Ауыл шаруашылығы алқаптары 12777,3 мың га құрайды, оның ішінде егістік – 538,1 мың га, шабындық – 1008,2 мың га, жайылым – 10102,9 мың га.
Жалпы жер алқабының құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 5753,5 мың га құрайды, бұл жаңа шаруа (фермер) қожалықтарына және ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қосымша жерлерді беру есебінен 2013 жылмен салыстырғанда 8,4%-ға ұлғайды. Шаруа қожалықтарына 4864,7 мың га жер берілген, бұл 2013 жылғы деңгейден 596,2 мың гектарға көп.
2016 жылғы 1 қаңтарға жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы құрылымдары 4563 бірлік немесе 2013 жылғы деңгейден 495 бірлікке, оның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтары –4275 (402 бірлікке), ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының – 288 (93 бірлікке) артық.
46 - кесте
Ауыл шаруашылық құрылымдары саны
1 қаңтарға, бірлік
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
Ауыл шаруашылық құрылымдарының барлығы
|
4 294
|
4 242
|
4 825
|
оның ішінде жұмыс істейтін
|
4 068
|
4 036
|
4 563
|
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
|
195
|
211
|
288
|
Шаруа (фермер) қожалықтары
|
3 873
|
3 825
|
4 275
|
2015 жылы жерлердің орман қорының алаңы 216,0 мың га құрады, орман қоры жерлерін Орал қаласы елді мекендерінің жерлері санатына, орман қоры жерлерін Ақжайық және Теректі аудандарында орналасқан өнеркәсіп жерлері санатына ауыстыру нәтижесінде 2013 жылмен салыстырғанда 0,5 мың гектарға ұлғайды.
Қосалқы жер алаңы 5248,1 мың га құрады, жерлерді басқа санаттарға ауыстыру есебінен 2013 жылмен салыстырғанда 484,2 мың гектарға қысқарды.
Елді мекен жерлері 2323,7 мың га құрады, орман қоры жерінің санатынан елді мекендер санатына ауысуына байланысты 2013 жылмен салыстырғанда 0,1 мың гектарға артты.
Сонымен қатар, 2013 жылы Бөкей ордасы ауданының 3 елді мекені: Науша, Куйбышев, Көкқамыс ауылдары таратылды (БҚО мәслихатының 10.10.2013 жылғы №13-1 шешімі және БҚО әкімдігінің 8.10.2013 жылғы №217 қаулысы). 2015 жылы Зеленов ауданының Усихино ауылы таратылды.
Облыста пайдаланылмай жатқан жерлерді және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзумен пайдаланылатын жерлерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.
2012-2014 жылдары жүргізілген түгендеу, сонымен қатар пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау жөніндегі жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша облыста ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын 1 млн. 4 мың га жер анықталды. Мемлекет меншігіне 728,0 мың га немесе 72,5% жер қайтарылса, оның ішінде ауыл шаруашылығы айналымына 403,4 мың га немесе 55,4% жер тартылды, мемлекеттік меншікте 324,6 мың га (44,6%) жер бар.
Жер пайдаланушылар 243,3 мың га (24,2%) жер учаскелерін игеруге кірісті.
0,1 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
32,6 мың га (3,2%) жер учаскелері бойынша әкімшілік ықпал ету шаралары жүргізілуде.
47 - кесте
Пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне
қайтару және түгендеу
мың га
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
2012-2015 жж.
|
Пайдаланылмайтын жерлердің анықталған алаңы
|
172,1
|
170,9
|
343,2
|
317,8
|
1 004
|
олардың ішінде мемлекет меншігіне қайтарылғаны
|
133,5
|
111,4
|
188,4
|
294,7
|
728
|
оның ішінде ауыл шаруашылығы айналымына тартылғаны
|
52,7
|
84,4
|
91
|
175,3
|
403,4
|
Облыста жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер учаскелерін тексеру жұмыстары жалғасуда.
Түгендеу жұмыстары жүргізілген 9739 жер учаскелері ішінен жалпы алаңы 188,37 га құрайтын 1881 жер учаскесі мақсатқа сай емес немесе заңнамалар бұзылуымен пайдаланылғаны анықталған.
Жергілікті атқарушы органдар және аумақтық жер инспекциясымен қабылданған шаралар нәтижесінде алаңы 18,26 га 178 жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Алаңы 72,6 гектар 759 жер учаскелерінің иелері шаралар қабылданғаннан кейін оларды пайдалануға кірісті, алаңы 39,7 га 360 жер учаскелері бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер жүргізілді. Алаңы 18 га 186 жер учаскелері иесіз мүлік ретінде есепте, 261 жер учаскесі бойынша заңнама бұзушылықтар анықталмаған.
Жер ресурстары бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
жергілікті атқарушы органдармен ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жыл сайын жер беру;
ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер алаңын ұлғайту;
|
жерді пайдаланудың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі;
ауыл шаруашылығы жерлерін ауыспалы егіс және жайылым айналымдарын қолданбай пайдалану;
білікті кадрлардың жетіспеушілігі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
өсімдік шаруашылығын және мал шаруашылығын дамыту;
ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту;
жерлерді пайдаланудың сапасын жақсарту.
|
пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарудың ұзақ мерзімді рәсімделуіне байланысты мемлекетке уақытылы қайтармау;
жер пайдаланушылардың жерді ұтымсыз пайдалануынан топырағы тозған жерлер алаңының өсуі;
суармалы жерлердің азаюы.
|
Жайылымдардың әлсіз суландырылуы, аймақтың суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етудің төмен мүмкіндігі, агроқұрылымдарда ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларының болмауы, пайдаланылмаған жерлерді қайтару және әрі қарай олардың ауылшаруашылық айналымына тартудың ұзақ рәсімделуі осы саланың негізгі мәселелері болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер
2015 жылы регламенттер негізінде 159 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 1,7 млн қызмет көрсетілді.
2015 жылы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы деңгейге 2,9 есеге, электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер – 1,7 есеге артты, бұл Интернет арқылы қызметті пайдаланушылар санының өскенін көрсетеді.
48 - кесте
Мемлекеттік қызметтер бойынша негізгі көрсеткіштер
Көрсеткіштер
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
Мемлекеттік органда (ведомстволық бағынысты мекемеде) көрсетілген қызметтердің жалпы саны
|
1 963 405
|
1 495 249
|
1 655 730
|
Мемлекеттік органмен (ведомстволық бағынысты мекемемен) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетілген қызметтердің жалпы саны
|
22 306
|
35 174
|
64 009
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына шағымдар саны
|
7
|
0
|
0
|
Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны
|
8 328
|
12 393
|
14 559
|
Кенттік және селолық округтерде жеке қосалқы шаруашылығы бойынша электрондық тізілім енгізілді, бұл электрондық түрде бір қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейін, осы саланың проблемалары мен оңтайландыру жолдарын табуды анықтау мақсатында тұрақты қоғамдық мониторинг жүргізу, тұтынушылардың пікіріне жүгіну - қызмет сапасын арттырудың маңызды аспекті болып табылады.
2015 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институтымен жүргізілген мониторингке сәйкес (сұрастыру жолымен) мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейі 82% құрады (2014 жылы - 91%, 2013 жылы - 95%).
Электрондық қызметті кеңінен тарату мақсатында халық пен бизнес-құрылымдарының электрондық түрде мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі туралы хабардар болу деңгейін арттыру үшін нақты жұмыстар жүргізілді: «электрондық үкімет, электрондық қызметтер» семинарлары ұйымдастырылды, полиграфия өнімін (плакаттар, буклеттер, постерлер) таралымдау жүргізілді, облыстық, қалалық және аудандық газеттерде мақалалар жарияланды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін облыстық басқармалардың, қалалық және аудандық әкімдіктердің интернет-ресурстарына мемлекеттік қызметтерді көрсету орны мен уақыты туралы толық ақпарат орналастырылды. Облыс әкімдігінің интернет-ресурсына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы орналастырылды.
Мемлекеттік қызметтер бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етілуі;
электронды үкімет инфрақұрылымы арқылы азаматтарға, бизнес пен мемлекеттік органдарға ақпарат пен қызмет ұсыну мәселесі шешілді;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар саны төмендеді.
халық пен бизнеске көрсетілетін қызметтер сапасын көрсету мақсатында, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жақсарту бойынша жұмыс атқарылды.
|
халықты электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтермен қамту төмендігі;
халықтың электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы хабардар болуының төмендігі;
мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану деңгейінің төмендігі.
|
Мүмкіндіктер__Қауіптер'>Мүмкіндіктер
|
Қауіптер
|
электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту;
мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін нақты стандарттау және сапасын арттыру;
рұқсат беру рәсімдерін қысқарту және оңтайландыру жөнінде шаралар алуды қарастыратын рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалау;
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін және олардың автоматтандырылуын жеңілдету мен қысқарту бойынша жұмыстарды жалғастыру;
жергілікті атқарушы органдардың қызметін автоматтандыру.
|
әртүрлі әлеуметтік топтармен мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігінің тең еместігі.
|
Электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштер санының ұлғайғанына қарамастан, мұндай өтініштер санының төмен күйінде қалуы негізгі проблема болып отыр, бұл тұрғындарға интернет желісінің қолжетімді болмауына, хабардар болу деңгейінің төмендігіне байланысты.
Орта мерзімді перспективада аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктерін және бәсекелік артықшылықтарын тежеуші факторлардың, тәуекелдердің, негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
А басымдылық
- Табиғи ресурстардың бай кен орындарының болуы (табиғи газ, мұнай, құрылыс материалдары);
- Машина жасау, металлургия саласындағы, құрылыс өндірісіндегі, азық-түлік өнеркәсібіндегі жоғары индустриалдық әлеует;
- Ауыл шаруашылық өнімінің негізгі түрлерінің өндіріс көлемдерінің өсуі, аграрлық секторды дамыту;
- Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту және нарықтық инфрақұрылымның болуы
B басымдылық
- Өңірдегі ірі кәсіпорындардың жаңа ресурс үнемдеуші және экологиялық таза технологияларды пайдалану;
- Жоғары туристік әлеуетінің болуы;
- Өлімнің төмендеуінде халық туылу өсімінің негізінде облыстың табиғи өсімінің тұрақты оң үрдісі;
- Халық өмірінің сапасын және деңгейін жоғарылатудағы оң бетбұрыстар;
- Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша көрсеткіштерді төмендету
С басымдылық
- Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтудың жоғары деңгейі;
- Облыстың жоғары тарихи-мәдени әлеуеті;
- Электр энергиясы өндірісі өсімінің ұлғаюы;
- Газбен қамтамасыз етілген халық үлесінің ұлғаюы;
|
А басымдылық
- Өңірдің жоғарғы ресурстық тәуелділігі;
- Өңдеу секторының жоғары емес үлесі және өнеркәсіптік кәсіпорындар жабдықтарының тозуы;
- Тәуекел жер өңдеу аймағы;
- Ауыл шаруашылығы жабдықтарының тозуының жоғары деңгейі;
- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілер
B басымдылық
- Жайық ө., Деркөл ө., Шаған ө. Шалқар к. экожүйесін сақтау;
-Туристік-рекреациялық инфрақұрылымы дамуының жеткіліксіз жоғары деңгейі;
- Қала халқының тұрақты кірісі және ауыл халқының шығысы;
- Қала және ауыл халықтарының орташа айлық табыстары деңгейлеріндегі сәйкессіздіктер;
- Барлық мамандықтар бойынша жоғары білікті дәрігерлер тапшылығы;
- Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жай –күйі
С басымдылық
- Инклюзивтік білімнің даму деңгейі төмен;
- Мәдениет мекемесі қызметтеріне облыс халқының теңсіз жетімділігі;
- Коммуналдық тораптар тозығының жоғары деңгейі
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіптер
|
А басымдылық
- Индустриалдық-инновациялық дамудың жоғары қарқыны;
- Өңдеу өнеркәсібі салаларының бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы;
- Дайын ауыл шаруашылығы өнімі экспортының ұлғаюы және ауыл шаруашылық өнім өндірісі мен өңдеу көлемдерінің өсімі;
- Шағын және орта кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымының дамуы
B басымдылық
- Қолайлы экологиялық шарттарды құру;
- Әлемдік стандартқа сәйкес туристік-рекреациялық инфрақұрылымды құру;
- Ауылдық қоныстануды оңтайлы қамтамасыз ету мақсатымен ішкі көші-қонды реттеу;
- Оң көші-қон сальдосын бекіту үшін облыстың елді мекендерінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тартымдылығын жоғарылату;
- Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту есебінен халық өмірінің сапалы деңгейін қамтамасыз ету;
- Әлеуметтік саланың жоғары білікті мамандарының ауылға келуін ынталандыру;
- Халық өмірі деңгейінің жоғары стандарттары;
- Жоғары білікті мамандарды тарту жолымен денсаулық сақтау саласы қызметтерінің сапасын жоғарылату;
- Облыстық жол жүйесінің өткізу және өтпелі қабілетін жоғарылату;
- Жақсы жай-күйдегі жергілікті маңызды автомобиль жолдарының үлесін жоғарылату
С басымдылық
- Мектепке дейінгі балаларды сапалы тәрбиемен және оқытумен жүз пайыздық қамтылуы;
- Ұсынылатын мәдени қызметтер сапасының жоғарылауы және дамуы;
- Электр беру, магистралды және жылу тораптарының желілерін қалпына келтіру және күрделі жөндеу
|
А басымдылық
- Өңдеу өнеркәсібінің қысқаруы;
- Қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан аграрлық сектор көрсеткіштерін және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі;
- Жаңа өндірістер ашуда және қолданыстағы өндірістерді әртараптандыруда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі;
- Жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемдерінің төмендеуі
B басымдылық
- Өңірдің экологиялық ахуалының күрделенуі;
- Өңірдің қолайсыз туристік имиджінің құрылуы;
- Білікті және жас мамандардың өңірден көшуі;
- Халықтың өмір сүру деңгейі сапасының төмендеуі;
- Дәрігерлік кадрлардың тапшылығынан халыққа медициналық қызметтердің толық көлемде берілмеуі;
- Облыстың экономикалық кеңістігі сапасының нашарлауы;
С басымдылық
- Инклюзивтік білім саласында әлеуметтік стандарттардың сақталмауы;
- Мәдениет саласындағы төмен еңбекақыдан жас шығармашылық кадрлар келуінің төмендеуі;
- Облыстың өмірін қамтамасыз етуші инфрақұрылымы жұмысының тозуы және толық тоқтауы
|
Достарыңызбен бөлісу: |