Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Басықара ауылының 2018 – 2020 жылдарға арналған
дамыту бағдарламалары
Басықара ауылы кешенді даму жобасының құрылымы.
Кіріспе
Басықара елді мекені аудан орталығынан 23 км қашықтықта орналасқан
Әкімшілік статусы, Басықара ауылдық округінің орталығы.
Әлеует санаты, жоғары. Ауылдың тіршілік көзі мал шаруашылығы және жеке кәсіптермен айналысады. Басықара елді мекенімен аудан орталығына қатынасы, Басықара-Әйтеке би бағытындағы маңызы бар трасса арқылы ауыл орталығына дейін барады.Елді мекеннің жанынан Сырдария өзені өтеді. Басықара елді мекені темір жолға 5 км қашықтықта және «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолынан 6 км қашықтықта орналасқан. Елді мекенде шағын кәсіпкерлік нысандарынан 9 дүкен қызмет жасайды.
2.Ағымдағы жағдайды талдау
Ауылдық округ орталықтарын кешенді дамыту
Басықара ауылдық округінің құрамында Басықара елді мекені және №98 жол айрығы бар.
Демографиялық жағдай: 2017 жылдың 1 қаңтарында халық саны 1164 адам болса, 2018 жылдың 1 қаңтарына халық саны-1177 адам.
Экологиялық жағдай: Басықара елді мекені 1963 жылы құрылған. Ауыл орталығында 13 /он үш/ көше бар. Ауылдың аяқ су қажет ететін жерлері, үй іргелік жерлердің жалпы көлемі 243204 шаршы метр.
Басықара елді мекеннің құрылғанына 54 жыл көлемі болды, осы жылдар ішінде ауыл көшелерінде жүргізілген аяқ су арықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сонымен қатар көктемгі абаттандыру және көгалдандыру айларында көше аяқ су арықтарын техника жалдап жылда қыршу жұмыстары жүргізіледі.Басықара елді мекені судың сағасында болғанымен осы аяқ суға жарымай жатамыз. Ауылға аяқ су екі бағытта беріледі. Оның бір бағыты дизелді насоспен, екінші бағытта жер аяқ суымен беріледі.
Басықара елді мекеніне көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мен жасыл белдеу құру мақсатында жұмысшы тобы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілген.
Басықара елді мекенінде жасыл ел бағдарламасы аясында төрт жасыл белдеуге қоршау жұмыстары жүргізіліп, көлеңкелі ағаштар отырғызылды. Ағымдағы жылда «Жасыл ел» бағдарламасы аясында ауыл орталығынан алты жасыл белдеуге арналған жерлер белгіленіп, көлеңкелі ағаштр егілетін болады.
Жұмыспен қамтылу жағдайы: Басықара елді мекені бойынша экономикалық белсенді халық саны 632, жұмыссыздар-40, жұмысссыздық деңгейі-0,03%.
Ауылшаруашылығы. Басықара ауылдық округінің жалпы жер көлемі-1752,9 га оның ішінде: егістік жерлер-130 га, жайылымдық жер-866 га.
Басықара елді мекенінде 8 шаруақожалығы бар. Оның ішінде: 7 шаруақожалығы мал өсірумен айналысса, «Асан Қайрат» және «Адина» шаруақожалықтары «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алып, мал басын көбейтумен және асылдандыру жұмыстарымен айналысуда, «Жалаңтөс» және «Бақыт» шаруақожалығы «Қазалы-несие» серіктестігі арқылы мал өсіру мақсатында несие алып , жұмыс жасауда. «Медеу» шаруақожалығы егін шаруашылығымен айналысады. Барлық мал басын бірдейлендіруге сәйкес ауыл округіндегі мүйізді ірі қара малдары толығымен 100 пайыз, ал уақ малдардың 1352-сі базаға енгізіліп, сырғаланды. Қазіргі таңда мүйізді ірі қара саны-931 бас, қой 653 бас, ешкі-696 бас, жылқы-454,түйе 29 бас мал саны бар. 2018 жылға жаңадан 2 шаруа қожалығы нақты ашылады деп жоспарлануда. «Сыбаға» бағдарламасымен несие алып жұмыс жасау үшін, 2 шаруа қожалығы ұсыныстарын беріп қазіргі таңда құжаттары дайындалып, «Қазалы-несие» ЖШС-не өткізілді. Басықара елді мекенінде жылдан-жылға мал шаруашылығымен айналысушылар қатары көбейуіне байланысты, мал басын аман сақтау арқылы көбейту мақсатында ауыл орталығынан уақ малдарға бруцеллез ауруына қарсы толық тексеру жұмыстарын жүргізуге, сібір жарасы, аусыл, эктима ауруларына қарсы дәрілер егу, қаңғыбас иттер мен мысықтардың көзін жою мақсатында аудандық бюджеттен ветеринариялық пункт ашу үшін, 2018 жылға 1800,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Әлеуметтік сала.
Білім.
№182 орта мектеп 2010 жылы типтік жобада, заманауи технологиялармен жабдықталып салынған, қуаттылығы-250 орындық, оқушы саны-258.
Мектепке дейінгі тәрбие ұйымы.
Басықара елді мекенінде 3-6 жас аралығындағы балар саны-106. №8 «Тілашар» балабақшасы 1967 жылы типтік жобада салынған, балабақшада 2 топта 50 бала тәрбиеленуде. «Балапан» шағын орталығында 17 бала тәрбиленуде, мектепке дейінгі тәрбиелеу мақсатында балаларды қамтамасыз ету-63%. Қазіргі уақытта ғимарат апаттық жағдайда, мектепке дейінгі тәрбиеленуші балаларды 100% қамтамассыз ету мақсатында елді мекен орталығынан 2019 жылға 90 орындық балабақша құрлысын салу жоспарлануда.
Денсаулық.
«Басықара» фельчерлік амбулаториясы 2013 жылы жоба құны 90,000 мың теңге құрайтын амбулатория жаңадан салынып, 2013 жылдың қазан айында ауыл халқының игілігіне пайдалануға берілді.
Мәдениет.
Басықара ауылдық клубы 1964 жылы типтік жобада салынған, қуаттылығы 150 орындық 2013 жылы күделі жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 35,000 мың теңгеге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, осы қаралған қаржының 2013 жылы 8070,0 теңгесі бөлініп, оған шатыры, есік-терезесі, жылу жүйесі жөндеуден өткізілді
Ауылдық кітапхана ауылдық әкімшілігінің ғимаратында орналасқан, ауылдық кітапханада 18043 кітап қоры бар. Жыл бойына түскен кітап 319 дана, оның қазақшасы 285 кітап. Оқырмандар саны жыл бойына 517 адам, оның ішінде 205-і мектеп оқушылары
Инженерлік инфраструктура:
«Қазалы су торабы өндірістік» учаскесінің орналасуы, Қазалы, Арал аудандарында суармалы егістік пен шабындықты жеткілікті мөлшерде игеру үшін су тапшылығынан құтылудың жолдары қарастырылды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Сырдария өзеніне су тоспасын салу Басықара елді мекенінің тұсы қолайлы деп табылды. 1963 жылы Қызылорда су құрылысы тресіне қарасты Қызылорда №16 жылжымалы механикалық коллонасы құрылыс жұмысын бастап кетті. Қазалы су торабының құрылысы бүкілодақтық екпінді құрылыс деп жарияланып, жер-жерден мамандар мен жұмысшылар келді. Су торабы мен ауыл құрылысы қатар жүрді.1970 жылы Қазалы су торабының құрылысы пайдалануға берілді.Су торабының су өткізу мүмкіншіліктері: негізгі тоспа Сырдария өзенінде ең жоғарғы ағын 1000 т/м, Сол жаға арнасы 50 т/м, Оң жаға арнасы 15 т/м, Ақсай арнасы 35 т/м су өткізуге есептеліп жасалған. Қазалы су торабы тоспасы Сырдария өзеніндегі суды бір қалыпты жағдайға келтіріп, Арал,Қазалы аудандары Оң жаға, Сол жаға, Ақсай су жүйелері магистральды арналарымен ауылшаруашылығы дақылдары егістерін, шабындық жерлерін, қоршаған ортаны экологиялық жақсарту мақсатында кеуіп қалған көлдерді суға толтырып аталған екі аудандар көлемінде кешенді жұмыстар атқарады.
Ауыз су. Басықара елді мекенінің ауыз сумен қамтамасыз етілуі «Арал-Сарбұлақ топтық су құбырын» пайдаланушы қазалы өндірістік бөлімшесіне қарасты ауыл орталығына салынған №12 су көтеру бекеті арқылы таратылады. Ауылда 8.6 км су құбыры тартылған, 36 колонка жұмыс жасайды. Басықара елді мекеніндегі тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауылдағы әрбір үйлердің шекараларына дейін ауыз суды сервистік желіге жеткізіп беру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2013 жылы жеңімпаз болып танылған «Астана-Сириус» ЖШС-гі жобалау іздестіру және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп, құжаттары мемлекеттік сараптамаға жіберілді. 2018 жылға 40,858 мың теңге қаржы РБ,ОБ бюджеттерден бөлініп, елді мекен халқының ауыз сумен қамтамасыз етілуі толығымен сервистік жүйеге қосылатын болады.
Жол, Басықара елді мекенінде 13 көше бар, жалпы көшелердің ұзындығы 6,357 км. Басықара елді мекені 1963 жылы құрылған осы 2013 жылға дейін көшелерге ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 Қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес, Басықара елді мекеніндегі 1135 метр жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 8832,0 мың теңге қаржы бөлініп, ауылдағы Қ.Әжімұратова көшесі 510 метр, Балықшылар көшесі 372 метр, Ш.Нұрқожаев 253 метріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдар пайдалануға берілді. 2017 жылы Есенов пен Түктібаев көшелеріне 556 метр асфальт жолдар салынды.
Ұсынылған жоба сметалық құжаттардағы қалған қаржылар бюджеттің нақтылануына қарай, кезең-кезеңімен берілетін болады.
Электр жарығымен қамтылуы. Басықара елді мекенінде 222 отбасы бар, осы отбасылар толығымен электр жарығымен қамтамасыз етілген, ауыл ішіндегі электр бағаналарымен подстанциялардың 80 пайызының тозығы жеткен. Электр желілеріне 1979-1981 жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілген, қазіргі уақытта ауылдың электр желілері, подстанциялары толық күрделі жөндеуден өтуді қажет етеді. Басықара елді мекеніндегі жарықтандырылатын көшелердің ұзындығы 6 975 км, осыдан түнгі жарық шамы орнатылған көшелердің ұзындығы-2258 км, жарықтандыру пайызы-26,7. Жарықтандыру жұмыстарын жүргізуді 4099 км қажет етеді
Шағын және орта бизнес.
Округ бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 52. Оның ішінде: 39 жеке кәсіпкер, 13 шаруа қожалығы.
Тұрғындарға 9 дүкен,8 такси қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, 1 мал шаруашылығы,8 сауда қызметі, 1 шаштараз,1 бақташы,1 тігін цехы,1 құрылыс,1 монша ,1 буфет ,7 ауылшаруашылық кәсібімен айналысатын кәсіпкерлер жұмыс жасайды.
Нақты жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілер саны 41, оларда жұмыспен қамтылғандар саны 74. Кәсіпкерлік объектілерінің саны 9.
2018 жылың қаңтар айнан бастап тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3,1-кооператив,1-жолаушылар тасымалдау қызметі,1-буфет .
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарын, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеу мақсатында 2017 жылы "Бастау Бизнес" жобасы бойынша 5 адам оқуға жіберілді.
Олардың ішінде 4 адам оқуды аяқтап, сертификатын алды.
Бизнес-жобаны 4 адам қорғады.
Оның ішінен бір адам:
2017 жылы Кәсіпкерлер Палатасы арқылы "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқыған жеке кәсіпкер Жадырасын Жаксыгул жылқы малын өсіру үшін 2,0 млн теңге шағын несие алып, өз жұмысын атқарып жатыр.
2018 жылы «Бақыт» шаруа қожалығы «Қазалы несие»серіктестігі арқылы 15,0 мил тенге несие алып жылқы малын асылдандырумен айналысуда.
Алдағы уақытта жүзеге асырылады деп жоспарланып отырған жобалар саны 5.
Атап көрсеткенде 2017 жылы ауылдық округте кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқып, бизнес-жобасын қорғаған
3 адам:
1) Жандилова Айгерим – 5,0 млн теңге көлемінде несие алып, мал шаруашылығымен айналысуды көздейді, бизнес-жоба дайын, кепілдік мәселесі шешілген, толық құжат пакеті кәсіпкерлік палатасының Қазалы аудандық филиалында, Инвестициялық орталық арқылы қаржы күтуде.
2) Сунгибаева Куралай – 5,0 млн теңге көлемінде несие алып, мал шаруашылығымен айналысуды жоспарлап отыр. Бизнес-жоба дайын, кепілдік мәселесі шешілген. Инвестициялық орталық арқылы қаржы күтуде.
3) Ермаханова Мира - 1,0 млн теңге көлемінде несие алып, тігін цехын ашуды жоспарлап отыр. Бизнес-жоба дайын, кепілдік мәселесі шешілген. Инвестициялық орталық арқылы қаржы күтуде.
4) Қаратаев Құдайберген-«Бизнес бастау» бойынша оқып мал бордақылау пунктін ашуды жоспарлап отыр.
5)Джантуреева Айтбике-қол өнер бұйымдарын дайындау ашу гранқа құжаттарын әзірлеуде, "Бизнес кеңесші" жобасы бойынша оқыды.
6)Жұмағұл шәкәрім -компютерлік қызмет ашу гранқа құжаттарын әзірлеуде, "Бизнес кеңесші" жобасы бойынша оқыды.
7)Қайратұлы Фазылжан-мал бордақылау ашу гранқа құжаттарын әзірлеуде, "Бизнес кеңесші" жобасы бойынша оқыды.
8)Әлзақ Бақытбек-Сто ашу гранқа құжаттарын әзірлеуде, "Бизнес кеңесші" жобасы бойынша оқыды.
Сонымен қатар 2018 жылы 9 ауыл тұрғынын «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша, 8 ауыл тұрғыны «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқып, мал бордақылау цехы, мал басын асылдандыру жұмыстарын жүргізуге,мал шаруашылығын дамытуға,монша ашуға, компьютерлік қызмет көрсету орталығын ашу бағытында жұмыстар жүргізіледі деп күтілуде.
Тұрғын үй қоры: ауыл орталығында 222 тұрғын үй бар, жалпы алаңы 265181 шаршы метр. Тұрғын үйлерге ауыз су, орталықтандырылған жылу кіргізілмеген және кәріз жүйесі жүргізілмеген.
3.Нарықтық өткізім мен жабдықтаудың көлік қолжетімділігін дамыту.
Басықара елді мекені аудан орталығына 23 км қашықтықта орналасқан. Ауыл халқы өндірілген ауылшаруашылық өнімдерін сату үшін, аудан орталығына «Басықара-Әйтеке би» бағытындағы маңызы бар трасса арқылы қатынайды. Халықтың аудан орталығымен көлік қатынастарына ешқандай кедергілер жоқ, «Басықара-Әйтеке би» бағытындағы маңызы бар трасса күрделі жөндеуден өткізілген.
4.Елді мекенде мемлекеттік және коммерциялық орталықтар ашу және дамыту
Ауыл әкімшілігі бұрынғы мектеп ғимаратына орналасқан. Ғимарат 1964 жылы салынған қазіргі таңда күрделі жөндеуді қажет етеді. Ғимаратта топтастырылған мекемелер: ауыл әкімшілігі, ауылдық кітапхана, төтенше жағдайлар штабы, жатахана, асхана, қоймасы, ауылдық почта, ауылдық инспекторы бөлмесі, аудандық спорт бөлімінің грек-рим күресі залы орналасқан.
Байланыс бөлімшесі 1967 жылы салынған, қазіргі таңда апаттық жағдайда. Байланыс бөлімшесі арқылы ай сайын зейнеткерлер зейнетақысын және жәредемақыларын уақытылы алып тұрады. Ауыл тұрғындарына аудан орталығынан жыл көлеміндегі газет-журналдары әкелініп, уақытылы тартылып отырылады.
3.Басықара елді мекенін дамытудың іс-шарлары
р/с
|
Іс – шаралар
|
аяқталу нысаны
|
жауапты орындаушы
|
орындалу мерзімі
|
шығыстар (млн теңге)
|
қаржыландыру көздері
|
жұмыс орындары-ның саны
|
Экономикалық дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу
|
1.
|
Наубайхана жұмысын
жандандыру
|
хабарлама
|
Ауылдық округі әкімі, жеке кәсіпкер Соңғыбаева Қ
|
2018
|
2,000
|
Несие алу
|
3
|
2.
|
6 орындық қоғамдық монша салу
|
хабарлама
|
Ауылдық округі әкімі, жеке кәсіпкер Нағашыбай Б.
|
2018
|
5,000
|
«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында
|
3
|
3.
|
Типтік жобада жылыжай салу
|
хабарлама
|
Ауылдық округі әкімі, жеке кәсіпкер Дүйіс Ә
|
2019
|
2,000
|
Несие алу
|
2
|
2. Әлеуметтік және инженерлік инфраструктураны дамыту
|
1.
|
№98 жол айрығы орталығына футбол және хоккейге арналған корд салу
|
қабылдау актісі
|
Ауылдық округі әкімі, денешынықтыру және спорт бөлімі
|
2018
|
8,000
|
ОБ
|
1
|
3.
|
90 орындық балабақша салу
|
қабылдау актісі
|
Ауылдық округі әкімі
|
2018-2020
|
241,853
|
ОБ
|
15
|
5.
|
Басықара елді мекеніндегі ауыз су құбырын сервистік желіге қосу
|
қабылдау актісі
|
Ауылдық округі әкімі
|
2018
|
40,858
|
РБ,ОБ
|
2
|
7.
|
Сәкен Сейфуллин, Ү.Түктібаев, Абай Құанбаев, М.Әуезов, Сушылар көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
қабылдау актісі
|
Ауылдық округі әкімі, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
|
2018– 2020
|
47,700
|
РБ, ОБ
|
5
|
8.
|
Аманкелді батыр, Сырдария көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
қабылдау актісі
|
Ауылдық округі әкімі, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
|
2018-2020
|
-
|
АБ
|
2
|
9.
|
Ауылдағы барлық көшелерге аяқ су келетін арықтарымен көлік өткелдеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
қабылдау актісі
|
Ауылдық округі әкімі
|
2018
|
8,329
|
АБ
|
3
|
11.
|
Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов көшелеріне түнгі көше жарықтарын жүргізу
|
қабылдау акітісі
|
Ауылдық округі әкімі, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
|
2019
|
-
|
-
|
-
|
13.
|
Тоқтар Әубәкіров, Сырдария, Абай Құнанбаев көшелеріне түнгі жарық тарын жүргізу
|
қабылдау актісі
|
Ауылдық округі әкімі, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
|
2019
|
-
|
-
|
-
|
17.
|
Ауыл орталықтарына жасыл белдеу салу жұмыстарын жүргізу
|
қабылдау актісі
|
Ауылдық округі әкімі
|
2018-2020
|
-
|
-
|
-
|
Мемлекеттік және коммерциялық орталықтар ашу және дамыту
|
18.
|
Басықара ауылдық округінің әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу /апаттық жағдайда/
|
хабарлама
|
Ауылдық округі әкімі
|
2018 -2020
|
-
|
ОБ,АБ
|
-
|
|
Жиыны:
|
-
|
-
|
-
|
355740,0
оның ішінде:
|
-
|
28
|
РБ
|
88558,0
|
|
ОБ
|
249853,0
|
|
АБ
|
8329,0
|
|
Несие
|
9000
|
|
|
|
|
Басықара ауылдық округінің әкімі : Г.Сейсенов
Достарыңызбен бөлісу: |