарынана қабылдау.
475. Білуі тиіс:
жұмыс тәсілдері, машинаның барлық механизмдерін конструктивті ерекшеліктерін, құрылымын, машинаның жұмыс істеу қағидасы, механизмдерді белгіленген параметрлерге икемдеу ережесі, синтетикалық жіптер мен қылға қойылатын талаптар.
89. Пластикалы массадан жасалған бұйымды және өнімдерін кесуші
Параграф 1. Пластикалы массадан жасалған
бұйымды және өнімдерін кесуші, 1-разряд
476. Жұмыс сипаттамасы:
Қолдан пышақ, қайшымен өнімдерінің шетін кесу немесе литниктарды бөлшектерден кесіп тастау. Органикалық шыныны таңбалау және пленканың органикалық шыныдан жасалған қағаздарын таңбалау. Өлшейтін құралдар бақылау және кесудің сапасын көзбен тексеру (пластинаның тікбұрыштығын, ені мен ұзындығының белгіленген мөлшерге сәйкес келуін, шеттердің тегістігін және тағы басқа). Белгіленген орынға дайын өнімдерді төсеу. Таңбалау. Өндіруді есепке алу.
477. Білуі тиіс:
бөлшек немесе өнім дайындалған материалдардың физико-химиялы құрамының негізі, бөлшек және өнімдерге және оларды кесуге қойылатын негізгі талаптар, ақаулардың түрі және пайда болу себептері олардың алдын-алу, өлшеу құралдарымен пайдалану ережесі, дайын өнімге техникалық талаптар.
Параграф 2. Пластикалы массадан жасалған
бұйымды және өнімдерін кесуші, 2-разряд
478. Жұмыс сипаттамасы:
Дәл өлшемді талап етпейтін материалдарды станоктарда кесу және жиектеу. Полимерлі-композициялы материалдарды және силикатты шыныны алмаз және шыныкескішпен кесу. Двигатель механизмдерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау. Берілген өлшемге қиықтарды орнату және дайындау. Материалдарды дайындау, оларды сорттау, двигательді механизмдерді берілген жылдамдыққа икемдеу. Станоктың машиналарын қосу. Өлшейтін құралдар арқылы бақылау және кесудің сапасын көзбен тексеру (пластинаның тікбұрыштығын, ені мен ұзындығының белгіленген мөлшерге сәйкес келуін, шеттердің тегістігін және тағы басқа). Дайын өнімді қою немесе станоктан белгеленген орынға әкету. Таңбалау. Станоктың және құрылғының ұсақ жөңдеу жұмыстары.
479. Білуі тиіс:
кесетін механизмдерді орнату ережесі және берілген өлшем бойынша материалдарды кесуге оларды икемдеу, жабдықтарды және қабылданған механизмдерді дайындау ережесі, өлшейтін құралмен пайдалану ережесі, станокты, қиықтарды және фрездерді реттеу және жөңдеу тәсілі, машинаны іске қосу және тоқтату, дайын өнімге техникалық талаптар.
Параграф 3. Пластикалы массадан жасалған
бұйымды және өнімдерін кесуші, 3-разряд
480. Жұмыс сипаттамасы:
Пластикалы массаларды кесу, үгіту, ою және пішу (блоктар, плита, қағаз, пластина, түтік, пленкалы материал және тағы басқа), органикалы шынылар, полимерлі-композициялы материалдарды бір дискті автоматты және жартылай автоматты кесетін машиналарда, дискті циркульді араларда, ұзындық бойынша кесу машиналарында кесу. Двигательді механизмдердің дұрыстығын тексеру. Ара мен пышақтарды берілген өлшемдерге икемдеу және дайындау. Үстелді, кесетін механизмдерді, каретка және басқада жабдықтарды берілген өлшем бойынша кесуге икемдеу. Созылатын білікше арқалы тығырықты орнату және толтыру. Материалдарды дайындау, оларды сорттау, двигателді, механизмдерді берілген жыдамдыққа икемдеу. Машина, станокты жұмысқа қосу. Материалдарды кесу, ою және орау технологиялы процессіне жүргізу. Машинының жұмысын реттеу. Өлшейтін құралдар арқылы бақылау және кесудің сапасын көзбен тексеру (пластинаның тікбұрыштығын, ені мен ұзындығының белгіленген мөлшерге сәйкес келуін, шеттердің тегістігін және тағы басқа). Дайын өнімді қою немесе станоктан белгеленген орынға әкету. Таңбалау. Өнімді есептеу. Станоктың және құрылғының ұсақ жөңдеу жұмыстары.
481. Білуі тиіс:
кесетін механизмдерді орнату ережесі және оларды берілген өлшемдер бойынша материалдарды кесуге икемдеу, жабдықтарды және қабылданған механизмдерді дайындау ережесі, кесетін машинаның, жабдықтардың құрылымы және жұмыс мақсаты, бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі және оларды пайдалану ережесі, машинаны реттеу және дайындау тәсілі, өлшейтін құралдармен пайдалану ержесі, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды.
Параграф 4. Пластикалы массадан жасалған
бұйымды және өнімдерін кесуші, 4-разряд
482. Жұмыс сипаттамасы:
Пластикалы массаларды және полимерлі-композициялы материалдарды көп дискті автоматты жартылай автоматты машиналарда өте дәлдікті талап ететін материалдарды біруақытта ораумен кесу. Қағаздарды автоматты желіде қызмет көрсетіп жатқан кезде, машиналарда автоматты және жартылай автоматта тігінен және көлденен кесу, пленканы қалыңдығы 50 микрон және ені 5 мм дейін лентаға кесу. Органикалы шыныны екіжақтан кесу және қағазды кесу және автогматты желіде одан өнім өндіру. Двигательді механизмдердің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Араның, пышақтың кескішін берілген режимге орнату және дайындау. Үстелді, кесетін механизмдерді және тағы басқа құрылғыларды берілген өлшем бойынша икемдеу. Созылатын білікше арқалы тығырықты орнату және толтыру. Материалдарды дайындау, оларды сорттау, двигательді механизмдерді берілген жыдамдыққа икемдеу. Машина, станокты жұмысқа қосу. Кесу, ою және материалдарды орау немесе кесу, аралау және материалдар мен өнімдерді лента кескіш арамен, фрезкамен белгіленген өлшемдерге кесу, дискті және орайтын білекшелерді айналу жылдамдығын бақылау және реттеу, олардың жұмысының ілеспелілігін бақылау. Машинаның жұмысын қатпарларды, горфтарды катушкаарда қалыңдату үшін және дөңестің кесігі бойынша түзету мақсатымен реттеу. Өлшейтін құралдар арқылы бақылау және кесудің сапасын көзбен тексеру (пластинаның тікбұрыштығын, ені мен ұзындығының белгіленген мөлшерге сәйкес келуін, шеттердің тегістігін және тағы басқа). Дайын өнімді қою немесе станоктан белгеленген орынға әкету. Таңбалау. Өнімді есептеу. Диск, ара және пышақтарды ауыстыру. Станоктың және құрылғының ұсақ жөңдеу жұмыстары.
483. Білуі тиіс:
кесетін механизмдерді орнату ережесі және оларды берілген өлшемдер бойынша материалдарды кесуге икемдеу, жабдықтарды және қабылданған механизмдерді дайындау ережесі, кесетін машинаның, жабдықтардың құрылымы және жұмыс мақсаты, бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі және оларды пайдалану ережесі, машиналарды, станок және кескіштерді дайындау тәсілі, өлшейтін құралдармен пайдалану ержесі, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар.
90. Пластмассадан жасалған өнімдерді жинаушы
Параграф 1. Пластмассадан жасалған өнімдерді жинаушы, 1-разряд
484. Жұмыс сипаттамасы:
Нормаланбаған бөлшектерден қарапайым өнімдерді құрау. Бөлек қосалқы жұмыстарды орындау.
485. Білуі тиіс:
жинау операциясы барысында орынадатын ілеспелілікті, жинаудың сапасына қойылатын талаптар.
486. Жұмыс үлгілері:
1) Жиһаздың бөлшектері – облойдан және кромдардың дөңгеленуінен тазарту;
2) Резеңке емізік, массаж жасайтын щеткалар, күннен қорғайтын көзілдіріктер, пластмассалы қораптар – жинау.
Параграф 2. Пластмассадан жасалған өнімдерді жинаушы, 2-разряд
487. Жұмыс сипаттамасы:
Орташа күрделі нормаланбаған пластмассалы бөлшектерден өнімдерді жинау. Жапсыру, талшықпен немесе құралып жатқан бөлшектермен байланысты жинау жұмыстарын орындау. Желімдерді дайындау. Жинау үшін құрылығыны дайындау.
488. Білуі тиіс:
Жинаудың, желімдеудің, электр жылытуымен және клепканың ережесі, жиналып жатқан өнімдердің бекітілуін, құрайтын жабдықтармен жұмыс істеу тәсілі, желімді дайындау ережесі.
489. Жұмыс үлгілері:
1) Құрау;
2) Киімге арналған , бала тербеткіш, сөре,орындық, балалар диваны, есік және терезе тұтқалары, жазу үстелінің тартпасы, флейта;
3) Көркем бұйымдар (декоративті вазалар, тарелкалар, кашпо), екі-үш бөлшектен тұратын - жинау.
Параграф 3. Пластмассадан жасалған өнімдерді жинаушы, 3-разряд
490. Жұмыс сипаттамасы:
Комплектациямен байланысты, бөлшектер мен өнімдерді пайдаланып және пайдаланбай, әртүрлі санды армирланған және армирланбаған бөлшектерден тұратын тұрмыстық және техникалы жауапты күрделі құраулар. Төрт бөліктен көп тұратын көркем өнімдерді, мүсіндерді және кәдесыйларды құрау, өнімдерді қолдан немесе жабдық пен құралдың көмегімен құрау немесе жалпы құрау арнайы үстелде жабысатын материалдардың көмегімен өнімді жапсыру. Бөлшектерді әкелу немесе тасып жеткізу.
Бөлшектерді құрауға дайындау: желімдейтін материалды торапқа жапсыру, сүрту, тораптарды тазарту және тағы басқа заттың үстіңгі беті, алдын-ала тазарту мен майсыздандыру кесілген жерін бегітумен герметизациялау, бөлшектерді жылтырату және тағы басқа жапсыру, электрлі жылыту, жапсыру, винттеу және бөлшектерді біріктірудің басқада тәсілдері. Бөлшектердің сапасын тексеру. Оптикалы көрсеткіштерді проекциялы-айналы құрылғыда және өнімнің түссіздігін фотометрде тексеру. Дайын өнімдерді техникалы бөлімге тапсыру, конверттеу және оларды орамға тапсыру. Жөндеу жұмыстарына қатысу.
491. Білуі тиіс:
жинау кезінде операцияның орындалу ілеспелілігі, құрау кезінде пайдаланылатын материалдардың белгіленуі және құрамы, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және эксплуатациялау ережесі, құрылығы мен құралды пайдалану ережесі, бояу режимі, жылтырату, герметизация және жапсыратын бөлшектерді ұстамдылық уақытын, құрау бойынша барлық операциялардың жұмыс нұсқаулықтары, өнімнің номенклатурасы, дайын өнімді толықтай тапсыру кезінде техникалы жағдайына қойылатын талаптар, жиналған өнімге сынақ өткізу ережесі, дайын өнімге қойылатын талаптар.
492. Жұмыс үлгілері:
1) Пластмассалы вентилдер және оларға үлгілі бөлшектер, арматуралы құбыр сымдары – құрау және қысымға сынау;
2) Қосқыштар, үстелге қоятын шамдар, электршамдар, іліп қоятын бағаналар - құрау;
3) Көркем өнімдер- алдын-ала жасамен жинау.
Параграф 4. Пластмассадан жасалған өнімдерді жинаушы, 4-разряд
493. Жұмыс сипаттамасы:
Ерекше қабатты композициялы және бірнеше бөлшектен немесе бекітілген эталон, үлгі немесе эскизға сәйкес дәл блокта түсті шешімді өнімді құрау-монтаждау. Техникалы талаптар және сызбаларға сәйкес желімдейтін материалдың көмегімен 6 немесе оданда көп бөлшектерден тұратын өнімдерді құрау-монтаждау. Бөлшектерді (блоктарды) конфигурация бойынша түсті қатынаста іріктеу. Жапсыратын материалдарды дайындау. Бекітетін және тігетін орындарды бітеу. Құрау үшін бөлшектерді алу, тасымалдау және олардың сапасын тексеру. Жанасатын бөлшектерді таңбалау, қолдан және механикалы өңдеу және тораптарды құрау. Өнімдерді герметикалылыққа сынау, техникалы бақылау бөліміне тапсыру.
494. Білуі тиіс:
құраудың тәсілдері, жабдықтың құрылымы, герметизациялау режимі және жапсырылатын материалдарды ұстау уақыты, композиция және түстану негіздері, бөлшектерді (блоктарды) және өнімдерді іріктеу тәсілдері, жабыстыратын материалдардың белгіленуі және құрамы, жапсыратын материалдарды дайындау технологиясы, оларды пайдалану ережесі, өнімдердің номенклатурасы, өнімді герметикалыққа сынау тәсілдері, өнімді құрау-монтаждау барлық операциялар бойынша жұмыс нұсқаулықтары, дайын өнімді толықтай тапсыру кезінде техникалы жағдайына қойылатын талаптар, композиция мен түс жүргізудің негіздері.
495. Жұмыс үлгілері:
1) Дөңгелек және бұрышты үстелдер, кітап, көйлек ілуге және киімге үшсекциялы шкафтар, оргшыныдан өнімдер, сот ғимараттарына арналған жиһаз, мүсіндер және тағы басқа - құрау.
Параграф 5. Пластмассадан жасалған өнімдерді жинаушы, 5-разряд
496. Жұмыс сипаттамасы:
Өнімді герметикалылыққа және дәлдікке құраудың параметрлерін қатаң сақтаумен өнімді металды рамкаға спецификалы құрау және монтаждау. Бөлшектерді алу және құрау орындарына тасымалдау, бөлшектердің сапасын тексеру. Таңбалау, фрезерлі және бұрғылау станоктарында ленталы арада және зұмпара қағазында қолдан механикалы өңдеу; тораптарды құрау. Дайын өнімдерді герметикалыққа сынау және бақылау жасақтау және бақмакеттер бойынша техникалы бақылау бөліміне толықтай тапсыру. Жабдаққа қарапайым профилактикалы жөңдеу жұмыстары.
497. Білуі тиіс:
жинақтау мен монтаждау процестерінің технологиясын, жабдықтар құрылғыларын, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережелерін, бұйымдарды өңдеу әдістерін, шикізаттың және материалдардың физико-механикалы құрылымы, дайын өнімдерге қойылатын талаптарды.
91. Шайбаларды жинаушы
Параграф 1. Шайбаларды жинаушы, 1-разряд
498. Жұмысқа сипаттама:
Жібіткіш және шұғалы шайбаларды механикалы престерде құрау. Өнделген шайбаны прессте бөлшектеу. Ағаш стерженді тығынды преске салу. Материалды белгілі биіктікке дейін жинау, фанерлі шеңберде төсеу. Престі қосу, материалды престеу және шайбаны гайкамен бекіту.
499. Білуі тиіс:
шайбаны құрау және бөлшектеу ережесі.
92. Пластмассаны дәнекерлеуші
Параграф 1. Пластмассаны дәнекерлеуші, 1-разряд
500. Жұмыс сипаттамасы:
Электрүтігінің көмегімен пластикатты (әртүрлі өлшемді пластикаттан қапшықтар) үшжақты дәнекерлеу, айналатын формалары бар пластмасса өнімдерінің кесігін дәнекерлеу кезінде үйкелеу тәсілімен дәнекерлеу. Әзірлемелер мен құрылғыларды дәнекерлеуге дайындау. Дәнекерлеу процессін жүргізу. Өнімдерді алу. Құрылғыларды бөлшектеу және жинау.
501. Білуі тиіс:
дәнекерлеудің тәсілі, дәнекерлетін пластмассаның физико-химиялы құрамы, дәнекерлейтін құрылғының құрылымы, дәнекерлеудің температуралы режимі, материалды дәнекерлеу үшін төсеу ережесі.
Параграф 2. Пластмассаны дәнекерлеуші, 2-разряд
502. Жұмыс сипаттамасы:
Дәнекерлейтін жанарғылардың және басқада дәнекерлеу жабдығының көмегімен әртүрлі пластмассадан қарапайым конфигурациялы өнімді және әртүрлі конструкциялы жоғары жылдамдықты дәнекерлеу машинасында пластмассадан қарапайым типография өнімдерін блинтті өрнектеу немесе арасында шыны жіптер немесе вискозды жіптер орналасқаны екі полиэтиленді жолақтарды ыстық ауамен дәнекерлеу жолымен станокта күшейткіш ленталарды дайындау. Әзірлемені және жабдықты дәнекерлеуге (өлшемдерді, бұрыштарды бегіту, арнайы құрылғыларда әзірлеменің қабатын қысу) дайындау. Дәнекерлеу процессін жүргізу. Өнімді алу. Таңбалау, орау және оларды қоймаға тапсыру. Жабдықты бөлшектеу және құрау.
Достарыңызбен бөлісу: |