Люминесцентті шамдар



жүктеу 401,02 Kb.
Дата12.05.2020
өлшемі401,02 Kb.
#30383
Люминесцентті шамдар


Люминесцентті шамдар

Люминесцентті шамдардың жұмыс істеу принципі газоразряд процесіне негізделген. Сондықтан да мұндай шамда электр энергия қорегінің үлкен бөлігі жарық шығаруға жұмсалады да, тек кішкентай үлесі ғана жылу бөлуге қатысады. Байқасаңыз, люминесцентті шамдарды қолдану әлдеқайда тиімді. Оның артықшылықтары:

1 Тиімділік. Люминесцентті шам қызу шамына қарағанда 20-33% электр энергиясын аз пайдаланады.

2 Жұмыс істеу ұзақтығы. Люминесцентті құрылғылар қызу шамына қарағанда 8-15 есе ұзақ жұмыс істегендіктен, шамдарды сатып алу мен электр энергияға кеткен шығындар әлдеқайда төмен болады.

3 Қауіпсіздік. Қызу шамдарына қарағанда люминесцентті құрылғылардың  шығаратын температурасы төмен болғандықтан, үйдің өртке орану қауіптілігі төмен.

Кемшіліктері:

1 Қызу уақыты. Заманауи ықшам өлшемді люминесцентті шамдар толықтай жарық болып жануына бірнеше минут уақыт кетсе, қызу шамы бірден жап-жарық жанады.

2 Сатып алуға кететін шығын. Көптеген құрылғылардың бағасы төмендегенімен, қарапайып қызу шамдарына қарағанда, люминесцентті құрылғылардың бағасы әлі де қымбат. Мұндай шамдардың орташа бағасы 4$ көлемінде болса, қызу шамдарының бағасы олардан 8 есе кем. Кейбір шет мемлекеттерде оларды тегін беріп те жатады.



3 Сынап. Люминесцентті шамдардың ішінде адам ағзасына қауіп төндіретін сынаптың аз мөлшері болғанымен, олардан бас тартпағаныңыз жөн. Бірақ шам жанып кеткеннен кейін оны қоқыс жәшігіне тастамай, арнайы утилизация жасайтын мекемеге тапсыру керек.


Люминесценттік шамдарда электр энергиясының көрінетін сәулеге айналуы екі кезеңде өтеді:



  • Сынап буларындағы электр разрядында электр энергиясын ультракүлгін сәуле энергиясына айналдыру;

  • Люсинофор қабатында ультракүлгін сәулені көрінетін жарық сәулеге айналдыру.

Көрінетін сәуле шығарудың аз бөлігі (5-7%) электродтар арасында өтетін электр разрядының өзімен шығарылады.

Қазіргі уақытта өнеркәсіп шығаратын люминесценттік шамдар сәулеленуінің түсіне қарай бөлінеді. Осы қасиетіне байланысты, люминесценттік шамдар түрлерінің мынадай әріптік белгілері болады:

Д (дневной) – күндізгі– абсолюттік қара дененің 6500К температурадағы сәуле шығару түсіне сәйкес; Б (белый) – ақ – 4200К температурадағы; ХБ (холодно-белый) – салқын ақ – 4800К темп; ТБ (тепло-белый) – жылы ақ – 2800К темп; ЛДЦ (дневной улучшенной цветности) – түс берілісі жақсартылған; Е (естественный) – табиғи; ХЕ (холодно-естественный) – салқын табиғи; БЕ (бело-естественный) – ақ табиғи.

Электродтар арасындағы газды ортада разряд пайда болуына қажетті кернеуі шамның іске қосылу кернеуінен кем болмайды. Шамның іске қосылу кернеуі электр желісінің кернеуінен бірнеше есе көп болуы мүмкін. Разряд пайда болу кернеуінің мәнін кеміту және электродтардың жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін оларды алдын ала электр тогымен 110-12000С-қа дейін қыздырады. Осы жағдайда электродтардың тотығу қаптамасында термоэлектондық эмиссия кезеңі өтеді. Іске қосылғаннан кейін шам доғалық разряд тәртібінде жұмыс істейді. Электр энергиясын көрінетін сәуле шығаруға айналдыру жоғарыда айтылғандай өтеді. Көп жағдайда шам оталдырғыш (стартер) және дроссель арқылы автоматты түрде іске қосылады. Негізінде солғын разрядты оталдырғыш пайдаланылады. Ол шам электродтарын ток көзіне белгілі уақытқа автоматты қосуға және олар (электродтар) қызғаннан кейін тізбекті бірден ажыратуға қолданылады. Дроссель орамы бір магниттік өзекке оралған екі тең бөліктен тұрады. Олар электр желісіне радио бөгеулер өтуін шектеу үшін шамның әр түрлі электродтарына қосылады. Қондырғының қуат коэффициентін жоғарылату үшін схемаға қарама-қарсы конденсатор қосылады.



Люминесценттік шамды іске қосуда дроссель келесі міндеттерді атқарады:

  • Тізбектегі ток мәнінің электродтарды тез қыздыруға жеткілікті және шамға қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді;

  • Шамда разряд пайда болуын қамтамасыз ететін жоғарғы кернеу серпілісін (импульс) тудырады;

  • Тізбектегі ток шамының номинал тогының мәніне жеткенде разрядты тұрақтандырады;

  • Электр желісінің кернеуі өзгергенде шамның орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Дроссельдің негізгі міндеті – шамдағы доғалық разряд кезінде тізбектегі токтың мәнін тұрақты ұстау.

Қазіргі люминесценттік шамдарда тұтынылған электр энергиясының 20%-ы ғана көрінетін сәулеленуге айналады. Қуаттары бірдей келетін қыздыру шамдарына қарағанда, олардың жарық бергіштігі 4-6 есе көп болады. Люминесценттік шамдардың габариттік мөлшерлері олардың қуатына, қалыпты кернеуіне, жарық ағынына және жарық бергіштігіне байланысты келеді. Шамның ұзындығы жұмыс кернеуімен анықталады. Шамның қуаты мен ұзындығы берілген жағдайда, оның оның диаметрінің мәні ток тығыздығы 0,03-0,063 А/см2 болу шартымен таңдап алынады.
жүктеу 401,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау