Жұмыс орындарын



жүктеу 20,98 Kb.
Дата16.01.2022
өлшемі20,98 Kb.
#32671
15лек.-Жұмыс орындарын ұйымдастыру


Жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Мақсаты:

Жұмыс орны – бұл негізгі жұмысты орындайтын, өндіріс екендігін есте сақтау және түсіну; өндірістік процестердің тиімді орындалуында жұмыс орындарын ұйымдастыруының маңыздылығын түсіну.


Жоспар:


1.Кәсіпорындардағы жұмыс орындарының түсінігі мен түрлері

2. Жұмыс орынының ұйымдастырылу процесінің мазмұны

3. Жұмыс орындарының қызмет көрсету функциялары мен қағидалары

1.Жұмыс орны өндіріс аумағының бір бөлігі ретінде түсіндіріледі. Жұмыскерлер мен бригадалар белгілі өндіріс тапсырмасын тиімді орындауы үшін ол технологиялық жабдықтармен қамтылған. Жұмыс орны кәсіпорынның өндірістік құрылымының бастапқы ұяшығы болып табылады. Жұмыс орнын ұйымдастыру өндіріс еңбегін жасау үшін жұмыс орнында барлық қажетті шарттарды құруға бағытталған кешенді шаралар ұсынады. Ол шараларға кіреді: жұмыс орнын рационалды мамандандырылған таңдау және оны керек жарақтармен жабдықтау; рационалды жоспарлау, барлық функциялар бойынша жұмыс орындардың үздіксіз қызмет көрсетуі. Жұмыс орындарын рационалды ұйымдастыру бойынша жұмыстың нақты мазмұны көптеген факторларға тәуелді болады: еңбек түрлері (ой еңбегі немесе физикалық, ауыр немесе жеңіл, әртүрлі немесе монотонды ), еңбек шарттары (ыңғайлы немесе қолайлы емес), өндіріс түрлері және т.б.

2. Жұмыс орындарын ұйымдастыру оны жоспарлаудан басталады, яғни белгілі өндірістік аумақта (жұмыс орны аймағында) орналасқан өндірістің барлық материалдың элементтерінің масштабтық сызбаларын әзірлеу (жабдықтар, технологиялық пен ұйымдастырулық жабдықтау және т.б.) және жұмыскерлердің еңбек етуі үшін қауіпсіз және барынша ыңғайлы жағдайлар жасау үшін әртүрлі қолайлы аумақтарды құру.

Жұмыс орындарын жоспарлау сыртқы және ішкі деп ажыратылады. Сыртқы жоспарлау жұмыс орнында негізгі технологиялық және көмекші жабдықтардың тиімді орналасуын анықтайды.

Жұмыс орнының ішкі жоспарлауы технологиялық жабдықтаудың және құрал – жабдықтардың сәйкес сөрелерге тиімді орналасуды анықтайды. Ішкі жоспарлау жұмыстың қолайлы түрін, еңбектік қозғалыстардың біркелкі жасалуын қамтамасыздандыруға міндетті. Жеткізерлік аумақтардың өлшемдері жұмыс істеу түрлерінен (отырып, тұрып) және жұмыстың көрсеткіштеріне тәуелді болады. ҒЗЖ еңбегі жасалған және дұрыс жеткізерлік аумақтың типтік схемасы келтірілген. Жұмыс орындарының жіктемесі суретте көрсетілген:

Жұмыс орындарының ұйымдастырылуына ықпал ететін факторлар – белгілер:


  1. Өндіріс түрі


  2. Еңбекті бөлудің сипаты


  3. Қызмет көрсететін жабдықтардың саны


  4. Еңбекті механизациялау дәрежесі


  5. Объектісіне байланысты орындалынатын жұмыстың сипаты.


Жұмыс орнының ұйымдастырылуының басқа негізгі жағынан оның жабдықтандыруы шығады. Жұмыс орнын жабдықтау оның аумағындағы технологиялық және қосымша жабдықтардың, технологиялық және ұйымдастырудың, жабдықтардың, дабыл құралдарының, қауіпсіздік техникаларының және т.б. орналасуымен түсіндіреледі және өндіріс түрлерінен, жұмыс орнын жабдықтармен қамтамасыз етуін арнайы (жаппай өндірісте қолданылатын), мамандандырылған (ірі және сериялық өндірісте қолданылатын), әмбебап (ұсақ сериялық және жеке өндірісте қолданылатын) түрлеріне тәуелді болады.

3. Жұмыс орнының қызмет көрсету жүйесінің ұйымдастырылуының тиімділігіне еңбек өндірісі, өндіріс ырғақтылығы, өнімнің сапалылығы тәуелді болады. Жұмыс уақытының жоғалу себептерін игеру барысында 70 % - ға жуық ішкі жүйелік жоғалту жұмыс орнының қызмет көрсетуді дұрыс ұйымдастырылмағаннан деп көрсетеді, осыдан оның жақсаруы жүзеге асырылады.

Жұмыс орнының қызмет көрсетуіне келесі функциялар кіреді:


  • өндірістік дайындалған (жұмыс орнын техникалық құжаттамамен, материалдармен, жабдықтармен қамтамасыздандыру);


  • Көліктік және жүк тиеу – жүк түсіру (еңбек заттарын жұмыс орнына жеткізу, дайын өнімді жеткізу және өндіріс қалдықтарын жою);


  • Жабдықтандыру (құрал – саймандармен және жабдықтармен қамтамасыздандыру);


  • Реттеушілік (станоктарды және басқа технологиялық жабдықтарды реттеу);


  • Энергетикалық (жұмыс орнын энергиямен қамтамасыздандыру);


  • Бақылау (шикізат сапасын, дайын өнімді бақылау);


  • Жөндеу (жөндеу жабдықтары);


  • Қоймалық (жинақтау, есеп, материалды, дайын өнімді сақтау және беру);


  • Шаруашылық – тұрмыстық (жұмыс орнында тазалық пен тәртіптің сақталуы);


Жұмыс орнының қызмет көрсетуінің негізгі принциптері: жоспарлық, ескертпелік, жинақтылық, уақыттылық және үнемділік.

Өндіріс түрінің тәуелділігінен дайындалатын өнімнің күрделілігі және басқа нақты шарттар келесі қызмет көрсету формаларын ажыратады: кезектілік және баяу өтетін.

Жұмыс орнын ұйымдастыратын және қызмет көрсететін жобалау еңбекті ұйымдастыратын картасы және құжат статусын алған немесе кәсіпорынның стандартын алған жұмыс орны ретінде қарастырылады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Жұмыс орны бастапқы және кәсіпорынның өндіріс құрылысының маңызды бөлігі ретінде.

  2. Жұмыс орны қалай жіктеледі?

  3. Қандай шаралар өзіне жұмыс орнының ұйымдастырылуын қосады?

  4. Менеджменттің жұмыс орнында қызмет көрсетуінің негізгі функциялары мен қағидаларын атаңыз.

Әдебиеттер:

1.ҚР нормативтік құқықтық актілері, заңдары мен жарлықтары

2.Ахметов К.Ғ.Менеджмент негіздері. Ақтөбе, 2005-453 б.

3.Бердалиев К. Менеджмент, Алматы, 2005-289 б.



4.Ахметов К.Ғ. Сағындыков Ү.С. Ақтөбе, 2005-426 б.
жүктеу 20,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау