§ 59. САН ЕСІМНІҢ ТҮРЛЕРІ.
Сан есімдер мағынасына (нені білдіруіне) қарай 6 түрге бөлінеді: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, бөлшектік сан есім, топтау сан есім, болжалды сан есім.
55
Есептік сан есім.
Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жүз жиырма сегіз, тоғыз жүз бір т. б. Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.
2. Реттік сан есім.
Реттік сан есім заттың саналу ретін (катарын) білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауысты дыбысқа бітсе -ншы, -нші, дауыссызға аяқталса — -ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-ншы, жүз отыз бес-інші т. б.
Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі. 1. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) қойылады. Мысалы: Ол 6 — қатардан орын алды. Біз 3-қабатта тұрамыз. Сен биыл 7-класқа барасың т. б.
2. Реттік сан есімдер рим цифрмен берілсе, жұрнақтың орнына дефис койылмайды. Мысалы: VI класс оқушылары жиналыста отыр. Біз IV үйде тұрамыз т. б.
3. Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды. Мысалы: 1961 жылы Ю. Гагарин космосқа ұшты. 1 қыркүйекте сабақ басталады т. б.
3. Жинақтық сан есім.
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа бітетін екі, алты, жеті, деген есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы -ы, -і дауысты дыбыстар түсіріліп қолданылады. Мысалы: екі-еу,— екеу, алты-ау — алтау, жеті-еу — жетеу.
Жинактық сан есімдер әдетте зат есімдермен тіркеспей, жеке қолданылады да заттанып тұрады яғни әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей беріп тұрады. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді (мақал) деген сөйлемдегі алтау, төртеу деген жинақтық сан есім заттанып, әрі сандық мағынада (алты және төрт), әрі заттық мағынада (алты адам, төрт адам) бірдей жұмсалған.
4. БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМ.
Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан?
56
сияқты сұрақтарға жауап береді. Болжалдық сан есім бірнеше жолмен жасалды:
1) Есептік сан есімдерге -лаған, (-леген), -даған, (-деген), -таған, (-теген), -лап, (-леп), -дап, (-деп), -тап, (-теп), -дай, (-дей), -тай, (-тей) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жүздеген, отыздаған, қырықтаған мыңдап, елулеп, жетпістей, тоқсандай т. б.
2) Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс септік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (жасы) елулерде, (сағат) ондарда, бестерде т. б.
3) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: он-он бес, қырық-елу, жетпіс-сексен, қырық-елудей, елу-елу бестерде, жүз-жүздеген т. б.
4) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңга тарта, отызға жақын т. б.
5. Топтау сан есім.
Топтау сау есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топ-тау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шыгыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: екіден, жүзден, қырық-елуден, он-оннан, бес-алтыдан, үшеу-үшеуден т. б. Сөйтіп, топтау сан есімдер дара түрде де (бестен, оннан т. б.), күрделі түрде де (жиырма бестен, жүз елуден т. б.), косарланған түрде де (екі-екіден, он-он бестен) т. б. қолданылады.
6. Бөлшектік сан есім.
Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте, алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады. Мысалы: екіден бірін (1/2), ал, үштің бірін (1/3), оннан екісі (2/10) т. б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты, жарым, ширек сөздердің тіркесінен де жасалады. Мысалы: екі жарым, үш ширек т. б. Ондық бөлшектік сан есім бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. Мысалы: екі бүтін үш ондық (2, 3), бес бүтін төрт жүздік (5, 04), он бүтін жүз елу бір мыңдық (10,151) т. б.
§ 60. САН ЕСІМНІҢ ЕМЛЕСІ.
1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мысалы: жүз бір, жиырма бесінші, бір мың тоғыз жүз сексен бес т. б.
2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: Ол 25-ке толды, мен 6-дан 7-ге көштім. т. б.
57
3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) жазылады да, рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы: 5-класс, 23-қатар, 105-мектеп, бірақ X класс, XX ғасырдағы әдебиет, III том т. б.
Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис жазылмайды. Мысалы: 1992 жыл 7 қазан, 8 наурыз, 1945 жыл т. б.
4. Екі, алты, жеті деген сандарға болжалдық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдін соңғы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы екі — екеу, алты — алтау, жеті — жетеу:
5. Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: ІОО-деген, 1000-дап, сағат 5-терде т. б.
Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады. Мысалы: қырық-елу уй, 40—50 уй т. б.
Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты, қаралы, тарта, жуық, таман, жақын, сондай-ақ бөлшектік сан есім жасайтын жарты, жарым, ширек сөздері өздері тіркескен сандардан сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлек жазылады. Мысалы: мың қаралы, 100 шамалы, елуге тарта, 40-қа таман, он бір жарым, 2 жарты, бір ширек т. б.
6. Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: он-он-нан, 10—15-тен, 20—20-дан т. б.
Есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есімдер зат есімше септеледі.
Септік түрлері
|
Есептік
сан есім
|
Реттік сан
есім
|
Жинақтық
сан есім
|
күрделі түрі
|
А.
I.
Б.
Т.
Ж.
Ш.
К.
|
екі
екінің екіге екіні екіде екіден екімен
|
үшінші үшіншінің үшіншіге үшіншіні үшіншіде үшіншіден үшіншімен
|
бесеу
бесеудің бесеуге бесеуді бесеуде бесеуден бесеумен
|
жүз жиырма төрт
жүз жиырма төрттің жүз жиырма төртке жүз жиырма төртті жүз жиырма төртте жүз жиырма төрттен жүз жиырма төртпен
|
58
61. САН ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.
1. Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретіндіктен, әдетте, сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы: Екі достың бірі ыңғайлы, біреудің ебі жоқ (жұмбақ) деген сөйлемде екі сан есім (неше?) достың деген сөзді, біреуінің (кімнің?) ебі дегенді анықтап тұр. Сан есім ілік септікте заттанып тұрып та анықтауыш бола береді.
2. Сан есім жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш та болады. Мысалы: Атадан — алтау, анадан — төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ (А). Біз екеу едік (Б. М.) деген сөйлемдерде алтау (біз алтаумыз), төртеу (біз төртеуміз) сөздері нешеу? (нешеуміз?) деген сұраққа, екеу едік деген нешеу едік? деген сұраққа жауап беріп, жіктеліп келіп (алтау, төртеу дегендердің І-жақ жіктік жалғауы елең сөздін ерекшелігіне байланысты түсіп қалған) баяндауыш қызметін атқарып тұр.
3. Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді (мақал) дегенде алтау, төртеу сөздері кім? (ала болса, түгел болса) деген сұраққа жауап беріп, атау септікте тұрып бастауыш болып тұр.
4. Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп пысықтауыш та болады. Мысалы: Кездесіп жетпіс үште іздегенім (Ж.) Біз екі-екіден бөліндік деген сөйлемдерде жетпіс үште (қашан кездесіп?), екі-екіден (қалай бөліндік?) пысықтауыш болып тұр.
5. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келіп, толықтауыш кызметін де атқарады. Мысалы: Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар (мақал) деген сөйлемде бірді, мыңды деген сан есімдер табыс септікте тұрып, кімді жығар? деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш болып тұр.
6. Сан есім зат есіммен я катыстық сан есіммен тіркесіп келіп сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін де атқарады. Мысалы: Біз үш турлі кедергіден өттік. Гектарынан 75 центнер бидай орылды деген сөйлемдерде үш түрлі (қандай кедергі?) 75 центнер (қанша бидай?) күрделі анықтауыш болып тұр.
Пысықтау үшін сұрақтар.
1. Сан есім деген не? 2. Сан есім зат есімнің қандай мағыналық белгілерін білдіреді? 3. Күрделі сан есімдер қалай жасалады? 4. Күрделі сан есімдер (тіркескен және қосарланған) калай жазылады? 5. Сан есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді? 6. Есептік сан есімдердің ерекшеліктері неде? 7. Реттік сан есім нені білдіреді және калай жасалады? 8. Реттік сан есімнің емлесін айт. 9. Жинақтык сан есімнің ерекшелігі неде? 10. Болжалдық сан есім нені білдіреді және калай жасалады? 11. Топтау сан есімнін ерекшелігі неде? 12. Бөлшектік сан есімнің ерекшелігі неде? 13. Сан
59
есімнің емлесін айт. 14. Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады? Мысалдармен талдап көрсет.
ЕСІМДІК.
§ 62. ЕСІМДІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашқы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.
Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұскап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнынаа колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздер деп те атайды.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.
§ 63. ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ.
Белгілі бір жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай:
жак
|
жекеше
тұрі
|
көпше
түрі
|
/
II сыпайы III
|
мен
сен
сіз
ол
|
біз, біздер
сендер
сіздер
олар
|
Бірінші жақ — айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ — тындаушы жақ. Бұлар — адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сұраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жак. Ол — адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма (халық әні). Ол (кім?)— оқыған азамат. Ол (не?)— биік тау т. б.
60
Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді. Тәуелденетін ол (оным, оның, оныңыз, онысы), олар (оларым, оларың, оларыңыз, олары) дегендер — жіктеу есімдігі емес, сілтеу есімдігі.
Жіктеу есімдіктері септеледі. Біз, сіз, біздер, сендер, сіздер, олар деген жіктеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, ал мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде ерекшеліктер бар.
Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі
Септік
|
мен
|
сен
|
ол
|
біз
|
сіз
|
А.
|
мен
|
сен
|
ол
|
біз
|
сіз
|
I.
|
ме-нің
|
се-нің
|
о-ның
|
біз-дің
|
сіз-дің
|
Б.
|
ма-ған
|
са-ған
|
о-ған
|
біз-ге
|
сіз-ге
|
Т.
|
ме-ні
|
се-ні
|
о-ны
|
біз-ді
|
сіз-ді
|
Ж.
|
мен-де
|
сен-де
|
о-нда
|
біз-де
|
сіз-де
|
Ш.
|
ме-нен
|
се-нен
|
о-дан
|
біз-ден
|
сіз-ден
|
К.
|
мені-мен
|
сені-мен
|
оны-мен
|
біз-бен
|
сіз-бен
|
Септік
|
сендер
|
сіздер
|
олар
|
А.
|
сендер
|
сіздер
|
олар
|
I.
|
сендер-дің
|
сіздер-дің
|
олар-дың
|
Б.
|
сендер-ге
|
сіздер-ге
|
олар-ға
|
Т.
|
сендер-ді
|
сіздер-ді
|
олар-ды
|
Ж.
|
сендер-де
|
сіздер-де
|
олар-да
|
Ш.
|
сендер-ден
|
сіздер-ден
|
олар-дан
|
К.
|
сендер-мен
|
сіздер-мен
|
олар-мен
|
Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады: 1) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л, ң дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-га айналады; 3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -ы, -і дәнекері пайда болады, дұрысында түбірдегі ң дыбысы түсіп қалып, көмектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң), -ні (ң) тұлгасының үстіне жалғанады; 4) барыс септік жалғауы жуанданып; л, н түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады.
Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі.
жақ
|
мен, біз
|
сен, сіз, сендер,сіздер
|
ол, олар
|
/
|
мен-мін
біз-біз
|
-
|
—
|
II
|
-
|
сен-сің, сіз-сіз
|
—
|
|
|
—
|
сендер-сіңдер
|
—
|
|
|
|
сіздер-сіздер
|
|
|
III
|
—
|
—
|
олар, ол
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
61
Жіктеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып толықтауыш, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |