Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2016 мазмұНЫ



жүктеу 3,64 Mb.
бет11/22
Дата03.03.2018
өлшемі3,64 Mb.
#11105
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Туризм бойынша SWOT- талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • облыстың бірегей табиғи жағдайы және мәдени-тарихи көрікті жерлері;

  • орналастыру орындарының оң динамикалық дамуы;

  • балалар және жасөспірімдер туризмінің дамуы.




  • дестинацияның әлсіз менеджменті;

  • жаңадан іске қосылған, қолданыстағы туристтік нысандарға және бағыттарға сыртқы инфрақұрылымның болмауы;

  • сараланбаған туристтік қызметтер;

  • туристтік қызметтер сапасының төмендігі;

  • аумақтың туристтік әлеуетінің жеткіліксіз жарнамалануы;

  • туризм субъектілерін үйлестірудің әлсіздігі;

  • жоғарғы баға саясаты.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • жаңа жұмыс орындарының ашылуы, соның ішінде ауылдық аймақтарда;

  • экологиялық, мәдени этнотуризмнің даму мүмкіндіктері;

  • шетел инвесторларын тарту;

  • балалар және жасөспірімдер туризмінің дамуы;

  • ЭКСПО 2017 шараларына қатысу;

  • саладағы аумақтық ынтымақтастықтың дамуы.

  • инвестициялық белсенділіктің төмен деңгейі;

  • өнеркәсіптік қалдықтар себебінен экологиялық жағдайдың нашарлауы;

  • халықаралық макроэкономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты ішкі және сырттан келу туризмі көлемінің қысқаруы.



Саланы дамытудағы проблемалар:

туристтік орналастыру нысандарының бір бөлігінің тозуы;

туристтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;

туристтік өнімдерді әртараптандыру бойынша жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларының жеткіліксіздігі;

саланың кәсіби кадрларын дайындау деңгейінің жеткіліксіздігі;

туристтік қызмет көрсету сапасы деңгейінің төмендігі;

негізгі туристтік нысандарға қол жетімділіктің төменділігі, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін;

бюджеттік шығыстардың шектеулігі;

негізгі туристтік өнімдері бағасы деңгейінің жоғарылығы.


Үштілділікті дамыту

Облыстағы тіл саясаты Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде тілдік ортаны дамытуға, сонымен қатар аумақтың лингвистикалық капиталын дамытуға бағытталған.

2013-2015 жылдары тілді дамытуға 185,0 млн. теңге бөлінді.

Еркін және тегін мемлекеттік тілді үйрену үшін жыл сайын тілді оқыту курстары ұйымдастырылады. Курста 2014 жылы - 850, 2015 жылы 800 адам қамтылды (2013 ж. – 855).

Оқыту процесі мемлекеттік стандарттарға, мемлекеттік тұжырымдама мен келісілген оқу бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырылды, оқу үдерісінде оқытудың жаңа технологиялары мен инновациялық әдістері қолданылды.

Сонымен қатар, облысымызда ресми түрде қазақ тілімен қатар орыс тілі де қолданылады, ағылшын тілін үйренуге барлық жағдайлар жасалған.

Облысымыздағы мемлекеттік органдарға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша есепті жылы құжатайналымдағы мемлекеттік тілдің үлесі 2013 жылы - 99,6%, 2014 жылы - 99,7%, 2015 жылы 99,8% құрады.

Білім беру саласында мемлекеттік тілдің қолданылуында да оң тенденция байқалады. 2015 жылы 468 мектепке дейінгі ұйымдардың 394 өз жұмысын мемлекеттік тілде жүргізеді (84%), ал 2013 жылы МДҰ 184-ден – 146 (79,3%). 389 мемлекеттік күндізгі мектептердің 236-да оқыту қазақ тілінде жүргізіледі, бұл көрсеткіш 60,6% құрайды. 94 мектепте қазақ және орыс тілдерінде оқытатын кластар бар.

Облысымызда тұратын өзге ұлыстардың тілдері мен мәдениетін насихаттау мақсатында тілдер фестивалін өткізу дәстүрге айналды.

БАҚ-та мемлекеттік тіл саясатын орыс тілінде насихаттау, тіл саясаты жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру, мемлекеттік тілді дамыту және қолданыс аясын кеңейту мақсатында жергілікті ТДК-42 телеарнасынан «Язык – зеркало нации» айдарымен 50 орыс тіліндегі, «Ана тілі - бала тілі», «Тіл - парасат көрсеткіші» айдарларымен 24 балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық-тағылымдық бағдарламалар жұртшылық назарына ұсынылды.

Облыстық деңгейде мәнерлеп оқу және орыс жастары арасында тіл біліктілігі байқаулары, мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында олимпиадалар, мемлекеттік тілді техника тіліне айналдыру мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.

БАҚ-та мемлекеттік тіл саясатына қатысты жарияланған мақалалар саны 2013 жылы – 105, 2014 жылы – 116, 2015 жылы – 125-ны құрады. Облыс деңгейіндегі мемлекеттік тілдегі БАҚ-тың саны 2014 жылы 30 немесе барлық БАҚ-тың 43% құрады (2013 ж. – 17,1%), орыс және қазақ тіліндегі БАҚ-тың саны – 23 немесе 34% (2013 ж. – 58,4%), орыс тіліндегісі – 16 немесе 23% (2013 ж. – 13,9%).

Жалпы облыс азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 70% құрайды (2013ж. – 67%). Облыстың мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындарының үлесі жыл сайын өткізілетін әлеуметтік зерттеулермен анықталады. Облыс тұрғындарына мемлекеттік тілді оқыту жұмыстары 2004 жылдан басталған болатын. Күні бүгінге дейін мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарында 10 848 ҚР азаматы оқытылды.

Облысымызда 2013-2015 жылдары аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізілді, оған 4117 бюджеттік сала қызметкерлері, түрлі компаниялар өкілдері, мемлекеттік қызметшілер тестілеуге қатысты. 2015 жылы тестілеу сынағына қатысқан 895 адамның 313-і тестілеуге сертификаттық тестілеуден өтті. Бұл жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын таба береді.

Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру және «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2009 жылдан бері тегін ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді. Осы күнге дейін 3044 адам оқыды. 2014 жылы 762 тыңдаушы оқытылып, сертификаттарға ие болды. 2015 жылы 660 тыңдаушы қамтылып отыр. Келесі жылдарда ағылшын тілі курсына қамтылатын тыңдаушылар санын арттыру жоспарланып отыр.

«Тілдердің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын «Тіл шебері», «Тіл - парасат», «Тіл – татулық тірегі», «Тіл – халық жанын танудың кілті» байқаулары өткізіліп келеді. Мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдерінің арасында «Абай оқулары» байқауы жыл сайын өткізіледі.


Тілдерді дамыту бойынша SWOT-талдауы

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымдары: қазақ тілінде білім беретін балабақшалар мен мектептер айтарлықтай кеңейтілген;

  • іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру үдерісі белсенді жүзеге асырылған;

  • мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік қоры қалыптасуда.

  • қоғамның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі біркелкі емес. 

  • мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізілуі жеткіліксіз. 




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, интернет-порталдарды жасақтау және тұрақты түрде жаңарту;

  • мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметін нығайту (электронды БАҚ-тағы қазақ тіліндегі көрсетілімін, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі баспа БАҚ-тардың көлемін кеңейту).

  • қазақстандық қоғамдағы тіл мәдениетінің төмендеуі.




Қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық салаларында қолданылу төмендігі байқалады. Саланың ағымдағы және перспективадағы мәселелерінің арасында мемлекеттік тілдің қаржы, бизнес, ғылым, қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтер ұсыну салаларындағы төмен қолданысы байқалады және мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің дамуы тиісті деңгейде емес.
Ішкі саясат

Азаматтық қоғам, этносаралық және конфессияаралық қатынастар

Облыстағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты сипатта және облыстың серпінді экономикалық дамуына, жоғары деңгейдегі толеранттылық пен келісімге, экономикалық және қоғамдық - саяси саласында туындаған проблемалық мәселелерге үкімет органдары және қоғамдық ұйымдардың жедел назар аударатынына негізделген.

Облыста 6 саяси партияның филиалдары, 50 этномәдени орталықтары, 669 ҮЕҰ, 15 кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді.

Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу тең құқықтық серіктестік негізінде қарым-қатынастың нығаюы мен кеңеюіне бағытталған.

ҮЕҰ қоғамның әлеуметтік тұрақтануында халық топтарының айрықша мүдделерін іске асыруға белсенді қатысады. Тіркелген ҮЕҰ-ның ішінде экологиялық, жастар мен әйелдер секторлары әлдеқайда белсенді болып табылады. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның ынтымақтастығын әрі қарай жалғастыру, әлеуметтік серіктестіктерін дамыту үшін 2009 жылы үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен Батыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы құрылды. БҚОАА құрамына 20-дан астам ең белсенді БҚО ҮЕҰ кіреді.

2013 жылы ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру шеңберінде 63,7 млн. теңгеге 75 әлеуметтік жоба, 2014 жылы 327,8 млн. теңгеге 160 әлеуметтік жоба, 2015 жылы 394,9 млн. теңгеге 180 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылды.

2015 жылы мен 2016 жылдың 1 жартыжылдығында жүргізілген аймақтағы әлеуметтік және саяси жағдай туралы қоғамдық пікірдің қорытындысы бойынша сұралған респонденттердің 89,8% және 60,8% мемлекет пен мемлекеттік саясатты дамыту стратегиясын қолдайды.

Батысқазақстандықтардың басқа ұлттардың өкілдеріне толеранттылығы жоғары 2015 жылы респонденттердің 88,6% және 2016 жылы респонденттердің 85,0% оң бағалады, бұл ұлтаралық және дінаралық қатынастардың тұрақты сипаттағы екенін дәлелдейді.

Облыстың қоғамдық-саяси жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Сонымен қатар, облыс тұрғындарын тұрақты түрде кең ақпараттандыру облыстық, Орал қаласы және аудандық БАҚ-та баспа және электрондық басылым ретінде, көптеген мақалалар мен бағдарламалар арқылы жүзеге асырылуда. Осыған орай, ұлтымыздың бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриоттық сезімді нығайту мақсатында, діни экстремизмге қарсы, «Діни қызметтер және діни ұйымдар туралы» жаңа заңнаманы түсіндіру бойынша мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы қарым-қатынастарының тиімділігін арттыру үшін облыстық баспа және электрондық БАҚ басылым беттерінде 2014 жылы 400-ден астам материалдар, 250-ге жуық телесюжеттер жарияланды. 5 бейнебаян, 1000 әдістемелік құрал мен кітапшалар басылып шықты және 2015 жылы 500-ден астам мақала, 300 телесюжет, 10 бейнебаян және 1670 әдістемелік құрал мен кітапшалар дайындалды.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылы тақырыбы бойынша 90 билборд орналастырылды.

Облыста 80 бұқаралық ақпарат құралдары қызмет етуде, оның 55% - мемлекеттік емес БАҚ. Басылымдық БАҚ – 72 (55 газет, 17 журнал), электрондық БАҚ – 8 (2 телеарна, 3 радиоарна, 1 кабелдік оператор, 1 телестудия, 1 ақпараттық агенттік).

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар даму» Жолдауын ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз ету бойынша облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында шамамен 350 мақала жарияланды және телесюжеттер көрсетілді. Облыста құрамында 101 адамы бар 12 облыстық ақпараттық топ (АТ) жұмыс жасауда. 9 айда облыстық ақпараттық топтары 202,7 мың адамды қамтумен 1249 іс-шаралар жүргізді.

Жолдау тақырыбындағы 750 дана көрнекі үгіт-насихат таратылды, 450 дана – Жолдау мәтінімен кітапшалар, 500 дана әдістемелік құралдар шығарылды.

Бұдан басқа, облыстың аудандары және Орал қаласы бойынша ҚР Президенті Жолдауымен 64 билборд, «Қазақстан-2050» және «Мәңгілік Ел» Стратегиялары бойынша 83 билборд орналастырылды.

«Болашағы Біртұтас Елді» насихаттау мақсатында облыста 48 билборд, «100 нақты қадам» бойынша 55 билборд орнатылды.

Жерсеріктік сандық теледидар және шетел арналарынан ұлттық жерсеріктік желіге ауысу туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытқа «Отау ТВ» желісіне 48,9 мыңнан астам (51%) үй шаруашылығы қосылды.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласында қоғамдық көзқарасты жетілдіру, мемлекеттік органдармен және бұқаралық ақпарат құралдары арасында тиімді өзара іс-қимылды арттыру мақсатында Редакторлар кеңесі және медиялық саясат жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары үшін аудан әкімдері және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен брифингтер өткізілуде.

Жастар саясаты

2016 жылдың 1 қаңтарына Батыс Қазақстан облысының 15 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 149,8 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санынан 24% құрайды, оның ішінде 74,2 мың адам қалада, 75,6 мың адам ауылдық жерлерде тұрады.

Жастардың бастамаларын дамыту және қолдау бағытында жастар бірлестіктерінің рөлі аса зор. Бүгінгі таңда 89 жастар қоғамдық бірлестіктері тіркелген, оның 64-і Орал қаласында, 25-і облыс аудандарында жұмыс жасауда.

Облыста 6 республикалық жастар бірлестіктерінің филиалы бар: «БҚО жастары қауымдастығы» ЗТБ («Қазақстан жастар Конгресінің» өкілі), «Жасыл Ел» республикалық жастар еңбек жасағы» БҚО бойынша филиалы, «ЖасОтан» корпоративтік қорының БҚО бойынша филиалы, «Орал студенттерінің Алянсы» корпоративтік қоры, «БҚО студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары» жастар қоғамдық бірлестігі, «ЖасҰлан» облыстық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар саясатын қаржыландыру көлемі жыл сайын өсуде. Осы мақсатта 2015 жылы - 88,5 млн.теңге, 2014 жылы – 89,1 млн.теңге, 2013 жылы 77,8 млн.теңге бөлінді.

Аудандарда жастар ресурстық орталықтарының желілері кеңеюде.

2013 жылдан бастап 126 адамды құрайтын штат санымен 13 Облыс 13 жастар ресурстық орталығы құрылды. Жастар ресурстық орталықтарының басты бағыты: жастарды жұмыспен қамту, білім беру және кәсіптік дайындау, мәдени тынығу, туризм және спорт салаларында өз құқықтарын пайдалану мүмкіндіктерімен ақпараттандыру; бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру, жастар үшін психологиялық, білім беру, профилактикалық, кеңес беру, құқықтық бағыттарында қызмет көрсету; тұрғылықты жері бойынша жастардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру, соның ішінде жасөспірімдер мен жастар аула клубтарын ашу және қолдау көрсету т.б.

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында облыстық ресурстық орталығы мен жұмыс берушілер арасында ынтымақтастық меморандумдары жасалады.

2015 жылы 2323 адам жұмыспен қамту мәселесі бойынша жүгінген. 2015 жылы жұмыспен қамту органдарымен жастар арасында 1716 адам жұмысқа орналасты. Жастар ресурстық орталықтарының көмегімен қосымша 450 адам жұмыспен қамтылды.

Жастар жұмыссыздығы деңгейі 2013 жылы 4,8%-дан 2015 жылы 4,3%-ға төмендеді (2014 ж. – 4,3%).

15-28 жас аралығындағы NEET жастарының үлесі (жастардың жалпы санынан жұмыс жасамайтын, оқымайтын жастардың үлесі) 2013 жылы 4,5%-дан 2015 жылы 3,2%-ға төмендеді (2014 ж. – 3,8%).

Облыста «Жұмыспен қамту - 2020», «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл Ел», студенттік құрылыс және еңбек жасақтары сияқты мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар іске асуда.

Техникалық және кәсіптік білім беру, ортадан кейінгі және жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында 2013-2015 жылдары 5306 адам жастар практикасына жолданды («Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 4326 адам), соның ішінде 2013 жылы – 2358 адам, 2014 жылы – 1533 адам, 2015 жылы – 1415 адам.

Жас мамандарды ауылдық аймақтарға тарту мақсатында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін келген оқу орындарының түлектеріне, денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына мемлекеттен әлеуметтік қолдау ұсынуды көздейтін «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы іске асырылуда. 2013-2015 жылдары осы бағдарлама бойынша ауылдық жерлерге 1518 маман келді (2013 ж. – 528, 2014 ж. – 542, 2015 ж. – 448). Аталған бағдарламаны іске асыруға 2821 млн.теңге, соның ішінде 452 млн. теңге 1518 жас маманға көтерме жәрдемақысы төлемі, 2369,8 млн.теңге 909 жас маманға тұрғын үй сатып алуға бөлінді.

Облыста Облысымызда «Жасыл Ел» еңбек жасағы және студенттік құрылыс жасақтары белсенді жұмыс атқаруда. Жыл сайын «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыруға 750-ге жуық адам тартылады. 2015 жылы «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыруға 20 млн.теңге бөлінді. 2015 жылы құрылыс объектілерінде студенттік құрылыс жасағының 261 сарбазы, 2014 жылы – 263 сарбаз еңбек етті.
Жастар саясаты бойынша SWOT- талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • жастар арасындағы жұмыссыздықтың төмен деңгейі;

  • ҚР-ның басқа облыстарымен салыстырғанда жастар арасындағы NEET үлесінің ең төменгі деңгейі;

  • жастардың жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне араласуының жоғарғы деңгейі.




  • жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары түлектерінің өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуының төменгі деңгейі;

  • мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында мемлекеттік органдардың ведомствоаралық үйлестіруінің әлсіздігі;

  • жастарды әлеуметтік қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру деңгейінің төмендеуі;

  • жастардың әлемдік діни ағымдардың негізгі бағыттары туралы мәліметтерді аз білуі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • жастар ресурстық орталығы қызметін үйлестіру арқылы жастарға тиісті әлеуметтік қолдау көрсету.




  • деструктивті діни ағымдардың қызметіне жастардың тартылуы.




Жастар арасындағы негізгі проблемалық мәселелер діни сауатсыздық, еңбекке орналастыру және жас отбасыларды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз болып табылады.

Жастар жұмыссыздығының субъективті факторларына жастардың жұмыс жасауға деген ұмтылысының төмендігі, психологиялық жағынан дайын болмауы, білім алуға деген мотивация деңгейінің жеткіліксіздігі, болашақ жұмысына деген артық талаптардың болуы. Және де объективті жақтарына жоғары оқу орындарындағы білімнің төмен деңгейі, еңбек жолындағы арнайы қызметтердің бәсең болуы жатады.

Сонымен қатар, еңбек нарығындағы сұраныстың тиісті деңгейде ақпараттандырылмауы, жастардың ауылдан қалаға көшуі, мамандық бойынша бос орындардың жеткіліксіздігі және т.б. жағдайлар осы мәселені қиындата түсуде.
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп

Азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі басты міндеттердің бірі болып табылады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың туындау қаупін неғұрлым азайту, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау, төтенше жағдайлардың салдарынан болатын зардаптар мен материалдық шығын көлемін азайту мақсатында облыс тұрғындары мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.

Күштер мен құралдарды, жанар-жағармай материалдарының, материалдық-техникалық және қаржы құралдарының резервтік қорын құруға, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарының басым бағыттарын анықтауға, қажет болған жағдайда оларды жоюға мүмкіндік беретін су тасқыны, өрт қауіпті және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жыл сайынғы жоспарлар құрылады.

Дала және орман өрттеріне ғарыштан мониторинг жүргізу, су тасу қаупі бар аудандарды паспорттау, тікұшақ техникасы мен жару жұмыстарын жүргізетін бригадаларды тарту, жабдықтар мен құрал-жарақтарды сатып алу, төтенше оқиғаларға әкеліп соғатын жағдайларға мониторинг жасау, облыс аудандарында ерікті өртке қарсы құралымдар құру – осының барлығы облысымызда төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін іс-шаралар.

2013 жылы - 60 ТЖ тіркелді, 50 адам қаза болды, 2014 жылы - 67 ТЖ (44 адам), 2015 жылы - 106 ТЖ (51 адам).

БҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жедел ден қою күштерімен 3 мыңнан астам (2014 ж. - 3328) апаттан қорғау және шұғыл жұмыстары жүргізіліп, 451 адам құтқарылды (2014 ж. – 411), төтенше жағдай аймағынан 1090 адам көшірілді (2014 ж. - 1561).

Су тасқынының келеңсіз салдарынан 62 елді мекен және Орал қаласы саяжай аумақтарын су басу қаупі туындайды, бұл аймақта 21,7 мыңға жуық адам тұрақтаған және 12,5 мың тұрғын үй қоры мен әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілер орналасқан. Су тасқынына қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында су тасу қаупі бар өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізетін жару бригадаларын тартып, жанар-жағармай материалдарының, құм қапшықтарының резервін алдын-ала дайындау, гидрологиялық бекеттер бойынша мониторинг жүргізу, қорғаныс бөгендері мен бөгерттерді нығайту қажет.

Су тасқыны жағдайын бақылау мақсатында Орал, Үлкен және Кіші көлдері бойынша тасқын суды апатсыз өткізіп жіберу, Ирикли және Варфоломеев су қоймаларын қауіпсіз және өзара тиімді пайдалану, Орынбор, Саратов және Батыс Қазақстан облыстарының шекаралас аудандарындағы су тасқынынына қатысты жедел жағдай мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасу жүргізіледі.

РФ ТЖМ Дағдарыс жағдайларын басқару орталықтарынан Орынбор және Саратов облыстары бойынша су қоймаларының жұмыс режимі туралы деректерді жүйелі түрде алып тұру жолға қойылды, бұл қауіпті гидрологиялық жағдайларға мониторинг жүргізуге ықпалын тигізеді.

Орал өзенінің сол жағалауының бұзылуын алдын алу мақсатында 2015 жылы 1,2 млрд. теңге көлемінде республикалық бюджет қаражаты есебінен Бөрлі ауданының Облавка ауылында жағалауларды бекіту (жағалауды бекіту қашықтығы – 1542 м) жұмыстары аяқталды.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен 87 млн. теңгеге Теректі ауданындағы «Ұзынкөл» су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы Орал қаласының шағын аудандарында жер үсті суларын бұру жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ облыстағы өзекті мәселелердің бірі әлеуметтік-мәдени бағыттағы қоғамдық мекемелерде (мектептер, ауруханалар, әлеуметтік қамту объектілері және т.б.) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты төтенше жағдайлар болып табылады.

652 білім беру объектісінің 568-і (88,2%) өрт автоматикасы жүйесімен жабдықталған. Соның ішінде 393 білім беру мекемелерінің 321-і (82%) жабдықталған.

550 денсаулық сақтау объектісінің 144 мекемесі өрт автоматикасы жүйесімен жабдықталуға жатады, 406-сы (74,9%) жабдықталған.

Әлеуметтік бағыттағы объектілер өрт автоматикасы жүйесімен 100% жабдықталған.

Елді мекендердің 80%-дан астамы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері қызмет көрсететін радиустан тыс орналасқан, жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімдеріне дейінгі қашықтық 30 км-ден 200 км-ге дейінгі көрсеткішті құрайды. Бөлімшелердің мұндай алшақ орналасуы тұрмыстық өрттерге жедел әрекет етуге кері әсерін тигізеді. Облыстың елді мекендерін өрттен қорғау үшін кем дегенде 4 өрт сөндіру депосы мен 6 бөлек өрт сөндіру бекетін құру қажет. 2010-2015 жылдар кезеңінде Бөрлі, Теректі, Зеленов аудандарында 25 километр радиусте жақын жатқан 22 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 6 өрт сөндіру бекеттерін құру жұмыстары өткізілді.

2013-2015 жылдар аралығында облыс бойынша 2081 өрт тіркелді. Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметкерлерімен осы кезеңге 65 адам құтқарылды.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы 503 объект зерттелді. Нормалар мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу саны 2704 (2014 ж. - 4699). Әкімшілік жауапкершілікке тартылған жеке тұлғалардың саны 4%-ға өсті және 533 лауазымды тұлғаны құрады (2014 жылы – 510 адам). Жалпы салынған өндіріп алу сомалары 50%-ға өсті (2015 жылы – 17,2 млн. теңге, 2014 жылы – 8,6 млн. теңге).

Тұрғын үй секторында 2 облыстық өрт қауіпсіздік айлығы жүргізіліп, 71 мың тұрғын үй араланып, 131 мыңнан астам жеке сектордың тұрғындары түсіндіру жұмысымен қамтылды.

200 мың гектардан астам мемлекеттік орман қоры орман өрттерінің туындау қаупіне жатады, дала алқаптары мен ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерде өрттердің туындау қаупі бар. 2013-2015 жылдары 75 орман өрті тіркелді.

Аудандардың ерікті өртке қарсы құрылымдары 51 бірлік бейімделген техникамен және 34 бірлік өрт-техникалық жарақтармен жабдықталған.

Сонымен қатар, ормандағы өртті сөндіруге 22 бірлік техника мен 12 бірлік жабдық сатып алынды.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ, білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің өрт сөндіру автоматикасының орнатылуымен толықтай жабдықталмауы, елді мекендердің өртке қарсы қорғаныш деңгейінің төмендігі өзекті мәселелер болып табылады. Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің облыстық аумақтық шағын жүйесі күштерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дәрежесі маусымдық су тасқындарына, су басулар мен өрттерге қарсы тұру инфрақұрылымын салудың аяқталмауына, соның ішінде хабарлау жүйесінің, ақпараттық қамтамасыз ету мен байланыстың, апаттық-құтқару қызметтері құрылымдарының техникалық жарақталуының жеткіліксіздігіне байланысты төмендейді.

Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қабылданып жатқан ішкі істер органдарының шаралары облыстағы криминогендік жағдайға тиісті бақылауды жүзеге асыруды, әлеуметтік-құптауға лайық деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, есепке алу-тіркеу тәртібіндегі критерийлердің өзгеруіне байланысты, қылмыстың жалпы санының өсуі жедел ахуалдың күрделенуіне әкелмегенмен, соңғы үш жылда облыста аса ауыр қылмыстардың саны (2013 жылы 91-ден 2015 жылы 54-ке дейін) және ауыр қылмыстардың саны (2013 жылы 863-тен 2015 жылы 824-ке дейін) төмендеді.

34-кесте


жүктеу 3,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау