2.2-тармақ
Бүгінгі күнде облыста табиғи газбен жұмыс істейтін автокөлік құралдар паркі шын мәнінде жоқ. Сонымен қатар, газбен толтырылатын компрессорлық станциялар да жоқ.
Көлікте табиғи газды пайдалану бойынша бағдарламаны іске асыру үшін қажетті шараларды, оның ішінде тиісті соңғы нәтижені алу үшін, қауіпсіздікті, ауа-райы жағдайларын есепке ала отырып, жүргізуге қатысты бірқатар мәселелерді қарастыру қажет. Одан басқа, облыстың барлық жолаушылар көлігі паркі жеке меншік қарамағында екенін есепке алу керек.
Сонымен бірге, көлік құралдарында отын ретінде сұйылтылған табиғи газды пайдалану кезінде қозғалыс құрамына газды аппаратты орнату шараларын қаржыландыру бойынша мәселені шешу талап етіледі.
Бүкіл әлемде автомобиль көлігін кешенді табиғи газбен жүруге ауыстыру тенденциясы байқалады (КТГ). Автомобильдерге жанар-жағармай құю мамандандырылған автотолтырғыш компрессорлық станцияларда жүзеге асырылады. Осыған байланысты, автомобильді газтолтырғыш компрессорлық станциялар желілерінің құрылысы қажет деп санаймыз.
Электромобильдерді қолдану еліміздің шетел мұнайына тәуелділігін азайтуға көмектесуі мүмкін. Дегенмен, қатал ауа-райы жағдайларына байланысты, әсіресе облысымыздың қарлы аудандарында электромобиль жетерліктей қуатты әрі сенімді болмауы мүмкін. Электромобильдердің құрылымы оларды қиын жағдайларда қолдануды қарастырмайды.
4 тармақ.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес 2020» бағдарламасын және басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түзету, онда мынадай міндеттерді:
ауыл шаруашылығында, оның ішінде шөлейт өңірлерде жаңа технологияларды енгізуді;
агробизнесті жүргізуге, кооперация процесіне, жерді тиімді пайдалануға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюды;
ауыл шаруашылығында және денсаулық сақтауда ғылыми зерттеулерді өрістетуді, оның ішінде сынақтық ғылыми-инновациялық кластерлер құруды және құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер мәселесін зерттеуді ескеру.
«Стратегия Казахстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», «Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары» «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі» бағдарламалық құжаттарға сәйкес, аумақтарды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған облыстық бағдарламаға, елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды көрсеткіштерін енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді. Облыс аумақтарын дамыту бағдарламасына енгізілген көрсеткіштер мен индикаторлардың жоспарлы мәндері: ауыл шаруашылығы дақылдары егістігі аумағының өсуі, бидайдың шығымдылығы, ет және сүтті қайта өңдеу үлестері ауыл шаруашылығы миниатрлігімен келісілді.
5.2-тармақ
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі еліміздің оңтүстік өңірлерінің білім алушыларын облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде қабылдауға және сапалы білім беріп шығаруға мүмкіншілік жеткілікті екендігін хабарлайды.
Төмендегі кестеде көрсетілгендей барлық колледждердің оқу ғимараттары өз иеліктерінде және оқу орынының алаңы мүмкіншілік беретіндіктен бір ауысымдық оқыту жүргізіледі. Бес колледждің екеуінде өз жатақханалары бар. Семей қаласында орналасқан 3 колледж жатақханаға мұқтаж студенттерін орналастыру үшін Көлік колледжімен келісім жасасқан. Барлық колледждерде өз спорт және акт залдары, жеткілікті оқу және оқу-лабораториялық кабинеттері бар. Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің 95 % штаттық және жоғарғы, бірінші категориялы оқытушылардың көрсеткіші 37 % құрайды.
№
|
Оқу орынының атауы
|
Оқу ғимараты
|
Оқу орыны
|
Оқушылар саны (бөлім бойынша)
|
Жатақхана
|
Орын
|
Тұрушлар саны
|
күндізгі
|
сырттай
|
1
|
КМҚК «Көлік колледжі»
|
колледждікі
|
960
|
729
|
156
|
1
|
360
|
41
|
2
|
КМҚК «Геодезия және картография колледжі»
|
колледждікі
|
400
|
430
|
5
|
Бұрынғы жатақхананың ғимаратын қайтару жұмыстары жүргізілуде
|
|
|
3
|
КМҚК "Электротехника колледжі"
|
колледждікі
|
960
|
938
|
262
|
Жалға алу
|
|
|
4
|
КМҚК «Риддер аграрлы-техникалық колледжі»
|
колледждікі
|
1225
|
604
|
400
|
1
|
80
|
32
|
5
|
КМҚК "Радиотехника және байланыс колледжі"
|
колледждікі
|
540
|
647
|
273
|
Жалға алу
|
|
|
7 тармақ.
Президент Әкімшілігі Басшысының тиісті Бұйрығы шеңберінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мәслихаттар депутаттары, ғылыми және шығармашылы зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар, этно-мәдени орталықтар, БАҚ-тар жетекшілері мен өкілдерінің қатарынан Жолдауды түсіндіру жөніндегі республикалық және өңірлік АНТ жұмысын ұйымдастыру.
Облыста Ел ПрезидентіЖолдауын алға жылжыту және насихаттау бойынша тиісті жоспарлар, кестелер, медиа-жоспарлар әзірленіп, жүйелі жұмыстар ұйымдастырылуда.Жалпы құрамы 3172 адамнан тұратын түрлі деңгейдегі 521 ақпараттық-насихат тобы жұмыс істейді. Олардың құрамында «Нұр Отан» партиясының мүшелері, Ассамблея және этномәдени орталықтардың, азаматтық сектор мен бизнес-құрылымдардың өкілдері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының басшылары мен оқытушылары жұмыстар жүргізуде. Ақпараттық-насихат топтары құрамының 20%ғалымдар мен оқытушылар құрайды.
3 тоқсанда барлық деңгейдегі АНТ мүшелері 1753 іс-шара өткізді. Оларға 204740 мың адам қатысты.
«Рухани керуен» атты облыстық ақпараттық-насихат тобы Аягөз, Жарма, Үржар аудандарының елді мекендерін аралап, жергілікті жұртпен кездесулер өткізді. Ашық сұхбат түрінде өткен кездесулерде облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшелері жергілікті тұрғындардың дінге қатысты қойған сан алуан сауалдарына нақты дәлелдермен жауаптар беріп, түйткіл мәселелерді түсіндірді.Облыс әкімі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратының азаматтарды қабылдау бөлмесінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуге қала тұрғындары және аудандардан арнайы келген, жалпы жиыны қырыққа жуық адам қатысты. Кездесуге келген тұрғындар кәсіпкерлікті дамытуға арналған несиенің қолжетімді болуын қамтамасыз ету, жастарды жұмыспен қамту, жол жөндеу, медициналық көмекті жақсарту сияқты әлеуметтік мәселелерді көтерді.
7-11 шілде күндері Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Зайсан және Күршім аудандарының 15 елді мекенінде сайлаушыларымен 18 кездесу өткізді.
25 шілде күні Шығыс Қазақстан облысында «Алакөл алаулары» атты Халықаралық жастар жазғы лагері аясында «Жайдарман» республикалық КТК-фестивалі өтті.Үржар ауданының аумағында орналасқан Алакөлдің жағасында, атап айтқанда, «Әйгерім» демалыс базасында «Алакөл алаулары» атты халықаралық фестиваль өтті. Бұл жазғы лагерьде екі білім алаңы жұмыс жасады. Бірі Монғолия, Ресей және Қытай мемлекеттерінің жастары қатысқан «Алтай – біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық жазғы студентік мектеп болса, екіншісі - еліміздің жалынды жастарының басым бөлігін қамтыған «Жас STAR» атты Республикалық студенттік жазғы жастар лагері болды. «Алтай –біздің ортақ үйіміз» білім алаңында профессорлардың дәрістері мен студенттердің баяндамалары окылды. Екінші білім алаңында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Әлеуметтік басқару технологиясы» кафедрасының профессоры Л.Асылбекованың ғылыми конференциялары өтіп жатты. Бұл фестиваль биыл бірінші рет болып отыр. Фестивальдің басты мақсаты – жастардың бір-бірімен танысып, ой бөлісіп, жаңалықтары мен өнерлерін өздерінің құрдастарына паш ету болды. Фестивальге қатысушылар жандарына жақсы менен пайдалыны ұштастыра отырып, күнделікті мәдени –көпшілік шаралардан басқа - DJ RING, Фаер-шоу, «күлкі-алаңы» секілді және республикалық КТК ойындарының жоғарғы лигасының белді топтарының өнерлерін тамашалады. Күнделікті жастарға би кеші ұйымдастырылып отырды. Бұл іс-шараға Астана, Алматы, Қарағанды, Ақмола, СҚО, БҚО және Атырау, Қызылорда облыстарынан 250-ден астам студент жастары қатысты.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында, Катонқарағай ауданында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және туризм салаларына инвестиция тартылып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Бағдарламаны іске асыру мақсатында үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Қеңес отырысында жалпы құны 2 662 млн. теңгені құрайтын 12 жобаның тізімі құрылды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Әмірхан Рақымжанов семейліктермен кездесу өткізді. Семей өңірінің әлеуметтік саласындағы кешенді жобалардың іске асу барысымен, ауылдың әлеуметтік жағдайымен танысты.
14 тамызда Өскемен қаласындағы «Алтай» Технопаркінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі және БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасымен бірлескен «Әйелдердің «жасыл экономикаға» және «ЭКСПО-2017-ге қосатын үлесі» атты шекаралас аумақтар форумы өтті.
29 тамызда Семей және Курчатов қаларында «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының 25 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты – ядролық сынақтардың тоқтатылуы мен Семей ядролық полигонының жабылуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, республика жұртшылығының, бірінші кезекте «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысының алатын орындары және әлемде қауіпсіздіктің нығаюы, қарусыздану мен ядролық қарудың өрістемеуіндегі Н.Ә. Назарбаевтың маңызды рөлін көрсету болып табылды.
Конституция күнін мерекелеу қарсаңында ақпараттық-насихат топтары мүшелері еңбек ұжымдарымен, аудандардың елді-мекендері тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесулердің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі орнын анықтау, «Қазақстан-2050» Стратегиясын насихаттау, Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің құрылуы мен дамуы, оның халықаралық беделін нығайтудағы негізгі рөлін айқындау болды.
Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында, Жолдаудың негізгі ережелерін және жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруге, еңбек заңнамасы туралы сауаттылықты арттыруға, транспорентті еңбек қатынастарын қалыптастыруға, еңбек қақтығыстарының алдын алуға, заманауи PR технологияларын қолдануды оқытып-үйретуге және әзірлеуге, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы мен ұлтаралық келісімді насихаттауға, қоғамда жемқорлыққа қарсы ой-пікірді қалыптастыруға бағытталған, мемлекеттік бағдарламаларды қолдану және насихаттауды ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Жобалар тұрғындармен, жастармен, еңбек ұжымдарымен кездесуді, ақпараттық және әдістемелік материалдар шығаруды, БАҚ мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді.
Жалпы әр түрлі бағыттар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа (әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жастар және ішкі саясат, дін) облыс бойынша 303,7 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген.
7.1 тармақ
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығына сәйкес, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдаудағы негізгі міндеттерді және оларды іске асырудың барысын түсіндіру мақсатымен ақпан айында облыста Республикалық ақпараттық-насихат тобының жұмысы ұйымдастырылды.
РАНТ мүшелеріне облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік деңгейде шешімін күтетін түйінді мәселелер туралы материалдар жіберілді.
Насихатшылар өз сөздерінде Қазақстанның дамуы туралы қысқаша қорытынды ақпараттар берді, Жолдаудың негізгі басымдықтарын, олардың ерекшеліктерін, цифрлар мен фактілер келтіре отырып түсіндіруге айрықша көңіл бөлді.
Кездесулер теңгенің құнсызданған келеңсіз мерзімінде өткеніне қарамастан, А.О. Исекешев бастаған РАНТ мүшелерінің жоғары деңгейдегі дайындығының арқасында, қалалар мен аудандар тұрғындары іс-шараларға үлкен қызығушылық танытып қатысты.
7.2 т.
Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелері Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, және Бородулиха, Зырян, Көкпекті, Шемонаиха, Ұлан, Глубокое аудандарының 23 елді мекенінде 40 кездесу өткізді. Жеке сұрақтары бойынша 11 азаматты қабылдады. Түсіндіру жұмыстарымен 4 мыңға таяу адам қамтылды. Аймақ тұрғындарынан орта есеппен 40 сұрақ түсті, барлық сұрақтарға қанағаттанарлық түсінік берілді, бақылауда қалған сұрақтар жоқ.
7.3 т.
Республикалық ақпараттық-насихат тобы өкілдерінің ШҚО-да жүргізген жұмысы БАҚ-та кеңінен жарияланды. Барлығы 64 материал жарияланды. Оның ішінде 13 материал республикалық, 51– өңірлік БАҚ-тарда жарық көрді. Атап айтқанда:
республикалық газеттерде – 2 («Казахстанская правда»);
республикалық телеарналарда –11 («Хабар», «24 kz», «Қазақстан»);
аймақтық газеттерде – 21(«Рудный Алтай», «Дидар», «Семей таңы», «Вести Семей», «Ислам нұры»);
аймақтық телеарналарда –10(«Қазақстан-Семей», «Қазақстан-Өскемен», «ТВК-6»);
аудандық газетттерде – 20(«Рауан», «Заря», «Ұлан таңы», «Ақ бұлақ», «Огни Прииртышья», «Уақыт тынысы – Пульс времени», «Шемонаиха тынысы», «Пульс! Зыряновска», «Аягөз жаңалықтары», «Пульс района», «Аудан тынысы», «Көктас таңы»).
7.4т.
Облыста жалпы құрамы 3172 адамнан тұратын түрлі деңгейдегі 521 ақпараттық-насихат тобы жұмыс істейді. Олардың құрамында «Нұр Отан» ХДП мүшелері, Ассамблея және этномәдени орталықтардың, азаматтық сектор мен бизнес-құрылымдардың өкілдері, ғалымдар жұмыстар жүргізуде.
7.5т.
Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Мемлекеттік бағдарламаларды алға бастыру саласында қазіргі заманғы PR және насихаттау технологияларын әзірлеп, оны қолдануға үйрету» әлеуметтік маңызды жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жоба аясында негізгі мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде Елбасы Жолдауын түсіндіріп, көпшіліктің танып-білуіне ықпал ету жоспарлануда.
Жобаны іске асыруға 2,3 млн. теңге қарастырылған.
8-тармақ
Тиімді қызмет көрсету үшін ғылыми-инновациялық инфрақұрылымның, сондай-ақ менеджерлер, заңгерлер, экономистер және т.б. жоғары мамандырылған жұмысшылар штатын қамтитын технопарктерді дамыту үшін тиісті мемлекеттік бағдараламалар қажет. Осының барлығын технопарктер өздігінен қамтамасыз ете алмайды.
Ағымдағы жылда Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңда технологиялық парктерге бекітілген негізгі қызмет түрі жүзеге асырылмайды. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметі технопарктермен көрсетілмейді.
Технологиялық парктер қызметінің тиімділігі өңірдегі инновациялық қызметтің көрсеткіштері (инновациялық белсенді кәсіпорындар саны, инновациялық өнім көлемі артуы инновациялық жобаларды мемлекеттік қолдау және т.б.) негізгі болып табылатын мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша бағалануға тиіс деп санаймыз. Қазіргі уақытта Технопарктер технологияның дамуына және коммерциялануына қызығушылық білдірмейді. Екпінді кіріс алудан технологияларды коммерцияландыруға ауыстыру қажет.
28-тармақ
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесінің маңыздылығын ескеріп, бізбен осы бағыттағы шетел тәжірибелері зерттелді. Осылай, Франция Республикасының жұмыс тәжіибесі үлгісінде оңалту орталықтар тармағын ашып, олардың басты бағыты ретінде кәсіби оңалтуды анықтауды ұсынамыз. Осы орталықтар мүгедектердің жұмысқа орналасуын ұйымдастыратын болады. Сонымен қатар, мүгедектер үшін еңбек тәртібі қолайлы кәсіпорындар тармағын құру қажет. Ол сол жерлерде тұрып, жұмыспен айналысатын мүмкіндігі болатын арнайы кешендерді ашу арқылы мүмкін. Осы кешендерде өндіріс бөлмелерін қарастыру қажет, олар мүгедектер үшін жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілер үшін жеңілдік арқылы ұсынылатын болады. Кешендер мүгедектерге кедергісіз аймақ құру үшін құрылғылармен жасақталған болуы тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша жұмысқа орналастыруға жағдай жасау үшін осы санатқа арналған жұмыс орындарын квоталаудың баламалы нұсқасын жүргізуді ұсынамыз. Жұмыс орындарын квоталауға тиісті кәсіпорындар мен ұйымдар квотаны мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті еңбек жағдайлары жасалған қоғамдық бірлестіктер мен мүгедектер арасынан жеке кәсіпкерлердің өндіріс цехтарының өнімдеріне тапсырыс жасау баламалы нұсқасына ауыстыруға мүмкіндік беру.
30-тармақ
Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері қызметінің құқықтық негізін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
- мүгедектермен жұмыс жасайтын кәсіпорындардың құн салығы бойынша қосымша салық жеңілдігін енгізу;
- мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арнайы жұмыс орынын құрған кәсіпорындарға қаржы бөлуді заңнамалық түрде қарастыру.
32-тармақ
Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың Жалпыұлттық жоспарының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстарды әзірлеу және енгізуге қатысты 32 тармағын орындау үшін, келесі ұсыныстар еңгізіледі:
құзырына бюджеттік бағдарламаларды талқылау, арнайы шот қаражатын құру және пайдалану, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және арнайы шот қаражатын пайдалануға мониторинг жасау мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан комиссия құру, өткізілген мониторинг және басқалар туралы есептерді тыңдау және талқылау мәселелері кіретін ауылдық округтың жергілікті тұрғындары ішінен қоғамдық орган құру;
аудан әкімдерінің сайттарында іске асырылған және жоспарланған бағдарламалар , бюджет және ауылдық округтердің арнайы шоттары, жергілікті қоғамдастық жиындары немесе жиналыстарында қабылданған шешімдер бойынша ақпарат орналастыру үшін ауылдық округтер әкімдері парақтарын құру;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг құру және енгізу.
32.1-тармақ
Жергілікті атқарушы биліктің салық базасын ұлғайтуға қызығушылығын және қаржылай дербестігін кейңеіту үшін, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің төрт салық түрін жергілікті өзін-өзі басқаруға беру туралы ұсынған ұсыныстарын қолдаймыз.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің функцияларды төменде тұрған деңгейлерге беру жөніндегі ұстанымын қолдаймыз:
такси тасымалдағыш ретінде қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тізімін жүргізу;
шалғай елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау сұлбасы мен тәртібін әзірлеу;
балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын зерттеу және халыққа психолого-медико-педагогикалық консультативті көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау;
келісімшарт негізінде ағымдағы айдың 25-нен кешіктірмей ай сайын ағымдағы есеп шотына қаражат аудару жолымен патронат тәрбиешінің еңбек ақысын төлеу.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің төмен тұрған деңгейлерге қызметтерді беру бойынша ұстанымы құпталмайды:
өздерінің бақылау функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарды сақтандырушыдан, агент және қоғамнан сұрату және алу бойынша;
балық ресурстарын және басқа су ресурстарын қолданушылармен балық шаруашылығын жүргізуге және балық аулауға келісімшарт жасау;
азаматтардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқықтарын іске асыруды жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |