Нақты макроэкономика бойынша SWOT талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
аймақтың қолайлы географиялық орналасуы;
табиғи ресурстардың бай кен орнының болуы (табиғи газ, мұнай, құрылыс материалдары);
машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, азық-түлік өнеркәсіптерінің өнеркәсіптік әлеуеті;
негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің өсуі және аграрлық сектордың дамуы;
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және нарықтық инфрақұрылымның болуы;
халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартудағы оң үрдістер;
облыс мемлекеттік бюджет және Ұлттық қорға түсетін түсімдер бойынша 5-ші орында (Атырау, Маңғыстау облысы, Алматы және Астана қалаларынан кейін).
|
облыстың ресурсқа жоғары тәуелділігі;
өңдеуші сектордың төмен үлесі және өнеркәсіп кәсіпорындары жабдықтарының тозуы;
ауа райы жағдайына дән өндірісінің тәуелділігі;
ауыл шаруашылық техникасының жоғары деңгейде тозуы;
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілер;
мемлекеттік бюджет түсімдеріндегі жергілікті бюджетке салықтық түсімдер үлесі 31,9% құраса (Ұлттық қормен қоса – 12,6%), орташа республикалық көрсеткіш 31,7% (23,9%) құрайды.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
индустриялық-инновациялық дамуының жоғары қарқыны;
өңдеуші өнеркәсіп салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
ауыл шаруашылығы өнімдерін және дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді және экспорт көлемін арттыру;
шағын және орта кәсіпкерлік үшін өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
халықтың табыс деңгейін арттыру.
|
өңдеу өнеркәсібінің қысқаруы;
қолайсыз табиғи климаттық жағдайға байланысты инвестициялық тартымдылық пен ауыл шаруашылығы секторы көрсеткіштерінің төмендеуі;
жаңа өндірістерді ашу және істеп тұрған өндірістерді әртараптандыруда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі;
әлемдік мұнай бағасының айтарлықтай құлдырауы мен қоршаған ортаға эмиссия төлемақысының азаюына орай, салықтық түсімдердің төмендеуі.
|
Облыстың географиялық оңтайлы орналасу жағдайына және өңірдің жоғарғы ресурстық әлеуетіне, аймақтың экономикалық өсімінің оң үрдістеріне, негізгі әлеуметтік маңызы бар көрсеткіштер деңгейінің жақсаруына қарамастан, экономиканы дамытудың мәселелері экономиканың шикізаттық бағытын экспорттау, өңдеуші секторының жоғары емес үлесі, шағын және орта бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі, экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың жабдықтардың тозуы, ауа райы жағдайына астық өндірісінің жоғары тәуелділігі (қауіпті ауыл шаруашылығы аймағы), мал шаруашылығындағы ұсақ тауарлы өндірістің басымдығы, әлеуметтік, тұрғын үй және көлік инфрақұрылымдарының дамымауы, кадрдың жетіспеушілігі, халықтың жекелеген топтары арасында табыстарының жоғары деңгейде саралануы жатады.
Экономикалық өсу орталықтарын дамыту
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша облысымызда 443 ауылдық елді мекен (бұдан әрі - АЕМ) бар, оның ішінде 54 – даму әлеуеті жоғары, 341 - даму әлеуеті орташа, 48- даму әлеуеті төмен. Оларда 319,7 мың адам тұрады.
3-кесте
Ауылдық елді мекендердің саны
бірлік
-
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
Барлық АЕМ
|
444
|
443
|
443
|
Даму әлеуеті жоғары
|
53
|
56
|
54
|
Даму әлеуеті орташа
|
356
|
353
|
341
|
Даму әлеуеті төмен
|
35
|
34
|
48
|
Зеленов ауданы Усихино ауылының таратылуына байланысты, 2013 жылмен салыстырғанда АЕМ саны 1 бірлікке азайды. АЕМ даму әлеуеті АЕМ әлеуметтік-эконономикалық даму мониторингінің қорытындысы бойынша анықталады. Даму әлеуеті жоғары және орташа АЕМ санының азаюы, АЕМ экономикалық белсенділігінің төмендеуіне және ауылдардағы әлеуметтік инфрақұрылымды нормативтерге сәйкестендіру (білім беру саласында-оқушылар саны бойынша нормативке сәйкес келмейтін мектептердің жабылуы, денсаулық сақтау саласында- халық саны бойынша нормативке сәйкес келмейтін медпункттердің және АДА жабылуы және т.б.) себебінен болды.
"Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысына сәйкес экономикалық өсу орталықтары – елдің немесе өңірдің экономикасында инновация мен прогресс көздерінің функциясын орындайтын, «ауқым әсерінің» арқасында өндіріс факторларының тартылыс полюстері (шоғырлануы) болып табылатын, сондай-ақ жаңа тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін қарқынды дамып жатқан салалардың кәсіпорындары орналасқан нақты аумақтар (елді мекендер).
Облыс бойынша экономикалық өсу орталықтарына:
«екінші деңгейдегі» қала – облыс орталығы Орал қаласы;
«үшінші деңгейдегі» қала – Ақсай моноқаласы;
25 тірек ауылдық елді мекен –мұнда тұратын халыққа және іргелес орналасқан аумақтардың тұрғындарына қажетті әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар құрылатын болады (2016 жылы облыс әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы №199 қаулысымен 23 тірек АЕМ жаңа тізімі бекітілді);
98 шекара маңында орналасқан елді мекен кіреді.
«Екінші деңгейдегі» қаланың дамуы.
Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өндірістік және мәдени орталығы, Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында орналасқан, Азия мен Европаның арасындағы ерекше сауда қақпасы болып табылады.
Орал қаласы облыс орталығының мәртебесі оны өніраралық сервистік-сауда-өндірістік орталыққа айналуының шынайы әлеуеті бар қалалар қатарына енгізуге мүмкіндік берді. Қала Европа-Қытай және Солтүстік-Оңтүстік халықаралық автомокөлік және теміржол көліктік дәліздері жүйесінің стратегиялық және көліктік түйіншігі болып табылады.
Орал қаласының аумағы 71,2 мың га. құрайды. Қала аумағында 3 кент орналасқан (Дерқөл, Зашаған, Круглоозерное). Қаланың халық саны 2016 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 288,4 мың адам, 2014 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,7 %-ға өсті. Халық санының өсуі халықтың көші-қонына және тууына байланысты болып отыр.
Өндірістің негізгі салалары машина құрастыру, металл өңдеу, металлургия, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдарды өндіру болып табылады.
Өнеркәсіп өндірісі көлемі 2013 жылы 106,6 млрд. теңгеден 2015 жылы 109,3 млрд. теңгеге өсті, облыстың өнеркәсіп көлемінде қаланың үлес салмағы 6,4%-дан 8,4% сәйкесінше өсті.
Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көлемі өңдеу саласына келеді (65,2%). Облыстың өңдеу өнеркәсібі көлемінде саланың үлес салмағы 2013 жылы 53,7% - ден 2015 жылы 66,6%-ға дейін өсті.
Қаланың өңдеу өнеркәсібі саласында тамақ өндіру (36,2%) және машина құрастырудың (18,8%) үлес салмағы ең жоғары.
Өңірлік индустриялық Картасы шеңберінде 2010-2015 жылдары жалпы сомасы 15,1 млрд. теңгеге 24 жоба іске асырылды, 1326 жұмыс орын құрылды.
Жобалар құрылыс индустриясы ( 4,5 млрд. теңгеге 10 жоба), агроөнеркәсіптік кешен (1,3 млрд. теңгеге 6 жоба), машина құрастыру (8,2 млрд. теңгеге 5 жоба), металлургия (1,1 млрд. теңгеге 2 жоба), химиялық өнеркәсібі (51,5 млн. теңгеге 1 жоба) салаларында іске асырылды.
2016 жылы 193 жұмыс орын құрылатын 6,5 млрд. теңгеге 4 жоба іске асыру жоспарлануда.
Облыстық агроөнеркәсіп кешенінде қалалық агроөнеркәсіп кешенінің үлес салмағы аз ғана. Қаланың ауылшаруашылығы облыстағы саланың жалпы өнімінің тек 4,6% қамтамасыз етеді.
2015 жылдың қорытындысы бойынша қаладағы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 28,2 мың субъект, олардың 24,7 мың субъектісі әрекет етеді (87,6 %). Жұмыс жасайтын адамдар саны 40,6 мың адам (2014 жылдан 1,3%-ға артық).
Қаланың экономикалық белсенді халықының жалпы санынан кәсіпкерлікпен айналысатын адамдамдардың үлесі 30,2% құрайды.
Өндірілген өнім көлемі (жұмыстар, қызметтер) 64,6 млрд. теңге құрады, 2014 жылға қарағанда 6,2 % өсіп отыр.
Кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік бюджетке 16,4 млрд. теңге салық төленген, бұл қала бюджетіне (құрамына) түскен табыстың жалпы көлемінің 24 % құрайды (2013 ж.-20%, 2014 ж.-24%).
2015 жылы меншіктің барлық нысанының кәсіпорындарымен мекемелерінен 56,3 млрд. теңге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар құйылған, 2013 жылғы деңгейінен 1,6 есеге асады.
2013-2015 жылдар аралығында қалада білім беру саласында 4 нысан, денсаулық сақтау - 2, спорт саласында 3 нысан, мәдениет саласында 2 нысан іске қосылды. 71,3 мың ш.м. кредиттік және 46 мың ш.м. жалдамалы коммуналдық тұрғын-үй салынды. Инженерлік коммуникациялар салуға4,5 млрд. теңге бөлінді, 287,1 ш. инженерлік желілер салынды.
«Үшінші деңгейдегі» қаланың дамуы.
Ақсай қаласы Бөрлі ауданының аудан орталығы болып табылады, облыс орталығынан 140 ш. жерде орналасқан. 1936 жылы Қазақстан теміржол бекеті кент болып құрылған, кейін 1967 жылы аудандық бағыныстылығындағы Ақсай қаласына өзгертілген, қазіргі уақытта ол Орал қаласынан кейінгі екінші ірі елді мекен болып саналады.
Ақсай қаласындағы 752 ШОБ кәсіпорындарының 430 бірлігі белсенді жұмыс жасауда, онда 2509 адам жұмыспен қамтылған.
ШОБ субъектілеріне белсенді мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
2013-2015 жылдар аралығында 24 млн. теңге көлемінде грант 11 жоба бойынша ұсынылды, 260,8 млн.теңге көлемінде 84 шағын несие берілді, сонымен қатар Серіктестік бағдарламасы бойынша 28,7 млн.теңгеге 14 жоба іске асырылды, 2403,6 млн. теңгеге 61 жобаның пайыздық ставкасы субсидияланды.
Қалада индустриялық парк құру және блокты-модульдық конструкциялар жасауды, панельді басқарма, дәнекерлік жабдықтар, алюминдік құрылыс-заттарын монтаждауды ұйымдастырудың «зәкірлік» инвестициялық жобасы іске асырылды («Ақсай индустриалды саябағы» ЖШС). Жобаның құны 1,4 млрд. теңге, атқару мерзімі 2012-2014 жылдар аралығында, 64 жұмыс орын құрылды.
2015-2016 жылдары құны 45,3 млрд. теңге болатын К5 экологиялық классының мотор майын шығаратын завод салу бойынша жаңа «зәкірлік» инвестициялық жоба іске асырылуда. («Конденсат» АҚ) Жоба шеңберінде 70 жұмыс орын құрылады.
2013-2015 жылдары жылу желілерін және ЫСЖ (жаңғыртылған желіліер үлесі – 10,9%), бес шағынауданның жолдарын салу, электр желілерін күрделі жөндеу (жаңғыртылған желіліер үлесі – 0,8%), бес көшенің жол жабындысын жаңғырту және тығыздау, аусымына 500 адам қабылдайтын аудандық аурухана және 2 көппәтерлі үй салынды.
Тіректі ауылдық елді мекендерді дамыту.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен 25 тіректі ауылдық елді мекен айқындалды (бұдан әрі- ТАЕМ). 2014-2015 жылдары ТАЕМ дамытуға 1236,7 млн.теңге бөлінді, соның ішінде жергілікті бюджеттен - 668,8 млн.теңге, республикалық бюджеттен - 381,6 млн.теңге, басқа көздерден - 186,3 млн.теңге. Құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын, әлеуметтік–мәдени нысандарды, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды жөндеу, елді мекендерді абаттандыру, шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары жүргізілді. 105 жұмыс орын құрылды. Ақжайық ауданы Ақжол ауылында суқұбырын қайта құру, Бударин ОЖББМ ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауылшаруашылық және жеңіл көлік жөндеу техникалық бекеті, балық өсіретін шаруашылық, тойхана, тұрмыстық қызмет көрсететін орталықтар ашылды. Жәнібек ауданы Тау ауылында 200 орындық мейрамхана құрылысы аяқталды, саябақта ротон салынды, меккейін-тауық өсіретін құс шаруашылығы және ТҚКБ ашылды, Жақсыбай ауылында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Казталов ауданы Бостандық ауылында мәдениет үйін салу жұмыстары аяқталды, Жалпақтал ауылында жалпы типтегі егде және мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің ғимараты қайта қалпына келтіру. Теректі ауданы Жаңа өмір ауылында дәрігерлік амбулатория салынды, Шаған ОЖББМ жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Шекара маңында орналасқан ауылдарды дамыту.
Облысымызда 98 АЕМ шекара маңында орналасқан. Шекара маңындағы аудандарды дамытудың Кешенді жоспары шеңберінде 2014-2015 жылдары келесі жұмыстар атқарылды:
шекара маңындағы аудандардың экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту бағыты бойынша 7752,0 млн. теңгеге 139 жоба атқарылды. Шекара маңында орналасқан елді мекендерде 6 шағын-наубайхана, монша, мейрамхана, кафе, 2 дүкен, техникалық қызмет көрсету бекеті салынды, 2 жүн өңдеу цехы ашылды. Ауылдағы шағын несиелендіру арқылы мал және құс сатып алу арқылы мал шаруашылығы белсенді дамуда.
шекара маңындағы аудандардың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту бағыты бойынша 1866,2 млн. теңгеге 6 жоба іске асырылды. Атап айтқанда, Казталов ауданында «Алғай-Жалпақтал-Жұлдыз-Қарасу (71-73 ш.) Қараөзен ауылының кіре берісіне дейін» автокөлік жолы жөнделді, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылының ауылішілік жолдары жөнделді.
табиғатты қорғау іс-шаралары және трансшекаралық өзендерді пайдалану бағыты бойынша 16,9 млн. теңгеге 4 жоба іске асырылды.
халықты жұмыспен қамтуды ұлғайтуға жәрдемдесу бойынша 1134,0 млн. теңгеге 533 несие берілді. Кәсіпкерлікке 964 адам оқытылды. Жастар практикасына 962 маман жолданды. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 1362 адам жұмыспен қамтылды.
шекара маңындағы аудандардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға басымдылық беріледі. 2014-2015 жылдары 1521,5 млн.теңгеге 44 жоба іске асырылды. 2 балабақша, дәрігерлік амбулатория, 2 спорт ойын алаңы салынды. 4 ауылда газқұбыры салынды, 7 АЕМ тұрғындары таза сумен қамтылды. 2016 жылы шекара маңында орналасқан 3 аудан орталықтарында сумен қамту жүйесін қайта құру жұмыстары жүргізілді (Сайқын а., Жәнібек а., Казталов а.).
Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының тұрақты дамуына бюджеттік инвестицияларды мақсатқа лайықты бөлінуі әсер етеді.
Бірақ, орталық және жергілікті атқарушы органдардың шаралар жүргізуіне қарамастан, ауылдарда шешімін табуды талап ететін мәселелер бар (білім беру саласында 40 жыл бұрын салынған нысандар қалып отыр, денсаулық сақтау объектілері бейімделген ғимараттарда орналасқан, жергілікті маңызы бар көлік жолдары қанағаттарлық емес жағдайда, 279 ауылдың тұрғындары орталықсыздандырылған суды қолданады).
Ауылды дамытудың тағы бір мәселесі білікті мамандардың жетіспеушілігі болып табылады. Осы мәселені шешу мақсатында «Дипломмен ауылға!» жобасы іске асырылуда.
4- кесте
«Дипломмен ауылға!» жобасының іске асырылуы
адам
Мерзім
|
Келген мамандар саны
|
соның ішінде
|
білім беру
|
денсаулық сақтау
|
әлеуметтік қамту
|
мәдениет
|
спорт
|
ветеринария
|
2013 ж.
|
528
|
356
|
98
|
9
|
29
|
15
|
21
|
2014 ж.
|
542
|
352
|
118
|
11
|
23
|
15
|
23
|
2015 ж.
|
448
|
285
|
98
|
2
|
28
|
16
|
19
|
2013 жылдан 2015 жылы бойынша облыс бойынша ауылдық мекендерге 1518 маман тартылды. Мамандардың жалпы санынан 993 – педагог, 314 – денсаулық сақтау мамандары, 22 – әлеуметтік қамтамасыз ету, 126 – мәдениет және спорт, 63 - ветеринария мамандары.
2016 жылы ауылдық елді мекендерге келген 475 маманға әлеуметтік қолдау шараларына 215,5 млн.теңге көлемінде қарастырылған, соның ішінде 70,7 млн.теңге көтерме жәрдемақы төлеу үшін. 338 маманға бюджеттік кредит беру үшін 1075,3 млн. теңге қарастырылған.
Жергілікті атқарушы органдармен халықтың нысаналы топтарының арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында сәйкесті материалдар жариялануда, радио және теледидардан сөз сөйленуде
Ауылға мамандарды тарту бойынша қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, ауылды жоғарғы білікті дәрігерлермен, физика, химия, ағылшын тілі мамандарымен қамтамасыз ету өткір күйіндегі мәселе болып қалып отыр.
Ауылдық жерлерді кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін одан әрі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шеңберінде объектілердің құрылысына, қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге, ағымдағы жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға қаражаттарды бөлу қажет.
Ауылдық аумақтар бойынша SWOT- талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
ауылдық аумақтарды дамыту үшін бюджеттерден қаражатты жыл сайын бөлу;
газбен қамтылған халықтың үлесін арттыру.
|
аудандардың облыс орталығынан алыстығы;
көлік инфрақұрылымы нашар дамыған;
ауылдық жерлерде сапалы ауыз сумен қамтылудың төмен деңгейі;
ауыл шаруашылығы үшін жарамды табиғи су көздерінің болмауы, жайылымдардың аз мөлшерде суарылуы;
шектеулі инвестициялық мүмкіндіктердің әсерінен энергетикалық жабдықтардың жоғары тозуы;
білікті кадрлардың жетіспеушілігі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
бюджеттік ресурстарды қарқынды инвестициялауда ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту;
шекаралас аумақтарды нығайту.
|
су, электр энергиясы, жылу дәрежесінен ауылдық инфрақұрылымның артта қалуы;
тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасудың қиындықтары;
халықтың облыс орталығына жақын жерлерге көшуі.
|
Басты мәселелер:
инвестициялау үшін тартымсыз шарттар;
ауыл кәсіпкерлері үшін кредиттік ресурстарға қолжетімсіздігі ;
құрылыс және автокөлік жолдарын жөңдеу, сумен қамту, газдандыру, білім, денсаулық, мәдениет нысандарының құрылысы мен күрделі жөңдеуі қажет;
тұрғындарды жұмыспен жеткіліксіз қамтылуы;
жоспарланған шараларды жеткіліксіз қаржыландырылуы.
Өнеркәсіп
Аймақ экономикасының ірі салаларының бірі өнеркәсіп болып табылады. Аймақ елеулі ресурстық әлеуетке ие, бұл өңірдегі өнеркәсіптің түрлі салаларының дамуына мүмкіндік береді.
2015 жылы ЖӨӨ-нің үлесі 51,6% құрады (2013 ж.- 53,6%, 2014 ж. – 55,3%).
Облыста 362 өндірістік кәсіпорын мен өндіріс орындары бар, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға аз (396 бірлік).
Өнеркәсіптік өнімдер көлемі 2013 жылы 1659,7 млрд.теңгеден 2015 жылы 1302,1 млрд.теңгеге дейін төмендеді. Елдің өнеркәсібі көлеміндегі облыстың үлесі – 8,7% (Атырау, Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан кейін 4-орында).
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.», «Жайықмұнай» ЖШС сияқты мұнайгаз секторының ірі кәсіпорындарымен ұсынылып отырған өнеркәсіп өнімінің негізгі көлемі тау-кен өндіру өнеркәсібі (88,1%) саласына тиесілі. Облыстың көмірсутек шикізатының негізгі үлесі Қарашығанақ және Чинарев мұнайгаз конденсаты кен орындарында шоғырланған.
5-кесте
Өнеркәсіптің құрылымы
млн. теңге
Сала атауы
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
НКИ
2015 жыл 2014 жылға, %-бен
|
2015 ж. саланың үлес салмағы, %
|
Өнеркәсіп – барлығы,
соның ішінде:
|
1 659 661,6
|
1 839 821,9
|
1 302 068,0
|
94,7
|
100
|
тау-кен өнеркәсібі
|
1 482 062,2
|
1 657 346,1
|
1 146 628,3
|
96,8
|
88,1
|
өңдеу өнеркәсібі
|
141 416,7
|
142 480,0
|
107 057,7
|
72,1
|
8,2
|
электрмен қамту, газ беру, бу және ауамен баптау
|
29 560,5
|
34 110,3
|
43 686,0
|
87,3
|
3,3
|
сумен қамту; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау
|
6 622,2
|
5 885,5
|
4 696,0
|
80,3
|
0,4
|
Республикада облыстың үлесіне газ конденсатын өндіру көлемінің 97% және газ өндіру көлемінің 43% тиесілі.
2013 жылдан 2015 жылға дейін газ конденсатын өндіру көлемі – 2,5%-ға, табиғи газ 2,8%-ға өсті. 2015 жылы мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне байланысты мұнай өндіру 26,2%-ға азайғаны байқалады.
6-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |