Көлікті дамыту бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
облыста Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесіне кіретін тарамдалған автомобиль және темір жол, әуе және су желілері орналасқан;
көліктердің негізгі көрсеткіштерінің оңтайлы динамикасы.
|
негізгі құралдардың айтарлықтай моральды және физикалық тозуы (жылжымалы құрам мен инфрақұрылым);
көлік кешенінің негізгі құралдары мен инфрақұрылым ахуалы жеке сектор және мемлекет тарапынан ірі инвестицияны қажет етеді;
қала маңындағы және облысішілік автобус маршруттарындағы жеке тасымалдаушылардың рұқсатсыз ұйымдаспаған жолаушылар тасымалдауы;
облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы (2015 жылдың қорытындысы бойынша 74%);
шалғай орналасқан Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандары тұрғындарын облыс орталығымен байланыстыратын тікелей теміржол қатынасының жоқтығы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
инфрақұрылымды қамтуды дамыту үшін экономикалық белсенділік пен инвестициялық тартымдылықты ынталандыру;
автомобиль жолдары желісін сақтап қалу және дамыту.
|
автокөліктің жылжымалы құрамының тозуы қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді;
жол жамылғысының қанағаттанарлықсыз жағдайы пайдалану қозғалысының төмендеуіне, көліктерді пайдалану шығынының жоғарылауына, апаттық жағдайлардың өсуіне алып келеді;
инвестициялық белсенділік деңгейі мен экономикалық өсім қарқынының төмендеуі.
|
Сапалы автомобиль жолдарының болмауы облыс үшін проблемалық мәселе болып табылады. Үш аудан орталығының (Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов) облыс орталығымен әлі күнге дейін сенімді автомобиль қатынасы жоқ.
Негізінен облыстық және аудандық маңызы бар жолдар III – IV техникалық санатқа, ал кейбір ауылдық елді мекендерге кіреберіс жолдар V техникалық санатқа жатады. Автомобиль жолдарының топырақты және ауыспалы типті жамылғылы учаскелері қозғалыс жылдамдығы бойынша, ось салмағы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды.
Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар желісін қалыпқа келтіру және оларды күтіп-ұстау бойынша ағымдағы шығыстарды қамтамасыз етуді қаржыландыру көлемі жеткіліксіз. Сондықтан, инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландыру ауылдық жерлердегі автомобиль жолдарды қалыпқа келтіруге және қатты жамылғылы жолдарға алмастыруға болады, бұл өз кезегінде облыстың жол жүйесінің өткізу және тасымалдау қабілетінің артуына әкеледі.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
2015 жылы облыстың тұрғын үй секторында жалпы көлемі 12,2 млн. текше метр құрайды, соның ішінде 12,0 млн. текше метр немесе 98,4% тұрғын үй жеке меншікте. Тұрғын үй қорының көп қабатты тұрғын үйлерге жататын 2,2 млн. текше метрі немесе 18% жөндеудің кейбір түрлерін қажет етеді, 31,2 мың текше метрі (0,3%) – әрі қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған, бұзуға жататын апатты үйлер.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында облыста көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге 1,7 млрд.теңге бағытталды. 2013-2015 жылдары 102 үй жөнделді, соның ішінде 2013 жылы – 27 КПТҮ, 2014 жылы – 40 КПТҮ, 2015 жылы – 35 КПТҮ.
Негізінен шатыр, терезе, кіреберіс есік және инженерлік (сумен қамту, кәріздік, жылумен қамту электрмен қамту) желілері ауыстырылды, ғимараттың айналасына откос орнату, кіре берісте және жертөле бөлмелерін жөндеу жүргізілді.
Электрмен қамту облыс инфрақұрылымының тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі құрамының бірі болып табылады. Элекр энергиясын өндіру көлемі 2015 жылы 1594,7 млн.кВт.с (облыс қажеттілігі – 1843,4 млн.кВт.с) құрады және 2013 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға аз.
40 - кесте
Электр қуаты өндірісі
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
2015 ж. 2014 ж., %-бен
|
Электр қуаты өндірісі, млн. кВт. сағ
|
1 598,3
|
1 700,6
|
1 594,7
|
93,8
|
Облыста электр энергиясын өндіруді Орал ЖЭО газтурбиналық электр стансасы (қуаттылығы 30 МВт), «Жайықжылуэнерго» АҚ газтурбиналық қондырғысы (28 МВт), КПО б.в. газтурбиналық электр стансасы (160 МВт), «Жайықмұнай» АҚ газтурбиналық қондырғысы (16 МВт), «Орал газтурбиналық стансасы» ЖШС (54 МВт) жүзеге асырады. Барлық өндірілген электр энергия тұтынушылардың және кәсіпорындардың өз қажеті үшін энергия көздерімен пайдаланылады.
Облыста электр энергиясының негізгі көлемін тасымалдаумен «Батыс Қазақстан ЭТК» АҚ жүзеге асырады, оның қызмет көрсетуінде ұзындығы 20437 шақырым, кернеулігі 220, 110, 35, 10, 6 және 4 кВ желілері, 3047 трансформаторлық қосалқы стансалары бар. Жыл сайын трансформаторлық қосалқы стансалар және қолданыстағы электрмен қамту желілерін жаңғырту, ағымдағы және күрделі жөндеулер болып тұрады. 2013 жылы – 2867 км, 2014 жылы – 2022 км, 2015 жылы – 3001 км электр тарату желілері жөнделді.
Электр энергиясын есептеу приборларымен қамтылуы 100%-ды құрайды.
Саланың негізгі проблемасы электр энергиясын берудің қолданыстағы жүйелері және қосалқы стансалары 30 жылдан артық пайдаланылуда және қалпына келтірілу мен жаңғыртылуды талап етеді. Орта есеппен негізгі құрылғылардың тозуы - 80%, ауылдық жерлерде 90% құрайды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кәсіпорынның қаражаты жеткіліксіз, осыған байланысты электр желілерін және құрылғыларды күрделі жөндеу электр энергиясын беру қызметтеріне қарастырылған тарифтің шектелген көлемі есебінен жүргізіледі. Облыста 443 елді мекеннің ішінде Бөрлі және Бөкей ордасы аудандардың 2 елді мекені электрмен жабдықталмаған.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
Энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды іске асыру қазіргі уақытта өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша іс-шараларын табысты іске асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сонымен қатар облыс экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Аймақтың экономикасының өсуімен энергетикалық ресурстарын тұтыну әдетте сол қарқынмен өседі, ішкі аймақтық өнім сияқты, өйткені экономикалық өсу өнім өндірісінің ұлғаюымен, ресурстарды тұтынуымен байланысты.
Осылайша, энергия үнемдеу облыс алдында қойылған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Электр тұтыну құрылымы көрсеткендей 69,1% өнеркәсіп секторына келеді, соның ішінде энергетикаға - 11,9%, көлік секторына – 5,2%, халыққа - 18%, ауыл шаруашылығына – 0,4%, экономиканың басқа салаларына – 12,5%.
Өнеркәсіп секторымен тұтынылатын энергия ресурстарының 52%-н облыстың 18 ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары тұтынады.
Осылайша, облыстың электр тұтыну құрылымына жүргізілген талдау энергетикалық ресурстардың негізгі тұтынушылары өнеркәсіп, сонымен қатар электр және жылу энергиясын өндіру секторы екенін көрсетеді.
Тұрғын үй секторы электр энергиясының шамамен 24%-н және жылу энергиясының 26% тұтынады. Жылумен қамтамасыз ету көздерімен жылу энергиясын өндіру 2014 жылы - 3,7 млн. Гкал, 2015 жылы - 3,1 млн Гкал құрады.
Аймақтың тұрғын үй қорының 81,7%-ның жағдайы жақсы, жөндеуді қажет ететіні - 18% және апатты жағдайда – 0,3%.
Облыстың коммуналдық секторының инженерлік жүйелерінің тозу деңгейі келесідей:
жылумен қамту – 62,2%-ның қалыпты жағдайда, жөндеуді қажет ететіні – 37,8%. Жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы – 282,6 км, соның ішінде «Жайықжылуқуат» АҚ – 225,4 км, «Аксайжылукуат» АҚ – 57,2 км;
электрмен қамту - 20%-ның жағдайы қалыпты, жөндеуді қажет ететіні - 80%. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы –20 672,8 км, «Батыс Қазақстан ЭТК» АҚ – 20 437 км, «Аксайгазпромэнерго» АҚ – 235,8 км;
газбен қамту - 94%-ның жағдайы қалыпты, жөндеуді қажет ететіні - 6%. Жалпы ұзындығы – 6640 км.
Бюджеттік секторда әлеуметтік маңыздылығы мен қаржыландырудың жетіспеушілігінен энергия үнемдеу маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні облыстың бюджеттік мекемелерінде 703 216 свет нүктелері (шамдар) бар, соның ішінде энергия үнемдеуші - 24% немесе 168 771 свет нүктелері.
Облыста барлығы 2030 мемлекеттік мекеме бар, соның ішінде білім беру нысандары – 886 (398702 жарық нүктелері), денсаулық сақтау нысандары - 434 (197 307 свет нүктелері), мәдениет нысандары – 701 (105 151 свет нүктелері) және әлеуметтік қорғау нысандары - 9 (4056 жарық нүктелері).
Бүгінгі күні көше жарығында 22 494 сыртқы жарық нүктелері (шамдар) бар, соның ішінде энергия үнемдеуші 35% немесе 7872 жарық нүктелері.
Батыс Қазақстан облысының 2015-2020 жылдарға арналған энергияны үнемдеудің кешенді жоспарына сәйкес облыста энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жалпы сомасы 2,2 млрд.теңгеге 109 іс-шара қарастырылған, соның ішінде кәсіпорын қаражаты есебінен – 1,9 млрд.теңге.
Сонымен қатар бүгінгі күні қолда бар негізгі жабдықтардың техникалық артта қалуы және жоғары тозуы, жөндеу-құрылымдау, энергия үнемдеу жұмыстары бойынша іс-шараларды жүргізуге өз қаражаттарының жетіспеушілігі коммуналдық шаруашылық ұйымдары үшін ортақ мәселе.
Баламалы энергетика
Облыста электроэнергияға орталықтандырылған байланысы жоқ 79 шаруа қожалықтары өз қаражаты есебінен 103 қондырғы, оның ішінде 91 күн батареясын және 12 жел қозғалтқышын орнатты.
Орал қ. жеке тұрғын үйлерге күн панелдерін қоюға «Инерт Газпром» ЖШС компаниясының мүмкіндігі бар. Аталған компаниямен жасақталған «Жиынтық қүаттылығы 2 МВт дейін күн электрстанциясының құрылысы» жобасы ұсынылып отыр. Электростанция көлемі 5 000 кв.м территориясында орналасады. 1200 үйге жуық қолдана алатын күн электростанциясы жылына 4,4 млн. кВт сағат электроэнергияны өндіруге мүмкіндігі бар.
Аталған жобаны іске асыру екі кезеңге жоспарлануда. Бірінші кезеңде кейіннен 2 МВт дейін өсуімен қуаттылығы 500 кВт күн электростанциясы салынады.
2014 жылы энергия көзін жаңғырту көздерінен 5,6 мың кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.
Сумен қамту
Су көздерінің ластануынан, санитарлық-эпидемиялық жағдайдың нашарлауынан, сумен қамту жүйелерінің техникалық жағдайы қанағаттанғысыз болуынан облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 89,2%-ды құрайды, соның ішінде Орал қаласы – 87,9%, Ақсай қаласы – 100%.
Қалалық коммуналдық су желілерінің жалпы ұзындығы 603,6 шақырымды құрайды, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 429,7 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 173,9 шақырым.
Тозығы жеткен жағдайдағы 270,2 шақырым су құбыры желілері бар, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 155,4 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 114,8 шақырым.
2013 жылы 18,9 шақырым су құбыры желілері ауыстырылды, 2014 жылы – 27,3 шақырым, 2015 жылы – 6,4 шақырым. 2013 жылы апаттық жағдай мен суды айыру саны 203 бірлік құрады, 2014 жылы – 109 бірлік, 2015 жылы – 90 бірлік.
Ауыл тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігі 2013 жылы 69,2%-дан 2015 жылы 76,5%-ға дейін өсті.
01.01.2016 ж. жағдайы бойынша 443 ауылдық елді мекеннің (АЕМ) 160-сы орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігі бар, 279 АЕМ орталықтандырылмаған сумен қамтуды пайдаланады, 4 АЕМ тасымалды суды пайдаланады.
Коммуналдық меншікте тұрған ауылдық елді мекендердегі су жүйесінің жалпы ауданы 1724 км. 717,3 км (41,6%) су құбыры жүйесінің тозығы жеткен жағдайда.
«Ақ Бұлақ» бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы 7 ауылдық сумен қамту жобасын жүзеге асыруға 1055,6 млн.теңге бөлінді және игерілді. 86,7 шақырым су құбыры салынды және 126,6 шақырым жаңғыртылды. Екі мың данадан астам суды есептеу аспаптары орнатылды. Нәтижесінде 2,9 мыңнан астам адам орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізді, ал 5,6 мыңнан астам адам сумен қамту қызметі сапасын жақсартты.
2014 жылы 11 ауылдық сумен қамту жобасын жүзеге асыруға 1055,6 млн.теңге бөлінді және игерілді, 152,7 шақырым су құбыры желісі іске қосылды. Нәтижесінде 5,8 мың адам орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізді, ал 6,1 мыңнан астам адам сумен қамту қызметі сапасын жақсартты.
2015 жылы 2 ауылдық сумен қамту жобасын жүзеге асыруға 661,4 млн.теңге бөлінді және игерілді, 160,5 шақырым жаңғыртылды.
41- кесте
Орталықтандырылған сумен қамтылуы
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
АЕМ сумен қамтылуы
|
34,7
|
35,9
|
36,1
|
Ауыл тұрғындарының сумен қамтылуы
|
69,2
|
75,1
|
76,5
|
Қала тұрғындарының сумен қамтылуы
|
83,0
|
100,0
|
100,0
|
Аталмыш салада негізгі проблема су құбыры желісінің тозуы болып табылады. Осыған байланысты қажетті көлемдегі және кепілді сападағы ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін сумен қамту жүйелерін жаңадан салуды жалғастыру және қолданыста барын жаңғырту қажет.
Суды бұру
2015 жылы қала тұрғындарының орталықтандырылған суды бұруға қол жетімділігі 83,7%, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 81,0%, Ақсай қаласы бойынша – 100% құрайды.
Кәріздік желілердің ұзындығы 414,2 шақырым, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 362,3 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 51,9 шақырымды құрайды. Ауыстыру қажет ететін кәріздік желілер 220,8 шақырым, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 178,8 шақырым, Ақсай қаласы бойынша – 42 шақырымды құрайды.
Кәріздік желілер 30 жылдан астам пайдалануда және желілердің – 81%, кәріздік сорғы стансалардың - 75% жоғарғы тозу деңгейі негізгі проблемасы болып табылады.
Облыста 2 кәріздік құрылыс жұмыс істеуде. 2013 жылы кәріздік тазарту желісі арқылы 12 398 мың текше метр, 2014 жылы – 12 584 мың текше метр, 2015 жылы – 10 251 мың текше метр ағызылды. 2013 жылы - 1,8 шақырым, 2014 жылы – 12,4 шақырым, 2015 жылы 13,2 шақырым су бұру желілері ауыстырылды.
Жылумен қамту
Орал және Ақсай қалалары орталықтандырылған жылуды пайдалануда. Орал қаласының жылумен қамтуын 561 Гкал/сағ. қуаты бар қалалық ЖЭО және 14 қазандық қамтамасыз етеді, Ақсай қаласын 7 қазандық жылытады. Орталықтандырылған жылумен қамту қызметімен қамтамасыз ету деңгейі 99,8%, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 99,8%, Ақсай қаласы бойынша - 100% құрайды. 2014 жылы жылумен қамту көздерінің жылу энергиясын өндіру 3,7 млн. Гкал, 2015 жылы 3,1 млн. Гкал құрады.
Саланың негізгі проблемасы 52,7% құрайтын желілердің тозуы болып табылады, оның деңгейі өткізіліп жатқан шараларға байланысты төмендеу үрдісі бар.
2013 жылы облыс бойынша 13,7 шақырым жылу желісі, 2014 жылы – 13,7 шақырым, 2015 жылы – 12,1 шақырым ауыстырылды.
2015 жылы магистралдық жылумен қамту желілерін айыру және апатты жағдайлар болған жоқ (2014 жылы – 9 жағдай)
Облыстың ауылдық елді мекендерін газдандыру жалғасуда. Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету 2013 жылы 86,7%-дан 2015 жылы 92%-ға дейін, ауыл тұрғындарын 72,9%-дан 83,9%-ға дейін ұлғайды.
42- кесте
Табиғи газбен қамтылуы
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
Облыс тұрғындарының газбен қамтылуы, %
|
86,7
|
91,2
|
92
|
Ауыл тұрғындарының газбен қамтылуы, %
|
72,9
|
82,6
|
83,9
|
Облыстың елді мекендерін газдандыруға 2013-2015 жылдары мемлекеттік бюджеттен 9,7 млрд.теңге бағытталды. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ БҚФ өз қаражаты және бюджет қаражаты есебінен 2013 жылы – 2680,9 км, 2014 жылы – 3049,2 км, 2015 жылы 3226,5 км газ құбыры салынды. 264,2 мың адамы бар 260 АЕМ табиғи газға қосылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
өз электр энергиясы өндірісімен қамтамасыз етілуі;
электр энергиясын өндіру өнеркәсібі өсімінің артуы;
халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілуінің жоғарғы үлесі;
коммуналдық шаруашылық нысандарындағы апаттардың қысқаруы.
|
электр желілері, жылу, сумен қамту және суды бұру желілерінің тозуының жоғарғы деңгейі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
электр желілері, магистралдық және жылу, сумен қамту және суды бұру желілерін қалпына келтіру және күрделі жөндеу;
инженерлік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту арқылы халықтың сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.
|
өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылымының тозығы жетуі және толықтай тоқтауы.
|
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтың негізгі проблемалық мәселесі болып электр, жылу, сумен қамту және суды бұру желілерінің тозығы жетуі, өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылымының жаңа желілерін салу және қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі: коммуналдық қызметтің қолданыстағы тарифтері желілерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу шығындарын жаппайды; өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылым жүйелеріне қызмет көрсету бойынша кәсіпорындардың материалдық-техникалық жабдықтарының жеткіліксіздігі.
Экология және жер ресурстары
Атмосфералық ауаның ластануы. Атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын жүзеге асыратын мұнай-газ кешені кәсіпорындары, қазандық шаруашылықтар, автокөліктер, элеваторлар ауа бассейнін негізгі ластаушылар болып табылады, облыс бойынша стационарлық көздерден ластану көлемі 2015 жылы 42,4 мың тоннаны құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 18%-ға азайды. Ластаушы көздер саны 10,2%-ға артты. 2015 жылы облыстағы кәсіпорындар мен барлық стационарлық ластаушы көздерден шығатын ластаушы заттардың жалпы көлемінен ластаушы заттардың 58,7% ұсталынды және зарарсыздандырылды.
43- кесте
Атмосфераға зиянды ластаушы заттардың шығарылуы көлемінің өзгеру серпіні
|
|
Өлшем бірлігі
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
2015 ж. 2014 ж. %-бен
|
Ластаушы заттарды шығаратын стационарлы көздер саны
|
бірлік
|
10360
|
10532
|
11415
|
108,4
|
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
|
мың тонна
|
60,4
|
44,7
|
42,4
|
94,9
|
соның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындар бойынша
|
мың тонна
|
22,9
|
26,4
|
23,0
|
87,1
|
Ұсталынды және зарарсыздандырылды
|
мың тонна
|
34,8
|
40,8
|
58,7
|
143,9
|
Достарыңызбен бөлісу: |