§ 67. ЖАЛПЫЛАУ ЕСІМДІГІ.
Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретіи есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы — өлең айтып, ән салалық. (А.). Тугел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би (мақал).
Берілген мысалдан көрінетіндей, жалпылау есімдігі көбіне-көп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ жалпылау есімдігі кептеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы: Енді нені істейміз, Бәрінен де бос қалдық? (А). Біліпті дерттін барлығын (А).
Әдетте жалпылау есімдіктері тәуелденіп барып септеледі.
§ 68. БОЛЫМСЫЗДЫҚ ЕСІМДІГІ.
Болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдігі деп аталады. Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме. Мысалы: Көнбеді ешкім. сөзіме Әдетіне қарысып (А) Болымсыздық есімдіктердің ешкім, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендері зат есімнің орнына, ешқандай, ешбір дегендері сын есімнің орнына, ешқашан, ешқайдан дегендері үстеу немесе мезгілдік,
66
мекендік мағынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Мысалы: Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? (А). Ашық мінез, ақ маңдай, Менмендік жоқ ешқандай (қазақ әндері). Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге каратпа, кісіге каратып ойнап оқтама (Ш. Айманов). Ешқайда болмай шықты оған жер тең (С. М.) деген сөйлемдерде ешкім деген болымсыздық есімдігі кім (білмейді)? деген сұраққа жауап беріп, адам мәнінде қолданылған, сөйлемнің бастауышы болып тұр; ешқандай бо-лымсыздық есімдігі қандай (менмендік)? деген сұрааққа жауап беріп, менмендік деген дерексіз мәндегі заттың сынын білдіріп, сөйлемнің анықтауышы болып тұр; ешқашан болымсыз есімдігі қашан (қаратпа)? деген сқраққа жауап беріп, қаратпа деген қимылдың мезгілін, ешқайда болымсыздық есімдігі қайда (болмай шықты)? деген сұраққа жауап беріп, болмай шықты деген қимылдың мекенін білдіріп пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш сөзі мен бір, кім, қашан, қандай, қайдан, қайда, қайсысы тәрізді есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған. Сондықтан да олар бірігіп жазылады. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркессе, бөлек жазылады. Мысалы: Сенен басқа еш жерден Таба алмадым орнымды (А).
§ 69. БЕЛГІСІЗДІК ЕСІМДІГІ.
Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады. Мысалы: Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін. (А). Адамның кейбір кездері Көңілде алан басылса (А). Бұл сөйлемдердегі біреу есімдігі белгісіз бір адам деген мағынада, кейбір есімдігі нақ мезгілді атамай белгісіз бір кездер мәнінде қолданылған.
Белгісіздік есімдігіне біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлдекім, әлдене, әркім, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан дегендер жатады.
Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар. 1. Әлде, әр, кей, қай, бір сөздері екінші есімдіктермен (біреу, кім, не, бір, қашан, қалай, қайда, аз т. б.) тіркескеңде, бірге жазылады да, басқа сөз таптарымен (мысалы, зат есімдермен) тіркескенде, бөлек жазылады. Мысалы: Бізде ерік жоқ, бастай бер, Әлденеге бастайсыз (А). Әлдеқайдан гармон үні, ән сазы естіледі (Қ. Тоқаев). Әрқашан күн сөнбесін... Директор біреумен сөйлесудің алдында көзінен көзілдірігін алып, әр уақытта да бір езу тартып, күлімсіреп алады. (С. Ерубаев). Кей құрбы бүгін тату, ертең бату (А).
2. Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әркім, әлдене тәрізді белгісіздік есімдіктер зат есім орнына жұмсалады. Олар көптік, тәуелдік, септік жалғауларында жұмсалып, сөйлемде атау септікте бастауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып толықтауыш, ілік септікте анықтауыш қызметтерін атқарады. Мысалы: Біреулер үйінің орнын
67
өлшеп, біреулер қазып үлгіріп, қайсыбіреулері қалқитып та алған (Мұст). Біреудің кісі өлсе, қаралы ол... (А). Кейбіреуге таяғым Тиіп те кетті бартылдап (А). Әсепмаз болма әрнеге (А). Берілген сөйлемдерде біреулер деген кептік және атау септік жалғауларында тұрып, кім (өлшеп, қазып үлгіріп)? деген сұраққа жауап беріп, қайсыбіреулері деген көптік, тәуелдік және атау септік тұлғасында тұрып, кім (калқитып та алған)? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болып тұр, біреудің белгісіздік есімдігі ілік септікте тұрып, кімнің (кісісі)? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып тұр. Кейбіреуге, әрнеге дегендер барыс септікте тұрып, кімге (тиіп кетті)? неге (әсемпаз болма)? деген сұраққа жауап беріп толықтауыш болып тұр.
3. Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір дегендер сын есім орнына жұмсалып, әлденеше, бірнеше, біраз дегендер сан есім орнына жұмсалып, әдетте анықтауыш қызметінде қолданылады. Мысалы: Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп (А.) Иә, шынын айту керек, бір ерекшелігі мұндағы әрбір қызметкердің бір-бір көмекшісі бар екен (Қыдырбекұлы). Саяси сабақтан қолы бос кездерін пайдаланып, тағы да біренеше модель жасады. (Шаймерденов). Мол күш тоғысқан майдан өмірінде өлім әр адамға әр түрлі жағдайда кездесіп жатады (Қ. Тоқаев). Берілген сөйлемдерде белгісіздік есімдіктері қай (жігіт?— кейбір), қай (қызметкердің?— әрбір), қанша (модель?— бірнеше), қай (адамға?— әр) деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш болып тұр.
Белгісіздік есімдігінің бұл түрі кейде тәуелденіп, септеліп келіп, заттанып, атау септікте бастауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде толықтауыш қызметінде де жұмсалады. Мысалы: Кейбірі пірге қол берген, Іші — залым: сырты — абыз (А). Нариманнын бұндай кылығының қайсыбірін айтып түгесейін (Аманшин). Берілген сөйлемдерде кейбірі (кім қол берген?) атау септікте бастауыш, қайсыбірін (нені айтып түгесейін?)— табыс септікте толықтауыш қызметін атқарып тұр.
4. Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан деген белгісіздік есімдіктері үстеу мәнінде мезгіл, мекен мағыналарын білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көкшетау оның маңындағы қалың орман әлдеқашан артта қалған. (С. С.). Жасы үлкен, денесі кең Сергей Петрович әрқашан осылай балаша куанады, балаша ренжиді (Ғ. Мұст). Колхозға жете берістегі ылдидан зырғаған шана екпінінен гулей соққан жел ару сөзін қағып алып, әлдеқайда алып кетті (Саин).
Берілген сөйлемдерде әлдеқашан (қашан артта қалған?), әрқашан (қашан қуанады, ренжиді?), әлдеқайда (қайда алып кетті?) деген белгісіздік есімдіктері пысықтауыш болып тұр.
§ 70. ЕСІМДІКТЕРДІҢ ЕМЛЕСІ.
Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау есімдіктері негізгі түбір сөздер болғандықтан, дара есімдіктер болып саналады. Мысалы:
68
мен, сен, сіз, ол, бұл, ана, сол, қанша? қалай бәрі, түгел, өзім т. б.
Еш, әлде, әр, кей, қайсы, бір сөздері мен басқа есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған болымсыздық, белгісіздік есімдіктері күрделі есімдіктер болып саналады, олар бірге жазылады. Мысалы: ешкім, ешқашан, ешбір, әлдекім, әрбір, кейбір, әрқалай, әрқашан т. б.
Еш, әлде, әр, кей, бір, қай сөздері басқа сөз таптарымен (зат есім, кейде қатысты сын есімдермен) тіркесіп қолданылады да, болек жазылады. Мысалы: еш уақытта, әр адам, кей шақта, бір мезгілде, әр турлі т. б.
§ 71. ЕСІМДІКТЕРДІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.
Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, сөйлемде әр түрлі мүшенің қызметін атқарады.
1. Есімдіктер, әсіресе жіктеу есімдіктері, атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Кино үстінде бұлар бір-біріне бір ауыз сөз айтқан жоқ. (Ж. Молдағалиев).
2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады. Мысалы: Кеудемде жаным тұрғанда Гауһарды ешкімге бермеспін (С. Мыңжасарова). Жалғыз сенен айырылып, Артына қарап аһ ұрдым (А).
3. Есімдіктер ілік септікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қолданылып, аныктауыш болады. Мысалы: Ешбір дарынды ақын, ешбір дарынды жазушы орыс әдебиетін, орыс әдебиеті аркылы дүние жүзілік озық әдебиеттің көрнекті үлгілерін аттап өте алмауы керек. (Ғ. М.). Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол (А). Бұл сұрауға жауап бермей, аз отырып барып сөйледі. (С. М.). Бірнеше жұмсақ алақан Көтеріп бара жатқандай (Ғ. Қайырбеков).
4. Есімдіктер мезгіл, мекен мағыналарыңда үстеудің орнына қолданылса, пысықтауыш болады. Мысалы: Бүгін ешқайда бармайсыңдар, маған бір кешті қимайсыңдар ма? (Ж. Молдағалиев). Бірен-саран шыққан астықтарын жұрт әлдеқашан жинап алған. (С. Дөнентаев).
5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, баяндауыш болады. Мысалы: Менің іздегенім — сенсің. Әнеугі келген бала — осы. Сен нешіншісің?
Пысықтау үшін сұрақтар:
1. Есімдіктің мағыналық ерекшеліктері неде? 2. Не себепті есімдікті орынбасар сөз табы деп атауға болады? 3. Есімдіктің қандай мағыналық түрі бар? 4. Жіктеу есімдіктерінің негізгі ерекшеліктері неде? 5. Жіктеу есімдіктерінің жаққа қатысы қандай? 6. Жіктеу есімдіктері қандай сөз табының орнына жүреді? 7. Жіктеу есімдіктерінің септелу ерекшеліктері қандай? 8. Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшеліктері қаңдай?
69
9. Сілтеу есімдіктері қандай сөз таптарының орнына жүреді? 10. Сілтеу есімдіктерінің тәуелдену, септелу ерекшеліктері қандай? 11. Сұрау есімдіктерінің ерекшеліктері неде? 12. Сұрау есімдіктерінің тәуелдену, септелу, жіктелу ерекшеліктері қандай? 13. Өздік есімдігінің қолдану, түрлену ерекшеліктері қандай? 14. Жалпылау есімдігінің мағыналық ерекшелігі неде? 15. Болымсыздық есімдіктерінің мағыналық, құрамдық ерекшеліктері қандай? 16. Белгісіздік есімдіктерінің мағыналық, құрамдық ерекшеліктері қандай? 17. Есімдіктердің емлесін айт. Әсіресе болымсыздық, белгісіздік есімдіктері қалай жазылады? Мысалдар келтір. 18. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметін талдап бер.
ЕТІСТІК.
§ 72. ЕТІСТІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Етістік — заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т. б. тұлғалардағы) деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, Көп ойнасаң, бала боласың (мақал). Көкек көріп қарлығашты қиғаш келіп амандасты (Ш. Смақанұлы). Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Басқаға жануарды теңгермедім (С. С). Берілген мысалда ойласаң, ойнасаң (сен не істесең?), боласың (сен не істейсің?), көріп, келіп (көкек не істеп?), амандасты (көкек не істеді), көрмедім, теңгермедім (мен не істедім?) деген сөздер заттардың (сен, көкек, мен) қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Сондықтан бұл сөздер етістік болып табылады.
Етістік құрамына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып бөлінеді. Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі етістік деп аталады. Мысалы: кел, бар, жүр, көр, бер, ал, қойды, айтты, жайды, үйіп, көріп, алған, салған т. б.
Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Мысалы: ойна, шегеледі, қарайып, көгерген, басқарса, кушейіп т. б. деген етістіктер ойын, шеге, қара, көк, бас, күш деген түбірлерге (есім сөздерге) -а, -ле, -й, -ер, -қар, -ей жұрнақтары жалғану арқылы етістік жасалған.
Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан (есімдер мен еліктеуіш сөздерден) белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар мыналар:
1. -ла, -ле, -да, -де, -та, -те; шеге-ле, таза-ла, бас-та, т. б.
2. -а, -е: ойн-а, бос-а, мін-е т. б.
3. -ай, -ей, -й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й т. б.
4. -ар, -ер, -р: ағ-ар, көг-ер, қысқа-р т. б.
5. -ғар, -гер, -қар, -кер: бас-қар, ес-кер, тең-гер т. б.
7. -ыра, -іре: сарқ-ыра, жарқ-ыра, желб-іре т. б.
70
Етістік грамматикалық тұлғаларға бай сөз табы болып табылады. Қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі мәнді болуымен бірге етістік сөйлемде сол қимылды атқарушы субъектімен және объектімен әр қилы қатынасына байланысты (шақтык, жақтық, райға қатысты), болу-болмауына байланысты т. б. мәндік ерекшеліктерді білдіріп отырады. Олардың әрқайсысы белгілі тұлғалар арқылы жасалады. Етістіктің ондай ерекшеліктері негізгі және көмекші етістік, дара және күрделі етістік, болымды және болымсыз етістік, сабақты және салт етістік болып бөлінуімен, сондай-ақ етіс, шақ, рай категорияларынан, көсемше, есімше, туйық етістік сияқты ерекше тұлғаларынан, жіктелуінен көрінеді.
Кейде етістіктің болымды және болымсыз, сабақты және салт етістік пен етіс түрлері лексика-грамматикалык категориялары, шақ, рай, жақ (жіктелу) түрлері грамматикалық категориялары деп те аталады.
§ 73. НЕГІЗГІ ЕТІСТІК ПЕН КӨМЕКШІ ЕТІСТІК.
Етістіктер білдіретін мағынасына, соған сәйкес сөйлемде атқаратын қызметіне қарай екі түрлі: негізгі етістік және көмекші етістік болып бөлінеді. Мысалы: Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып баласынан сұрады. (Ы. А.) Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан (А). Берілген екі сөйлемде бірнеше етістік қолданылған: келе және жатып, сұрады, болма, болсаң, арқалан, тап, бар, қалан. Білдіретін мағынасы жағынан және соған (мағынасына) байланысты атқаратын қызметі жағынан бұл етістіктер бірдей емес. Келе, сұрады, арқалан, тап, бар, қалан деген етістіктер — лексикалық мағынасы бар сөздер, сондықтан олар тікелей сұраққа жауап бере алады және сөйлем мүшесінің қызметін де атқара алады: басты қимыл келу, сұрау, арқалану, табу, бару, қалану: не істеп?— келе (жатып), не істеді?— сұра-ды, не істе?— арқалан, тап, бар, қалан — бәрі де баяндауыш. Ал жатып, болма, болсаң деген етістіктердің лексикалық мағынасы толық сақталмаған: әрі келіп, әрі жатуға болмайды ғой, бұл жерде әңгіме жатуда емес, сондай-ақ болма, болсаң дегендер де бір жерде тұру емес. Бұлар жеке тұрып сұракка да жауап бере алмайды, сөйлем мүшесі де бола алмайды. Сөйтіп, бұл сөздер лексикалық мағынасынан айырылып, екінші сөздің жетегінде ғана қолданылады: жатып — келе жатып, болма — әсемпаз болма, болсаң — өнерпаз болсаң болып колданылган.
Сөйтіп, жеке тұрып сұраққа жауап бере алатын және өз алдына сөйлем мүшесі бола алатын толық мағыналы етістіктер негізгі етістік деп аталады. Өз алдына жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, толық мағынасы жоқ, тек негізгі етістіктер мен есім сөздермен тіркесіп қана қолданылатын етістіктер көмекші етістіктер деп аталады.
Қазақ тілінде етістіктердің біразы әрі негізгі, әрі көмекші етістік мәнінде қатар жұмсала береді. Жоғарыда берілген сөйлем-
71
дерде жатып, болма, болсаң дегендер көмекші етістік болса, қонақтар жатып қалыпты, сен үйде болма, үйде болсаң, жұмыс істе деген сөйлемдерде олар — негізгі етістіктер. Керісінше айтқым келеді, таудан асып барады т. б. дегенде келеді, барады — көмекші етістік те, айтқым, асып — негізгі етістіктер.
Қазақ тілінде тек төрт етістік бар. Олар: е (еді, екен, емес) , жазда, ет, де (деп, десе, деген, дер). Бұлар тек қана көмекші етістік мәнінде ғана қолданылады, негізгі етістік болып жұмсалмайды, өйткені бұлар — лексикалық мағынасынан бүтіңдей айырылып қалған етістіктер. Мысалы: Оны әлі күнге өз ырқынан шығарған емес (М. Ә.). Асан қуанып жұмыртқаны алайын деп еді (Ы. А.). Тәңрі қоскан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең (А.).
§ 74. ДАРА ЕТІСТІК ПЕН КҮРДЕЛІ ЕТІСТІК.
Етістіктер құрамына қарай дара естістік және күрделі етістік болып екіге бөлінеді.
Бір ғана сөзден тұратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды (Ы. А.). Қозының жамырағанын Байторының сақ құлағы бағана сезген (М. Ә). Бұл сөйлемдегі салғызды, жамырағанын, сезген деген етістіктер дара етістіктер болып табылады. Өйткені бұлар — бір ғана сөзден тұратын етістіктер. Әрқайсысының өз алдына мағынасы бар, сұраққа жауап беріп, сөйлем мүшесі қызметін атқарады: Жұрттар не істеді?— салғызды (баяндауыш), нені сезген?— жамырағанын (толықтауыш), құлағы қайткен?— сезген (баяндау-ыш).
Екі я одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ауылда қосактағы қойлар да маңырап жатыр екен (М. Ә.). Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен (Ы. А.). Ерте барсам жерімді жеп қоям деп Ықтырмамен күзеуде отырар бай (А). Берілген сөйлемдердегі маңырап жатыр екен (қойлар қайткен?), Жамап отыр екен (қыз не істеген?) , жеп қоямын деп (не себепті отыр?), дегендер — күрделі етістіктер. Олар бір ғана лексикалық мағынаны (манырау, жамау, жеу) білдіреді, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады.
Әдетте күрделі етістіктің кұрамындағы бірінші етістік негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны сол білдіреді, одан кейінгісі көмекші етістік болады. Кейде көмекші етістік біреу емес, бірнеше болуы да мүмкін (жоғарғы сөйлемдердегі жатыр екен, отыр екен, қоямын деп). Негізгі етістік көбінесе көсемше тұлғасында (келе жатыр, барып қалды т. б.) және есімше тұлғасында (барған екен, жүретің болды, айтпақ болды т. б.) болып келеді де, көмекші етістік сөйлемдегі орны мен мағынасы, қызметіне қарай етістіктің барлық түрлерімен тұлғаланып қолданыла алады. Мысалы: Үнсіз
72
күліп тұрган — бағанағы бала шәкірт (М. Ә.). Еш нәрсені көре алмай келе жатса, Көзіне түтсі алыстан жалғыз карға(Ы. А.).
§ 75. БОЛЫМДЫ ЖӘНЕ БОЛЫМСЫЗ ЕТІСТІКТЕР.
Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. Етістіктің түбірі бұйрық райдың жекеше анайы II жақ тұлғасымен сәйкес келеді. Мысалы: кел-ді — сен кел, бер-ген-біз — сен бер т. б. Бірақ бұл екеуі бір емес, Етістік шақ, рай т. б. тұлғаларда жұмсалғанда, оның түбіріңде бұйрықтық мағына болмайды. Мысалы: (мен) ойна-сам, (ол) көр-іпті, (сен) айт-қансың т. б. етістіктердін түбірлері ойна, көр, айт. Бірак бұларда бұйрықтық мағына жоқ. Сонымен бірге бұйрықтық мағына, демек, бұйрық рай тұлғасы, тек түбір тұлға ғана емес, етістіктің кейбір басқа тұлғаларында да болып отырады. Мысалы: сен кел-тір-ме, сен ойна-тқыз, сен ойла-н-ыңқыра т. б. етістіктер бұйрық рай болғанымен, түбір тұлғалар емес. Бұның өзі етістіктің түбірі деген мен бұйрық райдың жекеше анайы II жағы деген ұғымдар бір емес екенін көрсетеді.
Сонымен бірге етістік қимылдың, іс-әрекеттің болмауын, іске аспауын да білдіреді. Ондай етістіктерді болымсыз етістік дейді. Болымсыз етістік негізгі я туынды түбір етістіктерге -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнактары арқылы және белгілі шақ тұлғасындағы етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: бар-ма, айт-па, көр-ме, кет-пе және келген жоқ, айтқан емес т. б.
§ 76. САБАҚТЫ ЕТІСТІК ПЕН САЛТ ЕТІСТІК.
Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып бөлінеді. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. Баламды медресеге біл деп бердім. Бетті бастым, Қатты састым. Бұл сөйлемдердегі баста, жазбаймын, бердім, бастым, деген етістіктер сөз, өлең, балам, бет деген сөздердің табыс септікте тұруын талап етіп тұр. Кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы мүмкін. Мысалы: өлең айт — өлеңді сен айт, кітап оқыды — кітапты бала оқыды, хат жаздым — жолдасыма хатты жаздым т. б. Ондай-да, мысалда көрсетілгендей, ол екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолдану керек. Кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. Ондайда етістіктен сұрақ қою керек.
73
Етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, оңда ол — сабақты етістік. Мысалы: айт, көр, оқы, бер, сайла т. б. етістіктерден кімді (нені) айт? кімді (нені) көр? нені оқы? нені бер? кімді (нені) сайла? деп сұрақ қоюға болады.
Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы, қаладан қайт, ауылға қайт, жолдасыңмен қайт немесе түсінде келді, үйден келді, баламен келді, үйге келді т. б. болып қолданылса да, нені (ауылда т. б.) қайт? нені (қаланы т. б.) келді? деп айтуға болмайды. Сондықтан бұлар — салт етістіктер.
Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -р, -т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шам-ды сөн-дір-ді, бала кетті — бала-ны кет-ір-ді, гүл өседі — гүл-ді өс-ір-гді, ол өкпеледі — о-ны өкпеле-т-ті т. б. Ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: Әңгіме-ні, айтты — әңгіме айтылды, хат-ты жазды — хат жазылды, кітап-ты түгел оқыды — кітап түгел оқылды т. б.
§ 77. етістер.
Қимылдын іс-әрекеттің орындаушыға (қимыл иесімен тура істелетін іске) қатысын білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады. Мысалы: ол жуынды, ол баласына кітап оқытты, әңгіме айтылды, олар бір-бірімен хат жазысты деген сөйлемдерде жуу қимылы іс иесінің (орындаушының) өзіне қарай бағытталғанын, оқу іс-әрекеті оның тікелей қимыл иесі (ол) арқылы емес, екінші бір иесі (баласы) арқылы орындалғанын, айту іс-әрекеті қимыл иесінің өздігінен орындалғандай болуын, жазу іс-әрекеті қимыл иесінің біреу емес, бірнешеу (олар) екенін білдіріп тұр да, ол мағыналар түбірге -ын, -т, -ыл, -ыс жұрнақтары жалғану арқылы берілген. Соған орай етістер төрт түрге бөлінеді: Өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс және ортақ етіс.
Болымсыз етістік жұрнағы етіс жұрнағынан кейін жалғанады: айт-қыз-ба, ки-ін-бе, сөйле-с-пе т. б.
1. Өздік етіс.
Қимылдың іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістің түрі өздік етіс деп аталады. Мысалы: Таң атқанша тарандық (Махамбет)
74
Оқушылар ерте тұрып жуынды. Бала өзі киінді деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгі іс иесі (орындаушы) біз (тарандық), оқушылар (жуынды), бала (киінді) арқылы орындалып, әрі қимыл сол іс иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.
2. Өзгелік етіс.
Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады. Ол жұрнақтар: 1) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, жет-кіз; 2) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, сал-дыр, сен-дір, ас-тыр, тік-тір, кет-ір, ас-ыр; 3) -т; жаса-т, сөйле-т т. б. Демек, өзгелік етісті сөйлемде кимылды, іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі — сол кимылды орындатушы, екіншісі — қимылды тікелей орындаушы, бұл ғылым тілінде агенс деп аталады. Мысалы: Ол баласына өлең айтқызды.
3. Ырықсыз етіс.
Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрінеді де, -ыл, -іл, -л, түбірдің ішінде л дыбысы болса -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады: сөз айт-ылды, уәде бер-іл-ді, шарт жаса-л-ды, үй таза-ла-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-ды т. б.
4. Ортақ етіс.
Қимыл, іс-әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы: Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Қыз бен жігіт сөйле-с-ті. Ол бізге үй сал-ыс-ты. деген сөйлемдердегі жазу, сөйлеу, салу қимылдары бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан емес, бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан, қыз бен жігіт, ол мен біз) арқылы іске асатынын көрсетеді.
Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнактары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айт-ты,— әңгіме айтылды, сөзді сөйледі — сөз сөйленді, қолын жуды — ол жуынды, т. б. Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанса, салт етістікті сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, оқушы орындықта отырды — окушы орындыққа отырғызды, хат жетті —хатты жеткізді т. б.
Етіс жұрнактары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді: Сөйле-с-іл-ді, жүр-гіз-іл-ді, айт-ыс-тыр-ды т. б.
75
Пысықтау үшін сұрақтар:
1. Етістік нені білдіреді? 2. Етістік қандай сұраққа жауап береді? 3. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді? 4. Туынды түбір етістіктер қалай жасалады? 5. Етістіктің түбірі кандай тұлғамен сәйкес келеді? 6. Етістіктің түбірі мен бұйрық райдың (жекеше анайы 2-жақ) тұлғасын қалай ажыратуға болады? 7. Негізгі етістік пен көмекші етістіктің ерекшеліктері неде? 8. Дара етістік пен күрделі етістіктің мәні кандай? Күрделі етістік қалай жасалады. 9. Болымсыз етістік деген не, қалай жасалады? 10. Сабақты етістік пен салт етістіктің мағыналық ерекшелігі неде? 11. Олардың мағыналық ерекшеліктері сөйлемде қалай көрінеді? 12. Сабақты етістікті салт етістікке, салт етістікті сабақты етістікке айналдыруға бола ма? Мысал келтір. 13. Етіс нені білдіреді? 14. Етістің кандай түрлері бар және қалай жасалады? 15. Бір түбірге бірнеше етіс жұрнағы қалай жалғанады?
Достарыңызбен бөлісу: |