Г. К. Ахметова №47 жоббм-тің І санатты бастауыш сынып мұғалімі Орал қаласы



жүктеу 86,69 Kb.
Дата02.03.2018
өлшемі86,69 Kb.
#10942

Г. К. Ахметова

47 ЖОББМ-тің



І санатты

бастауыш сынып мұғалімі

Орал қаласы
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҒЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

Әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгертуге ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Әдебиеттік оқу сабағы-оқушының жан дүниесін, адамгершілік қасиетін, ойлау, сөйлеу, шығармашылық әрекетін дамытып, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуында ерекше орын алатын пән. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, әдістемелік тұрғыда зерттеуші- ғалымдар әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деп жатады. Әлбетте бір пікірден бір пікір өз үндесін тауып жатқандай. Үндес пікірлердің түйіні-әдебиет пәні жеке тұлғаның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады./1,70/ Әрине, бала тілі оқу, әңгімелеу, пікірлесу арқылы дамиды. Ой дамыса ізденеді, сөйлеседі, біреуге әңгімелейді, пікір алмасады. Бүгінгі таңда мұғалімнің ең басты міндеті де дайын білімді, дағдыларды меңгертіп, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Сондықтан мұғалім өз жұмысын оқушының өздігінен білім алуына бағыттауы қажет. Оқытуда осы мүддеден шығатын жаңа технология түрлері көп. Жаңа оқыту технологиясының түрін әр мұғалім оқушының жас ерекшелігіне қарай таңдап қодануы керек. Жаңа технология талабы оқушы арқылы орындалатын болғандықтан, олардың шығармашылық қабілеттері мен бейімділігі анықталатын әдістемелік жолдарды пән, тақырып, тарау бойынша анықтау керек.

Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқушының шығармашылық деңгейін дамыту, білімді жүйелі меңгерту үшін «Дамыта оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы және «Модульдік оқыту технологиясы» тиімді екен. Бұл жаңа технологиялардағы қолданылатын әдіс-тәсілдер бір-біріне ұқсас. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты роль атқарады. Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуда сыни тұрғысынан оқу мен жазу технологиясы өз тиімділігін нақтылауда. Яғни, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін де дамытады.

Көрнекті психолог Л. С. Выготский шығармашылық деп жаңа дүниелер жасауды түсіндірген. Ғалымның зерттеулерінде «шығармашылық» ұғымы «жаңалық», «жаңа дүние жасау», «жаңалық ашу» ұғымдарына жақын қолданылып жүр.

Әдіскер –ғалым М. Р. Львов шығармашылыққа оқушылардың жазған өлеңі мен прозасы, шығарған газеттері мен журналдары, сондай-ақ, жеке күнделіктері мен хаттарды т.б. жатқызады.

Ғалым С. Рахметова шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың (шығарманың баяндау түрін өзгертіп әңгімелеу, әңгіме бірінші жақпен баяндалатын болса, оны үшінші жаққа айналдыру, әңгімедегі оқиғаға ұқсас өз жандарынан әңгіме құрастыру, т.с.с.) барлығын да баланың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жолдары деп көрсетеді./2,13/

Демек, шығармашылық-өздігінен жаңа дүниелер жасау, яғни бұл жерде оқушылардың өз ойынан ойлап шығарған, ешкімдікіне ұқсамайтын дүниесі, оның ойлау мүмкіндігінің жемісі және соған жеткізетін әрекеті деген мағынаны білдіреді.



Әрине, өздігінен ізденіп, зерттеу жұмыстарын жүргізген, жинаған материалын талдай білген оқушының әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, оның идеялық-эстетикалық мән-мағынасын терең ойлап, тебірене қабылдауына мүмкіндіктер туатыны сөзсіз. Сонымен қатар оқушының оқырмандық, ізденімпаздық белсенділіктерін де арттырады.

Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту, білімді қарапайымнан күрделіге қарай жүйелі меңгерту сабақтың үш сатысында жүргізіледі: қызығушылықты ояту сатысында айтылған сөз, істелінген әрекет бүкіл сабақтың сыр сандығын ашатын кілті десем, мағынаны тану сатысын- білімнің нағыз шыңдалар шағы дер едім, ал ой толғау сатысында нәтижені көру, яғни еңбектің жемісін тату іске асырылады.

Сөзім дәлелді болу үшін әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген сабақтарымнан үзінді ұсынамын. Төмендегі сабақтарымды сын тұрғысынан ойлау технологиясына негіздедім. Осы технология қолданылған сабақтарымда оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға қалай үйретіп жүргенім туралы тоқталғым келеді.



әңгімені аяқтау өлең құрастыру сурет бойынша мәтін жазу


эссе жазу әңгімеге жоспар құру


кейіпкерге мінездеме беру мәтінді бөліктерге бөлу


қиялдау арқылы сурет салу реферат жазу мәтінге тақырып қою т.б.

Көксерек»__1-топ:_«5_жолды_өлең»_стратегиясы'>3-сынып М. Әуезов «Көксерек»

1-топ: «5 жолды өлең» стратегиясы

  1. Көксерек.

  2. Ашқарақ, азулы.

  3. Ұрлайды, ызаланады, ұлиды.

  4. Көксерек-құла түздің тағысы.

  5. Көкжал.

2-топ: «Топтастыру» стратегиясы. Асыранды бөлтірік, оның мінезі.

ашқарақ даланы аңсайды қозыны иіскелеп, қойды үркітеді



мойымайды тамақты рұқсатсыз жейді

қыңсыламайды ауыл иттеріне өш

кісі көзінше тамақ жемейді

3-топ: «Семантикалық карта» стратегиясы.


Қай кейіпкердің сөзі, Көксерек пен ауыл итінің портреті

Әңгімеден үзінді




- Кәпір, қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды. Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Тұқымы жау емес пе!

Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналды. Семіріп жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсеңдеу.

Үлкен қара ала төбет.

Алдыңғы жағы арыстан бейнесіне ұқсайды.

Көксерек




+




Ауыл үлкендері

+







Ауыл иті Аққасқа







+


4-топ: «Венн» диаграммасы

Көксерек Менің итім

Сонымен қатар әр бөлімді аяқтағаннан соң рефераттар және эссе жазу, өлең құрастыру, альбом және газет шығаруға тапсырмалар беріп отырамын. Мысалы: «Туған елім, туған жерім» атты бөлімді аяқтағаннан кейін оқушыларға өзінің туған жері туралы эссе жазу, өлең құрастыру беріледі.



Оқушы шығармашылығы:

Жүрегім сен деп соғады, туған елім,

Бойыма қуат берген,

Туған жерім.

Есейіп төл перзентін ер жеткенде

Жайнауың үшін аянбай төгеді терін. ( Кенжебаева Әсем)

Эссе

Туған ел.

Мен Орал қаласының кішкентай тұрғынымын. Орал қаласы әдемі де сұлу. Бұл қалада әдемі көшелер, зәулім үйлер, кең байтақ жерлер бар. Орал қаласы Ақжайықтың жағасында орналасқан. Ағаштары көп, халықтары кең пейілді. Қазақ халқы қашанда туған жерін қадірлеген. Мен кішкентай болсам да өзіме, еліме, жеріме қызмет еткім келеді. (Мүбиін Сана)

3-сынып Т. Жұртбаевтың «Қоңыр қозы» әңгімесін өткен кезде мынандай шығармашылық тапсырма берілді:

Мұхтардың портреті

Досымның портреті

Әжем немесе атам портреті

Маған берілген бата

Мұхтардың мінезі салмақты. Қалың ерінді, торсық шеке, маңғаз.

Менің досым-Әдемі. Оның жасы 10-да. Өзі толықтау келген, шашы ұзын. Орташа бойлы, қасы мен кірпігі қою қара, сүйкімді.

Менің әжем-Қисметова Роза. Ол кісінің жасы биыл 70-ке толады. Құлағы дұрыс естімейді, ал көзі жақсы көреді. Шашы аппақ. Бойы еңкіш тартып, аласарған.

«Көп жаса. Сабағыңды жақсы оқы. Ғұмырың ұзақ болсын. Қанаты қатты қыран бол. Еліңді сүй.»

Осы жұмыспен қатар «Әжемнің әңгімесі», «Атамның әңгімесі» айдарымен ауыз әдебиеті үлгілерін жинадық. Олардың ата-әжелерінен жазып алған аңыз-әңгімелерін сыныпта оқыдық.

Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай жалғастыра беруге болады.

Келесі сабақта шығармашылық жұмыстар мен ізденістер, пікір алысулар бір-бірімен сабақтаса түседі. Жұмыс нәтижесі бастауыш білім сатысын аяқтағанда байқалуға тиіс деп ойлаймын.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері арқылы оқушының алған білімдерін нығайтуға әбден болады. Тек әдіс-тәсілдерді тиімді, орынды пайдалану керек.

Қорыта айтқанда, оқытуда жаңа технологияларды қолданудың ұстаздар және оқушылар үшін маңызы өте зор.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Тәжіғалиева З. Әдебиет сабақтарында оқушыны шығармашылыққа баулудың тиімді технологиясы. //Ғалым-ұстаз С. Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері. Облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 2007-70 б.
2. Жаманқұл П. Қ., Муфтибекова З., Орынбаева Н. Н. Оқулықтағы көркем шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері. //Әдебиеттік оқу әдістемесі.

3-сынып. Алматыкітап баспасы, 2010.-13 б.


3. Иманбекова Б. И., Жаманқұл П. Қ., Муфтибекова З. Әдебиеттік оқу.

3-сынып. Алматыкітап баспасы, 2010.-121, 137 б.
жүктеу 86,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау