Жауапты редакторы профессор Әбілаков Ә. Ә


§ 49. ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖІКТЕЛУІ



жүктеу 2,16 Mb.
бет6/14
Дата21.11.2018
өлшемі2,16 Mb.
#23153
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
§ 49. ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖІКТЕЛУІ.
Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда жіктеліп қолданылады. Жіктік жалғаудың 3-жағы және жекеше, көпше түрлері бар. Әдетте 1—2-жақтарда адамға байланысты зат есімдер жіктеледі де, 3-жақта кез келген зат есім бола береді: Жіктік жалғаулары буын (1—2-жақ) және дыбыс (1-жақ) үндестіктері бойынша жалғанады. 1-жақ жекеше -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін, көпше -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз, 2-жақ жекеше анайы -сың, -сің, сыпайы -сыз, -сіз, көпше анайы -сыңдар, -сіндер, сыпайы -сыздар, -сіздер, 3-жақта арнайы жалғау жоқ. Оны мына кестеден көруге болады.


жак

жекеше





жак,

көпше





мен

бала-мын, әнші-мін

біз

бала-мыз, әнші-міз

сен

бала-сың, әнші-сің

сендер

бала-сыңдар,










әнші-сіңдер

сіз

бала-сыз, әнші-сіз

сіздер

бала-сыздар,










әнші-сіздер

ол

бала—, әнші

олар

бала—, әнші


§ 50. КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР.
Лексикалық мағынасынан айрыла бастап, сөйлемде екінші бір сөздің жетегінде ғана қолданылатын зат есімдер бар. Мысалы:

46
сырт, іш, маң, түс, алд(ы), аст(ы), уст(і), қас, жан сиякты сөздер сөйлемде екінші зат атауының жетегінде жұмсалады: Ауылдың жаны терең сай. (Абай). Осындай сөздер көмекші есім деп аталады. Әдетте көмекші есім тәуелдік жалғауында тұрып негізгі зат есіммен тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.


§ 51. ЗАТ ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі оның қай септік жалғауында жұмсалуымен байланысты.

1. Зат есім атау септікте тұрып, кім? не? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бастауышы болады. Мысалы: Таулардан өзен ағар сарқыраған (Ы. А.). Бұл сөйлемде өзен сөзі атау септікте тұрып (не ағар?), бастауыш қызметін атқарып тұр.

2. Зат есім жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы да болады. 3-жақта жіктелген сөздің жіктік жалғауы болмайды. Мысалы: Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (Ж.). Ынтымақ — оқ өтпес сауыт (мәтел). Бұл сөйлемдерде Жамбылымын (мен кіммін?), сауыт (ынтымақ не?) деген сөздер 1 және 3-жақта жіктеліп келіп баяндауыш болып тұр.

3. Зат есім ілік септікте немесе түбір тұлғада тұрып, анықтауыш болады. Мысалы: Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді (М. Ә.). Дайрабай әрі күйші, әрі әнші, әрі ақын адам болған. (С. Бег). Бұл сөйлемдерде Абайдың (кімнің қонақтары?) ілік септікте тұрып, күйші, әнші, ақын (қандай адам болған?) туынды және негізгі түбір тұлғада тұрып, анықтауыш қызметін атқарып тұр.

4. Зат есім табыс септікте және барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып толықтауыш та болады. Мысалы: Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке бойлап бұлттан асқан. (С. С.) Бұл сөйлемде Көкшетаудың (нені мұнар басқан?) табыс септікте, бұлттан (неден асқан?) шығыс септікте келіп толықтауыш болып тұр.

5. Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып немесе түбір тұлғада мезгілдік, мекен-бағыттық, себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп пысықтауыш та болады. Мысалы: Орманның онтүстік жақ бүйірінен Жол шықты айдаһардай иірілген (С. М.). Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап (С. С). Бұл сөйлемдерде бүйірінен (қайдан жол шықты?) шығыс септікте, көкке қарай (қайда канат қағып?) барыс септіктің үстіне қарай шылауы тіресіп, пысықтауыш болып тұр.


Пысықтау үшін сұрақтар.
1. Негізгі сөз бен көмекші сөздің айырмашылығы қандай? 2. Көмекші сөздер сөйлемде не себепті сөйлем мүшесі бола алмайды? 3. Көмекші сөздер сөйлемде қалай қолданылады? 4. Сөз таптары деген не? Қандай -қандай сөз таптары бар? 5. Зат есімнің

47
мағыналық ерекшелігі неде яғни зат есім нені білдіреді? 6. Жалқы есім мен жалпы есімнің ерекшеліктері неде? 7. Жалқы есімдер қалай жазылады? 8. Зат есім қалай жасалады? 9. Зат асімнің жалғауларының ерекшеліктері неде? 10. Көптік жалғау нені білдіреді? 11. Тәуелдік жалғаудың ерекшелігі неде? 12. Тәуелдік жалғау қандай сөздерді байланыстырады. 13. Септік жалғаулардың ерекшеліктері неде? 14. Зат есімнің сөйлемдегі кызметі септік жалғаумен тікелей байланыстылығын қалай дәлелдейміз? 15. Зат есімнің жіктелуінде қандай ерекшелік бар? 16. Көмекші есімдердің мағыналық, қызметі жағынан қандай ерекшеліктері бар?


Зат есімді морфологиялық талдаудың тәртібі.
1. Зат есімнің түбір тұлғасы (негізгі я туынды түбір және туыңды түбір болса, қалай жасалған) және мағыналық ерекшеліктері.

2. Зат есімнің грамматикалық тұлғасы (септік, тәуелдік, көптік жалғауларын түрлеріне қарай ажырату).

Үлгі: Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын, Бақытын ойламайтын бір басымның (Қ. Аманжолов). Өнер-білім бар жұрттар Тастан срай салғызды (Ы. Алтынсарин). Қасыммын — жалқы есім, түбірі — Қасым, -мын — 1 жақ жекеше жіктік жалғау, баянда-уыш қызметін атқарып тұр (мен Қасыммын), бақытын — негізгі түбірі — бақыт, жалпы есім, -ы — тәуелдік жалғауының 3-жағы, _н — табыс септік жалғауы, толықтауыш (нені ойламайтын?), басымның — жалпы есім, түбірі — бас, -ым — тәуелдік жалғауының 1-жағы, -ның ілік септік жалғауы, анықтауыш — (кімнің бақытын?), өнер-білім — қосарланған жалпы есім, түбір тұлға, жұрттар — түбірі — жұрт, жалпы есім, -тар — көптік жалғау, атау тұлғада, бастауыш (кімдер салғызды?), тастан — жалпы есім, түбірі — -тас, -тан — шығыс септік жалғауы, толықтауыш (неден салғызды?)— сарай — жалпы есім, негізгі түбір, табыс септіктің жасырын түрінде түр (нені салғызды — сарайды), толықтауыш.
СЫН ЕСІМ:
§ 52. СЫН ЕСІМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Қазақ тілі — өте бай тіл. Оның құрамында мыңдаған сөздер бар. Ол сөздер мағынасына, сұрағына, атқаратын қызметіне қарай тоғыз топқа бөлінетіні белгілі. Соның бір тобы — зат есім деп аталса, келесі бір тобы — сын есім деп аталады. Сын есім заттың құбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіреді. Сын есімнің мынадай манызды белгілері болады. 1. Заттың түрін, түсін білдіреді: ақ (қағаз), көк (сия), қара (костюм), сұр (бұлт), құла (бие), күрең (ат), қызыл (сиыр), жасыл (желек) т. б.

48
2. Заттын көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білділеді: биік (үй), кіші (інісі), тар (бөлме), ұзын (жіп), жеңіл (жүк) т. б.

3. Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), сараң (адам), тентек (бала), алғ ы есім, -ы — тәуелдік жалғауь ыр (оқушы), зерек (оқушы), жалқау (кісі) т. б.

4. Заттың дәміне, иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (сөз), тұщы (ас), қышқыл (қымыз), тәтті (су), жұмсақ (төсек) т. б.

5. Затқа, қимыл іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), балалы (үй), білімді (жігіт), көтеріңкі (көңіл), сусыз (арна), қысқы (каникул), аспалы (шам), жазғы (демалыс), төменгі (ағыс) т. б.

6. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жақсы (қандай?) бала, таза (қандай?) бөлме, қызыл (қандай?) орамал, үлкен (қай?) бала, кіші (қай?) қызы. Желсіз түнде жарық ай Сәулесі суда дірілдеп... (Абай). Осы сөйлемде желсіз, жарық сөздері тун және ай деген зат есімдердің сын-сапасын білдіріп тұр. Қандай? деген сұраққа жауап береді. Қандай түн?желсіз түн; қандай ай?жарық ай.

Сөйтіп, заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.
§ 53. СЫН ЕСІМНІҢ ЖАСАЛУЫ.
Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді. Мысалы: қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, терең т. б. Бұл сияқты сөздер — әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі түбірлер.

Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді. Мысалы: көш-пелі (ел), кеш-кі (ауа), өнер-лі (жігіт), аудан-дық (комитет), азамат-тык, (борыш), тарих-и (оқиға), үрк-ек (ат) т. б. Құрамы жағынан туынды сын есім негізгі түбір мен қосымшадан (жұрнақтан) тұрады. Демек, туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы жасалған сын есімдер болып табылады. Туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы есім сөздерден де, етістіктен де жасалады. Мысалы: қыс-қы (күн), су-сыз (жер), сөз-шең (адам) т. б. сын есімдердің түбірі зат есім болса, тол-ық (адам), көтер-іңкі (көңіл), ауыспалы (егіс), үсте-ме (ақы) т. б. сын есімдердің түбірі — етістік. Сондықтан да сын есім жасайтын жұрнақтар екі топқа бөлінеді: есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтар және етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар. Сын есім сондай-ақ қосарлану және тіркесу арқылы жасалады. Мысалы: үлкен-кіші, апалы-сіңлілі, биік-биік, жақсы-жаман, балалы-шағалы және шұбар ала, қара көк, ақ сақалды, жирен қасқа т. б. Бұлар құрамына қарай күрделі сын есімдер деп аталады. Бір ғана түбірден негізгі немесе туынды түбірден тұратын сын есімдер дара сын есімдер деп аталады.

49
I. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар.
Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар:

1. лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі т. б.

2. -сыз, -сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, жол ас-сыз, ағаш-сыз т. б.

3. -ғы, -гі, -қы, -кі: жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы, соң-ғы, күз-гі, түн-гі т. б.

4. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік, кәмелет-тік т. б.

5. -шыл, -шіл: жер-шіл, үйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл т. б.

6. -шаң, -шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шен т. б.

7. -дай, -дей, -тай, -тей: үй-дей, қой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей т. б.

8. -кер, -қой, -қор, -паз, -ымпаз, -імпаз: табыс-кер, найза-гер, әуес-қой, сән-қой, бәле-қор, жем-қор, шай-қор, өнер-паз, әсем-паз, жеңім-паз т. б.

9. -и, -ы, -і: тарих-и, дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы, қадмақ-ы, естек-і, (башқұр-лық), алтай-ы, араб-ы т. б.

Ескерту: 1. Көрсетілген жұрнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі. Мысалы: -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнагы зат есім де жасайды: жақсы-лық, жаман-дық, дос-тық, күнде-лік, орын-дық, т. б. -сыз, -сіз, -дай, -дей, -тай, -тей, -шақ, -шеқ, т. б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ақы-сыз берді, ат-сыз келді, қыс-тай дайындалды, тоты-дай сайрады, көйлек-шең отырды т. б.

Бұндай сөздер сөйлемде білдіретін мағынасы мен кызметі арқылы ажыратылады.

Араб-иран тілдерінен енген -кер, -қой, -қор, -паз жұрнақтары үндестік заңына бағынбайды, өйткені бұл жұрнақтардын жуан — жіңішке сыңарлары жоқ.

2. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар.
Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар:

1. -ғак,, -гек, -қак,, -кек, -ақ, -ек: ұрыс-қак, тай-ғақ, үрк-ек, қорқ-ақ, бөл-ек т. б.

2. -ық, -ік, -қ, -к: тол-ық, сын-ық, аш-ық, ақса-қ, сире-к, біт-ік т. б.

3. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: біл-гіш, жаз-ғыш, көр-гіш, айт-қыш, бар-ғыш т. б.

4. -ғыр, -гір, -қыр, -кір: өт-кір, ұш-қыр, ал-ғыр, тап-қыр, біл-гір т. б.

5. -шақ, -шек: ұрын-шақ, жасқан-шақ, сүрін-шек, қызған-шак, мақтан-шақ т. б.

6. -ыққы, -іқкі, -ңқы, -қкі: бас-ыңқы, көтер-іңкі, шаш-ыңқы, салбыра-ңқы т. б.

50
7. -ынды, -інді, -нды, -нді: жаса-нды, кұра-нды, түй-інді, т. б.

8. -малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі: көтер-мелі, таңда-малы, айнал-малы, жылжы-малы, ауыс-палы, көш-пелі т. б.

9. -ымды, -імді, -мды, -мді: жара-мды, шыда-мды, қон-ымды, келіс-імді т. б.

10. -аған, -еген: қаш-аған, сүз-еген, теб-еген, қаб-аған т. б.

11. -улы, -улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы т. б.

12. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: қыз-ба, бұра-ма, бас-па, боя-ма т. б.
§ 54. СЫН ЕСІМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ.
Мағынасына қарай сын есім сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді. Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмасы ең алдымен білдіретін мағынасына байланысты болады.

Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын болса, ол сапалық сын есім болғаны. Мысалы: көк (шөп), қызыл (бояу), жақсы (сөз), ащы (су), көкшіл (мата), қызғылт (орамал), жақсырақ (орын), ащылау (қымыз), жап-жасыл (орман), тұп-тұщы (өзен).

Сын есім басқа сөз табынан да жасала береді. Зат есім, есімдік, етістік, үстеуге сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасалады. Оны қатыстық сын есім дейді. Қатыстық сын есімнін мағынасы өзіне негіз болған түбір сөздің мағынасымен байланысты, соған катысты болады.

Мысалы: өнерлі шігіт — өнердің неше түрін білетін жігіт екенін немесе жігіттін өнерінін моддығын, орманды алқап — орманның байлығын, ағашының молдығын көрсетеді. Сонымен, заттың түр-түсін, сын-сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Сапалық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғана алады. Ал заттың сын-сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз.


§ 55. СЫН ЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛАРЫ.
Заттың сапалық сыны әр кез бір дәрежеде бола бермейді. Сапалық сынның белгілері бірде тым басым, артық болса, бірде бәсең болуы мүмкін. Мысалы: сары деген түстің сарғыш, сарырақ, сарылау, тым сары, сап-сары сияқты бір-біріне жақын түстері бар. Сол сияқты үлкен, жақсы сияқты сапалық сындардың үлкенірек, үлкендеу, үп-үлкен, өте үлкен және жақсырақ, жақсылау, аса жақсы, жап-жақсы сияқты жақын белгілері бар. Міне осындай бір тектес сапалык сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп атайды.

51
Сын есімнің екі түрлі шырайы бар: салыстырмалы шырай және күшеитпелі шырай. Шырайдың жасалуының екі түрлі ерекшелігі бар. Біріншіден, сын есімнің шырайлары сапалық сын есімдерден ғана жасалады. Себебі бір тектес сынның әр түрлі дәрежеде болуы тек сапалық сындарға тән, ал қатыстық сындарда ондай қасиет болмайды. Мысалы: тау-лы, үй-сіз, көш-пелі, тау-дай, т. б. сындар бір заттың екінші затқа, қимылға (тау, үй, көшу) қатысты сипатын ғана білдіреді, сынның әр түрлі дәрежесі болатын шырай мәні жоқ: таулы-рақ, үйсіз-деу, көп-көшпелі, өте таудай сияқты етіп айтуға болмайды. Екіншіден, шырай түрлері сапалық сын есімге белгілі қосымшалар жалғану арқылы және күшейткіш буын үстелуі немесе күшейткіш үстеулер тіркесу арқылы жасалады. Сөйтіп, шырай жасауға негіз болатын тұлға — сапалық сын есім.


1. Салыстырмалы шырай.
Біркелкі сыңдардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі салыстырмалы шырай деп аталады. Мысалы: үлкен-үлкенірек, жақсы-жақсылау, терең-тереңірек, көк-көкшіл т. б.

Салыстырмалы шырай мынадай жұрнақтар арқылы жасалады:

1. -рақ, -рек, -ырақ, -ірек: Мысалы: жақсы-рақ, жұқа-рақ, кіші-рек, күшті-рек, ұзын-ырақ, толығ-ырақ, үлкен-ірек, биіг-ірек т. б. Мысалдан көрінетіндей, сөздің соңғы дыбысы дауысты болса, жуан буыннан кейін -рақ, жіңішке буыннан кейін -рек жұрнағы жалғанады; сапалық сын түбірінің соңғы дыбысы дауыссыз болса, жуан буыннан кейін -ырақ, жіңішке буыннан кейін -ірек жұрнағы жалғанады.

2. -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: Мысалы: жақсы-лау, сары-лау; кіші-леу, күрең-деу, терең-деу, сұр-лау, жасыл-дау, көк-теу, суық-тау т. б.

Сөздің соңғы дыбысы дауысты және үнді р, й, у болса, жуан буыннан кейін -дау жіңішке буыннан кейін -деу жалғанады; сөздің соңғы дыбысы үңді м, н, ң, л не ұяң болса, жуан буыннан кейін -дау, жіңішке буыннан кейін -деу жұрнағы жалғанады; сөздін соңғы дыбысы қатаң болса, жуан буыннан кейін -тау, жіңішке буыннан кейін -теу, жұрнағы жалғанады.

Бұл екі жұрнақ барлық сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасай береді. Сондай-ақ жекелеген сапалық сың есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын да жұрнақтар бар. Олар: 1. -ғыл, -қыл, -ғылт, -қылт, -ғылтым, -қылтым. Мысалы: ащқыл, ащқылтым, сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым т. б.

2. -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім: Мысалы: ақшыл, ақшылтым, көкшіл, көкшілтім, ақшылтым т. б.

3. -ғыш, -ілдір: Мысалы: сарғыш, көгілдір, бозғыш т. б.

4. -аң, -қай, -ша, -ше. Мысалы: куаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкше, ақша, сұрша т. б.

52
2. Күшейтпелі шырай.


Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен не өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады. Мысалы: үлкен үп-үлкен,тым үлкен, тамаша тап-тамаша өте тамаша, жақсы жап-жақсы, аса жақсы, кіші кіп-кіші тым кіші т. б.
Күшейтпелі шырай екі түрлі жолмен жасалады.
1. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: биік — біп-биік, ұзын — ұп-ұзын, жақын — жап-жақын, суық — сұп-суық т. б.

Күшейткіш буындар (сын есімнің алғашқы буыны п дыбысына бітіп: биік — бі-йік — біп; жап-жақсы) негізгі сын есімдермен дефис (-) аркылы жазылады. Тек ақ, көк сөздерді күшейткіш буын үстелгенде аппақ (ап-ақ емес), көкпеңбек (көп-көк емес) болып бірігіп жазылады.

2. Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан, ыңгай, кілең, сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: өте күшті, тым биік, ең жақсы, аса терең, нағыз жүйрік, шымқай қызыл, орасан зор т. б. Бұл сияқты күшейткіш үстеулер сын есімдердің алдында келеді де, бөлек жазылады.
§ 56. СЫН ЕСІМНІҢ ЕМЛЕСІ.
1. Қосарлану, қайталану арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, балалы- шағалы, үлкен-үлкен, ұзын-ұзын, кішкене-кішкене т. б.

2. Күшейткіш буын арқылы жасалатын күшейтпелі шырай сын есімдер де дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: жап-жасыл, сұп-сұр, кіп-кішкентай, әп-әдемі т. б. Тек ақ, көк сөздері ғана күшейтпелі шырай тұлғасында аппақ, көкпеңбек түрінде біріктіріліп жазылады.

3. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады. Мысалы: қызыл ала, ұзын бойлы, қара торы, ал қара көк т. б.

4. Күшейткіш үстеу арқылы жасалатын күшейтпелі шырай тұлғалы күрделі сын есімдер де бөлек-бөлек жазылады. Мысалы: өте әдемі, тым жақсы, нағыз адал т. б.


§ 57. СЫН ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.
1. Сын есім әдетте сөйлемде анықтауыш болып тұрады. Мысалы: Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан (А) деген сөйлемде сұр

53
және (түсі) суық деген сын есімдер (кандай?) бұлт деген зат есімді анықтап тұр. Сөйлемде анықтауыш болу — сын есімнің негізгі қызметі. Өйткені сын есім заттың әр түрлі сыр-сипатын, сапалық, қатыстық белгілерін білдіреді. Сын есім ілік септікте тұрып заттанып келіп, те анықтауыш болады. Мысалы: жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын (мақал) дегенде жақсының (яғни жақсы адамның) кімнің? (жақсылығын) деген сұраққа жауап беріп анықтауыш болып тұр.

2. Сын есім жіктік тұлғада тұрып сөйлемнін баяндауышы да болады. Мысалы: Сен бір артық көркемсің (Ж). Әлсіз адам сүріншек (мақал). Бұл сөйлемдерде көркемсің (II жақ), сүріншек (ІІІжақ) сөздері жіктік тұлғада баяндауыш қызметін атқарып тұр.

3. Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш та болады. Мысалы: Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан (Ж). Гүлнар бөлмесін таза ұстайды деген сөйлемдерде желдей, (қалай құйындатқан?) таза (калай ұстайды?) деген сын есімдер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

4. Сын есім әдетте көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер сын есімге көптік, я тәуелдік, я септік жалғауы жалғанса, онда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Осындай сын есімнің сөйлемде зат есімнің орнына жұмсалып, зат есімнің қызметін атқаруын сын есімнің заттануы дейді. Мысалы: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (мақал) деген сөйлемде жақсыдан, жаманнан деген сын есімдер шығыс септік жалғауында тұрып, зат есімнің орнына яғни адамнан дегеннін орнына (жақсы адамнан, жаман адамнан) заттанып қолданылған. Заттанған сын есім атау септік тұлғасында тұрып бастауыш болады. Мысалы: Ұялшак, сы-бағасынан құр қалар (мәтел). Баланың жақсысы — кызық, жаманы — күйік (А.) деген сөйлемдерде ұялшак, (адам кім?), жақсысы (бала кімі?), жаманы (бала кімі?) атау септікте тұрып, заттанып, бастауыш қызметін атқарып тұр.

5. Сын есім табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп, заттанып, толықтауыш та болады. Мысалы: Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез (А.) деген сөйлемде білімдіден (кімнен шыққан?), талаптыға (кім болсын кез?) деген сын есімдер заттанып келіп (адамға деген мәнде) толықтаауыш қызметін атқарып тұр.


Пысықтау үшін сұрақтар.
1. Сын есім деген не? 2. Сын есім зат есімнің кандай мағыналық белгілерін білдіреді? 3. Сын есім қалай жасалады? 4. Негізгі сын есім деген не? 5. Туынды сын есім деген не? 6. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтарды атап, мысалдар келтір. 7. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтарды атап, мысалдар келтір. 8. Қандай белгілеріне қарап сын есім сапалық және қатыстық болып бөлінеді? 9. Құрамы, тұлғасы жағынан сапалық және қатыстық сын есімдердің кандай ерекшеліктері бар?

54
10.Қатыстық сын есімдер сапалық сын есімдерге қалай ауысады? Мысал келтір. 11. Сын есімнің шырайы деген не? 12. Шырай түрлері қандай сын есімнен жасалады? 13. Салыстырмалы шырай деген не? Қалай жасалады? 14. Күшейтпелі шырай деген не? Қалай жасалады? 15. Сын есімнің емлесін айт. 16. Сын есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады? Не себепті сын есімнің негізгі қызмсті — анықтауыш делінеді? 17. Сын есімнің заттануы деген не?


САН ЕСІМ.
§ 58. САН ЕСІМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Алпыс бестен асқанда, Жетпіске қадам басқанда (Ж.). Атадан — алтау, анадан — төртеу. Жалғыздық көрер жерім жоқ (А.)деген сөйлемдердегі алпыс бестен, жетпіске, алтау, төртеу деген сөздер белгілі бір заттардың (жас, біз я адам) мөлшерін, санын білдіріп тұр. Осындай заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп қанша? неше? нешеу? нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейді.

Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, тікелей зат есіммен тіркесіп колданылады. Мысалы: Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты (Ж.) деген сөйлемде тоқсан деген сан есім (неше?) ж а с деген зат атаулының санын білдіріп тұр. Кейде саң есімдер зат есімсіз-ақ та жұмсала береді. Ондайда сан есім әрі заттық мағынаны (ол алғашқы сөйлемнен белгілі болады), әрі сол заттың санын, мөлшерін білдіріп тұрады. Мысалы: Тоқсаннан әрі кетті, жүзге де асты (Ж.) деген сөйлемде тоқсаннан, жүзге деген сан есімдер әрі заттық ұғымды (тоқсан жастан және жүз жасқа), әрі оның мөлшерін, санын білдіріп тұр.

Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есім деп аталады. Мысалы: он, үш, бес, мың, жүз, ондаған, сегізінші, жетеу т. б. Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есім деп аталады. Мысалы: екі жүз, үш мың тоғыз жүз елу алты, жүз қаралы, оннан бір, үштен екі, бес ондық, бір-бірден, үш-төрт т. б. Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: қырық-елу, жетпіс-сексендей, бес-бестен, он-он бес т. б.


жүктеу 2,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау