Жауапты редакторы профессор Әбілаков Ә. Ә



жүктеу 2,16 Mb.
бет10/14
Дата21.11.2018
өлшемі2,16 Mb.
#23153
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
§ 78. есімше.
Есімше — етістіктің ерекше түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-әрскетті белгілі бір шаққа байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Ардақ бағана кетіп қалған (Ғ. Мұст). Сен менің айтқанымды ұгып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің (Ы. А.). Егер үлгіре алсам, Ақтөбеге де барып қайтпақпын (Ы. А.). Абай қажымай, жалықпай ылги ғана ынтыга тыңдайтын (М. Ә.).

Берілген сөйлемдерде кетіп қалған, өсерсің, тыңдайтын деген етістіктер есімше тұлғаларында жіктеліп келіп (кетіп қал-ған — 3-жақ, өс-ер-сің — 2- жақ, тыңда-йтын — 3-жақ қимыл, іс-әрекетті білдіріп тұр. Атап айтқанда: Ардақтың кетіп қалуы (Ардақ кетіп қалган)— өткен шақты білдіріп тұр; сенің өсуің (сен өсерсің)— келер шақты білдіріп тұр. Сөйтіп, бұл сөйлемдердегі есімшелер (есімше тұлғалы етістіктер) белгілі бір шақты (еткен шақ немесе келер шақ) білдіріп, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарып, белгілі заттың қимылын көрсетіп тұр. Бұл — есімшенің етістікке тән касиеті. Кейде есімше тұлғалы етістік бүтіндей басқа мәнде, басқаша қызметте қолданылады: етістікке тән болып келетін белгілі бір заттың қимылын емес, керісінше заттың сындық қасиетін, қатыстық белгісін білдіріп немесе заттанып, заттық мәнде жұмсалады. Ондайда есімше тұлғалы етістік бір зат атауын анықтап тұрады немесе септеліп, кептеліп, я тәуелденіп жұмсалады. Мысалы: Қараса, әкелгені бір үлкен қуыршақ екен (Ы. А.). Баладан қорыққанына Жұмабай ұялды да, ыза болды (М. Ә.). ...Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің (Ы. А.). Наразы боларын да, құптарын да білмеді (М. Ә). Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дейді (мақал).

76
Берілген сөйлемдегі әкел-гені, қорық-қан-ына, ал-ған, түс-кен-ін, (наразы) бол-ар-ын, құп-тар-ын, өс-ер деген есімшелер етістік мәнінде емес есім сөз таптары мәнінде қолданылған және сөйлемдегі қызметі де өзгеше. Бірінші сөйлемдегі әкелгені сөзі не? (не қуыршақ екен?) деген сұраққа жауап беріп, тәуелдік жалғаудын 3-жағында (-і) атау септік тұлғасында тұрып заттанып, сөйлемнің бастауыш кызметін атқарып тұр. Екінші сөйлемде қорыққанына сөзі неге? (неге ұялды?) деген сұраққа жауап беріп, тәуелдік жалғаудың 3-жағында (-ы), барыс септік тұлғасында (-на) тұрып заттанып, сөйлемнін толықтауыш қызметін атқарып тұр. Үшінші сөйлемде алған деген есімше қандай? (қандай немесе қай шие?) деген сұраққа жауап беріп, шие сөзін анықтап тұр және түскенін сөзі нені? (нені аламын деп?) деген сұраққа жауап беріп, тәуелдік жалғаудың 3-жағында (-і), табыс септік тұлғасында (-н) тұрып заттанып, тура толықтауыш қызметін атқарып тұр. Төртінші сөйлемде (наразы) боларын, құптарын сөздері нені (нені білмеді?) деген сұракқа жауап беріп, тәуелдік жалғаудың 3-жағында і (-ы), табыс септік тұлғасында (-Н) тұрып заттанып. тұра толықтауыш қызметін атқарып тұр. Соңғы сөйлемде өсер сөзі қандай? (қандай елдің?) деген сұракка жауап беріп, елдің деген сөзді анықтап тұр. Есімше тұлғалы сөздердің бұндай қолданысында етістікке тән қасиет жок, керісінше сын есім мен заттанып барып зат есімнің орнына жұмсалған. Сондықтан да есімше етістіктің ерекше түрі деп аталады.
§ 79. ЕСІМШЕНІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ.
Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай-ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосу арқылы жасалады.

1. -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: ал-ған, көр-ген, берме-ген, айт-қан, көрсет-кен, жүргіз-ген т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін -ған жіңішке буыннан кейін -ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -қан, жіңішке буыннан кейін -кен жалғанады.

2. -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, айт-ар, сөйле-р, жургіз-ер, берме-с, көрме-с, айтпа-с т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен сөзге -р, болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады.

3. -мак,, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар-мақ, кел-мек, қара-мақ, сен-бек, жаз-бақ, кет-пек, жарат-пақ т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у, й) болса, жуан



77
буыннан кейін -мақ, жіңішке буыннан кейін -мек жалғанады. Сөздің соңгы дыбысы мұрын жолды үңді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін -бақ, жіңішке буыннан кейін -бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -пақ, жіңішке буыннан кейін -пек жалғанады.

Ескерту: Бұл жұрнак етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды.

4. -атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы өткен шак есімше жасалады: бар-атын, кел-етін, қара-йтын, сөйле-йтін т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -йтын, жіңішке буыннан кейін -йтін жалғанады.

Бұл жұрнақ — кұранды қосымша, -тын, -тін, бөлегі тұрған деген көмекші етістік болған да, ол — -а, -ө, -й тұлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, бара-бара косымшаға айналып кеткен: бар-атын деген сөз, о баста бара тұрған болған да, кейін баратұғын болып, одан баратын болып қалыптасып кеткен.



Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздык мағына беріледі: барған емес, барар емес, бармақ емес, жоқ сөзі -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшемен ғана тіркеседі: барған жок.
§ 80. ЕСІМШЕНІҢ ЕСІМДЕРШЕ ТҮРЛЕНУІ.
Есімше есімдерше көптеледі, тәуелденеді, септеледі және жіктеледі. Көптік жалғауы -ған, -кен, -қан, -кен және -атын, -етін, -йтын, -йтін тұлғалы есімшелерге ғана жалғанады: барған-дар, келген-дер. айтқан-дар, айт-атындар, бер-етіндер, сөйле-йтіндер, қара-йтын-дар т. б. Есімшенің -ар, -ер, -р, -с және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пак, -пек тұлғаларына кептік жалғауы жалғанбайды.
Есімшенің барлық түрлері тәуелденеді.
Есімшенің оңаша түрде тәуелденуі.



Есімше

жақ

көрген

келер

бермес

баратын

айтпақ

I.

көргенім

келер-ім

бермес-ім

баратын-ым

айтпағ- ым

II.

көрген-ің

келер-ің

бермес-ің

баратын-ың

айтпағ-ың




көрген-іңіз

Келер-іңіз

бермес-іңіз

баратын-ыңыз

аитпағ-ыңыз

III.

көрген-і

келер-і

бермес-і

баратын-ы

аитпағ

78
Есімшенің ортақ түрде тәуелденуі.


Есімше жақ

көрген

келер

бермес

I.

II.
III.

көрген-міз көрген(дер)ің көрген-дер-іңіз көрген-(дер)і

келер-іміз келер-ің келер-іңіз келер-і

бермес-іміз бермес(тер )ің бермес( тер)іңіз бермес(тер)і













Есімше жақ

баратын

айтпак




I.

II.

III.

баратын-ымыз баратын-( дар )ың баратын-( дар )ыңыз баратын-( дар )ы

айтпағ-ымыз

айтпақ-( тар)ың айтпақ-(тар)ыңыз айтпак,-(тар)ы























Есімшенің септелуі.
А. көрген, келер, бермес, баратын, алмақ

I. кереге-нің, келер-дін, бермес-тің, баратын-ның, алмақ-тың

Б. көрген-ге. келер-ге, бермес-ке, баратын-ға, алмақ-қа

Т. көрген-ді, келер-ді, бермес-ті, баратын-ды, алмақ-ты

Ж.көрген-де, келер-де, бермес-те, баратын-да, алмақ-та

Ш.көрген-нен, келер-ден, бермес-тен, баратын-нан, алмақ-тан

К. корген-мен, баратын-мен

Ескерту: есімшенің -ар, -ер, -р, -с және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғаларына көмектес септік жалғауы жалғанбайды.


Есімшенің жіктелуі.
Есімшенің барлық түрі де тікелей жіктеліп, етістіктің негізгі мәнін, шақтық мағынаны білдіреді. 3-жақта арнаулы жіктік жалғау жоқ.
Есімшенің жекеше түрде жіктелуі.
I. мен көрген-мін, келер-мін, бермес-пін, баратын-мын, айтпақ-пын.

II. сен көрген-сің, келер-сің, бермес-сің, баратын-сың, айтпақ-сың

сіз. көрген-сіз, келер-сіз, бермес-сіз, баратын-сыз, айтпак-сыз?

79
III. ол. көрген-, келер-, бсрмес-, баратын-, айтпақ-,


Есімшенің көпшс түрде жіктелуі.
I. біз көрген-біз, келер-міз, бермес-піз, баратын-быз, айтпак-пыз

II. сеңдер көрген-сіңдер, келер-сіңдер, бермес-сіңдер, баратын-сыңдар айтпақ-сыңдар.

сіздер көрген-сіздер, келер-сіздер, бермес-сіздер, баратын-сыз-дар, айтпақ-сыздар.

Ш. олар көрген-, келер-, бермес-, айтпақ-,

Болымсыз етістіктен (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) кейін жалғанған есімшенің -с тұлғасы жіктелгенде, кейде (көбіне поэзияда) I жақта — с есімше жұрнағы мен жіктік жалғауы (-пын, -пін) тұтасып, қыскарып кетіп, -н түрінде ғана қолданылады: айтпа-с-пын айтпа-н, келме-с-пін келме-н т. б. Мысалы: Бұлтқа жетпей шарт сынбан. Жандаспай ақыры бір тынбан. (М). Бай емен, батыр емен, хан емеспін (А).
§ 82. ЕСІМШЕНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.
Есімше әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан, ыңгайына карай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара аладьг.

1. Есімше жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Қазақтың қай нәсілден тарағанын Білерсің басқа сөздің жарағанын (М. Дулатов). Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін (М. Ә.) Берілген сөйлемдердегі білерсің (сен не істерсің?) II жақта, сөйлемейтін (екеуі не істейтін?) III жақта келіп сөйлемнің баяндауышы болып тұр.

2. Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшкен ауылды іздеп табалық (Ы. А.). Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман (мәтел). Берілген сөйлемдердегі көшкен (қай ауылды?), айтқанның (кімнің аузы?), көргеннің (кімнің көзі?) деген есімшелер анықтауыш болып тұр.

3. Есімше атау септікте тұрып заттанып, бастауыш қызметін аткарады. Мысалы: Үнсіз күліп тұрған — бағанағы шәкірт бала (М. Ә.). Баланың қытығына тиетіні — осы жері (М. Ә). Берілген сөйлемдердегі күліп тұрған (кім шәкірт бала?), қытығына тиетіні (не осы жері?) деген есімшелер адам және зат мәнін білдіріп, бастауыш болып тұр.

4. Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып толықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім (М. Ә.). Берілген сөйлемде ұялғанды, жауап айтпағанды (нені кешірмейтін?) деген есімшелер табыс септікте жұмсалып, толықтауыш болып тұр.

5. Есімше барыс, жатыс, шыгыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп пысықтауыш кызметін де

80
атқарады. Мысалы: Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап (Ы. А.). Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді (М. Ә.). Берілген сөйлемдердегі білмекке (не үшін я не мақсатпен кетті?) барыс септіктегі және сезген сайын (қашан жыр тереді?) деген септеулікпен тіркескен есімше пысықтауыш болып тұр.
§ 82. КӨСЕМШЕ.
Көсемше де етістіктің ерекше түрі. Есімше сияқты көсемше де сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде жіктеліп келіп, немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары көсемше тұлғасында келіп, көмекші етістік жіктеліп, қимылды, іс-әрекетті шақка байланысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Қоранның төбесі ашылып қалыпты (М. Ә.)— Анау өрмекшіні көресің бе, не істеп жүр?Көремін, өрмек тоқып жүр (Ы. А.). Берілген сөйлемдердегі ашылып қал-ып-ты, көр-е-сің, көр-е-мін деген етістіктер көсемше тұлғасында (-ып, -е жұрнақтары) жіктеліп келіп (3-жақта -ты, 2-жақта -сің, 1-жақта -мін), іс иесінің қимыл-әрекетін белгілі шаққа байланысты білдіреді: төбесі (яғни ол 3-жак) ашылып қалыпты — өткен шақ, сен (2-жақ) көресің — ауыспалы осы шақ, мен (1-жақ) көремін — ауыспалы осы шақ. Сондай-ақ сөйлемдегі ашылып қалыпты, не істеп жүр, тоқып жүр деген күрделі етістіктердің алдыңғы негізгі етістік сыңары да көсемше тұлғалы етістіктер іс иесінің қимыл-әрекетін білдіріп тұр, қимылдың негізгі мәнін осы негізгі етістіктер (ашылып, тоқып, істеп) білдіріп тұр, көмекші етістік (қалыпты, жүр) жанағы негізгі қимылдың шағы (біріншісі — өткен шақ: қалыпты, оны білдіріп тұрған -ып көсемше жұрнағы, екінші мен үшіншісі — нақ осы шақ) мен қимыл иесінің жағын (үшеуі де 3-жақ — ол) білдіріп тұр. Бұл — көсемшенің етістікке қатысты сипаты.

Көсемше сонымен бірге кейде қимыл, іс-әрекеттің тура өзін білдірмей, оның амалын, сынын, себебін, мезгілін, болу мақсатын білдіріп, үстеу мәнінде де жұмсалады. Мысалы: ...Түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді (Ы. А). Абай да Жұмабай да қызыға тыңдасты (М. Ә.). Төл үйдің пешін жапқалы Назыкеш төбеге шығып еді (Ғ. М.). Бірақ көзінде жайнай жанған от білінді (М. Ә.). Берілген сөйлемдердегі түсіріп алып, қызыға, жапқалы, жайнай деген көсемше тұлғалы етістіктер кимылдың, іс-әрекеттің нақ өзін емес, оның (қимылдың) амалын, сынын, мақсат-себебін білдіріп тұр: қалай жейді?түсіріп алып, қалай тыңдасты?қызыға, неге, не мақсатпен шығып еді?жапқалы, қалай жанган?жайнай.

Сөйтіп, бірде жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің құрамында (негізгі етістік болып) қимыл, іс-әрекетті білдіріп, енді бірде қимыл, іс-әрекеттің өзі емес, оның әр түрлі сипатын, амал-сынын, себеп-мақсатын, мезгілін білдіріп, екі түрлі мәнде (бірі етістік мәнінде, екіншісі үстеу мәнінде) қолданылып, екі түрлі қызмет атқаратын етістіктің ерекше түрін көсемше дейміз.

81
§ 83. КӨСЕМШЕНІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТУРЛЕРІ.


Көсемше етістік түрлеріне (негізгі және туынды) немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану аркылы жасалады:

1. а, -е, -й жұрнағы арқылы ауыспалы осы шак, жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жуан буыннан кейін -а, жіңішке буыннан кейін -е, дауысты дыбысқа біткен етістікке -й жұрнақтары жалғанады: жаз-а, кул-е, сөйле-й, қара-й т. б.

2. -ып, -іп, -п жұрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Дауыссыз дыбысқа біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ып, жіңішке буыннан кейін -іп, дауысты дыбысқа біткен етістікке -п жұрнақтары жалғанады: жаз-ып, кул-іп, айт-ып, сөйле-п, қара-п т. б.

3. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады. Дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -ғалы, жіңішке буыннан кейін -гелі жалғанады да, қатаң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін -қалы, жіңішке буыннан кейін -келі жалғанады: жаз-ғалы, бер-гелі, қара-ғалы, сөйле-гелі, айталы, кет-келі т. -а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі де, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді. Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды.


Көсемшенің жіктелуі.
1-ж. мен жаза-мын, сөйлей-мін, барып-пын, келіп-пін.

2-ж. сен жаза-сың, сөйлей-сің, барып-сың, келіп-сің, сіз жа-за-сыз, сөйлей-сіз, барып-сыз, келіп-сіз

3-ж. ол жаза-ды, сөйлей-ді, барып-ты, келіп-ті

1-ж. біз жаза-мыз, сөйлей-міз, барып-пыз, келіп-піз

2-ж. сендер жаза-сыңдар, сөйлсй-сіңдер, барып-сыңдар, келіп-сіңдер. сіздер жаза-сыздар, сөйлей-сіздер, барып-сыздар, келіп-сіздер.

3-ж. олар жаза-ды, сөйлей-ді, барып-ты, келіп-ті.

Көсемше тұлғасына мынадай жіктік жалғаулары жалғанады. І-жак жекеше -а, -е, -й тұлгасынан кейін -мын, -мін, -ып, -іп, -п тұлғасынан кейін -пын, -пін, көпше -мыз, -міз және -пыз, -піз, ІІ-жақ жекеше анайы. Екеуінде де -сық, -сіқ, сыпайы -сыз, -сіз, көпше анайы -сындар, -сіндер, сыпайы -сыздар, -сіздер, Ш-жақ жекеше де, көпше де -а, -е, -й тұлгасынан кейін -ды, -ді, -ып, -іп, -п тұлғасынан кейін -ты, -ті болып жалғанады.
§ 84. КӨСЕМШЕНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.
1. Көсемше жіктеліп келіп немесе күрделі етістіктің кұрамында негізгі етістік көсемше тұлғалы, көмекші етістік жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Жұмабайдың қалаға бұл

82
жолы не жүмыспен барғанын Абай дәлді білмейді (М. Ә.). Қазылар арызын алып сұрап еді, Меньшиков жауап берді (Ы. А.). Сондай-ақ көсемше тұлғалы етістік жіктелмей-ақ бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы да қызметін атқарады. Мысалы: Мұны көріп, әрбір көшпелі елдегі жарлы-жакыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып келіп, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді (Ы. А.).

2. Көсемше қимылдың, іс-әрекеттің амалын, жай-күйін, мақсатын, себебін, мезгілін білдіріп пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, жоқ-барды, ертегіні термек үшін, жаздым үлгі жастарға бермек үшін (А.). Абай да, Жұмабай да қызығып тыңдасты (М. Ә.).

3. Кейде көсемше тұлғалы етістік жіктеліп келген баяндауышпен, есімшеден болған анықтауышпен, септеліп келген есімшеден, тұйық етістіктен болған толықтауышпен бірыңғай мүше болып келіп те қызмет атқарады. Мысалы: Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге жолығып, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл сұрайын деп едім (Ы. А.). Үзілмей, қатаймай, бір қалыппен желпіп соққан әдемі салқын қоңыр жел қандай рахат! (М. Ә.). Мадақтап, асыра мақтап, қошеметтегенді ол ұнатпайды. Берілген сөйлемдердегі жолығып, қолын алып деген көсемше тұлғалы етістіктер ақыл сұрайын деп едім — мен не істейін деп едім? (жолығайын деп едім, қолын алайын деп едім және акыл сұрайын деп едім) деген баяндауышпен бірыңгай мүше болып, баяндауыш қызметін атқарып тұр. Екінші сөйлемде үзілмей, қатаймай деген көсемше тұлғалы етістіктер желпіп соққан — қандай жел? (үзілмей соққан жел, қатаймай соққан жел) деген анықтауышпен бірыңғай мүше болып тұр. Үшінші сөйлемде мадақтап, асыра мақтап деген көсемше тұлғалы етістіктер қошаметтегенді — нені ұнатпайды? (мадақтағанды ұнатпайды және асыра мақтағанды ұнатпайды) деген толықтауышпен бірыңгай мүше болып қызмет атқарып тұр.
§ 86. ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК.
Түйык, етістік — етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтык, мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туыңцы түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қызу, сөйлес-у, кел-ме-у, бөге-ме-у. Бұл сөздер сұрау, жүру, бару, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу, бөгемеу, қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да түйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін құрал), сабау (жүнді сабайтын таяқ), егеу (темірді егейтін құрал),

83
жасау (қызға жиналған дүние-мүлік), қашау (ағашты кесетін, жонып, қырнайтын құрал), тұсау (жылқының алдыңғы екі аяғына салатын құрал), ою (ойып салынған өрнек) сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса қол күймейді (мақал). Түйық етістік зат есім сияқты түрленеді, етістікше түрленбейді.

Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.


Тұйық етістіктіқ септелу үлгісі.
А. бару, сөйлеу, айтуы, көрулері, келуім

I. барудың, сөйлеудің, айтуының, керулерінің, келуімнің

Б. баруга, сөйлеуге, айтуына, көрулеріне, келуіме

Т. баруды, сөйлеуді, айтуын, көрулерін, келуімді

Ж.баруда, сөйлеуде, айтуында, көрулерінде, келуімде

Ш.барудан, сөйлеуден, айтуынан, көрулерінен, келуімнен

К. барумен, сөйлеумен, айтуымен, көрулерімен, келуіммен
Тұйық етістіктің тәуелдену үлгісі.
Жақ

I. келуім, келуіміз, келулеріміз

II. келуің, келулерің келуіңіз, келулеріңіз

III. келуі, келулері



жүктеу 2,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау