Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2016 мазмұНЫ


Байланыс және коммуникация бойынша SWOT-талдау



жүктеу 3,64 Mb.
бет13/22
Дата03.03.2018
өлшемі3,64 Mb.
#11105
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

Байланыс және коммуникация бойынша SWOT-талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • Интернет желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша байланыс желілерінің, мобильдік байланыстың дамуы озық қарқынмен келе жатыр;

  • жергілікті телефон байланыстарын цифрландыру деңгейі ұлғаюда;

  • телерадиотарату желілерін цифрлық технологияға өту көмегімен жетілдіруі.

  • ұялы байланыс, Интернет желілері қызметінің жоғары тарифы;

  • ИКТ отандық өндіріс құралдарының төмен деңгейлігі және оның импортқа тәуелділігі;

  • ақпараттық теңсіздік, халықтың компьютерлік жалпы сауаттылығының төмен деңгейлігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • CDMA/EVDO, FTTH, 3G және 4G, WiFi сымсыз желілері сияқты заманауи технологияларды қолданумен Интернет желілеріне кеңжолақты қолжетімділік;

  • бар желілерді жетілдіру арқылы телефон байланыстарын жаңғыртуды және жетілдіруді жүргізу;

  • заманауи жоғары сапалы цифрлық телевизияны енгізу;

  • ауылдық елді мекендерде телефон байланыстарын жаңғырту және жетілдіру.

  • АКТ-ға импорт тәуелділігінің жоғарлылығы.



АКТ-ның енгізілуі бүгінгі таңда көп жағдайда ғылым, білім, экономика және әлеумет салаларының дамуын анықтайды, еңбек өнімділігінің және шығарылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасының өсуіне, мемлекеттің билік органдарының қызметіне және олардың қоғаммен өзара әрекеттерінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Дегенмен, сондай немесе басқа да саладағы қызметкерлердің жұмыстарында қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етулерді, ресурстарды, жаңа технологияларды қолданудағы жеткіліксіз білімдері енгізілген АКТ-ны дұрыс әрі тиімді пайдаланылуына мүмкіндік бермейді, ал бұл сәйкесінше, олардың көрсетіп отырған қызметтері мен атқарып отырған жұмыстарының сапасын арттыруға кедергі жасайды. Сондықтан, ақпараттық қоғамды құру барысында халықтың жалпы компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру ғана емес, экономиканың барлық саласындағы қызметкерлердің, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің, орта және кіші бизнес өкілдерінің кәсіптік бағыттағы компьютерлік сауаттылығының деңгейін көтеру түйінді мәселе болмақ.

Телекоммуникация саласындағы басты беталыс жоғары жылдамдықтағы оптикалық және сымсыз технологияларға негізделген инфрақұрылымды дамыту, мекемелер мен жалпы халыққа мультимедиалық қызметтерді ұсыну, телерадио өнімдерінің цифрлық технологиясын ендіру мен дамыту, сол сияқты жергілікті телефон байланыстарын цифровизиялауды кеңейту болып отыр.

Сонымен қатар, байланыс инфрақұрылымын дамыту бірқалыпты жүрмей отыр, халықтың жеке топтары үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің қолжетімділік деңгейінде айтарлықтай диспропорция бар.
Құрылыс

2015 жылы 306 құрылыс ұйымы қызмет атқарды (2013 ж. – 326, 2014 ж. – 322). Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылы 86,6 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылдың деңгейіне 114,3%.

37- кесте

Құрылыс жұмыстарының көлемі

млн. теңге



Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Барлық құрылыс жұмыстары

58 466,5

73 576,9

86 571,9

құрылыс - монтаждау жұмыстары

43 917,9

56 407,0

71 098,9

ағымдағы жөндеу

5 566,0

5 897,4

5 589,2

күрделі жөндеу

8 982,6

11 272,5

9 883,8

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, өткен жылға %-бен

108,2

124,9

114,3

Орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде ғимараттарды салу бойынша құрылыс жұмыстары (24,9%), жолдарды салу (23,7%), басқа таратушы инженерлік құрылғыларды салу (16,2%), сумен қамту, жылыту және ауа баптау жүйелерін монтаждау (6,0%), электротехникалық және монтаждау жұмыстары (16,2%), басқа да құрылыс жұмыстары (13,0%) иемденіп отыр.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде едәуір көп көлемі жеке – 94,4%, шетелдік – 4,9%, мемлекеттік – 0,7% құрылыс ұйымдарымен орындалды.

2015 жылы барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдармен 302 тұрғын үйге жатпайтын нысан пайдалануға берілді, соның ішінде:

өңдеу өнеркәсібінде: жылына 19,0 мың тонна ет және ет өнімдерін өндіретін 2 кәсіпорын, 13,0 мың литр минералды су және басқа алкоголсіз сусын өндіретін кәсіпорын;

ауыл шаруашылығында: 1963 бас орындық мүйізді ірі қара малға арналған 19 орын, 2500 құс сақтайтын орын, көкөніс сақтау қоймасы жылына - 2,4 мың тонна;

саудада: 65,8 мың шарша метр сауда аумағын құрайтын 12 сауда үйі;

білім: 2124 оқушыға арналған 5 жалпы орта білім беретін мектептер, 410 орындық 2 мектепке дейінгі мекемелер;

магистралды газ құбыры 882,8 км., су құбыры 113,6 км., жергілікті газбен жабдықтау желілері 71,2 км., жергілікті сумен жабдықтау құбырлары 119,9 км.;

аумағы 4056 шаршы метр Бейбітшілік және келісім сарайы, аумағы 4917 шаршы метр 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

Тұрғын үй қоры жыл сайын ұлғаюда. 2013 жылы тұрғын үй қоры 11734 мың шаршы метрді құрады, 2014 жылы –11966 мың шаршы м, 2015 жылы – 12177 мың шаршы м. 2013 жылдан бастап тұрғын үйдің 98,2% жеке болып табылады. Тұрғын үй қорының жалпы санынан 57,8% қалаға тиесілі (2013 ж. – 57,1%).

Тұрғын үй қорын абаттандыру жағдайы жақсаруда. Сумен жабдықталған барлық тұрғын үй қорының жалпы үлес салмағы 2015 жылы 99,4% құрады 2013 жылғы 96,5% қарсы, кәрізбен жабдықталғаны – 54,8% (52,2%), газбен жабдықталғаны – 98,9% (98,8%).

Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 2014 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға өсіп, 261,9 мың шаршы метрді құрады.

Жалпы пайдалануға берілген тұрғын үйдің едәуір бөлігі – 196,0 мың шаршы метр немесе 74,8% жеке салушылармен, оның ішінде халықпен жалпы көлемде 65,9%-ды құрайтын 172,5 мың шаршы метр пайдалануға берілген.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің өсуі 2014 жылмен салыстырғанда облыстың он ауданында байқалды. Казталов (1,9 есеге), Бөкейорда (1,8 есеге), Ақжайық (1,7 есеге) аудандарында елеулі өсуі белгіленді.

Іске қосылған тұрғын үйлердің басым бөлігі Орал қаласында (жалпы іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы көлемінен 59,9% немесе 156,9 мың шаршы м), Бөрлі (15,7% немесе 41,2 мың шаршы м) және Зеленов аудандарында (6,9% немесе 18,1 мың шаршы м) тұрғызылған.

Тұрғын үйді пайдалануға беру 1000 адам тұрғынға 2013 жылғы 397,8 ш. м-ден 2015 жылы 413,4 ш.м-ге (3,9%) ұлғайды.

38 - кесте



Тұрғын үйлерді іске қосу

жалпы ауданының шаршы м



Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж. 2014 ж., %-бен

Іске қосылған тұрғын үйлер - барлығы

246 959

257 149

261 868

101,8

оның ішінде есебінен













бюджеттік қаражат

58 030

62 039

48 385

78,0

меншікті қаражат

188 929

195 110

198 394

101,7

банктердің кредиттері

-

-

1 293

х

басқа да қарыз қаражаттар

-

-

13 796

х

Салынған пәтерлер саны

2 653

2 429

2 602

107,1

Халықтың тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілуі 2013 жылы бір адамға 19,1 шаршы метрден ұлғайып, 2015 жылы 19,6 шаршы м құрады (2014 жылы – 19,5 шаршы м).

Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар 2013 жылы 13,7 млрд. теңгені құрады, 2014 жылы – 15,5 млрд. теңге, 2015 жылы – 19,4 млрд. теңге.

Көп пәтерлік үйлердегі тұрғын үйдің 1 шаршы метр пайдалы ауданы құрылысыныңорташа нақты құны 2015 жылы 104,7 мың теңге, тұрғындармен салынған тұрғын үйлер – 62,2 мың теңге құрады.

Халықтың тұрмысын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаны іске асыруға 2013-2015 жылдары 16,6 млрд. теңге бөлінді.

2013 жылы 25 мың шаршы м несиелік және 33,1 мың шаршы м жалдамалы коммуналдық тұрғын үй салынды. Орал қаласында 8 көп пәтерлік тұрғын үй (812 пәтер), ауылдық жерлерде 8 бір пәтерлік, 9 бір-екі пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 2,6 млрд. теңге бөлінді және 146 км инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынды.

2014 жылы 28,2 мың шаршы м несиелік тұрғын үй, 27,8 мың кв.м жалдамалы коммуналдық тұрғын үй салынды. 7 көп пәтерлік тұрғын үйлер (616 пәтер) және ауылдық жерлерде 44 бір-екі пәтерлік үйлер (47 пәтер) салынды. Инженерлік-коммуникациялық құрылысқа 2,9 млрд. теңге бөлініп, 218,5 км инженерлік желі жүргізу қамтамасыз етілді.

2015 жылы 37,9 мың шаршы м несиелік және 9,7 мың шаршы м жалдамалы коммуналдық тұрғын үй салынды. Орал және Ақсай қалалырында 6 көппәтерлі тұрғын үйлер (730 пәтер), ауылдарда 5 бір пәтерлі үйлер салынды. Инженерлік желілерді салуға 1,3 млрд. теңге бөлінді, 20,9 км. инженерлік желілер пайдалануға берілді.

2013-2015 жылдар кезеңі аралығында тұрғын-үйлердің жалпы ауданы 766,0 мың шаршы м пайдалануға берілген.
Құрылыс бойынша SWOT – талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • ағымдағы жөндеу және күрделі жөндеу бойынша көлемдерінің ұлғаюы;

  • тұрғын үй құрылысы секілді секторларда құрылыс материалдарына тұрақты сұраныстың өсуі;

  • жеке тұрғын үй құрылысына бос жер учаскелерінің болуы.




  • қыс мезгілі құрылыс жағынан сұраныстың, куаттың жеткіліксіздігін тудырады (тұрып қалу мезгілінің ұлғаюы).

  • тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуына коммуникациялардың жоқтығы;

  • қаражаттың жеткіліксіз бөлінуіне байланысты, жалдамалы тұрғын үйлердің әлсіз қарқынмен дамуы;

  • тұрғын үй құрылысы жүйесінің мүмкіншіліктерін тиісті деңгейде пайдаланбау.




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • жаңа замандық технологияларды енгізу арқылы құрылыс индустриясын дамыту, құрылыс материалдары өнімдерінің үлкеюі, құрылым мен өнімді энерго тиімділік және экологиялық талаптарға сәйкес өндіру, тұрғын үй құрылыс құрамында қазақстандық үлесін арттыру;

  • жыл бойы бір қалыпты құрылысты ұйымдастыру;

  • жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

  • жеке инвесторларды тұрғын үй құрылысына тарту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке ынталандыру.

  • қыс мезгілінде құрылыс материалдарының тұрып қалу уақытының созылуы;

  • мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінуіне тікелей байланысы;

  • тұрғын үй құрылысы, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының құлдырауы.



Қолданылып жатырған шараларға қарамастан бүгінгі күнде әлеуметтік бағытта және «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуына әсер ететін бірқатар мәселелер бар;

жергілікті атқарушы органдар тізімінде тұрған азаматтар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысына жеткіліксіз ақша аударылуы;

экономикалық белсенді халық бөлігін, соның ішінде жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің мүмкіндігі болмай отыр;

халықтың төмен төлем қабілеттілігі;

жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер учаскелерінің жеткілікті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеуі.

Азаматтарға тұрғын үйге қол жетімділігі және оларды тұрғын үймен қамтасамыз ету тиімділігін арттыру тұрғын үй салу жолымен жүзеге асады.

Қолжетімді тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу үшін республикалық бюджеттен болашақта жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй құрылысының және қолжетімді құрал, сондай-ақ тұрғын үй несиесінің айырықша көлемінің ұлғаюы.

Сонымен қатар, халықтың көші-қоны секілді демографиялық жағдайларын күшейту, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үйге көптеген тұрғындардың тапсырыс беруінің артуы үшін несиелік қорлар шектеулі. Облысымызда құрылыстың өсу қарқынына байланысты мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп үлгермеуде. 2016 жылдың басына тұрғын үйге кезекте тұрғандар саны 20,0 мың адамды (2013 жылы-15,9 мың адам) құрады.

Бұдан басқа мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетімділігінің төмен деңгейлігі өзекті мәселе болып отыр.


Жолдар және көлік

Облыста Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесіне кіретін автомобиль және темір жол, әуе және су желілерінің тарамдалған желісі орналасқан.

2013-2015 жылдары әр түрлі жүк тасымалдары 1,6%-ға, жолаушылар - 2,5%-ға өсті. Жүк айналымы 3,7%-ға, жолаушылар айналымы 10,2%-ға көп.

39-кесте


Көліктердің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау, мың тонна

38 868,0

39 987,8

39 499,5

өткен жылдың кезеңіне %-бен

108,5

102,9

98,8

Жүк айналымы, млн. ткм

2 634,4

2 723,6

2 731,0

өткен жылдың кезеңіне %-бен

108,6

103,4

100,3

Көліктің барлық түрлерімен жолаушы тасымалдау, мың адам

425 757,6

428 310,3

436 337,4

өткен жылдың кезеңіне %-бен

105,8

100,6

101,9

Жолаушылар айналымы, млн. жкм

7 087,5

7 491,9

7 813,7

өткен жылдың кезеңіне %-бен

107,4

105,7

104,3



Автомобиль көлігі

Тасымалданған жалпы жүк көлемінің 99,9% және тасымалданған жалпы жолаушылар санының 99,9% автомобиль көлігінің үлесіне тиесілі.

2015 жылы автомобиль көлігімен 39,5 млн.тонна жүк тасымалданды, бұл 2013 жылға қарағанда 1,8%-ға көп, жолаушылар – 435,9 млн.адам (2,4%-ға көп). Жүк айналымы 2721,7 млн.ткм құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға, жолаушылар айналымы – 7350,7 млн. жкм (6,5%-ға көп) өсті.

Қазіргі уақытта облыста 5 халықаралық (Самара, Орынбор, Тольятти, Саратов, Бузулук), 2 облысаралық (Атырау, Ақтөбе), 35 қалалық, 41 облысішілік, 23 ауданішілік автобус маршруттары жұмыс жасайды. Тұрақты автобус маршруттарына 13 тасымалдаушы-кәсіпорын қызмет көрсетуде.

Орал қаласының автобус маршруттарында 676 бірлік, облысішілік маршруттарда 151 бірлік автобус пен шағын автобустар жұмыс жасап жатыр.

Орал қаласында 521 бірлік такси көлігі бар 35 такси компаниясы қызмет көрсетеді. Аудандарда 33 жолаушылар такси жұмыс жасайды, соның ішінде: Бөрлі – 16, Зеленов – 10, Ақжайық – 3, Сырым – 1, Тасқала – 2, Казталов – 1.

Облыстың 443 ауылдық елді мекенінің 239-ы (54%) автобус қатынасымен қамтылған.

2015 жылы Ақсай қаласында «АқсайСтройСервис и К» ЖШС автостанциясы жұмыс жасайды.

2015 жылы 6 әлеуметтік маңызы бар автобус маршрут бойынша жолаушылар тасымалы облыстық бюджет есебінен 40,0 млн. теңгеге субсидияланды. 23,5 мың жолаушылар тасымалданды.

2013-2014 жылдары Орал қаласында тасымалдаушы-кәсіпорындардың автобус парктері жаңартылды, 100 бірліктен астам жаңа автобус сатып алынып, нәтижесінде жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсету деңгейі артты.

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасымен 2020 жылға дейінгі мерзімде 2 автостанция, 7 жолаушыларға қызмет көрсету пунктін салу және 15 такси тұрағын ашу қарастырылды.

Темір жол көлігі

Облыстың темір жол көлігіне Саратов (Ресей Федерациясы) және Ақтөбе (Қазақстан) қалалары арқылы «Батыс-Шығыс» магистралі қызмет көрсетеді.

Облыс аумағынан өтетін темір жолдың жалпы ұзындығы 431 км құрайды, соның інішде Орал темір жол бөлімшесі – 319,7 км, Жәнібек және Бөкей ордасы аудан орталықтарын облыс орталығымен байланыстыратын Приволжск темір жолы (Ресей Федерациясы) -111 км.

Біздің облыс арқылы «Астана – Киев», «Алматы – Мәскеу», «Ташкент-Харьков» халықаралық жолаушылар пойыздары, облысаралық қатынастағы «Орал-Алматы», «Орал – Ақтөбе», «Орал – Астана» және «Орал – Озинки» және «Орал – Шыңғырлау» екі қала маңы пойыздары өтеді.

2015 жылы екі әлеуметтік маңызы бар қала маңындағы «Орал-Озинки» және «Орал-Шыңғырлау» пойыздарын тасымалдаушылардың шығынын субсидиялауға облыстық бюджеттен 120,0 млн. теңге бөлінді. 78,2 мың жолаушылар тасымалданды.

Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарының тұрғындары күзгі-қысқы лайсаң мезгілдерде қатты жамылғылы жолдың және тікелей темір жолдың жоқтығынан облыс орталығына жету үшін едәуір қиындықтарға тап болады.



Әуе көлігі

Облыс аумағы арқылы үш әуе дәлізі өтеді. Жалпы ұзындығы 1172 км транзиттік қатынаспен халықаралық жеті әуе трассасы жүзеге асырылады.

Орал қаласының әуежайы арқылы «Бек Эйр» және «СКАТ» әуекомпанияларымен облыс орталығын Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларымен байланыстыратын тұрақты әуе маршруттары іске асырылуда.

2014-2015 жылдары республикалық бюджет қаражаттары есебінен 6,3 млрд.теңгеге Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, жермен жүру жолдары мен әуежайдың жолаушылар шығатын алаңын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ұшу-қону жолағы 400 метрге (2800 м-ге дейін) ұзартылып, 3 метрге (45 м-ге дейін) кеңейтілді, сонымен қатар халықаралық стандарттар талаптары бойынша бұрынғыдан жетілдірілген жарық дабылды құралдарымен жабдықталды. Әуежайдың электрмен жабдықтау жүйелері бірінші санатты сенімділікте. Сондай-ақ апаттық-құтқару станциясының ғимараты салынды.

2015 жылы әуе көлігімен 131 мың тонна жүк тасымалданды. 332,4 мың адам тасымалданды, бұл 2013 жылға қарағанда 2,4 есеге көп.

Су көлігі

Су көлігі облыстың көлік саласындағы жұмыс көлемі бойынша көп мөлшерде орын алмайды.

Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау облыста Жайық өзені арқылы жеке кеме компаниялары, негізінен, «Флот» ЖШС және «Эсторал» ЖШС арқылы жүзеге асырылады.

Кеме жүзетін су жолдарының ұзындығы 623 км құрайды.

2015 жылы су көлігі кемелерімен 34,7 мың тонна жүк (2013 жылға қарағанда 42%), 18,0 мың жолаушы (2013 жылға қарағанда 46,3%) тасымалданды.

Автомобиль жолдары

Облыс экономикасының дамуы автомобиль жолдары жүйесін дамыту қажеттілігін анықтайды.

Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6530,1 мың км құрайды, оның ішінде 1392,55 км – республикалық маңызы бар автожолдар.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5137,55 км құрайды, оның ішінде қара жамылғылы автожолдар – 1168,0 км (22,7%), қиыршық тасты автожолдар – 2176 км (42,4%), топырақты автожолдар – 1793,6 км (34,9%).

Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар құрамына 63 көпір өткелі және 1142 су өткізгіш құбырлары.

2013-2015 жылдары облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салуға, қайта құруға, жөндеуге және күтіп-ұстауға республикалық және жергілікті бюджеттен 15 241,0 млн.теңге бағытталды, соның ішінде 2013 жылы - 2524,8 млн.теңге, 2014 жылы – 7206,6 млн.теңге, 2015 жылы – 5509,6 млн.теңге.

2013-2015 жылдары жалпы ұзындығы 195,3 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (2013 жылы – 18,4 км, 2014 жылы – 60,9 км, 2015 жылы – 116 км).

«Жымпиты-Қаратөбе», «Алғай-Жалпақтал-Жұлдыз-Қарасу, Қараөзен ауылына кірме жолымен», «Деркөл ауылынан Орал-Тасқала-РФ шекарасы автожолы қиылысына дейін», «Ақсай-Шыңғырлау», «Аңқаты-Сарыөмір», «Чапаев-Жаңақала-Сайқын» автожолдары учаскелерін қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қаратөбе (Қаратөбе ауылы) және Шыңғырлау (Шыңғырлау ауылы) аудан орталықтары облыс орталығы Орал қаласымен қатты жамылғылы жолмен қосылды.

«Чапаев-Жаңақала-Сайқын», «Ақсай-Шыңғырлау», «Жымпиты – Қаратөбе», «Орал-Кирсанов», «Бұлдырты ауылына кірме жол» және «Аңқаты-Сарыөмір», сондай-ақ республикалық маңызы бар «Чапаев-Жалпақтал-Казталов–РФ шек.», «Орал-Тасқала-РФ шек.» және т.б. автожолдар учаскелерін күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.



жүктеу 3,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау