Әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық



жүктеу 231,72 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.01.2020
өлшемі231,72 Kb.
#27324


 

 

 Әлеуметтік 



әріптестік 

пен 


әлеуметтік және еңбек қатынастарын 

реттеу  жөніндегі  республикалық  

үшжақты комиссияның  

2016  жылғы  16  наурыздағы  №  __ 

хаттамасымен  

бекітілген 

 

 

Ұлттық біліктілік шеңбері 



 

1. Жалпы ережелер 

 

1.  Ұлттық    біліктілік    шеңбері  (бұдан  әрі  –  ҰБШ)  сегіз  біліктілік 



деңгейінен  тұрады,  бұл  Еуропалық  біліктілік  шеңберіне  және  «Білім  туралы» 

2007  жылғы  27  шілдедегі  Қазақстан  Республикасының  Заңында  айқындалған 

білім  деңгейлеріне  сәйкес  келеді.Ұсынылған  сегіз  дәреже  оқыту  нәтижелері 

нысанында сипатталған. 

2.  Оқыту  нәтижелері  үш  санатқа  бөлінеді:  білім  беру,  қабілеттілік  және 

құзыреттілік.  Олар  теориялық  білім,  практикалық  және  техникалық 

дағдыларды,  сондай-ақ  басқа  адамдармен  ынтымақтастыққа  қабілеттілік 

шешуші амал болып табылатын әлеуметтік құзыреттілікті қоса алғанда, әртүрлі 

комбинациялар 

біліктілігінде 

білім 

нәтижелерінің 



бүкіл 

спектрі 


ұсынылғандығын көрсетеді.    

3. ҰБШ салалық біліктілік шеңберін, кәсіптік стандарттарды әзірлеу үшін 

жалпы  кәсіби  құзыреттердің  біліктілік  деңгейлерінің  бірыңғай  шәкілін 

айқындайды.  Сонымен  ҰБШ  біліктіліктер  мен  құзыреттердің  салааралық 

салыстырмалылығын  қамтамасыз  ете  отырып,  мамандар  біліктілігінің 

сәйкестігін растау және оны беру жүйесі үшін негіз болып табылады. 

ҰБШ-да  тұлғалық  және  кәсіби  құзыреттеріне,  машықтары  мен 

дағдыларына,  біліміне  қойылатын  талаптардың  құрылымдық  сипаттамасы 

келтіріледі,  оларды  нақтылау  салалық  біліктілік  шеңберінде  және  кәсіптік 

стандарттарда жүзеге асырылады. 

4.  ҰБШ  пайдаланушылардың  әртүрлі  топтарына  (азаматтарға,  жұмыс 

берушілерге, білім беру органдарына) арналған және: 

1)  бірыңғай  әдістемелік  негізде  кәсіптік  стандартын  және  білім  беру 

стандарттарын, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге

2)  мамандардың  және  оқу  орындарын  бітірушілердің  біліктілігіне  және 

құзыреттеріне  қойылатын  талаптарды  бірыңғай  көзқарас  тұрғысынан 

сипаттауға; 

3)  кәсіптік  білім  берудің  барлық  деңгейлеріндегі  бітірушілердің 

біліктілігін бағалау материалдары мен айқындау рәсімдерін әзірлеуге мүмкіндік 

береді. 



 

 



5. Осы ҰБШ-да  қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар: 

1)  біліктілік  –  еңбек  қызметтерін  жүзеге  асыруға  құқық  беретін,  еңбек 

нарығы  және  одан  әрі  білім  алу  және  оқуға  арналған  негізгі  құзыреттілік 

құндылықтарын ресми тану;  

2)  біліктілік  деңгейі  –  жұмыскерлердің  біліміне,  дағдыларына  және 

кеңейтілген  құзыреттілігіне,  күрделілік  параметріне,  қарай  сараланатын, 

жауапкершілікке және дербестілікке жалпылама талаптар; 

3)  кәсіби  құзыреттілік  –  бұл  еңбек  саласының  талаптарына  сәйкес 

мақсатқа лайықты әрекет жасауға, міндеттерді және проблемаларды әдістемелік 

ұйымдастыруға және дербес шешуге дайындығы және қабілеттілігі;  

3) білім – жеке және кәсіби қызметте қолданылатын ақпарат, нормалар; 

4)  машықтар  –  қызмет  нормаларының  талаптарына  сәйкес  келетін, 

жұмыскер бақылайтын әрекеттер; 

5)  дағдылар  –  қызмет  нормаларының  талаптарына  сәйкес  келетін, 

жұмыскер бақыламайтын әрекеттер; 

6)  еңбек  қызметінің  түрі  –  еңбек  функцияларының  тұтас  жиынтығынан 

және  оларды  орындауға  қажетті  құзыреттерден  құралған  кәсіби  қызмет 

саласының бөлігі; 

7)  кәсіби  қызмет  саласы  –  ортақ  интеграциялық  негізі  бар  және  оларды 

орындау  үшін  еңбек  функциялары  мен  құзыреттерінің  ұқсас  жиынтығын 

болжайтын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы; 

8) еңбек функциясы – бизнес процесс айқындайтын еңбек іс-әрекеттерінің 

интеграцияланған  және  салыстырмалы  түрде  дербес  жиынтығын  білдіретін 

және  оларды  орындау  үшін  қажетті  құзыреттіліктің  болуын  болжайтын  еңбек 

қызметі түрінің құрамдас бөлігі; 

9)  кәсіби  міндет  –  еңбек  функциясын  іске  асырумен  және  кәсіби 

қызметтің белгілі бір саласында қажетті нәтижеге қол жеткізумен байланысты 

әрекеттер туралы нормативтік түсінік; 

10)  кәсіптік  стандарт  –  кәсіби  қызметтің  нақты  саласында  біліктілік 

деңгейіне  және  құзыретке,  еңбек  мазмұнына,  сапасына  және  жағдайларына 

қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; 

11) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде игерілетін және білімі туралы 

тиісті  құжаттармен  расталатын  белгілі  бір  білімді,  машықтар  мен  тәжірибелік 

дағдыларды  талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптерінің негізгі түрі; 

12)  құзыреттілік  –  жұмыскердің  кәсіби  қызметінде  білімін,  машықтары 

мен дағдыларын қолдану қабілеті;   

13)  салалық  біліктілік  шеңберлері  –  салада  танылатын  біліктілік 

деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы; 

14)  ҰБШ  –  еңбек  нарығында  танылатын  біліктілік  деңгейлерінің 

құрылымдық сипаттамасы; 

15)  функционалдық  карта  –  кәсіби  қызметтің  қандайда  бір  саласының 

шеңберінде  жұмыскер  орындайтын  белгілі  бір  қызмет  түрінің  еңбек 

функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.  



 

 



16)  белгіленген  біліктілік  деңгейі  –  белгілі  практикалық  қызмет 

саласында  қарапайым  міндеттерді  орындау  үшін  қажетті  (жеделдетілген  білім 

алу алу мүмкіндігі, кәсіби дайындық) кәсіпке және практикалық дағдыларға ие, 

білікті жұмысшы кадрлар; 

17)  жоғарлатылған  біліктілік  деңгейі  –  жоғары  технологиямен  кәсіби 

қызмет пен байланысты экономиканың бүкіл салаларындағы (негізгі орта және 

(немесе)  жалпы  орта  білім  базасында  училищелерде,  колледждерде  және 

жоғары колледждерде) жұмысты орындаудың практикалық дағдыларына және 

күрделі кәсіптерге ие білікті жұмысшы кадрлар

18)  орта  буын  маманы  –  орындаушының  белгілі  бір  міндеттерін,  оның 

ішінде  орындалатын  жұмысты  жоспарлауды  және  ұйымдастыруды  атқару 

мүмкіндігі  берілетін  техникалық  және  кәсіптік  білімнің  интеграцияланған 

білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін біліктілік; 

19) қолданбалы бакалавр – орта білімнен кейінгі оқыту бағдарламаларын 

меңгерген адамдарға берілетін біліктілік; 

20)  бакалавриат  –  тиісті  мамандық  бойынша  «бакалавр»  дәрежесін  бере 

отырып,  кадрлар  даярлауға  бағытталған  жоғары  білім,  білім  беру 

бағдарламалары; 

21)  магистратура  -  тиісті  мамандық  бойынша  «магистр»  дәрежесін  бере 

отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 

білім беру бағдарламалары; 

22)  доктарантура  –философия  докторы  (PhD),  бейіні  бойынша  доктор 

дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін 

кадрлар  даярлауға  бағытталған  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  білім 

беру бағдарламалары; 

23) практикалық жұмыс тәжірибесі – тиісті экономика саласында (қызмет 

саласында)  маман  ретінде  соңғы  бес   жыл  ішіндегі  кемінде  үш  жылда 

мамандығы бойынша еңбек өтілімен айқындалады. 

 

2. Осы ҰБШ-ның құрылымы 

 

6. ҰБШ осы ҰБШ-ға 1-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша ресімделген 



шеңберлік құрылымды білдіреді. 

7. ҰБШ-ны әзірлеу кезінде үздіксіздік, сабақтастық және жұмыскерлердің 

құзыреттеріне,  машықтарына,  дағдылары  мен  біліміне  (бірінші  деңгейден 

сегізінші  біліктілік  деңгейіне  дейін)  қойылатын  талаптарды  жүйелі  түрде 

арттыру қағидаттары пайдаланылды. 

8.  Жұмыскердің  тұлғалық  және  кәсіби  құзыреттері,  машықтары, 

дағдылары  мен  білімі  орындалатын  қызмет  сапасының  деңгейін  және 

нәтижелерін айқындайды. 

Жұмыскерлердің  кәсіби  қызмет  жүйесіндегі  орнына  байланысты 

өкілеттіктері мен жауапкершілігінің шеңбері әртүрлі. Жұмыскерлердің қызметі 




 

 



жетекшілікпен, өз бетінше (орындаушылық қызмет) жүзеге асырылады немесе 

басқа жұмыскерлердің қызметін басқаруды болжайды. 

Құзыреттер   жұмыскер  мінез-құлқының   жалпыланған сипаттамаларына 

жатады.  Машықтары,   дағдылары    мен    білімі   кәсіби    қызметтегі   өзара 

іс-әрекеттің белгілі бір жағдайларында жұмыскердің қандайда бір құзыреттерін 

нақтылайтын жеке сипаттамаларына жатады. 

Әрбір  біліктілік  деңгейінің  құзыреттері  мынадай  негізгі  өлшемшарттар: 

орындалатын  жұмыстың  дербестілік  дәрежесі,  жауапкершілік  дәрежесі  және 

күрделілік дәрежесі бойынша бағаланады. 

Кәсіби  қызметтің  негізін  қоғамдағы  және  еңбек  нарығындағы  өзгеріп 

тұратын  ахуалға  жұмыскердің  бейімделуін  негіздейтін  оның  тұлғалық  және 

кәсіби  құзыреттері,  бар  құзыреттердің  жаңаруы  немесе  жаңаларының 

қалыптасуы  құрайды.  Жұмыскерлердің  бойында  нарықтық  қатынастар 

жағдайында  өзін-өзі  байқау,  өзін-өзі  бақылау,  өзіндік  тәртіп,  өзін-өзі  түзету, 

өзін-өзі  бағалау,  өзін-өзі    қалыпқа  келтіру,  өзін-өзі  ұйымдастыру,    өзін-өзі 

басқару, өзін-өзі қамтамасыз ету сияқты жалпы кәсіби құзыреттер болуға тиіс. 

 9.  Біліктілік  пен  құзыреттер  адамның  белгілі  бір  білім  бағдарламасын 

меңгеруі және/немесе кәсіптік практикалық тәжірибе алуының нәтижесі болып 

табылады. Біліктілікті арттыру немесе қызметінің бейінін (кәсібін)

 

өзгерту үшін 



жұмыскерлердің  қосымша  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  түрлі  оқу 

орындарында оқудан өту мүмкіндігі бар. Оқу орындарын, қайта даярлау немесе 

біліктілікті арттыру курстарын бітірген соң жұмыскерлер біліктілікті растайтын 

және беретін тәуелсіз орталықтарда өзінің кәсіби деңгейін тәжірибелік тексеру 

рәсімдерінен өтеді. 

 

 



 

 

 




 

 

ЖОБА  



Ұлттық біліктілік шеңбері  

 

Деңгейлер  

Білім 

Машықтар мен дағдылар 

Тұлғалық және кәсіби 

құзыреттер 

Қол жеткізу жолдары 

Қоршаған әлем туралы 



қарапайым базалық 

білім. Құбылыстар 

арасындағы қарапайым 

байланысты түсіну 

Белгілі үлгі бойынша 

қарапайым тапсырмаларды 

орындау 

Тікелей бақылаудағы 

қызмет 

Бастауыш білім және 



практикалық тәжірибе 

және/немесе жұмыс 

орнындағы қысқа оқыту 

және/немесе қысқы мерзімді 

курстар 

Негізгі базалық білім, 



кәсіптік бағдарлау  

Тапсырылған әрекеттер 

алгоритмі бойынша 

тапсырмаларды орындау 

және жұмыс жағдайларына 

сәйкес оны түзету 

Басшылық етілетін, 

дербестіктің белгілі бір 

үлесі бар қызмет 

Жалпы орта білім және 

практикалық тәжірибе 

және/немесе кәсіптік даярлық 

(білім беру ұйымының 

базасындағы қысқа мерзімді 

курстар немесе кәсіпорында 

оқыту, белгіленген деңгей) 

Кәсіби қызмет 



саласындағы базалық , 

жалпы оқыту және 

практикалық-

бағдарланған білімдер 

Стандартты жағдайларда 

үйреншікті кәсіби 

міндеттерді шешу 

Орнатылған тапсырмадан 

шыққандағы дербестіктің 

белгілі бір үлесі бар 

қызмет 

Жалпы орта білім және 



техникалық және кәсіптік 

білім (белгіленген деңгей) 

немесе жалпы орта білім және 

практикалық тәжірибе 

және/немесе кәсіптік даярлық 

(бір жылға дейінгі кәсіптік 

даярлау бағдарламасы 

бойынша білім беру 

ұйымындағы курстар немесе 

кәсіпорында оқыту) 




 

 



Кәсіптік (теориялық 

және практикалық)  

білім және тәжірибе  

 

 

Оқу және еңбек жағдайын 



оның болжамдық өзгерістері 

мен салдарын өз бетінше 

талдауды талап ететін 

күтілетін жағдайларда кең 

спектрлі үлгілік кәсіби 

міндеттерді шешу 

Маңызды әлеуметтік және 

этикалық аспектілерді 

ескере отырып, 

басқалардың стандартты 

жұмысын басқару, өзінің 

және басқалардың білім 

алуына жауапкершілікте 

болу 


Жалпы орта білім, 

техникалық және кәсіптік 

білім (орта буын маманы) 

жалпы орта білім және 

практикалық тәжірибе 

Кәсіптік саладағы 



теориялық және 

практикалық білімнің 

кең диапазоны 

Теориялық және практикалық 

білімін қолдана отырып, 

кәсіби міндеттерді шешудің 

түрлі нұсқаларын өз бетінше 

әзірлеу және алға тарту  

Ұйым стратегиясы, саясаты 

мен мақсаттарының 

шеңберінде еңбек және 

оқыту қызметі процестерін 

өз бетінше басқару және 

бақылау, проблеманы 

талқылау, 

қорытындыларды 

тұжырымдау және 

ақпаратты сауатты 

операциялау 

Ортадан кейінгі білім 

(қолданбалы бакалавр), 

практикалық тәжірибе; 

бакалавриатта кемінде екі 

жыл білім алу немесе арнайы  

жоғары білім 

бағдарламаларын үш жыл 

меңгеру, практикалық 

тәжірибе  

Кәсіптік саладағы 



теориялық және 

практикалық білімнің 

кең диапазоны 

Теориялық және практикалық 

білімін қолдана отырып, 

кәсіби міндеттерді шешудің 

түрлі нұсқаларын өз бетінше 

әзірлеу және алға тарту  

Ұйым стратегиясы, 

саясаты мен 

мақсаттарының 

шеңберінде еңбек және 

оқыту қызметі процестерін 

өз бетінше басқару және 

бақылау, проблеманы 

талқылау, 

қорытындыларды 

Жоғары білім. Бакалавриат, 

специалитет, ординатура 

және практикалық тәжірибе 

 



 

 



тұжырымдау және 

ақпаратты сауатты 

операциялау 

Ғылым және кәсіптік 



қызмет саласындағы 

концептуалдық білім, 

кәсіптік салада жаңа 

қолданбалы білімдер 

құру 

  Кәсіптік қызмет мақсатын 



өз бетінше айқындау және 

оларға қол жеткізудің дұрыс 

әдістері мен құралдарын  

таңдау. Жаңа білім алу 

бойынша ғылыми, 

инновациялық қызметті 

жүзеге асыру 

Ұйымның немесе 

бөлімшенің стратегиясын, 

қызметін айқындау. 

Шешім қабылдау және 

бөлімшелер деңгейінде 

жауапты болу 

Магистратура 

 және/немесе практикалық 

тәжірибе 

Инновациялық кәсіптік 



қызмет саласындағы 

әдіснамалық білім 

Идеяларды өндіру, 

инновациялық қызметтің 

нәтижелерін болжау, кәсіби 

және әлеуметтік саладағы кең 

масштабты өзгерістерді 

жүзеге асыру, күрделі 

өндірістік және ғылыми 

процестерді басқару 

Стратегияны айқындау, 

процестер мен қызметті 

басқару, шешім қабылдау 

және институттық 

құрылымдар деңгейінде 

жауапты болу. Ғылыми 

және практикалық 

саладағы күрделі 

инновациялық 

идеялардағы 

көшбасшылық, дербестік, 

талдау, бағалау және іске 

асыру қабілеті 

PhD докторантура,  

PhD докторының  

ғылыми дәрежесі,  

бейін бойынша PhD  

докторы дәрежесі,  

ғылым кандидаты  

немесе жоғары кәсіптік білім 

және ғылым докторы 

мамандығы,  практикалық 

тәжірибе  

  



 

 

 



жүктеу 231,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау