§ 86. ТҰЙЫҚ ЕТІСТІКТІҢ ЕМЛЕСІ.
1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар-у, қайт-у, көр-у, кел-у. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойна-у, сөйле-у, барма-у, келме-у, сана-у.
2. Дауысты -ы, -і дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы -ы, і ды-быстары жазылмай -у дыбысының құрамына еніп кетеді де, ол (у) дауысты дыбыс болып есептеледі. Мысалы: оқы + у — оку, та-сы + у — тасу, кемі + у — кему, ері + у — еру.
3. Қатаң п, қ, к дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б-ға, қ, к, дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады. Мысалы: ақ + у — ағу, кеп + у — кебу, тап +у — табу, үк + у — үгу т. б.
84
Пысықтау үшін сұрақтар:
1. Есімше не себепті етістіктің ерекше түрі? 2. Есімшеде есім сөз таптарының қандай қасиеттері бар? Етістіктің қандай касиеттері бар? Мысалдармен талдап, дәлелдеп бер. 3. Есімшенің жасалуын ата. Есімше етістіктің қандай түбірлерінен жасалады? 4. Есімшенің түрлері есімше жасайтын жұрнактарға қалай байланысты? 5. Есімшенің кептелу ерекшелігі қандай? 6. Есімшенің тәуелдену, септелу ерекшеліктерін айтыңдар. 7. Есімшенің жіктелу ерекшелігін талдап беріңдер. 8. Есімше сөйлемде қандай қызмет атқарады? Мысал келтіріп, талдап көрсетіңдер. 9. Не себепті көсемше етістіктің ерекше түрі деп аталады? 10. Көсемшенің үстеумен қызметі мен мағынасы жағынан жақын келетінін мысалдармен дәлелдеңдер. 11. Көсемшенің жасалу жолдарын мысалдармен талдап көрсетіңдер. 12. Көсемшенің түрлерін айтыңдар. 13. Көсемшенің жіктелу ерекшеліктері қандай? Көсемшенін қай түрі жіктелмейді. 14. Көсемше сөйлемде қандай қызмет атқарады? Мысал келтіріп, талдап көрсетіңдер. 15. Тұйық етістіктің ерекшеліктері неде? Тұйық етістіктің мағынасы жағынан етістіктің басқа түрлерінен айырмашылығы неде? 16. Тұйық етістіктің зат есіммен жақындығы қандай? 17. Тұйық етістік қалай жасалады? 18. Тұйық етістік қалай септеледі? 19. Тұйық етістіктің көптелу, тәуелдену ерекшелігі қандай? 20. Тұйық етістіктің қандай емлелік ерекшелігі бар? 21. Сөйлемдегі қызметі жағынан тұйық етістіктің басқа етістік түрлерінен айырмашылығы кандай?
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ.
§ 87. ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Етістіктің кимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі, ал іс-әрекеттің, қимылдың орындалу, жүзеге асу мезгілі, уақыты болады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың ету мезгілін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Шақ, кез, сәт, уақыт, мерзім сөздері — мезгілдін синонимдері. Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдын мезгілі, шақтық мағынасы мынадай болуы мүмкін: 1) үнемі қайталанатын, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрган кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет; 2) сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен кимыл, іс-әрекет; 3) сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін әйтеуір болуға тиісті қимыл, іс-әрекеттер. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды (Ы. А.). Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі (А.). Енді бүгін қарасам, Айналам бақыт кең жатыр. Бірімен-бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр (Ж. Ж.). Бұл сөйлемдердегі салғызды, қалмайды, құлпырар, жатыр етістіктері мезгіл (шақ) мағынасын білдіруі жағынан бірдей емес. Салғызды, деген салғызу
85
кимылының сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенін білдірсе, қалмайды, құлпырар етістіктері қалмау, құлпыру қимылдарының әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын, ал жатыр етістігі бұл қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып отырғанын білдіріп тұр.
Бірақ мезгіл мағынасы бар сөздің бәрі бірдей шақ мәнін білдіре бермейді. Мысалы, кеше, бүгін, ертең, биыл сияқты сөздер мезгілдік мән білдірсе де, олардың шақтық қасиеті жоқ. Өйткені бұл сөздерде шақтық мағынаны білдіріп тұратын грамматикалық тұлға жоқ. Демек, шақтык мағына сөздің жалпы мағынасынан ғана көрінбейді, ол мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық тұлға болу керек. Сондай-ақ ондай сөздердің мезгілдік мәні шақтық жағынан кейде айқын да бола бермейді. Мысалы, бүгін, биыл деген сөздер сөйлеп тұрған кездегі мезгілді білдіретін сияқты. Егер бүгін, биыл, отыр десек, мезгілдік мағына — сөйлеп тұрған сәтті білдіреді. Ал бүгін, биыл отырған (отырыпты) дегеңде өткен мезгілді, бүгін, биыл, отырар (отырмақ) болса, әлі болмаған мезгілді білдіреді. Міне, осыдан анық көрінетіндей, шақтық мағына жекелеген мезгілдік мәндегі сөздер арқылы емес, етістіктің грамматикалық тұлғасы арқылы беріледі.
Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалары мен етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Шақтық мағына осы тұлғалар арқылы дара етістікте де (кел-іп-ті, кел-ер), күрделі етістікте де (келіп отыр, келіп кет-кен, келіп кет-пек) беріліп отырады.
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі үш түрлі. Соған сәйкес етістіктің шақ түрі де үшеу. Сөйлеп тұрган сәтке байланысты яғни сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді.
Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол аркылы жақтық мағына берілді. Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше және арнайы шақ жұрнақтарына) кейін жалғанады: оқы-ған-мын, оқы-р-сың, бар-ып-ты, бар-ды-м, бар-мақ-сың т. б.
Күрделі етістікте жіктік жалғау оның құрамындағы көмекші етістікке жалғанады: сөйлеп отыр-ған-сың, сөйлеп отыр-ар-мын.
§ 88. ОСЫ ШАҚ
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналык белгілері:
1. Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттерді білдіреді. 2. Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекеттерді көрсетеді.
1. Трактор жер жыртып жүр. Нұрлан хат жазып отыр. Мал өрісте жатыр. Осы сөйлемдегі жыртып жүр, жазып отыр, жатыр етістіктері — сөйлеп тұрған сәттегі қимылдар. 2. Трактор жер жыртады. Нұрлап хат жазып тұрады. Мал өрісте жатады.
86
Бұл сөйлемдердегі жыртады, жазып тұрады, жатады етістіктері — қалыптасқан, дағдыға айналған іс-әрекеттер. Міне осылай, етістіктің осы шағы істің дағдылы түрде қайталанып тұратынын және сөйлеп тұрған кезде істеліп жатқанын білдіреді.
§ 89. ОСЫ ШАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Осы шақ мағынасы мен түрлеріне қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.
1. Нақ осы шақ.
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.
а) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жур деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады. Қалып етістіктеріне жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше жіктеледі.
Қалып етістіктерінің жіктелу үлгісі.
Жақ
|
отыр
|
тұрмын
|
жүр
|
жатыр
|
I.
II.
III.
|
отырмын отырсың отырсыз отыр —
|
тұрмын тұрсың тұрсыз
тұр —
|
жүрмін жүрсің жүрсіз
жүр —
|
жатырмын жатырсың жатырсыз жатыр —
|
I.
II.
III.
|
отырмыз отырсыңдар отырсыздар отыр
|
тұрмыз тұрсыңдар тұрсыздар тұр
|
жүрміз жүрсіңдер жүрсіздер жүр
|
жатырмыз жатырсыңдар жатырсыздар жатыр
|
Отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктері III жақта жіктік жалғауынсыз жұмсалады. Бұнда да есімдер (мысалы, зат есім, сын есім, сан есім) сияқты III жақта жіктік жалғауы болмайды. Қалып етістіктерінің үшеуі (отыр, тұр, жүр) екі түрлі мағынада жұмсалады: 1) 2-жақ жіктеу есімдігімен (сен) тіркесіп, II жақ бұйрық мағынасын білдіреді: сен отыр, сен тұр, сен жүр: 2) 3-жақ жіктеу есімдігімен тіркесіп, III жақта жұмсалып, осы шақ мағынасын білдіреді: ол отыр, ол тұр, ол жүр. Ал жатыр етістікті II жақ бұйрық рай мағынасында жат (сен жат) түрінде 3-жақта жіктелгенде, жатыр (ол жатыр) түрінде қолданылады.
ә) Нақ осы шақтың күрделі етістіктің -ып, -іп, -п және -а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады.
87
Бұл нақ осы шақ күрделі етістіктен жасалатындықтан да оның күрделі түрі деп танылады. Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктердің (отыр, тұр, жүр, жатыр) жіктелуі арқылы шақтық мағына беріледі. Мысалы: Мен оқып отырмын. Сен ойнап жүрсің. Оқушы кітап оқып тұр.
Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі.
Жақ
|
жекеше
|
көпше
|
1.
2.
3.
|
оқып отырмын оқып отырсың оқып отырсыз оқып отыр-
|
оқып отырмыз
оқып отырсыңдар
оқып отырсыздар
оқып отыр
|
2. Ауыспалы осы шақ.
Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен келе-мін, Сен ойна-й-сың. Ол бар-а-ды.
Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу үлгісі.
Жақ
|
жекеше
|
көпше
|
I.
II.
III.
|
айтамын, келемін, сөйлеймін айтасың, келесің, сөйлейсің айтасыз, келесіз, сөйлейсіз айтады, келеді, сөйлейді
|
айтамыз, келеміз, сөйлесеміз айтасыңдар, келесіңдер, сөйлейсіңдер айтасыздар, келесіздер, сөйлейсіздер айтады, келеді, сөйлейді.
|
Ауыспалы осы шақ тұлғасы (яғни көсемше түрінің жіктелген түрі) сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, еңді бірде келер шақ мағынасын береді. Сондықтан да осы шақтың бұл тұлғасы ауыспалы деп аталады.
§ 90. КЕЛЕР ШАҚ.
Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрган сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді. Мысалы: Ол мектепке ерте бармақ. Сендер үйге келеңсіңдер.
88
Бұл сөйлемдегі бармақ, келесіңдер деген етістіктер бару, келу қимылдарының әлі болмағанын, бірақ келешекте болатынын білдіріп тұр.
§ 91. КЕЛЕР ШАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Келер шақ мағынасы мен жасалуына карай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ және ауыспалы келер шақ болып үшке бөлінеді.
1. Болжалды келер шак.
Болжалды келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің болу мүмкіндігін айқын көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді.
Болжалды келер шақ етістіктің түбіріне есімшенің -ар, -ер, -р, болымсыз етістіктен кейін -с жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Біз бар-ар-мыз. Сен оқы-р-сың сіздер кел-ме-с-сіздер.
Болжалды келер шақтын жіктелу үлгісі.
Жақ
|
жекеше
|
көпше
|
I.
II.
III.
|
бар-ар-мын, кел-ме-с-пін
бар-ар-сың, кел-ме-с-сің,
бар-ар-сыз, кел-ме-с-сіз,
бар-ар-, кел-ме-с-,
|
барар-мыз, кел-мес-піз
барар-сың-дар, келмес-сің-дер барар-сыздар, келмес-сіз-дер барар-, келмес-,
|
Ескерту: Болжалды келер шақ — с жұрнағы арқылы болымсыз етістіктен жасалғанда, қимыл, іс-әрекеттің болмауын болжай, күмән келтіре айтудан, білдіруден гөрі жігерлі, үзілді-кесілді мән беруге бейім болады: барма-с-пын, келме-с-пін. Кейде I жақ жіктік жалғауы -пын, -пін ықшамдалып -н түрінде ғана жұмсалады. Мысалы, бар-ма-с-пын — бар-ма-н, сөйле-ме-с-пін- сөйле-ме-н болып та колданыла береді. Мұндай тұлғалы етістіктер поэзияда жиі кездеседі. Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай).
2. Мақсатты келер шақ.
Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.
Мақсатты келер шак етістіктің түбіріне -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пак,, -пек жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-пын, Сіз ерте кет-пек-сіз.
89
Етістіктің -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағынын үстіне -шы, -ші жұрнағы жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы үстеулі (жіктелуі) арқылы да мақсатты келер шақ жасалады. Мысалы: Мен ауылға бар-мақ-шы-мын. Сен ерте кет-пек-ші-сіз.
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, және -шы, -ші тұлғалы негізгі етістікке емес деген көмекші етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Ондайда жіктік жалғау емес көмекші етістігіне жалғанады. Мысалы: кел-мек-ші, емес-пін, бар-мақ емес-сің.
Мақсатты келер шақтың жіктелу үлгісі.
Жақ
|
жекеше
|
көпше
|
I.
|
Бармақпын, бармақшымын
|
бармақпыз, бармақшымыз
|
|
|
бармақсыңдар, бармақшысың-дар
|
II.
|
бармақсың, бармақшысың
|
бармақсыздар
|
|
бармақсыз, бармақшысыз
|
бармақшысыздар
|
III.
|
бармақ-, бармақшы-,
|
бармак,-, бармақшы-.
|
3. Ауыспалы келер шақ.
Ауыспалы келер шақ та ауыспалы осы шақ сияқты -а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктелуі арқылы жасаладьг. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ бір-бірінен сөйлемдегі мағынасы жағынан ажыратылады. Мысалы: Ол нағашысының қолында тұрады. Келемін тау ішінде тунделетіп... деген сөйлемдердегі тұрады, келемін етістіктері ауыспалы осы шақ мағынасын білдіріп тұр. Ол ертең тұрады. Ауылға меп кешке келемін деген сөйлемдердегі тұрады, келеміп етістіктері ауыспалы келер шақ мағынасын беріп тұр.
Ауыспалы келер шақтык ауыспалы осы шақтан айырмашылығы сөйлемде мезгіл мәнін білдіретін басқа сөзден де байқалып отырады. Жоғарыдағы мысалдағы ертең және кешке сөздері осындай мән беріп, қызмет атқарып тұр.
Мына мысалдарды салыстырып көріңдер.
Осы шақ келер шақ
Ол мектепте окиды. Ол сабағын кешке оқиды.
Бұл жерде ағаш өседі. Ағаш бұл жерде күтсе ғана өседі.
Мен ылғи ерте тұрамын. Мен ертең ерте тұрамын.
Ол өлең жазады. Өлеңді ол есейгенде жазады.
Ескерту: Ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақта I жақ жіктік жалғауы (-мын, -мін) кейде ықшамдалып, -м түрінде жалғанады: айт-а-мын,— айт-а-м, кел-е-мін — кел-е-м, сөйле- й-м.
90
Бірінші жақтың мұндай ықшамдалып қолданылуы көбіне ауызекі сөйлеу тіліне тән.
§ 92. Өткен шақ.
Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оқыдым. Ол кезде сен оннан асқансың. Шалдың бір баласы болыпты. Демалыста оқушылар қалаға баратын.
Берілген мысалдағы бітірді, оқыдым, асқансың, болыпты, баратын деген етістіктер бітіру, оқу, асу, болу, бару қимылдарының (іс-әрекеттерінің) болып кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр.
§ 93. ӨТКЕН ШАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Өткен шақ мағынасы мен жасалуына карай жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жіктеліп колданылады. Мысалы: Асан домбыра тарт-ты, мен өлең айт-ты-м. Сен үйге келме-ді-ң.
Жедел өткен шақтың жіктелу үлгісі.
Жақ
|
жекеше
|
көпше
|
I.
|
келдім, айттым, алмадым
|
келдік, айттық, алмадық
|
II.
|
келдің, айттың, алмадың
|
келдіңдер, айттыңдар,
алмадыңдар
|
|
|
|
келдіңіз, айттыңыз, алмадыңыз
|
келдіңіздер, айттыңыздар
алмадыңыздар
|
|
|
III.
|
келді-, айтты-, алмады-.
|
келді-, айтты-, алмады-.
|
Осы кестеден көрінетіндей, жіктік жалғаулары жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікке ерекше түрде жалғанады:
Жақ
|
жекеше
|
көпше
|
/
жақта
II
жақта
III
жақта
|
м
-ң (анайы түрі)
-ңыз, -ңіз (сыпайы түрі)
(жалғау жоқ)
|
-қ, -к
-ңдар, -ңдер (анайы түрі)
-ңыздар, -ніздер (сыпайы түрі)
(жалғау жоқ)
|
91
Жедел өткен шақтың жұрнағы (-ды, -ді, -ты, -ті) мен III жақтың жіктік жалғауын (-ды, -ді, -ты, -ті) шатастырмау керек. Бұл қосымшалардың тұлғасы, дыбысталуы бірдей болғанмен, мағынасы, қызметі баска-басқа. III жақ жіктік жалғауы шақ мағынасын білдірмейді, ал жедел өткен шақ жұрнағы жақ мағынасын білдірмейді. Мысалы, барып-ты, бара-ды деген сөздерде соңғы -ты, -ды жалғаулары шақ (жедел өткен шақ) мағынасын беріп тұрған жоқ, қимылдың 3-жақ (ол) арқылы болатынын білдіріп тұр. Бұл сөздердегі шақтық мағына ол жалғаудың алдында тұрған -ып, -а, тәрізді көсемше жұрнақтары арқылы берілген. Керісінше бар-ды дегенде -ды жұрнағы шақ мағынасын (жедел өткен шақта) беріп тұр да, III жақ мағынасын білдіріп тұрған жоқ. Өйткені I және II жақтарда (бар-ды-м, бар-ды-қ және бар-ды-ң, бар-ды-ңыз, бар-ды-ңдар, бар-ды-ңыздар) да жедел өткен шақ қосымшасы (-ды) сақталады, 3-жақта арнайы жалғау жоқ.
III жақтың жіктік жалғауы тек көсемшенің -ып, -іп, -п және -а, -е, й жұрнағынан кейін ғана жалғанады: кел-іп-ті, қара-п-ты, кел-е-ді, қара-й-ды. Ал жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің негізгі және туыңды түбірлеріне және етіс, болымсыз етістік тұлғаларына тікелей жалғанады: кел-ді, қара-ды, кел-тір-ді, қара-т-па-ды т. б.
2. Бұрынғы өткен шақ.
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылга барыпты. Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.
а) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: (мен) бар-ған-мын, (сен) кел-ген-сің, (ол) айт-қан.
Бұрынғы өткен шақтың жіктелу үлгісі.
Жақ
|
жекеше
|
көпше
|
I.
|
айтыппын, келіппін
|
айтыппыз, келіппіз
|
II.
|
айтыпсың, келіпсің
|
айтыпсыңдар, келіпсіңдер
|
|
айтыпсыз, келіпсіз
|
айтыпсыздар, келіпсіздер
|
III.
|
айтыпты, келіпті
|
айтыпты, келіпті
|
I.
|
айтқанмын, келгенмін
|
айтқанбыз, келгенбіз
|
II.
|
айтқансың, келгенсің
|
айтқансыңдар, келгенсіңдер
|
|
айтқансыз, келгенсіз
|
айтқансыздар, келгенсіздер
|
III.
|
айтқан-, келген-,
|
аитқан-, келген-,
|
Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге немесе -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге е(еді) көмекші етістігі тіркелуі арқылы да жасалады. Есімше түрінде е көмекші етістігі
92
екен түріңде де тіркеседі. Бұрынғы өткен шақтың мұндай күрделі түрінде е (еді, екен) көмекші етістігі ғана жіктеледі. Бұрынғы өткен шақ күрделі түрінің жіктелу үлгісі.
Жақ
|
жекеше
|
көпше
|
1.
|
оқыған едім (екенмін),
|
оқыған едік (екенбіз)
|
|
оқып едім
|
оқып едік
|
2.
|
оқыған едің (екенсің),
|
оқыған едіңдер (екенсіңдер)
|
|
оқып едің
|
оқып едіңдер
|
|
оқыған едіңіз (екенсіз),
|
оқыған едіңіздер(екенсіздер)
|
|
оқып едіңіз
|
оқып едіңіздер
|
3.
|
оқыған еді (екен),
|
оқыған еді (екен),
|
|
оқып еді
|
оқып еді
|
Ескерту: Бұрынғы өткен шақтың есімшеден болған (мысалы, білгенмін, оқығансың) және еді көмекші етістігінен кұралған күрделі (мысалы, білген едім, біліп едім) түрлері тұжырымды, айғақты мәнді білдіреді. Ал көсемшеден болған (мысалы, біліппін, оқыгансың) және екен көмекші етістігінен кұралған күрделі (мы-салы, білген екенсің, білген екен) түрі айғақсыз мәнді білдіреді, сөйлеушінің көзі толық жетпейтіндігін байқатады. Сондықтан да бұрынғы откен шақтың бұл түрі ертегілерде жиі кездеседі. Мысалы: Баяғыда бір кемпір болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты. Ол бала тентек болып өсіпті т. б.
3. Ауыспалы өткен шақ.
Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын. Сен кітапханаға қашан баратын едің? Бірінші сөйлемде бару кимылының болып кеткенін байқасақ, екінші сөйлемде бару қимылының әлі болмағанын, бірак болуға тиісті екекін аңғарамыз,
Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістзгімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады. Ал ауыспалы келер шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады.
Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісі.
Жақ
|
жекеше
|
көпше
|
I
1.
11.
111.
|
көретінмін, қарайтынмын баратын едім
көретінсің, қарайтынсың
баратын едің
көретінсіз, қарайтынсыз
баратын едіңіз
көретін-, қарайтын-, баратын еді-,
|
көретінбіз, қарайтынбыз
баратын едіқ
көретінсіңдер, қарайтынсыңдар
баратын едіңдер
көретінсіздер, қарайтынсыздар
баратын едіңіздер
көретін-, қарайтын-,
баратын еді,-
|
93
Ескерту: Есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін түрінде тіркесіп, жіктеліп қолданылған еді көмекші етістігінен жасалған етістіктің күрделі түрі бірде ауыспалы өткен шақ, бірде ауыспалы келер шақ мәнінде жұмсала береді. Оның шақтык мағынасы көбінесе ол етістікпен тіркескен басқа сөзден айқындалып тұрады. Мысалы: Ол ауылға жиі баратын еді. Ол ауылға бүгін (ертең) баратын еді. Бірінші сөйлемде жиі деген сөздің арқасында бару кимылының болып кеткендігін байқаймыз (ауыспалы өткен шақ). Екінші сөйлемде бүгін (ертең) сөздері арқылы бару қимылының әлі болмағандығын аңғарамыз (ауыспалы келер шақ).
Етістіктің шақтарын пысықтау үшін сұрақтар:
1. Етістіктің шақтары деген не? 2. Шақтың кандай түрлері бар және ол неге байланысты? 3. Осы шақ деген не? 4. Осы шақтың мағынасы мен жасалуында шақтын басқа түрлерінен қандай ерекшелік, айырмашылықтар бар? 5. Нақ осы шақ қалай жасалады және калып етістіктерінің ерекшеліктері неде? 6. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шактың, ауыспалы өткен шақ пен ауыспалы келер шактың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай? 7. Келер шақтың қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?
9. Өткен шақтың қандай түрлері бар және олар калай жасалады?
10. Жекелеген шақ түрлерінің жеке стильдерде, сөйлеу тілінде, әдебиет түрлерінде қолданылу ерекшеліктерін сипатта.
ЕТІСТІКТІҢ РАЙЛАРЫ.
Достарыңызбен бөлісу: |