«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесін ұйымдастыру және өткізу ережесі бәйгенің мақсаттары мен міндеттері



жүктеу 37,63 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі37,63 Kb.
#13357


«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесін 

ұйымдастыру және өткізу 

ЕРЕЖЕСІ 

 

     1. БӘЙГЕНІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ: 

 



 

Отандық телевизиядағы ең сапалы және өзекті өнімді  анықтау;  

 

Отандық телевизиялық өндірістің имиджін қалыптастыру;  



 

Телеөндірістегі талантты кәсіби мамандарды қолдау;  



 

Отандық телевизиялық өндіріс стандарттарын жақсартуға ұмтылуға ынталандыру;  



 

Қазақстандық сапалы телевидениені ілгерілету әрі дамыту;  



 

2.  БӘЙГЕГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР 

 

Бәйгеге  2017  жылы  эфирде  көрсетілген  айрықша  тележобалар  қатыстырылады. 



Бәйгеге  телевизиялық  өнім  жасайтын  ұлттық  және  аймақтық  телевизиялық  хабар 

тарататын компаниялар, студиялар, продюсерлік орталықтар және басқа да медиаөндіріс 

ұйымдары қатыса алады. 

Қатысушы өзі ұсынған материалдың құқықтық міндеттерін толықтай мойнына алады. 

Қатысушы  туралы  ақпарат  өтініш  толтыру  кезіндегі  орфографиямен  және  пунктуациямен 

жарияланады. 

 

3.  БӘЙГЕ НОМИНАЦИЯЛАРЫ 

 

Бәйге төмендегі номинациялар бойынша төрт ең үздік өкілдер арасында анықталады: 



1. 

Үздік деректі кино 

2. 

Үздік телевизиялық сериал 



3. 

Үздік әлеуметтік жоба 

4. 

Үздік ақпараттық бағдарлама 



5. 

Үздік өңірлік телеарна 

6. 

Үздік ағартушылық бағдарлама 



7. 

Маусымның үздік телевизиялық оқиғасы 

8. 

«Телевидениенің  60  жылдығы»  ерекше  жүлдесі  –  телевидениеге  қосқан  үлесі 



үшін  

9. 


Үздік ойын-сауық жобасы 

 

Ерекше жүлделер: 



1. Үздік режиссерлік жұмыс 

2. Үздік операторлық жұмыс 

3. Жылдың үздік тележүргізушісі 

4. Жылдың үздік тележурналисі 

5. Елорданың 20 жылдығына орай ерекше жүлде – Астана туралы үздік жоба. 

 

4.  БӘЙГЕНІ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ 



 

 



Кәсіби қазылар алқасын құру 

 



Әлеуетті қатысушылардың өтінімдері мен конкурстық жұмыстарын қабылдау 

 



Бәйге лауреаттарын анықтау 

 



Салтанатты марапаттау рәсімі  


5.  ҚАЗЫЛАР 

 

Қазылар  қатысушыларды  қарау,  талдау  және  сарапшылық  баға  беру  қызметін 

атқарады.  Жеңімпаздар  жасырын  дауыс  беру  арқылы  анықталады.  Қазылар  құрамында 

отандық телевидениенің ең білікті кәсіпқойлары болады. 

 

6.  ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ  

 

Бәйгенің  ақпараттық  дереккөзі 



www.tumar.kz

  сайты  болып  табылады.  Сайтта 

Бәйгені  өткізу  уақыты,  номинациялар,  қазылар  туралы  ақпарат,  Ұйымдастырушы 

комитеттің байланыс деректері орналастырылады. 

Әлеуетті 

қатысушылардың 

жұмыстары 

www.kaztube.kz

 

бейнепорталында 



орналастырылады. 

 

Бұдан басқа, міндетті тәртіпте: 



1. Жобаның конкурстық өтінімі (ұжымдық немесе жеке қатысушының); 

2. Эфирлік анықтама (pdf, jpeg) беріледі. 

Аталған құжаттар Ұйымдастырушы комитеттің мекенжайына жолданады. 

 

Өтінім  бере  отырып,  қатысушы  ұсынылған  бейнематериалға  барлық  қажетті 



құқықтарының  бар  екеніне,  көрсетілген  құқықтар  кепілде  еместігіне,  оған  тыйым 

салынбағанына,  ұсынылған  бейнематериалға  қатысты  өзінің  іс-әрекетімен  үшінші 

тұлғалардың құқығын бұзбайтынына кепілдік береді. 

 

Бейнематериалдарды 



ұсына 

отырып, 


қатысушы, 

осылайша, 

Бәйге 

ұйымдастырушыларына  тапсырылған  материалды  Бәйгенің  мақсаттары  мен 



міндеттеріне  сәйкес  келетін  кез  келген  мақсатта  қолдануға  құқық  береді,  атап 

айтқанда, 

көшірмелердің 

қажетті 


санын 

дайындау, 

сақтау, 

ұсынылған 

бейнематериалдарды  үзінді  немесе  толық  түрінде  қолдану,  оны  эфирде,  кабельді 

және жерсеріктік желілерде, Интернет желісінде трансляциялау. 

 

Жұмыстар эфирлік сапада қабылданады және онда жарнамалық материалдар мен 



тайм-кодтар  болмауы  тиіс.  Бағдарламалар  сериалдары  мен  циклдерін  тек  бүтін 

эпизодпен  (сериямен)  беруге  болады.  Бейнематериалдардың  үзінділерін  жинақтау 

қарастырылмайды.  

 

ҚАТЫСТЫРЫЛМАЙДЫ: 

- заң бойынша шектеу қойылған элементтер: балағат лексика, адамның адамгершілігін 

кемсітетін,  саяси,  діни,  ұлттық  алауыздық  және  т.б.  тудыратын  сөздер  мен  іс-әрекеттер 

бар аудиовизуалдық өнімдер қабылданбайды; 

- жіберілген материалдар рецензиялауға жатпайды және қайтарылмайды. 



 

7.  ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР  

 

Әр  номинацияда  әлеуетті  қатысушы  2017  жылы  эфирге  шыққан  жұмыстарды 

тапсырады. 

«Ең  үздік  өңірлік  телеарна»  номинациясы  үшін  қысқа  тарихи  анықтамадан, 

статистикалық 

деректерден, 

ақпараттық, 

талдау 


және 

ойын-сауық 




бағдарламаларының  шолуынан  тұратын  телеарна  жұмысы  туралы  презентациялық 

материал (бейнематериал) ұсыну керек.  

 

Бейнематериалдарға қойылатын жалпы техникалық талаптар: 



 

1) 


файл көлемі: 25 ГБ-ға дейін; 

2) 


формат: mp4; 

3) 


видеокодек: H264 (MainConcept); 

4) 


bitrate: 3 600-ден 10 000 kbps-ке дейін; 

5) 


ажыратылымдылық: 1280x720 немесе 1920x1080; 

6) 


framerate: 25fps; 

7) 


keyframe: әр 25-ші; 

8) 


аудиокодек: MPEG 2 AAC-LC; 

9) 


stereobitrate: 128 kbps-тен төмен емес; 

10) 


жиілік: 44100 KHz; 

11) 


конкурстық жұмыстарды беру арнасы: www.kaztube.kz бейнепорталы. 

 

 



8.  ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ ЖОБА САУАЛНАМАСЫ  

 

1.  Номинация;  



2.  Жоба атауы; 

3.  Телеарна; 

4.  Формат (жанр); 

5.  Хронометраж; 

6.  Эпизод саны; 

7.  Эфирге алғаш шыққан күні; 

8.  Эфирге шығу уақыты; 

9.  Қысқаша сипаттама; 

10. Жоба ерекшелігінің сипаттамасы; 

11. Қолда бар марапаттар; 

12. Жобаның эпизодтарына сілтеме; 

13. Байланыс деректері (аты-жөні, телефон, e-mail) 

 

9.  ЖЕКЕ НОМИНАЦИЯЛАР САУАЛНАМАСЫ 

 

1.  Номинация; 



2.  Аты-жөні; 

3.  Білімі; 

4.  Жұмыс өтілі; 

5.  Қолда бар марапаттары; 

6.  Эфирде жүріп жатқан жобалары; 

7.  Айрықша кәсіби қасиеттері; 

8.  Жобаға сілтемелер

9.  Байланыс деректері (аты-жөні, телефон, e-mail). 

 

 

10. ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ 

 



Әлеуетті  қатысушылардың  тапсырған  жұмыстарын  бағалауда  қазылар  алқасының 

сарапшылық  пікірлері,  сонымен  қатар  әр  номинация  бойынша  іріктеу  критерийлері 

ескерілетін болады. Олардың ішінде: 

 



Әр номинацияның форматына сәйкес келу; 

 



Ақпараттық-талдау аспектісі

 



Телевизиялық өнімді түсіру және монтаж жасау сапасы

 



Көркем және техникалық безендіру; 

 



Өзіндік өнім; 

 



Қоғамдық резонанс  

 

11. МАРАПАТТАУ РӘСІМІ 

 

Жеңімпаздарды  марапаттау  «Қазмедиа  орталығы»  ғимаратында  осындай  іс-



шараларды  ұйымдастырудың  жоғары  сапа  стандарттарына  сәйкес  салтанатты  рәсім 

форматында өтеді. Әр номинация жеңімпазына «Тұмар» авторлық мүсіншесі беріледі.  

 

 

 



 

 

 



жүктеу 37,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау