Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2016 мазмұНЫ



жүктеу 3,64 Mb.
бет12/22
Дата03.03.2018
өлшемі3,64 Mb.
#11105
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Қылмыстың деңгейі


Көрсеткіштер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж.

2013 ж.

%-бен

Тіркелген қылмыстар мен оқиғалардың барлығы

11150

11231

12864

115,4

олардың













аса ауыры

91

87

54

59,3

ауыры

863

779

824

95,5

10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстың пайыздық деңгейі

181

181

203

Х

Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың саны

191

146

183

95,8

Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы

4,7

3,0

2,8

х

Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың саны

665

671

1461

219,7

Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы

16,4

13,6

22,1

х

Көшеде жасалған қылмыстардың саны

2206

1865

2541

115,2

Көшеде жасалған қылмыстар санының үлес салмағы

20,4

17,4

19,8

х

Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы үш жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың үлес салмағы 2015 жылы 2,8%-ға дейін төмендеді.

Сонымен қатар қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағандардың басым бөлігі оқушылар болып отыр: 2013 жылы – 72,3%, 2014 жылы – 71,6% және 2015 жылы – 71,3%.

Қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыстың басым бағыттарының бірі есептегі контингентпен, әсіресе бұрын сотталған адамдармен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру. Қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде бұрын сотталған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы 2013 жылы 16,4%-тен 2014 жылы 13,6%-ға дейін төмендеді. 2015 жылы заңнамаға қылмыстық құқықбұзушылық туралы ақпараттар қайталап қылмыс жасаған адамдар соттылығы шешілген немесе өтелгеніне қарамастан есепке алынуын көздейтін өзгерістер енгізілуіне байланысты осы көрсеткіш өсті.

Сотталған адамдарға профилактикалық әсер етудің негіздері: әкімшілік қадағалау, шартты-мезгілінен бұрын босатылғандарды бас бостандығынан айыру орындарына қайтару және шартты жазалауды бостандығынан айыруға алмастыру болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ жаңа мамандықтарға оқыту бағытында жұмыстар атқарылуда.

Көшедегі криминогендік жағдайдың оң өзгеруі және көше қылмыстарының саны йғаны байқалады, олардың үлес салмағы облыстағы жалпы қылмыс саны 2013 жылы 20,4%-дан 2015 жылы 19,8%-ға дейін төмендеді.

Көше және басқа да қоғамдық орындарда криминогендік ахуалдың күрделілігі қоғамдық орындарда, көп қабатты үйлердің аулаларында орнатылған бейне қадағалау камералары желісін одан әрі дамытуды талап етеді.

2013-2015 жылдар аралығында облыста жол-көлік оқиғалары - 12,4%-ға, қайтыс болғандар - 1%-ға, зардап шеккендер 6,8%-ға төмендегені байқалады.

Жол-көлік оқиғаларының деңгейі 2013 жылы 31,4%-дан 2015 жылы 13,4%-ға дейін төмендеді.

35-кесте

Жол-көлік оқиғаларының көрсеткіштері


Көрсеткіштер атауы

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж. 2013 ж. %-бен

Тіркелген ЖКО барлығы

574

404

503

86,6

олардың













Қайтыс болған адамдар саны

100

84

99

99,0

Жарақат алған адамдар саны

689

573

642

93,2

Автокөлік саны (бірлік)

183004

185135

198156

108,3

100 жәбірленушіге шаққанда жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болғандардың саны

31,4

14,7

13,4

х

Интеграциялық процеске байланысты Қазақстан Республикасының ЕАЭО-на енуіне орай, облыс аумағынан өтетін транзиттік көлік құралдарының саны тез өсті (2014 жылы транзиттік көліктер 326,4 мың бірліктен 2015 жылы 992,4 мың бірлікке дейін).



Республикалық және халықаралық маңызы бар жолдардағы автокөліктер өсімі мемлекетіміздің батыс «қақпасы» болып табылатын аумағымыздағы жолдардағы апаттылықтың жай-күйіне әсерін тигізбеуі мүмкін емес. Сондықтан, жол-көлік оқиғасының 19,5%-ы (503-тен 98) автомобильді жүк ағымы көп өтетін республикалық тас жолдарында орын алады.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан облыс халқы мен аумағын қорғау бойынша жағдайлар жасалынды;

  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіп-қатерді төмендету және шығынды азайту бойынша жағдайлар жасалынды;

  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдай жасалған;

  • облыстық ішкі істер органдарының техникалық қамтамасыз етілуін жаңарту және күшейту жүргізілді.




  • өртке қарсы қызмет гарнизоны автопаркінің техникалық жарақтандырылуы, техниканың 60 пайыздан астамы ескірген;

  • өрт сөндіру депосы санының жеткіліксіздігі;

  • 80 пайыз өрт оқиғалары мен адам өлімі жағдайлары орын алатын жеке тұрғын секторларда өрт оқиғаларының алдын алу бойынша іс-шаралардың жеткіліксіздігі.

  • өрт қауіпсіздігі ережелерін, сонымен қатар су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша тұрғындардың мәдениетінің төмендігі;

  • коммуналдық меншіктердің гидротехникалық ғимараттардың бірқатары жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді;

  • «мектеп» полиция инспекторларының штат саны тиісті нормаға сәйкес жасақталмаған;

  • бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу, оларды жұмысқа орналастыру мәселелері деңгейінің жеткіліксіздігі;

  • көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігі;

  • жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдарын жүргізушілердің тәртібінің төмендігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту бойынша уақытылы іс-шаралар қабылдау;

  • апатты алдын алу субъектілері қызметін үйлестіруді арттыру;

  • төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін жетілдіру. Тұрғындарды жаңа технология, интерактивті тәсілдермен, заманауи талапқа сай оқыту;

  • тұрғындарды төтенше жағдайлар болу қауіпі туралы СМС-хабарлама жіберу арқылы, кабельдік телеарналар бойынша ақпараттандыру;

  • құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың санын өсуге жол бермеу бойынша уақытылы шаралар қабылдау;

  • құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру. Қоғамдық орындарда, көп қабатты үйлердің аулаларында орнатылған бейне қадағалау камераларының желісін кеңейту;

  • жолдардағы құқық бұзушылықтарды автоматты түрде жазып алатын техникалық құралдарды қолдана отырып, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту.

  • төтенше жағдайлар мен оқиғалар, соның ішінде күзгі-қысқы жылыту мезгілдеріндегі өрт, табиғи (дала және орман) өрт қауіпі;

  • гидротехникалық ғимараттардың бұзылуы кезінде елді мекендерге қауіп төну жағдайлары;

  • жұмыс орындарының қысқартылуына байланысты жұмыссыздықтың артуына орай қылмыстың, соның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының өсу қаупі;

  • автомобиль парктерінің күрт өсу қарқынынан жол-көлік оқиғаларының арту қауіпі.




Негізгі мәселелер болып табылады:

автомобиль парктері санының өсуі көше-жол желісінің даму қарқынына әсер етуде. Жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе көлік құралдарын жүргізушілер тарапынан жол тәртібінің сақталуы төмен күйінде қалып отыр;

жергілікті маңызы бар жолдардың техникалық жағдайының өте нашарлығы, көшелердің тиісті деңгейде жарықтандырылмауы, жасанды жол бұдыры, жаяу жүргіншілер мен тротуар қоршаулары санының жеткіліксіздігі;

білім беру ұйымдарына бекітілген ювеналдық полиция қызметкерлері («мектеп» инспекторлары) жетіспейді. Облыс бойынша ювеналдық полиция қызметкерлерінің жалпы саны 48, ал облыс аумағында 389 орта жалпы білім беретін мектеп бар, онда 91,4 мың оқушы, 38 орта-арнаулы оқу орнында 20,5 мыңнан астам оқушы, 3 жоғарғы оқу орнында 26,8 мыңнан астам студент білім алуда;

ІІО-ға есепке қойылғанына қарамастан сотталған тұлғалар тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына жолданады. Олардың ішінде жұмысқа орналастырылғандары санаулы, күн көріс қамы көп жағдайда қайта қылмыс жасауға әкеліп жатады;

көптеген көшелер мен көп қабатты үйлердің аулаларының жарықтандырылмауы ұрлық пен тонау қылмыстарының жасалуына ықпал етеді;

Аталған мәселенің шешімін табу үшін «мектеп» полиция инспекторлары лауазымдарының штат санын кезең-кезеңімен көбейту қажет, бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарымен ертерек айналысуға мүмкіндік береді;

балалар мен жасөспірімдердің каникул кезінде бос уақыттарын ұйымдастыру, жаңадан сауықтыру лагерлерін, спорт залдар мен алаңдар құру бойынша белсенді жұмыстану қажет;

бұрын сотталған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота бөлу туралы кәсіпорындармен меморандум жасасу;

бұрын қылмыс жасаған тұлғаларды бақылауды қатаңдату, түзелу жолына түспегендерге қатысты әкімшілік қадағалау орнату, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдарды бас бостандығынан айыру орындарына кері қайтару сияқты заңды түрде ықпал ету шараларын қолдану;

облыстағы елді мекендердегі көшелерді кезең-кезеңмен жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізу;

жүргізуші кадрларды даярлау жүйесін жақсарту;

жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты жауапкершіліктерді қатаңдату;

техникалық жылдамдық өлшеуіш құралдары және «зияткерлік қиылыстар» желісін ұлғайту.

Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар облыста қылмыстың деңгейін төмендетуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге, құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған көп прблемалардың бірі тұрғындардың денсаулығына және жалпы ұлттық қауіпсіздікке жаһандық қауіп ретінде нашақорлық және есірткі бизнесі болып табылады.

Облыста заңсыз есірткі құралдары айналымына байланысты қылмыстар саны азаюы байқалады. 2015 жылы облыс аумағында 136 есірткіге қатысты қылмыстар анықталды (соның ішінде 113 - есірткі саудасымен байланысты), 2013 жылмен салыстырғанда 2013 жылдың деңгейінен на 1,4%-ға аз (2013 жылы – 138, соның ішінде 113 - есірткі саудасымен байланысты, 2014 жылы – 133(108)).

Заңсыз есірткі айналымына байланысты тіркелген қылмыстардың үлес салмағы 2013-2015 жылдары тіркелген жалпы қылмыстар санына 1,2%-ды құрайды.

2015 жылы облыс бойынша 5 факт анықталды (2014 жылы – 11 факт), Ресей Федерациясы аумағынан ҚР мемлекеттік шекара арқылы контрабандалық есірткі әкелу бойынша 3 фактінің жолы кесілді (2013 жылы -1, 2014 жылы - 2).

2015 жылы есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасаған 73 тұлға ұсталды (2013 жылы - 69), соның ішінде 53 (72,6%) есірткі сатушы (2014 жылы - 52 есірткі сатушы).

Есірткі құралдарын тәркілеу көлемінің ұлғаюы байқалуда. Жалпы тәркіленген және заңсыз айналымға жіберілмеген есірткі көлемі 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге ұлғайды (2013 жылы – 76,8 кг, 2014 жылы – 162,4 кг, 2015 жылы – 63,9 кг).

Есірткі құралдарын пайдаланатын тұлғалар саны кемігені байқалуда. Облыстық наркологиялық диспансерде есепте тұрған тұлғалар саны соңғы үш жылда 28,4%-ға немесе 2013 жылы 1029-дан 2015 жылы 736-ға дейін кемігенін көрсетеді (2014 жылы – 996 адам).



Есірткі құралдарын шектен тыс пайдаланғаннан өлім динамикасы төмендегені байқалуда (2013 жылы 13 адамнан 2015 жылы 5 адамға дейін).
Есірткі ахуалы бойынша SWOT- талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған тиісті қылмыстық санкциялар енгізілді;

  • наркологиялық көмек жүйесінде әзірленген нормативтік–құқықтық базаны, тиісті заң актілерін және ережелерін мүлтіксіз орындалуын бақылау бойынша нормативтік–құқықтық бағыттағы іс-шараларды іске асыру;

  • халықаралық есірткіге қарсы қызметтің белсенділігі мен тиімділігін өсіру бойынша халықаралық ынтымақтастық шеңберінде іс-шараларды іске асыру;

  • қаржы құралдарын бөлудің жылсайынғы өсуімен алғашқы алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

  • есірткіні заңсыз таратумен күресуге міндетті ведомстволардың қылмыстық топтармен жұмыстанудың ең төменгі үдемелілігі;

  • ҚР есірткі қылмысының экономикалық негіздерін бұзу бойынша тиісті шаралардың жоқтығы;

  • есірткіге тәуелді адамдарды, оның ішінде бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтік–психологиялық оңалту және қайта әлеуметтендіру жүйесін дамыту проблемаларының шешілмеуі;

  • нашақорлық диагнозымен медициналық түзетуден өткен және оңалтуда болған, соның ішінде сотталған адамдардың жұмыспен төмен қамтылуы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • мемлекеттік институттардың азаматтық қоғаммен ынтымақтастығын нығайту;

  • нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру;

  • қоғамда есірткі қылмысының деңгейін төмендету, соның ішінде ескерту шаралары ретінде алдын алу шаралары арқылы әкімшілік жауапкершілікке тарту;

  • есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмысы үшін бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмағандар санын азайту;

  • психикалық белсенді заттарды қабылдауға теріс көзқарас қалыптастыру, елдің мәдени әлеуетін дамыту.

  • шекаралардың жеткіліксіз нығаюы;

  • «Көлеңкелі бизнес» деңгейінің артуы;

  • заңсыз есірткі айналымымен байланысты құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдардың арасында, қайталап қылмыс жасау фактілерінің көбеюі;

  • жұмысқа орналастыру және қайта әлеуметтендіру деңгейінің төмендігі салдарынан бас бостандығынан айырылғандар ішінде нашақорлық диагнозымен сотталған адамдар санының өсуі.



Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес бойынша жүргізілетін шараларға қарамастан есірткіге сұраныстың қысқармауы сияқты мәселелер шешімі табылмай отыр, ұйымдасқан есірткі қылмысы нысандарына қарсы күрестің жеткіліксіз тиімділігі; есірткі тұтынушылар жасының төмендеуі; есірткіден зардап шегетін тәуелді адамдарды емдеу және оңалту көмегінің жеткіліксіз дамуы; есірткіге қарсы профилактикалық алдын алудың жеткіліксіздігі.

Нашақорлыққа қарсы күресте орын алған проблемалар мен олардың өзектілігі нашақорлықтың алдын алуға және заңсыз есірткі айналымына қарсы тұру қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қолданыстағы шаралар жүйесін әрі қарай жетілдіру және ұтымды іске асыру қажеттігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Инфрақұрылым

Байланыс және коммуникация

Байланыс – экономика мен қоғамның өспелі коммуникациялық қажеттілігін қамтамасыз ететін динамикалы дамушы өндірістік-шаруашылық кешен. Облыстың ЖАӨ саласының үлесі 2015 жылы 0,5%-ды құрады.

Телефон байланысы саласындағы «Қазақтелеком» АҚ-ның ұлттық операторы болып табылатын «Қазпошта» АҚ филиалы пошта байланысы саласындағы қызмет көрсету нарығында негізгі жабдықтаушы болып қалып отыр.

2015 жылы 445,6 млн. теңгеге пошта және курьерлік жұмыстарымен қызмет көрсетілді, байланыс қызметі – 6802,7 млн. теңге сомасында болып отыр, салыстырмалы бағаларының 3,9%-ға және 0,4%-ға 2014 жылдың көлемінен көп, сәйкесінше. Байланыс қызметі көлемінің көбеюі – Интернет желісі қызметі көлемінің (11,8%-ға) және басқа да телекоммуникация қызметінің (17%-ға) өсуіне байланысты болып отыр.

Интернет желісіне қосуды қамтамасыз ету бойынша желі байланыстарының дамуы озық қарқында. 4G технологиясы енгізілуде, ADSL, CDMA/EVDO, FTTH, 3G және WiFi сияқты технологияларды қолданумен Интернет желілеріне кеңжолақты қосылу желісі дамуда.

2015 жылы тіркелген Интернеттің абонент саны 46,2 мың бірлікті құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға аз. 2015 жылы жоғары жылдамдықты кеңжолақты қосылуды қолданумен тіркелген Интернеттің абонент саны 41,9 мың бірлікті (тіркелген Интернеттің жалпы абонент санының 100%-ы) құрады.

Соңғы жылдары байланыстың көрсететін қызмет құрылымы өзгерді. Интернет желілеріне қосылудың және ұялы байланыстың әр алуан түрлерінің енгізілуіне байланысты байланыс қызметінің жалпы көлеміндегі тіркелген телефон байланысының үлесі қысқаруда.

2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы телефон байланысының қалааралық және халықаралық қызметтері 13,3%-ға төмендеді және 628,3 млн. теңгені құрады (2013 ж. – 869,9 млн.теңге, 2014 ж. – 709,4 млн.теңге), жергілікті телефон байланысы – 8%-ға төмендеді және 1730,8 млн.теңгені құрады (2013 ж. – 1929,3 млн.теңге, 2014 ж. – 1869,1 млн.теңге).

Тіркелген телефон желілерінің саны 2015 жылдың аяғына 147,9 мың бірлікті құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 6,7%-ға төмен, соның ішінде тұрғындарда – 125,2 мың бірлік (8,2%-ға төмен). Ауылдық жерлерде тіркелген телефон желілерінің саны 50,7 мың бірлікті құрады. Тіркелген телефон желілерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 2015 жылы 23,4 бірлік құрады (2014 ж. – 25,2 бірлік).

Облыстағы ауылдық елді мекендердің 96,3% телефондандырылған.



36-кесте

Байланыс бойынша негізгі көрсеткіштер





2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2015 ж.

2013 ж. %-бен

Пошталық және курьерлік қызметтің көлемі, млн. теңге

363,1

471,1

445,6

122,7

Байланыс қызметінің көлемі, млн. теңге

6167,1

6361,9

6802,7

110,3

Тіркелген телефон желілерінің саны, мың бірлік

163,7

158,7

147,9

90,3

Тіркелген Интернет абоненттерінің саны, мың бірлік

45,3

47,0

46,2

101,9

Тіркелген Интернет желілеріне кеңжолақты қосылу абоненттерінің саны, мың бірлік

45,1

46,9

46,2

102,4

Кабельді телевидение абоненттерінің саны, мың бірлік

33,9

32,6

31,8

93,8


жүктеу 3,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау