№24 (475)
10 сәуір, 2015
жыл
Газет 2007 жылдың
14 желтоқсанынан шыға бастады
Газет әр аптаның жұма күні шығады
МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ
E-mail: munaily@mail.ru
«Жұмыспен қамту -2020»
Қызылтөбе ауылындағы жәрмеңкеге жиналған аудан тұрғындарына
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова: «Бос жұмыс орында-
ры жәрмеңкесі бізде тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Бұрын
облыс орталықтарында өткізсек, енді әрбір ауданда, оның ішінде ауыл
әкімдіктерінде де өткізуді қолға алдық. Өйткені, ауылдағы ағайындар
жәрмеңкенің өткізілетіндігінен хабарсыз қап жатады немесе қалаға келу-
ге мүмкіндіктері болмай қалады. Сондықтан, жұмыссыздық мәселесінің
шешілуін жолға қою басты мақсат болып отыр»,- деді.
Г. Қалмұратованың айтуынша, «Жұмыспен қамту - 2020 Жол карта-
сының» бірінші бағыты инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық
шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
аясында жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Атап айтсақ, Қызылтөбе
ауылдық округі бойынша автокөлік жолдарын орташа жөндеуден өткізуге
құрылатын жұмыс орындар саны - 21, №5 Балбөбек балабақшасын ағым-
дағы жөндеуден өткізуге 4 жұмыс орны, абаттандыру жұмыстарына 2
адам, №2 орта мектеп шеберхана ғимаратын ағымдағы жөндеуден өт-
кізуге 3 адам қажет етілуде. Дәулет округы бойынша автокөлік жолда-
рын орташа жөндеуге 20 жұмыс орны құрылмақ. Сондай-ақ, осы секілді
әлеуметтік жұмыстар Атамекен, Басқұдық, Баянды ауылдарында да өтеді.
Жәрмеңке барысында аудандық жұмыспен қамту бөлімі осы жұмыс
орындарына азаматтарды тіркеуге алды.
Басқұдық ауылдық әкімдігінде өткізілген жәрмеңкенің ашылуында
сөз сөйлеген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Лаура Махмутова ша-
раның өткізілудегі мақсатына тоқталып, мемлекеттік бағдарламаның 3
бағыты бойынша халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілетінін айтты.
«Жұмыспен қамту - 2020 Жол картасы» бағдарламасын насихаттау
мақсатында 2 мобильді топ құрылды. Бағдарламаның бірінші бағыты
бойынша ағымдық жөндеуден өткізілетін нысандардың құрылыс жұ-
мыстарына жұмыссыз азаматтарды шақырудамыз», - деді Л.Махмутова.
Жәрмеңкеге қатысқан «Маңғыстау жылу» МКК кадр бөлімінің мама-
ны Аманова Светлананың айтуынша, мекемеге бүгінгі таңда абаттандыру
және көгалдандыру жұмысына 30 жұмысшы қажет. Жалақы мөлшері 42
500 теңгені құрайды. Ал, Мұнайлы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі
бөліміне әскери қызмет ететін 19 жастан 35 жасқа дейінгі ер азаматтар
керек. Мемлекет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, 65 мыңнан
150 мыңға дейін айлық төленетін әскери қызметші лауазымына сұраныс
артуда. «Маңғыстау Энерго» МКК 15 орын ұсынса, «Еркебұлан» ба-
лабақшасы 3 тәрбиешіні жұмысқа алатындығын жеткізді.
Шараға ауыл тұрғындары көп жиналды. Қызылтөбеде өткен жәрмеңке
бойынша, түйіндемелерін ұсынып, әңгімелесуге қатысқан 165 адамның
132-сінің түйіндемесі қабылданып, 17 мекеменің 80 адамды нақты
жұ мысқа алатындығы белгілі болды. Ал Басқұдық ауылында өткен
жәрмеңкеде жұмыс беруші 17 мекеме 49 түйіндеме қабылдап, олардың
бірқатары тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Мәселен, 2008 жылы
ашылған жеке кәсіпкер Ілес Жұмаханұлының қазіргі таңда жиһаз және
матрас жасау цехында 5 адам еңбек етіп жатқан болса, жәрмеңкеде тағы
да 4 адам жұмысқа алынды.
Анаргүл ЖЕКСЕМБАЙҚЫЗЫ
Халық
қалаулысынан
қол дау күтіп келгендердің
бірі Дәулет ауылының
тұр ғыны Е. Күмішбаев.
Ана сының айтуынша қа-
зір қоларбаға таңылған 24
жастағы жігіт 10 жасы-
на дейін өз аяғымен жү-
ріпті. Жергілікті жердегі
дәрігерлер Ермектің тұрып
кету мүмкіндігі жоқ десе,
Астананың
ақжелеңдері
бұл ойды теріске шыға-
рыпты. 3 рет басынан сұ йық тық алғызып, қоларбаны
тастайтын күнді асыға күткен мүмкіндігі шектеулі
жан: «Омыртқама ота жасау қажет дейді, алысқа, әрлі-
берлі сабылмай осында жасатсам. Тым болмаса протез
салып берсе де...», дейді. Және ол қазірде күтімін жа-
сап отырған анасын жеке күтуші ретінде тағайындауға
болама деп те сұрады. Бұған жауап берген аудандық
жұмыспен қам ту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі басшысы Г. Ақниязова күтушінің жұмыссыздар
ішінен алынатынын атап, мүгедектерді оңалту заңына
сәйкес оқу немесе жұмыс, басқа да орындарға бара-
тын жағдайлар да ғана жалдау құқы берілетіндігін
мәлімдеді.
Ал Маңғыстау ауылы тұрғыны Ж.Қазиеваның Тү-
рікменстаннан көшіп келіп, ыхтиярхатпен жүр геніне
көп болмапты. 6 баласы бар, басында баспанасы
жоқ ана кейбір игіліктерге ел азаматтығы берілгенге
дейін қол жеткізу мүмкін еместігін айтып, бұдан өзге
шешімі болмай ма деді. М. Бинеубаев «Жұмысты
таңдамаймын, отбасымды асырайтындай тұрақты
жұмысқа орналасқым келеді» деп қолдау көрсетуді
өтінсе, қабылдауда болған басқа да тұрғындар қолы
жетпей, қысылып отырған жайын ортаға салды.
Олардың мұң-мұқтажын тыңдаған депутат тұр-
ғындар атаған мәселелерді анықтап, оң шешім табуға
аянып қалмайтындығын жеткізді.
Баянды ауылында «Біз сайлауды қолдаймыз»
деген атпен акция өтті. Ұйымдастырылған ша
раға аудан әкімдігінің өкілдері қатысып, ауыл
тұрғындарын Президент сайлауына белсене ат
салысуға шақырды.
Ауыл тұрғындарына сайлаудың маңыздылығын
түсіндірген аудандық ішкі саясат, мәдениет және тіл-
дерді дамыту бөлімінің басшысы Б. Қондыбаева әрбір
Қазақстан Республикасының азаматы ерікті түрде
сайлауға қатысуға мүдделі екендігін айтты. Сондай-
ақ, әр адам өз дауыстарымен саяси шешім қабылдап,
өздерінің Конституциялық құқығын білдіруге тиісті
екендігін жеткізді.
Сайлау учаскелеріне бара алмайтын жасы үлкен
қариялар немесе мүмкіндігі шектеулі жандар үшін
арнайы жәшік жұмыс істейді. Үйлерге апарылатын
жәшік арқылы сайлауға қатысып, дауыс беруге бола-
ды,- деді Б.Қондыбаева
Ауыл тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға
үндеген шарада патриоттық әндер айтылып, аудан
өнерпаздары би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Анаргүл ЖАҢАЙ
БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ
ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында
Қызылтөбе және Басқұдық ауылдарында «Бос жұмыс орын
дары жәрмеңкесі» өтті. Жәрмеңкеге бірқатар мекемелер мен
ауданның жеке кәсіпкерлері қатысты.
ДЕПУТАТ ҚАБЫЛДАУЫНДА
«Нұр Отан» партиясының Мұнайлы аудандық филиалында
облыстық мәслихат депутаты Сәкен Өтебаев мұнайлылықтарды
қабылдады.
Мұнайлы аудандық «Жас Отан» жастар
қанатының ұйымдастыруымен Атамекен, Баянды,
Басқұдық ауылдарында «Мен алғаш рет дауыс бе
ремін» атты жастар акциясы болып өтті.
Науқан аясында штаб мүшелерінен аудандық мәс-
лихат хатшысы Б. Назар баяндылық, мәслихат депу-
таты А.Үкібаев атамекендік, Г. Асамадинова басқұ-
дықтық жастармен кездесті.
«Біз барлық жас тарды өз елі мен халқының ал-
дындағы азаматтық парызын орындап, сайлауға бір
кісідей атсалысуға шақырамыз» деп үн қатты акцияға
қатысушы жастар.
Ш. ЖҰМАН
ЖАСТАР АКЦИЯСЫ
«Нұр Отан» партиясының Басқұдық ауылдық
округі бойынша сенімді өкілі Мұрат Аманжолұлы
Құдашев Басқұдық бастапқы медициналық қыз
мет көрсету орталығының қызметкерлерімен кез
десті.
Үгіт-насихат шараларының аясында өткен кездесу
барысында билік партиясының сенімді өкілі алдағы
5 жылдағы жоспарымен таныстырып, оның жүзеге
асуына толық сенімді екендіктерін білдірді. Атап ай-
тар болсақ, 2017 жылға дейін ана мен бала өлімін
азайтуды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды
кезең-кезеңмен көтеруді, ал күнкөріс деңгейінің ше-
гін 60 пайызға дейін жеткізуді мақсат етеді. «Біздің
партия Елбасы саясатына әрқашанда қолдау көрсетіп,
басқаларға үлгі болып келеді. Сондықтан сіздер ал-
дағы сайлауда да ел бірлігін ойлайтын «Нұр Отан»
партиясын қолдайды деп сенім білдіреміз», - деп атап
өтті партияның сенімді өкілі.
Сонымен қатар, биылғы Жолдаудың шеңберінде
денсаулық сақтау саласы үшін медициналық-сани-
тарлық алғашқы көмекті дамыту және міндетті
медициналық сақтандыруды енгізу туралы мәселені
зерделеу сияқты басым міндеттердің айқындалғанын
атап көрсетті М. Аманжолұлы.
Зияда БАИМБЕТОВА,
дәрігер
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН
КЕЗДЕСТІ
БІЗ САЙЛАУДЫ ҚОЛДАЙМЫЗ
2
munaily@mail.ru
Құқық қорғау
№24 (475) 10 сәуір 2015
ж
.
Қан майданда от кешкен майдангер қарттарымызды әр
дайым құрметтеп, олардың ерліктеріне тағзым етеміз.
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың Ұлы Отан соғысының ар
дагерлеріне жолдаған құттықтауын аудан әкімі Е.Әбілов
аудандағы көзі тірі соғыс ардагерлерінің үйіне арнайы ба
рып, жеткізген болатын.
Бүгінде аудандық ардагерлер кеңесінде Ұлы Жеңістің
70 жылдығына дайындық шаралары басталып кетті.
Ардагерлердің хал жағдайын білу, бастауыш ұйымдар
арқылы тізімдерін жасақтау, түрлі шаралар өткізу секілді
жұмыстар жүргізілуде. Соғыс ардагерінен ауданымызда
3 кісі болса, тылда жұмыс жасаған ардагерлер саны – 100.
Ауданға қарасты әр ауылда 13 бастауыш ұйымы бар, ұйым
төрағалары өздеріне тиісті ардагерлерден хабар алып
тұрады. Үстіміздегі жылғы наурыздың 13і күні 3 соғыс
ардагеріне ұялы байланыс құралы табыс етілген болатын.
Есендіктерін біліп, үнемі хабарласып отыру мақсатында
берілген ұялы телефон арқылы қарияларымызбен жиі қа
рымқатынас жасаудамыз.
Әр айдың соңғы аптасының екінші күні міндетті түрде
бастауыш ұйым төрағаларымен бірге жиын өткізіліп тұрады.
Қаулы қабылданып, тапсырма беріліп, түрлі мәселелерді
қараймыз. Әрбір соғыс және тыл ардагерлеріне карточка
ашылып, ардагердің суреті қойылып, толық мәлеметтері жа
зылды. Аудан әкімі Е.Жақайұлының қолдауымен 106 арда
герге «Бұл үйде Ұлы Отан соғысының ардагері (аты жөні)
тұрады немесе тыл ардагері тұрады» деген тақтайшалар жа
салды.
Аудандық ардагерлер кеңесі атынан 2015 жылы 100
жасқа, 90 жасқа толған ардагерлерді құттықтауды өтініп,
аудан әкіміне хат жолданды.
Республикалық Ардагерлер қоғамдық бірлестігінің
орталық кеңесі қаулысына және Маңғыстау облысы ардагер
лер кеңесінің пленум отырысының қабылдаған қаулысына
сәйкес көптеген жиындар өткізілді. Ауылдардағы бас
тауыш ұйым төрағаларына түрлі тапсырмалар берілді.
Жиындардың барлығында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына
арналған шаралар талқыланды. Мұнайлы аудандық ардагер
лер кеңесіне қарасты кеңес мүшелері 11 кісі, алқа мүшелері
– 5 кісі, бастауыш ұйым төрағалары 13 кісі болатын.
Бұлардың барлығы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесін
жоғары деңгейде өткізуге жауапты кісілер.
Өткізіліп жатқан шараларға тоқталсақ, «Әжелер – алтын
қазығым» атты әжелер сайысы, «Қайран ерлер Қаһарман
ардагерлер» атты ардагерлер шығармашылығынан көркем
өнерпаздардың байқау фестивалі өткізілді. Сондайақ, «Ба
тамен ел көгерер» атты ақасақалдар арасында бата беруден
жарыс ұйымдастырылды. «Қамтылмаған қалмасын», «Ар
дагерлерді ардақтайық» атты акциялар жүріп жатыр. Осы
жұмыстардың барлығы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына
арналуда. Әлі де болса дайындық жұмыстары толастамайды.
Ер есімі ел есінде мәңгі сақталады. Қазақ Елі қайсар да ба
тыр ерлерін жадында сақтап, қастерлейді. Ұлы Жеңістің 70
жылдық мерекесін жоғары деңгейде өткіземіз деген сенім
деміз.
Әмірхан КӨШЕРОВ,
Мұнайлы аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы
АРДАГЕРЛЕРІМІЗДІ
АРДАҚТАЙМЫЗ
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай еліміздің барлық
өңірлерінде қызу дайындықтар жүргізілуде. Елбасымыздың
өзі «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі
биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Нұрлы жол – болашаққа бас-
тар жол» атты Жолдауында атап өткен болатын.
Осы сипаттағы қылмыстардың бірі қазіргі тоқталып
отырған сотталушыға қатысты қылмыстық заңның 190ба
бымен белгіленген алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жым
қыру немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мү
лікке құқықты иемдену яғни, адамның заңды меншігіндегі
заттың қылмыскердің меншігіне заңсыз түрде өтіп кетуімен
сипатталады.
Сонымен қатар, алаяқтықтың қоғамға қауіптілігі тек
қылмыскердің қандай да бір меншікті затты заңсыз түрде
иемденуінде ғана емес, олардың заңды құқықтарының бұ
зылуына әкелетіндігі сөзсіз.
Осыған байланысты, мемлекетіміздегі заңдардың бір
қатары бөтеннің мүлкіне нұқсан келтіретін кез келген әре
кеттерге азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкер
шіліктерді белгілейді.
Соның айғағы ретінде ауданымызда орын алған бір
алаяқтың жасаған қылмыстық әрекетіне тоқталғанды жөн
деп санаймын.
Сотталушы Алима бұрын бірнеше рет сотталып, өзіне
өткеннен тиісті нәтиже шығармай, қайтадан алаяқтық сана
тындағы қылмыс жасаған.
Яғни, сотталушы Алима қасақана, пайдақорлық ниетпен,
бөтеннің мүлкін жымқыру немесе сенімді теріс пайдалану
жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену арқылы 06.05.2013
жылы жәбірленуші Салтанат есімді тұлғаға Мұнайлы ауда
ны, Батыр селосынан жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін
алу үшін барлығы 355 000 теңге және жүргізуші куәлігін, 35
000 теңге ақшасын алдап алып, осы уақытқа дейін ақшасын
қайтармаған.
Одан әрі, сотталушы Алима қылмыстық ісәрекетін
жалғастырып, 2014 жылдың наурыз айының ішінде жә
бірленуші С.Жамансариевке Баянды2 селосынан жер те
лімін алып беремін деп алдап, барлығы 1 640 000 теңгесін
алып, осы уақытқа дейін қайтармай, материалдық шығын
келтірген.
Осы дерек бойынша Мұнайлы АІІБнің тергеушісі С. Ка
лиев Қазақстан Ренспубликасының ҚКнің 190бабының
1бөлігімен, 190бабы 3бөлігінің 1тармағымен қылмыстық
іс қозғап, аудан прокуратурасы арқылы негізінен қарау үшін
сотқа жолданды.
Сот тергеуінде және алдын ала тергеу барысында
сотталушының қылмыстық ісәрекеттері дәлелденгендігін
ескеріп, бейбіт күнде екі жәбірленушіні ұзақ уақыт бойы
сергелдеңге салып, мүліктерінен заңсыз айырғаны үшін
Мұнайлы ауданы сотының 13.01.2015 жылғы үкімімен,
қылмыскер Алиманың мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 5 (бес)
жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу
колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталды.
Сөйтіп, кісі ақысын алаяқтықпен алдап алған қылмыскерге
заң алдында жауап беруге тура келді.
О. ЖҰМАБЕРГЕН,
Мұнайлы ауданы прокурорының көмекшісі
АЛАЯҚТАРДАН САҚТАНУ ҚАЖЕТ
Әлеуметтік-экономика саласында шешілмеген түйіткілдер әлі де аз емес. Ал осы тұрғыдан
алып карағанда, жер мәселесі өте бір өткір де күрделі күйінде қалып отыр. Әсіресе, тұрғындар
санының күннен күнге артып, жерге деген сұранысты еселей түскен жайы бар.
Екінші сайланған Мұнайлы аудандық мәслихаты депутаттарының
2015 жылдың сәуір айына азаматтарды қабылдау
К Е С Т Е С І
Сайлау
округінің №
Депутаттың
аты-жөні
Кездесу өтетін орын
Уақыты
Байланыс
телефондары
1
Шыршықбаев Айларбек
Елтайұлы
Маңғыстау селосы, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық
бірлестігі, Мұнайлы аудандық филиалы ғимараты
13.04.2015 ж
сағ:15:00 – 17:00
465606
2
Есенқұлов Сәрсенбай
3
Битан Сәдуақас Дүзелбайұлы
Баянды селосы, Баянды селосы әкімі аппаратының
ғимараты
14.04.2015 ж
сағ:15:00 – 17:00
467101
4
Құрбанов Бекберген Жоламанұлы Маңғыстау селосы, Маңғыстау селосы әкімі
аппаратының ғимараты
15.04.2015 ж
сағ:15:00 – 17:00
465255
5
Назар Бердібек Ізтілеуұлы
Маңғыстау селосы, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық
бірлестігі, Мұнайлы аудандық филиалы ғимараты
16.04.2015 ж
сағ:15:00 – 17:00
465606
6
Қартабаев Мұхтар Қалаубайұлы Маңғыстау селосы, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық
бірлестігі, Мұнайлы аудандық филиалы ғимараты
17.04.2015 ж
сағ:15:00 – 17:00
465606
7
Үкібаев Аманбай Көңілімқосұлы
8
Қонысбаева Гүлжанат Өтеуқызы Дәулет селолық округі, Дәулет селолық округі әкімі
аппаратының ғимараты
20.04.2015 ж
сағ:15:00 – 17:00
443636
9
Әбішев Смағұл
Маңғыстау селосы, «Нұр Отан» партиясы қоғамдық
бірлестігі, Мұнайлы аудандық филиалы ғимараты
21.04.2015 ж
сағ:15:00 – 17:00
465606
10
Ілиясов Құралбай Жолдасұлы
11
Нөкеров Жүсіп
Қызылтөбе селолық округі, Қызылтөбе селолық
округі әкімі аппаратының ғимараты
22.04.2015 ж
сағ:15:00 – 17:00
441701
12
Құли Есенбай Ізтөреұлы
Атамекен селолық округі, Атамекен селолық округі
әкімі аппаратының ғимараты
23.04.2015 ж
сағ:15:00 – 17:00
340065
13
Себепбаева Гүлмира Лесбайқызы Басқұдық селолық округі, Басқұдық селолық округі
әкімі аппаратының ғимараты
24.04.2015 ж
сағ:15:00 – 17:00
304819
Осы қағиданы ұстану мақсатында Ақтау ст.ІІЖбның полициясы «Ұсақ құқық
бұзушылық пен бұзақылыққа мүлдем төзбеушілік» акциясын өткізді.
Акция өткізілуінің екінші күні, әкімшілік полиция инспекторлары мен учас
келік ювеналдық полиция инспекторлары және темір жол мекемелері мен
жергілікті «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің қатысуымен «Дөңгелек үстел»
ұйымдастырылды, жалпы білім беру мектептерінде ұстаздарды қатыстыра оты
рып 14 дәріс оқылды. Маңғыстау темір жол вокзалында, жоғарыда аталған темір
жол мекемелері мен «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің қатысуымен, «Қазақстан
Ақтау» ақпараттық телеарнасының түсірілім тобы, ІІЖбның ұсақ құқық
бұзушылық пен бұзақылыққа мүлдем төзбеушілік акциясы өткізіліп жатқандығы
туралы сюжет түсірді.
Бүгінгі таңда акция кезінде 22 әкімшілік құқық бұзушы анықталып, әкімшілік
жазаға тартылған.
Ақтау ст.ІІЖбның қызмет атқару учаскесінде «Ұсақ құқық бұзушылық пен
бұзақылыққа мүлдем төзбеушілік» акциясы өз нәтижесін берді.
С.ОРАЗҒАЛИЕВ,
Ақтау ст.ІІЖб-ның ӘПб-ның бастығы
Акция
ТӘРТІП БҰЗУШЫЛАР
ЖАЗАЛАНДЫ
Елбасымыздың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан хал-
қына Жолдауында жалпы қоғамда ұсақ құқық бұзушылық пен
бұзақылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыруды құ-
қық қорғау органдарына тапсырған болатын.
УПЧ 13 мекемесінің техникалық бөлімінің жетекші инженері Тоқтар
Тұрғазиевтің айтуынша, ағымдағы жылы жолға шыққан мал үшін машинис
тер тарапынан 36 оқыс тежеу оқиғасы тіркелген, солардың ішінде 27 оқиға
дәлелденбеген және 9 оқиға УПЧ есебіне алынған.
«Малдардың ең көп жайылатын жерлері 14ші, 15ші бекеттер, Шетпе бекеті,
10шы бекет пен 11ші бекет аралықтары болып табылады. Айлық барысын
да 124 мал иелеріне түсінік беру жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бері мал
басу оқиғалары тіркелген жоқ, алайда, оқыс тежеулер пойыздар қозғалысына
қолайсыз жағдай туғызады, тіпті қауіп төндіретін сәттер де кездеседі », дейді
УПЧ13 инженері Т. Тұрғазиев.
Ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясы бойынша теміржолдың екі жағы на
да малға қарсы сым қоршау салынған, сым қоршаулардың 140 шақырымы 2014
жылы жөндеуден өткен.
Мал иелерімен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан,
теміржол бойына малдардың шығу оқиғалары азаймай тұр. Теміржолшылардың
айуынша, жолға шығатын негізінен үй малдары, қожайындары оларды қарау
сыз қалдырып, бос қоя береді екен. Өз бетімен жайылып жүрген малдар пойыз
қозғалысына әсер етуде.
«Әдетте мал иесін табу қиындық тудырады, өйткені, малдың әкімшілікте тір
келген құжаты жоқ. Сондықтан теміржол маңы тұрғындары мен малы бар аза
маттар қарапайым ережені сақтап, теміржолға жақын мал бақпауларын ескерте
келе, Қазақстан Республикасының 01.01.2015 жылғы Әкімшілік құқық бұзу ту
ралы Кодекстің 30 тарау 559 бабы бойынша егер теміржол арқылы мал айдаса
немесе теміржол маңына мал баққан азаматтарға 10 МРП айыппұл салынатынын
ескертеміз», дейді Т. Тұрғазиев.
Анаргүл ЖЕКСЕМБАЙҚЫЗЫ
Темір жол қауіпсіздігі
Рейд жүргізілді
Маңғыстау жол бөлімшесінің бас инженері Қарақат Жақановтың
ұйымдастыруымен вокзал жанындағы вагондар паркінде рейд
жүргізілді. Рейд жұмысына Маңғыстау жол бөлімшесінің және Маң-
ғыстау станциясының еңбек қорғау инженерлері С.Мамаева мен
А.Аяпова, теміржолдағы әскерилендірілген күзет мекемесінің Маң-
ғыстау облысы бойынша басшысы І. Сарсембаев, Маңғыстау вагон
пайдалану депосынан А.Елубаев, Ақтау станциясының желілік ішкі
істер бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторы Н. Келес-
баев қатысты.
Тексеріс жұмыстарының мақсаты теміржол вокзалына жақын орналасқан
Дәулет елді мекені тұрғындарының арнайы белгіленген теміржол өтпесінен
емес, рельс бойынан кесіп өту оқиғалары жиі кездескендіктен, оларға түсіндірме
жұмыстарын жүргізу болды.
Рейд барысында белгіленбеген жерден емін–еркін теміржолды кесіп өтіп, аудан
орталығына баруға асыққан адамдар көзге түсті. Оларды рейд құрамындағы
қызметкерлер әдейілеп тоқтатып, белгіленбеген орындардан өтпеу керектігін,
оқыс оқиғаға тап болу қаупі бар екендігін айтып, теміржол ережелерін түсіндірді.
«Бір айда 3ші рет шығып тұрмыз. Әкімшілік құқық бұзушылық фактілері
күнде орын алады. Алайда, Заңда айыппұл көрсетілмегендіктен, тұрғындарға тек
түсіндірме жұмыстарын жүргізумен шектелеміз. Бүгінгі шарада жол ережесін
бұзған Дәулет ауылының 18 тұрғынын кездестірдік. Оларға қатаң ескерту жа
салып, темір жолдан арнайы өтпе жолы арқылы өту керектігін айттық », дейді
Ақтау станциясынындағы ІІЖБ инспекторы Н. Бердіқұлұлы.
* * *
«Абайла, жолдағы
мал» айлығы өтті
Ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясында наурыз айында
«Абайла, жолдағы мал» атты айлық жарияланып, теміржол бойында
жайылып жүретін малдардан келетін қауіп-қатерді азайту мақсатында
іс –шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, шойынжолға жақын маңда тұра-
тын ауылдардағы мал иелерімен арнайы кездесулер ұйымдастыры-
лып, оларға пойыз қозғалысына қауіп төндіретін жағдайлар туғызба-
уын, малдарын қараусыз тастамау керектігі түсіндірілді.
3
munaily@mail.ru
№24 (475) 10 сәуір 2015
ж
.
Жаны әдебиетке құмар, қо
ғамдық шараларға белсене ара
ласып, ұлттық құндылықтарды
дәріптей,
жастарға
апалық
ақылын айтып жүрген арқалы
ақын Ақшагүл Рамазанованың
әлі күнге томтом кітаптары жа
рыққа шыға қоймаса да жат
тандылықтан жырақ, жүрегін
бұлқындырып шыққан жыр жол
дары көпке жақсы таныс. Оның
шығармашылығына 1982 жылы
қазақтың белгілі ақыны Тұманбай
Молдағалиев «Сезім мен ой, ой
мен сезім құстың екі қанатындай
қатарласа қағылып осы бір ақын
ның жырларын көріктендіре, көр
кейте түсіп тұр. Маған осы қыз
ақын кешегі ерте сөнген Төле ген
Айбергеновтің тынысын есі ме
қайтақайта түсіреді...» деп баға
берген екен. Тұманбай Молда
ғалиевтің бұл айтқаны тегін
болмаса керек. Жас қыздың іште
тұншығып жатқан ойтолғауларына
сол кездегі «Лениншіл жас» газеті
не суреттерімен басылған Төлеген
Айбергеновтің «Мен саған ғашық
едім», Фариза Оңғарсынованың
«Мен саған ғашық емес ем» өлеңдері
жан бітіріп, шабыт әлеміне жетелей
кеткендей еді. Содан өмірдің қырлы
сырлы соқпақтары кезігіп, поэзия
жолына білек сыбана түсе алмаса
да қол үзіп қалмады. Сөйте жүріп,
балаларын ер жеткізді, атажұртына
оралды. «Маңғыстау – менің киелім»
өлеңінде:
...Үмітін жағып сан үйдің,
Тағдырдың жолын түзедік.
Бейкүнә бала сәбидің,
Белінде кеткен біз едік,
деп өзі қиынқыстау кезде елден
босқан халық тағ дырын өзінікімен
байланыстыра баяндағандай бала
лығы мен жас тығы жат жұртта
өтті. Олай болса, тектамырынан
жы рақта жүрген қаршадай қызға
қазақтың сөз өнері кімден жұқты?
Неге өлеңдерінде сағыныш, сезім,
мұңның орны бө лек?!...
− Ақшагүл апа, қолына қа лам
ұс таған сөз зергерлерінің өмір ден
көрген-түйгені көп болса, халық-
қа ұсынатыны да ана ғұрлым
құндырақ бола түспек деп жатады.
Сіздің өміріңізге тоқ талғанда...
− Үш кезеңім үш жерде, бала лы
ғым Тесіктаудың етегінде, жастығым
Сыр бойында өтсе, қарттығым Кас
пий жағасында жалғасуда. Баста
уын Памирден алатын Әмудария
мен Сырдарияның ағын суын ішіп
өстім. Тереңдігімді тұнық болып
аға тын Сырдан, арқаны арқырап
бұр қырап ағатын Әмуден алдымау
деймін. 1953 жылы Тәжікстанда
туылып, тәжік мектебінде алғашқы
сауат аштым. 5960 жылдары Мыр
зашөлге қоныс аудардық. Келуіміз
ге сол уақыттағы Коммунизм кол
хозын басқаратын Тәңірберген
Жай лыбаевтың Түрікменстан, Тә
жік с тан, Қарақалпақстандағы қа зақ
тарды шақыртуы себеп болды. Әкем
қарапайым қойшы, 6 ұл, 6 қыз едік.
Кө бінесе Әжем Ханбибі нің қолын да
тәрбиелендім, шығар машылыққа бет
бұруым сол кісінің әсері бөлек.
Ашаршылық кезінде 9 жас та
ғы қызын әкесі «Аштан өл ті ріп ал
масаңдар болды» деп Бұ хара маңын
дағы бір адайдың шаңы рағына тастап
кетуге мәжбүр болады. Қызына
соңғы айтқаны «Ар ғынның қызы
екеніңді ұмытпа» деген өсиеті ғана.
Сөйтіп, адай дың үйінде қолбала
қатын болған әжеміз әкемді 13 жа
сында дүниеге әкеледі. Туғанының
бәрі ұл болып, қызды армандаған ол,
немересі мен туылғанда «Жоғымды
жоқтайтын қыз келді дүниеге» деп
қуанғаны соншалық, төсіне сүт келіп
мені емізіпті. Алғашқы өлеңімнің
туындауына бірденбір себепші де
өзі. Үнемі төркінін аңсап, зарлап
отыратын.
Бірде түнде біреулер үйіміздің ал
дына қара күшік тастап кетеді. Онда
өлеңнің технологиясынан мүлдем
хабарсызбын. Жан дауысымен шы
рыл даған жануарға, көрініске әсер
ленгенім сонша, күшік анасын іздеп
«жылайды», әжем неге жылайды,
деп бірінші өлеңімді құрастырдым.
«Ауыл», «Ауыл түтіні», «Әжемнің
мұңы» деген ойшумақтарым да со
нан шыққан.
Қызылқұмға көшіп келгеніміз
де әжем мені анаң жылда босана
ды, көмектес деп қолына берді.
Анамның қолғабыс болып қалған
қыздан айрылғысы жоқ еді, мек
тепке жібергісі келмеді. Музыкант,
өнер институтында оқитын әкемнің
кіші інісі Асан ағамыз келіп оқуын
жалғастырсын деп алып кетпе
генде мектептен қалып кетер ме
едім. Өмірден ерте озып кеткен сол
ағамның қасына ылғи өнер адамда
ры келіп тұратын. Бұл да менің пай
дам үшін жақсы еді. Менің өмірімде
нағашы әжем Жұмабикенің де орны
бір төбе, сарнап жыр айтатын оның
тілұстауыма себі көп тиді.
Тіпті бұрынғы кездегі әйелдердің
ұрыскерісінен де алатын жақсы
жақ тары бар еді. Онда қазіргідей ау
зынан ақ ит кіріп, көк ит шықпайды,
олардың шеберлікпен сөз талас
тыруы құла ғымда әліге дейін
сайрап тұр. Онан қалса ауыл
тойларына белді ақын, жыр
шы, термешілер келетін. Со лар
дың айтқан аталы сөз де рін ақ
сақалдарға шәй құйып оты рып,
көп естідік. Тағ дыр дың жаз
мышы мен тарихи отанымыз дан
тыс жерде туып, өстік, өзге ұлт
тардың өмірін көр дік, міне соның
бәрінің де ық палы болды.
− Әдеби ортаға алғаш ара-
ласуы ңыз жайлы айтып бер-
сеңіз?
− 1972 жылы Алматыдағы
Қаз МУдің журналистика фа
куль те тіне оқуға тапсырып,
ем тиханнан
өте
алмадым.
Сол кезде ақындарды көр
дім, таныстым. Жетісай мен
Мыр зашөл дің арасында қа
ты найтын
автобуста
Исра
йыл Са парбаевты кездестіріп, та
ныс қанымда қуанышымда шек
бол мады. Үйіне шақырып, анасы
және ағасы Исмайылды көрдім,
өлең жазу жолдарынан біраз ақыл
кеңесін алдым. Ханбибімен жо
лық тырды. Үшеулесіп Шымкентке
жол тарттық. Алдымыздан аккор
деон тартып Сүгірәлі Сапарғалиев
күтіп алды. Педагогикалық инс
титутта ұйымдастырылған кеште
біраз ағаапаларыммен жүздестім.
Әңгімелерін тыңдадым. Фариза апа
мызбен де білістігіміз сол кісі ар
қылы басталды. Осы кештен соң
Насыредин Сейдалиев маған арнап
«Қара қызды таптық» деген көлемді
мақала жазды.
Алайда, адамды кейде тұрмыс
билеп кетеді екен. 1982 жылы үй
ге келсем Фариза Оңғар сы нова
төрге іліп қойған өзінің суретіне
қарап отыр. Сол келуінде куйеуі
ме «Ақшагүл ақын қыз, халықтың
адамы» деп, өзіме өлеңнен қол
үзбеуді айтып, бос тандық алып
беріп, ақындар қатарына қосып
кетті. Өзі бас болып 1983 жылы
«Жігер» фестиваліне қатыстырды,
Ташкенттегі филологиялық факуль
тетке оқу ға түсірді. Өзбекстанда
жүргенде өзбектің Гүлчехра Жура
ева, Гүлчехра Нуруллаева, тәжіктің
Гулрухсар Сафиева деген ақын қыз
дарымен кездесіп, байланыста бол
дым, сөйтіп, өмір жалғаса берді.
− Қай композиторлармен әнге
сөз жаздыңыз, кімдер орындап
жүр?
− Біріншілерден болып Әмір Мол
дағайынов, Темірәлі Бақты гереев
пен бірге ән жазғанбыз. Гүл мира
Сарина, Марат Ордабаев, Ілесбек
Аманов, тағы басқа сазгерлер де көп.
Әннің шырқалып жүргені, айтыл
май қалғаны қаншама. Қазір «Сен
керексің» өлеңімнің әнін Марат жа
зып, Раушан Ешімбетова орын дап
жүр.
− Өлеңге отыратын белгілі уа-
қы тыңыз бар ма, әлде...
− Шешеммен жеңгемдей қалжың
дасып өскендіктен, «мұның кұс
қайтар ауруы бар» деуші еді мені.
Ондағысы маған шабыт келетін
шақты тұспалдағаны ғой. Құс ке
летін көктем мен қайтатын күзде
жа рыққа шығады көп туындыларым.
Осындай кезде сөз жауһары құйылып
келе қалғанда уақытпен санасу естен
шығып кетеді.
− Сіздің қоғамдық шараларға
араласып, өткенімізден қалған
құндылықтарды дәріптеп жүр-
геніңізді де білеміз, осы жөнінде
айта кетсеңіз?
− Қараөзек ауыл мектебінде жүр
генде «Жанерке» деген ансам бль
құрғанбыз алғаш. Өйткені, 13 қыз, 12
баламыз, көбі өнерге жақын, талан
ты тасып тұратын. Содан міне аудан
да да әжелер ансамблін ұйымдасты
рып, барған жерімізде жастарға үлгі
болып, білгентүйгенімізді бөлісіп
келеміз. Негізінде, қоғамдык істер
ге араласу, ұлттық құндылықтарды
насихаттау мұнан да ертеректен бас
талды. Өзге жұртта туылып, өскесін,
өздігімізді жоғалтпай, ертеңгілерге
жалғастыруды үлкендер үнемі құ
лаққа құятын. Сол кезден бастап
бұрынғылардың қолданған әше кей
бұйымдары мен басқа да заттарын
жинақтадым. Қазір «Асыл мұра»
қоғамдық қорын ашып, осы ісімді
жалғастырып жүрмін.
Мына бір қызықты жайтке тоқ
талмасқа болмас. Бірде Украинада
туылған жалғыз қарт әйелдің «Өз
жеріме табаным тиіп, көз жұмсам
арманым болмас еді» деген тіле
гін қимай еліне алып барғам. Сол
жақтың ардагерлері бұл ісіме риза
болып, іздеп жүріп Әлия Мол
дағұлова кө шесінен пәтер жал
дап берді. Үй иесі еврей қорғаушы
мені көріп өз қорғауындағы қазақ
баланың сотында анасы «рөлін» ой
нап беруді өтінді. Шешесі үлгеріп
келе алмайтын көрінеді. Өзбектің
елор дасында мылқаулар мектебінде
оқыған жарымжанды жігіт Мәскеу ге
жұмыс жасауға барып, біреудің аяқ
қиімін ұрлапты. Тергеуде жігіттің
бозарған жүзін көргенде «рөліме
шындап кірісіп» солқылдап жылап
қоя берікпін. Сөйтіп араша түсіп, со
тталудан аман алып шықтық.
− Сіздегі қасиет қай ұрпағы-
ңыз дың бойынан байқалады?
− Әзірге жоқ, бірақ үлкен ұлым
мен қызымның баласынан үмітім
бар. Түсімде Сүгір бір нәрсе беріп
жүр екен...
− Жазуды, жасауды ойға алып,
әлі күнге орындалмай жүрген ар-
ман дарыңыз болса...
− «Өмірімді тірілтем, өлеңіме сү
йе ніп», «Қыз – көктемнің жүрегі»,
«Ақсауыр бұлттар көшкенде» де
ген шығармаларым әр қайсысы бір
жинақ болып қалады, соны халқыма
ұсынсам деймін. Және өмірін ту
ғантуыстарын сағынумен өткізген
әжем нің арманын орындап, билер
мен ақынбатырлардың әулетінен
еке нін сөзге қосып, көлемді туынды
арнауды жоспарладым. Бәрі де уа
қыт тың еншісінде.
− Әсерлі әңгімеңізге рахмет!
Шахида ЖҰМАН.
Кеше, 9 сәуірде Н.Жантөрин
атын дағы музыкалық драма теа
трында ақын Ақ шагүл Рамазанова
ның шы ғар ма шы лы ғына арналған
«Сә уі рімнің саздары» атты әдеби
Мерей
ӨМІРІН
ӨЛЕҢІМЕН ӨРНЕКТЕГЕН
/ақын Ақшагүл Рамазановаға/
Өршіл өлең
Мен сені алғаш
Көктемде көргем,
Бәйшешекжырың
Гүл ашқан.
Дүркіреп жеткем,
Өктемдеп кеудем,
Көргендей таңды күле атқан.
Қос бұрымыңдай
Өрілді өлең,
Өрнегі әсем
Кестедей.
Сен қадам бассаң
Төгілді өлең,
Диқаншы жиған дестедей.
Сонан соң сенің
Әуезің мүлде,
Қалғандай едіау,
Үзіліп.
Жолықтың қайта
Мәуелі күзде
Жырыңнан маржан түзіліп.
Самғаған екен,
Пырақ жылдарың,
Оңтүстік бетте,
Жырақта.
Солмаған екен,
Жырыңгүлбағың,
Тағдырың артқан сынақта.
Өршіл жырымай,
Өресі биік,
Кілті сен,
Құрсау бұғаудың.
Жүрші мойымай,
Еліңді сүйіп,
Көзі оң болғай, Құдайдың!
Темір МЫҢЖАС
Ілесбек АМАНОВ,
композитор, Шымкент халық шығармашылық орталығы
қыз меткері:
− Ақшагүл Рамазанованы 1989 жылдан бері білемін. Таныстығы
мыз Гагаринда ұйымдастыры ла тын шығармашылық кештері мен
той ларға барып жүргенде басталған. Өзім жастық шақтан Мұқағали
Мақатаевтің поэзиясына ғашық болатынмын, оның
«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Хал қымның өз айтқанын қай таладым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қай
тарамын» деген өлең жолдары бар. Міне, сол айтқан дай шығар
машылық жолы жеңіл болмаған Ақшагүл ақынның да поэзиясы
халықтық стильде, ол айтарын тарих қойнауынан алады.
Өмірінің Мырзашөлдегі кезде рінде де қоғам арасында әйел,
ақын, азамат ретінде жасаған жақ сы лықтарынан хабардармын.
Содан шығармашылық жолында кез десіп, өлеңдеріне ән жаздым.
Де генмен, бұл байланыс Ақшагүл апа ару Ақтауға көшіп, мен
шырайлы Шымкентте қалғанымда біраз ға үзіліп қалды. Қазір
ол кісінің сө зіне «Тырналар», «Жетісай», «Үр кер ауып барады»,
«Қазақстан», «Со ғыс жылғы жесірлер» әндерімді жаздым. Жеңістің
70 жылдығына арналған «Соғыс жылғы жесірлер» шығармасын ән
қылғаныма бір ай дың жүзі болды. Осыны өз облысымда баянмен
сүйемелдеп, апаның халыққа айтар ойын әнге салып на сихаттап
жүргендердің бірімін. Осыларды «Сәуірімнің саз дары» әдеби
сазды кешінде маң ғыстау лық жұртшылыққа жариялау мақсатын да
келіп отырған жайым бар.
Гүлжан СҰЛТАНҚЫЗЫ,
сарыағаштық композитор,
асаба, әнші:
− Бала күнімнен атқа мініп, ән ай туға әуес болдым. Бірақ, мені
16 жасқа толмастан тұрмысқа бергендіктен, атаене, балашаға
қамы, мүмкіндігі шектеулі жолдасымның жағдайын жасаумен
өнердің арты нан қуа алмадым. Есесіне екі адам бас қосқан жерде ән
айтып, құмарымды басатынмын. Ба ла ларым аяқтанып, қолым ұза
рып, ұзатыларда қызыма арнап «Қы зыма», «Қаңғлы баба», «Ананы
ая ла» деген ән шығарып, студияға қатынап жүргенде композитор
Ілесбек Амановқа жолықтым. Ол арқылы Ақшагүл Рамазанова
мен кездесіп, екеуінің шығармасындағы «Тырналар», «Үркер
ауып барады» және «Қайран ғашық» әндерін той басқарып жүріп,
түрлі орталарда орындап келемін. Ақшагүл апаның тағдырына
мойымай, поэзия десе ішкен асын жерге қоятын, қазақтың қайсар
қыздарының бірі дер едім. Таныстығымызға 2 жылдай болса да,
оны көптен білетіндеймін. Енді өзім де «Балама», «Құс қанат арман
жетеле» деген сөздерін ән қылып шыға ру үстіндемін. Осы өлеңді
алғашқы кешінде орындап, бұдан былай ша қырылған басқосуларда
айтып жүремін деген ойдамын. Ха лыққа ұнайтын ән болатынына
кү мәнім жоқ.
ЛЕБІЗДЕР
ТОҒЫЗ
ОҚУШЫ
ЖҮЛДЕМЕН
ОРАЛДЫ
Меншік иесі:
Директор
Маңдайлы ҚОСЫМБАЙ
Газет жарияланымдарындаѓы автор
пiкiрi редакцияныњ т‰пкiлiктi кµзќарасы
болып есептелмейдi.
Жарияланѓан материалдарды сiлтемесiз
кµшiрiп басуѓа болмайды.
Жарнама, хабарландырулар мазм±нына
редакция жауап бермейді.
Редакцияѓа жолданѓан материалдарѓа
рецензия жасалмайды жєне ќолжазба
авторѓа ќайтарылмайды.
Тақырыптық суреттер ғаламтордан алы-
нады
Газет “Маңғыстау - Медиа” ЖШС
Дизайн орталыѓында беттелдi.
Мекенжайымыз:
Аќтау ќаласы , 14 ш/а, Облыстыќ єкімдік ‰йі,
2-ќабат. Қабылдау бөлмесі 8 (7292) 42 97 95
Таралымы:1660
Индекс: 66553.
газеттің бағасы келісімді.
«CASPY PRINT» ЖШС
баспаханасында басылды.
130000, Аќтау ќаласы, 22 ш/а.
тел: 750999, 750666.
Газет Ќазаќстан Республикасы
Мәдениет және аќпарат
министрлігінде 06.02.2013
есепке ќойылып, №13358-Г
куєлігі берілген.
Редактор
Темір
МЫҢЖАС
Мұнайлы аудандық қоғамдық-саяси газет
АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
10 сәуір
түнде: +9 күндіз: +12
11 сәуір
түнде: +5 күндіз: +11
12 сәуір
түнде: +4 күндіз +15
Мекенжайымыз:
Маңғыстау облысы, Маңғыстау селосы, №16 квартал, 8 учаске. “Нұр Отан” партиясы, аудандық филиалының ғимараты. Қабылдау бөлмесі 8 (7292) 46 57 32. e-mail:munaily@mail.ru
Ақпарат және дизайн
орталығының
жетекшісі
Сағындық
РЗАХМЕТОВ
Тілшілер:
Шахида ЖҰМАН,
Анаргүл ЖЕКСЕМБАЙ
Хатшы
:
Айсара ХАДЫРБАЕВА
Бет құрушы:
Асем РАБАЕВА
4
munaily@mail.ru
№24 (475) 10 сәуір 2015
ж
.
Жаңалықтар, хабарлар, оқиғалар
Хабарлама
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШІН
Маңғыстау облысындағы халық саны ең көп саналатын Мұнайлыда тұрғындар
саны жыл санап көбеюде (статистика мәліметі бойынша – 2014 жылдың наурыз
айына 122 177 адам, 2015 жылдың ақпан айына 129 533 адам). Тұрғындардың
денсаулығын қадағалауда жалпы дәрігерлер, оның ішінде тар көлемдегі дәрігер
мамандардың (невропатолог, балалар неврологы, кардиолог, хирург, офтоль-
молог) жетіспеуі себепті ауылдағы тұрғындар аудандағы ауруханаға келуге
мәжбүр. Аталған жағдай орталық емханада кезек санын көбейтіп, тұрғындар
наразылығына әкелуде.
Осыған орай, аудандық аурухана әкімшілігі ауыл тұрғындарына медициналық
көмек көрсету үшін 2015 жылдың ақпан айынан бастап келесі кесте бойынша
бастапқы медико-санитариялық орталықтар мен дәрігерлік амбулаторияларда
мамандардың қабылдауын ұйымдастырды.
Дүйсенбі күні «Даулет» ДА
- Балалар неврологы П. Жолдасова
- Кардиолог дәрігер Г. Хожакулеева
- Невропатолог К. Калдыбекова
Сейсенбі күні «Атамекен» БМСККО
- Балалар неврологы П. Жолдасова
- Кардиолог дәрігер Г. Хожакулеева
- Невропатолог К. Калдыбекова
- Хирург Н. Тушжанов Атамекен, Басқұдық селосы тұрғындарын
- Офтальмолог (көз дәрігері) Н. Жумаева
Сәрсенбі күні «Қызылтөбе - 1» ДА
- Балалар неврологы П. Жолдасова
- Кардиолог дәрігер Г. Хожакулеева
- Невропатолог К. Калдыбекова
Бейсенбі күні «Басқұдық» БМСККО
- Балалар неврологы П. Жолдасова
- Кардиолог дәрігер Г. Хожакулеева
- Невропатолог К. Калдыбекова
- Офтальмолог (көз дәрігері) Н. Жумаева
Жұма күні «Баянды» ДА, «Батыр» ФАП кезек бойынша
- Балалар неврологы П. Жолдасова
- Кардиолог дәрігер Г. Хожакулеева
- Невропатолог К. Калдыбекова
Дәрігер мамандардың қабылдауы сағат 14.00 ден басталады.
Мұнайлы аудандық ауруханасы әкімшілігі.
Аялы алақанымен жанға жылулық сыйлай жүрген жандардың
жүректен шыққан жырлары жүрекке жетпей қоймады.
Көмейлерінен төгілген ән шар тарапты шуақтандырып жібер-
гендей еді. Өнерімен аудандық, облыстық сайыстарда көпті
таң қалдырып жүрген қарияларымыздың бір ансамбль ас-
тына топтасқанына әлі көп болған жоқ. Десе де өткен жылы
облыстық «Қайран ерлер – қаһарман ардагерлер» сайысынан
жүлделі оралды. Бірқатары жуырда ұйымдастырылған әжелер
сынында жан-жақтылығымен көпті тәнті еткен еді. Бұл кон-
цертте тағы бір қырларынан танылды. Әжелер бірлесе Киіз басу
биін билеп, ақын Ақшагүл Рамазанова жаңа туындысын тарту
етіп жатқанда, ақсақалдарымыз да қарап қалмады. Ауданның
теміржолшы ардагері Амандық Алдабергенов өлең оқып,
кештің сәнін кіргізді.
Дайындаған
Шахида ЖҰМАН
Шарт бойынша әрбір қатысушы қазақтың 5,5 ғасырлық тари-
хы мен 70 жыл бұрын жеңіс сыйлаған Ұлы Отан соғысы жай-
лы дайындап келген шығармасын оқуы тиіс болатын. Қазылар
алқасын селт еткізіп, көптен озып шығып, I орынды еншіле-
ген Қызылтөбе лицейінің мұғалімі Зейнетулла Қосымбаевтың
«Қырандай уақыт қанатын көкке самғайды, Мұрағаттарға мың
сан деректі жолдайды, Қай қоғамда да, қай заманда да ежелден,
Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды»,-деген шумақтар мен
басталатын «Тарихың сенің тереңде...» өлеңі еді.
− Талант қай уақытта да, ерте, мейлі кеш, өзін бір күні жарық-
қа шығармай қоймайды. Мамандық пен үлкен-кішіні де таңдап
отырмайды. Міне, Зейнетулла ініміз де осылай, дене шынықтыру
пәнінің мұғалімі бола тұра әдебиетке ерекше ықласты екендігі
өлеңінен байқалып-ақ тұр. Болашақта онан да жақсы нәтижелерге
жететініне сенеміз. Басқалардың да деңгейі жақсы, артымызда
қалам ұстайтын осындай жастар мен замандастарымыздың бар
екендігіне қуанамыз,-дейді ақындарға төрелік жасаған Ақшагүл
Рамазанова.
Балалық шақтан көрген-білгенін ұйқастыра сөйлеп, сөз
өнеріне жақын өскен бас жүлде иегері З. Қосымбаев оқушы
кезінен қалалық, облыстық мүшәйраларда екі рет екінші орын
алғаны болмаса, әркез біріншілер қатарынан көрініпті. Қазіргі
мамандығынан да жетістігі жоқ емес, дайындаған шәкірттері
аудандық жарыстарда өз есесін жібермей жүрген көрінеді.
Сөз сайысына онан бөлек өлең мен жырды жанға серік еткен
мұғалімдер мен оқушылардан құралған 15 ақын қатысты. Ішінен
ойы ұшқыр, сөзі өткір деп танылған 9-ы II, III орындардан тұра тын
жүлделерге ие болды. ІІ-ші орын 4 адамға − №2 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ахмет Құдаев, Факия Ерме-
кова және №1 мектептің 11-сынып оқушысы Нұрлыбек Адайбаев
пен атамекендік тұрғын Мереке Мусаевқа бұйырды. ІІІ орында
5 адам тұрақтады. Қалғандары ынталандыру сыйлықтарымен
марапатталды. Жоғары нәтижеге жеткен ақындарға тарихпен
тереңірек танысып, сөз жүйріктігіне таным тереңдігін қоса жүрер
деген мақсатпен Ильяс Есенберлиннің «Көшпенділер», Мұхтар
Әуезовтың «Абай жолы», соңғы шыққан энциклопедия мен ар-
найы әзірленген Алғыс хаттар табысталды.
Шараның басы-қасында жүрген мәдениет үйі директоры
Маргарита Омарованың айтуынша, бұл ақындарға қанат бі -
тіріп, өрге жетелейтін жарыстың біріншісі де соңғысы да емес.
Жеңімпаздардың шабытына шабыт беру ниетінде енді бұл
жеңімпаздарды облыста өтетін өзге де жарыстарға қатыстыру
көзделуде.
ОТАН –
ҰРАНЫМ, ЖЕҢІС - ЖЫР-ӘНІМ
Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Қызылтөбе мәдениет үйінің ұйымдасты-
руымен «Отан – ұраным, Жеңіс – жыр-әнім» атты аудандық ақындар мүшәйрасы өтті.
Дөңгелек үстелде басқосқан мұғалімдер арасынан
сөз алған №9 мектептің тарих пәні мұғалімі Ибадулла
Кенжебаев пен Амангүл Нұрбердиева Қазақ хандығының
550 жылдық шежіресі жайында құнды мәліметтер
келтіріп, білген-түйгендерін өзгелермен бөлісті. Әңгі-
мені әрі қарай жалғаған мектеп директоры Гүлжан
Асамадинова: «Қазақ елі болып қалыптасуымыз өткен
ата-бабаларымыздың қажырлы қайратының арқасы.
Біз де өз артымыздан ізгі істерімізді қалдырып, жастар-
ды патриоттыққа тәрбиелеп, сол кісілердің аманатын
аз да болса ақтай аламыз. Сондықтан мұны жүзеге
асырушылардың бірі міне сіз, ұстаздарсыздар», - деп
алдағы ел тағдыры үшін маңызды қадам жасайтын сәтке
баршаны біркісідей атсалысуға шақырды.
ТАРИХШЫЛАР БАС ҚОСТЫ
Бүгінгі күніміз де уақыт өтіп тарихтың бір кірпіші болып қаланары хақ. Сол кірпішті ұрпақтар
ұлағаттайтындай етіп қалауда кешегі тарихтың тағылымы мен өткеннің өнегесі ерекше. Басқұдықтағы
тарих пәні мұғалімдерінің басқосуына арқау болған да осы өткен мен келешектің мазмұнды байланысы еді.
ӘЖЕЛЕР
ӘН
САЛДЫ
Жүзі жадырап шұбат сапырып, ыстық ықыласымен дәм татырып, мейрамның мерейін асқақтататын
әжелермен Наурыз және де нақыштана түсері сөзсіз. Бірақ біздің қариялар бұл жолы мұнымен ғана шектел-
ген жоқ. Ауданның мәдениет үйінде «Қош келдің Әз-Наурыз!» атты ән мен биден шашу шашты.
«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТЕДІ
2015 жылдың 15 сәуір күні 15.00-ден 17.00-ге дейін Маңғыстау облысы,
ХҚКО ғимаратының 2 қабатында орналасқан Мұнайлы аудандық сотында
аудандық сот төрағасы Б.Ж.Елемесовтің жеке қабылдауымен көпшіліктің
сұрақтарына жауап беру мақсатында «Ашық есік» күні өтетінін хабарлай-
мыз.
Мұнайлы аудандық соты
Басқұдық ауылында жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен аз қам-
тыл ған отбасыларына сый-сыяпат жасалды.
Ауыл әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға тұрғындар
алғыстарын айтты. Ауыл ақсақалы, тыл ардагері, жасы сексенге таяған Адыбай
қария көрсетілген қамқорлыққа риза болып, ақ батасын берді.
ӨЗ ХАБАРШЫМЫЗ
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР СЫЙЛЫҒЫ
Бәрекелді!
ЖАРИЯ ТЫҢДАУ ӨТКІЗІЛЕДІ
«Табиғи монополия субектілерінің тұтынушылар мен басқа да мүдделі
тұлғаларға реттелген қызмет көрсету (тауар, жұмыс) іс-қимылдары тура-
лы жыл сайынғы есеп беру Ережесіне» сәйкес 2015 жылғы 24-сәуір күні
15-00 сағатта Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы, «Маңғыстауэнерго»
МКК әкімшілік ғимаратында тұтынушыларға реттелген қызмет түрлерін
көрсету жөніндегі тарифтік сметаның орындалысы туралы жария тыңдауы
өткізілетіндігін хабарлайды.
«Маңғыстауэнерго» МКК әкімшілігі
***
Табиғи монополия субъектілерінің тұтынушылар мен басқа да мүдделі
тұлғаларға реттелген қызмет көрсету (тауар, жұмыс) іс-қимылдары ту-
ралы жыл сайын есеп беру Ережесіне сәйкес 2015 жылдың 28 сәуір күні
сағат 14-00 сағатта Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы, «Теміржолсу-
Маңғыстау» ЖШС ғимаратында тұтынушыларға реттелген қызмет түрлерін
көрсету жөніндегі тарифтік сметаның орындалысы туралы жария тыңдау
өткізілетіндігін хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |