Агрегаттың айлық жұмыс өнімділігін он мың тоннаға жеткіземіз



жүктеу 107,21 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі107,21 Kb.
#19880


ШАХТЕР КҮНІ  ҚАРСАҢЫНДА 

Агрегаттың айлық жұмыс өнімділігін 

он мың тоннаға жеткіземіз 

Сталиндік сыйлықтар лауреаты Мака-

ров жолдастың үлгісімен жасалған кен 

комбайнының біздің шахтада жұмыс іс-

тей бастағанына бірнеше ғана ай болды. 

Жаңа машинаны—кен комбайнын игеріп, 

оны тиімді пайдалану үшін шахтаның ме-

ханизаторлары мен кен мамандары көп 

жұмыстар істеуге тура келді. 

Кен комбайны март айыңда небәрі 12 

күн жұмыс істеді. Өйткені, лаваның 

құ-


рылысы, геологиялық жағдайы комбайнды 

толық пайдалануға үлкен бөгеу жасады. 

Учаске коллективі кен комбайнын пай-

далану ісіндегі бұл 

қыйыншылықтарды 

тез жоюды  қолға алды. Лаваны жұмыс 

үсінде тәртіпке келтірді. Осының нәти-

жесінде айдың соңғы онкүндігінде кен 

комбайны жұмысты өнімді істеп, көмір 

ө н д і р у нормасын орындай бастады. Бұл 

кеншілердің сенімін күшейтті, лава жұ-

мысы тыңғылықты 

ұйымдастырылып, 

тәртіпке келтірілсе кен комбайны ойда-

ғыдай жеміс беретіндігін айқын көрсетті. 

Апрельде комбайн учаскесі тапсырмасын 

толық орындап, алғашқы табысқа ие 

болды. 


Бізде комбайн учаскесін Әшірбеков 

жолдас басқарады. Комбайн учаскесінің 

жұмысы белгілі график бойынша жүргі-

зіледі. Ол график бойынша тәулігіне жар-

ты цикл алуға тиіс. Бұл міндетті орындау 

үшін бірсыпыра 

ұйымдастыру-техника-

лық шаралар  ж ү з е г е асырылды. Учаске 

хажетті ағаш материалдармен және ва-

гонеткалармен  қамтамасыз етілді. Лава-

дан көмір электровозбен шығарылатын 

болды. Жұмыс орнын күн бұрын әзірлеп 

қоюға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл шаралар 

комбайнды толық пайдалануға хажетті 

жағдай туғызды.  Қазір біз комбайнды 

лаваға түсіруді үш сағатта, транспортер-

ді көшіруді  2 — 2 , 5 сағатта үлгеріп оты-

рамыз. Сонымен қатар, жаңа транспортер 

орнатылды. Сөйтіп, лавадан көмір шығару 

кезіндегі кемшіліктер, жұмыстың тоқтап 

қ алу ы  м ү л д е жойылды . Осы шаралардың 

нәтижесінде авария жойылды, жұмыстың 

өнімділігі артты. Апрельде кен комбайны 

тәулігіне нормадағы 160 тонна орнына 

1 8 0 — 1 9 0 тоннадан көмір шауып отырды. 

Соңғы айда комбайнның тәулік жұмыс 

өнімділігі  2 0 0 — 2 1 0 тоннаға дейін артты. 

Машинистер Напреев, Селецов, көмек-

ші Глазков жолдастар механизаторлардың 

жарысында алған міндеттемелерін аброй-

мен орындап келеді. Кен мастерлері 

Филатов пен Әшірбеков жолдастар өз 

сменаларында еңбек  ұйымдастыру мәселе-

сіне баса көңіл бөледі. Бұл сменаларда 

күн сайын істелген жұмыстың  қорытын-

дысы жасалады. Кімнің  қалай істегені сөз 

болады. Өткен сменада ашылған кемші-

ліктерді бұдан былай болдырмау жолдары 

белгіленеді. 

Айта кету керек, кен комбайнының 

жұмысты өнімді істеуіне механик Царап-

кин жолдас үлкен еңбек сіңіріп келеді. 

Царапкин жолдас комбайнды жұмысқа 

қосу, «СТ—11 » транспортерді көшіру 

және орнату жұмысына  қолма-қол басшы-

лық жасайды. Лавадағы барлық меха-

низмдердің жөндеу жұмыстарын кезінде 

жүргізіп отырады. 

Партия және кәсіпшілер одағы  ұйым-

дары комбайнмен көмір өндіру жұмысын 

тыңғылықты 

ұйымдастыруға 

қолма-қол 

көмек көрсетіп отыр. Шахта партия бю-

росы кен комбайн учаскесі механизатор-

ларының социалистік жарыста алған мін-

деттемелерінің орындалуы, сменаларда 

саяси-тәрбие жұмысын жолға  қою жа-

йында соңғы екі айдың ішінде үш рет 

мәселе талқылайды. Кен комбайнын пай-

далану ісіндегі кемшіліктерді жоюдың 

нақты шараларын белгілеп, оны іске 

асырды. 

Кен комбайн учаскесінің механизатор-

лары Шахтер күнін өндірістік жаңа та-

быстармен  қарсы алуға  ұйғарып, нақты 

міндеттемелер алып, өзара социалистік 

жарысқа түсті. Олар  қазір агрегаттың ай-

лық жұмыс өнімділігін 10 мың тоннаға 

жеткізу міндетін алға  қойып, сол үшін 

қ ажырл ы еңбек етуде. 

Л. СТРУК. 

Қ

арағандының № 20-бис шахта-

сының бас инженері. 

Социалистік Қазақстан. - 1948. - 18 авг. (№ 164). - 2 б. 



жүктеу 107,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау