С. М. ИСАЕВ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
АЛМАТЫ, УНИВЕРСИТЕТ "КАЙНАР", 1993
Жауапты редакторы профессор Әбілаков Ә. Ә.
Пікір жазғандар: профессор Бектұров Ш. К.,
доцент Шойбеков Р. Н.
ИСАЕВ С. М.
Қазақ тілі. Оқу құралы.— Алматы, 1993—170 б.
ІSBN 5-630-00286-4.
Оқулықта қазақ тілінің практикалық курсы — фонетика, лексика, грамматика, орфография, стилистика тұжырымдалып толық орта білім деңгейінде беріліп отыр.
Мектеп оқушыларына, жоғары оқу орнына түскісі келетін талапкерлерге, студенттерге, мүғалімдерге арналады.
Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогтік институттың ғылыми — методикалық кеңесі мақұлдаған.
ISBN №5-630-00286-4
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
Кіріспе
§ 1. Тіл — адамдар арасындағы қатынас құралы
§ 2. Қазақ тілі — казак халқының ана тілі
§ 3. Қазақ тілінің туыстас тілдер ішінде алатын орны
Пысықтау үшін сұрақтар
Фонетика
§ 4. Фонетика туралы жалпы түсінік
§ 5. Дыбыс пен әріп
§ 6. Дауысты дыбыстар
§ 7. Дауысты дыбыс әріптерінің емлесі
§ 8. Дауыссыз дыбыстар
§ 9. Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
§ 10. Буын
§ 11. Тасымал
§ 12. Екпін
§ 13. Үндестік заңы (сингармонизм)
§ 14. Буын үндестігі
§ 15. Дыбыс үндестігі
Ілгерінді ықпал
Кейінді ықпал
Тоғыспалы ықпал
§ 16. Орфография
§ 17. Орфоэпия
§ 18. Сөздерді фонетикалық талдаудың тәртібі
Пысықтау үшін сұрақтар
Лексика
§ 19. Лексика туралы жалпы түсінік
§ 20. Қазақ тілінің сөз байлығы туралы түсінік
§ 21. Сөз және оның мағынасы
§ 22. Создердің тура және ауыспалы мағыналары
§ 23. Көп мағыналы сөз
§ 24. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер
§ 25. Жалпылама колданылатын сөздер мен терминдер
§ 26. Басқа тілдерден енген сөздер
§ 27. Диалект және кәсіби (профессионалдық) сөздер
§ 28. Көнерген сөздер мен неологизмдер
§ 29. Тұрақты тіркестер
§ 30. Мақал мен мәтелдер
Пысықтау үшін сұрақтар
Сөздердің жасалуы
§ 31. Сөзжасам туралы түсінік
§ 32. Сөздердің жасалу жолдары
§ 33. Сөздің кұрамы
§ 34. Түбір мен қосымша
Пысықтау үшін сұрақтар
§ 35. Дара сөздер мен күрделі сөздер
§ 36. Біріккен сөздер
§ 37. Біріккен сөздердің емлесі
§ 38. Қос сөздер
Қайталама қос сөздер
Қосарлама қос сөздер
§ 39. Қыскарған сөздер
§ 40. Тіркесті сөздер
Пысықтау үшін сұрақтар
Морфология
§ 41. Негізгі және көмекші сөздер
Сөз таптары
§ 42. Зат есім
§ 43. Зат есімнің жасалуы
§ 44. Зат есімнің жалғаулары
§ 45. Көптік жалғау
§ 46. Тәуелдік жалғау
§ 47. Септік жалғау
§ 48. Септік жалғауларының мағыналары мен қызметтері
§ 49. Зат есімнің жіктелуі
§ 50. Көмекші есімдер
§ 51. Зат есімнің сөйлемдер қызметі
Пысықтау үшін сұрақтар
Сын есім
§ 52. Сын есім туралы түсінік
§ 53. Сын есімнің жасалуы
§ 54. Сын есімнің мағыналық түрлері
§ 55. Сын есімнін шырайлары
§ 56. Сын есімнің емлесі
§ 57. Сын есімнің сөйлемдері қызметі
Пысықтау үшін сұрақтар
Сан есім
§ 58. Сан есім туралы түсінік
§ 59. Сан есімнің түрлері
§ 60. Сан есімнің емлесі
§ 61. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
Пысықтау үшін сұрақтар
Есімдік
§ 62. Есімдік туралы түсінік
§ 63. Жіктеу есімдігі
§ 64. Сілтеу есімдігі
§ 65. Сұрау есімдігі
§ 66. Өздік есімдігі
§ 67. Жалпылау есімдігі
§ 68. Болымсыздық есімдігі
§ 70. Есімдіктердің емлесі
§ 71. Есімдіктердің сөйлемдердегі қызметі
Пысықтау үшін сұрақтар
Етістік
§ 72. Етістік туралы түсінік
§ 73. Негізгі етістік пен көмекші етістік
§ 74. Дара етістік пен күрделі етістік
§ 75. Болымды және болымсыз етістіктер
§ 76. Сабақты етістік пен салт етістік
§ 77. Етістер
§ 78. Есімше
§ 79. Есімшенің жасалуы мен түрлері
§ 80. Есімшенің есімдерше түрленуі
§ 81. Есімшенің сөйлемдегі қызметі
§ 82. Көсемше
§ 83. Көсемшенің жасалуы мен түрлері
§ 84. Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
§ 85. Тұйык етістік
§ 86. Тұйық етістіктің емлесі
Пысықтау үшін сұрақтар
Етістіктің шақтары
§ 87. Етістіктің шақтары туралы түсінік
§ 88. Осы шақ
§ 89. Осы шақтың түрлері
§ 90. Келер шақ
§ 91. Келер шақтың түрлері
§ 92. Өткен шақ
§ 93. Өткен шақтың түрлері
Етістіктіқ шақтарын пысықтау үшін сұрақтар
Етістіктің райлары
§ 94. Етістіктің райлары туралы түсінік
§ 95. Ашық рай
§ 96. Бұйрык рай
§ 97. Шартты рай
§ 98. Қалау рай
Етістіктіқ райларын пысықтау үшін сұрақтар
§ 99. Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Үстеу
§ 100. Үстеу туралы түсінік
§ 101. Үстеудің құрамдық түрлері
§ 102. Үстеудің мағыналық түрлері
§ 103. Үстеудің емлесі
§ 104. Үстеудің сөйлемдегі қызметі
Пысықтау үшін сүрақтар
Еліктеу сөз
§ 105. Еліктеу сөздер туралы түсінік
§ 106. Еліктеу сөздердің түрлері
§ 107. Негізгі және туынды еліктеу сөздер
§ 108. Еліктеу сөздердің сөйлемдердегі қызметі
Шылау
§ 109. Шылау сөздер туралы түсінік
§ 110. Септеулік шылаулар
§ 111. Жалғаулық шылаулар
§ 112. Демеулік шылаулар
§ 113. Шылаулардың емлесі
Пысықтау үшін сұрақтар
Одағай
§ 114. Одағай сөздер туралы түсінік
§ 115. Одағайдың түрлері
Пысықтау үшін сұрақтар
Синтаксис
§ 116. Синтаксис туралы түсінік
§ 117. Сөздердің байланысу тәсілдері
§ 118. Сөздердің байланысу түрлері
§ 119. Сөз тіркесі
Пысықтау үшін сұрақтар
Жай сөйлем синтаксисі
§ 120. Сөйлем
§ 121. Сөйлемнің түрлері
§ 122. Сөйлем мүшесі
§ 123. Бастауыш
§ 124. Баяндауыш
§ 125. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын
сызықша
§ 126. Толықтауыш
§ 127. Анықтауыш
§ 128. Пысықтауыш
§ 129. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
§ 130. Айқындауыш
§ 131. Үйірлі__муше
§ 132. Оқшау сөздер
§ 133. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
§ 134. Жай сөйлемнің түрлері
Пысықтау үшін сұрақтар
Құрмалас сөйлем
§ 135. Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік
§ 136. Салалас құрмалас сөйлем
§ 137. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
§ 138. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
§ 139. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
§ 140. Себеп-салдар салалас кұрмалас сөйлем
§ 141. Іліктес салалас кұрмалас сөйлем
§ 142. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
§ 143. Кезектес салалас кұрмалас сөйлем
§ 144. Көп құрамды салалас құрмалас сөйлем
Пысықтау үшін сұрақтар
§ 145. Сабақтас құрмалас сөйлем
§ 146. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері
§ 147. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
§ 148. Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас
§ 149. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас
§ 150. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас
§ 151. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас
§ 152. Мақсат бағыныңқылы сабақтас кұрмалас
§ 153. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
§ 154. Аралас құрмалас сөйлем
Пысықтау үшін сұрақтар
Төл сөз бен төлеу сөз
§ 155. Төл сөз бен төлеу сөз туралы түсінік
§ 156. Төл сөз бен автор сөзі
§ 157. Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі
§ 158. Диалог
§ 159. Төлеу сөз
Пысықтау үшін сұрақтар
Стилистика және сөйлеу мәдениеті
§ 160. Әдеби тіл туралы түсінік
§ 161. Әдеби тілдің қызметі
§ 162. Әдеби тілдің стильдік тармақтары
§ 163. Көркем сөз және көркем әдебиет
§ 164. Текст
§ 165. Тілдің көркемдегіш құралдары
Пысықтау үшін сұрақтар
АЛҒЫ СӨЗ.
Республикамыз егемендік алып, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғалы, қазақ тілін үйреніп, білуге жаппай бет алған шақта заман талабына сай оқулықтардың болуы қажет-ақ. Әсіресе қазақ тілінің фонетикалық жүйесін, лексикалық құрамын, грамматикалық құрылысын практикалық жақтан әрі тұжырымды, әрі нақты түсінікті етіп баяндап, талдап беретін оқулық пен оқу құралдарының қажеттігі күмән тудырмаса керек. Өйткені қазақ орта мектебін бітірушілер де, қазақ тілі мен әдебиетінен маман боламын деген талапкерлер де, сол мамандықтың студенттері де қазак тілінен емтихан тапсырады. Емтиханға сапалы дайындалу үшін соған сай оқулық керек екені өзінен өзі белгілі. Ал қазіргі мектеп оқулықтары ол міндетті толық етей алмай жүр. Себебі, біріншіден, қазақ тілінен мектеп оқулықтарының сапасы әлі де жаксарта түсуді қажет етеді. Ол жайында мерзімді баспасөз беттерінде де тілге байланысты, маман кадр жайында
өтіліп келген жиын-топтарда, семинар-конференцияларда да талай айтылып келді. Екіншіден, мектеп оқулықтарының өзі емтиханға дайындалуға өте колайсыз. Қазіргі кезде қазақ тілінен 5—9 кластарға арналған 5 түрлі оқулық бар. Олар еркін сатылуда жоқ. Олардың басын жинап алудың өзі оңай шаруа емес. Сондықтан да мектепте алған білімін жинақтап қайталауға, практикалық дағдысын ұштай түсуге мүмкіндік бола бермейді.
Міне осындай қажеттіліктерді өтеу мақсатында бұл кітапта үйге тапсырмаларсыз, жаттығуларсыз казақ тілінің практикалық курсы — фонетика, лексика, грамматика, орфография, стилистика тұжырымдалып беріліп отыр. Кітапта тіл білімінің осы салаларына байланысты ұғымдар, грамматикалық құбылыстар жалаң баяңдалмайды, оларды талдаудың, мысалы, фонетикалык талдау, морфологиялық талдау, сөйлем мүшелеріне, сөз тіркестеріне талдаудың, үлгілері беріліп, оқушының теориялық білімін, практикалық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беріп ұштастырады. Сөйтіп, казақ тілінің фонетикалық жүйесінен, лексикалық құрамы мен негізгі стилистикалық сипатынан, грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құрылысынан, сөз жасам жүйесінен толық орта білім береді деген үміттеміз.
КІРІСПЕ
§ 1. ТІЛ — АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ.
Адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды, түсініседі, пікір алысады, ойын жеткізеді. Тіл болмаса адам өз ойын екінші біреуге жеткізе алмас еді, айта алмас еді, біреудің ойын түсініп, біле алмас та еді. Тіл арқылы оқып, білім аламыз, мамандықты игереміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет-ғұрыптары, дәстүрлері т. б. тіл арқылы жетеді, тіл арқылы кейінгі ұрпаққа жалғасады. Мысалы, ұлы Абайдың әсем де әсерлі, мәнді де мағыналы шығармаларын тек тіл арқылыі оқып білеміз, үйренеміз, ғибрат аламыз. Сондықтан да халқымыз "Өнер алды — қызыл тіл" деп тегін айтпаған.
Тіл — коғамдық құбылыс. Тек қоғам бар жерде, ұжым бар жерде ғана тіл болады. Қоғамнан тыс жерде тіл болмайды. Тіл халықпен байланысты, сол халықтың өкілдері арасындағы қатынас құралы болып табылады. Тіл өзі қызмет етіп отырған халықпен коғаммен бірге туады, бірге дамиды, өседі, өркендейді, тіпті бірге құриды, өледі.
Тіл оймен, ойлаумен тікелей байланысты. Адам ойын тіл арқылы жеткізеді, жүзеге асырады. Адам өзінің білген, ойлаған түсінген, таныған ұғымдарын, ойларын екінші біреуге тіл арқылы баяндайды, хабарлайды. Сондықтан да тіл ойдың тікелей шындығы, көрінісі деп атайды.
Тіл — күрделі құбылыс. Ол бірнеше бөліктен тұрады. Тіл білімінде ол бөліктер тілдік деңгей немесе тілдік қабат деп аталады. Олар — тілдің фонетикалық жүйесі, лексикалық немесе сөздік құрамы және граммати-калық құрылысы. Осыған байланысты тілді зерттейтін ғылым — тіл білімі де бірнеше салаға бөлінеді. Тілдің фонетикалық немесе дыбыстық жүйесін фонетика, лексикалық (сөздік) құрамын лексикология, грамматикалық құрылысы грамматика зерттейді. Сондай-ақ тілде жаңа ұғымдардың келуімен байланысты оның атаулары — жаңа сөздер де жасалып отырады. Оны қарастыратын сала сөзжасам деп аталады. Грамматиканың өзі үлкен екі бөлімнен тұрады: бірі — морфология, екіншісі - синтаксис.
§ 2. КАЗАҚ ТІЛІ — ҚАЗАК ХАЛКЫНЫҢ АНА ТІЛІ.
Сүйемін туған тілім — ана тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды, табиғат құбылыстарын ана тілінде ұғына бастайды. Бесік жырларынан бастап сан ғасырлар бойы халкымыз дәріптеп, дамытып келген қоғамдық, саяси-әлеуметтік, мәдени, рухани байлықтарды адам ана сүтімен бойына енген туған тіл арқылы игеріп, ігілігіне айналдырады. Өткеніне көз жіберіп, ой елегінен өткізіп таразылайды, болашағына қол созып болжайды, ғылым көкжиегіне шығарып самғатады, келешегіне жол сілтейді.
Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сойлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады. Ана тілі арқылы оқып, білім алады, өз ортасында тәрбиеленеді. Ана тілі арқылы халкымыздың өресін көрсететін ұлы-ұлы әдеби, мәдени туындылар жасалады. Ана тілі — халкымыздың өмір сүріп, қоғамдық өмірде дамып отыруының әрі көрінісі, әрі кепілі. Өйткені, біріншіден, ана тілі халқымыздың, казақ халкының, дүниеге келіп, өмір сүруімен тікелей байланысты, екіншіден, ана тілін ұмытып, ана тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәлім-тәрбие бере алмаған халықтың келешегі жоқ, тағдыры мүшкіл болып, тарих сахнасынан өшеді.
Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам өзін дүниеге әкелген, мәпелеп осірген анасын да, ел-жұртын да, Отанын да сүйе алмайды, қадірлей алмайды.
Жастайыңнан қиялыңды қияға орлеткен қиял-ғажайып ертегілер, сүйіп тыңдайтын шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер, ерлікті, елдікті ту еткен батырлар жырлары, шынайы махаббатты мұрат еткен әсем де әсерлі ғашықтық, лиро-эпикалык жырлар, бірлікті, берекетті мақсұт еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отыр. Осындай ана тілінде жырланған халық мұрасынан ғибрат аласың, өміріңе өнеге тұтасың, білім бұлағынан сусындайсың, сезіміңе әсер етіп, білім-ғылым әлеміне кұлаш ұрасың. Абайдың даналығын, Махамбеттің батылдығын, Бұқардың ақылмандығы мен жанашырлығын, Абылайдың данышпандығын, Бөгенбай мен Қабанбайдың батырлығын түйсініп, рухани оміріңе азык етесің. Сондықтан да ана тіліңнің тағдыры үшін күйесің де, күйінесің де, шаттанасың да, шалдығасың да. Ана тілінің келешегі, тағдыры үшін неге болса да дайын бол!
Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, әрқайсысымыздың жетемізге жеткізіп, түйсігімізге түиіндіріп, түсіндіріп келді. Сондықтан да халқымыз туған тілді, ана тілін, сөз өнерін бар өнердің басы деп санады. "Өнер алды — Қызыл тіл", "Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады"; "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би"; "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болады"; "Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі"; Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген" т. б. халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Біз де ана тілімізді, ділімізді қадірлей, қастерлей білейік, таза болуына, дауына, өрлей, өркендей түсуіне ат салысайық! Ол үшін бір-бірімізбен үйде де, далада да таза ана тілінде сөйлесейік, ана тілінде жазылған, айтылған ата-бабаларымыздың асыл мұраларын аялап, ардақтайық, жаттап ап айтып жүрейік, өмірімізге үлгі тұтайық. Өзіміз де ана тілімізде өлең, жыр, әңгіме жазайық. Ерінбейік, сәтсіздіктен мойымайық.
Елінің, халқының адал ұл-қызы болам деген адам имандылыққа толы игі касиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер құдіретін ана тілінде ұғып үйренеді. Яғни ғасырлар бойы жинақталған саф күмістей тіл қазынасын, оның сөз байлығын адам жаны мен жадына мысқалдап енгізу анадан басталады. Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын бар байлығымен, көркемдік қуатымен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап, дамытушы, тілді мейлінше қастерлеуші халық — тіл анасы, тіл бұлагы. Сондықтан да халқымыз тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған.
Ана тілінің маңызы мен қоғамдық қызметі аса зор. Біріншіден ол — қатынас құралы. Әр халық өкілдері бір-бірінің ойын ең алдымен ана тілі арқылы түсінеді, бір-бірімен ана тілінде сөйлеседі. Сондықтан В. И. Ленин: "Тіл — адам қатынасының аса маңызды құралы",— деген. Екіншіден, әр адам ана тілінде оқып, білім алады, тәрбиеленеді, өнер үйренеді, халықтың тарихымен, әдет-ғұрпымен танысып, тұрмыс-тіршілігін танып біледі. Үшіншіден, тілі — халықтың рухани, мәдени байлығының, экономикалық және тарихи дамуының құралы.
Қазақ тілі — казақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу-ағарту тілі, түрлі іс қағаздарының тілі.
Республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдаган Қазак ССР-інің Тіл туралы заңына сәйкес казақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді (1989 жылдың қазан айы).
Қазақ тілі — өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазак тілі — кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл. Оған дүние жүзі ойшылдарының, озық мәдениетінің үлгілері, мысалы, Пушкин, Лермонтов, Толстой, Некрасов, Крылов, Гоголь, Шекспир, Гюго, Шиллер, Бальзак, т. б. шығармаларын өз тілімізде оқы алуымыз куә. Мұның барлығы қазақ тілінің жұмсалу аясының кеңдігін, қоғамдык қызметінің шарықтап өскенін көрсетеді.
§ 3. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТУЫСТАС ТІЛДЕР ІШІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ.
Қазақ тілі түркі тілдері тобына енеді. Қазіргі кезде отызға жуық түркі тілі бар. Түркі тілінде сөйлейтін халықтардың көпшілігі бұрынғы ССРО-да, жеке-жеке республикаларда, Ресейдін құрамындағы республика-ларда, автономиялы облыстарда тұрады. Олар: қазақ, әзірбайжан, қырғыз, өзбек, түркімен, чуваш, карақалпақ, татар, башқұрт, якут, тува, хакас, алтай, құмық, карашай-балқар, гагауз, түрік, үйғыр, т. б. Түркі тілінде сөйлейтін халыктардың біразы Түркия, Иран, Ауғанстан, Қытай, Монғол Халық Республикасында, т. б. жерлерде де тұрады.
Қазак тілі — Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде (Қытай, Ауғанстан, Монғолия, т. б.) де тұратын қазақтардың ана тілі.
Түркі тілдері өзара туыстас болғандықтан, олардың бір-бірімен жақындық-тары, ортақ қасиеттері мол. Қазақ тіліне ең жакындары — ноғай, қарақалпақ, қарашай-балқар, қырғыз, татар, башкұрт, құмық тілдері. Түркі тілдерінің туыстастығы олардың лексикалық құрамынан, фонетикалық (дыбыстық) жүйесінен, грамматикалық құрылысынан байқалады. Көптеген сөздер түркі тілдеріне ортақ болып келеді. Оны кестеден көруге болады.
Сондай-ақ сөздердің септелуіңде, тәуелденуінде, көптелуінде,
жіктелуінде де ұқсастықтар бар.
Түркі тілдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын да білген жөн.
Қазақ тіліне тән мына сияқты ерекшеліктерді байқауға болады:
1) басқа түркі тілдерінде сөз басында "й" келетін жерде қазақ тілінде ж дыбысы айтылады: йаш-жас, йол — жол, йаз — жаз, йыл — жыл, йоқ — жоқ, т. б.
2) басқа түркі тілдеріндегі ш дыбысы қазақ тілінде с, ал ч дыбысы ш дыбысына ауысады: аш — ас, таш — тас, ич — іш, куч — күш т. б.;
3) дыбыс үндестігінің ілгеріңді ықпал заңдылығы бойынша қазақ тіліндегі қосымшалардын қатаң, ұяң, үнді дыбыстардан басталатын бірнеше түрлері басқа түркі тілдерінде бола бермейді. Мысалы: қазақ тілінде сөзге ат-тар, қыз-дар, жас-тың, қыз-дың, бала-лар, бала-ның, көш-тер, кеш-тің болып қосымша жалғанса, өзге түркі тілдерінде, негізінен, олар былай қолданы-лады: ат-лар, йаш-ниң, қыз-ниң, бала-лар, бала-ниң, көч-лер т. б.
Осы тәрізді ерекшеліктерді аңғару үшін 1, 2, 3-кестеге назар аударыңыз.
1-кесте.
Тілдер
|
қазақ
|
тістер
|
қолдар
|
отыз
|
отыр
|
ногай
|
тислер
|
қоллар
|
отыз
|
олтыр
|
қарақалпақ
|
тислер
|
қоллар
|
отыз
|
отыр
|
қүмық
|
тишлер
|
кьоллар
|
отуз
|
олтур
|
татар
|
тешләр
|
куллар
|
утыз
|
олтур
|
башқурт
|
тештәр
|
қулдар
|
утыз
|
утыр
|
взбек
|
тишлар
|
кұллар
|
ұттыз
|
ултыр
|
Уйгыр
|
тишләр
|
қоллар
|
оттуз
|
утир
|
хакас
|
тістер
|
холлар
|
отыс
|
одыр
|
түрік
|
дишлер
|
коллар
|
отуз
|
отур
|
әзірбайжан
|
дишләр
|
голлар
|
отуз
|
отур
|
қырғыз
|
тыштер
|
қолдар
|
отуз
|
отур
|
2-кесте
Тілдер
|
қазақ
|
жиен
|
аға
|
жүрек
|
шаш
|
көз
|
қарақалпақ
|
жиен
|
аға
|
жүрек
|
шаш
|
көз
|
қырғыз
|
жеен
|
аға
|
жүрек
|
чач
|
көз
|
башқұрт
|
ейен
|
аға
|
йөрөк
|
сәс
|
куз
|
хакас
|
чеен
|
ага, ака
|
чүрек
|
сас
|
харах
|
өзбек
|
жиян
|
аға, оға
|
юрак
|
соч, чеч
|
куз
|
тува
|
чээн
|
акы
|
чүрек
|
баш
|
қарақ
|
|
|
|
|
дүгү
|
|
турік
|
йеген
|
аға
|
йурек
|
сач
|
гөз
|
3-кесте
қазақ
|
ноғай
|
әзірбайжан
|
қарақалпақ
|
қырғыз
|
татар
|
көз
|
көз
|
гөз
|
көз
|
көз
|
көз
|
бас
|
бас
|
баш
|
бас
|
баш
|
баш
|
жал
|
йал
|
йал
|
жал
|
жал
|
йал
|
қанат
|
қанат
|
ганад
|
қанат
|
қанат
|
қанат
|
жапырақ
|
яқрак,
|
ярпаг
|
жапырақ
|
жалбырақ
|
яфрақ
|
мұз
|
буз
|
буз
|
муз
|
муз
|
боз
|
жұлдыз
|
юлдыз
|
улдуз
|
жұлдыз
|
жылдыз
|
йолдыз
|
көл
|
көл
|
көл
|
көл
|
көл
|
күл
|
тас
|
тас
|
даш
|
тас
|
таш
|
таш
|
ай
|
ай
|
ай
|
ай
|
ай
|
ай
|
бір
|
бир(бер)
|
бир
|
бир
|
бир
|
бер
|
екі
|
эки
|
ики
|
еки
|
эки
|
ике
|
төрт
|
дөрт
|
дөрд
|
төрт
|
төрт
|
дурт
|
сегіз
|
сегиз
|
сэккиз
|
сегиз
|
сегиз
|
сегиз
|
көк
|
көк
|
көй
|
кок
|
көк
|
күк
|
жолсыз
|
йолсыз
|
йолсуз
|
жолсыз
|
жолсуз
|
юлсыз
|
қып-қызыл
|
кып-
кызыл
|
гып-гыр-
мызы
|
кып-
кызыл
|
кып-
кызыл
|
кып-
кызыл
|
|
мен
|
мен
|
мән
|
мен
|
мен
|
мин
|
сен
|
сен
|
сән
|
сен
|
сен
|
син
|
кел
|
кел
|
кәл
|
кел
|
кел
|
кил
|
керек
|
керек
|
кәрәк
|
керек
|
керек
|
күрәк
|
іш
|
иш
|
ич
|
иш
|
ич
|
эч
|
башқұрт
|
өзбек
|
ұйғыр
|
|
күз
|
күз
|
көз
|
|
баш
|
баш
|
баш
|
|
йал
|
ел (йол)
|
йал
|
|
қанат
|
қонот
|
қанат
|
|
ярпак
|
епроқ
|
йопурмак,
|
|
боз
|
муз
|
муз
|
|
йондоз
|
юлдуз
|
юлдуз
|
|
кул
|
көл
|
көл
|
|
таш
|
тош
|
таш
|
|
ай
|
ой
|
ай
|
|
бер
|
бир
|
бир
|
|
ике
|
икки
|
икки
|
|
дүрт
|
турт
|
төрт
|
|
һигез
|
саккиз
|
сәккиз
|
|
күк
|
кук
|
көк
|
|
юлһыз
|
йулсиз
|
йолсиз
|
|
кып-
кызыл
|
кип-
кизил
|
қип-
қизил
|
|
мин
|
мен
|
мән
|
|
һин
|
сен
|
сән
|
|
кил
|
кел
|
кәл
|
|
керәк
|
керак
|
керәк
|
|
эс
|
ич
|
ич
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
П ы с ы қ т а у ү ш і н с ұ р а қ т а р
1. "Тіл — адамдар арасындағы қатынас құралы" дегенді қалай түсінесің? 2. Тілдің ойлауға қатынасы қандай? 3. Тіл қандай бөліктерден (деңгейлерден) тұрады. 4. Тіл білімінің салаларын ата. 5.Ана тілі деген ұғымды қалай түсінесің? 6. Мәдени және рухани байлық дегенді қалай түсінесің? 7. Ана тілі жөніңде қандай мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді білесің? 8. "Қазақ тілі — мемлекеттік тіл" деген ұғымды қалай түсінесің? 9. Қазақ тілінің басқа түркі тілдерімен туыстығын мысалдар арқылы көрсет, фонетикалық жүйесіндегі, сөздік құрамындағы, грамматикалық құрылы-сындағы ұқсастық, сәйкестіктер мен айырмашылықтарды айқындап бер.
ФОНЕТИКА
Достарыңызбен бөлісу: |