Механика жӘне технология процесстерін үлгілеу
МЕХАНИКА И МОДЕЛИРОВАНИЕ ПРОЦЕССОВ
ТЕХНОЛОГИИ, 2011, № 1,с.91-96
ӘОК 539.9
Б.А. Қойайдаров, Т.М. Жүнісбеков, Н.Д. Абильдаева, А.А Абильдаев,
ТЕРМОПЛАСТАН БҰЙЫМ ЖАСАУҒА ПРЕСС ҚАЛЫП ЖОБАЛАУ
Термопластан бұйым негізінен пресстеп құю әдісімен жасалады. Пресстеп құю арнайы құю машиналарында немесе пресстерде жүргізіледі [1-3].
Бұйымдарды құю сол бұйымдардың өлшемдеріне сәйкес пресс қалып арқылы жүргізіледі.
Пресс қалыпты жобалау үшін келесі шарттар болу керек:
Жасалатын бұйымның жұмысшы сызбасы.
Бұйым материалының (термопластың) қасиеттері.
Пресстің немесе құю машинасының сипаттамасы.
Бұйым жасау бойынша өндірістік бағдарлама.
Осы шарттар негізінде пресс қалыптың басты параметрлері анықталады.
Өндірісте термопласт бұйымды топтап пресстеп құю жолымен жасайды [1-3].
Топтап пресстеп құюдың негізінен екі әдісі кездеседі:
Бірнеше бір бұйымды пресс қалыптарда.
Бір пресс қалыпта.
Пресс қалыптың құрылысы және параметрлері топтап пресстеп құю әдісіне байланысты болады. Сондықтан жаңа бұйымға пресс қалып жобалауда топтап престеп құю әдістерінің параметрлерін анықтап, сараптау арқылы шешім қабылдаған дұрыс болады. Шешімнің оңтайлы болуының көрсеткіштері:
Жұмыс өнімділігі – П, дана/сағ.
Бір циклде жасалатын бұйым саны – zu, дана.
Бұйымның сапасы.
Алайда дерек көздерінде пресс қалыпты жобалауда оңтайлы шешім табу жүйесі кездеспейді. Сол себепті осы жұмыста бір бұйымды пресс қалыптарды топтастыру әдісінің параметрлерін есептеу арқылы оңтайлы шешім табуға қадам жасалған.
Термопласты пресстеп құю циклі келесі кезеңдерден тұрады [1-3]:
Термопласты мөлшерлеп, қыздыратын цилиндрге беру.
Қыздыратын цилиндрде термопласты пластикациялау.
Пластикацияланған термопласты қысыммен қалыптау қуысына жіберу.
Қалыптағы термопласт бұйымды қысымда ұстау.
Қалыптағы термопласт бұйымды суытып қатыру.
Қалыпты ашып бұйымды шығару және қалыпты жабу.
Пресстеп құю цикліне бірінші кезеңнің уақыты кірмейді. Себебі 1-ші кезеңді 6-шы кезеңнің уақытында жүргізуге болады. Сондықтан пресстеп құю циклі 2-6 кезеңдердің уақыттарының қосындысына тең болады
, мин. (1)
Термопласт бұйымды пресстеп құюдың даналық жұмыс өнімділігін келесі формуламен анықтауға болады
, дана/сағ (2)
мұнда - бір циклде жасалатын бұйым саны, дана.
Пресстеп құюдың жұмыс өнімділігін циклді қысқарту және циклде жасалатын бұйым санын өсіру арқылы арттыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |